Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен БҰҰ жаһандық су күн тәртібі мәселелерін талқылады 16.04.2026
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев БҰҰ Бас хатшысының су мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі Ретно Марсудимен кездесу өткізді.Кездесу барысында Е. Көшербаев су қауіпсіздігі саласындағы өсіп келе жатқан жаһандық сын-қатерлер аясында Арнайы өкіл мандатының маңыздылығын атап өтті. Бұл сын-қатерлердің ушығуы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дағдарыстардың катализаторы болуы мүмкін екені айтылды.Сыртқы істер ведомствосының басшысы Р. Марсудидің Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңындағы сапарының маңыздылығын атап өтіп, іс-шара аясында су қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылатынын жеткізді.Осы орайда Е. Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы туралы ақпарат берді. Бұл бастама су ресурстарына қолжетімділік үшін туындайтын қақтығыс қаупіне байланысты жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қатерлер күшейген жағдайда ерекше өзектілікке ие болып отыр.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаһандық және өңірлік су күн тәртібі мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға, соның ішінде Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі өңірлік орталығы алаңында конструктивті диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201753?lang=kk
Қазақстанның мәдени мұрасы «Willkommen in Berlin» дипломатиялық клубының мүшелеріне таныстырылды 16.04.2026
Берлин, 2026 жылғы 15 сәуір – Бүгін Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде «Willkommen in Berlin» дипломатиялық клубының өкілдерінің қатысуымен мәдени іс-шара өтті. Кездесу қонақтарды Қазақстанның бай мұрасымен, дәстүрлерімен және көшпелілердің рухани әлемін қалыптастыруда маңызды рөл атқарған қазақ халқының көне музыкалық аспаптарымен таныстыруға арналды.Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз сөзінде мәдени бастамалардың өзара түсіністік пен достықты нығайтудағы маңызын атап өтті. Ол Қазақстан ғасырлар бойы ашықтық, қонақжайлық және әралуандылыққа құрмет дәстүрлерін дамытып келе жатқанын, ал мұндай кездесулер осы құндылықтарды халықаралық қауымдастыққа жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.Іс-шара аясында қатысушыларға көшпелі өркениет элементтері, қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық рәсімдері таныстырылды. Елдің музыкалық қазынасына ерекше назар аударылды: қонақтар қобыз бен домбыраның тарихы, олардың рухани мәні және қазақ халқының көркемдік мұрасын қалыптастырудағы рөлі туралы білді.Бағдарламаның музыкалық бөлігінде домбырамен орындалған классикалық күйлер шырқалып, дала әуендерінің байлығы мен тереңдігі көрсетілді, сондай-ақ дәстүрлі сарындар мен заманауи өнердің үйлесімін паш ететін заманауи этно-би ұсынылды.Елшілік ғимаратының тарихы туралы әңгіме де қызығушылық тудырды. Оның сәулеттік ерекшеліктері мен элементтері қазақстан-герман қатынастарының даму кезеңдерін бейнелейді.Қонақтар сондай-ақ Елшілік мұражайын аралап, көшпелі халықтың тарихы мен тұрмысын көрсететін жәдігерлерді тамашалады. Бағдарлама қазақтың киіз үйінің ішкі көрінісімен танысумен аяқталып, дала өмірінің атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді.Дипломатиялық клуб өкілдері жылы қабылдау үшін алғыстарын білдіріп, Қазақстан мәдениетімен тереңірек танысу мүмкіндігін жоғары бағалады. Кездесу Қазақстан мен Германия арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және мәдени диалогты кеңейтуге қосылған тағы бір үлес болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1201758?lang=kk
Моңғолия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 16.04.2026
2026 жылғы 15 сәуір, Астана - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов жаңадан тағайындалған Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Батжаргал Гунаажавыннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығының түрлі аспектілері талқыланды.Ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейлерде жоспарланған іс-шаралар кестесіне ерекше назар аудара отырып, тараптар саяси диалогтың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201763?lang=kk
Қостанай облысының шағын футбол (футзал) бойынша әуесқой командалар арасындағы чемпионаты 16.04.2026
Қостанай облысында әуесқой командалар арасында шағын футболдан чемпионат өз мәресіне жетті. Турнир тартысты өтіп, жанкүйерлерге қызықты әрі әсерлі ойындар сыйлады.Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай командасы иеленді. Екінші орын Рудный қаласының командасына бұйырса, үшінші орынды Қарасу ауданының командасы алды.Сондай-ақ чемпионат барысында жекелеген номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталып, олардың шеберлігі мен командаларының жетістігіне қосқан үлесі жоғары бағаланды.Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға адал ойын мен жоғары деңгейдегі бәсеке үшін алғыс білдіріп, мұндай жарыстардың өңірдегі бұқаралық спортты дамытудағы маңызын атап өтті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1201773?lang=kk
Вашингтонда АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті марапаттау рәсімі өтті 16.04.2026
Вашингтон, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан АҚШ сенаторы Стив Дэйнс Қазақстан екі ел арасындағы достықты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.Марапатты тапсыру барысында Қазақстан Президентінің АҚШ-пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілі Е.Қазыхан: «Сенатор С.Дэйнстың күш-жігерінің арқасында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қатынастар өзара іс-қимылдың бүкіл кезеңіндегі ең жоғары деңгейге жетті», – деп атап өтті.Е.Қазыхан сенатордың парламентаралық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, оның АҚШ Конгресінде Орталық Азия бойынша достық тобын құру бастамасы, Джексон-Вэник түзетуін жоюға бағытталған заңнамалық бастамаларды жүйелі түрде ілгерілетуі, сондай-ақ АҚШ Сенатында «C5+1» платформасының стратегиялық маңыздылығы туралы қарардың қабылдануына қолдау көрсетуі жоғары бағаланды. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат сенатордың Қазақстан-АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.С.Дэйнс өз кезегінде көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, марапаттың табысталуын жоғары бағалайтынын атап өтті және екіжақты қатынастарды институционалдандыру мен одан әрі дамытуға, оның ішінде екі елдің заң шығарушы органдары деңгейінде, белсенді қадамдар жасауға дайын екенін растады.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, мемлекеттер арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара қызығушылығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1201777?lang=kk
Қазақстан америкалық бизнес және сараптамалық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайтуда 16.04.2026
Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 14 сәуір – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының көктемгі сессиялары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация америкалық сараптамалық және іскерлік қауымдастық өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.АҚШ-тың талдау орталықтарымен өткен талқылау барысында қазақстандық тарап елдің саяси және экономикалық басымдықтарымен таныстырып, жаңа Конституцияның қабылдануын саяси жаңғырудың негізі ретінде атап өтті.Е.Қазыхан өткен референдум қоғамның мемлекеттік даму үдерістеріне жоғары деңгейде қатысуын айқын көрсеткенін атап өтті. Конституциялық өзгерістер Қазақстанды қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап бере алатын серпінді әрі бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде одан әрі нығайтуға берік институционалдық негіз қалыптастырады. Жаңа Негізгі заң мемлекеттік басқарудың жаңартылған архитектурасын бекітеді: күшті президенттік институт сақтала отырып, Парламенттің ықпалдығы күшейтіліп, Үкіметтің есептілігі артады.Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жақсарту, қаржы жүйесінің орнықтылығын күшейту және цифрлық экономиканы дамыту шараларына ерекше назар аударылды.Тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық аспектілері бойынша пікір алмасты. Қазақстанның Орталық Азиядағы АҚШ үшін сенімді серіктес ретіндегі рөлі атап өтіліп, америкалық бизнес үшін энергетика, тау-кен өнеркәсібі, технологиялар, қаржы және инфрақұрылым салаларындағы перспективалы бағыттар айқындалды.Талқылауға АҚШ-тың саяси топтарының өкілдері, жетекші талдау орталықтарының сарапшылары және іскерлік қауымдастық мүшелері қатысты. Кездесуді Атлантикалық кеңестің Еуразия орталығының аға директоры, Елші Джон Хербст жүргізді.АҚШ Сауда палатасы алаңында өткен АҚШ-Қазақстан іскерлік кеңесінің мүшелерімен кездесуге «Chevron», «ExxonMobil», «PepsiCo», «Morgan Stanley», «Citi», «Nasdaq», «Meta» және басқа да жетекші америкалық компаниялардың басшылары қатысты.Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде аса маңызды минералдар саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, көлік-логистикалық бағыттарды кеңейту, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу, сондай-ақ адами капиталды дамыту айқындалды.Е.Қазыхан қатысушыларды Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырып, ұлттық экономиканың тұрақты өсу динамикасын және елдің инвестициялық тартымдылығын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 300 млрд. АҚШ долларына жетіп, елді әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енгізгені айтылды.Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржының жоғары орнықтылығы, сондай-ақ салық және банк жүйелерін реформалау бағытындағы жетістіктерді ерекше атап өтті. Бұл Қазақстанды Орталық Азиядағы инвестициялар үшін тартымды бағыт және Еуразиядағы маңызды транзиттік торап ретінде айқындайды.Қазақстандық тарап америкалық бизнеспен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілділігін растап, инвесторлардың құқықтарын қорғау және қолайлы іскерлік орта қалыптастыру жөніндегі Мемлекет басшысы бастамаларға жүйелі қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар экономикалық серіктестікті тереңдетуге өзара қызығушылығын растады және екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша белсенді диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1201778?lang=kk
Ұзынкөл ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді 16.04.2026
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында жыл басы жағымды жаңалықпен басталды. Аудан орталығында 18 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 267 адам тіркелген. Олардың басым бөлігін аз қамтылған және көпбалалы отбасылар құрайды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтуға ерекше мән берілуде.Аталған тұрғын үй Ұзынкөл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынған. Жаңа нысанның пайдалануға берілуі ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Қазіргі таңда тоғыз отбасы жаңа пәтерлеріне қоныстанып, заманауи тұрғын үйдің барлық мүмкіндіктерін пайдалануда. Қалған пәтерлер де жақын уақытта өз иелерін табады деп күтілуде.Тұрғын үй құрылысы бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201810?lang=kk
Жер қатынастары бойынша бас маман Нұралы Жасөмірұлы тұрғындарды жеке қабылдады. 16.04.2026
  Жер қатынастары бойынша бас маман Нұралы Жасөмірұлы тұрғындарды жеке қабылдады.Қабылдау барысында азаматтар жер телімдерін рәсімдеу, мақсатты пайдалану, құжаттандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды.Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары заңнама талаптарына сәйкес қаралып, әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірме берілді. Кейбір өтініштер бақылауға алынып, белгіленген тәртіппен шешу жолдары түсіндірілді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1201841?lang=kk
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерін 101 жасымен құттықтады 16.04.2026
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Бегуновтың 101 жасқа толуына орай салтанатты құттықтау шарасы өтті. Ғасырдан асқан ғұмыр иесіне құрмет көрсетуге жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, Құрлық әскерлері әскери институтының және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Қарулы күштердің ардагерлері арнайы келді.Жиналғандар майдангердің ерлігіне тағзым етіп, оның Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс пен зор құрмет білдірді. Қорғаныс министрінің атынан Иван Матвеевичке құттықтау хат табысталып, естелік сыйлықтар ұсынылды. Ардагерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тіледі.– Ең бастысы – елімізде бейбітшілік болсын. Өмірдің қадірін біліп, әр күнді таза жүрекпен қарсы алыңыздар, – деп ақ батасын берді қария.Иван Бегунов 1925 жылғы 15 сәуірде Житомир қаласында дүниеге келген. Тағдырдың талай сынын ерте жастан өткерген ол тоғыз жасынан бастап кіндік шешесінің тәрбиесінде өседі. Он алты жасында еңбек іздеп Батыс Қазақстанға қоныс аударып, сол жерде сұрапыл соғыс басталады.Майданға Ақтөбе облысынан аттанған жас жауынгер Украина майданындағы 228-гвардиялық атқыштар полкінде пулеметші болып қызмет атқарып, Еуропа елдерін азат етуге қатысады. Ол Жеңісті Прага қаласында қарсы алды.Ерлігі мен батылдығы үшін Иван Матвеевич Қызыл Ту орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және өзге де жауынгерлік марапаттармен наградталған.Соғыстан кейінгі жылдары да ол ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, құрылыс саласында абыройлы қызмет атқарды. Қызылордадағы «Қазқұрылысмонтаж», кейін Алматыдағы «Қазэлектромонтаж» мекемелерінде прораб болып, ел дамуына өзіндік үлесін қосты.Бүгінде ардагер Алматы қаласында қызы Иринамен бірге тұрады. Оның өнегелі өмір жолын жалғап келе жатқан үлкен әулеті бар. Бес немере, он бір шөбере және бір шөпшегі өсіп келеді.Ғасыр жасаған қария әлі күнге дейін сергектігін жоғалтпай, ел мен әлемдегі жаңалықтарға қызығушылық танытып отырады. Ол – тек өз отбасының ғана емес, тұтас ұлттың мақтанышы, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық асыл тұлға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1201845?lang=kk
Эль-Сальвадор Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 16.04.2026
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасында аккредиттелген Эль-Сальвадор Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрий Павел Сантакрусты сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру рәсіміне орай қабылдады.Кездесу барысында Е.Ашықбаев Елшінің қызметі екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Өз кезегінде Эль-Сальвадор Елшісі екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ БҰҰ жүйесі шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділігін растады.Тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.Елдеріміз арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201923?lang=kk
«Ауыл аманаты»: Самар ауданында ауылды дамыту мен бизнесті қолдауға басымдық берілуде 16.04.2026
Самар ауданында ауыл халқының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және агроөнеркәсіптік сектордағы бастамаларды қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев кезекті актив отырысында мәлім етті.Оның айтуынша, 2026 жылға арналған бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспары 280 млн теңгені құрайды. Ауылдық округтер бөлінісінде жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, мал шаруашылығын дамыту және туризм саласындағы жобалар іске асырылуда. Бірқатар бастамалар мақұлданса, енді бір бөлігі құжаттарды рәсімдеу және қаржыландыру рәсімдерінен өтуде. Сонымен қатар шағын бизнес бағытындағы жобалар да дамып келеді, оның ішінде наубайхана мен кондитерлік цехтарды ашу бар.- Жалпы алғанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелеу 14 жоба бойынша жүргізілуде, - деді Жаслан Майкенев.Аудан әкімінің орынбасары құжаттарды дайындау жұмыстарын жеделдетіп, жобаларды Кредиттік комитеттің қарауына ұсыну қажеттігін атап өтті. Аудан әкімі Серік Жеңісов бұл жұмысты ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1201945?lang=kk
Құрманғазы аудандық көшпелі отырысы 16.04.2026
Құрманғазы ауданында өткен көшпелі отырыста медициналық-әлеуметтік сараптама комисиясында 76 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1201975?lang=kk
Жылыой аудандық көшпелі отырысы 16.04.2026
Жылыой ауданында өткен көшпелі отырыста медициналық-әлеуметтік сараптама комисиясында 80 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1201985?lang=kk
«Художественная летопись» Болата Исина 16.04.2026
Мақаншы ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, облыс әкімі сыйлығының лауреаты Болат Каримұлы Исиннің «Көркем шежіре» көрмесі ашылып, көрермендерді 2018-2026 жылдар аралығында салынған акварель жұмыстарының сериясымен таныстырды. Көрме ШҚО этнографиялық музейі мен Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды.Болат Исин Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Мақаншы ауылының тумасы. Суретші үшін туған жері мен оның табиғаты, ондағы адамдар мен сол өңірге тән ерекше атмосфера басты шабыт көзіне айналып, оның шығармашылық туындыларында айқын көрініс тапқан.Болат Исин ұзақ жылдар бойы сәндік-қолданбалы өнер саласында жемісті еңбек етіп, өзіндік қолтаңбасы бар, бірегей туындылар жасап келеді. Оның шығармашылығы үнемі дамып отырады: суретші түс пен пішіннің мүмкіндіктерін ұдайы зерттеп, жаңа материалдармен тәжірибе жасай отырып, кескіндеменің классикалық дәстүрлеріне берік сүйенеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1201990?lang=kk
МӘС мамандары мен денсаулық сақтау басқарма қызметкерлерінің кездесу кестесіне сәйкес жиын 16.04.2026
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың 2026 жылғы 3 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес 15.04.26ж. басшы м.а. А.Беккалиеваның төрағалығымен Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары М.Курбановтың және қалалық ДКК төрағаларының қатысуымен жиын өткізілді. Кездесу барысында сырттай проактивті куәландыру үлесіне қол жеткізу және науқастарды МӘСке жолдау барысында кездесетін кемшіліктер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1201996?lang=kk
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу 16.04.2026
enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі26 851,19 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 874,71 млрд. теңгені құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 877,09 млрд. теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері99,39 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 наурызда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,92%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,19%, ҚРҰБ депозиттері – 2,93%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,59%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,37%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,06%, МҚҰ – 1,17%.Активтердің 36,21%-ы инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы саналатын эталондық портфельге қатысты инвестициялар портфелін қалыптастыруды көздейтін индекстік басқаруда болады. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,36%.Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 359,93 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер211,27 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 15,08 млрд теңгені, өзге кірістер 0,56 млрд теңгені құрады. Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.2025 жылғы наурыздан бастап 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,66 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 11,39%-ды құрады.2026 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 86,06%, РЕПО операциялары – 8,57%, ҚРҰБ депозиттері – 5,36%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат –0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 19,48 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,48 млрд теңге кіріс әкелді.2025 жылғы наурыздан бастап 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 72,84 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 10,63%.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 99,39млрд теңгеден асады.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 16,52 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 24,09 %, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 12,34%, ҚР ҚМ МБҚ – 3,22%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,26%, РЕПО – 7,16%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,80%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,13%, МҚҰ – 4,51%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,02%.Атап кетейік, портфельдің 55,41% теңгемен, 43,52% АҚШ долларымен, 1,06% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,90%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,88 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 26,64%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 6,72%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,97%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 13,52%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,78%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,19%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,52%,шет мемлекеттердің МБҚ – 5,03%, ҚРҰБ ноталары – 12,05%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 64,38%-на, АҚШ долларымен 35,62%-на тең.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,49%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,61 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 21,50%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,44%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,13%, РЕПО – 15,46%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,82%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,93%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,19%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,53%-ын, АҚШ долларымен 31,47%-ын құрайды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,82%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 6,4 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 24,25%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 15,52%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,21%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 9,02%, ҚР ҚМ МБҚ-ға –5,44%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 8,65%, РЕПО – 8,06%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,77%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатарына – 2,56% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 66,68%-ы, АҚШ долларында 33,32%-ы инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,65%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 55,98 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 18,95%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,13%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,54%, МҚҰ – 12,24%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,05%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,24%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,12%, ҚРҰБ ноталары – 5,16%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,02%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,89%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,54%, АҚШ долларында – 34,36% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,29%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұл жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ.  ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы жинақтар төлемдерге құқық алған кезде инфляция деңгейінен төмен емес сақталуының мемлекеттік кепілдігімен қорғалады.Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. ОлИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1201999?lang=kk
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойыншатұрғын үйжәне білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды 16.04.2026
 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша2024 жылғы 1 ақпаннан бастап273371 өтініш орындалып, жалпы сомасы 46,83 миллион АҚШ долларынан астам қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 29,40 млнАҚШ долларына171696 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 17,43 млнАҚШ долларына101675 өтініш қанағаттандырылды. Нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады. Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – оданәрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (28,79 млн АҚШ долларына 167776 өтініш орындалды). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу үшін 214,39 мың АҚШ долларына 1345 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 144,47 мың АҚШ долларына 938 өтініш қанағаттандырылды. НЖ-ны білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаты – ҚазақстанРеспубликасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (16,32 млн АҚШ долларына 93586 өтініш орындалды). Бұдан бөлек білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (748,76 мың АҚШ долларына 5 590 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (294,58 мың АҚШ долларына 2018 өтініш орындалды) төлем жасалды. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. Кәмелетке толмаған балалардың бағдарламаға қатысуын оның ата-анасы мен өзге де заңды өкілдері баланың ЖСН енгізе отырып, kids.enpf.kzсайты, eGov.kzэлектронды үкімет порталындағы жеке кабинет, eGov Mobileжәне бірқатар екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексере алады. Егер 2025 жылы балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәлімет  көрінбей тұрса, онда қосымшалардағы құжаттарды келесі әдіспен жаңарту керек:eGov Mobile қосымшасында: «Цифрлық құжаттар» - «Отбасы» - «Құжаттар тізімін жаңарту» - «Ұлттық қордан түсімдер».Банктердің мобильді қосымшаларында (мысалы, Kaspi.kz): «Мемлекеттік қызметтер» - «Барлық құжаттар» - «Құжаттар тізімін жаңарту» -«Ұлттық қордан түсімдер». Заңды өкілдің жеке кабинетінде ағымдағы жылы 18 жасқа толған не толатын балаларға нысаналы талаптарды есептеу туралы мәліметтердің болмауы нысаналы талаптардың НЖ мәртебесін алуына және осыған байланысты бала туралы ақпаратқа қол жеткізу тікелей НЖ алушыға (2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа) беріледі. Аталған тұлғалар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы дербес алуы тиіс, содан кейін 18 жасқа толған кезде уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін ОЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0         «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1202004?lang=kk
🌿 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округі бойынша "Таза Мұнайлы" МКК тарапынан жүргізілудегі күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 16.04.2026
🌿 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округі бойынша "Таза Мұнайлы" МКК тарапынан жүргізілудегі күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1233623?lang=ru
Қазақстан Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу жөніндегі конференция өткізуді ұсынды 16.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде өткізілген «Қазақстан реформалар толқынында» дөңгелек үстел барысында жаңа бастама көтерді.Серік Жұманғарин атап өткендей, Қазақстан тұрақты және сапалы экономикалық өсу үшін жағдай жасай отырып, негізгі секторлардағы реформаларды дәйекті түрде жүзеге асыруда.«Біз инвестициялық базаны кеңейтуге, жаңа өндірісті дамытуға және экспортқа бағдарланған саланы қолдауға арналған проактивті экономикалық өсу стратегиясын жүзеге асырудамыз. Сонымен қатар институционалдық негіз – салық-бюджет саласындағы, корпоративтік сектордағы және инвестициялық саясаттағы реформалар, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту есебінен күшейтілуде», — деді ол.Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және даму агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, жүргізіліп жатқан реформалар тұтас әрі орнықты экономикалық бағытты қалыптастыруға арналғанын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік сектор Президент деңгейінде басталған реформаларға жүйелі көзқарас пен үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, қайта құруды жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады.Ел экономикасы тұрақты серпінді көрсетіп отырғаны атап өтілді. Соңғы жылдары ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсуі тұрақты түрде 5%-дан асып, 2025 жылғы қорытынды бойынша 6,5%-ға жетті. Тауар өндірісі 8,7%-ға, қызмет көрсету секторы 5,2%-ға өсті.Инвестиция өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде өз рөлін сақтап отыр. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 13%-ға өсіп, $43,6 млрд-қа (22,7 трлн теңге) жетті. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $20,5 млрд (+14,4%).2026 жылы өсу жалғасуда. ТШО-дағы оқиғаға және КҚК бойынша шектеуге байланысты мұнай өндірудің уақытша төмендеуіне қарамастан, экономика кеңеюін жалғастырды: бірінші тоқсанда ЖІӨ өңдеу өнеркәсібі (8,5%), көлік (12,8%) және құрылыс (14,8%) есебінен 3%-ға өсті.Жоғары макроэкономикалық тұрақтылық сақталуда. Халықаралық резерв 2025 жылдың басынан бастап, Ұлттық қордың $62,9 млрд активін қосқанда, 23,8%-ға $129,5 млрд-қа ұлғайды. Бұдан басқа, Қазақстан мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін сақтап отыр: он жылдан аса уақыт бойы қарыздың ЖІӨ-ге арақатынасы шамамен 25% деңгейінде тұрақты болып отыр. 2026 жылғы 1 қаңтардағы мемлекеттік қарыз шамамен 73 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 22,8%-ы.Үкімет экономиканы әртараптандыруға баса назар аударуда. Өсудің жаңа моделі өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық саланың рөлін күшейтуді көздейді. ЖІӨ-дегі қайта өңдеу үлесі 2010 жылғы 11,3%-дан 2025 жылы 12,7%-ға өссе, өндіруші сектордың үлесі екі есеге жуық, 9,5%-дан 11,9%-ға дейін қысқарды.Сондай-ақ Қазақстан халықаралық рейтингтегі позициясын жақсартып отырғаны атап өтілді: Экономикалық күрделілік индексінде ел 2020-2024 жылдары 87-ші орыннан 55-ші орынға көтерілді.Инвестицияның өсуін жеделдету үшін оның ЖІӨ-дегі үлесін 2029 жылға қарай 23%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл қосымша шамамен $120 млрд тартуға және бес жыл ішінде жалпы инвестиция көлемін $400 млрд-қа жеткізуге мүмкіндік береді.Басымдықтар қатарына шикізат пен агроөнімді қайта өңдеу, металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, газ саласы, фармацевтика және қосылған құны жоғары АӨК сегменттері жатады.Бұл жобаларды жүзеге асыру еңбек өнімділігін арттыруы тиіс. Бұл «орташа табыс тұзағын» жеңудің негізгі факторы.«Белсенді экономикалық өсу саясаты инвестицияны пассивті тартудан жобаларды белсенді қалыптастыруға және іске қосуға көшуді көздейді. Біз нақты саланың қажеттілігіне назар аударып, технологиялар мен сараптама арқылы стратегиялық әріптестерді тартамыз», — деп атап өтті вице-премьер.Осы саясат шеңберінде азық-түлік секторында 12 бағыт, ал азық-түлік емес секторда 24 бағыт анықталды. Жалпы портфель 700 млрд теңгеден астам сомаға 274 жобаны қамтиды.Алатау қаласын дамытуға ерекше назар аударылады. Ол басқарудың ерекше режимі және өзінің қаржылық моделімен жаңа өсу нүктесіне айналады. Қалада салықтық жеңілдік, «бір терезе» қағидатын, халықаралық стандарттар мен инвесторлар үшін күшейтілген кепілдіктерді енгізу жоспарлануда.2050 жылға қарай бұл өңірдегі ЖӨӨ-ні $40-50 млрд-қа ұлғайтуға, халық санын 1,8 млн адамға жеткізуге және шамамен 1 млн жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.Дүниежүзілік банк өкілдері талқылау барысында жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, өсу қарқыны мен экономика мүмкіндігі арасындағы тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ өнімділік динамикасы мен инфляциялық тәуекелді ескеру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1202022?lang=kk
Құрметті Риддер қаласының тұрғындары! Естеріңізге сала кетейік, қалада «Құқық кабинеті» жұмыс істейді «Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты тегін ала алатын және мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалана алатын орын. 16.04.2026
Құрметті Риддер қаласының тұрғындары! Естеріңізге сала кетейік, қалада «Құқық кабинеті» жұмыс істейді  «Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты тегін ала алатын және мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалана алатын орын. «Құқық кабинеті» қандай мүмкіндіктер береді?  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және «Заң» дерекқорына қолжетімділікқолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу мүмкіндігіe-Otinish арқылы өтініш беру;egov қызметтерімен жұмыс«Ашық НҚА» порталына және мемлекеттік органдардың басқа да цифрлық сервистеріне қолжетімділікжабдықты пайдалану: компьютер, принтер, телефон, веб-камера. Мекен-жайы: Риддер қаласы, Семенов көшесі, 19, "Риддер қаласының әкімдігі"ММ ғимаратында Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08: 00 - ден 17: 30-ға дейін. «Құқық кабинеті» - бұл сізге жақын жерде тегін құқықтық көмек алудың ыңғайлы және қолжетімді мүмкіндігі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1202032?lang=kk