Enbekshi QazaQ

Әлем

Құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері МКК ұйымдастырған семинарда талқыланды 01.07.2026
2026 жылғы 28–29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының басшысы  Мадина  Жанғұрчинова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментінің директорының қатысуымен Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар құқық қолдану және сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылап, даулы жағдайларды шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың соттардағы құқықтық ұстанымдарын нығайту мәселелерін қарастырды.Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық жұмыстың сапасын арттыруға және заңнаманы қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238693?lang=ru
Халықаралық сауданың тиімділігі мен орнықтылығы – Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің назарында 01.07.2026
Бангкок, 2026 жылғы 9 маусым — Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан бастаған қазақстандық делегация, оның құрамында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері бар, Азия-Тынық мұхиты сауда рәсімдерін жеңілдету форумы мен Қағазсыз сауда апталығы – 2026 жұмысына кірісті.Іс-шара 2026 жылғы 8-12 маусым аралығында Бангкок қаласындағы БҰҰ АзТМЭӘК штаб-пәтерінде «Сауданы цифрландырудың жаңа буыны: цифрлық және орнықты сауда рәсімдерін жеңілдетуді ілгерілету» тақырыбымен өтуде.Апта бойы Азия-Тынық мұхиты өңірінің 50-ден астам елінен келген қатысушылар өзара сауда рәсімдерін жеңілдету саласындағы жаңа тәсілдер мен практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған жоғары деңгейдегі отырыстарға, интерактивті сессияларға және сарапшылық пікірталастарға қатысады.Форум сауданы цифрландыру, логистикалық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, сондай-ақ халықаралық сауданың тиімділігі мен орнықтылығын арттыру мақсатында Азия-Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланатын негізгі өңірлік алаңдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1238694?lang=ru
ТАРИХИ ШЕШІМ – ПРЕЗИДЕНТ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ 01.07.2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.-делінген жарлық мәтінінде.
Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті 01.07.2026
Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды.Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, сондай-ақ аса маңызды минералдарды әлемдік нарыққа жеткізу ісіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.Министр Қазақстан үшін аса маңызды минералдар секторы өнеркәсіптік саясат пен ұзақ мерзімді экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгінде еліміздің минералдық-шикізат базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және жерде сирек кездесетін металдар қоры шоғырланған. Цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытында қабылданған шаралар салаға бағытталған инвестициялар көлемінің едәуір артуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде елге әлемнің жетекші компаниялары келді, олардың ішінде Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue, Cove Capital және басқалар бар.Кездесуге қатысушылар C5+1 форматындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады. Олардың қатарында қайта өңдеу саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, индустриялық кластерлер құру, технологиялар трансфері, кадрлар даярлау, ғылыми-техникалық кооперацияны кеңейту және басқа да бастамалар бар. Сондай-ақ өнімді әлемдік нарыққа тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету үшін логистика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша барлық тарап көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен индустриялық әрі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1238657?lang=ru
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады 01.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.– Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Дональд Трамптың сәлемін жеткізді.– Сіздің Ақ үйде досыңыз бар деп сеніммен айта аламын. Президент Трамп қызметіңізді айрықша бағалайды. Біз елдеріміздің мүддесі үшін өзара тиімді шешімдер іздеуге ұмтыламыз. Мұны АҚШ пен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың қарқыны дәлелдейді. Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды. Бұл әлі бастауы ғана екеніне сенімдімін. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға өте қуаныштымыз, – деді Арнайы өкіл.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ аса маңызды минералдар, көлік-логистика, цифрландыру мен басқа да басым салалардағы ықпалдастық перспективасын талқылады.Қазақстан тең құрылтайшыларының бірі болған Бейбітшілік кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, еліміз халықаралық тұрақтылық пен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету ісіне үлес қосуға дайын. Сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті.Кездесу соңында Президент пен Арнайы өкіл сан қырлы қазақ-америка ынтымақтастығын тереңдетуге өзара мүдделі екенін қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1238658?lang=ru
Бизнес және салықтар: Өскеменде мобильді аударымдар мен шетелден алынған табыстарға салық салу мәселелері талқыланды 01.07.2026
2026 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Бизнес және салықтар» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфир өтті.Кездесудің тақырыбы мобильді аударымдар мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған жеке тұлғалардың табыстарына салық салу мәселелері болды.Іс-шара барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова салық заңнамасының қолданыстағы нормаларын, шетелдік көздерден алынған табыстарды декларациялау тәртібін, сондай-ақ мобильді аударымдарды бақылау ерекшеліктерін түсіндірді. Қатысушылар салық міндеттемелерін орындау және салық заңнамасы нормаларын практикада қолдану мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.Кездесуде халық пен кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың алдын алуға ерекше назар аударылды.Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Бұл өз кезегінде талқылауға қызығушылық танытқан азаматтар мен бизнес өкілдерінің кеңінен қатысуына мүмкіндік берді.Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың салық төлеушілерді заңнамадағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238669?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай – 2026» өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты. 01.07.2026
Конференция барысында Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық және туристік әлеуеті таныстырылды. Қатысушылардың назары Қазақстан, Қытай, Ресей және Моңғолияны байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық торапқа айналып келе жатқан өңірдің стратегиялық орналасуына ерекше аударылды.Іс-шараға қатысушыларға өңір инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы Орталық Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді, 1,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары жаңғыртылды, Катонқарағай және Зайсан аудандарында жаңа әуежайлардың құрылысы жүргізілуде.Конференция аясында іскерлік орта өкілдерімен, мемлекеттік органдармен және әлеуетті инвесторлармен кездесулер мен келіссөздер өтті. Шетелдік серіктестерге Шығыс Қазақстан облысының перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылып, өнеркәсіп, туризм, логистика және шекара маңы ынтымақтастығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері ұсынылды.Өңірдің жоғары туристік әлеуеті де ерекше атап өтілді. Бірегей табиғи ландшафттар, бай тарихи-мәдени мұра және заманауи туристік инфрақұрылымның дамуы Шығыс Қазақстанға жыл сайын бір миллионға дейін турист қабылдауға мүмкіндік береді. Перспективалы бағыттардың бірі ретінде Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту да белгіленді.Сонымен қатар, 2026–2027 жылдары Шығыс Қазақстан облысы «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесіне төрағалық ететіні атап өтілді. Бұл миссия Үлкен Алтай кеңістігіндегі өңірлер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға, бірлескен бастамаларды іске асыруға және экономикалық, туристік әрі гуманитарлық салалардағы жаңа жобаларды ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер ашады.«Үлкен Алтай – 2026» конференциясына қатысу халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Шығыс Қазақстан облысын инвестициялар, бизнес және туризм үшін сенімді серіктес ретінде ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.Фото Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметімен ұсынылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1238671?lang=ru
Арқалықта жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді 01.07.2026
Арқалық қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа шағын футбол алаңы ел игілігіне берілді. Нысан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Әуелбеков көшесінде ашылды.Спорт алаңы жергілікті әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өкілдерінің қолдауымен салынды. Жобаны жүзеге асыруға «Арқалық құс» ЖШС демеушілік көрсетіп, өз қаражаты есебінен 8 миллион теңге бөлді.Ашылу салтанатына қала әкімдігі өкілдері, компания басшылығы және жергілікті тұрғындар қатысты. Жаңа спорт нысаны көпқабатты тұрғын үйлер ауласында орналасқан және бірнеше үйдің балаларына қызмет көрсетеді.Алаңның салынуы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар салауатты өмір салтын насихаттауға және қаладағы спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.Жергілікті билік өкілдері демеушілік көрсеткен компанияға алғыс білдіріп, әлеуметтік жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.Арқалық қаласында бұқаралық спортты дамыту және балаларға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1238672?lang=ru
Жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығы, мөлшерлемелер және шегерімдер 01.07.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді, ол жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу тәртібі мен жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – табысы төмен азаматтардың салықтық жүктемесін азайту және салықтық жеңілдіктер жүйесін жетілдіру.Салықтық шегерім – бұл жеке табысты есептеу кезінде жеке тұлғаның табысынан алып тасталатын сома. Қолданылатын шегерімдердің мөлшері неғұрлым көп болса, төленуге жататын салық сомасы соғұрлым аз болады.2026 жылдан бастап жеке тұлғалардың табыстарының көпшілігіне прогрессивті салық салу шкаласы қолданылады:жылына 8500 АЕК-ға дейінгі табысқа – 10%;жылына 8 500 АЕК-дан асатын табыс бөлігіне – 15%.Осылайша, жалақы деңгейі қалыпты қызметкерлердің көпшілігі үшін ЖТС мөлшерлемесі 10% деңгейінде сақталады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалар келесі салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқылы:- Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, әлеуметтік аударымдар);- Базалық салықтық шегерім (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді):ай сайын 30 АЕК мөлшерінде;күнтізбелік жыл ішінде 360 АЕК-тен аспайтын мөлшерде.2026 жылға арналған АЕК мөлшері 4 325 теңге болған жағдайда шегерім сомасы: айына – 129 750 теңге, жылына – 1 557 000 теңге.Базалық шегерім әрбір салық төлеушіге оның табыс деңгейіне қарамастан салық салынатын табысын азайтуға мүмкіндік береді (тек бір салық агентінде қолданылады).- Әлеуметтік салықтық шегерімдер:І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін күнтізбелік жыл ішінде 5 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде.Жекелеген әлеуметтік осал санаттар үшін жылына АЕК 882 еселенген мөлшерінде (үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар;тыл еңбеккерлері; мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; «бала кезінен мүгедектігі бар адам» деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін - ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі және т.б.).Салықтық шегерімдер:жалақыны есептеу кезінде жұмыс берушімен;заңнамада көзделген жағдайларда салық декларациясын ұсыну кезінде жеке тұлғаның өз бетінше қолданылуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238674?lang=ru
Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды 01.07.2026
Алматы облысына алғаш рет Қытайдың Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чансин бастаған делегация келді. Цзянсу – көрші елдегі экономикасы қарқынды дамыған, құрылыс, білім беру, туризм салалары бойынша ірі жобаларды жүзеге асырып, озық технологияларды енгізу бойынша алдыңғы орынға ие провинция. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай делегациясымен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Жүздесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Марат Елеусізұлы өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы 34 жылдық дипломатиялық қатынас өзара сенімге, тату көршілік және стратегиялық әріптестікке негізделгенін атап өтті. «Екі ел арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салаларда ауқымды бірлескен бастамалар іске асырылуда. Ал елдің шығысында орналасқан Алматы облысы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың маңызды көпірі саналады. Өңір мен ҚХР арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 1 млрд АҚШ долларынан асып, тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта Алматы облысы аумағында Қытай және бірлескен капиталдың қатысуымен 287 кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы 4 жыл ішінде менің тікелей басшылығыммен Қытай Халық Республикасының 16 өңірінде 7 жұмыс сапары ұйымдастырылып, оған өңірдегі 75-тен астам бизнес өкілі қатысты.Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып, мазмұны да тереңдеп келеді. Цзянсу – Қытайдың экономика және инновация саласындағы жетекші өңірлерінің бірі. Сондықтан біз өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, логистика, инвестиция, жоғары технология салалары мен «жасыл» экономика бағытында ұзақмерзімді, тиімділігі жоғары жобаларды дамытуға ниеттіміз», – деген аймақ басшысы түрлі бағыттардағы бірлескен жұмыстарға тоқталды.Айтуынша, қазіргі таңда өңірде жалпы қаражаты 6,2 трлн теңге болатын, 216 инвестициялық жоба мониторингте тұр. Ал Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 3,1 трлн теңгені құрайтын 45 инвестициялық жоба бар. Бұл бастамалардың нәтижесінде 16 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері Қытайдан келген инвесторлармен 90 кездесу өткізілген. Бұл жалпы инвестициялық кездесулердің – 46,9%-ы.Бүгінде Қытай тарапы облыс жастары үшін гранттар ұсынып отыр. Қытайдың провинцияларында өңірден шыққан 56 талапкер тегін оқып жатыр. Олар бакалавриат, магистратура және орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда.Екі ел азаматтары үшін енгізілген визасыз режим туризм саласының белсенді дамуына ықпал етті. 2025 жылы Алматы облысына 147 000-нан астам шетелдік турист келді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,19%-ға артық. Оның ең үлкен бөлігін Қытай азаматтары құрайды. Биыл Шанхай қаласында облыс әкімдігінің Сервис орталығы ашылды. Бұл – өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған ресми өкілдік. Алматы облысы халықаралық туристік алаңдарда, оның ішінде ITB China және ITB Asia көрмелеріне қатысып, сондай-ақ қытайлық туроператорлармен, әуе компанияларымен, медиа өкілдерімен белсенді жұмыс істеуде.Жиын барысында Синь Чансин провинцияның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, технология және табиғи энергия көзін игеру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды.«Цзянсу провинциясында 83 миллионнан астам халық тұрады. Экономикалық көрсеткіші бойынша Қытайда 2-орында. Нақтырақ айтсақ, өңірлік өнім көлемі 2 трлн АҚШ долларынан асады. Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі әрі логистикалық әлеуеті халықаралық жүк тасымалында маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, өзара тиімді байланыс орнату. Қол қойылған меморандум екі тарап арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге негіз болады деп сенемін», – деді мәртебелі мейман.Осылайша, Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге қадам басты. Сапар барысында қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Қонақтар назарына облыс аумағынан табылған Алтын адам мен өзге де құнды археологиялық жәдігерлер ұсынылып, олардың тарихи құндылығы мен ғылыми маңызы жан-жақты баяндалды. Өңірдің алдағы уақытта жүзеге асырылатын ірі жобалары таныстырылып, бірлескен бастамаларды дамыту мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1238642?lang=ru
Бразилия темекі өнеркәсібі федерациясының президентімен кездесу 01.07.2026
Бразилиа, 2026 ж. 10 маусым – Елші Болат Нүсіпов Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінде Бразилия темекі өнеркәсібі федерациясының «Sinditabaco» Президенті Валмор Тесингпен және «Бразилия-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Кассиано Вианамен кездесті.Кездесу барысында таза темекі өндірісі технологиялары мен жабдықтары саласында екіжақты ынтымақтастықты орнатуға қатысты мәселелер талқыланды.Сұхбатшының хабарлауынша, Бразилия әлемдегі жетекші темекі экспорттаушы болып табылады, өндіріс көлемі бойынша Қытай мен АҚШ-тан кейін үшінші орында (жылына шамамен 600-700 мың тонна). Бразилия темекісінің шамамен 85-90%-ы, негізінен Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияға экспортталады. Бразилияның негізгі темекі плантациялары оңтүстік Риу-Гранди-ду-Сул, Санта-Катарина және Парана штаттарында шоғырланған.Осыған байланысты сұхбатшы осы салада жұмыс істейтін Қазақстандағы ұқсас ұйымдар мен компаниялармен серіктестік орнатуға қызығушылық танытты. Тараптар екі елдің әлеуетті серіктестерінің онлайн кездесуін ұйымдастыруға келісті.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1238649?lang=ru
«Astana Ютария» зауыты 01.07.2026
Astana Ютария зауыты шамамен он жыл бұрын іске қосылып, содан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 250-ден астам адам еңбек етеді және мұнда әртүрлі мамандықтарға арналған арнайы киімдер тігіледі.Өндіріс барысы жайлы Astana TV телеарнасының «Қолтаңба» бағдарламасынан біле аласыз.#Қазақстандажасалған #Индустриялықпарк #Астанаhttps://www.instagram.com/p/DZX3U9mg4pt/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1238652?lang=ru
Австриямен парламентаралық ынтымақтастықты дамыту туралы 01.07.2026
Вена, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия парламенттік қоғамы (Österreichische Parlamentarische Gesellschaft, ÖPG) ұйымдастырған іс-шараға қатысып, оның аясында Аустрия парламентінің басшылығымен және парламентаралық байланыстар саласының өкілдерімен мазмұнды әрі нәтижелі кездесулер өткізді.Іс-шара барысында Аустрия Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен (Walter Rosenkranz), Аустрия Федералдық кеңісінің төрағасының орынбасары, «Аустрия – Қазақстан» достық тобының мүшесі Кристина Шварц-Фукспен (Christina Schwarz-Fuchs), сондай-ақ басқа да парламент өкілдерімен мазмұнды әңгімелер өтті.Кездесулер барысында Елші аустриялық парламентарийлерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар бағдарламасының орындалу барысымен таныстырды. Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сұхбаттасушыларға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелері егжей-тегжейлі таныстырылып, онда билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің жаңа тетіктері, Парламент пен Вице-президенттің рөлі, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту қарастырылғаны атап өтілді.Сонымен қатар, алдағы Құрылтай сайлауын өткізу жоспарлары және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында елдің институционалдық дамуын одан әрі ілгерілету жөніндегі қадамдар таныстырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5–7 мамырда Аустрияның Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерінің Қазақстанға өткен сапарына қатысты оң пікірлер айтып, парламентаралық диалогты жалғастыруға және екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді. Ағымдағы жылдың 27–30 қыркүйек аралығында Аустрия парламентінің достық тобының Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше назар аударылды.Тараптар қазақстандық-аустриялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1238622?lang=ru
Астанада Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өтті 01.07.2026
Астана, 2026 жылғы 10 маусым – «ҰАК «Қазатомпром» АҚ мен Cameco Corporation тең төрағалығымен Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің (ҚКІК) 7-ші отырысы өтті. Іс-шараға ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы, Қазақстан мен Канаданың іскер топтары, сондай-ақ сараптамалық және академиялық ортаның өкілдерін қоса алғанда 100-ден астам адам қатысты.Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыров іс-шараны ашты. Сонымен қатар ҚКІК тең төрағалары – «ҰАК «Қазатомпром» АҚ Басқарма Төрағасы М.Юсупов және Cameco Corporation Бас атқарушы директоры Т.Гитцель (бейнеүндеу форматында) сәлемдеме сөз сөйледі.Форумның іскерлік бағдарламасы екіжақты күн тәртібінің негізгі секторларындағы жасанды интеллектінің дамуы мен сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа арналған екі тақырыптық сессиядан тұрды.Бірінші сессия шеңберінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Б.Мұхаметқалиев цифрлық трансформация мен ЖИ саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын таныстырып, қазақстандық нарықтағы шетелдік технологиялық компаниялар үшін нақты мүмкіндіктерді белгіледі. Telus Agriculture & Consumer Goods президенті К.Террис агроөнеркәсіптік кешенде ЖИ-шешімдерін қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Бұдан басқа, спикерлер телекоммуникацияда, үлкен деректерді басқару саласында, өндірістік процестерде және т.б. ЖИ енгізу мен қолдану практикалары жайлы айтты. Талқылау қазақстандық-канадалық цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мүмкіндіктерін айқын көрсетті.Екінші панельдік сессияда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Қ.Шарлапаев Қазақстандағы іскерлік ортаның қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы хабарлады; инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға ықпал ететін жүйелік реформаларға канадалық серіктестердің назарын аударды. «QazTrade» АҚ басшылығы екіжақты сауда ынтымақтастығын ынталандыру және Канадаға қазақстандық өнімнің экспортын кеңейтуге арналған қолданыстағы құралдарды таныстырды. B2Gold вице-президенті Н.Ридер, CanAgro директоры Р.Минин және Xena Distribution вице-президенті Э.Парди Қазақстанның тау-кен өндірісі, энергетика және агроөнеркәсіптік секторларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге деген ортақ ерікті растады және отырыс барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүйелі түрде іске асыру ниетін білдірді.Форумда канадалық бизнестің жоғары деңгейде өкілдік етуі канадалық іскер топтардың қазақстандық нарыққа деген қызығушылығының артып келе жатқандығын және елдің аймақтағы ең сенімді және қауіпсіз юрисдикция ретіндегі инвестициялық тартымдылығын растайды.ҚКІК-тің 7-ші отырысы екіжақты іскерлік диалогты ілгерілетудегі кезекті маңызды қадамға айналды және Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қосымша серпін берді.Анықтама: Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі екі елдің іскер қоғамдастықтары арасындағы сауда-экономикалық диалогты дамытудың негізгі механизмі болып табылады. Кеңес 2015 жылы құрылған және қазақстандық тараптан «ҰАК «Қазатомпром» АҚ, канадалық тараптан Cameco Corporation тең төрағалығымен жұмыс істейді. ҚКІК-тің 6-шы отырысы 2024 жылдың наурызында Торонто қаласында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1238628?lang=ru
Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Әділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі 01.07.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында Партия Төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдардың және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында саланы дамыту, отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету, жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу, инженерлік кадрлар даярлау сынды өзекті мәселелер талқыланды.Кездесуді ашқан Айбек Дәдебай Қазақстанның минералды шикізат қоры аса бай екенін атап өтті. Саланың әлеуеті ең алдымен ел экономикасын дамыту жолында қызмет етуге тиіс.«Бұл – тек экономикалық мәселе емес. Бұл – әділдік мәселесі. Жер байлығы халықтың әл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Әділет» партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», – деді Партия Төрағасы.Оның айтуынша, табиғи ресурстарды пайдалану тәсілін өзгерту қажет. Мемлекет шикізатты экспорттап, сол шикізаттан өндірілген дайын өнімді сатып алып отырған кезде негізгі табыс, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары Қазақстаннан тыс жерде қалыптасады. Сондықтан шикізатты терең өңдеу ісін дамыту қадамы өнеркәсіп саясатының негізгі басымдықтарының біріне айналуға тиіс.«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның мәліметінше, өткен жылғы қорытынды бойынша тау-кен металлургия кешені мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің шамамен 8%-ын қамтамасыз етті. Өндірілген өнім көлемі 14 трлн теңгеден асып, экспорт көлемі 21,4 млрд АҚШ долларын құрады. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Нариман Абсаметовтің айтуынша, бүгінде тау-кен металлургия кешені мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие болып отыр.«Сирек кездесетін минералдарға қолжетімділік мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторлардың біріне айналуда. Қазақстан бірегей минералды шикізат базасына ие және оны тиімді игеру қадамы еліміздің әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Нариман Абсаметов.Талқылау барысында сала өкілдері бірқатар жүйелі мәселені көтерді. Атап айтқанда, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец теміржол тасымалы сала үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, транзиттік тасымалдан түсетін кірістерді бөлудің неғұрлым теңгерімді тәсілін қарастыруды ұсынды.«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі саланы одан әрі дамыту мәселесі мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды талап ететінін атап өтті.«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі отандық өнеркәсіпті дамытуға және Қазақстан экономикасын нығайтуға бағытталған бастамаларды әзірлейтін тиімді алаңға айналатынына сенімдімін», – деді Руслан Өскенәлі.Қатысушылар кәсіпорындарды жаңғырту, инвестиция тарту және білікті кадрлар даярлау мәселелеріне де ерекше назар аударды. Кездесуге қатысушылар табиғи ресурстар жаңа өндірістерді іске қосуға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға негіз болуға тиіс екенін атап өтті.«Qarmet» АҚ басшысы Вадим Басин кәсіпорында жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғырту жұмысы туралы айтып, қауіпсіздікке, еңбек жағдайына және кәсіби кадрларға инвестиция салмайынша өндірісті дамыту мүмкін емес екенін жеткізді.«Өнеркәсіп секторы үшін әділдік – адамның еңбегін құрметтеу деген сөз. Кәсіпорын қауіпсіздік есебінен емес, өз алдына дамуға тиіс. Инвестиция тек жабдықтарға ғана емес, адамдарға да бағытталуы керек», – деді Вадим Басин.Кездесуді қорытындылай келе Айбек Дәдебай бүгінде саланы дамыту мәселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті. Ол Іскерлік кеңес отырысының қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын әзірлейтінін мәлімдеді. Оның негізіне бизнес өкілдерінің, салалық қауымдастықтардың және сарапшылар қоғамдастығының ұсыныстары енгізіледі.«Бүгін нақты әрі шын мәнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтылды. Олардың әрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету», – деп түйіндеді Айбек Дәдебай.Кездесу соңында «Әділет» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты 01.07.2026
Қазан, 2026 жылғы 10 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік ахуал, сондай-ақ оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері жөнінде пікір алмасты.Қазақстан Сыртқы істер министрі өз сөзінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті. Ұйымға мүше мемлекеттер бірлескен күш-жігердің арқасында заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге тиімді қарсы тұрып, қорғаныс саласындағы іс-қимылдарын үйлестіріп, дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюда.Сондай-ақ министр ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымы мен тәсілдері туралы хабардар етіп, Ұйымды одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.Ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда қатысушыларды Қазақстандағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының дамуымен таныстырды. Атап айтқанда, Цифрлық кодекстің қабылдануы, «Alem AI» жасанды интеллект орталығының және суперкомпьютерлік кластердің іске қосылуы, сондай-ақ «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру және «Astana Smart City» жобасын жүзеге асыру жөнінде ақпарат берді.Сондай-ақ Алматы қаласында Тұрақты даму мақсаттары бойынша цифрлық шешімдердің Азия-Тынық мұхиты өңірлік орталығын құру бастамасын қолдағаны үшін ҰҚШҰ-дағы серіктестерге алғысын білдірді.Отырыс қорытындысы бойынша министрлер ҰҚШҰ-ның 2030 жылға дейінгі Терроризмге қарсы стратегиясының жобасын мақұлдады.Сыртқы істер министрлері кеңесі ғарыш кеңістігінде қарулану жарысының алдын алу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды диверсиялық және террористік мақсаттарда пайдалану қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігі, халықаралық құқықтың рөлін нығайту және БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділік, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына байланысты саяси мәлімдемелер қабылдады.Жалпы алғанда, тараптар ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимылды дамытуға және Ұйымды одан әрі нығайтуға бейілді екендіктерін растады.Ресей Федерациясының төрағалығын ескере отырып, Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2026 жылғы қарашада Мәскеу қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1238550?lang=ru
«Ертіс таза жағадан басталады» атты экологиялық акция 01.07.2026
    Курчатов қаласында Ертіс өзенінің жағалауын тазартуға бағытталған «Ертіс таза жағадан басталады» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеп, өзеннің табиғатын тамашалайтын ең сүйікті орындарының бірі – қалалық жағалау қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.     Оған қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, волонтерлер, «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары, Ардагерлер кеңесінің мүшелері бастаған 200-ге жуық курчатовтық қатысты.Экологиялық акция нәтижесінде 5 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Шараға қатысушылар қоршаған ортаны қорғаудың, тазалықты сақтаудың және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті.Қатысушылар жағалау тек демалыс аймағы ғана емес, сонымен қатар Курчатов қаласы тұрғындарының бірнеше буынын біріктіретін маңызды қоғамдық кеңістік екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1238534?lang=ru
Қазақстан мен Чехия әскери жерлеу орындарын күтіп-ұстау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 01.07.2026
Прага, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Прага қаласындағы Елшілігінде Чех Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ардагерлер және әскери жерлеу орындары істері жөніндегі департаментінің өкілдері Павел Куглер, Мартин Жоур және Радим Храстпен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахмановпен өткен әңгіме барысында екі ел аумағындағы әскери жерлеу орындарын іздестіру, зерттеу, қалпына келтіру және күтіп-ұстау бағытындағы Қазақстан-Чехия ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.Архивтік-зерттеу жұмыстарына, қаза тапқан әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындардың тағдырын анықтауға, сондай-ақ ХХ ғасырдағы қайғылы оқиғалар мен екі дүниежүзілік соғыстың зардаптары туралы тарихи жадыны сақтауға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасы Төрағасының орынбасары Ян Бартошектің 2023 және 2025 жылдары Қазақстанға жасаған сапарларының маңызы атап өтілді. Аталған сапарлар аясында еліміздің бірнеше өңіріндегі чех ұлты өкілдері жерленген орындарға бару ұйымдастырылып, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесулер өткізілді, сондай-ақ ғылыми-тарихи конференция ұйымдастырылды.Тараптар әскери архивтерді қалпына келтіру, әскери жерлеу орындарының дерекқорын құру және осы саладағы халықаралық тәжірибені зерделеу бағытында мемлекеттік деңгейде жүйелі жұмысты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті. Мұндай жұмыс екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.Әскери және мемориалдық нысандарға құрметпен қарау, әскери жерлеу орындарын іздестіру мен қалпына келтіру тарихи мұраны сақтаумен қатар, терең адамгершілік мәнге ие екені атап өтілді. Мұндай жұмыс соғыс құрбандарының есімін ұлықтауға, олардың ерлігін келер ұрпақтың жадында сақтауға және қақтығыстардың алдын алуға қызмет етеді.Қазақстандық дипломаттар чех тарапына шетелдегі чех жауынгерлері жерленген орындарды, сондай-ақ Чехия аумағындағы шетелдік, оның ішінде қазақстандық жауынгерлер жерленген орындарды сақтау және күтіп-ұстау мәселесі бойынша жүргізіп отырған үздіксіз әрі жүйелі жұмысы үшін алғыс білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сараптамалық білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ тарихи мұраны зерттеу және әскери жерлеу орындарын күтіп-ұстау саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1238521?lang=ru
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тасымалдаушылардың назарына! 01.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесінде Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде жүк автокөлік құралдарының жиналуы байқалып отырғанын хабарлайды. Шектес өткізу пункті — Ресей Федерациясы Орынбор облысындағы «Илек-1» өткізу пункті.Осыған байланысты күту уақытын қысқарту, көлік құралдарының тұрып қалуына жол бермеу және логистикалық процестерді оңтайландыру мақсатында Алматы қаласы бойынша МКД сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға, тасымалдаушыларға, кеден өкілдеріне және тасымалдау процесінің өзге де қатысушыларына мыналарды қатаң түрде ұсынады:Көрсетілген бағыттағы ағымдағы көлік жүктемесін ескере отырып, жүру маршруттарын алдын ала жоспарлау.Балама бағыттарды пайдалану: қалыптасқан жағдай реттелгенге дейін көлік құралдарын «Әлімбет» автомобиль өткізу пункті арқылы өткізу ұсынылады.Жүргізушілер мен мүдделі тұлғаларды қозғалыс маршруттарындағы ықтимал өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету.Жағдай уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1238495?lang=ru
10 маусым күні Бейімбет Майлин ауданында ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған «Мәдени мұраға қамқорлық – ұлт болашағына қамқорлық» аудандық мәдени-ағартушылық форумы өтті. 01.07.2026
Іс-шара мәдениет қызметкерлерін, тарихшыларды, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін және ұлттық мұраға жанашыр азаматтарды бір арнаға тоғыстырды. Қатысушыларға Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Қазбекқызы Нұғманова құттықтау сөз арнады.Форум аясында «Мәдени мұра – ұлт қазынасы» атты аудандық көрме өз жұмысын бастады. Көрмеде аудандық тарихи-өлкетану музейі мен архивінің құнды құжаттары мен жәдігерлері, кітап көрмелері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің және өнер мектебінің жас суретшілерінің туындылары ұсынылды.Қонақтардың ерекше қызығушылығын қыш өнері, киіз басу, ұлттық әшекей бұйымдарын жасау және домбыра дайындау бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына арналған танымдық дәрістер тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1238459?lang=ru