Әлем
МКК төрағасының Қостанай қаласында халықпен кездесуі 13.04.2026
2026 жылғы 7 сәуірде Қостанай қаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымының іске асыру аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Қостанай облысының тұрғындарымен ашық кездесу өткізді. Жиын барысында төраға Мемлекеттік кірістер комитетінің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті, оның ішінде салық және кеден заңнамаларына өзгерістер енгізу, жаңа ақпараттық жүйелердің артықшылықтары, халыққа сервистік қызмет көрсетуге көшу, адал бизнесті қолдау, сонымен бірге 2026 жылға арналған алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды арттыру бойынша сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.Сөз соңында Жандос Дүйсембиев кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар азаматтармен жеке кездесу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199839?lang=kk
2025 жылғы IV тоқсан үшін ҚҚС декларациясының (300.00 нысаны) жаңа түрі бекітілді 13.04.2026
2025 жылғы IV тоқсан үшін ҚҚС декларациясының (300.00 нысаны) жаңа түрі бекітілдіҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, қосылған құн салығы бойынша декларацияның (300.00 нысаны) жаңа түрі және оны толтыру қағидалары жаңартылды.Бұрын қолданылған 300.00 нысаны 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге қатысты қолданылады. Ал жаңа нысан 2025 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі есептілікке қолданылады.Негізгі өзгерістер300.00.032 жолын толтыру тәртібі жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес жаңартылды;ҚҚС артық сомасын қайтару тәсілдері 5-тен 3-ке дейін қысқартылды;Салық төлеушілер санаттары бойынша бөліну алынып тасталып, қайтару тетігі жеңілдетілді;Қайтару тәсіліне қарай бірыңғай тәсіл енгізілді;Жол толтырылмайтын жағдайлар кеңейтілді;«бастапқы» және «тарату» декларация түрлері енгізілді.Өзгерістер ҚҚС артық сомасын қайтару рәсімін жеңілдетуге, тәсілдерді біріздендіруге және салық есептілігін жаңа Салық кодексіне сәйкестендіруге бағытталған.Өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 203 бұйрығымен енгізіліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2025 жылғы IV тоқсан бойынша есептілікке қатысты қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199844?lang=kk
Кедендік тізілімдерді орналастыру туралы 13.04.2026
Кедендік тізілімдерді орналастыру туралыҚұрметті СЭҚ қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті https://kgd.gov.kz порталдың жабылуына байланысты кедендік тізілімдерді орналастыру «Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы Қызмет-Салалық құжаттар-Кедендік әкімшілендіру -Тізілімдер» бөлімінде жүзеге асырылатыны жөнінде ақпараттандырады.Сайтқа сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/activities/directions?lang=ru .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199849?lang=kk
Салық төлеуде қиындықтар туындады ма? 2026 жылы төлем мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу жолдарын біліп алыңыз! 13.04.2026
ҚР жаңа Салық кодексі бизнес пен азаматтарға шоттарды бұғаттамай-ақ уақытша қаржылық қиындықтарды еңсеруге көмектесетін тетіктерді қарастырады. Олардың қалай жұмыс істейтінін талдап көрейік.Айырмашылығы неде?🔹 Төлем мерзімін ұзарту (Отсрочка) — бұл бүкіл соманы төлеу мерзімін кешірек мерзімге ауыстыру (6 айға дейін).🔹 Бөліп төлеу (Рассрочка) — бұл берешекті тең үлестермен төленетін бөліктерге бөлу (36 айға дейін).Қандай жағдайда бұған сенім артуға болады?Мерзімдерді өзгерту негіздері заңда нақты жазылған:✅ Форс-мажор: табиғи апаттардан, ТЖ немесе әскери іс-қимылдардан келген залал.✅ Маусымдық сипат: егер сіздің табысыңыз жыл мезгіліне байланысты болса.✅ Қосымша есептілік: егер сіз салықтарды өзіңіз қосымша есептесеңіз.✅ Тексерулер: егер сіз тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалармен келіссеңіз (5 жылдан астам тіркелген жағдайда). ✅ Жеке тұлғаның ауыр жағдайы: егер адам (дара кәсіпкер емес) салықты бірден төлей алмаса.Маңызды шарттар мен шектеулер:🚫 Нені кейінге қалдыруға болмайды: төлем көзінен ұсталатын салықтар (мысалы, жұмысшылар үшін табыс салығы), ЕАЭО елдерінен импорттау кезіндегі ҚҚС пен акциздер, сондай-ақ Ұлттық қорға төленетін төлемдер.💰 Өсімпұл: мерзімді өзгерту өсімпұл есептеуден босатпайды, тек ерекше жағдайларды (мысалы, өз өнімін өндірушілер үшін) қоспағанда. 🛡️ Кепілдіктер: бөліп төлеуді алу үшін (көлденең мониторингке қатысушылардан басқа) мүлік кепілі немесе банктік кепілдік қажет.Нені кепілге қоюға болмайды?Салық органы кепіл ретінде мыналарды қабылдамайды:❌ Жеке тұлғаның немесе ДК-нің жалғыз тұрғын үйі.❌ Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері (электр энергиясы, жылу).❌ Тез бұзылатын тауарлар мен тамақ өнімдері.❌ Тыйым салынған немесе үшінші тұлғалардың ауыртпалығы бар мүлік.Арнайы соттар үшін: Егер сіздің қаржылық жағдайыңыз талап қою кезінде оны төлеуге мүмкіндік бермесе (мысалы, ауруға, жалақының болмауына немесе жұмыссыз мәртебесіне байланысты), соттарда мемлекеттік бажды төлеу мерзімін бір жылға дейін ұзартудың жеке тәртібі бар.Есіңізде болсын: егер сіз төлем кестесін 5 жұмыс күнінен артық бұзсаңыз, мерзімді ұзарту туралы шешім мерзімінен бұрын жойылады және салық органы мәжбүрлеп өндіруді бастайды.Салықтарыңызды алдын ала жоспарлаңыз және заңды қолдау құралдарын пайдаланыңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1199749?lang=kk
Запорожье ауылдық округінің әкімі сайланды 13.04.2026
Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Запорожье ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылардың келуі 72,08 % құрады (1440-тан 1038).Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі болып Ақылбек Айтуғанұлы Алдажаров сайланды.Ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі АСК шешімімен Ақылбек Айтуғанұлы Алдажаров Жақсы ауданының Запорожье ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.Ақылбек Айтуғанұлы, 1984 жылы Терісаққан ауылында туған, білімі жоғары: 2017 жылы Орталық Қазақстан академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2006 жылы Ақмола облысы ІІД Жақсы аудандық ішкі істер бөлімінің арнайы тобының кіші қызметкері болып бастаған.2012 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Ақмола облысы ІІД Жақсы АІІБ кадр жұмысы тобының жауынгерлік, қызметтік және кәсіптік даярлау жөніндегі инспекторы лауазымын атқарды.2017 жылдың қыркүйек айы мен 2025 жылдың тамыз айы аралығында ҚР ІІМ Ақмола облысы полиция департаменті Жақсы ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарып, кадр саясаты мәселелеріне жетекшілік етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1199765?lang=kk
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру 13.04.2026
Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1199660?lang=kk
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша түсімдерді бюджет жүйесінің 3-ші және 4-ші деңгейдегі бюджеттеріне есептеуге қатысты 13.04.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің нормаларын біркелкі қолдану мақсатында мынаны мәліметке жеткізеді.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бюджет кодексінің нормаларымен жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салық (бұдан әрі – КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС) түсімдерін бюджет жүйесінің 3-ші (аудандық, облыстық маңызы бар қала) және 4-ші (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ) деңгейлегі бюджеттеріне есептеу көзделген.Осыған байланысты, «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС 105310 БКК-на есептеледі.Сонымен қатар, 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 788 және 789-баптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша есептелген салық сомасын бюджетке төлеуге және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына декларация тапсыруға міндетті.Бұл ретте Салық кодексінің 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері – Қазақстан Республикасында тіркелу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері.Осыған байланысты, қайшылықтарды болдырмау мақсатында аталған мәселе 2026 жылғы 3 наурызда жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысында қаралды, оның шеңберінде КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС-ты салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша төлеу бөлігінде Салық кодексіне ретроспективті түзетулер енгізу туралы шешім қабылданды.Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Салық кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін мыналарды басшылыққа алу қажет:1) КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша 2025 жылдың 4-тоқсанына арналған декларацияны жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады (105306 БКК-на төлей отырып);2) 2026 жылғы салық кезеңдері үшін КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады (105310 БКК-на төлей отырып).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1199662?lang=kk
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өткізу туралы 13.04.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында, сондай-ақ көктемгі екі айлық санитарлық тазарту жұмыстары барысында әкімдік пен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.2026 жылғы 11 сәуірде қала аумағында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және көріктендіру жұмыстары жалғасуда.#ТазаҚазақстан #ТазаҚалаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1199614?lang=kk
Құрлық әскерлері әскери институтының 30 курсанты алғаш рет түнде парашютпен секірді 13.04.2026
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының үшінші курс курсанттары оқу-жаттығу сабақтары барысында Қонаев гарнизонында түнгі парашютпен секіруді сәтті орындады. Секірулер Ми-17 тікұшағынан 800 метр биіктіктен десант түсіру алаңына жүзеге асырылды.Парашютпен секірмес бұрын «барлау бөлімшелерін басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар теориялық және практикалық сабақтардың толық кешенінен өтті. Жердегі дайындық бағдарламасы қарапайымнан күрделіге қарай қағидасымен жүргізілді. Алдымен курсанттар парашютті жинау тәртібін, секірудің жекелеген элементтерін меңгеріп, кейін динамикалық кешенді тренажерларда дағдыларын бекітті.Түнгі жағдайда тапсырмаларды пысықтау үшін секіру аймағы алдын ала жарықтандыру, белгі беру бағдарлары және басқару құралдарын қамтитын техникалық құралдар кешенімен жабдықталды. Курсанттар сондай-ақ маңдай шамдармен, жеке қорғаныс және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.– Сіздер қажетті дайындықтан өттіңіздер. Іс-әрекеттеріңізге сенімді болуларыңызды, барлық нұсқаулықтарды қатаң сақтауларыңызды және сәтті қонуларыңызды тілеймін, – деп курсанттарға Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы полковник Ербол Нұржанов ақ жол тіледі.Парашютпен секіру – болашақ офицерлердің кәсіби даярлығындағы маңызды кезең. Дайындықтың барлық сатыларында нұсқаушылар қатаң бақылау жүргізіп, әр курсанттың жабдықтарын мұқият тексерді. Қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.– Бұған дейін күндіз секірген болатынмын. Түнгі секіру мен үшін тың тәжірибе болды. Көріну шектеулі болғандықтан сәл қиындық туғызды, бірақ дайындықтың арқасында тапсырма сәтті орындалды, – деді кіші сержант Сұңғат Дәукен.Нұсқаушылар құрамы курсанттардың үйлесімді іс-қимылын, тәртібін және парашютпен секіру кезінде көрсеткен кәсібилігін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1199638?lang=kk
Үздік волейболшылар! 13.04.2026
Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» облыстық спартакиадасының волейбол бойынша жарыстары өтті.Мәмілесіз ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері жеңіске қөл жеткізді, екінші орында Ақмола облысы әкімдігінің командасы, ал үшінші орында Аршалы ауданының командасы. Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.Жеңімпаздар командасының капитаны кедендік бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Қайрат Исимбаев осындай шараларды өткізу салауатты өмірдің салттың насихаттауға және дамуына жол беретіндігі туралы атап кетті.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1199582?lang=kk
2026 жылғы 1 сәуірден бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа тәртіп енгізіледі 13.04.2026
2026 жылғы 1 сәуірден бастап банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуды бастайды.Аталған шараның мақсаты — қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтау.Қандай жағдайлар бақылауға алынады?Барлық аударымдар емес, тек келесі шарттар бір уақытта орындалған жағдайда ғана тексеру жүргізіледі:- әртүрлі 100 және одан да көп адамнан қаражат түсуі;- аударымдардың қатарынан 3 ай бойы қайталануы;- жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асуы.Осы талаптардың барлығы сәйкес келгенде ғана назарға алынады.Назар аударыңызБұл өзгерістер шоттарды автоматты түрде бұғаттауды білдірмейді.Тексеру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:- бастапқыда камералдық бақылау жүргізіледі;- кейін салық төлеушіге ресми хабарлама жолданады;- 30 жұмыс күні ішінде:— түсіндірме беру;— қаражаттың шығу тегін дәлелдеу;— қажет болған жағдайда бұзушылықтарды түзету мүмкіндігі ұсынылады.Жеке аударымдарға қатыстыЕгер қаражат:- жақындардан көмек ретінде;- емделу үшін жиналған қаржы;- қарызды қайтару;- сыйлық немесе жеке қажеттілік мақсатында түскен болса,мұны тиісті дәлелдермен растауға болады.Мұндай түсімдерге салық салынбайды.Бақылаудың негізгі бағытыБұл шара ең алдымен жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталған.Мысалы:- тұрақты түрде тауар сату;- қызмет көрсетіп, бірақ ЖК (ИП) тіркелмеу;- жүйелі табыс таба отырып, салық төлемеу.Маңызды білу қажет- Жеке тұлғалар арасындағы аударымдар заң шеңберінде жүзеге асырылады және салық салынбайды;- Бақылау қарапайым азаматтарға емес, көлеңкелі бизнеске бағытталған;- Егер кәсіпкерлік қызмет жүргізбесеңіз, алаңдаудың қажеті жоқ.ҚорытындыМобильді аударымдарды бақылау — заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға арналған құрал. Бұл барлық азаматтардың жеке қаржылық операцияларын толық бақылау деген сөз емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1199589?lang=kk
Алимент өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы 13.04.2026
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау және алимент өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.Борышкерлерге қатысты мәжбүрлеу сипатындағы нақты шаралар, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қою, іздеу жариялау, сондай-ақ заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту шаралары қолданылуда.Ағымдағы жылдың басынан бері 29 борышкер әкімшілік, 8 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.Сонымен қатар, сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізілуде.Мәселен, қадағалау қызметі барысында үш кәмелетке толмаған баланың пайдасына алимент өндіріп алу туралы атқарушылық өндірістердің бірі бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысының берешекті ұзақ уақыт бойы есепке алмауы, қарыздың бар екендігі туралы мәліметтердің бұрмалануына әкеп соқтырғаны белгілі болды.Бұдан бөлек, 2024 жылы өндірілген 300 мың теңге көлеміндегі қаражат өндіріп алушыларға ұзақ уақыт бойы аударылмаған және тек прокуратураның араласуынан кейін ғана бағытталған.Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы тәртіптік іс қозғау туралы қаулы қабылдады. Нәтижесінде сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы мүшелігінен шығарылды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 328 баланың пайдасына 80 млн теңгеден астам алимент бойынша берешек өтелді.Облыс прокуратурасы балаларды асырап-бағу міндеті ата-анаға жүктелгенін ескертеді. Алимент төлеуден жалтару әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.Балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1199570?lang=kk
Амстердамдағы Консертгебауда қазақстандық музыканттардың концерті өтті 13.04.2026
Амстердам, 2026 жылғы 12 сәуір – Еуропаның беделді концерт залдарының бірі – Консертгебауда көрнекті пианист Людмила Берлинскаяның қатысуымен Ғазиза Жұбанова атындағы Қазақ квартетінің концерті өтті.Концерттік бағдарлама әлемдік классика мен қазақстандық музыкалық мәдениеттің туындыларын, соның ішінде Роберт Шуман, Ғазиза Жұбанова және Дмитрий Шостаковичтің шығармаларын қамтыды. Бұл өнер көрсету еуропалық және қазақстандық музыкалық дәстүрлердің үйлесімді тоғысуының жарқын үлгісіне айналды.Ғазиза Жұбанова атындағы Қазақ квартеті – Қазақстандағы жетекші камералық ансамбльдердің бірі. Биылғы маусымда ұжым өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде және ұлттық музыкалық өнерді халықаралық деңгейде белсенді түрде насихаттап келеді. Ұжым әлемнің ең беделді сахналарында, соның ішінде Нью-Йорктегі Carnegie Hall-да өнер көрсетіп, жетекші әлемдік музыканттармен ынтымақтастық орнатуда.Пианист Людмила Берлинская – халықаралық деңгейде мойындалған орындаушы, Еуропа, Солтүстік Америка және Азияның ең ірі концерт залдарындағы өнер көрсетулерімен, сондай-ақ қазіргі заманның танымал музыканттарымен ынтымақтастығымен кеңінен белгілі.Іс-шара Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып, қазақстандық мәдениетті ілгерілетуге және Қазақстан мен Нидерланд арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталды.Концерт дипломатиялық корпус, мәдени және іскерлік орта өкілдері, сондай-ақ кең жұртшылық тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, қазақстандық өнерге халықаралық деңгейде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.Концерт аяқталғаннан кейін қонақтар мен әртістер арасында бейресми әңгіме өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1199548?lang=kk
АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙДІ: ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ МЕН ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ НАҚТЫЛАНДЫ 13.04.2026
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттардың толық тізімін ұсынды. Биылғы ерекшелік – қабылдау үдерісі толықтай цифрлық форматта өтіп, барлық құжаттар заманауи онлайн платформа арқылы қабылданады.Академияға түсу үшін үміткерлер ең алдымен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және жоғары білім туралы дипломын (магистратураға) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжатты (докторантураға) ұсынуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша мемлекеттік органның жолдамасы қажет.Маңызды талаптардың бірі – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растау. Үміткерлер QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ жүйелері арқылы кемінде В1 деңгейіндегі сертификат тапсыруы тиіс. Ал шетел азаматтарына бұл талап қолданылмайды.Халықаралық қатынастар және мемлекеттік саясат бағыттары бойынша магистратураға, сондай-ақ докторантура бағдарламаларына түсушілер үшін ағылшын тілін меңгергенін дәлелдейтін халықаралық сертификат міндетті. Магистратураға түсу үшін IELTS бойынша кемінде 4.0 балл талап етілсе, докторантураға үміткерлер үшін бұл көрсеткіш 5.5 баллдан төмен болмауы тиіс. Сонымен қатар TOEFL, TOEIC және Duolingo English Test нәтижелері де қабылданады.Еңбек тәжірибесіне де ерекше мән беріледі. Мемлекеттік қызметшілер бірыңғай кадрлық жүйеден алынған қызмет тізімін немесе кадр қызметі растаған анықтаманы ұсынуы қажет. Ал басқа үміткерлер еңбек өтілін растайтын құжаттарды тапсырады. Кейбір білім беру бағдарламалары үшін лауазымдық нұсқаулық пен құрылымдық бөлімше туралы ереже де талап етіледі.Докторантураға түсушілер үшін қосымша талап – зерттеу жұмысы жоспарының жобасын (research proposal) әзірлеу. Бұл құжатта зерттеудің өзектілігі, әдістері және мәселені шешу жолдары нақты көрсетілуі тиіс.Қабылдау үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде үміткерлер аналитикалық эссе жазады. Бұл олардың кәсіби саладағы білімін, ойлау қабілетін және талдау дағдыларын бағалауға бағытталған. Екінші кезең – сұхбат. Онда талапкерлердің кәсіби және жеке құзыреттері, мотивациясы, сондай-ақ заңнама мен стратегиялық құжаттарды білу деңгейі тексеріледі. Сұхбат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіліп, бейнежазбаға түсіріледі.Докторантураға түсушілер үшін үшінші кезең қарастырылған. Бұл – зерттеу жоспарын қорғау және сараптамалық бағалау. Аталған кезең ғылыми әлеуетті анықтауға бағытталған маңызды сүзгі саналады.Айта кетейік, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратураға 200, ал докторантураға 12 үміткер қабылданады. Сонымен қатар өзге қаржы көздері есебінен де оқуға мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда талапкерлердің жинаған балдары, конкурстық комиссияның қорытындылары және сараптамалық бағалау нәтижелері ескеріледі.Толығырақ: https://youtube.com/live/O8PR8nxlT_k?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 13.04.2026
Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Утебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Кездесуде 2026 жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы таныстырылды.Басқарма басшысының айтуынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында халықты тұрақты жұмыспен қамту маңызды бағыттардың бірі саналады. Осыған орай, 2026 жылға 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған. Есепті кезеңде бұл көрсеткіш 8 179 адамды құрап, жоспарлы жұмыстың кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын көрсетеді.Жоспарға сәйкес, 21 952 азаматты субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шараларымен қамту көзделген. Алайда алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша кейбір бағыттарда жоспардың толық орындалмағаны байқалады. Мәселен, кәсіпкерлікті қолдау шараларымен 2 530 адамның орнына 1 033 адам қамтылған. Субсидияланатын жұмыс орындарына 4 335 адамның орнына 756 адам жолданған. Ал бос жұмыс орындарына жоспарланған 11 427 азаматтың 2 098-і ғана жұмысқа орналасқан. Кәсіптік оқыту бойынша 3 660 адам жоспарланып, нақты 2 257 адам оқуға жіберілген.Жалпы алғанда, жұмыспен қамту шараларына 6 265 адам жолданып, жоспардың орындалу деңгейі 28,5 пайызды құрады.Сонымен қатар, қалада жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылға 9 446 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде 9 086-сы тұрақты, ал 360-ы уақытша жұмыс орындары. Есепті кезеңде нақты 1 914 жұмыс орны ашылған.Атап айтқанда, түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар аясында 2 527 жұмыс орнын ашу көзделіп, бүгінгі таңда 137 жұмыс орны іске қосылған. Ал жеке бастамалар есебінен 6 919 жұмыс орнын құру жоспарланып, қазіргі уақытта 1 777 азамат жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіштер жекеменшік сектордың белсенділігін айқындайды. Аталған жұмыс орындары жекеменшік балабақшаларда, спорт кешендерінде, білім беру ұйымдарында, дәріханаларда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету салаларында ашылған.Жалпы, Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Алдағы кезеңде бұл шаралар одан әрі жалғасын тауып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қоса бермек.Толығырақ: https://youtu.be/Lk2hEiH2Yn0 #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Атамекен ауылдық округінде жолдарды күтіп ұстау қызметі есебінен жолақтар жаңартылып, жол сызбалары жүргізілуде. 13.04.2026
Атамекен ауылдық округінде жолдарды күтіп ұстау қызметі есебінен жолақтар жаңартылып, жол сызбалары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1199467?lang=kk
Атамекен ауылдық округінің әкімі Ахмедов Абылайхан Сандыбайұлы Болашақ тұрғын массивінің тұрғындарымен жүрмелі кездесі өткізді. 13.04.2026
Атамекен ауылдық округінің әкімі Ахмедов Абылайхан Сандыбайұлы Болашақ тұрғын үй массивінің Самал көшесі тұрғындарымен жүрмелі кездесу өткізді.Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды. Көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1199447?lang=kk
Қостанайда «IT brAInstorm» интеллектуалдық квизі өтті 13.04.2026
Қостанай облысында мектеп оқушылары арасында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті танымал етуге бағытталған «IT brAInstorm» интеллектуалдық квизі алғаш рет ұйымдастырылды.Аталған іс-шара жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға және заманауи IT-мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.Квизге Қостанай қаласының 7 жалпы білім беретін мектебінен құралған командалар қатысты. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын сайыста ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект тақырыптары бойынша білімдерін сынап, логикалық есептерді шешу, жылдам ойлау және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын көрсетті.«IT brAInstorm» форматы дәстүрлі викториналардан ерекшеленіп, оқушыларға тек білімдерін тексеруге ғана емес, сонымен қатар аналитикалық ойлауын, креативтілігін және топта тиімді жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Квиз барысында қатысушылар заманауи технологиялық үрдістермен танысып, IT саласының мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтті.Квиз басталар алдында қатысушылар үшін Qostanai Hub базасында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар орталықтың инфрақұрылымымен танысып, білім беру бағдарламалары, стартап-жобалар және технологиялық даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1199434?lang=kk
Көше жарық шамдары ауыстырылды 13.04.2026
Басқұдық ауылдық округі көшелерінде істен шыққан жарық шамдар ауыстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1199407?lang=kk
Кәсіби бағдар беру жұмысы 13.04.2026
2026 жылдың 9 сәуірінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының өкілдері Осакаровка кентіндегі мектептерінің және No13 орта мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында түлектерге академия туралы толық ақпарат беріліп, білім беру бағдарламалары, оқыту форматы, гранттар, қабылдау талаптары туралы жан-жақты түсіндірілді.Оқушылар шығармашылық мамандықтармен таныстырылды, атап айтқанда, «Музыкалық театр әртісі» және «Би ансамблінің әртісі». Түлектер театрландырылған ортаға еніп, актерлік шеберліктің ерекшеліктері мен Қазақстандағы жалғыз музыкалық әзіл-сықақ театрының жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1199347?lang=kk