Әлем
Қазақстанда бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау саласындағы бақылау тәсілі жаңғыртылуда 17.04.2026
Қазақстанда бухгалтерлік есеп, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Уәкілетті орган ашықтықты арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған өзгерістерді енгізуде. 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап бухгалтерлік есеп саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын реттейтін Қаржы министрі мен Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Жаңа редакцияда бұзушылықтардың деңгейлері нақтыланып, тәуекелдерді бағалау критерийлері жаңартылды және тексеру парақтары өзектендірілді. Бұл профилактикалық бақылаудың тиімділігін арттыруға және адал субъектілерге қойылатын талаптарды азайтуға мүмкіндік береді. Ұқсас өзгерістер бағалау және аудиторлық қызмет салаларында да енгізілді. Жаңа тәсілдер тәуекелдерді бағалау негізінде неғұрлым кешенді және жүйелі бақылауды көздейді. Маңызды бағыттардың бірі бақылауды цифрландыру. Атап айтқанда, Қаржылық есептілік депозитарийінде деректер алмасу құралдары жетілдірілуде, бұл мониторингтің тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жария ұйымдардың құжаттарын ұсыну қолжетімді әрі сенімді бола түсуде. Бұл өз кезегінде жекелеген ұйымдардың ғана емес, тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді. Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар әкімшілік жүктемені азайтуға және Қазақстандағы іскерлік ортаны дамытуға бағытталған мемлекеттік бақылаудың икемді әрі заманауи жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1203372?lang=kk
МӘМС жүйесіндегі төлемдерді уақтылы төлемеу: мерзімді сақтаудың маңыздылығы 17.04.2026
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады. «Сақтандырылған» мәртебесі тек соңғы 12 ай ішінде төлемдер үзбей жүргізілген жағдайда ғана беріледі. Ал үзіліс болған жағдайда мәртебе уақытша тоқтатылады, бұл МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке қолжетімділікті шектейді. Жарналар мен аударымдар ай сайын төленуі тиіс. Олардың толық әрі уақтылы төленуін мемлекеттік кірістер органдары бақылайды. Мерзімдер бұзылған жағдайда өсімпұл есептеледі, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылады. Мемлекеттік кірістер комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын тұрақты түрде мониторингтен өткізеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар арасында жарналар мен аударымдарды уақтылы төлемеу жағдайлары жиі тіркелген. Шектеулердің алдын алу және медициналық көмекке қолжетімділікті сақтау үшін төленбеген кезеңдердің бар-жоғын тексеріп, қажет болған жағдайда өткізіп алған айлар үшін төлем жасаған жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1203395?lang=kk
Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ауыл аумағында иесіз, қараусыз жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. 17.04.2026
Құрметті ауыл тұрғындары!Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ауыл аумағында иесіз, қараусыз жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.Осыған байланысты, өз иеліктеріңіздегі иттерге жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз жібермеулеріңізді сұраймыз.Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1203409?lang=kk
Қазақстан делегациясы Конго Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты 17.04.2026
Браззавиль, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найробидегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Конго Республикасының жаңадан сайланған президенті Денис Сассу Нгессоның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты.Ұлықтау рәсіміне Браззавильдегі бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус қатысты.Салтанатты рәсім барысында Барлыбай Садықов Қазақстан басшылығынан жылы лебіздерін білдіріп, Денис Сассу Нгессоны ресми қызметке кірісуімен құттықтады, мемлекеттік құрылыста және Конгоның одан әрі дамуында табыс тіледі.Елші Қазақстанның Конгомен саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделілігін растап, Президент Денни Сассу Нгессоның Қазақстанға сәтті сапарын атап өтті, оның қорытындысы бойынша тараптар қаржы, АКТ, ғарыш және т. б. салалардағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.Инаугурациялық іс-шаралар аясында қазақстандық дипломат Конго Республикасының ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолимен және Конго Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, франкофония және шетелдегі конголездіктер ісі жөніндегі Бас хатшысы Гай Нестор Итуамен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.Ұлықтау іс-шаралар шеңберінде қазақстандық дипломат Конго Республикасының ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолимен және Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шетелдегі конголездер істері жөніндегі министрлігінің Бас хатшысы Гай Нестор Итуамен кездесті. Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1203348?lang=kk
Марат Сұлтанғазиев бүлдіршіндердің тұсауын кесті 17.04.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оңалту орталығындағы ерекше балалардың тұсауын кесті. Бүлдіршіндер Талғар ауданындағы «Ақжол-М» орталығында ем қабылдайды. Олар өмірге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында, тиімді ем шараларының нәтижесінде алғашқы қадамдарын жасап, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және өзге де қоғамдық қор өкілдері қатысып, бүлдіршіндер қадамының нық болуын тіледі. Сондай-ақ тілашар дәстүрінің куәсі болып, балалардың өнерін тамашалады.Аймақ басшысы өз сөзінде бұл кездесудің жөні де, мәні де бөлек екенін атап өтті. «Бүгінгі тілашар – ұзақ уақыт бойғы қажырлы еңбектің жемісі. Бабалардың шешендік қасиеті балаларымыздың бойына дарып, келешекте елінің мақтанышына айналатын қадірлі азамат болуын тілеймін. Тұсаукесер рәсімі – бала қадамының оң болуын тілеп, жолының ашық болуына ниет ететін маңызды жоралғы.Орталық жәрдем сұрап келген әр баланың өміріне сенім ұялатып, үміт отын жағуда. Алдағы жоспарларында қызмет сапасын бұдан да жоғары деңгейге көтеру міндеттері тұр. Біз өз тарапымыздан осы бағыттағы кез келген игі бастаманы әрдайым қолдауға дайынбыз», – деген аймақ басшысы орталық мамандарына ризашылығын білдіріп, тәрбиеленушілерге ізгі тілегін арнады.Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар орталықта дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда 275 балаға көмек көрсетілуде. 2014 жылдан бері мұнда 1000-нан астам бала тегін ем қабылдаған.Өмір жолында кездескен қиын жағдайға мойымай, өмірге құштарлықтың үлгісін көрсеткен жандарға қолдау көрсету облыс әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1203354?lang=kk
Мемлекеттік наградалар табысталды 17.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі №1221 Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталғандар: «Парасат» орденімен:Махаббат Сағынбайұлы ЖутаевҚостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен:Рафаил Сададдин оглы ГаджибалаевҚостанай облыстық «Бірлік» «Әзірбайжан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;Дәмер Елтайұлы Қалқаев«Облыстық халық шығармашылығы және кино-бейнеқор орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;Сәкен Балғабайұлы ҚоқышевҚостанай облысы әкімдігі «Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;Диана Болатқызы РақпановаАхмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы;Наталья Сергеевна Рамазанова«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;Александра Кабдуллақызы Сергазинова«ТоболИнфо» ақпараттық агенттігі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы;Мәжит Мақсұтұлы ШүленовҚостанай қаласы әкімінің орынбасары. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1203344?lang=kk
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық реттеу саласындағы позицияларын нығайтуда 17.04.2026
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық саясатты қалыптастырудағы өз позицияларын сенімді түрде күшейтіп келеді. Бұл бағытта отандық бизнесті қорғау мен оның дамуын қолдауға басымдық беріледі.Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңес қорытындысында мәлім болды. Кеңеске Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев төрағалық етті.Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін техникалық реттеудің негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды. Бүгінде Қазақстан интеграциялық үдерістерге қатысып ғана қоймай, олардың күн тәртібін қалыптастырып отыр. Қазақстан бес маңызды құжатты әзірледі. Олардың қатарында үш техникалық регламент пен екі өзгерістер пакеті бар.Барлық бағыттар бойынша жұмыстар белгіленген тәртіпте жалғасуда. Атап айтқанда, осы жылдың 13 наурызында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мақұлдаған лак-бояу материалдарына қатысты ЕАЭО техникалық регламентінің жобасы қазір одаққа мүше мемлекеттердің қол қою сатысында. Сонымен қатар, мал азығы мен жемдік қоспаларға арналған техникалық регламент жобасы бойынша Ресей Федерациясында ішкі келісу рәсімі әлі аяқталған жоқ. Қалған бастамалар бойынша талқылаулар Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында жалғасуда, бұл ұйым ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын үйлестіруде маңызды рөл атқарады.Министрдің айтуынша, интеграциялық үдерістер ұлттық басымдықтарға қайшы келмеуі тиіс.«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 31 млрд доллардан асып, 16,2%-ға өсті. Бұл сауда қатынастарын одан әрі кеңейту әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Осындай жағдайда техникалық реттеу құралдары мен санитарлық-фитосанитарлық шаралар тек нарықты дамыту мен бизнесті қолдауға қызмет етуі тиіс. Тауарлардың еркін қозғалысын шектеуге әкелетін кез келген бастамалар біз үшін қабылданбайды», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.Қазақстанда ЕАЭО техникалық регламенттері жобаларын ішкі мемлекеттік келісу рәсімдері ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырады және оған мемлекеттік органдар, «Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы», сондай-ақ реттеуші әсерді талдау кіреді.ЕАЭО техникалық регламенттері жобалары міндетті түрде реттеуші әсерді талдаудан өтеді. Бұл талдау бизнес пен мемлекет үшін пайда мен шығын арақатынасын бастапқы кезеңде бағалауға мүмкіндік береді. Осы жұмысқа мемлекеттік органдарды, «Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы» мен басқа да мүдделі тараптарды тарту ұлттық экономиканың дамуына бағытталған тиімді әрі теңгерімді реттеуші шешімдер қабылдауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1203282?lang=kk
2025 жылы жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдердің бюджетке түсуі және су қорын қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет қаражатының жұмсалу сомасы 17.04.2026
Қазақстан Республикасының Су кодексінің талаптарына сәйкес басқарма хабарлайды:- Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің деректеріне сәйкес, БЖК 105303 «Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем» бойынша 2025 жылға бекітілген жоспар 61 447,0 мың теңгені құрайды. Нақты бюджетке 72 426,3 мың теңге түсті, орындалуы – 117,9%. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 103,5%-ды құрайды (2024 жылғы түсім – 69 981,0 мың теңге);- Шу-Талас бассейніндегі су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау мақсатында, 2025 жылғы жоспарына сәйкес, облыс аумағында орналасқан 40 су нысанына (144 722,2 мың. теңге) (Ақсай өзенінде, Көксай өзенінде, Шақпақ өзенінде, Кішкене-Бақаты өзенінде, Ақсу өзенінде, Қарабақыр су қоймасында, Шалке су қоймасында, Қыршабақты өзенінде, Талды бұлақ өзенінде, Актоғай өзенінде, Соғаты өзенінде, Қайындысай өзенінде, Мамай-Қайынды өзенінде, Шолақ-Қайынды өзенінде, Қызтоғансай өзенінде, Жарлысу өзенінде, Б. Қайнар өзенінде, Ащыбұлақ өзенінде, Тогайтал өзенінде, Қоралас өзенінде, Карагоу өзенінде, Жіңішке Западный өзенінде, Жанасай өзенінде, Ырғайты өзенінде, Қалғұтты өзенінде, Қопалысай өзенінде, Шаладыр өзенінде, Кербұлақ өзенінде, Шоқпар өзенінде, Қараултөбе өзенінде, Құлақшынсай өзенінде, Жалқамыссай өзенінде, Дарбаза су қоймасында, Бөлекқызыл су қоймасында, Қазақбай су қоймасында, Ойық су қоймасында, Жәдік су қоймасында, Сарыбалдақ су қоймасында және Жиеналы су қоймасында) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуді көздейтін жұмыс жобасы әзірленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 2 желтоқсанындағы «Жамбыл облысының аумағындағы су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы»№ 247 Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітіліп, кеңістік деректері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1203300?lang=kk
Қонаев қаласында жүргізуші куәлігін алуға арналған теориялық емтихан тапсыру сыныбы ашылды 17.04.2026
Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ның филиалында жүргізуші куәлігін алуға арналған теориялық емтихан тапсыру сыныбының ашылғанын хабарлайды.2026 жылғы 16 сәуірден бастап азаматтар емтиханға «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы немесе Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 41 мекенжайында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету секторына тікелей жүгіну арқылы жазыла алады.Емтихан сыныбы толық жабдықталған және заманауи құралдармен қамтамасыз етілген.Емтихан тапсыру үдерісінің ашықтығын, әділдігін және бақылауын қамтамасыз ететін аппараттық бағдарламалық кешен орнатылған.Ғимарат пен материалдық-техникалық база барлық белгіленген талаптарға сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1203198?lang=kk
Алматының Бостандық ауданында көше-жол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда 17.04.2026
Алматы қаласының Бостандық ауданында көше-жол желісінің асфальтбетон жабынын ағымдағы жөндеу және жол жабынындағы ақауларды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.Бүгінгі таңда Клочков, А. Кекілбайұлы және Түркебаев көшелерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта жұмыстар Прокофьев көшесінде (Абай даңғылынан оңтүстік бағытта) жалғасып жатыр.Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік желілердің қарау құдықтарының 1000-нан астам қақпағын ауыстыру жоспарланған.Жөндеу жұмыстарының негізгі көлемі ағымдағы жылдың сәуір–мамыр айларына жоспарланып отыр, әрі қарай жаз мезгілінде жалғасады. Атқарылып жатқан шаралар ауданның жол инфрақұрылымының пайдалану жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1203107?lang=kk
Бостандық ауданында жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту жалғасуда 17.04.2026
Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыстар аясында Бостандық ауданында Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жобалары жүзеге асырылуда. Осылайша, 2026 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес «Свежесть» бау-бақша серіктестігі аумағында Үлкен Алматы өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Бұл аумақтың қолжетімділігін арттырып, тұрғындардың қозғалысы үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта тұрғындардан түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру мақсатында ауданда екі жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы және бір қолданыстағы нысанды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар жарақат алу қаупін азайтуға, тұрғындар үшін қолайлы бағыттар қалыптастыруға және қалалық инфрақұрылымның жалпы байланыстылығын арттыруға бағытталған. Барлық құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жоспарланған. Бостандық ауданының әкімдігі қалалық ортаны жақсарту, жаяу жүргіншілерге қолжетімділікті кеңейту және қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1203111?lang=kk
«QUIZ ЖАС БУЫН. ҚАРЖЫ. DIGITAL. ҚҰҚЫҚ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ 17.04.2026
Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» сайысы өтті.«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған сайысқа қатысқан жастардың топтарына қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Құлатаев, Полиция департаменті басшысының орынбасары Дәулеткелді Абдраманов, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмаз Манатұлы және тағы да басқа білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жетекшілік етті.13 команда интеллектуалдық сайыс барысында қаржылық сауат, құқық және тарих бағыттары бойынша білімдерін сынады. Логикалық ойлау, жылдамдық және командалық үйлесімділік бойынша жарысты.Үш кезеңнің қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:1 орын – «Көшбасшылар» тобы (300 000 теңге);2 орын – «Жастар комитеті» тобы (200 000 теңге);3 орын – «Ауыл жастары» тобы (100 000 теңге).Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар табысталды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте қоғамдық қауіпсіздік цифрлық технологиялар арқылы күшейтілуде 17.04.2026
Шымкент қаласы Полиция департаментінде прокуратурамен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері бойынша арнайы жиын өтті.Кездесу барысында қала аумағындағы инфрақұрылым нысандарынан, кәсіпкерлік субъектілерінен және өзге де мекемелерден бейнебақылау камераларын Жедел басқару орталығына шығару мәселелері талқыланды.Атап айтқанда, бейнекамераларды «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, бұлтты бейнебақылау жүйесі арқылы біріктіру мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл жүйе бейнематериалдарды серверде сақтау және қажет болған жағдайда жедел қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, жиын барысында «Smart участкелік» және «Цифрлы участкелік» жобалары аясында оқыту-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жобалар учаскелік полиция инспекторларының қызметін цифрландыруға, жедел әрекет ету мүмкіндіктерін арттыруға және тұрғындармен өзара байланысты нығайтуға бағытталған.Аталған шараның мақсаты – цифрлық технологияларды енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жедел ашу.Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы цифрлық жобаларды одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастырады.
Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің Алматыға сапары 17.04.2026
2026 жылы 14-16 сәуір аралығында Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковтың Алматы қаласына сапары өтті. Сапар бағдарламасы аясында Армия үйіндегі «Жауынгерлік даңқ» музейне барып, панфиловшылардын ерлігіне арналған экспозициямен танысып, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, батырлардың ерлігіне тағзым етті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов, Беларусь Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ашылу салтанатына қатысты. Сапар екі-жақты өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел халықтарының достық қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1203083?lang=kk
Жасанды интеллект және заманауи технологиялар қалай жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жасанды интеллект қандай салаларда қолданылады 17.04.2026
2026 жылғы 16 сәуір күні Өскемен қаласындағы Oskemen Hub орталығында «Жасанды интеллект және заманауи технологиялар қалай жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жасанды интеллект қандай салаларда қолданылады» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына жасанды интеллекттің жұмыс істеу принциптерін түсіндіру, сондай-ақ оның қазіргі қоғамдағы рөлі мен түрлі салалардағы қолданылу мүмкіндіктерін таныстыру болды.Экскурсияға Глубокое ауданындағы «Опытноеполе жалпы білім беру мектебі» КММ және «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Қатысушылар Oskemen Hub орталығының қызметімен танысып, заманауи технологиялардың даму үрдістері туралы маңызды ақпарат алды.Бағдарлама барысында оқушыларға жасанды интеллекттің білім беру, медицина, өндіріс, бизнес және IT салаларында қолданылуы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, олар интерактивті форматта түрлі технологиялық шешімдермен танысып, өз сұрақтарына жауап алды.Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жаңа технологияларға қызығушылығын дамытуға және болашақ мамандық таңдауға бағыт береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1203059?lang=kk
Өңір базарларында бағаның ашық қалыптасуын қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде 17.04.2026
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасын орындау аясында елдегі базарларда өнімсіз делдалдарды қысқарту жұмысын жандандырды. Негізгі назар бағаның негізсіз өсуіне әсер ететін факторларды жоюға және ашық тауар өткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған.16 сәуір күні ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Түркістан қаласында Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының базар иелері және сауда нысандары әкімшіліктерінің қатысуымен кеңес өткізді.Ішкі сауда қағидаларын жетілдіру аясында заңнамалық деңгейде бөлшек сауда жүзеге асырушылар мен көтерме жеткізушілердің аражігі ажыратылды. Осылайша сатып алу-сату үдерісіне қатысушылардың құрамы жүйеленіп, қосылған құн қалыптастырмайтын, бірақ жеткізу тізбегіндегі соңғы бағаға әсер ететін өнімсіз делдалдардың қатысуы шектелді.Комитет төрағасы базар иелерінің заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды. Негізгі талаптардың бірі – ақпараттық жүйелерді міндетті түрде қолдана отырып қызмет жүргізу, онда сатушылармен жасалған барлық шарттар, жалдау төлемдері және сауда шарттары тіркелуі тиіс. Ашық цифрлық есептің болмауы нақты айналымның бұрмалануына, бейресми есеп айырысуларға және өнімсіз делдалдардың пайда болуына жағдай жасайды. Осыған байланысты бақылау шаралары ең алдымен ақпараттық жүйелерді қолданбайтын субъектілерге бағытталуда.Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, еліміз бойынша базарлар қызметіне, әсіресе көтерме сауда сегментінде, кешенді жұмыс басталды. Бұл жұмысқа Мемлекеттік кірістер органдары, ішкі істер органдары, антимонополиялық орган және жергілікті атқарушы органдар тартылған, үйлестіру Сауда министрлігі тарапынан жүзеге асырылуда. Салықтық әкімшілендіру құралдары, оның ішінде сауда қызметіне хронометраж жүргізу тетігі күшейтілуде, бұл нақты айналым мен декларацияланған көрсеткіштерді салыстырып, көлеңкелі айналым белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарады. Ақпараттық жүйелерді міндетті түрде қолдану талаптары орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік ретінде айыппұл салу көзделген, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен неғұрлым қатаң шаралар қабылданып, мәселе сот тәртібімен қаралуы мүмкін.«Базар – бұл жасырын схемаларға орын емес. Әрбір қатысушы заң аясында жұмыс істеуі тиіс. Кез келген сауда қызметі ашық әрі цифрлық форматта жүргізілуі қажет. Ақпараттық жүйелерден тыс жұмыс істеу – жасырын экономика мен баға бұрмалаушылықтарының тікелей тәуекелі. Егер нарық қатысушылары белгіленген талаптарға сай жұмыс істеуге дайын болмаса, мемлекет барлық заңды тетіктерді дәйекті түрде қолданады», – деп атап өтті Сауда комитетінің төрағасы. Әр өңірде облыс әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін өңірлік комиссиялар жұмыс істейді. Олар тауар өткізу тізбектерін талдап, өнімсіз делдалдарды анықтап, оларды тізбектен шығару бойынша шешім қабылдайды. Сонымен қатар кейбір өңірлерде бұл жұмыс формалды сипатта жүргізілетіні және нәтижелі жұмыс жүргізілмей отырғаны айтылды. Жыл басынан бері елімізде 316 өңірлік комиссия отырысы өткен, нәтижесінде сауда тізбектерінен 76 делдалдық буын шығарылды. Сауда комитеті әкімдіктерге бұл жұмыстың нақты нәтижелілігін қамтамасыз етіп, ашық әрі тиімді жеткізу тізбектерін қалыптастыруды күшейтуді тапсырды.Аталған шараларды іске асыру жасырын экономиканың үлесін азайтуға, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және халық үшін әділ бағаны қамтамасыз етуге бағытталған.Жұмыс сапары аясында Ернұр Жәутікбаев Түркістан облысындағы тұрақтандыру қорын, әлеуметтік дүкендерді және бірқатар базарларға барды. Мұндай жекелеген кеңестер алдағы уақытта әр аймақта арнайы өткізіліп, өңірлердегі жағдай жеке қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1203072?lang=kk
Елшінің Паневежис қ. мэрімен кездесуі туралы 17.04.2026
Паневежис, 2026 жылғы 16 сәуір — Қазақстанның Литвадағы Елшісі Т. Оразаев Паневежис қаласының мэрі Лорета Масилёненемен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы екіжақты және өңіраралық ынтымақтастықты талқылап, өңірлік деңгейде практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге тұрақты қызығушылық бар екенін атап өтті.Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және IT салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды.Сондай-ақ туризмді дамыту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды, бұл екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1202937?lang=kk
Жеке кәсіпкерлер 493-О нысанын тапсыра ма? 17.04.2026
Жеке кәсіпкерлер 493-О «Қызметтер» нысанын тапсыра ма?Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі түсіндірілді.Салық кодексінің 56-бабы 6-тармағына сәйкес, су жабдықтау, су бұру, газ, электр және жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, лифттерге қызмет көрсету, сондай-ақ тасымалдау саласында қызмет көрсететін ұйымдар өз орналасқан жері бойынша салық органдарына үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.Аталған мәліметтер электрондық түрде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей ұсынылады.Азаматтық заңнамаға сәйкес, үшінші тұлғалар деп міндеттеме тараптары болып табылмайтын тұлғалар танылады. Тасымалдау саласында үшінші тұлға ретінде тасымалдау немесе көлік-экспедициялық шарт бойынша қызметті тікелей алушы тұлға қарастырылады.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №554 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» (493-О «Қызметтер» нысаны) ұсыну міндеті тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жүктелген.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ұйымдарға заңды тұлғалар жатады. Ал жеке кәсіпкерлер заңды тұлға болып табылмайды.Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде жүк тасымалдау саласында қызмет көрсететіндер, 493-О «Қызметтер» нысанын ұсынуға міндетті емес.Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 22-бабы 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, тұлғалар қабылданған шешімдерге немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1202958?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Ақтау – Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен кедендік өкілдер (брокерлер) үшін семинар өткізді 17.04.2026
✅ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Ақтау – Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен кедендік өкілдер (брокерлер) үшін семинар өткізді.Кездесу ашық және конструктивті форматта өтті. Бизнес өкілдері мен кеден қызметкерлері практикалық мәселелерді, заңнамадағы соңғы өзгерістерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын талқылады.🔹 Семинардың негізгі тақырыптары:«KEDEN» жаңа ақпараттық жүйесі (keden.kgd.gov.kz) — кедендік рәсімдеудің заманауи цифрлық платформасы. Ол декларацияларды тапсыруды жеңілдетеді, процестерді ашық, жылдам әрі ыңғайлы етеді. Кез келген жерден онлайн қолжетімді, түсінікті интерфейсі, кеңестері және кедендік калькуляторы бар.Кедендік брокерлердің уақытша сақтау қоймаларына (СВХ) орналасуының тәртібі мен ережелері — тауарларды орналастыру, сақтау және одан әрі кедендік рәсімдеу кезінде өкілдердің жұмысына қойылатын өзекті талаптар.Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы басқа да жаңалықтар.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу — кеден саласында ашықтықты арттыру және антикоррупциялық стандарттарды сақтау бойынша маңызды шаралар.Семинар соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық акциясы «Халықтық бухгалтер» жеке атап өтілді. Бұл — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек. Акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Мамандар жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша көмек көрсетеді.Қатысушылар белсенді сұрақ қойып, нақты жағдайларды талқылады және МКД сарапшыларынан толық түсініктеме алды.Мұндай семинарлар бизнес пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады, процестердің ашықтығын арттырады және сыртқы экономикалық қызметті тиімдірек жүргізуге көмектеседі.📌 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден саласын цифрландыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өңір кәсіпкерлерін қолдау жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1202922?lang=kk
Newsletter Kazakhstan - 17.04.2026 17.04.2026
Newsletter Kazakhstan - 17.04.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1202871?lang=kk