Enbekshi QazaQ

Әлем

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылардың заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат 31.03.2026
Заңды өкілдер тарапынан eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында 2025 есепті жылы балаларына есептелген нысаналы талаптар туралы ақпараттың көрсетілмеуі мәселесі бойынша өтініштердің түсуіне орай БЖЗҚ аталған жағдай келесі себептерге байланысты болуы мүмкін екенін хабарлайды: Мобильді қосымшаларда құжаттар жаңартылмаған. Ақпараттың дұрыс көрсетілуі үшін келесі амалды орындау қажет:eGov Mobile қосымшасында: "цифрлық құжаттар" - "отбасы" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz:" Мемлекеттік қызметтер " - "барлық құжаттар" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға нысаналы талаптарды есептеу туралы мәліметтер көрінбейді. Бұл жағдайда ақпарат заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмейді, себебі нысаналы талаптар нысаналы жинақтар (НЖ) мәртебесіне ие болды және енді НЖ туралы мәліметтерге қол жеткізу құқығы оларды алушыға (2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азамат) тікелей қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік, есепті жылы 18 жасқа толатын азаматтардың нысаналы талаптары НЖ-ға айналады және жыл басында олардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) автоматты түрде АҚШ долларымен есептеледі. 18 жасқа толған күннен бастап жастар өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе білім алуға пайдалануға немесе болашаққа зейнетақы жинақтары ретінде сақтауға құқылы.Бұл ретте НЖ алушылар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өздері алуға тиіс. БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес НЖШ-дағы қалдықтар мен ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ құпиялылығына кепілдік береді.БЖЗҚ балалардың заңды өкілдеріне цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларда уақытылы жаңарту, сондай-ақ кәмелетке толған азаматтарға НЖ туралы ақпаратқа оны пайдаланушылардың өздері ғана қол жеткізе алатындығын түсіндіру қажет екенін еске салады.Баланың бағдарламаға қатысу фактісі және 18 жасқа дейінгі балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған азаматтың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz сайтынан тексере алады, мұнда  бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықтармен, сондай-ақ қызықтырған сұрақтардың жауаптарымен танысуға мүмкіндік бар. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1206265?lang=kk
2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғаларды салық салу 31.03.2026
Салық кодексіне сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғалар (ЖПАТ) санатына мыналар жатады:• жеке нотариустар;• жеке сот орындаушылар;• адвокаттар;• кәсіби медиаторлар.ЖПАТ-ты тіркеу есебіне қою, тіркеу деректерін өзгерту, сондай-ақ тіркеу есебінен шығару Салық кодексінің 97–98-баптарымен реттеледі.Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш береді.Салық кодексіне сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғалар салық салынатын табысы бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) 9% мөлшерлемемен төлейді, бұл мөлшерлеме Салық кодексінің 363-бабымен белгіленген.Нотариустың 2026 жылғы салық есептілігі мен салықтары ЖПАТ үшін белгіленген жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.Табыс болмаған жағдайда жалпыға бірдей белгіленген салық режиміндегі жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар әлеуметтік салық төлемейді.ЖПАТ келесі жеке салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы:• әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;• базалық салықтық шегерім;• әлеуметтік салықтық шегерімдер.Есептелген салық сомасы ай сайын, есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей төленуі тиіс.Өтпелі ережелерге сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғалар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылмайды және ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылуға жатады. ҚҚС бойынша тіркеу туралы куәлік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.Табыс пен мүлік туралы декларация (ФНО 270.00) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылады.Қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда жеке практикамен айналысатын тұлғалар қызметін тоқтату туралы өтінішті және тарату салық есептілігін (ФНО) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.Есептілік әдетте «тарату» белгісімен ұсынылатын ФНО 200.00 немесе 270.00 нысандарын (салық салу режиміне байланысты) қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1190571?lang=kk
«Ақылды қалаларды» құру әдістемесін іске асыру және мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін арттыру туралы 31.03.2026
Ағымдағы жылдан бастап «Ақылды қалаларды» құру әдістемесі жергілікті атқарушы органдар үшін міндетті сипатқа ие болды. Осыған байланысты аталған Әдістеме аясында жобаларды іске асырудың үздік тәжірибелері мен шешімдерді енгізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін жүйелі әрі кең ауқымды түрде ақпараттандыру мәселесі ерекше өзектілікке ие.Әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында https://smart-city.govarch.kz/ мамандандырылған ақпараттық ресурсы (бұдан әрі – ақпараттық ресурс) әзірленді. Аталған ресурста әдістемелік материалдар, ұсынымдар, жобаларды іске асырудың үздік тәжірибелері, сондай-ақ «ақылды қала» бастамаларын енгізуге қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен мамандар үшін өзге де пайдалы ақпарат орналастырылған.Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамыту мақсатында Министрлік цифрлық дағдыларды дамыту бойынша оқыту бағдарламасын іске асыруда. Аталған бағдарлама аясында тыңдаушыларға Smart Data Ukimet (https://sdu.gov.kz/) және Жасанды интеллектінің ұлттық платформасына (https://nitec-ai.kz/) қолжетімділік беру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-digital/press/news/details/1190446?lang=kk
2026 жылы салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзартуға бола ма? 31.03.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, ол салық есептілігін тапсыру тәртібін едәуір өзгертеді.Негізгі жаңашылдықтардың бірі — салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жойылуы.Енді барлық есептер заңнамада белгіленген мерзімдерде қатаң түрде тапсырылуы тиіс, ешқандай ерекшеліксіз.Егер есептілік уақытында тапсырылмаса, салық органдарының жүйесі автоматты түрде нөлдік көрсеткіштермен нысанды қалыптастырады.Нөлдік көрсеткіштермен есептілікті автоматты түрде қалыптастыру үшін тиісті нысандарды салық төлеушінің жеке кабинетінде алдын ала белгілеу қажет.Айта кетейік, бұл функционал қазіргі уақытта СӘИЖ ақпараттық жүйесінде қолжетімсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1190469?lang=kk
Қазақстан «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты 31.03.2026
 «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «Экспорттаушылар витринасы» (https://export.bgov.kz ) платформасын іске қосты.Жаңа ресурс отандық өнімдер мен қызметтерді жаһандық нарыққа жаппай шығару мақсатында әзірленіп, шетелдік сатып алушылар назарын аудару үшін әзірленді. Платформа «Made in Kazakhstan» өнімдерінің кеңейтілген каталогын ұсынады. Мұнда негізгі назар нақты тауарларға, олардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне аударылған.Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі өкілдерінің айтуынша, Экспорттаушылар витринасының басты ерекшелігі — оның айқын экспорттық бағыттылығы. Платформадағы тауарлар бес негізгі сала бойынша жіктелген: жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік және химия өнеркәсібі, АӨК өнімдері, металлургия, машина жасау және құрылыс саласы.Іздеу жүйесі әлеуетті сатып алушыларға қажетті өнімдерді кілт сөздер арқылы оңай табуға мүмкіндік береді. Мәселен, белгілі бір сұраныс енгізілген жағдайда жүйе осы санат бойынша қазақстандық өндірушілер ұсынатын барлық қолжетімді ұсыныстарды көрсетеді. Әрбір тауар карточкасында өнімнің толық сипаттамасы мен негізгі техникалық параметрлері берілген. Сонымен қатар пайдаланушы нақты өнім бетінен сол өнімді өндіруші компанияның профиліне бірден өту мүмкіндігіне ие.«Аталған платформада тек агенттік тарапынан тексеруден өткен, верификацияланған өндірушілер ғана ұсынылған. «ЭКА тексерген» мәртебесі сенімділіктің кепілі ретінде қызмет атқарып, тәуекелдерді азайтады және қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл барысында сенімді нығайтады», – деп атап өтті Мадина Ержанова, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары.«Экспорттаушылар витринасы» жобасы қазақстандық бизнес пен халықаралық нарықтар арасындағы цифрлық көпірге айналуды көздейді. Платформа жеткізушілерді іздеу үдерісін жеңілдетіп, отандық брендтердің шетелдегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Бастама «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі жүзеге асырып отырған шикізаттық емес экспортты қолдау және сыртқы экономикалық қызметті цифрландыру стратегиясы аясында іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1190497?lang=kk
Құрлық әскерлерінде көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды 31.03.2026
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басқару органдары мен бөлімшелері көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатыр. Гвардейск гарнизонының «Мәтібұлақ» оқу полигонындағы маневрларға Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басшылық етуде.Жеке құрам жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтіріліп, бөлімшелер оқу-жаттығу өтетін ауданға теміржол және автомобиль көліктерімен марш жасады. – Әскерлерді тасымалдау логистикалық қамтамасыз ету талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта күштер толық орналастырылып, жеке құрам оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын, – деп нақтылады 85395 әскери бөлімі штаб бастығының орынбасары майор Санжар Маметов.Оқу-жаттығудың практикалық кезеңінде әскерлерді басқарудың шешім қабылдаудан бастап тапсырмаларды жеткізу және олардың орындалуын бақылауға дейінгі толық циклы пысықталады.Командалық-штабтық оқу-жаттығулар жылдам өзгеретін жағдайда бөлімшелерді жоспарлау, үйлестіру және басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталған.Іс-шараларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен әскери техникасы тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1190504?lang=kk
Қазақстан ХАҚҚ төрағасы ретінде қол жеткізген нәтижелерді атап көрсетеді 31.03.2026
ҚазИнформ ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлағандай, Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) басқарма отырысы өтуде.Қазақстанның вице-премьер-министрі Канат Бозымбаев жиналыс биыл елдің ХАҚҚ төрағалығы аяқталуға жақындап қалған тұста өтіп жатқанын және Астанада 22 сәуірде өтетін Арал теңізін құтқару халықаралық қорының құрылтайшы-мемлекет басшылары кеңесінің отырысына дайындық үшін аса маңызды екенін айтты.Төрағалық еткеннен бері Қордың тұрақты жұмыс үрдістері қамтамасыз етіліп, конструктивті диалог сақталып, бірқатар маңызды бастамалар ілгерілетілді, – деді Бозымбаев.Қазақстанның вице-премьер-министрі бүгінгі әңгіме негізгі мәселелерге қатысты келісілген тәсілдерге жол ашады және олар әрі қарай Мемлекет басшысының қарауына ұсынылады деп сендірді.Біздің елдеріміздің бірлескен жұмысы мен мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері шекарааралық су ресурстарын басқару және Арал теңізі бассейніндегі жағдайды жақсартуға бағытталған өңірлік бастамаларды ілгерілету жөніндегі тұрақты ынтымақтастық жүйесін сақтауға мүмкіндік берді, – деді ол.Бозымбаев бүгінгі басты міндет – Мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырысына жан-жақты және сапалы дайындықты қамтамасыз ету екенін айтып, олардың күш-жігерінің нәтижелері жоғары деңгейде шешім қабылдау үшін маңызды екенін атап өтті.Бұған дейін Qazinform агенттігі премьер-министр Олжас Бектенов ХАҚҚ басқарма мүшелерімен кездесуінде су ынтымақтастығын талқылағанын хабарлаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1190507?lang=kk
26 наурыз бен 2 сәуірден бастап СЕӨЖ мен ескі СТК - да қандай СЕН өшіріледі 31.03.2026
26 наурыз бен 2 сәуірден бастап СЕӨЖ мен ескі СТК - да қандай СЕН өшіріледіМКК алдағы уақытта "салық есептілігін өңдеу сервистері" ақпараттық жүйесінің (СҚҚБ) және салық төлеушінің ескі кабинетінің (бұдан әрі – ескі КНП) толық ажыратылуына байланысты салық есептілігінің қалған нысандарын кезең-кезеңімен ажырату жоспарланғанын хабарлайды.1. 2026 жылғы 26 наурыздан бастап СОНО мен ескі КНП келесі ТНН өшіріледі:1) ТНК 200.00-жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша Декларация;2) 200.03 ТНК-құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша;3) ТНК 300.00-қосылған құн салығы бойынша Декларация;4) ТНК 400.00-акциздер бойынша Декларация;5) 421.00 ТНК-құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акцизді есептеу;6) 860.00 ТНК-жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша Декларация;7) 870.00 ТНК-қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша Декларация;8) тно 910.00-шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация.2. 2026 жылғы 2 сәуірден бастап СОНО мен ескі КНП келесі ТНН өшіріледі:1) ТНК 220.00-жеке табыс салығы бойынша Декларация;2) 328.00 ТНК-тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;3) 700.00 ТНК-көлік құралдарына, жер салығы және мүлік салығы бойынша Декларация;4) 920.00 ТНН-бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін Декларация.Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін ИСНА сілтеме бойынша өту қажет https://knp.kgd.gov.kz.Сұрақтар туындаған жағдайда өтініштер электрондық мекенжайға қабылданады knpsd@ecc.kz қолдау қызметтері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1190538?lang=kk
Астана мен Скопье саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді 31.03.2026
Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары саяси консультациялардың 3-ші раунды күн тәртібінің негізгі тақырыбына айналды.Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Солтүстік Македония Сыртқы істер және сыртқы сауда министрінің орынбасары Зоран Димитровски екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын атап өтті, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Дипломаттар Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің 2025 жылы Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларына жоғары баға берді.Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді талқылады.Келіссөздердің маңызды тақырыбы өзара сауданы жандандыру және оның құрылымын ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, білім, мәдениет сияқты салаларда әртараптандыру болды. Шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары, оның ішінде ұлттық паспорт иелері үшін визасыз режим енгізу мүмкіндігі қарастырылды.Солтүстік Македония Сыртқы істер министрлігінің басшылығы Қазақстанды 15 наурызда өткен референдумда жаңа Конституцияның сәтті қабылдануымен құттықтап, реформалар елдің одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.А. Исетов: «Қазақстан Солтүстік Македония Республикасымен көпқырлы қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге ерекше мән береді. Былтыр 30 жылдығы аталып өткен елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап басым салалардағы өзара іс-қимылдың оң динамикасы сақталуда», – деп атап өтті.Қорытындылай келе, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі белсенді дамуына ықпал етуге дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық шараларына және екі ел экономикасының әртүрлі секторларына өзара инвестиция тартуға ерекше назар аударылатын болады.Осыған байланысты дипломаттар биыл сәуір айында Скопьеде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастыруды және оның аясында жоспарланған сауда-өнеркәсіп палаталары арасында Іскерлік кеңес құруды құптады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1190543?lang=kk
Мәдина Әбілқасымова Жапонияның қаржы реттеушілерінің басшылығымен кездесу өткізді 31.03.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бастаған делегациясының Жапонияға сапары өтті, оның барысында Қаржылық қызметтер агенттігінің (JFSA) басшысы Ютака Ито және Бағалы қағаздарды қадағалау және биржалық сауда жөніндегі комиссияның (SESC) мүшесі Такаши Хашимотомен кездесулер өтті.JFSA басшылығымен кездесу барысында Агенттік басшысы М. Әбілқасымова трансшекаралық инвестицияларға қолдау көрсету үшін реттеушілік тәсілдерді жақындастырудағы, сондай-ақ озық құралдар мен технологияларды қаржы экожүйесіне ықпалдастырудағы айтарлықтай әлеуетті атап өтті.Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заңды әзірлеу шеңберінде Жапонияның сәтті тәжірибесін ескере отырып, капитал нарығын реформалау мәселелерінде сырттан техникалық қолдау мен сараптама алмасудың маңыздылығы атап өтілді.Тараптар реттеушілер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін білдірді. Бұл құжат ақпарат алмасуға, қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша консультациялар жүргізуге, сондай-ақ қаржылық реттеу мен қадағалау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.SESC басшылығымен кездесу барысында қор нарығын одан әрі дамыту, оның ішінде инвесторлардың сенімін қолдау, капитал нарығының тұтастығын қамтамасыз ету және қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыру мәселелері талқыланды.Тараптар цифрлық технологиялар мен деректерді талдауды пайдалана отырып, нарық операцияларын мониторингтеуді күшейту, сондай-ақ корпоративтік есептіліктің ашықтығын және ақпаратты ашу сапасын қамтамасыз ету бөлігінде тәжірибе алмасу және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу мақсатында ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласты. Сыртқы коммуникациялар басқармасы:press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1190550?lang=kk
«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды 31.03.2026
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 252 842 өтініш орындалып, жалпы сомасы 41,84 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 26,35 млн АҚШ долларына 158 774 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 15,49 млн АҚШ долларына 94 068 өтініш қанағаттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (25,79 млн АҚШ долларына 155 126 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 193,16 мың АҚШ долларына 1247 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 134,32 мың АҚШ долларына 893 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (14,44 млн АҚШ долларына 86 258 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (704,23 мың АҚШ долларына 5 402 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (280,81 мың АҚШ долларына 1 955 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы дербес алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1206251?lang=kk
Агентством согласованы следующие руководящие работники страхового сектора 31.03.2026
Агенттік сақтандыру нарығының келесі басшы қызметкерлерін бекітті*: Бурибаева Г.А. – Атқарушы органның басшысы, басқару органының басшысы, басқару органының мүшесі(2026 жылғы 26 наурыздағы № 290/СО хаттама);Айтимов А.К. – Басқарушы кеңестің мүшесі, тәуелсіз директор (2026 жылғы 26 наурыздағы No 291/СО/Т хаттама);Сагимбаев Т.Б. - Атқарушы органның мүшесі (2026 жылғы 30 наурыздағы № 292/СО/Т хаттамасы)* «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның басшы лауазымға орналасуға келісімі бар басшы қызметкер қосымша келісімінсіз бір сектор шеңберінде ұқсас лауазымға ауыса алады.Басшы лауазымына орналасуға берілген келісімдермен Сіз «Сақтандыру секторы» -> «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімдері» -> «Басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімі» бөлімінде басшылық лауазымға орналасуға берілген келісімдермен таныса аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1190344?lang=kk
Қазақстанның күштік құрылымдары арасында самбодан өткен чемпионатта Қорғаныс министрлігінің спортшылары айқын жеңіске жетті 31.03.2026
Алматыда күштік құрылымдар арасында самбодан өткен ашық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.Турнирге Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланнан барлығы 156 спортшыдан тұратын 26 команда қатысты.Тартысты өткен бәсекеде балуандар 7 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Оның ішінде армия спортшылары бозкілемде басымдық танытып, бірқатар салмақта жеңіске жетті. Атап айтқанда, 58 келіге дейінгі салмақта – Жасұлан Нариманов (АОСК), 64 келіде – Жандос Бейсенбаев (32039 әскери бөлімі), 71 келіде – Арнұр Қуатай (АОСК), 79 келіде – Санжар Нұрсейіт (АОСК), 88 келіде – Бейбарыс Нұғыман (АОСК), 98 келіде – Жалғас Серіков (АОСК) және 98 келіден жоғары салмақта – Болат Сапар (Ұлттық ұлан) топ жарды.Командалық есепте турнирдің бірінші орнын Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының командасы иеленді. Екінші орынды Ішкі істер министрлігінің командасы еншілесе, үшінші орынды Қорғаныс министрлігінің 32039 әскери бөлімінің спортшылары олжалады.Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыстар Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) бастамасымен өткізілетін әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатына іріктеудің маңызды кезеңі болғанын айта кету керек. Турнир жеңімпаздары әскери қызметшілер арасында өтетін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1190348?lang=kk
МАСАҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ БАСТАЛДЫ 31.03.2026
Шымкентте зиянкестермен күрес шараларының алғашқы кезеңі басталды. Маса және басқа да жәндіктер көбеюінің алдын алуға бағытталған жұмысқа 30 маман, 20 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл жұмыс өзен-каналдардың жағалауы, саябақтар, гүлзарлар аумағында атқарылады.Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, дезинсекциялық жұмыс күшейтіліп, кезең-кезеңімен 10 рет жүргізіледі. Зиянкестерге қарсы арнайы сертификатталған химиялық препараттар қолданылады. Ол препарат адам мен үй жануарларына зиянсыз.Осы орайда тұрғындардан сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Дезинсекцияланған аймақтарда балалардың ойнамауын және тұрмыстық заттардың өңделген жерлермен жанаспауын қадағалау қажет.Ауланы таза ұстап, қалдық судың жиналуына жол бермеу арқылы зиянкестер көбеюінің алдын алуға болады.Үйлер мен жеке кәсіпкерлік нысан аумақтарында залалсыздандыруды тұрғындар өз қаржысы есебінен жүргізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1190287?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы шоттарында 26,87 трлн теңгеден астам қаражат жинақталды 31.03.2026
     Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 наурызына 26,87 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,19 трлн теңгеге немесе 18,5%-ға өсті.2026 жылдың 1 наурызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,23 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,35 трлн теңге (15,3%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 746,91 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,8%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша көлемі 9,89 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 наурызына 879,18 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы екі айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 571,83 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,0%-ға (немесе 74 501,45 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 наурызға дейін 446,35 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 26,89 млрд теңге (өсім – 20,0%), ЕЗЖ – 347,0 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 98,25 млрд теңгені құрады.      Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 523,88 млрд теңгеден асты.Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-ақпандағы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 237,13 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 42,32 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 735 теңге.   2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 86,26 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 26,86 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 6,67 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 665,93 млн теңге, жерлеуге – 1,63 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 72,73 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,39 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,03 млн бірлік немесе 5,9%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 наурызына 12,75 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,31 млн - МЗЖ бойынша, 771,33 мыңы - МКЗЖ бойынша, 471,51 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,31 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,64 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1202054?lang=kk
Интернет-платформалар – салық агенттері және ауылды қолдау: Жобалық кеңсенің 10-шы отырысының қорытындысы 31.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 10-шы отырысында жаңа салық нормаларын қолдану мәселесінің кезекті пулы қаралды.Клиенттер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысуға қатыспайтын, бірақ салық агенттері ретінде әрекет етуге міндетті интернет-платформа операторларының жұмысы өзекті мәселелердің қатарында талқыланды. Бұл мәселені «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов және қазақстандық Aparu такси және жүк тасымалдау платформасының өкілдері көтерді.Бизнес өкілдері атап өткендей, бүгінде нарықта интернет-платформалар жұмысының екі негізгі моделі жұмыс істейді: транзакциялық және P2P. Транзакциялық модельде төлемдер платформа арқылы өтеді — оператор ақша ағындарын көреді және салық агентінің функцияларын орындайды. Мұндай схема бойынша ірі қызметтер жұмыс істейді, мысалы, Entriver.P2P моделінде есептеулер платформаның қатысуынсыз тапсырыс беруші мен орындаушы арасында тікелей жүзеге асырылады. Бұл жағдайда оператор төлем көзі болып табылмайды және салық агентінің функцияларын орындай алмайды.Бұрынғы Салық кодексінде мұндай платформаларға қатысты жеңілдік қарастырылған еді, алайда жаңа құжатта ол жойылып, талап барлығына міндетті болды. Бизнес өзін-өзі жұмыспен қамтыған жүргізушілер екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік төлемдерді өз бетінше төлей алатынын атап өтіп, бұрынғы норманы қайтаруды ұсынды. Бұл ретте, бизнесті бағалау бойынша транзакциялық модельге көшу қосымша әлеуметтік төлемдер (жылына шамамен 4%) және банк комиссиялары есебінен көрсетілетін қызметтердің қымбаттауына әкеп соғады.Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, мемлекет салықтық әкімшілендіру контурына барлық қатысушыларды — банктерді, агрегаторлар мен маркетплейстерді толық цифрландыру және қамту жүйесін дәйекті түрде құруда. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға салықты өз бетінше төлеудің бұрынғы тәжірибесіне оралу ақша ағындары мен әлеуметтік төлемдердің түсуінің ашықтығын төмендетуі мүмкін.Қаржы министрлігінің мәліметінше, 33 оператордың МКК жүйелерімен пилоттық интеграцияның үш жылы ішінде 27-сі салық агенттері режимінде жұмыс істеуде.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев платформалық жұмыспен қамту іске қосылған сәттен бастап, 400 мыңнан астам бірегей төлем жүргізілгенін, оның ішінде тек зейнетақы жарнасы 3,7 млрд теңге екенін атап өтті. Қолданыстағы тәсілден бас тарту бұл түсімдердің төмендеуіне әкелуі мүмкін.Тараптардың ұстанымдарын тыңдап, вице-премьер мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП және бизнеспен бірлесіп, Салық кодексінің базалық логикасын өзгертпестен қосымша қолдау шараларын пысықтауды және мәселені жобалық кеңсенің қарауына қайта шығаруды тапсырды.Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты мәселелер де қаралды.Біріншісі — ЖТС азайту үшін артық өнімді (сүт, ет және т.б.) сату кезінде жеке қосалқы шаруашылықтың (ЖҚШ) мәртебесін растау тәртібі. Салық кодексіндегі норманың сақталуына қарамастан, сату көлемі жеке кәсіпкерліктің нақты мүмкіндіктерінен асып кеткен кезде «сұр» схемаларда теріс пайдалану және пайдалану тәуекелдеріне байланысты тиісті анықтама мемлекеттік қызметтер тізілімінен алынып тасталды.Екінші мәселе — ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 6% және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% деңгейінде корпоративтік табыс салығының ставкаларына қатысты. Шын мәнінде, мұндай жүктеме бұрын, бұрынғы Салық кодексінде, салықтық төмендетулер есебінен қолданылған (базалық мөлшерлемелер сәйкесінше 20% және 10% болған кезде). Алайда ставкалардың айырмашылығы фермерлердің ресурстарын өнімді өңдеу, сақтау және сату үшін біріктіруге мүмкіндік беретін кооперативтер құруды тежеуі мүмкін.Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кооперацияны ынталандыру шаралары қарастырылған, атап айтқанда, 8 мың АЕК-ке дейін жеңілдікпен несие беру. 2023-2025 жылдары 130,9 млрд теңге көлемінде 18,5 мың шағын несие берілді, бұл 21,3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Осы уақыт ішінде барлық өңірде 870 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ең алдымен ауылдағы жұмыспен қамту бөлігінде мемлекеттік қолдаудың барлық қолданыстағы шараларын ескере отырып, аграрлық сектордағы салық саясатын жеке қарау және жобалық кеңсенің келесі отырыстарының бірінде талқылауға оралу туралы шешім қабылданды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1190261?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1190970?lang=kk
Шекарасыз Наурыз: қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрлерді дәріптеді 31.03.2026
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) аясында бітімгерлік тапсырмаларды атқарып жүрген біздің әскери қызметшілер қазақ халқының бай мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын әлемге танытуға да белсенді үлес қосып келеді.Соның бір дәлелі ретінде қазақстандық бітімгерлер Ұлыстың ұлы күніне орай спорттық-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды. Ұлттық тағамдарға, оның ішінде Наурыз көжеге толы мерекелік дастархан достық пен өзара құрмет рәуішінде өтті.Сондай-ақ, Үндістан, Непал, Уругвай және Фиджи елдерінің бітімгерлік контингенттері қатысқан спорттық жарыстар да тартысты өрбіді. Кедергілер жолағымен эстафета, арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты сайыстарда біздің жігіттер жоғары деңгейдегі дене дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.UNDOF миссиясының ұлттық контингенттері қатысқан бұл іс-шара бітімгерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1190232?lang=kk
Қостанай ауданында 50-ден аса отбасы баспаналы болды 31.03.2026
Қостанай ауданында 50-ден аса отбасы жаңа баспанаға ие болды. Пәтер кілттері жаңадан бой көтеріп жатқан «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйлерден табысталды.Аталған шағын аудан бүгінде қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй кешендерінің бірі саналады. Соңғы жылдары мұнда бірнеше көпқабатты тұрғын үйлер салынып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелі түрде дамуда. Табысталған пәтерлер толық әрленген күйде пайдалануға берілді.Жалпы, биыл облыс орталығы мен аудандарда жүздеген мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Астана» шағын ауданы – осы бағыттағы нақты жұмыстардың айқын көрінісі. Мұндағы үйлер заманауи талаптарға сай салынған және тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған.Пәтерлер аудандағы №2, №6, №8 және №10 тұрғын үйлерден берілді. Жаңа баспана көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға және тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін өзге де санаттағы азаматтарға үлестірілді.Сонымен қатар, шағын ауданда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылысы басталып, қазіргі уақытта іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұдан бөлек, кәріз сорғы станциясының құрылысы да қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1190189?lang=kk
Кимхэ әуежайында паспорттық қызмет көрсету орталығы ашылды 31.03.2026
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы Пусан қаласындағы Кимхэ халықаралық әуежайында Паспорттық қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатты рәсіміне қатысты.Бұл іс-шара Корея Республикасының оңтүстік өңірінің көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға болып табылады:Аймақтардағы алғашқы орталық: Кимхэ әуежайы елдегі төтенше жағдайларға арналған жедел паспорт беру қызметі іске қосылған алғашқы өңірлік әуежай болды.365/24 режимі: Орталық жолаушыларға күтпеген жағдайларда күн сайын, демалыссыз тәулік бойы қызмет көрсетеді.Ведомствоаралық ынтымақтастық нәтижесі: Жоба Пусан қаласы әкімдігі мен Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігінің тиімді ынтымақтастығының арқасында жүзеге асырылды.Кимхэ әуежайындағы қызметтердің дамуы өңір тұрғындары мен қонақтары үшін халықаралық сапарлардың қолайлылығы мен қауіпсіздігін едәуір арттырады.Серіктестерімізді орталықтың сәтті іске қосылуымен құттықтаймыз және барлық жолаушыларға сәтті сапар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1190162?lang=kk
Пусанда Қазақстан мен Филиппин консулдарының кездесуі 31.03.2026
2026 ж. 30 наурыз күні - Пусанда ҚР Бас консулы Асқар Аслан мен Филиппиннің жаңадан тағайындалған Бас консулы Лея Виктория Караданың протоколдық кездесуі өтті. Жаңа консулдықтың ашылуына орай ұйымдастырылған жүздесу барысында дипломаттар жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты қолдауға уағдаластыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1190163?lang=kk