Әлем
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды 04.05.2026
– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін жүйені қолданысқа енгізгені жөн. Бұған салғырт қарауға болмайды, жұмысты кешіктірмеу керек. Цифрландыру мен мемлекеттік жобалардың пайдасын жан-жақты зерделеу қажет. Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясы аясында «ізашар жобаларды» іріктеп шығарды. Оларды мұқият сараптап, экономикаға тікелей әсерін анықтау керек. Жалпы, қай салада болсын, түпкі нәтижеге жету үшін әркім жеке жауапкершіліктен қашпауы қажет. Бізде басқа таңдау жоқ: не тиімді цифрлық экономика құрамыз, не өркениет көшінің соңында қаламыз. Басқаша айтқанда, «не боламыз, не бордай тозамыз», – деді Президент.Мемлекет басшысының айтуынша, зияткерлік капиталды күшейтіп, еңбек өнімділігін арттырмаса, тек демографиялық өсім бәсекеге қабілетті ел болуға кепілдік бермейді.– Кеңестің осыған дейінгі отырысында қабылданған шешімге сай биыл Орталық Азиядағы алғашқы Жасанды интеллект университеті ашылады. Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік құру арқылы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуды қолға алдық. Бірнеше жобаның тізімі жасалды. Олар барынша жедел таратылуға тиіс. Үкімет қысқа мерзім ішінде «ғылымнан нарыққа дейінгі» кезеңдерді түгел қамтитын тізбек жасауы керек. Алдымызда қолданбалы әзірлемелерді тез арада коммерцияландыру, салықтық ынталандыру және келешегінен көп үміт күттіретін жобаларды бірлесе қаржыландыру құралдары қарастырылған толыққанды венчурлық экожүйе қалыптастыру міндеті тұр. Мұндай пәрменді тетік болмаса, ғылыми әлеуетіміз тек академиялық ортамен шектеліп қалады, – деді Мемлекет басшысы.
АЛМАТЫДА ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 04.05.2026
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.Президенттің айтуынша, қазіргі өзгерістер XIX-XX ғасырлардағы индустриялық революциямен салыстыруға келмейді. Өйткені оның жылдамдығы мен ауқымдылығы соншалық, физикалық болмыс пен цифрлық кеңістік арасындағы шекара жойылып барады.– Жасанды интеллект жаһандық экономиканың басты арқауы, ал үлкен деректер қоры аса маңызды ресурс санала бастады. Сондықтан Қазақстан жасанды интеллектіні аса маңызды стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Алдымызға Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде өршіл мақсат қойдық. Тиісті институционалдық алғышарттар мен базалық инфрақұрылым қалыптасты. Енді жасанды интеллект технологиясын экономиканың барлық саласына енгізуіміз қажет. Бұл ретте «технологиялық сақтық шараларын» басшылыққа алып, ұлттық мүддені де ұмытпаған жөн, – деді Президент.Сонымен қатар жиын барысында Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жаңа технологиялық парадигмаға көшу үшін қазіргі жағдайға объективті, шынайы баға беру қажет.– Цифрлық экономика туралы тұжырымдама әлі толық жасақталмаған, қолданыстағы әдістеме бір ізге түспеген. Ішкі жалпы өнімді бес пайызға жеткізу туралы айтқанда, нақты экономика секторындағы өсім мен инновация нәтижесіндегі табыстың ара жігін ажырата білу керек. Жалпылама көрсеткіштер көбіне жұмыстың тиімділігін емес, алдамшы көрініс қалыптастырып жатады. Сондықтан бұл цифрландыру мен жасанды интеллектінің ел экономикасына қосқан нақты үлесін бағалауға мүмкіндік бермейді. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізгені жөн, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ» екендігін атап өтті.Президент әлемдік деңгейдегі жетекші зертханалардың соңғы деректеріне сүйене отырып, дамыған және дамушы экономикалар арасындағы алшақтық тез ұлғайып келе жатқанын атап өтті.– Жасанды интеллектінің бір ерекшелігі – капитал да, технология да көшбасшылардың қолына шоғырланады. Уақтылы әрі батыл шешім қабылдамаса, ертең «технологиялық алшақтықты» қысқарту қиынға соғады. Бұл – Қазақстан үшін алаңдатарлық ахуал. Қазіргі жағдайды егжей-тегжейлі саралап, нақты интеллектуалдық өнімдер жасауға қабілетіміз қаншалықты жететінін анық түсіну керек. Еліміз классикалық «Орта табыс дағдарысына» тап болды деген сарапшылардың пікірімен келіспеске амал жоқ. Мұндай кезде табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күші секілді дәстүрлі ресурстар сарқыла бастайды, ал экономикалық өсімге серпін беретін жаңа салалар тиісті деңгейде дамымайды немесе іске қосылмайды. Экономиканың тұралауына жол бермеу үшін үлкен цифрлық платформалар құру қажет. Сол арқылы цифрлық экономикаға жедел ауысу амалын іздеген дұрыс. Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ. Осы орайда мемлекеттік сервистерді көзге көрінбейтін, бірақ өте тиімді операциялық жүйеге трансформациялау керек. Сонда шамадан тыс бюрократиялық талаптардан құтыламыз. Қазіргі жүйе бойынша сұраныс жіберуден бастап шешім қабылдауға дейінгі аралыққа бірнеше күн немесе бірнеше апта кетеді. Негізі, аталған цикл бірнеше секундқа дейін қысқаруға тиіс. Сол кезде елдегі капитал айналымы жеделдей түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мамыр мерекелері қарсаңында Самар ауданы әкімінің аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру кездесуін өткізді 04.05.2026
Іс-шара барысында мереке кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар жеткізілді. Қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қызмет барысында да, қоғамдық орындарда да әдепті әрі лайықты мінез-құлық таныту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мәселелері жеке қарастырылды. Адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қатаң ұстану қажеттігі атап өтілді.Рауан Жампеисов қызметтік әдеп нормаларын сақтау азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды факторы екенін және мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсер ететін әрекеттерге жол бермеу қажет екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1213608?lang=kk
Мерейтой 80! 04.05.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Қалқаман Хасенұлы Жақыпты мерейлі 80 жасымен құттықтады.Қалқаман Хасенұлы саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған тұлға. Қарапайым ауылдан басталған өмір жолы қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында биік белестерге ұласты. 300-ден астам ғылыми еңбегі ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік тіл, тарих, мәдениет және қоғам дамуы мәселелеріне арналды.Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында жас буынға зор өнеге көрсетіп келеді.Ел ағасы спорт саласында да бірқатар жетістіктерге жетті. Түрлі деңгейдегі марафондарға қатысып, мыңдаған шақырымды бағындырып жүр.«Құрметті Қалқаман Хасенұлы, сізге және жан жарыңыз Дәмеш Сақтағанқызына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қуанышты күндерді бірге өткізе берулеріңізге тілектеспін», – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.Мемлекет тарапынан Қалқаман Жақыптың еңбегі жоғары бағаланып, түрлі наградаларға, соның ішінде «Құрмет» орденіне ие болды. Бүгін аймақ басшысы мерейтой иесіне шынайы алғысын білдіре отырып, «Ыбырай Алтынсарин» арнайы төсбелгісімен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1213573?lang=kk
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті ұсыну тәртібі туралы 04.05.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) келісіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілер жаңартылған Қағидаларды және есептілік нысандарын толтыруға қойылатын жаңа талаптарды басшылыққа алуы қажет, атап айтқанда:Есептелік нысаны10.1 – «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты»;Есептелік нысаны10.2 – «Тауарлар экспорты»;Есептелік нысаны 10.3 – «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;Есептелік нысаны10.4 – «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;Есептелік нысаны 20.1 – «Тауарлар импорты»;Есептелік нысаны 20.2 – «Алынған жұмыстардың және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;Есептелік нысаны20.3 – «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар». Есептілік нысандарын ұсыну тек электрондық түрде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Комитет тарапынан ИСНА АЖ-де есептілікті электрондық форматта қабылдау функционалын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тиісті функционалды іске қосу жуық арада жоспарланып отыр. Осыған байланысты Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, техникалық қателер анықталған жағдайда, Комитет есептілік нысандарын ұсыну мерзімін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге, атап айтқанда 2026 жылғы 15 қарашаға дейін ұзартады. Осылайша, ИСНА АЖ-нің техникалық дайын болмауына байланысты есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары мен айыппұл санкциялары қолданылмайды. ИСНА АЖ-де есептілік нысандары іске қосылғаны туралы Комитет мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурстар платформасында, Комитеттің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында (Instagram, Telegram және т.б.) және ескі салық төлеуші кабинетінде қосымша хабарлайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1213574?lang=kk
Коммерциялық емес ұйымдар үшін БКМ қолдану 04.05.2026
Қазақстан Республикасының аумағында Салық кодексінің 110-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, осы бапта өзгеше белгіленбесе, ақша есеп айырысулары деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ) міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл БКМ модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген болуы тиіс.Бақылау-кассалық машинаны (БКМ) қолданудан келесі тұлғалар босатылады:1) жеке тұлға;2) жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;3) билеттер беру арқылы қалалық қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдау қызметін көрсететін тұлға. Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысаны көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті органмен келісімі бойынша бекітіледі;4) Ұлттық Банк;5) екінші деңгейдегі банк;6) діни бірлестік;7) Ұлттық пошта операторы, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақша есеп айырысуларын қоспағанда;8) арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға.Осылайша, заңнамада бақылау-касса машиналары қолданылмайтын адамдардың толық тізбесі мен негіздері көзделген.Коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ), жоғарыда көрсетілген тізімге кірмейді. Тиісінше, МИБ үшін бақылау-кассалық машиналарды қолданудан босату салық заңнамасында көзделмеген.Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 19-бабының 1-тармақшасына сәйкес, ақша есеп айырысулары — тауар сатып алу, жұмыс орындау, қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшамен және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар болып табылады.Осылайша, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшамен және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалану арқылы ақша есеп айырысуларын жүзеге асырған кезде коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде МИБ, БКМ қолданып, БКМ чегін беруі міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1213579?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 12 айда 17,9% ұлғайды 04.05.2026
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 12 айда 17,9% ұлғайды Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 сәуіріне 26,82 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,08 трлн теңгеге немесе 17,9%-ға өсті.2026 жылдың 1 сәуірінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,12 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,25 трлн теңге (14,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 741,14 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,4%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,1% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі – 10,09 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 сәуіріне 950,57 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы үш айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 869,33 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,1%-ға (немесе 107,12 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 сәуірге дейін 673,45 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,7%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 38,77 млрд теңге (өсім – 9,8%), ЕЗЖ – 499,00 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 156,61 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруы есебінен түскен таза инвестициялық кіріс 296,55 млрд теңгеден асты. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 360,02 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 68,63 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 596 теңге. 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 135,24 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 33,05 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 9,86 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 933,26 млн теңге, жерлеуге – 2,37 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 109,94 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,53 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,08 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 сәуіріне 12,76 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,32 млн - МЗЖ бойынша, 774,40 мыңы - МКЗЖ бойынша, 473,07 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,32 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,76 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1227126?lang=ru
Қазақстанда аккредиттеу жүйесі қалай өзгереді? 04.05.2026
Қазақстанда аккредиттеу жүйесін реформалау жұмыстары басталды. Бұл шешім салада ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерге байланысты қабылданды. Нарық қатысушылары рәсімдердің ашық еместігіне, сарапшылардың шектеулі болуына, бағалау тәсілдерінің ескіруіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп келген.2025 жылдың басынан бастап Ұлттық аккредиттеу орталығы жүйені кешенді жаңғыртуға кірісті. Алғашқы кезеңде бизнес-қоғамдастықпен ашық диалог ұйымдастырылып, Алматы мен Астанада 500-ден астам адам қатысқан салалық форумдар өтті. Кездесулер барысында негізгі проблемалар талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.Реформалардың басты мақсаты – аккредиттеу рәсімдерінің ашықтығын арттыру және бақылау тетіктерін күшейту. Осы бағытта бірқатар жаңа шаралар енгізілді. Атап айтқанда, зертханаларды бағалау процесіне фото және бейнефиксация қосылды. Бұл тексеру барысын толық тіркеуге және нәтижелердің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сарапшыларды іріктеу жүйесі де жаңартылды. Енді бағалаушылар кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады, ал олардың базасы кеңейтілуде. Жаңа мамандарды тарту үшін халықаралық ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен және салалық қауымдастықтармен 20 меморандум жасалған. Сонымен қатар «20 жаңа бағалаушы» жобасы іске қосылып, түрлі сала мамандарын жүйеге тарту жұмыстары жүргізілуде.Цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бағалау чек-парақтары енгізіліп, құжаттардың бірыңғай тізімі жасалды, ал аккредиттеу құны автоматты түрде есептелетін болды. Бұдан бөлек, зертхана жабдықтарын сәйкестендіру үшін QR-код жүйесі енгізілді. Бұл бір жабдықтың бірнеше зертханада қатар қолданылуын болдырмауға бағытталған.Тағы бір маңызды жаңашылдық – зертханаларды қашықтықтан бағалау мүмкіндігі. Цифрлық құралдар арқылы жүргізілетін бұл тәсіл рәсімдердің ашықтығын арттырып, процесті жеделдетеді.Ұлттық аккредиттеу орталығының мәліметінше, реформалар бизнес қауымдастықпен келісілген және Үкімет тарапынан қолдау тапқан. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты да нығайтып отыр. Елдің аккредиттеу органы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы профильдік ұйымның мүшесі ретінде 2031 жылы Астанада бас ассамблея өткізу құқығына ие болды.Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан өзгерістер аккредиттеу жүйесін ашық, әділ және тиімді етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1213566?lang=kk
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті 04.05.2026
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай салтанатты іс -шара өтті. Мерекелік жиында аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, 12 тұрғынға жаңа пәтердің кілттерін табыстады. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар әсем ән мен күмбірлген күйден шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. https://www.instagram.com/reel/DXydPsCt3Po/?igsh=dHpjbmp0ZG0xODI3Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1213510?lang=kk
Құрметті ауыл тұрғындары, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының ауыл ішінде және жол бойында бақылаусыз жүруі өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай жағдайлар тұрғындарға қауіп төндіріп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына, жеке адамдардың ауласына кіріп мүлкіне зиян келтіруіне және көшелердің ластануына себеп болуда. 04.05.2026
Құрметті ауыл тұрғындары, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының ауыл ішінде және жол бойында бақылаусыз жүруі өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай жағдайлар тұрғындарға қауіп төндіріп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына, жеке адамдардың ауласына кіріп мүлкіне зиян келтіруіне және көшелердің ластануына себеп болуда.Әсіресе, түнгі мезгілде автокөлік жүргізушілері үшін қауіптің алдын алу мақсатында ірі малдарға жарық шағылыстырғыш ленталар тағу маңызды. Сонымен қатар, малдың тас жолдарға шығып кетпеуін қадағалап, арнайы белгіленген жерлерде ғана жайылуын қамтамасыз ету қажет етіледі. Осыған орай, мал ұстайтын тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу, жаю тәртібін сақтау және оларды қараусыз жібермеу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1213441?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар тұлғаларға арналған салықтық жеңілдіктер 04.05.2026
Азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және әділ салық салу қағидатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар тұлғалар үшін бірқатар салықтық жеңілдіктер көзделген. Қазақстанда 2026 жылы жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты мүгедектігі бар тұлғаларға арналған салықтық жеңілдіктерге елеулі өзгерістер енгізілді. Негізгі қолдау шаралары, негізінен, жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдерге, сондай-ақ жекелеген салықтар мен төлемдерден босатуға байланысты.Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдерҚазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалар салық салынатын табысты азайтатын салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы:• I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін жылына 5000 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықтық шегерім қарастырылған;• III топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына және қамқоршыларына – жылына 882 АЕК.Жекелеген төлемдерден босатуМүгедектігі бар тұлғалар бірқатар мемлекеттік баждарды төлеуден босатылады, оның ішінде соттарға жүгінген кезде және мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жекелеген нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін.Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған негізгі салықтық жеңілдіктер• Мүгедектігі бар тұлғалар (I, II және III топтағы) бір көлік құралы үшін қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ге дейін болған жағдайда көлік салығынан босатылады, жер салығынан толық босатылады, сондай-ақ тұрғын үй құнына байланысты мүлік салығы бойынша жеңілдіктерге ие болады.• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 563-бабы 3-тармағының 4- тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдық бірлестіктері қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша көлік салығын төлеуден босатылады.• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 597-бабы 2-тармағының 4 тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар баланы немесе бала кезінен мүгедектігі бар тұлғаныы тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуі жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуші болып табылмайды.Қосымша қолдау шараларыСалық заңнамасында белгіленген шарттар сақталған жағдайда мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілер үшін есептелген корпоративтік табыс салығын азайту түрінде салықтық жеңілдіктер де көзделген.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге растайтын құжаттарды (мүгедектік туралы анықтама және қажет болған жағдайда басқа да құжаттар) уақтылы ұсыну қажет екенін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1213447?lang=kk
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. 04.05.2026
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарыЖалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.мен кезекті кездесуін өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1213305?lang=kk
"Таза сенбі" акциясы өтуде. 04.05.2026
"Таза сенбі" акциясы өтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1213318?lang=kk
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А. Садырова 17 наурыз 2026 жылы Кеген ауданының әкімі Н. Теңізбаевтың 2026 жыл 12 наурыздағы 01-10/240 санды хатының негізінде аппарат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық шараларды күшейту, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау барысында қызметтік өкілеттіліктерді жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдалануына, материалдық немесе өзге де пайда алуға, заңсыз сыйақы алуға немесе делдал болуға қатаң тыйым салынатынын ескертіп, қызмет барысында заң талаптарын сақтауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 04.05.2026
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А. Садырова 17 наурыз 2026 жылы Кеген ауданының әкімі Н. Теңізбаевтың 2026 жыл 12 наурыздағы 01-10/240 санды хатының негізінде аппарат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық шараларды күшейту, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау барысында қызметтік өкілеттіліктерді жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдалануына, материалдық немесе өзге де пайда алуға, заңсыз сыйақы алуға немесе делдал болуға қатаң тыйым салынатынын ескертіп, қызмет барысында заң талаптарын сақтауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1213328?lang=kk
Әлем кубогы: Дүниежүзінің мергендері Алматы облысына жиналды 04.05.2026
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында – International Shooting Sport Federation (ISSF) ұйымының қолдауымен өтетін стенд атудан Әлем кубогының рейтингтік кезеңі басталды.Салтанатты ашылу рәсімі бірлікке, жоғары спорттық рухқа толы жарқын мереке атмосферасында өтті. Ұйымдастырушылар қонақтарға Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік беретін мазмұнды әрі ұлттық нақышқа бай бағдарлама ұсынды. Қатысушы командалардың таныстырылымы ID форматында өтті. Жаңбыр мен қолайсыз ауа райына қарамастан, іс-шара ұлттық колорит пен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, әсерлі әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Құрметті қонақтар қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов болды.«Бұл турнир әлемнің ең үздік спортшыларын біріктіріп, шеберліктің жоғары деңгейін, рухтың беріктігін және жеңіске деген ұмтылысты көрсетеді. Бүгінде Қазақстанның стенд ату мектебі халықаралық аренада өз орнын нықтап келеді. Біздің спортшылар лайықты нәтижелер көрсетіп, ел абыройын арттырып, жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жігерлендіреді. Ауа райының қолайсыздығы да бүгінгі іс-шараның жылы атмосферасына әсер ете алмады. Біз спорттың адамдарды біріктіріп, мінезді шыңдап, бізді күшейтетін күш екенін көріп отырмыз», – деді Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов.Ал, Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси өз сөзінде турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Қазақстанда Әлем кубогы кезеңін өткізудің маңыздылығын атап өтті: «Бүгін біз жай ғана жарысты емес, ату спортының дамуына серпін беретін қуатты алаңды көріп отырмыз. Қазақстан жоғары кәсібилік пен қонақжайлық танытып, әлемдік стандарттарға сай жағдай жасап отыр. Бұл – біздің спорт түрінің дамуына қосылған маңызды үлес».Соңғы жылдары елімізде стенд ату спорты қарқынды дамып келеді. Әлем және Азия кубоктары кезеңдерін өткізу, салалық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ спортшыларды жүйелі даярлау елдің халықаралық ату қауымдастығында лайықты орын алуына мүмкіндік берді. Александр Асанов атындағы ату клубы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді және тұрақты түрде жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдайды.Тоғыз күн бойы Алматы облысы 42 елден келген 550 спортшының тартысты бәсекесіне куә болады. Ату алаңдарына Олимпиада чемпиондары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, сондай-ақ Азия мен Еуропаның үздік мергендері шығады. Олардың қатысуы Қазақстандағы Әлем кубогы кезеңін халықаралық күнтізбедегі ең бәсекелі әрі тартымды жарыстардың біріне айналдырып отыр. Мұнда тек медальдар ғана емес, сонымен қатар 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.Қабылдаушы ел ретінде Қазақстан қатысушылардың ең жоғары квотасын ұсынды. Олардың қатарында ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Әсем Орынбай – Әлем кубоктары мен Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері, Токио және Париж Олимпиада ойындарының қатысушысы бар.«Бұл мен үшін жай ғана жарыс емес – туған жердегі жанкүйерлер алдында өнер көрсетіп, Олимпиадаға тағы бір қадам жақындау мүмкіндігі. Негізгі мақсат – тұрақтылық пен маусымның ірі жарыстарында финалға шығу», – деді жарыс қарсаңында Асем Орынбай.Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының спортшысы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, стенд атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Лейла Шантекова өнер көрсетуде.Жарыс күндері спортшылар «скит» және «трап» дисциплиналарында, сондай-ақ аралас командалық сайыстарда медальдар мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 10 мамыр күні өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1213254?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары12 айда 17,9% ұлғайды 04.05.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 сәуіріне26,82 трлн теңгеден асты.12 айдағы өсім 4,08 трлн теңгеге немесе 17,9%-ға өсті.2026 жылдың 1 сәуірінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,12 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,25 трлн теңге (14,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 741,14 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,4%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,1% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 сәуірінеолардың көлемі – 10,09 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 сәуіріне950,57 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы үш айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 869,33 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,1%-ға (немесе 107,12 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 сәуірге дейін 673,45млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,7%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 38,77 млрд теңге (өсім – 9,8%), ЕЗЖ – 499,00 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 156,61 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруы есебінентүскен таза инвестициялық кіріс 296,55 млрд теңгеден асты. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 360,02 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 68,63 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 596 теңге. 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 135,24млрд теңге, мұрагерлік бойынша 33,05 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 9,86 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 933,26 млн теңге, жерлеуге – 2,37 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 109,94 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,53 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,08 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 сәуіріне12,76 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,32 млн - МЗЖ бойынша, 774,40 мыңы - МКЗЖ бойынша, 473,07 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,32 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,76 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1226057?lang=ru
Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты 04.05.2026
Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельдіжеке басқарушылардың(ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2026 жылғы 3 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 271,4 млрд теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен - 34,1 млрд теңге болды.Ал ИПБ инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша 2026ж.есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 01.04.2026 ж. 1,56 млрд теңгені құрады.Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді.Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен.Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді.Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 478,77 теңгеге дейін төмендеді.Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 970,03%инфляция кезінде1 184,74% құрады.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап(зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс –10,54 трлн теңгеболды.Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 40,7%құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады (www.enpf.kz). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1226062?lang=ru
Жалағаш ауылында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, бірлік пен татулықты дәріптеді. Мерекелік шаралар барысында киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауыл өнерпаздары ән айтып, би билеп, түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жастар мен үлкендер белсенді қатысты. Бұл мереке Жалағаш ауылының тұрғындары үшін ерекше көңіл-күй сыйлап, көктемнің келуін, жаңару мен жақсылықтың басталуын білдіретін жарқын күн болды. 04.05.2026
Жалағаш ауылында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, бірлік пен татулықты дәріптеді.Мерекелік шаралар барысында киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауыл өнерпаздары ән айтып, би билеп, түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жастар мен үлкендер белсенді қатысты.Бұл мереке Жалағаш ауылының тұрғындары үшін ерекше көңіл-күй сыйлап, көктемнің келуін, жаңару мен жақсылықтың басталуын білдіретін жарқын күн болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1213274?lang=kk
Ұландық кинологтар Алматыда өткен халықаралық ит көрмесінде жоғары нәтижеге қол жеткізді 04.05.2026
Алматы қаласында «ОО ЭЛИТА ДОСААФ» қызметтік ит өсіру клубының ұйымдастыруымен барлық тұқымдағы иттерге арналған «Көктемгі кездесулер» атты халықаралық және ұлттық көрмелер өтті. Қазылар алқасының құрамында Чехия мен Қазақстаннан келген халықаралық дәрежедегі сарапшылар болды.Көрмеге 23 тұқымға жататын 100 ит ұсынылды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының кинологиялық орталығы 5 ит пен 2 күшікті қатыстырып, олардың барлығы «Өте жақсы», «Жақсы» және «Үлкен үміт» бағаларын иеленді. Сонымен қатар «CAC» және «CACIB» атақтарын жеңіп алып, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін дәлелдеді.Үздік нәтижелердің қатарында — сержант Дәуірбек Мұсабековке бекітілген «Санди» есімді неміс овчаркасы бар. Ол ашық сыныпта 3-орынды иеленіп, «CAC» және «CACIB» атақтарына ие болды. Сондай-ақ сержант Самат Үшбаевтың «Аддамс» есімді голланд овчаркасы «R.CACIB» және «CAC» атақтарын жеңіп алды.Бельгиялық овчаркалар (малинуа) да жоғары нәтиже көрсетті. Кіші сержант Дастан Туниязовтың «Айс» және сержант Павел Графкиннің «Артист» атты иттері «юниорлар» сыныбында тұқымның үздік өкілдері атанды. Ал кіші сержант Дастан Туниязовтың «Блэк» пен «Бони» есімді күшіктері «Best Baby» атағын иеленді. Сонымен қатар сержант Самат Үшбаевтың «Слейт» есімді иті де жүлдегерлер қатарынан көрініп, «CAC» және «CACIB» атақтарына ие болдыЖеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Ұландық кинологтардың халықаралық көрмеге қатысуы мамандар даярлығының жоғары деңгейін және құқықтық тәртіп әскерлерінде қызметтік ит өсіру ісінің қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1213225?lang=kk
Бүгін 1 мамыр күні аудандық мәдениет үйі ерекше жылулыққа толды. Сыртта күн бұлтты болғанына қарамастан, іште шынайылық, келісім мен өзара құрмет атмосферасы салтанат құрды. 04.05.2026
Аудан тұрғындары біздің күшіміз — әртүрлілік пен бірлікте екенін еске салатын мерекені атап өтті. Фойеде нағыз мәдениеттер фестивалі ұйымдастырылды: ұлттық орталықтар әрбір қонақты жылы қарсы алып, салт-дәстүрлері мен асханасының құпияларымен бөлісті.Аудан әкімінің орынбасары Қазбек Төлендинов этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне бабалар мұрасын сақтау және халықтар арасындағы достықты нығайту жолындағы қажырлы еңбектері үшін алғыс хаттар табыс етті.Музыкалық нөмірлер, халықтық сарындар мен заманауи ырғақтар біртұтас «дөңгеленген биге» ұласып, жүректерді үндестіре соқтырды. Әртістер достықта шекара болмайтынын, ал шығармашылық — баршаға түсінікті ортақ тіл екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1213202?lang=kk