Enbekshi QazaQ

Әлем

Newsletter Kazakhstan - 17.04.2026 17.04.2026
Newsletter Kazakhstan - 17.04.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1202871?lang=kk
2026 Өңірлік экологиялық саммит 17.04.2026
Орталық Азия күрделі экологиялық сын-қатерлерге тап болып/боп отыр.Су тапшылығы, мұздықтардың еруі және шөлейттену келісілген шешімдер мен жауапты әрекеттерді қажет етеді.Табиғи тепе-теңдікті сақтау және ресурстарды ұтымды пайдалану өңірдің тұрақты дамуының басты басымдықтарына айналып отыр.Өңірлік экологиялық саммит – диалог пен тұрақты болашақтың ортақ көзқарасын қалыптастыру алаңы.https://www.facebook.com/profile.php?id=61586761100536https://www.instagram.com/res_2026/https://x.com/res_2026?s=21 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1202878?lang=kk
Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы 17.04.2026
Бүгін "Руханият" орталығында 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің “МУЗЕЙ TOUR: экспонаттар экспедициясы” кешенді жобасы аясында “Отырар” мемлекеттік археологиялық музей-қорығының “Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы” атты көшпелі көрмесінің ашылу рәсімі өтті.Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен өлкетанушылар, студенттер, музей мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Көрменің мақсаты - Отырар алқабының сан ғасырлық қалалық мәдениеті мен тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Шараның қонақтарына көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, Отырар алқабындағы қалалық өмір, тұрмыс, егіншілік, қолөнер, сауда-саттық жайында толыққанды мәліметтер айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1202853?lang=kk
Белгілі жапон саясаткері Қазақстанмен парламенттік достық лигасын басқарды 17.04.2026
Токио, 2026 жылғы 17 сәуір – Жапония Парламентінде екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған түрлі саяси партиялар депутаттарының өзара іс-қимылын үйлестіру платформасы болып табылатын Қазақстанмен достық лигасының отырысы өтті.Іс-шара барысында 2026 жылғы 8 ақпанда өткен парламенттік сайлау нәтижелері бойынша құрылған парламенттік лиганың жаңа құрамы бекітілді. Билеуші Либерал-демократиялық партияның сайлау стратегиясы жөніндегі ықпалды комитетін басқаратын Ясутоши Нишимура лиганың төрағасы болып тағайындалды. Бұрын ол Экономика, сауда және индустрия министрі және Министрлер кабинеті Бас хатшысының орынбасары сияқты Үкіметте маңызды лауазымдарда жұмыс атқарды.Я.Нишимура Қазақстан өңірлік экономика жүйесінде, әсіресе энергия ресурстарын жеткізуші және трансконтиненталдық логистикалық бағдарлардың негізгі буыны ретінде рөлі артып келе жатқанын мәлімдеді. Ол Жапонияның Қазақстанмен энергетика саласында, оның ішінде мұнай мен уран сияқты дәстүрлі ресурстарды, сондай-ақ декарбонизация технологиялары саласында ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Осы тұрғыда Я.Нишимура екіжақты диалогты жоғары деңгейде нығайту мақсатында жақын арада Астанаға бару ниеті туралы жариялады.ҚР Жапониядағы Елшісі Е.Баударбек-Қожатаев Парламент Кеңесшілер палатасы мен Өкілдер палатасының депутаттарын екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерімен, сондай-ақ елдің саяси жүйесін жаңғырту барысымен таныстырды. 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енетін ҚР жаңа Конституциясының негізгі ережелері, сондай-ақ биліктің жаңа жоғары өкілді органы болып табылатын Құрылтайдың  рөлі түсіндірілді. Қазақстандық дипломат Жапония депутаттарын Қазақстанның экономикалық дамуы туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, жапондық компаниялар үшін көлік және логистика, энергетика, өнеркәсіп және цифрландыру саласындағы перспективалы инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып берді.Сонымен қатар, іс-шара барысында Жапония СІМ-нің Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі, Елші Масаки Ишикава Жапонияның Қазақстанға қатысты сыртқы саясатының басымдықтары туралы ақпарат ұсынды, ал Жапония экономика, сауда және индустрия министрлігі Сауда саясаты бюросы Бас директорының орынбасары Такако Фуджисака екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы туралы айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1202854?lang=kk
Алматыда Қарулы күштердің жөндеу мамандарының алғашқы легі оқуын аяқтады 17.04.2026
Жөндеуші кіші мамандар даярлайтын оқу орталығының алғашқы түлектері оқуын аяқтады. Мерзімді әскери қызметшілер 4,5 ай ішінде тек армияда ғана емес, азаматтық экономика секторында да сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп шықты.Өткен жылы Қорғаныс министрінің шешімімен құрылған мекемеде оқыту тоғыз бағыт бойынша ұйымдастырылған. Мұнда зымыран-артиллериялық қару-жарақты, сауытты автокөлік техникасын, сондай-ақ металл, ағаш өңдеуші, дәнекерлеушілерді, мотористерді және аккумулятор электриктерін жөндеу бойынша мамандар даярлайды.– Оқу қорытындысы бойынша курсанттар емтихандарды сәтті тапсырып, өз мамандықтары бойынша сертификаттар алды. Сонымен қатар әскери қызметшілердің 30%-ы келісімшарт бойынша қызметін жалғастыру туралы шешім қабылдап отыр. Бұл олардың ынтасының жоғарылығын және алған білімдерінің сұранысқа ие екенін көрсетеді. Қалған мамандар әрі қарай қызмет өткеру үшін әскери бөлімдерге жіберіледі, – деді оқу орталығының бастығы подполковник Нұркен Орынбасаров.Курсанттар жас жауынгер курсы мен мамандандырылған оқытуды қамтитын қарқынды дайындық бағдарламасынан өтті. Іс жүзіндегі дайындыққа, әсіресе, техниканы жөндеуге, диагностикалауға және қызмет көрсету дағдыларын игеруге, оның ішінде далалы жердегі іске ерекше назар аударылды. – Армияға дейін автоэлектрик ретінде орта арнайы білім алғанмын. Мұнда сауытты машиналарды жөндеу мамандығын игеріп, өзіме ұнайтынын түсіндім. Келісімшарт бойынша қызмет етіп, осы бағытта дамуды ұйғарып отырмын, – деді мерзімді қызмет түлектерінің бірі қатардағы жауынгер Нұрдос Жұмабеков. Оқу орталығын құру және дамыту Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттыру және оларда практикалық дағдыларды қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысының бөлігі болып табылады. Осында алған мамандықтары әскери қызметшілерге борышын аяқтағаннан кейін де өнеркәсіптік секторда, көлік және техникалық қызмет көрсету саласында жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.Биылғы жылы ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді, тренажерлер мен полигондық жабдықтарды жөндеу бағыттарымен қоса, білім алушылар санын ұлғайту және мамандықтар тізбесін кеңейту көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1202862?lang=kk
Қазақстандағы конституциялық реформа S&P, Moody’s және Fitch агенттіктерімен талқылаудың негізгі тақырыбына айналды 17.04.2026
Қазақстанның конституциялық реформасы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Вашингтондағы S&P, Moody's және Fitch рейтингтік агенттіктері үлкен үштігі өкілдерімен кездесуінің негізгі тақырыбының біріне айналды.Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жыл сайынғы консультациялар дәстүрлі түрде ағымдағы макроэкономикалық жағдайды бағалау және елдің несиелік рейтингіне әсер ететін факторларды талқылау үшін өткізіледі. Көктемгі сессия барысында конституциялық реформаларға, инфляцияға, халық табысының динамикасына және сыртқы тұрақсыздық жағдайындағы экономикалық өсу көздеріне басты назар аударылды.Серік Жұманғарин атап өткендей, қазіргі экономиканың тұрақты дамуы тек ресурстарды ғана емес, ең алдымен тиімді институттарды, болжамдылық пен сенімді талап етеді. Бұл қағидаттар еліміздің жаңа Конституциясында бекітілген. Басымдықтар қатарында мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде білім беру, ғылым, инновация және адами капиталды дамыту бар. Шын мәнінде, еліміздің жаңа Негізгі заңында интеллект, технология мен кәсібилік арқылы бәсекеге қабілеттілік қалыптасатын білім экономикасының негізі қаланған.  Сондай-ақ меншіктің барлық нысанын тең қорғау бекітілген. Бұл – инвестициялық ахуал мен бизнесті дамыту үшін маңызды.ЖІӨ-нің жоғары деңгейдегі нақты өсуі сақталады. 2025 жылғы қорытынды бойынша экономика 6,5%-ға өсті. Биыл өсім 5-5,5% деңгейінде күтілуде. Биылғы бірінші тоқсандағы қорытынды бойынша мұнай өндірумен байланысты уақытша факторларды есепке алмағанда, 3%-дық өсу орындалды.Экономиканың құрылымдық трансформациясының жалғасуы байқалады. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі 2010 жылғы 16,5%-дан 2024 жылы 8,1%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі екінші жыл қатарынан өсіп, ЖІӨ-нің 12,7%-на жетіп, өндіруші сектордың үлесінен асып түсті.Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының басымдығы әртараптандыру мен цифрландыруға бағытталған. Міндет – халықтың нақты табысы мен жұмыспен қамтылуының артуымен өсу қарқынын ғана емес, оның тұрақтылығын да қамтамасыз ету. Осыған байланысты инвестицияларды белсенді тартуға баса назар аударылды. Мұнай және газ, химия, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика, жасанды интеллект пен металлургия секілді негізгі салалар анықталды.Экономикалық өсу мен инфляцияны тежеу мақсаттарын теңестіру үшін Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы үйлестіру күшейтілді. 2025 жылғы қарашада 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Ол жыл сайын ЖІӨ-нің 5%-дан кемімей өсуін және халықтың нақты табысының инфляциядан 2-3%-ға жоғары өсуін көздейді.Бюджетті шоғырландыруға ерекше назар аударылады. Серік Жұманғарин атап өткендей, соңғы жылдары Ұлттық қордан жыл сайын 5 трлн теңгеден асатын трансферт инфляцияға айтарлықтай үлес қосты. 2026 жылы Үкімет соңғы жылдары алғаш рет нысаналы трансферттен бас тартты (2025 жылы – 3,25 трлн теңге). Сонымен қатар бюджет шығысын оңтайландыру жүргізілуде.Шектеудің бірі тұтыну тауары өндірісінің жеткіліксіз дамуы болып қала береді. Ынталандыру шарасы ретінде агроөнеркәсіптік кешен мен қайта өңдеуде сүт пен ет мал шаруашылығын, құс шаруашылығы мен балық саласын қосқанда, 200-ден астам жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, импортқа тәуелділікті төмендету үшін шикізаттық емес сектордың дамуы күшейтілуде.Инфляция бәсеңдеуде. Ол 2025 жылдың қорытындысындағы 12,3%-дан бірінші тоқсандағы қорытынды бойынша 11%-ды көрсетті. Жыл қорытындысы бойынша экономика 5-5,5% өскен кезде 10%-дан төмен деңгей болжанады.Рейтингтік агенттік өкілдері экономиканың белсенді өсуі жағдайында инфляция мен өсу арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу қиын міндет екенін атап өтті. Бұл ретте нақты табыс халық үшін негізгі көрсеткіш болып қала береді.Қазақстан экономикасындағы ауыл шаруашылығының маңызды рөлін ескере отырып, ауыл шаруашылығын минералды тыңайтқышпен қамтамасыз ету және оның импортына тәуелділік мәселесі де талқыланды. Вице-премьер Қазақстанда 27 өндіруші, оның ішінде «ҚазАзот» АҚ және «Қазфосфат» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар жұмыс істейтінін атап өтті. Ішкі өндіріс минералды тыңайтқыштарға деген қажеттіліктің шамамен 56%-ын жабады. Негізгі импорт біздің еліміз Біртұтас экономикалық одақтағы Ресейге тиесілі.«Біз тыңайтқышты қолдану көлемін едәуір арттырдық. Егер осыдан үш жыл бұрын біз небәрі 600 мың тонна пайдалансақ, бұл ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін жеткіліксіз болды, ал өткен жылы 1,8 млн тоннаға жетті. Биылғы мақсат – 2,3 млн тонна», — деп атап өтті вице-премьер.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1202779?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1204157?lang=kk
Кедендік транзит рәсімі бойынша тауарларды әкелу тәртібі 17.04.2026
Тауарларды кедендік транзит рәсімі бойынша әкелу тәртібі ЕАЭО құқығымен және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен реттеледі. Кедендік транзит — бұл шетелдік тауарларды кедендік бақылаумен бір кеден органынан екінші кеден органына кедендік баждар мен салықтарды төлемей тасымалдау рәсімі.Транзиттік тәртіп декларацияны шекарада ресімдеуді, тауарларды жеткізу мерзімдерін белгілеуді, сондай-ақ пломбалар мен мөрлерді қолдануды қамтиды. Шетелдік тауарлар транзиттің бүкіл кезеңі ішінде өз мәртебесін сақтайды. Рәсімнің негізгі элементі — транзиттік декларацияны ұсыну, онда тауар туралы мәліметтер, тасымалдау бағыты, жөнелтуші, алушы және көлік құралы туралы деректер көрсетіледі.Декларацияға қосымша ретінде тасымалдау құжаттары (жүкқұжаттар, CMR), тауарға ілеспе құжаттар (инвойс, шот-фактура), сондай-ақ кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады. Қамтамасыз ету ретінде ақшалай кепіл, банктік кепілдік немесе кепілгерлік қолданылуы мүмкінТауарларды кедендік транзит рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы кедендік транзит мерзімін белгілейді, тауарларды жеткізу орнын айқындайды, осы Кодекстің 427-бабына сәйкес тауарларды, оларға арналған құжаттарды сәйкестендіруді жүзеге асырады."Транзиттік декларацияны қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, яғни транзиттік декларацияны  қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну1) көрсетілетін қызметті ұсынушы;2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1202729?lang=kk
Қазақстан Республикасына халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу тәртібі туралы 17.04.2026
Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарын уақытша әкелудің қолданыстағы тәртібі туралы хабарлаймыз.Халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған кедендік рәсім Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерде тіркелген көлік құралдарын халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында ғана пайдалану шартымен кедендік баждар мен салықтарды төлемей әкелуге мүмкіндік береді.Халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарына жүк автомобильдері, автобустар, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, теміржол жылжымалы құрамы, сондай-ақ теңіз және әуе кемелері жатады.Уақытша әкелу рәсімін қолдану кезінде келесі талаптарды қатаң сақтау қажет: көлік құралдарын тек жүк пен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдалану;Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын үшінші тұлғалардың иелігіне немесе пайдалануына беруге тыйым салу;тасымалдау аяқталғаннан кейін көлік құралдарын белгіленген мерзімде кедендік аумақтан міндетті түрде әкету.Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. Тасымалдаушылар көлік құралының тіркелгенін және тасымалдаудың халықаралық сипатын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.Кеден органдары уақытша әкелу талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде құжаттарды тексеру, көлік құралдарын қарау және олардың болу мерзімдерін бақылау.Белгіленген талаптарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген, оның ішінде кедендік төлемдерді есептеу, әкімшілік шараларды қолдану және көлік құралдарын тәркілеу.Уақытша әкелу талаптарын сақтау халықаралық тасымалдардың заңдылығын қамтамасыз етудің және Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің маңызды шарты болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1202701?lang=kk
Адамдар жаппай жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында Риддер қаласы ТЖБ қызметкерлері ескертеді: 17.04.2026
Адамдар жаппай жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында Риддер қаласы ТЖБ қызметкерлері ескертеді: 1. Эвакуация жолдарын ұстау•Эвакуациялық шығу жолдары бос болуы тиіс, бөгде заттармен жабылмауы керек.•Эвакуациялық есіктер шығу бағытына қарай ашылуы тиіс.•Шығу есіктерін құлыптап қоюға немесе бөгеп тастауға тыйым салынады. 2. Өртке қарсы қорғау жүйелерінің болуы және жарамдылығы•Автоматты өрт дабыл жүйесі жұмыс істеп тұруы тиіс.•Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелері жарамды болуы қажет.•Өрт сөндіру жүйелері (өрт сөндіргіштер, спринклерлер, ішкі өрт крандары) болуы және жарамды күйде болуы тиіс. 3. Электр қауіпсіздігі•Ақаулы электр құралдарын пайдалануға тыйым салынады.•Электр желілерін шамадан тыс жүктеуге болмайды.•Электр қалқандары жабық болуы және тек жауапты тұлғаларға қолжетімді болуы тиіс. 4. Эвакуацияны ұйымдастыру•Эвакуация жоспарлары әзірленіп, көрінетін жерлерге ілінуі тиіс.•Тұрақты түрде жаттығулар мен нұсқамалар өткізілуі қажет.•Эвакуацияға жауапты тұлғалар тағайындалуы тиіс. 5. Тыйым салынады•Белгіленбеген орындарда темекі шегуге.•Ашық отты (шам, пиротехника) рұқсатсыз пайдалануға.•Жанғыш заттарды арнайы емес орындарда сақтауға. 6. Қызметкерлерді оқыту•Қызметкерлер өрт кезіндегі іс-әрекеттерді білуі тиіс.•Өрт сөндіргіштерді қолдана алуы қажет.•Эвакуация жолдарын және хабарлау тәртібін білуі тиіс. 7. Өрт кезінде әрекет ету•Дереу өрт сөндіру қызметіне хабарлау (101 немесе 112).•Хабарлау жүйесін қосу.•Адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру.•Мүмкіндігінше бастапқы құралдармен өртті сөндіру.•Дүрбелеңге жол бермеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1202690?lang=kk
Агробиотехникалық ынтымақтастық: Ғабидолла Оспанқұлов француз компаниясымен кездесті 17.04.2026
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов француз компаниясының «Boehringer Ingelheim» өкілдерімен кездесті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «QazBioPharm» ҰХ» АҚ және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында тараптар аусылға қарсы ветеринарлық вакциналарды өндіру бойынша инвестициялық жобаның ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады. Олар ынтымақтастықтың бірінші жылының сәтті аяқталғанын және құзыреттер мен технологияларды біртіндеп беруді көздейтін келесі кезеңге көшудің жоспарланғанын атап өтті.Сондай-ақ, тараптар ғылыми және өндірістік ынтымақтастықты дамыту және өндірісті оқшаулауды арттыруды қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын талқылады. Қазақстандық нысанда вакцина өндіру және көршілес елдерге экспорттау бойынша аймақтық хаб құру негізгі басымдық ретінде анықталды.«Boehringer Ingelheim» өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ұзақ мерзімді қызығушылықтарын растады, елдің компанияның жаһандық операцияларындағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны іске асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға, соның ішінде вакциналарды қазіргі эпизоотикалық жағдайларға бейімдеуге және Қазақстанның агробиотехнология саласына инвестицияларды одан әрі тартуға байланысты мәселелерді шешуге келісті.Анықтама үшін: Boehringer Ingelheim - 1885 жылы Альфред Бёрингер негізін қалаған фармацевтикалық компания. Германияның Ингельхайм қаласында штаб-пәтері орналасқан компания әлемдік фармацевтикалық компаниялардың жетекші 20-лығына кіреді және өзінің вакцина банкі бар аусылға қарсы вакциналарды өндіруде жетекші орын алады. Әлем бойынша 142 өкілдікте 47,4 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.Ветеринарлық өнімдерді өндіруші Merial компаниясы Boehringer Ingelheim компаниясының құрамына кіреді және сонымен қатар аусылға қарсы вакциналарды өндіруде көшбасшы болып табылады. Оның өнімдерін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (OIE) ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1203244?lang=kk
Қазақстан мен Валлония экономиканың негізгі салаларында әріптестікті нығайтуда 17.04.2026
Брюссель, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Валлонияның сыртқы сауда және инвестициялар агенттігінің (AWEX) және Валлония-Брюссель халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (WBI) Бас директоры Паскаль Делькоминеттпен кездесу өткізді.Р. Василенко сұхбаттасушы тарапты Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Бұл реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданғаны атап өтілді. Аталған Конституция мемлекеттіліктің негізгі қағидаттарын сақтай отырып, демократиялық институттар мен азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтеді.Тараптар Қазақстан мен Бельгияның екі өңірі арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Әсіресе, сыни минералдар мен металлургия, мұнай-химия саласы, ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар, логистика және Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту, цифрландыру және жасанды интеллект, «жасыл» энергетика, сондай-ақ ғылым, білім және инновациялар сияқты басым бағыттарға ерекше назар аударылды.Елші Қазақстанның Еуропалық одақ пен Бельгия үшін сенімді әріптес болып қала беретінін атап өтті. Ел экономикасын әртараптандыруға және инвестиция тартуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстанның жаһандық ресурстық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлі ерекше атап өтілді, себебі еліміз уран өндіру және экспорттау бойынша әлемде жетекші орынға ие және стратегиялық маңызды шикізат жеткізушісі болып табылады.Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және қосылған құн тізбектерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан металлургия, химия өнеркәсібі, фармацевтика және инженерлік шешімдер салаларында озық технологиялар мен тәжірибеге ие валлон компанияларын тартуға мүдделі. Сонымен қатар, тараптар цифрлық трансформация, жасанды интеллектті дамыту және «жасыл» көшу мәселелерін, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды талқылады.П. Делькоминетт атап өткендей, Қазақстан мен Валлония арасындағы өзара сауда қарқынды өсіп келеді, алайда оның одан әрі ұлғаюы және сапалық тұрғыдан кеңеюі үшін елеулі әлеуеті сақталуда.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік қауымдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте валлон компанияларының қатысуымен іскерлік миссиялар, салалық форумдар және B2B кездесулерін ұйымдастыру, сондай-ақ ынтымақтастықты ілгерілетудегі AWEX агенттігінің негізгі рөлі ерекше атап өтілді.Валлония Бельгиядағы Фландриядан кейінгі екінші ірі экономика болып табылады және елдің өнеркәсіптік әрі экспорттық құрылымында маңызды рөл атқарады. Өңірдің ЖІӨ 2024 жылы 150 млрд еуроны құрады. Негізгі салаларға фармацевтика өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, электр жабдықтарын өндіру, сондай-ақ металлургия және металл бұйымдарын шығару жатады. Өңір биотехнология, медициналық технологиялар және «жасыл» өнеркәсіп сияқты инновациялық бағыттарды белсенді дамытып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1202671?lang=kk
Қазақстан мен АҚШ экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады 17.04.2026
АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ Мемлекеттік хатшысының экономикалық өсім, энергетика және қоршаған орта мәселелері жөніндегі орынбасары Джейкоб Хелбергпен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны кеңейту перспективаларын мазмұнды түрде талқылады. Келіссөздер барысында тау-кен өнеркәсібіндегі өзара іс-қимылға, соның ішінде аса маңызды және сирек жер металдарын өндіру және терең өңдеу жобаларына, сондай-ақ көлік-логистика инфрақұрылымын және цифрлық технологияларды дамытуға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің АҚШ-қа жасаған сапарлары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.Салалық серіктестікті одан әрі тереңдету мақсатында қазақстандық тарап Дж.Хелбергті ағымдағы жылғы маусымда Астанада өтетін «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық тау-кен металлургия конгресіне, сондай-ақ «C5+1» форматы аясындағы аса маңызды минералдар бойынша алғашқы диалог отырысына қатысуға шақырды.Америка тарапы шақыру үшін алғыс білдіріп, қатысуға қызығушылық танытты және Қазақстанға жоғары деңгейдегі өкілді делегация жіберу ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және сындарлы диалогты жалғастыруға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1203251?lang=kk
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықтың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады 17.04.2026
Вашингтон қ., 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша Вице-президенті Антонелла Бассани және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесулер өткізді.Кездесулер барысында Қазақстанның сенімге және тұрақты дамуға ортақ бейілділікке негізделген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтыны атап өтілді. 30 жылдан астам уақыт ішінде ынтымақтастық аясында көлік, білім беру, экология, «жасыл» технологиялар және цифрландыру салаларында жалпы құны 8 млрд. АҚШ долл. асатын 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының көктемгі кездесулері аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұйымдастырған «Қазақстан реформалар жолында» атты дөңгелек үстел болды. Бұл алаң кездесулер шеңберінде дербес диалогтық платформа ретінде өтті.Іс-шара барысында С.Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен бірлесіп тұрақты экономикалық өсімге арналған конференция өткізуді ұсынды. Вице-премьер атап өткендей, Қазақстан негізгі салаларда реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып, тұрақты әрі сапалы экономикалық өсім үшін қажетті жағдай қалыптастырып келеді.Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Әсет Ерғалиев елдің негізгі даму басымдықтарын айқындап, жүргізіліп жатқан реформалар тұтас әрі орнықты экономикалық бағыт қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік сектор өзгерістерді іске асыруда шешуші рөл атқарып, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформаларды жүйелі түрде үйлестіруді қамтамасыз етеді.Қазақстан экономикасы тұрақты өсім қарқынын көрсетуде екені айтылды. Соңғы жылдары ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі тұрақты түрде 5%-дан асып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,5%-ды құрады. Тауар өндірісі 8,7%-ға, ал қызмет көрсету секторы 5,2%-ға өсті.Сондай-ақ, ерекше назар Alatau City жобасын дамытуға аударылды. Бұл қала ерекше басқару режимі мен дербес қаржылық модель негізінде жаңа өсім нүктесіне айналады. Онда салықтық жеңілдіктер, «бір терезе» қағидаты, халықаралық стандарттар және инвесторлар үшін күшейтілген кепілдіктер енгізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1202684?lang=kk
Талғарда жаңа жастар орталығы ашылды 17.04.2026
Талғар қаласында жастарға арналған сужаңа заманауи орталық ашылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бұған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен дәл осындай ғимарат Балқаш, Кеген, Райымбек, Қарасай аудандарында бой көтерген. Сондай-ақ Қонаев қаласы мен Іле, Ұйғыр аудандарында коворкинг орталықтар жастар игілігіне қызмет етуде. Талғардағы жаңа нысан – сол жұмыстың заңды жалғасы. Бұл орталық жастардың жан-жақты дамып, жетілуіне, тың идеяларды іске асыруына мүмкіндік береді.Ғимарат заманауи жиһазбен, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Орталықта түрлі кездесулер өткізуге арналған мәжіліс залы, шығармашылыққа серпін беретін коворкинг алаңы қарастырылған. Сондай-ақ мейірім мен жанашырлыққа тәрбиелейтін еріктілер клубы жұмыс істейтін болады.Бүгінде Алматы облысында 432 мың жас бар. Оның 70 мыңнан астамы Талғар ауданында тұрады. Оның ішінде 2 мыңға жуығы NEET санатына жатады. Орталық мамандары оларға бағыт-бағдар көрсетіп, қоғаммен етене араласуына жағдай жасайды.Осылайша жаңа орталық жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, болашағының жарқын болуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1202686?lang=kk
ТЖД: ТАБИҒИ ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ 16.04.2026
Шымкент қаласында алдағы өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі күн тәртібінде тұр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, қалада орман өрттерінің аумағы 18 есеге өсіп, 22,7 гектарға жеткен. Сонымен қатар тіркелген 1 593 жану дерегінің басым бөлігі Абай және Тұран аудандарында орын алған.Осыған байланысты алдағы кезеңге арналған бірқатар жаңа шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда, дрондар арқылы рейдтер жүргізіліп, «Жасыл белдеу» мен «Бадам» орман қоры аумақтарында арнайы кезекшілік ұйымдастырылады.Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандарға қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Өткен жылы мұндай құқықбұзушылықтар үшін 64 адамға жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды құрғақ шөпті өртемеуге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және кез келген өрт қаупіне бей-жай қарамауға шақырады. Қазіргі таңда табиғи өрттердің алдын алу жұмыстары қатаң бақылауға алынған.Толығырақ: https://youtube.com/live/QpYAnrWuCF4?feature=share #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛУДЕ 16.04.2026
Қызылордадағы қолданыстағы ескі  жылу- электр орталығы 1964 жылы пайдалануға берілген, екі қазандық пен бір турбогенераторы болған. Орталық 67 мегаватт электр энергиясын өндіріп,облыстың тұтыну көлемінің тек 30 пайызын қамтып келді.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында  240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу- электр орталығы құрылысы аяқталып, іске қосылды.«Aksa Energy» түрік компаниясы қолға алған жобаға  215 млрд теңге инвестиция салынған. Жоба бойынша қуатылығы 176 МВт 2  газ турбиналық қондырғы (General Electric, АҚШ), 95 МВт бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы 120 тн/сағ 2 бу қазандығы (ACBOILERS, Италия), 150 Гкал/сағ 4 жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) орнатылды.Бүгінде жылу орталығында  176 мегаватт электр энергиясы өндірілуде және  150 МВттық  4 су жылыту қазандығы қосылды. Қосымша 95 МВттық бу турбинасы да  дайын.Станция құрылысы 2024 жылы басталып, екі жыл ішінде аяқталды.Инвестициялық шартқа сәйкес  2026 жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланған болатын.  Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылыс мерзімінен бұрын бітті.  Орындалған жұмыстардың сапасы да тиісті деңгейде  әрі бекітілген кестеден ерте. Орталық облысты  электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп,  өндірісті дамытуға серпін беруде. Жаңа станцияның қуаты 240 мегаватт,облыстың электр энергиясын тұтыну көрсеткіші 220 мегаватт, яғни ауысқанын өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік бар.Станция жұмысына заманауи технологиялар енгізілген. Ескі жылу-электр орталығынан артықшылықтарын атап айтсақ:- газ тұтыну көрсеткіші 50 пайызға үнемді;- станция 20 минут ішінде 50 мегаваттан 240 мегаватқа дейін жүктеме өзгерістеріне тез бейімделіп, қуатты жылдам арттырып немесе азайта алады. Бұл жалпы оңтүстік өңірлердіңэнергетика жүйенің тұрақтылығын сақтау үшін қажет.- ескі жылу- электр орталығының ең жоғарғы желілік температурасы тек 950С болса, жаңа станцияда 1300С дейінұлғайтуға мүмкіндік бар.- су қыздыру қазандықтарының пайдалы әсер коэффициенті (КПД) 30 пайызға жоғары, себебі жылужоғалтуы аз.- жаңа станция автономды жұмыс істей алады, яғни жоғары қуатты (магистралдық) желілерде ақау шықса немесе кернеу күрт өзгерсе  өшіп қалмайды.
Қазақстан мен Словения ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 16.04.2026
Любляна, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Үкіметінің Ұлттық ядролық бағдарламасы мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Даниэль Левичармен кездесуде энергетика және атом салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.А.Әбибуллаев Қазақстан Еуропаның негізгі энергетикалық серіктестерінің бірі ретіндегі рөліне назар аударып, Республика ЕО-да мұнайдың екінші жеткізушісі болып табылатынын және энергетикалық маршруттар мен көздерді әртараптандыру саясатын дәйекті түрде жүргізіп жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда әңгімелесушіге Словениядағы автожанармай құю станцияларының өз желісі бар KMG International/Rompetrol компаниясының қатысуы да хабарланды.Атом энергетикасындағы өзара әрекеттесу әлеуетіне ерекше назар аударылды. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде бірінші орында тұрғаны және Ұлттық референдумда қолдау тапқан атом электр станциясының құрылысын қоса алғанда, өзінің атом саласын белсенді дамытып жатқаны атап өтілді. Қазақстанда ядролық қауіпсіздіктің жаһандық архитектурасының маңызды элементі ретінде төмен байытылған уран банкінің бірегей рөлі назар аударды.Қазақстанның Елшісі уран отын жинақтары мен атом энергетикасына арналған компоненттерді қоса алғанда, ядролық отын жеткізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп пен Словенияның бейінді Атом құрылымдары арасындағы меморандумға қол қою арқылы негіздемелік өзара іс-қимыл орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Соңында қазақстандық дипломат Д.Левичарды ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін Қазақстанға келуге шақырды.Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Кршко-да АЭС-тің екінші энергоблогын салу жобасын іске асыруды қоса алғанда, мемлекеттік хатшы ретінде өз қызметінің басымдықтарын ұсынды. Бұл тұрғыда Словения Westinghouse Electric Company және EDF сияқты халықаралық серіктестермен жобаны технологиялық қолдау және қаржыландыру мәселелері бойынша белсенді жұмыс істейтіні хабарланды.Словениялық тарап ядролық отын жеткізілімдерін әртараптандырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, Қазақстаннан жеткізілімдерге қызығушылық танытты. Осыған байланысты ынтымақтастық туралы меморандум жасасу жөніндегі бастама қолдау тапты, сондай-ақ Қазақстанның ядролық отын өндіру және жеткізу саласындағы мүмкіндіктері туралы Кршко атом электр станциясының басшылығын хабардар ету ниеті атап өтілді.Д.Левичар сондай-ақ Қазақстанның Төмен байытылған уран банкінің жұмыс істеу тәжірибесіне қызығушылық білдіріп, Словенияда атом энергетикасын дамытуға жауапты Gen energija ұлттық энергетикалық компаниясымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және тұрақты жеткізу тізбегін дамытуды қоса алғанда, энергетика саласында ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестікті қалыптастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1202642?lang=kk
Қазақстан Президентінің Арнайы өкілі АҚШ Мемлекеттік хатшысымен келіссөздер жүргізді 16.04.2026
Вашингтон қ.,  2026 жылғы 15 сәуір - АҚШ-қа сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі Арнайы өкілі Ержан Қазыхан мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті.Кездесу барысында Е.Қазыхан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Президенті Дональд Трампқа жолдаған сәлемін жеткізіп, Қазақстан-Америка қатынастарының қарқынды дамуын, орнықты саяси диалогты және іс жүзіндегі өзара іс-қимылдың кеңейіп келе жатқанын атап өтті.2025 жылғы қарашада Ақ үйдің кеңсесінде өткен екі ел көшбасшыларының кездесуі қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығы, оның ішінде жалпы көлемі шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру ерекше атап өтілді.Арнайы өкіл еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдауға қосқан үлесін, соның ішінде Бейбітшілік кеңесі шеңберіндегі қызметті қолдайтынын атап өтіп, сондай-ақ Авраам келісімдерін іске асырудың өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтудың маңызды факторларының бірі ретіндегі маңызын растады.Америка тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік жүйені жаңғыртуға, билік институттарының тиімділігін арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етілді.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады. Іскерлік байланыстарды жандандыру және бірлескен жобаларды іске асыру Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына бөлек тоқталды.Е.Қазыхан Мемлекеттік хатшыны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруды растады.Өз кезегінде, АҚШ Мемлекеттік хатшысы М.Рубио екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне жоғары баға беріп, оны одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша Қазақстан-Америка ынтымақтастығын нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1202678?lang=kk
Қазақстан мен Эфиопия стратегиялық серіктестікті тереңдетуге және технологиялық ынтымақтастыққа ниетті 16.04.2026
Аддис-Абеба, 2026 ж. 15 сәуір – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР-дың Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев Эфиопия Президентінің халықаралық қатынастар жөніндегі көмекшісі Биниям Эфрем Бетреворкпен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйін талқылап, мемлекетаралық өзара іс-қимылды тереңдету жолдарын белгіледі.Қазақстандық дипломат 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумның қорытындылары және бірпалаталы Парламентке (Құрылтайға) көшуді және Вице-президент лауазымын бекітуді көздейтін жаңа Конституцияның қабылдануы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Өз кезегінде, эфиопиялық тарап жалпы сайлау қарсаңындағы ішкі саяси жағдайға шолу жасап, елдегі тұрақтылықтың жоғары деңгейін және халықтың жүргізіліп жатқан реформалар бағытына деген сенімін атап өтті.Әңгімелесу аясында тараптар Қазақстан мен Эфиопия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың даму барысы, Эфиопияда бірлескен қазақстандық-эфиопиялық кәсіпорындар құру перспективалары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ екі ел арасындағы ықпалдастықты одан ары тереңдету үшін мемлекеттік органдар мен іскер топтардың өзара сапарларын ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу соңында тараптар тауар айналымын арттыру үшін зор әлеуеттің бар екенін қуаттап, өзара тиімді бастамаларды іске асыру үшін екі елдің іскер топтарына жүйелі қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1202597?lang=kk
Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек? 16.04.2026
Әрбір шақыру науқаны әскерге шақыртудан бастап медициналық тексеруден өтуге дейін бірқатар кезеңдерді қамтиды. Төменде шақырту қалай беріледі, мәртебені қалай тексеруге болады, кімдерге кейінге қалдыру қарастырылған, егер сіз оқуда болсаңыз немесе шетелде жүрсеңіз не істеу керек сынды әрбір әскерге шақырылушы білуі тиіс негізгі жайттар қарастырылған. Шақырту қағазы қалай беріледі және оны алғаннан кейін не істеу керек?Шақырту қағазы – азаматты жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) шақыру шараларына қатысу үшін шақыратын ресми құжат. Қарапайым сөзбен айтқанда, әскерге шақыру осы ресми құжаттан бастау алады, ал оны орындау - әрбіз жас азамат үшін міндетті заңды талап.Шақырту бірнеше жолмен жіберіледі. Қол қойдыру арқылы жеке беріледі, жұмыс беруші немесе оқу орны арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар, eGov.kz порталының жеке кабинеті, eGov Mobile қосымшасы және SMS арқылы жеткізу секілді цифрлық хабарламалар да енгізілген. Ол 2025 жылдан бастап заңды күшіне енді.Құжатта келу күні, уақыты және мекенжайы көрсетіледі. Дәлелді себепсіз келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал жүйелі түрде жалтару, яғни әскерден түрлі сылтаулармен қашу – қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.Шақырту алғаннан кейін деректердің дұрыстығын тексеру қажет: аты-жөні, мекенжайы, келу күні және шақыру мақсаты (медициналық комиссия, деректерді нақтылау және т.б.). Алдын ала қажетті құжаттарды дайындаған жөн. Олардың қатарында жеке куәлік, тіркеу куәлігі (бар болса), білім туралы құжаттар немесе оқу орнынан анықтама, медициналық қорытындылар, сондай-ақ кейінге қалдыруға құқық беретін құжаттар бар.Егер белгіленген уақытта келу мүмкін болмаса, жергілікті әскери басқару органын (әскери комиссариатты) алдын ала хабардар етіп, себебін құжатпен растау қажет. Аурып қалған жағдайда – медициналық анықтама, оқу немесе жұмысқа байланысты болса – тиісті растайтын құжаттар ұсынылады. Дәлелді себеп міндетті түрде тіркелуі тиіс.Шақырту қағазы бірден әскерге жіберуді білдірмейді. Әдетте бұл деректерді нақтылау, медициналық тексеруден өту, жарамдылық санатын анықтау және кейінге қалдыру негіздерін тексеру үшін жүргізіледі. Уақтылы дайындық болған жағдайда, бұл рәсім еш қиындықсыз өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1202615?lang=kk