Әлем
Жас ғалымдар форумында Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының офицерлері үздік атанды 14.04.2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқытушылары әскери-арнайы оқу орындары арасындағы жас ғалымдар форумында бірінші орынды иеленді.Іс-шара ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өтті. Форумға қатысушылар комиссия назарына елдің инновациялық және қорғаныс әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми жобаларын ұсынды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес кафедрасының оқытушылары подполковник Александр Кушнарев пен капитан Бауыржан Жұмаділла байқау жеңімпазы атанды. Әскери қызметшілер байқауда шағын габаритті кедергі таратқыштың авторлық әзірлемесін таныстырды.Сараптамалық комиссия мүшелері құрылғының жоғары технологиялылығын және қазіргі радиоэлектрондық күрес жағдайында аса қажетті практикалық маңызын ерекше атап өтті.– Мұндай байқауларға қатысу – тек жобаны қорғау ғана емес, сонымен қатар басқа ведомстволардағы әріптестермен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы. Біздің әзірлемемізге берілген жоғары баға таңдаған ғылыми бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп, әрі қарай зерттеулер жүргізуге ынталандырады, – деді подполковник А. Кушнарев.Форумға еліміздің барлық күштік құрылымдарынан 20-дан астам зерттеу тобы қатысқанын айта кету керек. Байқау нәтижесінде әскери оқу орнының оқытушылары I дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200309?lang=kk
Самар ауданы гүлденген өңірге айналуы тиіс 14.04.2026
Самар ауданы гүлденген өңірге айналуы тиісМұндай тапсырманы аудан әкімі Серік Жеңісов ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына берді. Аудан әкімдігінде өткен кезекті отырыста елді мекендерді абаттандыру мәселелері талқыланды.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, өз нәтижесін беріп отыр. Ауданда көшелер мен елді мекендер аумағынан 21 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Өзендер мен бұлақтардың жағалаулары тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды, аудандық және облыстық маңызы бар жол учаскелері ретке келтірілді.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жазғы маусымда жолдарды, тротуарлар мен көпірлерді жуу жұмыстары бойынша жоба іске қосылған. Бұл мақсатта мердігер ұйыммен келісімшарт жасалған.— Ауылдардың тазалығы – тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші. Бұл іске тек мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар ғана емес, аудан тұрғындарының да белсене қатысып, сенбіліктерге шығып, өз аулаларын абаттандыруы қуантады, — деді аудан әкімі.Биыл негізгі көшелер мен Самар ауылы және басқа да елді мекендердің саябақтарында гүлзарлар мен клумбалар жасау жоспарланып отыр. Кәсіпкерлерге де өз нысандарының маңын көгалдандырып, көріктендіруге үлес қосу ұсынылды.Сонымен қатар жиында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және ауылдық клубтар мен кітапханалардың жұмысы талқыланды.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, қатаң бақылауда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1200318?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия тұрақты энергетикаға бағытты нығайтуда 14.04.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның энергетика саласындағы делегациясы Финляндияға жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері кірді.Сапар аясында Финляндияның Экономика және жұмыспен қамту министрлігінде кездесу өтті, оның құзыретіне энергетикалық саясат және энергетикалық секторды дамыту мәселелері кіреді.Кездесуде ҚР Елшісі Қазақстанның энергетикалық даму саласындағы басымдықтарын, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті бағыттарын ұсынды.Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, «жасыл» экономиканы дамыту және энергия тиімділігін арттыру перспективалары талқыланды.Биомассаны, қалдықтарды және басқа да баламалы энергия көздерін пайдалануды қоса алғанда, тұрақты орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудағы финдік тәжірибеге ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және энергетика секторында бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1200348?lang=kk
Аудан әкімі Тасқарасу ауылы тұрғындарымен кезекті тұрақты кездесу өткізді. 14.04.2026
Аудан әкімі Тасқарасу ауылы тұрғындарымен кезекті тұрақты кездесу өткізді. Жиын басында әкім атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлар мен жүзеге асырылатын жобалар туралы мазмұнды баяндама жасады.Кездесу барысында тұрғындар тарапынан су каналдарын тазалау, спорт саласына демеушілік көрсету және ауыл көшелерінің жағдайы туралы мәселелер көтерілді. Ауылдың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін бұл ұсыныстар мұқият тыңдалып, олардың кезең-кезеңімен шешілетіні жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1200466?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақыновтың Моңғолияның Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэгпен кездесуі туралы 14.04.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмөнхийн Батцэцэгпен кездесті.Келіссөздер барысында қазақ-моңғол қатынастарының қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту перспективалары қаралды. Тараптар дәстүрлі достық байланыстарды нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықты кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік танытатынын растады.Саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды арттыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әңгімелесушілер қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында ведомствоаралық байланыстарды тұрақты түрде қолдаудың және күш-жігерді үйлестірудің маңызын атап өтті.Б.Батцэцэг соңғы жылдары стратегиялық әріптестік арнасында дәйекті түрде нығайып келе жатқан қазақ-моңғол қатынастарының оң серпінін атап өтті. Осы тұрғыда ағымдағы жылға жоспарланған екіжақты іс-шараларды, оның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлердегі сапарлар алмасуын сапалы дайындаудың маңыздылығына назар аударды.А.Сейтақынов өзара құрмет пен сенімге негізделген қазақ-моңғол әріптестігінің дәйекті түрде нығайып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол екіжақты өзара іс-қимылды нақты сауда-экономикалық мазмұнмен толықтыруға және барлық деңгейлердегі делегациялар алмасуын жандандыруға ерекше назар аударуға ниетті екенін жеткізді.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығын екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі нығайтуға ұмтылысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1200491?lang=kk
📚 КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП — БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕПІЛІ! 14.04.2026
«Кітап оқитын мектеп» аудандық байқауы өз мәресіне жетті 2026 жылдың 13 сәуір күні еліміздегі «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында «Кітап оқитын мектеп» байқауы өткізілді.Байқаудың басты мақсаты — өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және талантты оқырмандарды анықтау. Додаға ауданымыздың 6, 7, 8, 9 және 10-сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Қатысушылар тілдік ерекшеліктеріне қарай қазақ және орыс лигаларына бөлінді.Байқау қорытындысы бойынша әр сынып және әр лига бойынша ерекше білімділігімен көзге түскен оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз атанған оқушыларға арнайы ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұл марапат оқушылардың кітапқа деген құштарлығын одан ары арттырып, жаңа белестерді бағындыруға серпін берері сөзсіз.Ендігі кезекте жеңімпаздар алдағы облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.Оқушыларымызға облыстық додада сәттілік тілейміз! Білімдеріңіз толысып, биік шыңдардан көріне беріңіздер. Облыстық кезеңде жеңіспен оралуларыңызға тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1200516?lang=kk
Еліміздің жоғары оқу орындары ОДМ іске асыруға белсенді қатысуда 14.04.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі БҰҰ Елдік командасының қолдауымен Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел шеңберінде жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қатысу мәселесі, сондай-ақ ЖОО-лардың елдің орнықты дамуына қосқан үлесін күшейту бойынша ұсынымдар әзірлеу талқыланды.БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан талқылау барысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев кіріспе сөз сөйледі.Вице-министр өз сөзінде жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін және қазақстандық ЖОО-лардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін атап өтті. Халықаралық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, спикер сонымен қатар университеттер ОДМ-ны өңірлік деңгейде жергіліктендірудің негізгі драйверлері бола алатынын атап өтті.Дөңгелек үстел шеңберінде Орнықты даму қағидаттарын білім беру процесіне интеграциялау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамудың өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми және әлеуметтік бастамаларды іске асыру бойынша ЖОО-лардың практикалық тәсілдері мен тәжірибесі ұсынылды. Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекет пен ЖОО арасындағы үйлестіруді күшейту, ОДМ-ға қол жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулерді қолдау, орнықты даму саласындағы білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді.Жүргізілген диалог жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін күшейту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің сұранысқа ие құзыретін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1200612?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлері сотталғандар арасында шахматтан турнир ұйымдастырды. 14.04.2026
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті. Іс-шара сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және олардың әлеуметтік пайдалы белсенділігін дамытуға бағытталған бағдарламалар аясында ұйымдастырылды. Турнирдің бас төрешісі ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушысы Мұрат Окасов шақырылды. Жарысқа 50-ден астам сотталған қатысты. Турнир бекітілген регламентке сәйкес, барлық қауіпсіздік талаптары мен белгіленген тәртіпті сақтай отырып өткізілді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жинақылық пен қарсыластарына деген құрметті көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар табысталды. Үздік қатысушылар белсенді өмірлік ұстанымы мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы үшін мекеме басшылығы тарапынан атап өтілді. – Шахмат — логикалық және стратегиялық ойын. Ол ойлауға, жоспарлауға және шешім қабылдауға үйретеді, есте сақтау қабілетін, зейінді және төзімділікті дамытады. Бұл ойын адамды тек тақта басында ғана емес, өмірде де шыңдайды. Менің ойымша, сотталғандар үшін шахмат пайдалы әдетке айналуы тиіс, – деді Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі Мұрат Окасов. – Мұндай жарыстар бізге күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт алшақтап, ойымызды жинақтауға және өзімізге деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Шахмат дамуға және ішкі тәртіпті сақтауға көмектеседі, – деді сотталғандардың бірі. – Осындай бастамалар сотталғандардың конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікті арттыруға және салмақты шешім қабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл – бостандыққа шыққаннан кейінгі табысты әлеуметтік бейімделудің маңызды факторы. Мекемеде жүйелі түрде мәдени-танымдық, білім беру және спорттық жобалар жүзеге асырылып келеді. Олар заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200618?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынының үйлеріне аман-есен оралуына көмектесті. 14.04.2026
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар қаласының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлына көмек көрсетті. Олар жұбайымен ұзақ мерзімді кездесуден кейін қар құрсауында қалып қойған. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олардың автокөлігі толықтай қар астында қалып, отбасы өз бетінше жолын жалғастыра алмаған. 52 жастағы ер адам 15 жастағы ұлымен бірге жазасын өтеп жатқан жұбайымен кездесу үшін мекемеге келген. Олардың Шуақ ауылында ұзақ мерзімді кездесуде болған кезінде ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел тұрып, мол қар жауған. Соның салдарынан отбасының көлігі қалың қардың астында қалып, қозғала алмай қалған. Үйінен жырақта қиын жағдайға тап болған әке мен бала жолға шыға алмай, айтарлықтай қиындық көрген. Осы сәтте қызметте болған мекеме қызметкерлері жағдайды байқап, дереу көмекке келген. Олар өз күштерімен және қызметтік техниканың көмегімен қар үйінділерін тазалап, автокөлікті қар құрсауынан шығарып, жолды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік жасаған. Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында отбасы аман-есен жолға шығып, Павлодар қаласына кері оралған. – Біз ұлыммен өте қиын жағдайға тап болдық — көлігіміз толықтай қар астында қалды, айналада боран соғып тұрды, жол көрінбеді деуге болады. Шынымды айтсам, не істерімді білмей, абдырап қалдым. Дәл сол сәтте колония қызметкерлері көмекке келді. Олар тек өз міндеттерін орындап қана қоймай, шынайы адамгершілік танытты. Мұндай қиын сәтте жанымыздан табылған жандардың бейжай қарамағаны мен үшін өте маңызды болды. Бізге қауіпсіз түрде үйге оралуға көмектескен әрбір қызметкерге шын жүректен алғыс айтамын, – деді Павлодар қаласының тұрғыны. – Біздің қызметкерлер қандай жағдай болмасын адамдарға көмек көрсетуге әрдайым дайын. Бұл жерде тек қызметтік міндет қана емес, адамгершілік жауапкершілік, қамқорлық пен қолдау туралы сөз болып отыр. Біз ұжымымыздың жеделдік танытып, бірлік көрсетіп, қиын жағдайда қалған адамдарды назардан тыс қалдырмағанын мақтан тұтамыз, – деп атап өтті мекеме бастығы Уалихан Жұмашев. Мұндай оқиғалар қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тек тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерін көрсетіп, азаматтарға күрделі өмірлік жағдайларда көмек көрсететінін тағы да дәлелдейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200627?lang=kk
С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Қазақ рухын жырлаған қаламгер» атты әдеби вернисаж өтті 14.04.2026
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің 90 жыл толуына орай «Қазақ рухын жырлаған қаламгер» атты әдеби вернисаж өткізілді. Аталған шараға Талдықорған қаласының № 12 орта мектеп гимназиясының 8-сынып оқушылары қатысты. Қаламгердің кітапхана қорында бар еңбектері негізінде «Сөз өнерінің саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, автордың шығармашылығы насихатталды. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алып, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы кеңінен танысты. Жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы «Тарих пен тағдыр қосқан қалам» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, жазушының «Қаздар қайтып барады» шығармасынан үзінді оқылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1200637?lang=kk
Ауғанстан батырларының құрметіне. Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері жастарға арналған ерлік сабағын өткізді. 14.04.2026
Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығару күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған «Ерлік сабақтары» патриоттық акциясын ұйымдастырды.Шара аясында Ауған соғысының ардагері Азат Беккәрімұлы Әубәкіров Шоқан Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жасұлан» ерлер лицей-интернатының 112-ші взводының курсанттарымен кездесті. Кездесу барысында ардагер қызмет туралы жеке естеліктерімен бөлісті, әскери қызметшілердің үлесіне түскен қатал сынақтар және өзара көмектің, тәртіптің және жауаптылықтың маңыздылығы туралы айтты.Азат Беккәрімұлы жастар алдында сөйлеген сөзінде Отан алдындағы әскери борышын атқару әрбір азаматтың қасиетті міндеті екенін атап өтті. Ол қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен жанқиярлығы туралы ерекше мақтанышпен айтты. Мыңдаған қазақстандық ауған соғысынан өтті, олардың көпшілігі қайтып оралмады, халықтың жадында мәңгі қалды. - Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ардагерлермен осындай кездесулер жастардың бейбітшіліктің құндылығын түсінуге, тарихты құрметтеуге және өз елінің болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібеков. Кездесу курсанттардың қызығушылығын тудырды. Балалар белсенді түрде сұрақ қойып, ардагердің тағдырына, қызмет ерекшеліктеріне және әскери тәртіптің маңыздылығына қызығушылық танытты. - Ардагермен әңгімелесу бізге «борыш» және «ерлік» сөздерінің артында не тұрғанын шынымен түсінуге көмектесті. Бұл өз Отанына мықты, жауапты және лайықты қызмет етуге шабыт береді, - деп бөлісті «Жасұлан» лицейінің оқушыларының бірі. «Ерлік сабағы» акциясын өткізу жастарды отансүйгіштікке, Отан қорғаушылардың ерлігін құрметтеуге және ұрпақтар сабақтастығын сезінуге қосқан маңызды үлесі болды. Интернационалист жауынгерлердің ерлігі жас ұрпақ үшін адамгершілік бағдар және борыш пен Отанға адалдықтың символы болып қала береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200638?lang=kk
Орта қауіпсіздік мекемесінде алғаш рет "Неке кию" рәсімі өткізілді. 14.04.2026
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінде алғаш рет «Неке қию» рәсімі өткізілді. Мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Семей қаласындағы «Қос мұнаралы» мешітінің өкілімен бірлесіп, рәсімді ұйымдастырды. Іс-шара қолданыстағы заңнама талаптары мен белгіленген режим талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді. Мешіт өкілі неке қию рәсімін ислам дәстүріне сай жүргізді. – Мен 35 жастамын, жұбайыммен ресми түрде екі жыл бұрын некеге тұрғанбыз. Сол кезде ол маған және болашағымызға сенді. Мен бас бостандығымнан айырылғаннан кейін қарым-қатынасымыз суи бастады. Ол менің бұл жолға түскенімді ұзақ уақыт кешіре алмады. Ұзақ әңгімелер мен өзара түсіністіктің арқасында біз бұрын кейінге қалдырған «Неке қию» рәсімін өткізуді шештік. Бүгін мекеме қызметкерлерінің көмегімен мешіт өкілінің алдында ант беріп, бостандыққа шыққан соң екі жыл бұрын армандаған өмірімізді бірге құратынымызды және балаларымыз өз қолыммен салған үйде өсетінін уәде еттім, – деді сотталған азамат. – Жолдасым осында түскен кезде, біздің өміріміз аяқталғандай көрінді. Оның әрекеттері екеуміздің де өмірімізді қиындатты деп ойладым. Тіпті ажырасу туралы ойлар да болды, әсіресе қатарластарымның балалы болып жатқанын көргенде. Алайда сүйіктіммен сөйлескеннен кейін оған қайта сеніп, осы рәсімді өткізуге келісім бердім. Бүгін біздің алда нағыз отбасы болатынына сенемін, – деді сотталғанның 28 жастағы жұбайы. – Біз үшін сотталғандардың отбасылық байланыстарын сақтау және жақындарымен қарым-қатынасты қалпына келтіруге ықпал ету өте маңызды. Бүгінгі рәсім – заң талаптарын сақтай отырып, ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеу арқылы әлеуметтік оңалтуға жол ашудың айқын үлгісі, – деп атап өтті мекеме бастығы Жеңіс Дәуренбеков. Аталған іс-шара сотталғанның отбасы үшін де, мекеме қызметкерлері үшін де маңызды оқиға болды. Бұл – жақындардың қолдауы мен отбасылық байланыстарды қалпына келтіру сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. – Отбасылық құндылықтардың негізі – сүйіспеншілік, қамқорлық және өзара түсіністік. Отбасының тірегі – махаббат. Бұл – бір-бірін қолдау, кемшіліктерін қабылдай білу және рухани байланысты сақтау. Махаббат пен өзара түсіністік бар жерде бақытты отбасы құруға болады, – деді «Қос мұнаралы» мешітінің имамы Бауыржан Таубекұлы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200652?lang=kk
Танымдық-зерттеушілік «Мен зерттеушімін» облыстық байқауы 14.04.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 11 аудан/қалаларынан келіп түскен 21 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:1-орын (ересек топ) - Қатонқарағай ауданы, Жамбыл орта мектебінің шағын орталығы;1-орын (мектепалды топ) - Өскемен қаласы, №62 арнайы балабақшасы; 1-орын (шығармашылық топ) - Зайсан ауданы, «Еңлік» бөбекжайы. 2-орын (ересек топ) – Өскемен қаласы, №3 «Балбөбек» балабақшасы, Зайсан ауданы «Балдырған» бөбекжайы, Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені;2-орын (мектепалды топ) - Зайсан ауданы, «Ертөстік» бөбекжайы;2-орын (шығармашылық топ) - Өскемен қаласы, №1 «Балапан» балабақшасы, Глубокое ауданы «Ақбота» бөбекжайы;. 3-орын (ересек топ) – Тарбағатай ауданы, «Жалғас» жекеменшік балабақшасы, Глубокое ауданы «Пчелка» бөбекжайы;3-орын (мектепалды топ) - Самар ауданы, М.Дулатұлы атындағы негізгі орта мектебі;3-орын (шығармашылық топ) - Самар ауданы, «Дәншік» балабақшасы. Аталымдар:«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» - Марқакөл ауданы, Қазақстан негізгі орта мектебі;«Жас эколог» - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені (ересек топ);«Жаңалық жаршысы» - Үлкен Нарын ауданы, «Балбөбек» бөбекжайы (ересек топ), Риддер қаласы, «Қуаныш» бөбекжайы (мектепалды топ); «Тапқыр зерттеушілер» - Самар ауданы,«Дәншік» балабақшасы (ересек топ), Катонқарағай ауданы, Еңбек орта мектебі (мектепалды сынып);«Креативті жұмыс» - Глубокое ауданы, «Асыл бөпе» бөбекжайы (мектепалды топ); «Жас зерттеушілер» - Алтай ауданы, «Салтанат» бөбекжайы (мектепалды топ). Байқаудан 1-орын алған жұмыстар республикалық кезеңіне жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1200663?lang=kk
Катар Қазақстанның реформалары мен халықаралық сахнада артқан рөлін қолдайтынын білдірді 14.04.2026
Доха, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Консультативтік кеңесінің мүшесі, Азия істері тобының жетекшісі Ахмед Әл-Хитмимен кездесті.Сұхбат барысында 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қатарға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тұрғысынан парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолдарын қарастырды.Осы орайда қазақ-қатар қатынастарының стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені, оған жоғары деңгейдегі сенімді диалог пен белсенді өзара сапарлар ықпал еткені атап өтілді.Кездесуде Елші Қазақстандағы саяси реформалар, оның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум нәтижелері және бір палаталы парламентке көшетіні туралы ақпарат берді.Қатар тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық дамудың күшейгенін және елдің халықаралық сахнадағы рөлінің артқанын атап өтті.Бұл ретте парламент спикерлері деңгейінде тұрақты сапар алмасудың және парламентаралық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша биыл парламентаралық достық тобының екінші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жетіп, мемлекет басшылары арасындағы келісімдерді жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген дайындық расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1200676?lang=kk
Шымкентте Ақтаудағы теңіз жаяу әскерінде қызмет еткен сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды 14.04.2026
Шымкенттің теміржол вокзалында Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасында мерзімді әскери қызметін аяқтаған әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.Көптен күткендерді күтіп алу үшін қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, «Оңтүстік» ӨңҚ 35748 әскери бөлімінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары келді.Ата-аналарға борышын осылай лайықты өтеген азаматтар тәрбиелегені үшін, ал сарбаздарға әскери борышын адал және абыроймен орындағаны үшін алғыс сөздер айтылды.Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев жерлестерді салтанатты түрде шығарып салу және қарсы алу рәсімдері дәстүрге айналғанын айтты.– Бүгін жиырмадан астам азамат үйлеріне оралды. Олар өздерінің әскери міндеттерін абыроймен атқарды. Теңіз жаяу әскерлеріндегі қызмет мінезді ғана шыңдап қоймай, ерік-жігерді қатайтатын және жауапкершілікке үйрететін сынақ. Біз олардың өздеріне сенімді және шымыр болып оралғандарын көріп отырмыз, – деді ол.Жастар үшін қызықты әрі күрделі болған әскердегі жыл артта қалды. Шынығулар, қарқынды жаттығулар, марш жүгіру және дабылмен көтерілу олар үшін нағыз батылдық пен тұлға болып қалыптасу мектебіне айналды.Әскери қызметшілердің өздері армия оларға кей нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға ықпал еткенін тілге тиек етті.– Әскерде сен үйіңнің, отбасыңның және жақындарыңның қолдауын шынымен бағалай бастайсың. Бұл жыл маған көп нәрсе үйретті. Теңіз жаяу әскерінде қызмет етіп, осы команданың құрамына кіргенімді мақтан етемін, – деді қатардағы жауынгер Жансерік Қасымханұлы.Әскери қызметшілердің туған-туыстарымен кездескен сәтінде перрон маңы жылы эмоцияларға толды.– Інімді шығарып салған кезде, әрине, алаңдадық. Бүгін біз оның қалай өзгергенін көрдік. Шымыр, байсалды, өзіне сенімді бола түскен. Осы уақыт ішінде онымен сөйлесіп тұрдық. Енді көріп, құшағымызға алғанымызға қуаныштымыз, – деді әпкелері Арайлым мен Назерке.Қызмет барысында жастар әскери істі игерді, қару-жарақ пен техниканы үйренді. Өзеріне азаматтық өмірде қажет болатын әскери-есептік мамандық алды.Салтанатты кездесу гүлдермен, түрлі-түсті шарлармен және ыстық құшақтармен көмкеріліп, жүректерге ерекше жылулық сыйлап, ұлдары мен бауырларына деген мақтаныш сезімін арттырған ұмытылмас сәтке айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200681?lang=kk
АҢДАТПА! «Алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметті лицензиялау: өзгерістер мен тәртіп» тақырыбында тікелей эфир 14.04.2026
АҢДАТПА! «Алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметті лицензиялау: өзгерістер мен тәртіп» тақырыбында тікелей эфир2026 жылғы 16 сәуірде сағат 11:00-де mkd_aqmol Instagram парақшасында «Алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметті лицензиялау: өзгерістер мен тәртіп» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер: акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Шұлембеков Ержан Серікұлы.Қызығушылық білдерген сұрақтарды 8-716-2-72-11-81 телефоны арқылы алдын-ала жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1200686?lang=kk
Егер БКМ түбіртегі берілмесе, сатып алушы не істеу керек және қандай жауапкершілік қарастырылған 14.04.2026
Манғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: сатушы әрбір тауарларды сатуда, жұмыстарын орындауда немесе қызметтер көрсету кезінде міндетті түрде сатып алушыға, бақылау-кассалық машина (БКМ) фискалдық түбіртегін беруі міндетті.Бұл талап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және БКМ қолдану қағидаларында (ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен белгіленген, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді).Түбіртекті талап ету не үшін маңызды?Түбіртек сатып алудың фактісін растайды және сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды.Ол тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға көмектеседі.Түбіртек бермеу — салық төлеуден жалтарудың ықтимал белгісі, бұл мемлекетке және адал бизнеске зиян келтіреді.Егер түбіртек берілмесе не істеу керек?Түбіртекті сол жерде бірден талап етіңіз.Бас тартқан жағдайда бұзушылықты тіркеңіз:Видео немесе фотоға түсіріңіз (дүкеннің мекенжайы, атауы, сатып алу уақыты, сатушы, тауар және сомасы).Деректерді жазып алыңыз: дүкеннің атауы, сатушының ЖСН/БСН (егер белгілі болса).Шағым беріңіз:eGov Mobile қосымшасындағы e-Otinish сервисі арқылы (дүкеннің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органын таңдаңыз).Немесе Wipon мобильді қосымшасы арқылы (расталған бұзушылық үшін сыйақы қарастырылған).Бұзушының орналасқан жері бойынша аумақтық салық органына жеке өзіңіз барып.Түбіртекті бермегені үшін жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 284-бабы):Бірінші бұзушылық үшін — ескерту.Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін — айыппұл:шағын кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар және жеке сот орындаушылары үшін — 20 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілері үшін — 30 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 40 АЕК.2026 жылдан бастап БКМ түбіртегінде тауар/қызмет атауы және оның Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК) бойынша коды міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл талаптарды орындамау да БКМ қолдану тәртібін бұзу ретінде квалификациялануы мүмкін.Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге үндеу тастайды: Заңнама талаптарын сақтаңыздар! БКМ-ді актуалды нұсқаға (2.0.3 протоколы) дейін жаңартыңыздар, чектерді дұрыс соғыңыздар және сатып алушыларға әрқашан беріңіздер. Бұл жай ғана міндет емес, сонымен қатар сіздің бизнесіңізді айыппұлдар мен шағымдардан қорғау.Манғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады: әрбір сатып алу кезінде чек талап етіңіздер және бұзушылықтар туралы хабарлаңыздар.Қосымша ақпарат алу үшін аумақтық салық органдарына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1200711?lang=kk
Алматы облысында алма бақтар гүлдеді 14.04.2026
Алматы облысында алма өсіру және одан түрлі өнім шығару ісі жүйелі жолға қойылған. Жеміс ағашын күтіп-баптау машақаты көп жұмыс. Соған қарамастан, өңірде алма бақтарының аумағы мен өнім көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Бүгінде өңір бойынша 7 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Оның 2,2 мыңы – интенсивті бақтар. Қазіргі таңда алманың отаны саналатын Алатау баурайында алма бақтар гүлдеп, көздің жауын алатын әдемі көрініс тұрғындардың да туристердің де назарын аударуда. Осынау сұлулықты тамашалау үшін арнайы келетін адамдар саны да жыл сайын артып келеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңірдің климаттық ерекшелігіне орай алма ағашының сұрыптары да арнайы таңдалған. Сондай-ақ жоғары технологиялы аграрлық әдістер кеңінен қолданылады. Автоматтандырылған тамшылатып суару жүйесі іске қосылған. Бұл технология ерте өнім алуға, топырақ эрозиясының алдын алуға, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу қаупін азайтуға, сондай-ақ тыңайтқыштар мен минералдарды әр көшеттің тамырына дәл жеткізуге мүмкіндік береді.Алматы облысында бұл бағыттағы көшбасшы кәсіпорындардың бірі – Талғар ауданындағы «Баймене» ЖШС. Кәсіпорында алманы өсіруден бастап, жинау, өңдеу және дайын өнімді ұзақ мерзімге сақтау жұмыстары түгел жолға қойылған. Компания 2016 жылы интенсивті бақ отырғызу жұмысын бастаған. Бастапқыда 30 гектар аумаққа алма көшеті егілсе, қазіргі таңда жалпы аумағы 110 гектар жерде жеміс ағашы жайқалып тұр. Алдағы уақытта алқап көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бақта су үнемдеуге септігін тигізетін тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Оған минералды тыңайтқыштар қосылады. Бұл топырақ құнарын арттыра түседі. Компанияның бас агрономы Георгий Чернышевтың айтуынша, көшет өскен сайын су да көбірек керек болады. Оны бақылау үшін танзиометр құрылғысы орнатылған. Ағаштар 30 минут, кейде 1-2 сағат сайын суарылады. «Әуелде алманың 7-8 сортын егіп көрдік. Кейін «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала», «Фуджи» сияқты негізгі 4 түрін қалдырдық. Себебі оларға сұраныс жоғары әрі табиғат ерекшелігіне де сай келеді. Бақша жұмыстарының көбі арнайы техника мен заманауи құрылғылардың көмегімен атқарылады. Қазір жаңа сорттарды сынақтан өткізіп жатырмыз. Олардың қалай өсіп, өнім беретінін және тұтынушылардың пікірін бақылап, зерттейміз. Бұл сұрыптар 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Интенсивті бақтың артықшылығы да сол – өнімге тез қол жеткізесің. Зиянкестер мен түрлі өсімдік ауруларынан ағаштарды сақтау үшін пестицид, фунгицид, инсектицид сияқты дәрілер қолданылады. Сонымен қатар бақылау жүйесі де бар. Ол феромонды тұзақ арқылы зиянкестердің таралуына жол бермейді», - дейді агроном.«Баймене» ЖШС директоры Евгений Камбаров кәсіпорында алманы сұрыптап, көлеміне қарай іріктеп, буып-түюге арналған арнайы желі жұмыс істейтінін айтты. Мұнда алмадан 100 пайыз табиғи шырын өндіріледі. 3 литр шырын алу үшін 6 келі алма пайдаланылады. Қосарланған пастерлеу тәсілі өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін консервантсыз сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның заманауи жеміс сақтау қоймаса да бар. Онда 5100 тоннаға дейін өнімді сақтауға болады. «Қазіргі таңда көшет отырғызу, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Өнімді тамыз айында жинаймыз. Кейін қоймаға сақтауға жіберіледі. Біз жемісті ішкі нарыққа өткіземіз, сондай-ақ шетелдерге де экспорттаймыз. Өткен жылы 1500 тонна алма жинадық. Ал биыл екі мың тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Кәсіпорында 18 техника жұмыс істейді. Олардың қатарында тракторлар, түрлі культиваторлар, дәрі немесе тыңайтқыш шашатын, ағаштарды кесіп, арасын сирететін техникалар бар. Көшеттер Голландия мен Италиядан әкелінеді. Ал биыл 30 гектарға жергілікті тұқымбақтан алынған көшеттерді отырғызуды жоспарлап отырмыз», – дейді компания директоры.Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Қызу еңбек кезінде жұмысшылардың да саны көбейеді. Оларға мамандар техникалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, кеңес береді.Бүгінде аумағы 1600 шаршы метр болатын кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Онда шырын, пюре, джем, смузи және балалар тағамын өндіру жоспарланған.Облыста бұдан өзге де алма бағын баптап, өсіретін кәсіпорындар көп. Оларға мемлекет тарапынан қолдау зор. Сондықтан болашақта Алматы облысының болмысын айшықтайтын алма бақтары бұдан да жандана түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1200739?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержанатоктархановтың автокөлік иелеріне көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі туралы өтініші 14.04.2026
Құрметті облыс тұрғындары!Мен автокөлік иелеріне жүгінемін.Бүгінгі таңда өңірде 147 мыңнан астам автокөлік иелері тіркелген. Бұл ретте олардың 46% - ға жуығы көлік салығы бойынша жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам берешегі бар.Естеріңізге сала кетейін, салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Барлық борышкерлерге хабарламалар жіберілді және әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына беріледі.Полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Берешек анықталған кезде автокөлік қарызды толық өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылуы мүмкін.Салық дербес есептелетінін атап өтемін. Мұны Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы немесе e-salyq azamat мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.Барлығын салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырамын. Бұл айыппұлдар мен қосымша шығындардан аулақ болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1200776?lang=kk
Қазақстан Халық Банк акционерлік қоғамына еншілес ұйым – «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін иеленуге рұқсат беру туралы 14.04.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасымен «Қазақстан Халық Банк акционерлік қоғамына еншілес ұйым – «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін иеленуге рұқсат беру туралы» 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 60 қаулы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1200784?lang=kk