Enbekshi QazaQ

Әлем

Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасын орындау: жеті айда ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жетті 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.Вице-премьер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын екі есеге арттыру жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндағы нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді.«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның ішінде инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3% құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.Негізгі драйверлер - көлік (+22,5%), құрылыс (+18,5%) және сауда (+8,6%) саласы. Тау-кен өнеркәсібінде өсу жалғасып (+8,5%), өңдеу секторы (+6,1%) жандана түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050477?lang=kk
«Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды 13.08.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен спорт күніне орай арбат алаңында қала тұрғындарына «Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі  ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты – оқырмандардың спортқа қызығушылығын арттыру, денсаулықты нығайтуға, белсенді өмір сүруге ынталандыру, спорт арқылы табандылық пен жігерлілікті қалыптастыру.Көрмеге әртүрлі спорт түрлері, олимпиада және әлем чемпиондары, ұлттық спорт ойындары мен олардың тарихы туралы кітаптар қойылды. Сонымен бірге атақты спортшылардың өмірбаяндары, жетістіктері, жаттығу мен жарысқа дайындалу жөніндегі еңбектер қойылып, библиографиялық  шолу жасалды.                        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1050406?lang=kk
Алматы облысында мобильдік медициналық топ шалғай ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде 13.08.2025
Алматы облысында білікті мамандардан құралған мобильдік медициналық топтар шалғай орналасқан ауылдық елді мекендерге барып, жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетуді бастады. Тамыздың 11-інен бастап басталған бұл шара барысында Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандары қамтылады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, құрамында 25 тәжірибелі дәрігер бар топ тоғыз түрлі бағытта медициналық қызмет көрсетеді. Мамандар тек кеңес берумен шектелмей, қажет болған жағдайда шағын оталар жасап, күрделі жағдайларда кешенді ем-дом жүргізуге дайын.“Бұл бастама – шалғай ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған. Мобильдік топтар бір ай көлемінде жұмыс істейді және бұл шара тоқтамайды. Әр үш ай сайын осындай іс-шаралар жалғасын тауып, барлық аудандарды қамтитын болады,” – деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Медициналық топ құрамындағы дәрігерлер жуырда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы жетекші клиникалық орталықтарда біліктіліктерін арттырып қайтты. 25 маман акушерлік-гинекология, неонатология, травматология, онкология, эндоскопиялық хирургия, анестезиология және реаниматология салаларында заманауи емдеу мен диагностикалау тәсілдерін меңгерді.Иле аудандық орталық ауруханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директордың орынбасары Рауан Азимқұлованың айтуынша, Минск қаласында өткен оқыту барысында пневмопошта жүйесі мен медициналық қызметкерлердің науқастарға деген ерекше көзқарасы жоғары бағаға ие болған.Мамандар енді шетелде жинақтаған тәжірибесін ел ішінде, соның ішінде ауылдық аймақтарда тиімді пайдаланып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға күш салмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1050341?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар Өскемен қаласының бюджетіне енгізілген өзгерістерді қарады. 13.08.2025
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар Өскемен қаласының бюджетіне енгізілген өзгерістерді қарады. Автобус жолаушылар тасымалын субсидиялауға, қысқы және жазғы кезеңдерде жолдарды күтіп-ұстауға, 16 және 28 тұрғын аудандарды электрмен жабдықтауға, сондай-ақ жолдарды орташа жөндеуге қосымша қаражат көзделді.Сондай-ақ, жер комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.Барлық мәселелер бойынша түпкілікті шешімдер мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1050306?lang=kk
Камерадан қашып құтыла алмады: сәтсіз курьер Шығыс Қазақстан облысындағы түрме маңында қолға түсті 13.08.2025
Камерадан қашып құтыла алмады: Сәтсіз курьер Шығыс Қазақстан облысындағы түрме маңында қолға түстіШығыс Қазақстан облысындағы түрме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері түрмеге есірткі өткізуді көздеген қауіпті әрекеттің алдын алды.Бұл оқиғаға 44 жастағы ер адам қатысты. Ол досының көлігімен келген, ал қайтарда оны түрме қызметкерлері алып кетті.Бұрын ұрлық үшін сотталған Өскемен тұрғыны - курьер Шемонаиха ауданына нақты бір мақсатпен келген: дуалдан асырып, марихуана салынған түйіншектерді лақтыру. Кейін ол түрме маңындағы өзінің жүргенін «дәрет сындырғым келді» деп ақталмақ болған, бірақ бейнебақылау камераларындағы жазба оның сөзінің жалған екенін көрсетті.Оқиғаның ең қызықты сәті - оның қалай ұсталғаны. Әлгі ер адам түйіншектерді лақтырған соң, өзінің көлігі емес, басқа көлікті қателесіп, соған жүгірген. Сол сәтте оған түрме қызметкерлері жақындады. Соңынан өзі келген көлік те келіп, оның өтірігін әшкереледі.«Біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Ешкімге заңды бұзуға жол бермейміз. Мұндай жағдайлардың жолын қатаң кесеміз», – деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №18 мекемесінің бастығы Қуаныш Қонжанов.‼Ұстау кезінде скотчпен оралған, ерекше иісі бар үш түйіншек табылды.Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат 430 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты. Бұл 86 рет қолдануға жететін мөлшер.Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.Сотталғандарға көмектеспек болған ер адамның өзі түрмеге қамалып кетуі мүмкін. Қазір қызметкерлер тәркіленген заттың кімге арналғанын анықтап жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1050264?lang=kk
Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты 13.08.2025
 12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны 1 млн теңгеге дейінгі гранттармен жаңа жобаларды іске қосты.Негізгі оқиға – қалалық еріктілер бастамалары байқауының қорытындысы болды. Екі ай ішінде байқауға 36 автордан өтінім келіп түсті. Жобалар тақырыбы – экологияны қорғау, медициналық еріктілікті дамыту, толық емес отбасылардағы жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған панажайларды абаттандыру.Жеңімпаздарды бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Ең үздік бес жобаның авторлары өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден грант алды. Ал белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қаланың еріктілері бүгінде өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысып, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» құру ісіне елеулі үлес қосып келеді.Фестиваль «Жас драйв» жаңа грант маусымының да басталу нүктесі болды. 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін шымкенттік жастар өз жобаларын төмендегі бес бағыттың бірі бойынша ұсына алады:    •    ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі)    •    CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала)    •    NOx – «Есірткісіз қоғам»    •    Innovation + Pulse – «Жас ғалым»    •    My family – «Отбасы – басты құндылық»Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын күндері «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтінімдер қабылдау басталады. Ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және еріктілік салаларындағы ең үздік алты жоба да 1 млн теңгеден грант иеленеді.«Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер қажет екенін түсінеміз — білім алу, бизнеске көмек, заманауи қала ортасы және ашық диалог. Осы мүмкіндіктерді шынайы ету үшін барымызды салып жатырмыз», — деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков.Мерекенің атмосферасын «Жайдарман» жұлдыздары Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness топтарының, Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Romano-ның DJ-сеті және жарқын фейерверк толықтырды.Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас тұрады, олардың 134 мыңы — студент. Биыл олардың 41 мыңнан астамы дипломды маман атанады.
Шымкенттегі Jastar Fest: Жастар күні белсенді шымкенттіктер үшін жаңа гранттар мен байқауларды бастады. 13.08.2025
Шымкентте 12 тамыз Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. «Jastar Fest» фестивалі жүздеген жастың басын қосып, тойлау үшін ғана емес, сонымен қатар 1 миллион теңгеге дейінгі гранттармен жобаларды іске қосты. Басты оқиға қалалық волонтерлік бастамалар байқауының қорытындысын шығару болды. Екі айдың ішінде 36 автордан қатысуға өтінімдер түсті. Тақырыптар қоршаған ортаны қорғау және медициналық еріктілікті дамытудан толық емес отбасылардан шыққан жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған баспаналарды ұйымдастыруға дейін созылды. Жеңімпаздарды құрамына бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері кірген тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Үздік бес жобаның авторлары идеяларын жүзеге асыру үшін әрқайсысына 1 миллион теңгеден, белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қала еріктілері қазірдің өзінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді түрде атсалысуда, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» – есірткісіз қоғамды құруға зор үлес қосуда. Фестиваль сонымен қатар «Zhas Drive» жаңа гранттық маусымының бастау нүктесі болды. 12 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында жас шымкенттіктер бес бағыттың бірі бойынша өз жобаларын ұсына алады: • ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі) • CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала) • NOx – «Есірткісіз қоғам» (Есірткісіз қоғам) • Инновация + Импульс – «Жас Ғалым» (Жас ғалым) • Менің отбасым – «Отбасы – басты күнділік» (Отбасы – басты құндылық) Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын арада «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтініштер қабылданады. Сондай-ақ ғылым, мәдениет, IT, бизнес, БАҚ және волонтерлік салалардағы үздік алты жобаның әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріледі. "Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер - білім, бизнестегі көмек, заманауи қалалық орта және ашық диалог қажет екенін түсінеміз. Біз бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін барлығын жасап жатырмыз", - деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков. Мерекелік атмосфераны «Жайдарман» жұлдыздары – Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness, әнші Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Романоның диджейлері мен жарқын отшашуы толықтырды. Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас болса, оның 134 мыңы студенттер. Биыл 41 мыңнан астамы сертификатталған маман атанады.
Ауыл жастары экологиялық акцияға белсене атсалысуда 13.08.2025
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл жастары табиғатты қорғау ісінде өз белсенділігін нақты іспен дәлелдеуде. Олар шөп шауып, қоқыс жинап, ауыл ішін және маңайын тазарту жұмыстарына белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне шынайы үлес қосуда.Бүгінгі жастар — экологиялық жауапкершілікті мойнына алып, айналаны тазартып қана қоймай, қоғамға үлгі көрсетіп отыр. Бұл — жастардың табиғатқа деген жанашырлығының, ел болашағына деген алаңдаушылығының айқын көрінісі.▪Таза орта — жас ұрпақтың қолымен қалыптасады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050228?lang=kk
Ауыл әкімі тұрғындарды жеке қабылдады 13.08.2025
 11 шілде күні Баянды ауылының әкімі Бектұрлы Аманкелдіұлы тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер мәселесі және өзге де маңызды сұрақтар бойынша өтініштерін жеткізді.Әкім әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, кейбір сұрақтар бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Жекелеген өтініштер бойынша жауаптар сол сәтте беріліп, қалғандары бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050199?lang=kk
Қонаев гарнизонында 150 десантшы сарбаз парашютпен секірді 13.08.2025
Боевое крещение приняли солдаты срочной службы войсковой части 32363, совершив первый в жизни прыжок с парашютом с борта вертолета Ми-17 на высоте 800 метров.150 молодых военнослужащих успешно выполнили десантирование с применением парашютных систем Д-6 четвертой серии, предназначенных для учебно-тренировочных прыжков. Этот момент стал не просто частью боевой подготовки, но и символом вступления в братство Десантно-штурмовых войск.Перед выполнением прыжков солдаты прошли серьезную теоретическую и практическую подготовку. Как отметил старший офицер отдела воздушно-десантной подготовки части гвардии капитан Амантай Жалтырбай, особое внимание уделялось укладке парашюта, действиям в воздухе и отработке возможных нештатных ситуаций на специализированных тренажерах. – Каждый десантник должен уметь не только правильно уложить парашют, но и быть готовым к любому развитию событий в воздухе. Это требует максимальной концентрации, дисциплины и физической выносливости, – подчеркнул А. Жалтырбай.Непосредственно перед посадкой в вертолет с личным составом провели инструктаж. После успешного приземления десантники продолжили выполнение тактических задач на земле.Прыжки с парашютом являются важнейшим элементом воздушно-десантной подготовки. Они требуют от солдата мужества, собранности и готовности к действию в любой ситуации. Это проверка духа, характера и боевой выучки. С этим испытанием молодые десантники справились достойно.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1050207?lang=kk
Автомобиль жолдарын күтіп ұстау 13.08.2025
 Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстаушы мердігер мекеме тарапынан жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050186?lang=kk
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ 13.08.2025
Әлемнің кез келген елінің тарихына үңілсек, бірлік пен татулықтың маңызын айқын көреміз. Ішкі тұрақтылықты сақтаған мемлекеттер дамудың жаңа белестерін бағындырса, алауыздыққа жол берген елдер әлсіреп, саяси-экономикалық дағдарысқа тап болған. Сол себепті қоғамдағы келісім мен татулық – жай ұран емес, ел болашағын айқындайтын басты құндылықтардың бірі.Қазақстан – тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап осы қағиданы өзінің даму стратегиясының өзегіне айналдырған мемлекет. Елбасынан бастап бүгінгі басшылыққа дейінгі саяси бағыттың басты мақсаты – этностық, діни және мәдени әртүрлілікті елді біріктіретін факторға айналдыру. Бұл жолда Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері және БАҚ үлкен рөл атқарып келеді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз күрделі экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ сол кезеңнің өзінде ел ішінде қақтығыс болмады, себебі қоғам ортақ мақсат – мемлекет тұтастығын сақтауды басты орынға қойды. Бұл – біздің ұлт ретіндегі кемеңгер шешіміміз және тарихи сабақтан дұрыс қорытынды шығарғанымыздың дәлелі.Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос, 18 конфессия өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының мәдениеті, дәстүрі, тілі – ұлттық байлығымыздың ажырамас бөлігі. Осы алуандықты бір арнаға тоғыстыра білген ел ғана болашақта бәсекеге қабілетті бола алады.Қоғамдық келісім ұғымы тек этносаралық татулықпен шектелмейді. Бұл – әр азаматтың ел дамуына жауапкершілікпен қарауы, заңға құрметпен қарауы, әділеттілік пен өзара сыйластықты басты ұстаным етуі. Қазақстанның дамуы үшін әрбір тұрғынның бейбіт өмір мен тұрақтылықтың құнын түсінуі маңызды.Бүгінде білім беру, ғылым, мәдениет, экономика, спорт салаларындағы жетістіктеріміздің артында да осы бірлік тұр. Себебі тек татулық орнаған елде ғана шығармашылық ой мен жаңа бастамаларға жол ашылады.XXI ғасыр – жаһандық өзгерістер, жаңа технологиялар, ақпараттық ағын дәуірі. Бұл заман мемлекеттерге жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптер де әкелуде. Экономикалық дағдарыстар, экологиялық мәселелер, ақпараттық манипуляциялар мен әлеуметтік желідегі араздық тудыру әрекеттері – осының бәріне төтеп беру үшін мықты бірлік қажет.Қазақстан үшін ең бастысы – кез келген жағдайда ішкі тұрақтылықты сақтап, халықтың сенімін нығайту. Бұл – мемлекеттік саясаттың ғана емес, әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті.Бірлік пен татулық – мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің алтын діңгегі. Біз бүгін осы құндылықтарды сақтау арқылы келер ұрпаққа бейбіт әрі гүлденген Қазақстанды аманаттай аламыз. Әр азамат өз бойында толеранттылықты, сыйластықты, әділеттілікті қалыптастыра білсе, еліміз кез келген сын-қатерге төтеп береді.Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда. Ал біздің ең басты міндетіміз – бірлігімізді бекемдеп, татулығымызды сақтау.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Электр жөндеуші – маңызды әрі қажетті мамандық 13.08.2025
Электр жөндеуші мамандығы – бүгінгі қоғамның негізін қалаушы маңызды салалардың бірі. Заманауи өмірде электр энергиясы барлық салаларда кеңінен қолданылады: тұрмыстық техникадан бастап, өнеркәсіп пен инфрақұрылымға дейін. Сондықтан электр жөндеуші мамандарының жұмысы ел экономикасының тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне үлкен үлес қосады.Бұл мамандықтың маңыздылығы тек техникалық дағдылармен шектелмейді. Электр жөндеушілер өз міндеттерін орындау барысында қауіпсіздік талаптарын мұқият сақтап, жұмыс істейтін нысандар мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Электр құрылғыларының ақауларын уақытында анықтап, жөндеу жұмыстарының сапасын жоғары деңгейде орындау – кәсіби шеберлікті талап ететін күрделі жұмыс.Заманауи технологиялардың дамуымен бірге электр жөндеушілердің рөлі арта түсуде. Жаңа құрылғылар, күрделі жүйелер мен автоматтандырылған процестер электр саласының мамандарынан жоғары біліктілік пен үздіксіз білім жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан бұл мамандық болашаққа бейімделіп, жаңашылдыққа ашық болып қала береді.Электр жөндеуші мамандары өздерінің қажырлы еңбегі арқылы қоғамға қажетті энергияның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде өнеркәсіптің дамуы мен халықтың тұрмыс сапасының артуына себепші болады.
Ломоносов атындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлері арасында «Интернет-алаяқтық» тақырыбында кітапшалар таратты 13.08.2025
2025 жылдың 11 тамызында Ломоносов ауылдық округінің әкімі В.С. Барсуков, Ломоносов атындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлері арасында «Интернет-алаяқтық» тақырыбында кітапшалар таратты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-lomonosov/press/news/details/1050082?lang=kk
2026 жылдан бастап-салық есептілігін қайтарып алуға тыйым салынады 13.08.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі бойынша берілген есептілікті кері қайтарып алу мүмкіндігі жойылды.Ерекшелік - тек 328.00 нысаны (тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу).Енді:* Түзетулер тек қосымша есептілік немесе хабарлама арқылы енгізіледі.* Егер тапсыру мерзімі өтіп кетсе, жүйе автоматты түрде нөлдік есеп береді.* Сол кезеңдегі есепті және салық түрін қайта тапсыру мүмкін емес (қосымша есептіліктен немесе мерзіміндегі қағаздан басқа).Қорытынды: жіберілмес бұрын есептілікті тексеріңіз — "қайтарып алу және қайта жасау" енді жұмыс істемейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1050085?lang=kk
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен Жақсы ауданына барды 13.08.2025
2025 жылдың 7 тамызында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жаркешов Ернар Серікбайұлы Жақсы ауданына жұмыс сапарымен келді.Сапар аясында ол әлеуметтік сала, өнеркәсіп және спорт нысандарымен танысты. Атап айтқанда, Чапаев ауылының әкімшілік шекараларында орналасқан Тасоба-Жюжен тобының темір-марганец кендерінің кен орындарына көшпелі инспекция жүргізілді. Сондай-ақ, Ернар Серікбайұлы 2024 жылдың қаңтар айында Жақсы аудандық ауруханасы базасында пайдалануға берілген "JaksyMed" клиникалық-диагностикалық орталығына және Жақсы ауылындағы жаңа балалар ойын-сауық орталығына барды. Сонымен қатар, ауданның өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымының басқа да маңызды нысандары қаралды.Көшпелі бөлім аяқталғаннан кейін аудан әкімі Алмагүл Аманжолқызы Қадралинаның, ауданның жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес шеңберінде негізгі мәселелер қаралды: еңбекақы төлеу қоры (Фото), жергілікті бюджетке түсетін түсімдер, бюджеттің атқарылуы, негізгі капиталға инвестициялар көлемі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамыту.Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Сапар Бақытжан Сапарұлы негізгі капиталға, агроөнеркәсіптік кешенге және саудаға салынған инвестициялардың көлемі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады.Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Азамат Қалбекұлы Ибикенов Мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынды.Кеңес қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту үшін тиісті ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1050037?lang=kk
Ұлттық кітапханасында өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай әлем тілдерінде» 13.08.2025
2025 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай әлем тілдерінде» атты әдеби-музыкалық кешке қатысып, сөз сөйледі.Өз сөзінде А. Аренова «Абайтануды» ілгерілету және оның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау ісіндегі жұмыстарды атап өтті.Іс-шараға ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері, сондай-ақ Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1050002?lang=kk
Автомат асынған акробат: Өнерпаз жігіттер Ұлттық ұланға қосылды 13.08.2025
Жамбыл облысында орналасқан «Балауса» шығармашылық ұжымының акробаттары бүгінде Ұлттық ұлан сапында әскери борышын өтеп жүр.Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінің сарбаздары Арман Қайырбаев пен Азизбек Қалмағанбетов — өнерде жұп, өмірде дос, ал әскерде қарулас. Екеуін табыстырған орта – сахна. Енді олардың арасындағы байланысты Отан алдындағы міндет нығайта түсті.Арман Ғабитұлы балалық шағынан бастап гимнастикамен айналысып, жеті жасында өнер жолына қадам басқан. Ол акробатика қыр-сырын меңгеріп, 13 жасында-ақ кәсіби шығармашылық ұжымның мүшесіне айналған.Ал Азизбек Сағидуллаұлы «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жүрген. Бос уақытында өнер ордасында жұмыс істеп, сол жерде Арманмен танысқан. Содан бері екеуі жұптасып өнер көрсетеді.– Мен 13 жылдан бері осы салада жұмыс істеп келемін. Азизбекпен бес жылдан бері етене араласып, бірге өнер көрсеттік. Енді, міне, әскерде де бір сапта тұрмыз. Өнеріміздің арқасында әскери қызмет атқару қиынға соқпайды. Бұған акробатикамен айналысқан тәжірибеміз оң әсерін тигізді, – деді қатардағы Арман Қайырбаев.Шығармашылық ортада үйренген тәртіп пен дайындыққа деген жауапкершілік екі жігіттің әскери өмірге тез бейімделуіне ықпал еткен. Әскерге шақырту келгенде, олар көп ойланбастан азаматтық борышты бірге өтеуге шешім қабылдайды. Азизбек оқудан академиялық демалыс алып, қатарлас досымен бірге сап түзегенді жөн көреді.Осылайша, өнер жолында шыңдалған ептілік пен төзімділік, сахнадағы сенім мен серіктестік — олар үшін елге қызмет ету жолында маңызды қасиеттерге айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1049969?lang=kk
Қазақстанның Эквадордағы Құрметті консулына патент табыс етілді 13.08.2025
Бразилиa, 2025 жылғы 12 тамыз - Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Эквадордағы ҚР Құрметті консулының уәкілетті өкілі-кеңесшісі Сантьяго Зунига Вилависсес мырзамен кездесті.Әңгіме барысында Елші Эквадордағы ҚР Құрметті консулы Леопольдо Окампо мырзаны ресми түрде қызметіне кірісуімен құттықтап, оның өкіліне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық патентін табыс етті.Тараптар экономика және сауда, мәдениет және білім беру, сондай-ақ консулдық-құқықтық мәселелер саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Негізгі назар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы алғашқы саяси консультацияларға дайындық, Құрметті консулдықтың ресми ашылуы және осы жылдың қазан айында Кито қаласында Эквадордың іскер топтарымен кездесу аспектілеріне аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Құрметті консулдық пен Елшілік арасында жоғарыда аталған мәселелер бойынша тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1049938?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГРУЗИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДИДГОРОБА МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 12.08.2025
Грузиядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері 1121 жылы Құрылысшы Давид IV патшаның әскері Селжұқтарға қарсы Дидгори шайқасында жеңіске жеткен күнге арналған, жыл сайын 12 тамызда аталып өтетін грузиннің халықтық мейрамы — Дидгороба мерекесін тойлауға қатысты.Айта кетерлігі, грузин жылнамасы «Картлис цховреба» деректеріне сәйкес, Дидгори шайқасында Селжұқтарды талқандауда патша Давидтің өтінішіне үн қатқан Артық хан бастаған қыпшақ жауынгерлері маңызды рөл атқарған.Дидгори шайқасындағы жеңіс Грузия тарихындағы «Алтын ғасырдың» басталуына жол ашты. Бұл кезеңде Грузия өз мемлекеттілігінің, экономикасының және мәдениетінің гүлденуіне қол жеткізді.Қазақстандық дипломаттар мерекелік шара аясында ұсынылған мәдени мұра үлгілерімен, халық қолөнерімен танысып, театрландырылған және хореографиялық қойылымды тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1049907?lang=kk