Әлем
Жамбыл облысында 120 әскери міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы мамандығын меңгереді 02.07.2026
Бірегей оқу-жаттығу жиыны 14157 әскери бөлім базасында өтіп жатыр. Онда әскери міндеттілер далалық жағдайда дрон операторы кәсібін игереді.Жиындар тарихында алғаш рет резервтегілер дәстүрлі әскери даярлықтың негізгі курсын меңгерумен қатар, дрондарды басқаруды да үйренеді.Бұл жиындарды өткізу үшін 14157 әскери бөлімі кездейсоқ таңдалған жоқ. Аталған бөлім ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге маманданған. Запастан шақырылған азаматтарды оқытуға тәжірибелі нұсқаушылар тартылған.Бір айлық жиынға Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы және Байзақ ауданынын 120 азамат келді. Қабылдау пунктінде әскери міндеттілер тіркеуден өтіп, құжаттары рәсімделеді, қажетті заттармен және әскери киіммен қамтамасыз етіледі.– Бұл жиындардың ерекшелігі – резервтегілер тек бастапқы әскери дайындықтан өтіп қана қоймай, дрондардың құрылымын және оларды басқару негіздерін де меңгереді. Бізде жеке құрамды қабылдауға толық дайындық жасалған, оқу алаңдары мен шатырлы лагерь жабдықталған, – деді 14157 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Әлімжін Қуантай.Жергілікті әскери басқару органдары бұл жиындарға әскери міндеттілерді ерекше мұқият іріктеген.– Біздің міндетіміз азаматтарды сапалы іріктеу, дұрыс ақпарат беріп, жиын өтетін орынға жеткізу болды. Шақырылғандардың арасында фермерлер, жүргізушілер, инженерлер, заңгерлер мен бухгалтерлер бар. Олардың барлығы шақыруды дұрыс дайындықпен қабылдады. – деді Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру ресурстарын тағайындау бөлімінің бастығы полковник Алмас Чункунов.Отыз күн ішінде олар қайта даярлықтан өтіп, соның ішінде дрондарды басқаруды үйренеді.– Бұл бағыт маған өте қызық. Қазіргі уақытта елді заманауи технологиялардың көмегімен қорғап үйрену қажет. Оқуға дайынмын, сондықтан жиынға еш қарсылықсыз шын ықыласпен келдім, - деді Жуалы ауданынан келген әскери міндетті азамат Рауан Сапарбай.Осылайша, әскери міндеттілерді даярлау жүйесі ұрыс алаңындағы өзгерістерге сай қарқынды түрде жаңарып келеді. Себебі уақыт өткен сайын ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларының жұмысы үлкен маңызға ие болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239613?lang=ru
Агенттік модельдік тәуекелді алғашқы қадағалап бағалаудың нәтижелерін жариялады 02.07.2026
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Екінші деңгейдегі банктерде модельдік тәуекелді басқару жүйесін алғашқы қадағалап бағалаудың нәтижелері бойынша есепті жариялады.Бағалауды жүргізу SREP, активтердің сапасын бағалау (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуімен қатар тәуекелге бағдарланған қадағалауды дамытудың келесі кезеңі болды. Бағалау модельдік тәуекелді басқару жүйелерінің жетілу деңгейін анықтауға бағытталды және үш қорғау желісі шеңберіндегі тәсілдерді талдауды, сондай-ақ жеке модельдерді тәуелсіз валидациялауды қамтыды.Есепте бағалау жүргізу тәсілдері мен қағидаттары, жекелеген банктердегі модельдік тәуекелді басқару жүйелерінің ағымдағы жай-күйін талдау нәтижелері, сондай-ақ Агенттіктің модельдік тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құруға қатысты қадағалау күтулері ұсынылды.Бағалау қорытындысы бойынша қамтылған банктерде тиісті жүйелер қалыптасу сатысында екені және корпоративтік басқарудың жекелеген элементтерін, тәуелсіз бақылауды және валидация процестерін одан әрі дамытуды талап ететіні анықталды.Агенттіктің қадағалау күтулері банк қызметінде сандық модельдердің көбеюін ескереді және дәстүрлі модельдерді, сол сияқты машиналық оқыту мен жасанды интеллект әдістеріне негізделген модельдерді де қамтиды. Күтулер жетекші халықаралық стандарттар мен озық практикаларды ескере отырып қалыптастырылды.Есепті жариялау Агенттіктің модельдік тәуекел саласындағы қадағалау тәсілдерінің ашықтығын арттыруға, нарыққа қатысушылармен диалогты дамытуға және банк секторы үшін бірыңғай бағдарларды қалыптастыруға бағытталған. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1239600?lang=ru
Назар аударыңыз: интернет-алаяқтық! 02.07.2026
Интернет-алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты азаматтарға цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін еске саламыз.Қазіргі алаяқтар азаматтарды алдау мақсатында телефон қоңырауларын, мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, жалған сайттарды және жасанды интеллект технологияларын белсенді қолдануда. Қаскөйлер мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының немесе байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырылып, жеке деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты алуға тырысады.Алаяқтардың құрбаны болмау үшін:• SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін бөгде адамдарға хабарламаңыз;• бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз;• күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;• ақпараттың шынайылығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;• банк карталарыңыз бен шоттарыңызды басқа адамдарға бермеңіз;• алаяқтық әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.Мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері телефон арқылы жеке деректерді, банк шоттарының реквизиттерін және растау кодтарын сұрамайтынын еске саламыз.Азаматтарды қырағы болуға, цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтауға және туыстары мен таныстарын интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері туралы хабардар етуге шақырамыз.Интернет-алаяқтықтың алдын алу жөніндегі бейнематериалдармен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында танысуға болады:https://www.instagram.com/reel/DYekk4qM5Zf/?igsh=YnlmOWpkNXJkZ2lxhttps://www.instagram.com/reel/DY4AVXLslDC/?igsh=MXdocHZsM294b290MQ==https://www.instagram.com/reel/DYoZdwGsFss/?igsh=eXR1MWIzdGpubjVu Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-tehnologiya/press/news/details/1239574?lang=ru
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң талаптары талқыланды 02.07.2026
Бүгін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібайдың төрағалығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы жаңа Заңының нормаларын түсіндіруге арналған семинар онлайн байланыс арқылы өткізілді.Жиын барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев жаңа Заңның негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістерге тоқталып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды таныстырды.Семинар қорытындысы бойынша аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Сәтбаев пен кадр қызметінің мамандары жаңа заң талаптарын түсіндіру, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістерді қызметкерлерге жеткізу бағытындағы жұмыстар бойынша түсіндірме жүргізді.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері жөнінде де ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1239532?lang=ru
Астанада канадалық компаниялар тау-кен металлургиясы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді бағалады 02.07.2026
Астана, 2026 жылғы 11 маусым – AMM-2026 халықаралық металлургтер конгресі шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «From Rockies to Steppes: Canadian Mining Companies on Kazakhstan's Potential» («Тау жоталарынан даланы дейін: канадалық тау-кен компаниялары Қазақстанның әлеуеті туралы») атты панельдік сессия өтті. Іс-шараға жетекші канадалық тау-кен компаниялары қатысты.Мероприятиенің басты мақсаты – канадалық және халықаралық іскер серіктестердің кең ауқымы үшін Қазақстанның ТМК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін жылжыту, сондай-ақ салаға шетелдік инвестицияларды тарту болды.Сессияның спикерлері – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, сондай-ақ B2Gold, Teck Resources, First Quantum Minerals және Arras Minerals компанияларының өкілдері. Ә.Қуантыров өз сөзінде Қазақстанның тау-металлургия секторындағы инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды: іскерлік климатты жақсартуға, инвесторларды қолдауға және минералдық-шикізат кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ ол халықаралық серіктестерді Қазақстандағы геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жаңа жобаларды іске асыруға шақырды.Канадалық қатысушылар Қазақстанда бизнес жүргізу жағдайларын жоғары бағалады: мемлекеттік органдармен конструктивті өзара іс-қимыл, рәсімдердің ашықтығы және инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атап өтілді. Талқылау барысында тараптар шетелдік инвестицияларды тарту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қоса алғанда, Қазақстанның тау-металлургия кешенін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Іс-шара екіжақты салалық диалогтың маңызды оқиғасына айналды және канадалық бизнестің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейтуге деген жоғары мүддесін, сондай-ақ тараптардың тау-кен секторындағы ұзақмерзімді серіктестікке өзара ұмтылысын растады.Анықтама: AMM (Astana Mining & Metallurgy) – Қазақстан мен Орталық Азияның тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы ең ірі халықаралық форумдардың бірі; жыл сайын 60-тан астам елден 5 000-нан астам қатысушыны біріктіреді. Конгресс шеңберінде канадалық компаниялардың қатысуымен өтетін сессия төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде Қазақстан мен Канада арасындағы тау-кен секторындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылаудың дәстүрлі алаңдарының біріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1239500?lang=ru
Newsletter Kazakhstan - 11.06.2026 02.07.2026
Newsletter Kazakhstan - 11.06.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1239501?lang=ru
Белградта Қазақстан - Сербия экономикалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды 02.07.2026
Белград, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі (портфельсіз министр) Ненад Поповичпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Сербия Президенті А.Вучичтің Астанаға жасаған ресми сапарының (2026 жылғы 26–27 ақпан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.Елші М.Атамқұлов сұхбаттасын осы бағыттағы жұмыстардың барысымен таныстырып, екі мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау ынтымақтастықтың жаңа әрі ауқымды мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.Өз кезегінде министр Н.Попович серб тарапының барлық уағдаластықтарды толық жүзеге асыруға берік ұстанымын растады және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты қатынастардың даму серпініне қосымша серпін беруге бағытталған алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлармен алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1239502?lang=ru
Қазақстан Елшілігінде Сербия Елшісімен кездесу өтті 02.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне ізгілік сапарымен Сербияның Бразилиядағы Елшісі Александр Ристич және Сербия Республикасының Рио-де-Жанейродағы Құрметті консулы Деян Петкович келді.Кездесу барысында тараптар Рио-де-Жанейро штаты мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, энергетика саласы мен ауыл шаруашылығы бағытындағы ықпалдастықты кеңейтуге ерекше қызығушылық танытылды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, екі елдің Бразилиямен ынтымақтастығы, сондай-ақ футболды қолдау және дамыту бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.Кездесу соңында Деян Петкович Елшіліктің Құрметті қонақтар кітабына және бразилиялық «Сантос» футбол клубының жейдесіне естелік жазба қалдырды. Деян Петкович – «Црвена Звезда», «Реал Мадрид», «Севилья» клубтарында, сондай-ақ Бразилияның «Фламенго», «Васко да Гама», «Флуминенсе» және «Сантос» командаларында өнер көрсеткен танымал сербиялық футболшы. Ол кәсіби мансабын 2011 жылы Бразилияның жоғары лигасында аяқтап, кейін біраз уақыт елде футбол жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1239477?lang=ru
Қазақ делегациясы Испанияның сот кадрларын даярлау және сот жүйесін басқару тәжірибесімен танысты 02.07.2026
Мадрид, 2026 ж. 8-11 маусым – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Е. Жиенбаев бастаған қазақ делегациясы сот кадрларын даярлау және сот жүйесінің қызметін ұйымдастыру саласындағы озық тәжірибені зерделеу мақсатында Испания Корольдігіне жұмыс сапарымен барды.Сапар аясында Испанияның Құқықтық зерттеулер орталығының, Испания Жоғарғы Сотының, Ұлттық сот палатасының, сондай-ақ Испания Судьялар мектебінің басшылықтарымен кездесулер өтті. Кездесулер барысында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін даярлау, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету, соттардың тәуелсіздігін нығайту, сот төрелігін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері талқыланды.Қазақстандық делегация үшін Испания Әділет министрлігіне қарасты сот жүйесі кадрларын даярлауға маманданған Құқықтық зерттеулер орталығының, сондай-ақ судьяларды даярлаудың көпсатылы жүйесін жүзеге асыратын Испания Судьялар мектебінің тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.Сапар қорытындысы бойынша тараптар сот білімі, сот төрелігін цифрландыру, жасанды интеллектті қолдану және кәсіби тәжірибе алмасу салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді. Орнатылған байланыстар Қазақстан мен Испанияның сот және құқықтық институттары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1239465?lang=ru
Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда 02.07.2026
Сеул, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Жер инфрақұрылымы және көлік комитетінің төрағасы Мэн Сон Гюмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Қазақстандық дипломат Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және конституциялық реформалар, жаңа Конституцияның негізгі ережелері, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.Көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар көлік, логистика және қалалық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасты.Қазақстан Елшісі сондай-ақ кореялық парламентарийді жаңа Alatau City қаласы жобасының іске асырылу барысы туралы айтып, инновациялар, озық технологиялар, білім және бизнес салаларындағы заманауи орталық ретіндегі әлеуетін атап өтті. Қазақстан тарапы қала құрылысы, көлік инфрақұрылымы және «ақылды қалалар» тұжырымдамасы салаларындағы Кореяның озық тәжірибесін зерделеуге және қолдануға мүдделі екенін жеткізді.Сонымен қатар, тараптар ағымдағы жылғы қыркүйек айына жоспарланған Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына алдағы сапары мен алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне дайындықтың өзекті мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және өзара мүдделі бағыттардың кең ауқымы бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ортақ мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1239455?lang=ru
Астанада Сауд Арабиямен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды 02.07.2026
Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өнеркәсіп саласындағы, оның ішінде тау-кен металлургия кешені, аса маңызды минералдар және инфрақұрылым бойынша, өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.Е.Көшербаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен стратегиялық серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтіп, ағымдағы жылы қол қойылған Қазақстан-Сауд Арабиясы Үйлестіру кеңесін құру және инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдердің маңызын атап өтті.Тараптар тау-кен өнеркәсібі мен аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ саудиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Сондай-ақ кездесу барысында су қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, халықаралық су ынтымақтастығын дамыту перспективалары қарастырылды.Өз кезегінде Б.Әл-Хорайеф екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1239965?lang=ru
Кітаптар Қазақстан мен Грузияны жақындастырады 02.07.2026
Тбилиси, 10 маусым – Қазақстандық жас авторлар Арлан және Аслан Айткалиевтер Тбилисидегі Еуропалық мектеп оқушыларына өз кітабының онлайн-презентациясын өткізді. Кездесу оқуға қызығушылықты арттыруға, балалар шығармашылығын дамытуға және Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени-білім беру диалогын нығайтуға бағытталды.Кездесу барысында Арлан және Аслан Айткалиевтер өздерінің «Гарольд және Ларабелль. Кітаптар патшалығы» атты кітабын таныстырып, оның жазылу идеясы, басты кейіпкерлері және шығармада қамтылған құндылықтар туралы айтып берді. Достық, мейірімділік, өзара көмек, білімге ұмтылу және кітапқа деген сүйіспеншілік тақырыптарына ерекше назар аударылды.Тбилисидегі Еуропалық мектеп оқушылары қазақстандық мектеп оқушыларының шығармашылық жолына үлкен қызығушылық танытып, кітап жазу процесі, шабыт көздері, сүйікті шығармалары және Қазақстандағы мектеп өмірі туралы сұрақтар қойды. Кездесу ашық әрі достық атмосферада өтіп, балаларға оқу, білім, мәдениет және ортақ қызығушылықтар туралы пікір алмасуға мүмкіндік берді.Арлан және Аслан Айткалиевтер өздері үшін кітап жазып қана қоймай, түрлі елдердегі құрдастарымен өз оқиғаларымен бөлісудің маңызды екенін атап өтті. Себебі әдебиет балаларға бір-бірін жақсырақ түсінуге, қиялын дамытуға және тіл мен мәдениетке қарамастан ортақ құндылықтарды табуға көмектеседі.Мұндай бастамалар Қазақстан мен Грузия арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге және өскелең ұрпақтың мәдениетке, шығармашылыққа және халықаралық қарым-қатынасқа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.Анықтама: Арлан және Аслан Айткалиевтер – Орал қаласынан шыққан жас авторлар, вальдорфтық бағыттағы мектеп-гимназияның оқушылары. Олардың «Гарольд және Ларабелль. Кітаптар патшалығы» атты кітабы бірнеше тілде жарық көрген және балалар аудиториясына арналған. Бұған дейін жас авторлар Беларусь, Өзбекстан және Нидерланд сияқты бірқатар елдердің оқушыларымен өткен халықаралық онлайн-кездесулерге қатысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1239445?lang=ru
Таиландтан келетін туристер саны артты 02.07.2026
Алматы облысы мен Таиланд Корольдігі арасындағы ынтымақтастық нығаяды. Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пияпин Нийомреркспен кездесу өткізді. Жиын барысында туризм, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өндірісі, цифрлық технологиялар және құрылыс саласындағы байланысты арттыру барысы талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 34 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде екіжақты байланыс барлық негізгі бағыттар бойынша тұрақты дамып, нығая түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекесімен құттықтаса, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Таиландқа ресми сапармен барды. Бұл әріптестікті одан әрі дамытуға қос тараптың да қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Ал өткен жылдың қаңтар айында Пхукет қаласында Қазақстан Республикасы Консулдығы ашылды. Алматы облысы да Таиланд Корольдігімен іскерлік байланысты ілгерілетіп келеді. Мәселен, биыл мамыр айында өңір делегациясы Таиланд Корольдігіне барып, THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесіне қатысты. Сапар нәтижесінде Алматы облыстық Туризм басқармасы Таиландтың бірқатар туристік қауымдастығымен меморандумдарға қол қойды. Туризмнен бөлек, сауда және инвестиция салаларында да ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік бар. Себебі 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 15 млн АҚШ долларын құраған. Марат Елеусізұлы өз сөзінде Алматы облысы Таиланд инвестицияларын агроөнеркәсіптік кешенге, тамақ өнеркәсібіне, логистикаға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, қонақ үй бизнесіне және қызмет көрсету саласына тартуға мүдделі екенін айтты. «Алматы облысы – Қазақстандағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Облыс экономикасы тұрақты оң өсім көрсетіп отыр. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, өңірлік өнім көлемі бойынша елімізде 10-нан 5-орынға көтерілді. Туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бірегей табиғи ландшафттар, ұлттық саябақтар мен бай тарихи-мәдени мұраның арқасында Алматы облысы Орта Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналды. Былтыр облысымызға 147 мыңнан астам шетелдік турист келді. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 13 пайызға жоғары. Шетелдік қонақтар саны бойынша Алматы облысы елдің барлық аймақтары арасында үшінші орынды иеленеді.Өңірімізге Таиланд азаматтарының қызығушылығының артып келе жатқаны қуантады. Егер 2025 жылы Алматы облысына Таиланд Корольдігінен 45 турист келген болса, 2026 жылдың алғашқы бес айының өзінде олардың саны 414 адамға жетті. Бұл үдерісте көлік қатынасының дамуы мен визасыз режимнің енгізілуі маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қазақстан мен Таиланд арасында аптасына 23 тұрақты әуе рейсі ұшады», – деді аймақ басшысы. Кездесу барысында Пияпин Нийомреркс өңірдің экономикалық, өндірістік және туристік әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта Таиланд Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрінің Қазақстанға келетіні туралы хабарлады. Айтуынша, бұл сапар Қазақстан Сыртқы істер министрінің шақыруымен Алматы қаласында болады.«Алматы облысының көрікті келбеті ерекше әсер қалдырды. Осында атқарылып жатқан ауқымды істерді өз көзіммен көру мен үшін үлкен мәртебе. Әсіресе Қонаев және Алатау қалаларының даму жоспары қайран қалдырады. Болашақта екі тараптың арасында тығыз әріптестік қатынас орнайды деп сенемін. Жақын күндері Алматыда «Қазақстан – Таиланд» бизнес форумы өтеді. Оған Таиландтың жетекші 12 компаниясының 30-дан астам өкілі қатысады. Сондай-ақ форумда B2B кездесулері өткізіліп, екі тарап нақты міндеттері мен болашақта бірлесіп атқаратын жобаларын талқылайды. Бұл шаралар екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға жол ашатыны сөзсіз», – деді Пияпин Нийомреркс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1239448?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Канада Елшісін қабылдады 02.07.2026
Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганды қабылдады.Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Жоғары денгейдегі байланыстарға және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1239453?lang=ru
Қазақстан кандидаты Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды 02.07.2026
Біріккен Ұлттар Ұйымының Штаб-пәтерінде Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы өз жұмысын бастады.Конференция делегаттарына арнап сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтудің, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын жаһандық деңгейде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Конференция аясында БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің тоғыз жаңа мүшесін сайлау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үміткері Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауымен ең үздік көрсеткішке ие болып, 2027-2030 жылдарға арналған мерзімге Комитет мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар Комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия өкілдері сайланды.Ләззат Қалтаева – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар танымал сарапшы. Ол көптеген жылдар бойы инклюзивтілік, қолжетімділік және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге белсенді түрде үлес қосып келеді. Әсіресе, мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.Ләззат Қалтаеваның Комитет құрамына сайлануы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін тарихи жетістік. Аталған шарттық органның құрамына алғаш рет Орталық Азия өңірінің өкілі сайланып отыр.Бұл нәтиже Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделін, еліміздің мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы дәйекті мемлекеттік саясатының мойындалғанын, сондай-ақ қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігінің халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланатынын дәлелдейді.Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын одан әрі ілгерілетуге және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында нығайтуға бейілдігін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1239436?lang=ru
Теориядан тәжірибеге: ҚазТБУ-дың 400-ден астам студенті әскери даярлықты аяқтауға жақын 02.07.2026
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламаларын бітіргелі жатқан студенттердің әскери-оқу практикасы жалғасуда.Әскери кафедра атыс қаруының оқу үлгілерімен, мамандандырылған жаттықтыру кешендерімен, автокөлік және сауытты техникамен, сондай-ақ білім беру процесін нақты ұрысқа барынша жақын жағдайды көрнекілейтін өзге де оқу құралдарымен жабдықталған. Әскери-оқу тәжірибесі кезінде студенттер теориялық білімдерін бекітіп, қызметтік міндеттерді орындауға қажетті сенімді практикалық дағдыларды қалыптастырады.– Әскери-есептік мамандық алуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді. Бұл әскери даярланған резервті дайындау жүйесінің сұранысқа ие әрі маңызды екенін көрсетеді. Сабақтарды қызметтік және практикалық тәжірибесі мол кәсіби офицерлер жүргізеді. Біз тәртіпті, сауатты және кәсіби тұрғыдан жақсы даярланған кадрларды тәрбиелеуді мақсат етеміз, – деді әскери кафедра бастығы запастағы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов.Әскери кафедрада заманауи Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттіліктеріне бағдарланған әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі. Практикалық сабақтар барысында студенттер тактикалық, атыс, саптық және арнайы даярлық элементтерін пысықтап, ұрысқа барынша жақын келтірілген жағдайда әрекет ету дағдыларын жетілдіреді.Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша кафедрада запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 440-тан аса студент әскери даярлықты аяқтамақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239425?lang=ru
Банкроттық рәсімдері жеңіл әрі ыңғайлы бола түсуде 02.07.2026
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіруді жалғастырып, оларды барлық қатысушылар үшін неғұрлым ыңғайлы, ашық және қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар жүргізуде. Бұрын банкроттық мәселелері бойынша көптеген құжаттар мен өтініштерді қағаз түрінде немесе әртүрлі ақпараттық жүйелер арқылы жолдау қажет болса, бүгінгі күні процестердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілді. 2024 жылғы қазан айынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттық рәсімдері Салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. Бұл рәсім әкімшілері, кредиторлар және мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. 2026 жылдың басынан бастап қосымша электрондық сервистер енгізілді:банкроттық рәсімдер бойынша хабарландыруларды автоматтандырылған түрде қабылдау және жариялау;оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы өзекті ақпаратты алу мүмкіндіктерін кеңейту;борышкерлерге қатысты қолданылып жатқан рәсімдер бойынша мәліметтерге электрондық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жаңа цифрлық шешімдер тәжірибеде белсенді түрде қолданылуда. Тек 2025 жылдың ішінде рәсім әкімшілері оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы 3 мыңнан астам өзекті мәліметті орналастырған. Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары да жалғасуда. Qoldau жүйесінде кредиторлар үшін мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне келіспеген жағдайда шағымдарды электрондық форматта беру мүмкіндігі іске асырылды. Сонымен қатар, Комитет банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өткізілген кездесулер мен консультациялардың нәтижесінде негізсіз өтініштер саны едәуір азайып, азаматтардың мәселелерін қарау мерзімдері қысқарып, өзара іс-қимыл тиімділігі артты. Жүргізіліп жатқан цифрландыру ақпарат алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және банкроттық рәсімдерін барлық қатысушылар үшін неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Техникалық мәселелер бойынша support.ecc.kz қолдау қызметіне жүгінуге болады. (https://support.ecc.kz/saw/ess?TENANTID=773418025) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1241196?lang=ru
Салық төлеушінің салықтық берешегін оның дебиторының есеп шотынан өндіру 02.07.2026
01.05.26ж. жағдайға салық төлеушiнiң салықтық берешегін оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу үшін, салық төлеушілердің табыс еткен дебитор тізіміне сәйкес 562 СТ дебиторына 8 916,1 млн.тг. «Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы» №6 хабарламасы жолданып, 32 СТ дебиторына 315,2 млн.тг. инкассалық өкім қойылып, нәтижесінде 5 (5 СТ) дебиторынан 243,9 млн.тг. өндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1239392?lang=ru
Тізімдеу актілері бойынша пысықтау және борышкерлердің сипатталған мүлкін сатуға беру 02.07.2026
01.05.2026 жылға 8 салық төлеушінің 471,4 млн.тг. мүлкіне шектеу актісі жасалынды.8 СТ бойынша жалпы сомасы 471,4 млн.тг. «www. госреестр» сайтына (өткен жылдың қалдығын қосқанда) барлығы тұмшаланған мүліктері сатуға өткізілді. Оның ішінде:- 6 СТ мүлкі 215,3 млн.тг. берешегін өтегендіктен мүлкі кері қайтарылды;- 2 СТ мүлкі 256,1 млн.тг. проблемалық кредиттер қорында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1239384?lang=ru
Берешегін төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы 02.07.2026
Бүгінгі таңға көптеген жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, шағын және орта бизнес ғана емес, ірі кәсіпорындар да қаржылық қиындыққа тап болып отыр.Осы жағдайда салық төлеуші салықтар мен төлемдерден төлеу мерзімдерін кейінге шегеру мен бөліп төлеуге мүмкіншілік ала алады. Бүгінгі күнге облысымызда 16 салық төлеушілер 427,5 млн.тг. салықтардан берешегін төлеу мерзімін кейінге шегеріп, бөліп төлеу мүмкіншілігін алып отыр. Бұл дегеніңіз кәсіпкерлік қызметті тоқтатпай, жүргізуге мүмкіншілік беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1239377?lang=ru