Әлем
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына. СЭҚ үшін маңызды: кедендік тізілімдерге жаңа қолжетімділік 14.04.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Сіздерді кедендік тізілімдермен танысу тәртібіндегі өзгерістер туралы хабардар етеміз. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 485-бабына сәйкес кеден органдары кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізетінін естеріңізге саламыз.Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасына (МОИРБТ) көшуге байланысты заңды тұлғаларды тізілімдерге енгізу, олардан шығару туралы өзекті ақпарат, сондай-ақ қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы мәліметтер енді жаңа мекенжай бойынша орналастырылады. gov.kz порталында мына бөлімге өтіңіз: Қызмет – Салалық құжаттар – Кедендік әкімшілендіру – Тізілімдер.Жылдам өту үшін мына тікелей сілтемені пайдаланыңыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/282421?lang=ruӨзекті деректерге жедел қол жеткізу үшін осы сілтемені сақтап қоюды ұсынамыз.Бұрын бұл ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында – https://kgd.gov.kz орналастырылатын. Павлодар облысы бойынша МКД кедендік әкімшілендіру басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1200790?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 14.04.2026
Сыбайлас жемқорлық — бұл жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттіліктің негіздеріне, экономикалық дамуға және қоғамның сеніміне нұқсан келтіретін ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек жекелеген органдардың міндеті емес, бұл – мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ ісі екенін ашық айту қажет.Сыбайлас жемқорлық тікелей экономикалық шығын келтіреді. Инфрақұрылымды дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдауға бағытталуы тиіс қаражат жосықсыз тұлғалардың қалтасында қалып қояды. Бұл өз кезегінде даму қарқынының баяулауына, халықтың өмір сүру сапасының төмендеуіне және әлеуметтік теңсіздіктің артуына әкеледі. Нәтижесінде қарапайым азаматтар зардап шегеді — яғни мемлекеттік жүйе қызмет етуі тиіс негізгі топ.Алайда сыбайлас жемқорлықтың зияны тек экономикамен шектелмейді. Ол билік институттарына деген сенімді әлсіретеді, қоғамда әділетсіздік пен жазасыздық сезімін қалыптастырады. Заң алдындағы теңдік қағидаты бұзылған кезде, қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесіне нұқсан келеді. Сондықтан елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді, ол адал, әділетті және ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған.Бұл мәселеде ерекше жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі. Мемлекеттік қызмет — бұл артықшылық емес, халыққа қызмет етудің жоғары миссиясы. Әрбір мемлекеттік қызметші заңнаманы қатаң сақтауға, адал, ашық әрі қоғам мүддесіне сай әрекет етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі жол берілмейді және заң аясында қатаң түрде тоқтатылуы тиіс.Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың екіжақты құбылыс екенін түсіну маңызды. Жауапкершілік тек пара алатындарға ғана емес, оны беретіндерге де жүктеледі. Мәселені заңсыз жолмен «шешуге» ұмтылу — бұл да заң бұзушылық және әділдік қағидаттарына қайшы әрекет. Мұндай іс-әрекеттерге мүлдем төзбеушілік қалыптастыру — қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі.Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылуда. Маңызды бағыттардың бірі — халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ адам факторын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендететін цифрлық технологияларды енгізу. Үдерістер неғұрлым ашық болған сайын, заңсыз әрекеттерге мүмкіндік соғұрлым азаяды.Сонымен қатар, өскелең ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды бағыт болып табылады. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру — ел болашағына салынған инвестиция. Қазіргі таңда мектептер мен оқу орындарында адалдық, әділеттілік және жауапкершілік қағидаттарын дәріптеуге бағытталған тақырыптық сабақтар, кездесулер мен іс-шаралар өткізілуде. Жастар табысқа тек еңбек пен білім арқылы жетуге болатынын, заңды айналып өту жолымен емес екенін анық түсінуі тиіс.Біз адалдықты өмірлік нормаға айналдырған, ал сыбайлас жемқорлықты мүлде қабылдамайтын ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Тек осылай ғана мықты әрі әділетті мемлекет құруға болады.Осы орайда әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы да маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қоғамдық нормаға айналуы тиіс. Әрқайсымыз заңдылық пен әділдік қағидаттарын ұстанған жағдайда ғана, біз жемқорлыққа жол бермейтін тиімді жүйе қалыптастыра аламыз.Сыбайлас жемқорлық — бұл қоғам болып қарсы тұруды талап ететін кесел. Тек мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы біз бұл құбылысты жойып, тұрақты дамуға және азаматтарымыздың лайықты болашағына қол жеткізе аламыз.Таңдау әрқашан өз қолымызда: заңмен өмір сүру немесе оны айналып өту жолдарын іздеу. Ал тек заң жолы ғана мықты, әділетті және өркендеген Қазақстанға бастайды.Курчатов қаласының әкіміБ. Әбдралиевтіңсыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мақаласыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1200806?lang=kk
AlmaU Creative Forum-ның алғашқы күні: кино, медиа, жасанды интеллект және байланыс саласы сарапшыларынан мастер-класстар 14.04.2026
2026 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласындағы Almaty Creative алаңында AlmaU Creative Forum өз жұмысын бастады. Бұл үш күндік форум студенттерді, сарапшыларды және креативті индустрия өкілдерін біріктіруге бағытталған. Форум Media and Film School AlmaU-дың 5 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. «Форум бастапқыда креативті индустрияның негізгі бағыттарын қамтитын платформа ретінде ойластырылды: Workshop Day, Industry Day және Science Day. Біз креативті саладағы студенттерді, жас мамандарды және өз жолын енді бастаған барлық қатысушыларды біріктіруге ұмтылдық. Бес жыл бойы Media and Film School AlmaU үшін тәжірибеге негізделген оқыту және студенттердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау басты басымдық болып келеді», - деп атап өтті Media and Film School AlmaU деканы Анара Секеева. Бірінші күн - Workshop Day - практикалық оқытуға, тәжірибе алмасуға, медиа, байланыс және цифрлық контент саласындағы өзекті трендтерді талқылауға арналды. Бағдарлама аясында саладағы тәжірибелі мамандардың қатысуымен бірқатар воркшоптар мен пікірталастар өтті. «Режиссер және Rental: техникалық ойлау киноның визуалды стилін қалай қалыптастырады» атты тақырыппен режиссер, ANG Rental компаниясының жетекшісі Артем Ганцев сөз сөйледі. «Идеядан кадрға дейін: кез келген жабдықпен кәсіби контентті қалай жасауға болады» атты сессияда режиссер, креатор және блогер Димаш Аубакиров пен yume.rent компаниясы басшысының орынбасары, оператор-постановщик Томас Төлеухан өз тәжірибелерімен бөлісті. Модератор ретінде Media and Film School Lab директоры Ботакөз Асқарова қатысты. «Менің басты кеңесім - өз көзқарасыңды қорғай білу. Көп жағдайда тапсырыс берушілер креаторда бар деңгейдегі көрегендікке ие бола бермейді. Мұны түсіну және өз шешімдеріңді ұсынудан қорықпау маңызды. Кейін дәл осы іске асқан жұмыстар сіздің стиліңізді қалыптастырады, ал жаңа клиенттер “мен де осындайды қалаймын” деген сұраныспен келеді», - деді Димаш Аубакиров. Креативті серіктестіктерге арналған PR панельдік пікірталасында Media and Film School AlmaU коммуникациялар және ілгерілету жөніндегі директоры Айдана Айтбай модераторлық етті. Home Credit Bank-тің PR және экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару бағытының жетекшісі Гаухар Керимова продакшн-командалар, брендтер және коммуникация мамандары арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі туралы айтты. Кино және медиа контентті ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кино маркетингке арналған сессияда цифрлық продюсер Бақыт Тұрсынова стратегия құрудың негізгі құралдарын, соның ішінде көрсеткіштерді, концепцияны, қоғамдық байланыстарды, мақсатты аудиторияны, ілгерілету желілерін және уақыт кестесін қарастырды. Креаторларды дамытуға арналған блок TikTok платформасының өзекті трендтеріне арналды, оның ішінде ниша таңдау, аудиториямен жұмыс және 2026 жылы даму мүмкіндіктері қарастырылды. «Тревел-нишада әлі де бос кеңістік көп, себебі көптеген авторлар тез шаршап, бұл бағыттан кетіп қалады. Сонымен қатар, саяхат контенті үлкен шығынды талап етеді деген стереотип бар. Шын мәнінде, саяхат үйден шыққан сәттен басталады. Бұл ниша әлі де ашық және онда үнемі жаңа авторлар пайда болып отырады», - деген пікірмен тревел-креатор Асет Мурзабаев бөлісті. «Видеолар миллиондаған қаралым жинауы мүмкін, бірақ жазылушыларға айналмауы да ықтимал. Сол кезде мен контентті бөліктерге бөлуді бастадым: біріншісі - процесс, екіншісі - нәтижесі кейінірек көрсетілетін бөлім. Бұл формат аудиторияны жақсырақ ұстап, жазылушылар санының өсуін айтарлықтай арттырды», - деді суретші және TikTok-креатор Асель Сабыржанқызы. «Мен әлеуметтік желілерде ойын-сауық пен мазмұн арасындағы тепе-теңдікті сақтауды ұсынар едім. Адамдар көбіне демалу үшін келеді, сондықтан күрделі тақырыптармен шамадан тыс жүктемеу маңызды. Рубрика форматтары жақсы жұмыс істейді, өйткені олар назарды ұстап, аудиторияда әдет қалыптастырады», — деп бөлісті TikTok-креатор Айша Байділдаева. Бағдарламаның қорытынды бөлігі кино мен медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөліне арналған пікірталас болды. Онда AI технологияларын қолдану мүмкіндіктері мен кәсіби қауымдастық үшін ықтимал сын-қатерлер қарастырылды. Бұл тақырыпта медиахудожник, Prizma AI Studio нейродизайнері Риз Есентаев және жасанды интеллект арқылы бизнесті трансформациялауға маманданған сериялық кәсіпкер Ник Макфлай сөз сөйледі. «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы бейне контент өндіру индустрия экономикасын түбегейлі өзгертті. Бүгінде AI көмегімен клип жасау шамамен 400 доллар тұрады, ал 15 жыл бұрын мұндай продакшн жүздеген мың долларға бағаланатын. Адам ресурстарын есептемегенде, құн айтарлықтай төмендеп, технологиялар креаторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді болды», — деді Ник Макфлай. AlmaU Creative Forum-ның алғашқы күні креативті индустриядағы өзекті тақырыптар мен практикалық оқытуға жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті, қатысушыларды тәжірибе алмасу мен пайдалы инсайттар төңірегінде біріктірді.
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 14.04.2026
«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесуге Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Дінслам Русланұлы Әлжан қатысып, құқықтық нормаларды сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, сталкинг және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіріп өтті.
Сингапурда көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды 14.04.2026
Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Асқар Құттықадам Сингапур Сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Бас директоры Нг Бун Янмен жұмыс кездесуін өткізді.Қазақстандық дипломат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған ҚР жаңа Конституциясына сәйкес, еліміз халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейтінін, бейбітшілік пен мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастық саясатын жүргізетінін, олардың ішкі істеріне араласпау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу ұстанымын ұстанатынын атап өтті.Осы орайда тараптар Қазақстан мен Сингапурдың мультилатерализм мен халықаралық құқық идеалдарына берік бейілділігін, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер жағдайында орта және шағын мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін қанағаттанушылықпен атап өтті.Қазақстандық дипломат Президент Қ.К.Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы дебаттарындағы сөзінде мәлімдегендей БҰҰ реформасы жөніндегі Астананың негізгі ұстанымдарын, соның ішінде Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің мүдделерін ескере отырып Қауіпсіздік Кеңесін жаңғырту мәселесімен таныстырды.Қазақстан тарапы БҰҰ жүйесін трансформациялау және нығайту ісіне түрлі халықаралық бастамаларды ұсыну арқылы практикалық үлес қосуға ұмтылатыны атап өтілді. Олардың қатарында 2025 жылы Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру, БҰҰ-ның ЭСКАТО аясында тұрақты даму үшін цифрлық шешімдердің Азия-Тынық мұхиты орталығын құру және Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру жөніндегі ұсыныстар бар.Кездесу барысында ерекше назар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына аударылды. Сингапур тарапы 2026 жылғы 23 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясындағы консультациялар шеңберінде осы маңызды идеяны талқылауға қайтадан шақырылды.Кездесу барысында тараптар халықаралық аренадағы қазақ-сингапур өзара іс-қимылының жай-күйіне, соның ішінде бір-бірінің бастамалары мен кандидатураларын өзара қолдауға оң баға берді. 2026 жылғы сәуірдің соңында Астанада өтетін сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың бесінші раунды және жоғары деңгейдегі өзге де жоспарланған іс-шаралар қарсаңында тараптар екі елдің басымдықтары мен БҰҰ жүйесінің бірқатар мекемелерінің басшылық органдарына ұсынылатын кандидатуралар бойынша өз ұстанымдары бойынша «сағаттарды теңестірді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/1200141?lang=kk
"Айналадағы тазалық — тарихты құрметтеу" 14.04.2026
Миролюбов ауылдық округінде экологиялық акция аясында Таза Қазақстан аумағын жақсарту және санитарлық тазалау іс-шарасы өткізілді.Акция барысында қатысушылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізді, естелік объектілеріне қол жеткізілді, сондай-ақ әкімдікке іргелес аумақ тазаланды. Тазалықты сақтауға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға ерекше назар аударылды.Осындай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, тұрғындардың қоршаған ортаның жағдайына деген жауапкершілігін арттырады және өмір сүруге ыңғайлы жағдайлар жасауға үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1200158?lang=kk
Бақылау тексерісі: Қарулы күштерде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылуда 14.04.2026
Қарулы күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің басқару органдары, құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгерлік әзірлік бойынша емтихан тапсырып жатыр.Бақылау тексерісі әскерлердің жауынгерлік және жедел дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған. Оқу полигондарында тактикалық оқу-жаттығулар, бақылау жаттығулары, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақыттардағы атыстар өткізіледі. Қарумен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.Сабақтар мен жаттығулар барысында бөлімшелердің үйлесімділігі, белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындау қабілеті тексеріліп, жеке құрамның дайындық деңгейі бағаланады.Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, дене дайындығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да пәндер бойынша сынақтар тапсырады. Сондай-ақ тактикалық буын командирлерінің штаттық және қосымша бөлімшелерді ұрыс атыстары мен тактикалық оқу-жаттығулар кезінде басқару қабілеті бағаланатын болады. Бақылау тексерісі нәтижелеріне сәйкес әскери бөлімдердің қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталған практикалық көмек көрсетіледі.Бұдан бөлек, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы, техника мен қару-жарақтың қойылған міндеттерді орындауға дайындығы тексеріледі. Тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру деңгейі, бөлімшелердің күнделікті қызметі және әскери тәртіптің жай-күйі бағаланады.Бақылау тексерісінің қорытындысы бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметіне кешенді баға беріліп, жауынгерлік дайындық сапасын одан әрі арттыру бағыттары айқындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200127?lang=kk
Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы перспективалары Торонто қаласында талқыланды 14.04.2026
2026 жылғы 13 сәуір, Торонто қ. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Торонто қаласына жұмыс сапарымен барып, оның шеңберінде Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Негізгі іс-шара ретінде Ә. Қуантыровтың және Онтарио провинциясының Экономика және сауда министрлігінің тең төрағалығымен «Kazakhstan-Canada Business Dialogue: Unlocking Cross-Sectoral Opportunities» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Қазақстан нарығына шығуға мүдделі 25-тен астам канадалық компания өкілдері қатысты.Іс-шара барысында Ә.Қуантыров қатысушыларды елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, Қазақстанның өңірлік көлік-логистикалық хаб ретіндегі инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Канадалық тарап Қазақстанның экономикалық өсімінің жоғары қарқыны мен технологиялық дамуын атап өтіп, елге деген елеулі қызығушылығын білдірді.Сонымен қатар, сапар аясында Ә.Қуантыров бірқатар канадалық компаниялармен, сондай-ақ Онтарио провинциясының Экономикалық даму, жұмыс орындарын құру және сауда министрі Виктор Феделимен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың, оның ішінде Онтарио провинциясымен ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, ҚР сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары өткен жылы Астанада өткен Онтарио бизнес-миссиясының нәтижелерін оң бағалады. Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров В.Феделиді өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.Жалпы, Ә.Қуантыровтың Торонтоға жасаған сапары тараптардың негізгі экономикалық салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдық бере отырып, экономикалық әріптестікті кеңейтуге өзара қызығушылығын тағы да растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1200101?lang=kk
Прагада Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті 14.04.2026
Прага, 2026 жылғы 12 сәуір – Чехия астанасында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шара өтті. Мерекені Чехиядағы «Qazaq Nomad» қауымдастығы төртінші жыл қатарынан ұйымдастырды. Биылғы жоба Чех Республикасының жергілікті билік органдарының қолдауымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі де белсенді атсалысты.Биылғы мереке мазмұнының байлығымен және қамту ауқымының кеңдігімен ерекшеленді. Панкрац саябағында қазақтың дәстүрлі киіз үйлері тігіліп, алтыбақан орнатылды, ұлттық тағамдар әзірленіп, қонақтарға ұсынылды. Сонымен қатар ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға келген жұртшылық қазақ халқының салт-дәстүрімен, қолөнерімен және қонақжайлық мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.Мерекелік бағдарлама аясында халық әндері шырқалып, қазақтың күй өнері кеңінен насихатталды, шақырылған өнер ұжымдарының қатысуымен концерттік нөмірлер ұсынылды. Сонымен бірге келушілер ұлттық ойындарға қатысып, шеберлік сабақтарына белсене араласты. Іс-шараға Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де қатысып, арнайы шығармашылық байқау ұйымдастырды.Наурыз мерекесі Чехиядағы отандастарымызбен қатар Прага тұрғындары мен қала қонақтарының, дипломатиялық корпус өкілдерінің және Еуропаның өзге елдерінен келген түрлі этнос өкілдерінің басын қосты. Жиналған қауымның елеулі бөлігін Қазақстан топырағында туып-өскен немесе бір кезеңде елімізді пана тұтқан жандар құрады.Іс-шара барысында сөз сөйлеген Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Наурыздың жаңару мен үміттің, бейбітшілік пен бірліктің мейрамы екенін атап өтіп, мазмұнды мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырған барша ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар ол «Qazaq Nomad» ұйымының басшысы Дарина Жұмағұлға және оның тиімді жұмыс атқарған командасына, сондай-ақ іс-шараның демеушілері мен Прага 4 муниципалитетіне ерекше ризашылығын жеткізді.Қ.Әбдірахманов Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттері және Чех Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің үлгілі сипатқа ие екенін атап өтіп, аталған іс-шара халықтарымыздың бірлігіне, бейбітшілік пен өркендеуге деген ортақ ұмтылысының айқын көрінісі екенін жеткізді. Елші жиналған қауымға, олардың отбасыларына, әсіресе жас буынға ізгі тілегін арнап, көктемгі жаңару мен үміттің нышаны саналатын Пасха және Песах мерекелерін атап өтушілерді де құттықтады.Чехиядағы қазақстандық қауымның бастамасымен ұйымдастырылған бұл мереке қазақ мәдениетін шетелдік жұртшылыққа кеңінен танытуға, отандастарды ортақ құндылықтар төңірегінде топтастыруға және халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1200102?lang=kk
Елшінің Литва экономика және инновациялар министрімен кездесуі туралы 14.04.2026
Вильнюс, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстан Елшісі Т. Оразаев Литваның экономика және инновациялар министрі Э. Грикшаспен кездесу өткізді, ол сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Литва Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болып табылады. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады.Атап айтқанда, тараптар сауда және туризм салаларында, сондай-ақ әсіресе цифрландыру мен инновациялар бағытында, екі ел жетекші орын алатын салаларда ынтымақтастықты кеңейтудің пайдаланылмаған әлеуеті бар екенін атап өтті. Елші литвалық тараптың назарын Қазақстанның IT-қызметтер экспортындағы көшбасшылығына және олардың негізгі даму алаңы – Astana Hub-қа аударды. Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Елде GovTech, FinTech және Жасыл технологиялар халықаралық орталығы дамуда, сондай-ақ ағылшын құқығына негізделген арбитраждық соттың қызметі осы үдерістерге қолдау көрсетуде. Елші Қазақстанның литвалық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде қазақстандық IT-қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілетуге дайын екенін атап өтті.Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниетін білдірді, әсіресе Қазақстанның Еуропамен байланысын қамтамасыз ететін басым бағыт ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын қолдау тұрғысынан.Келіссөздердің маңызды тақырыптарының бірі 14-ші отырыстың шешімдерін іске асыру және алдағы 15-ші Қазақстан–Литва Үкіметаралық комиссиясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі отырысына дайындық болды. Тараптар экология, мәдениет және өңіраралық байланыстарды нығайту, оның ішінде туризм саласындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1200087?lang=kk
Швецияда Наурыз мейрамы атап өтілді 14.04.2026
2026 ж. 12 сәуір, Стокгольм қ. – Стокгольмде Швецияның түрлі қалаларында тұратын отандастарды, сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүріне қызығушылық танытқан осы елдің азаматтарды біріктірген Наурыз мерекесінің ауқымды мерекесі өтті. Іс-шара «Dostar» қазақстандық қауымдастығының бастамасымен өткізілді.ҚР Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов құттықтау сөзінде Наурыз бірлік, ізгілік және жасампаздық күні бола отырып, шетелде тұратын отандастардың бірлігіне, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Іс-шарадағы қонақтар қазақтың әдет-ғұрыптары мен қонақжайлылық дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм тата алды.Диаспорының өкілдері концерттік бағдарлама ұсынып, ұлттық әндер, Н.Тілендиев, Құрманғазы және К.Күмісбековтің шығармаларын қобыз мен домбырада орындады. Сондай-ақ, Қауымдастықтың мүшесі А.Әбдірахман ұйымдастырған балалар би тобы «Қамажай» биін орындады.Өз қолымен жасалған домбырада бірнеше авторлық шығармаларды орындаған Швецияның азаматшасы София Рованың қойылымы ерекше қызығушылық тудырды.Көрермендер әртістердің қойылымдарын жылы шыраймен қарсы алып, орындаудың жоғары деңгейін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1200094?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті 13.04.2026
Астана, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Француз Республикасының Парламенті Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясының төрайымы – Франция Сенатының «Франция – Орталық Азия» достық тобының мүшесі Валери Буайе бастаған делегациямен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қазақ – француз стратегиялық әріптестігінің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.Энергетика, көлік, және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың тиімді құралы ретінде парламентаралық диалогты кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестігін одан әрі дәйекті дамытуға өзара ниетілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1200082?lang=kk
Астанада әскерге шақырылған 30 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды 13.04.2026
Елордадағы Достық үйінде Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған отыз азаматты салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Осындай маңызды сәтті көруге Қарулы күштердің ардагерлері, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Астана қаласы Аналар кеңесінің өкілдері, әскерге алынғандардың туған-туыстары келді. Іс-шараны ашқан Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров көктемгі шақыру науқаны белсенді түрде өтіп жатқанын алға тартты.– Біз Шекара қызметінің бөлімшелерін, Десанттық-шабуылдау әскерлерін және теңіз жаяу әскерлері бригадасын жасақтауды аяқтадық. Қазір әскерге шақырылушыларды Мемлекеттік күзет қызметіне жібереміз. Бұл арнаулы мемлекеттік орган еліміздің элиталық бөлімшесі болғандықтан, іріктеу аса мұқият жүргізілді, әсіресе денсаулығы мықты және ұзын бойлы жігіттерге басымдық берілді, – деді полковник Р. Балтеміров.Аға буын өкілдері атынан да жылы лебіздер айтылды. Әскерге шақырылушылардың бірінің атасы Көбентай Әміралин әскердегі естеліктерімен бөлісті.– Мен Германияда 70-ші жылдардың соңында қызмет еттім және немереме сол жылдар туралы жиі айтатынмын. Сондай әңгімелерім оның әскерге бару туралы шешіміне арқау болған шығар. Қазіргі кез басқаша, дегенмен әскер – ер жету мектебі болып қалары сөзсіз, – деді ол.Әскерге баратындардың бірі – бұрын құтқарушы болып жұмыс істеген 19 жастағы Бауыржан Рахманқұл да осы сәтте алған әсерін былай жеткізді.– Мен үшін бұл саналы қадам. Атыма сай ел қорғайтын лайықты азамат болғым келеді. Әскердегі қызмет маған күш-қуат және ақыл-ой жағынан мықты болуға көмектеседі деп сенемін, – деді әскерге шақырылушы.Мерекелік атмосфераны Достық үйінің этномәдени ұжымдарының концерті толықтырды.Көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Осы уақыт ішінде Қарулы күштер қатарына елорданың бір жарым мыңға жуық тұрғыны шақырылады. Алда механикаландырылған бригадалар мен оқу-жаттығу орталықтарын жасақтау тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200045?lang=kk
№50 мекеменің кітапхана қоры 500 жаңа кітаппен толықты 13.04.2026
№50 мекемеде жазасын өтеушілер арасында ағартушылық пен мәдени ортаны дамытуға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Мекеменің кітапхана қоры М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық университетінің сыйы ретінде 500 жаңа кітаппен толықты.Берілген әдебиеттердің басым бөлігін ХХ ғасыр авторларының классикалық шығармалары құрайды. Бұл туындыларда еңбек, ерлік, адамгершілік және моральдық таңдау тақырыптары кеңінен көрініс тапқан.Салтанатты табыстау аясында кітапханаға мекеме бастығы әділет подполковнигі Светлана Спасская арнайы келіп, жаңа әдебиеттермен танысты. Ол университет өкілдеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, кітаптың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, кітап адамға қоғаммен және мәдени құндылықтармен байланысын сақтауға көмектесетін тиімді құралдардың бірі.Қазіргі таңда мекеменің кітапхана қоры 7 мыңнан астам кітапты құрайды. Қордың толықтырылуы сотталғандар арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға деген ынтаны арттыруға оң ықпал етеді.№50 мекеме әкімшілігі мен университет өкілдері мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім білдірді. Білім беру ұйымдары мен қылмыстық-атқару жүйесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі мен рухани дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1200048?lang=kk
Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған тегін семинарлар циклі өтеді 13.04.2026
Жазғы туристік маусымның ашылуы қарсаңында Ақмола облысының Туризм басқармасы «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп, өңірдің туризм саласы өкілдеріне арналған тегін оқыту семинарларының циклін өткізеді.Семинарларға гид-экскурсоводтар, маркетинг және жарнама саласының мамандары, сондай-ақ туристік қызметтерді цифрландыруға қызығушылық танытқан бизнес өкілдері шақырылады.Өтетін орны: Бурабай курорты, «Wyndham Garden Burabay» қонақ үйіӨтетін күндері:* 2026 жылғы 14–15 сәуір — гид-экскурсоводтарға арналған* 2026 жылғы 28–29 сәуір — маркетинг және жарнама* 2026 жылғы 5–6 мамыр — цифрландыруСеминарлардың мақсаты — туристік қызметтердің сапасын арттыру, қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту және саланы жазғы маусымға дайындау.Қатысу үшін алдын ала тіркеуден өтіп, қатысушылар туралы мәліметтерді келесі телефон нөмірлеріне жолдау қажет:📞 8 777 593 38 98📞 8 747 705 22 48Барлық қызығушылық танытқан мамандарды қатысуға шақырамыз және кәсіби деңгейлеріңізді арттыруға мүмкіндік алуға үндейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1199955?lang=kk
Қазақстанды цифрландыру: eGov.kz электрондық үкімет порталына – 20 жыл 13.04.2026
12 сәуір күні eGov.kz электрондық үкімет порталы іске қосылғанына 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында портал қарапайым ақпараттық ресурс деңгейінен толыққанды цифрлық экожүйеге дейін дамып, әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде ол елдегі технологиялық трансформацияның айқын көрінісі саналады.eGov.kz тарихы – бұл 2006 жылдан бастау алған жүйелі даму кезеңдерінің жиынтығы. Порталдың негізін қалауға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы, яғни 2005-2007 жылдарға арналған электрондық үкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасы себеп болды. Алғашында портал тек анықтамалық қызмет атқарып, азаматтарға мемлекеттік органдар мен қызметтер туралы ақпарат ұсынумен шектелген еді.Уақыт өте келе электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымы қалыптасып, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу мүмкіндігі пайда болды. Даму кезең-кезеңімен жүзеге асты: алғашқы электрондық қызметтерден бастап онлайн төлемі бар транзакциялық сервистерге, одан әрі өмірлік жағдайларға негізделген кешенді қызметтерге дейін жетті.Цифрлық инфрақұрылымның маңызды элементтері енгізілді. Олардың қатарында мемлекеттік деректер базалары, ведомстволық ақпараттық жүйелер, eLicense.kz порталы, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы және электрондық үкімет шлюзі бар. Бұл шешімдер ең сұранысқа ие қызметтерді алуды жеңілдетіп, мемлекеттік органдарға жеке жүгіну қажеттілігін едәуір қысқартты.Цифрлық сервистер пайдаланушы тәжірибесін түбегейлі өзгертті. Мысалы, заңды тұлғаны небәрі 15 минут ішінде тіркеуге немесе баланың тууын онлайн рәсімдеп, бір мезетте жәрдемақыға өтініш беріп, балабақша кезегіне қоюға мүмкіндік туды.2019 жылы электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы жаңартылып, eGov Mobile ретінде дами бастады. Пандемия кезеңі жүйе үшін үлкен сынақ болумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Шектеулер жағдайында eGov.kz мемлекет пен азаматтар арасындағы негізгі байланыс арнасына айналып, қызметтерге қашықтан үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етті. 2020 жылы биометриялық сәйкестендіру енгізіліп, қызмет алу үдерісі одан әрі жеңілдеді. Осы кезеңде пайдаланушылар саны мен онлайн қызметтер көлемі айтарлықтай өсті. Сонымен қатар Smart Bridge, Smart Data Ukimet және eGov Business жобалары іске қосылып, цифрлық құжаттар бағыты қарқынды дамыды.Бүгінде электрондық үкімет күнделікті өмірдің қалыпты құралына айналды. Порталда 15 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, ал көрсетілген қызметтердің жалпы саны 508 миллионнан асты. eGov Mobile арқылы 111 миллионнан астам қызмет көрсетілген, бұл азаматтардың мобильді форматқа тұрақты түрде көшіп жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда 1300-ден астам мемлекеттік қызметтің шамамен 90%-ы онлайн қолжетімді. Сондай-ақ пайдаланушылар үшін 39 цифрлық құжат ұсынылған.«eGov-тың 20 жылы – ақпараттық порталдан бастап миллиондаған қазақстандықтың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған ауқымды цифрлық экожүйеге дейінгі жол. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді, ал мемлекетпен өзара іс-қимыл бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы бола түсті. Қазір біз жаңа кезеңге – eGov 3.0-ге қадам басып отырмыз, мұнда проактивті сервистер мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер шешуші рөл атқарады. Елдің цифрлануына негіз қалаған және оны әрі қарай дамытып келе жатқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Бұл – заманауи әрі тиімді мемлекетті қалыптастыруға қосылған үлкен үлес», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Қазіргі кезеңде eGov.kz және оның құрамдас бөліктерін дамыту жасанды интеллект шешімдерін кеңінен енгізуге бағытталған. Атап айтқанда, eGov AI және AlemGPT платформасы сияқты құралдар азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді барынша қарапайым әрі түсінікті етеді, соның ішінде табиғи тілде диалог жүргізу мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта толық циклді қызмет көрсетуге арналған мультиагентті AlemGPT платформасы сынақтан өтуде. Болашақта ол мемлекеттік қызметтердің барлық түрі бойынша толыққанды AI-көмекшіге айналады.Қазақстанның электрондық үкіметі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып отыр. 2024 жылы UN Global E-Government Development Index рейтингінде Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орынға ие болды, сондай-ақ онлайн қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орынды иеленіп, Оңтүстік Корея, Дания және Эстония сияқты әлемдік рейтинг көшбасшыларымен қатар тұр. БҰҰ сарапшылары Қазақстанның электрондық үкіметі мен оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін жоғары бағалады. Аталған жүйелердің операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында цифрлық шешімдерді қолданудың халықтың өмір сапасын арттырудағы маңызы атап өтілді.Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері әрдайым басым бағыт болып қала береді. Жеке деректерді қорғау конституциялық деңгейде бекітілген және цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығымен қатар мемлекеттік сервистерге деген сенімнің негізі ретінде қарастырылады.Осы жетістіктердің артында ең басты нәтиже тұр – азаматтардың үнемделген уақыты мен ресурстары, сондай-ақ бюрократиялық жүктеменің айтарлықтай азаюы. Бүгінде eGov жай ғана құрал емес, мемлекет пен қоғамның сенімді цифрлық серіктесіне айналды.Қазір біз келесі қадамды жасап отырмыз – анағұрлым ақылды, қамқор әрі шын мәнінде адамға бағдарланған мемлекет құруға. Осыдан 20 жыл бұрын баланың тууын рәсімдеу, тіркеуге тұру немесе жәрдемақы алу бірнеше минуттың ішінде, үйден шықпай-ақ жүзеге асады деп елестету қиын еді. Ал бүгінде бұл – қалыпты өмір шындығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1200003?lang=kk
Еңбек иммигранттарына арналған мемлекеттік қызмет толықтай онлайн форматқа көшіріледі 13.04.2026
2026 жылғы 13 сәуірден бастап Қазақстанда еңбек иммигранттарына жұмысқа рұқсат беру және оны ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет ХҚКО-ларда қолжетімсіз болып, өтінімді тек онлайн түрде беруге болады.Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту қызметі онлайн форматқа ауыстырылып, тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болды. Жаңарту Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігін жойып, құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетті.Енді шетел азаматтары Қазақстан аумағында жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін рұқсатты онлайн түрде рәсімдей немесе ұзарта алады. Пайдаланушыларға кейбір құжаттарды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Мысалы, медициналық анықтама мен сақтандыру туралы мәліметтер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде тартылатын болады. Бұл өтінім беру уақытын қысқартып, қателіктердің туындау ықтималдығын азайтады.Рұқсат беру немесе оны ұзарту туралы шешімді аудан және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ішкі істер органдарымен келісу арқылы қабылдайды. Рұқсат еңбек иммигранттарын тартуға белгіленген квота шегінде 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Мемлекеттік қызметті алу бойынша қосымша ақпарат eGov.kz порталында және оның әлеуметтік желілерінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1220883?lang=kk
Қазақстан Елшісі «Acwa» компаниясының басшылығымен кездесті 13.04.2026
Рияд, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Acwa» компаниясы Төрағасының орынбасары және Басқарушы директоры Раад Әл-Саадимен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан тарапы тұрақты энергетиканы дамыту және экономиканың энергия тиімділігін арттыру үшін «Acwa» компаниясының озық технологиялары мен халықаралық тәжірибесін тартуға мүдделі екенін атап өтті.Өз кезегінде, компания басшылығы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті және Қазақстанның орнықты энергетикалық дамуына белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика және орнықты даму салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтау мақсатында диалогты жалғастыруға уағдаласты.«Acwa» (2026 жылғы қаңтарға дейін – «ACWA Power») – 2004 жылы құрылған Сауд Арабиясындағы ірі энергетикалық компаниялардың бірі. Компания электр станциялары мен тұщыландыру қондырғыларын салу және пайдалану саласына маманданған, кең халықаралық тәжірибеге ие және оның қызметі жаңартылатын энергетиканы дамытуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1199935?lang=kk
«Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастау туралы 13.04.2026
«Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастау туралыҚостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы учаскесінде орналасқан «Желқуар» өткізу пункті штаттық режимде өз жұмысын қайта бастағанын хабарлайды.Адамдарды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жүк тасымалдау маршруттарын жоспарлау кезінде «Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастауды ескеру ұсынылады.Департамент мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199825?lang=kk
«KEDEN» жүйесінде жаңа функционалдардың іске қосылуы туралы 13.04.2026
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «KEDEN» АЖ жүйесінде «Тауарларға декларация» функциясының іске қосылуына байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 00:00-ден бастап жұмыс істейтінін хабарлайды. Осыған байланысты 2026 жылғы 10 сәуірден бастап «Кеден» АЖ жүйесінде «Салықтар, кедендік баждар, антидемпингтік, арнайы, өтемдік баждарды төлеуді жүзеге асыру міндеттемесіне қамтамасыз ету» модулін (әрі қарай - қамтамасыз ету) ТД, ТӘӨ, ТСҚ бойынша қамтамасыз ету тіркеуге өтініш беру бөлігінде іске қосу жоспарлануда. «Астана-1» АЖ жүйесі арқылы қамтамасыз етуді тіркеу жаңа функцияның іске қосылуына байланысты 2026 жылғы 10 сәуір сағат 21:00-ден бастап тоқтатылады.«Қамтамасыз ету» модулінде мемлекеттік қызметті орталықтандырылған көрсету бойынша функционалды жүзеге асыру қарастырылған, өтінішті беру кезеңінен бастап қамтамасыз етуді тіркеуге дейін және қамтамасыз ету статустарын автоматты түрде белгілеуге дейін. Жүйеде СЭҚҚ мен МКД лауазымды тұлғалары үшін өтініштердің қаралуы, қамтамасыз етудің тіркелуі, сондай-ақ қамтамасыз етудің тіркелуін бас тарту туралы хабарламалар көрсетіледі. Осы функционалда қамтамасыз етудің мүлікті кепілге қоюмен байланысты болу шарттары бойынша сақтандыру шартын, банк кепілдігі, кепілге қою келісімін алу бөлігінде мемлекеттік органдармен интеграциялар қарастырылған. Аталғандарды ескере отырып, келесі мәселелерді назарға алу қажет:1. Е-Otinish, Documentolog арқылы және қағаз түрінде берілген өтініштер қабылданбайды, мүлік кепілдігін беруге арналған келісімнің түпнұсқасын және мүлікті бағалау туралы есепті ұсыну жөніндегі өтініштер (қосымша жөнелту) қоспағанда.2. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 102-бабына сәйкес АИС «ЕСБД» (Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйе "Біртұтас Сақтандыру деректер базасы") арқылы автоматты түрде алу жүзеге асырылды.3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында банктік кепілдіктер туралы мәліметтерді Кодекстің 99-бабына сәйкес АИС «БДКИ» (Автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Несие тарихтары деректер базасы») арқылы автоматты түрде алу функциясы жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199832?lang=kk