Әлем
2025 жылғы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасында «Адвокаттық қызметтің кепілдіктері» тақырыбында семинар өтті 29.07.2025
Іс-шара барысында адвокаттық қызметтің кепілдіктерін сақтау мәселелері, сондай-ақ адвокаттардың қызметінде туындайтын өзге де мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1041910?lang=kk
Жауынгерлік атыс: «Дарбаза» полигонында бөлімшелер үйлесімді іс-қимыл деңгейін арттыруда 29.07.2025
«Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының взводтары мен бөлімшелері командирлерінің қатысуымен жауынгерлік атыстан әдістемелік нұсқау беру сабақтары өткізілді. «Негізгі мақсат – командирлерді және бағынысты жеке құрамды штаттық атыс құралдарын пайдалана отырып, тиімді ұрыс жүргізуге үйрету. Бөлімшелерді шебер басқару қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті екінші мотоатқыштар батальонының командирі майор Азамат Қуатов.Әскери қызметшілер заңсыз қаруланған құраманың шабуылына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады. Оқытудың барлық элементтері нақты ахуалға барынша жақын жағдайда өтті.«Жауынгерлік үйлесімділік деңгейін арттыру үшін әдістемелік нұсқау беру іс-шаралары ұйымдастырылды. Жеке құрам «жақсы» бағаланып, жүктелген міндеттерді орындады», – деді мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Бегжан Ибрагим.«Дарбаза» полигонында күндізгі және түнгі уақытта 50-ден астам жауынгерлік атыс жоспарланған. Сабақтың 30-дан астамы екіжақты ұрыс түрінде өтіп жатыр. Бөлімшелер шартты қарсыластың белсенді әрекетіне қарсы өзара іс-қимылға көшеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1041899?lang=kk
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсіміндегі жаңа ережелер. 29.07.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен 321 (ҚР ӘМ 2025 жылғы 26 маусымда 36329 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді (ҚР ҚМ 09.10.2024 ж. 687 бұйрығымен бекітілген)Негізгі өзгерістер қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған түзетулер болып табылады, атап айтқанда: * Шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімін 15-тен 60 күнтізбелік күнге дейін ұлғайту;* тауарларды жеткізу үшін төлем мерзімдерін шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту; * аванстық төлем мөлшерін 30% - дан 50% - ға дейін ұлғайту. * Түзетулер 2025 жылдың 12 шілдесінде күшіне енді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1041871?lang=kk
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025 29.07.2025
Кондитер – дәм мен шеберліктің иесі!2025 жыл – еңбек адамының жылы! Жүректен шыққан тәттілермен жүрекке жол табатын, әрбір туындысын өнер туындысына айналдыратын маман – КОНДИТЕР.Кондитер – жай ғана тәтті жасаушы емес. Ол – дизайнер, технолог, әр дәмді сезініп, түрлендіріп бере алатын нағыз шебер. Оның қолынан шыққан торттар мен кекс – тек тағам емес, қуаныш пен шаттықтың символы.Бұл мамандық – еңбекқорлықты, дәлдікті, шығармашылықты талап етеді. Әр қант дәні мен крем қабаты артында сағаттар бойғы ізденіс пен махаббат жатыр.Кондитер – мейірімділік пен мерекенің иісі аңқып тұратын кәсіп. Ол – бала күлкісін, отбасылық дастарқанды, ерекше сәттерді тәттіге айналдыратын жан.Жұмысшы мамандықтарының қадірі – елдің болашағының негізі. Ал тәтті тағам – соның жүрекке жетер жолы.Кондитер болу – тек кәсіп емес, жүрек ісі.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#Кондитер
Қостанайда шағын өнеркәсіп аймағы құрылуда 29.07.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасалуда. Солардың бірі – Қостанай қаласындағы жоба. Мұнда «Большевичка» кәсіпорнының аумағында шағын өнеркәсіп аймағының құрылысы басталды.Бүгін аталған нысандағы жұмыстардың барысын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тексерді. Аймақ басшысы мұндай жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік беретінін атап өтті.– Мұнда ұзақ жылдар бойы бос тұрған өндірістік алаңдар орналасқан. Қазір бұл нысандар жаңа тыныс алуда, – деді Құмар Ақсақалов. – Бос жатқан ғимараттар орнына жаңа цехтар, жұмыс орындары, кәсіп бастайтын мүмкіндік пайда болып отыр.Алаңда жиһаз және тігін цехтарын жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі – 5,5 млрд теңге. Жобаны «Бестекс» ЖШС қолға алған. Жұмыстар аяқталған соң мұнда жылына 200 мыңға дейін бұйым шығарылып, 150 жаңа жұмыс орны ашылады.Шағын өнеркәсіп аймақтары – бұл шағын және орта бизнеске арналған дайын инфрақұрылымы мен қолайлы шарттары бар арнайы өндірістік алаңдар.Болашақта мұнда жиһаз, терезе, тігін бұйымдары, полиграфия, қағаз, бронежилет және өзге де өнім түрлерін өндіретін кәсіпорындар орналасатын болады.Сонымен қатар, бұл жерде білім беру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Мода және дизайн институтын ашу және студенттерге арналған кампус салу көзделген.– Бизнестің өндірісті ғана емес, адам капиталына да инвестиция сала алатынын көріп отырмыз. Бұл – кешенді тәсілдің жарқын мысалы, – деді облыс әкімі.Айта кетейік, бүгінде кәсіпорын базасында колледж студенттері дуальды білім беру аясында тәжірибеден өтуде. Олардың 36-сы практикалық оқудан өтсе, 24-і мақсатты жолдамамен білім алуда.Шағын өнеркәсіп аймақтарын құру – индустрияландыру мен экономикалық өсудің бір бөлігі. Мұндай жобалар импортқа тәуелділікті азайтып, жұмыспен қамтуды кеңейтіп, өңір экономикасында ШОБ үлесінің артуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1041841?lang=kk
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын ұйымдастыру мәселелері бойынша Zoom платформасы арқылы облыстық кеңес өткізілді 29.07.2025
2025 жылғы 29 шілде күні Zoom платформасы арқылы Ақмола облысы аудандары мен қалаларының мәдениет бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн форматта жұмыс жиналысы өтті. Кеңесте ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өткізілетін мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылу барысы талқыланды.Жиын барысында Абай облысы, Семей қаласында 9–10 тамыз күндері өтетін республикалық деңгейдегі іс-шараларға Ақмола облысы делегациясының қатысуы, киіз үй орнату, байқау қатысушыларының дайындық жұмыстары және жолға шығу тәртібі бойынша нақты тапсырмалар берілді.Сондай-ақ, 10 тамыз күні Көкшетау қаласында өтетін “Абай әлемі” атты мәдени арбаттың құрылымы мен мазмұны, қатысушы ұжымдардың дайындық деңгейі және техникалық ұйымдастыру жұмыстары пысықталды. Іс-шараның басты мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық мәдениетті дәріптеу және шығармашылық ұжымдардың басын қосу.Жиын қорытындысы бойынша аудандық және қалалық мәдениет бөлімдерінің басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалар бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1041793?lang=kk
Ұландық жауынгеры сотталған адамның қашып кетуіне жол бермеді 29.07.2025
Қарағандыда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің кәсібилігі мен қырағылығының арқасында сотталған адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен қашып кетуіне жол берілмеді.№ 9 бекетте тұрған 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Мірсәлім Рысқұлов №29 мекемені күзету кезінде сотталғандардың бірінің қашып кету әрекетін байқады. Жағдайды жедел бағалап, ол дереу байланыс құралдары арқылы қарауыл бастығына хабар берді. Одан соң дабыл белгісін қосып, ескерту ретінде ауаға оқ атты.Сарбаздың уақтылы әрі шешуші әрекеттерінің арқасында қашуға әрекет жасаған адам тоқтатылды. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына бақылаушылар взводы жетіп, құқық бұзушыны ұстады және жағдайды толық тұрақтандырды.Әскери бөлімнің басшылығы қатардағы жауынгер Рысқұловтың әрекеті құқықтық тәртіп әскерлері жауынгерлеріне тән жоғары жауапкершілік, салқынқандылық пен кәсіби дайындықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.Оның жедел әрі нақты әрекеттерінің арқасында өрескел құқықбұзушылықтың алдын алып, күзетілетін нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1041780?lang=kk
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге арналған киім үлгісінің сапасын бақылауды күшейтеді 29.07.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде 2026 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде киім-кешек мүлкінің сапасын арттыру мәселелері және үлгілерін қараудың бірінші кезеңін қорытындылау кеңесі өтті.Кеңес Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың басшылығымен өтті. Оған қорғаныс ведомствосының және отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты.Кездесу барысында әскери қызметшілерді киім-кешектің түрлерінің жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Қорғаныс министрлігі қолданылатын материалдардың сапасына, тігін бұйымдарына және киімді пайдалану сипаттамаларына жоғары талаптар қоятыны атап өтілді.«Алдымен жеткізілетін киім-кешектің сапасы жақсы болуы керек. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы мен моральдық жағдайы форманың қаншалықты ыңғайлы, сенімді және функционалды болуына тікелей байланысты. Біз өндірушілерден барлық стандарттардың сақталуын, сапалы материалдарды пайдалануды және заманауи технологияларды енгізуді күтеміз», – деп атап өтті генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Диалог ашық форматта өтті: тараптар технологиялық процестерді жетілдіру, заманауи шешімдерді енгізу және сапа стандарттарын арттыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Жаңа, соның ішінде өндірісті жаңғыртатын алдыңғы қатарлы технологияларды енгізетін зауыттар жақсы жағынан атап өтілді.Жақсы үлгілерін көрсетсе де, бірқатар кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген жабдықты пайдаланады, ал конструкторлық бюролардың жұмысы күшейтуді қажет етеді.Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолдауға қарамастан, импорттық материалдарға тәуелділік сақталатыны атап өтілді. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін маталар, былғары, фурнитуралар мен материалдың астарына пайдаланатын отандық өндіріс дамымаған.Кездесу барысында Тылдық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Әсет Оразалин сөз сөйледі. Ол жеткізілетін өнімнің сапасына талдау жасап, соңғы бір жарым жылда киім-кешек пен аяқ киімнің сапасыз үлгілері анықталғанын атап өтті. Офицердің айтуынша, тек 2024-2025 жылдар аралығында 1200-ден астам жазғы және қысқы етік ауыстырылды, олар талаптарға сай келмейді немесе зауыттық ақаудан деді. Сапаны арттыру үшін Қарулы Күштердің Тыл мамандары далалық киім-кешектерді, іш киімдерді, шұлықтарды, аяқ киімдерді, жабдықтарды және басқа да керек-жарақтарды қамтитын техникалық ерекшеліктерге өзгерістер енгізді.Кеңес соңында Қорғаныс министрінің орынбасары ашық форматта өткізілетін кездесулер ойталқыларға, пікір алмасуға тиімді алаң ретінде қызмет ететінін және оң пікірлер айтылатынын атап өтті. Мұның бәрі әскери қызметшілерге арналған киім-кешектермен қоса өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмысты жолға қоюға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1041776?lang=kk
СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. 29.07.2025
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша туристік бағыттарда «Пилипушко» ЖК географиялық нұсқауды орналастыру мәселесі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1041765?lang=kk
UNIST университетінің өкілдерімен кездесу 29.07.2025
Пусан, 2025 жылғы 28 шілде – 🇰🇿🤝🇰🇷 ҚР Пусан қаласындағы Бас консулдығында UNIST (Ульсан) университетінің өкілдерімен кездесу өтті.Алматыда 2025 жылдың күзіне жоспарланған UNIST халықаралық түлектер күніне дайындық мәселелері талқыланды. 📊 UNIST-тің 642 шетелдік түлегінің ішінде 161-і - Қазақстан азаматтары. 🤝 Қазақстан тарапынан UNIST-тің елімізде филиалын ашу мүмкіндігін қарастыру және Назарбаев Университеті мен ЕҰУ-мен ынтымақтастықты нығайту ұсынылды. Busan, July 28, 2025 – 🇰🇿🤝🇰🇷 The Consulate General of Kazakhstan in Busan hosted a meeting with representatives from UNIST (Ulsan National Institute of Science and Technology).The main topic was the upcoming 1st International Alumni Day, scheduled for fall 2025 in Almaty. 📊 Out of 642 international UNIST alumni, 161 are citizens of Kazakhstan. 🤝 The Kazakh side proposed exploring the possibility of opening a UNIST branch in Kazakhstan and strengthening ties with Nazarbayev University and ENU. Пусан, 28 июля 2025 г. - В Генеральном консульстве РК в городе Пусан состоялась встреча с представителями университета UNIST (Ульсан).Обсудили подготовку Первого Международного дня выпускников, который пройдёт осенью 2025 года в Алматы. 📊 Среди 642 иностранных выпускников UNIST - 161 гражданин Казахстана. 🤝 С казахстанской стороны предложено рассмотреть открытие филиала UNIST в РК и усилить сотрудничество с Назарбаев Университетом и ЕНУ им. Л.Н. Гумилева 2025 년 7월 28일, 부산 – 🇰🇿🤝🇰🇷 주부산 카자흐스탄 총영사관에서 UNIST(울산과학기술원) 대표단과의 회의가 진행되었습니다.2025년 가을 알마티에서 개최 예정인 제1회 UNIST 국제 동문회 준비에 대해 논의했습니다. 📊 UNIST의 외국인 동문 642명 중 161명이 카자흐스탄 국적입니다. 🤝 카자흐스탄 측은 UNIST의 현지 분교 설립 가능성과 나자르바예프 대학교, **ENU(유라시아 국립대학교)**와의 협력 강화 방안을 제안했습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1041748?lang=kk
Жаңа мектептер – жаңа мүмкіндіктер: Алматы облысында жас педагогтерге жол ашылды 29.07.2025
Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамып келеді. 2024–2025 оқу жылының басында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында аймақ бойынша 9 жаңа мектеп өз есігін айқара ашты. Бұл тек жаңа ғимараттар емес — болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына арналған заманауи әрі жайлы орта.Жаңа білім ордалары Қарасай (6 мектеп), Жамбыл (2 мектеп) аудандарында және жаңадан құрылған Алатау қаласында (1 мектеп) ашылды. Атап айтсақ, Долан, Қошмамбет, Елтай, Көкөзек, Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылындағы мектептер, сондай-ақ Қарғалы мен Ұзынағаш ауылдары, Еңбек ықшам ауданындағы жаңа мектептер қазіргі заманғы жабдықтармен толық қамтылған.Мектептерге жаңа леп алып келген мамандарАталған білім ордаларына 985 педагог жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 545-і — ашық конкурс арқылы, 440-ы — ауысым тәртібімен келген ұстаздар. Ең бастысы, бұл педагогтердің ішінде 104-і — жас мамандар. Олар 2022–2024 жылдар аралығында жоғары педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған, ел болашағын тәрбиелеуге енді қадам басқан жалынды ұстаздар.Жас мамандардың мамандықтары бойынша бөлінісі:Бастауыш сынып мұғалімдері – 23Математика пәні мұғалімдері – 13Қазақ тілі мен әдебиеті – 12Орыс тілі мен әдебиеті – 7Ағылшын тілі – 21Информатика – 5Жаратылыстану және басқа пәндер – 23Барлық жас мамандар еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданып, мектептердің ішкі тәртібі мен әдістемелік үдерісіне белсенді кіріктірілді. Оларға тәлімгер ұстаздар бекітіліп, кәсіби бейімделу және қолдау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.Қарғалыдағы жаңа мектеп – жас мамандардың белсенді ортасы«Келешек мектеп» жобасы аясында бой көтерген Қарғалы ауылының №1 орта мектебі 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Бұл мектепке де жас мамандар көптеп тартылып, қазіргі таңда білім процесіне белсенді араласуда.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қилыбаева Ұлмекен – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі. Мектепішілік және аудандық деңгейде ұйымдастырылған бірнеше семинарларға қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуда. Ол өткізген «Space facts» атты ашық сабағы ерекше қызығушылық тудырып, оқушылардың танымын кеңейтті.Математика пәнінің мұғалімі Бекзак Ләззат – Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Жас маман ретінде аудандық байқаулар мен әдістемелік іс-шараларға белсене қатысып, мектеп ұжымының сеніміне ие болды.Ұзынағаш мектебіндегі жаңашыл жас педагогШарафутдинова Гүлдана – Ұзынағаш ауылындағы №2 орта мектепте еңбек жолын бастаған бастауыш сынып мұғалімі. Ол аз уақыт ішінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылармен және әріптестерімен берік байланыс орната білді. Жасанды интеллект құралдарын сабаққа енгізу арқылы ол оқыту сапасын арттыруда жаңа деңгейге көтерілді.Жас мамандар жетістігімен қуантады«Долан ауылындағы жайлы мектеп» КММ-нің жас маманы – Амангельды Асем.Жас маман оқу-тәрбие процесіне белсене араласып, қысқа уақыт ішінде ұжым мен оқушылардың сеніміне ие болды. Сабақтарын заманауи әдіс-тәсілдермен жүргізіп, білім сапасының артуына үлес қосуда. Мектепішілік семинарларға, әдістемелік отырыстарға, шығармашылық топтарға қатысып, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп келеді.2024–2025 оқу жылында аудандық «Үздік орыс тілі мұғалімі – 2025» байқауының жүлдегері атанды.«Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі – Самсабаева Мадина.Ұжым мен ата-аналардың сенімінен шыққан білікті жас ұстаз. Ол «Оқуға құштар оқушы» байқауында Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесін оқыту арқылы аймақтық кезеңде ІІ орын иеленіп, оқушыларды көркем шығарма оқуға баулыды. Сонымен қатар, «Пед Старт – 2024» республикалық байқауында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясын жеңіп алды.Жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаланы жоғары деңгейде дайындағаны үшін де арнайы марапатқа ие болды.«Қаскелең қаласындағы жайлы мектеп» КММ-нің талапты жас маманы – Алпысбаева Назерке Елтайқызы.Білім мен тәрбие саласына өзіндік үлес қосып жүрген, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, шәкірттердің сеніміне ие болған ұстаз. Ол 2024–2025 оқу жылында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған аудандық «Үздік абайтанушы» байқауында бас жүлдені иеленді.2025 жылы «Келешек мектеп» жобасы аясында тағы 17 мектептің есігі ашылады деп күтілуде. Бұл мектептер 13 800 оқушы орнына есептелген. Соған сәйкес мұғалімдерге деген сұраныс та жоғары болмақ.Педагогтерге қажеттілік:Жалпы қажеттілік – 2231 педагогОның ішінде жас мамандар – 295Сұранысқа ие бағыттар:Бастауыш сынып – 42Қазақ тілі мен әдебиеті – 35Орыс тілі мен әдебиеті – 30Математика – 45Ағылшын тілі – 36Физика, химия, биология – 45Информатика және басқа пәндер – 62Жас мамандар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес, enbek.kz платформасы арқылы конкурс негізінде қабылданады. Әр мектепте тәлімгерлік пен бейімделу бағдарламасы енгізіледі.Жас мамандарды қолдау – ел болашағына жасалған нақты инвестиция. «Келешек мектеп» жобасы білім беру жүйесіне тың серпін беріп, ауыл мектептерін кәсіби мамандармен толықтырып келеді. Бұл – тек мектеп емес, жаңа мүмкіндіктердің, сенімді ұстаздардың, білімді ұрпақтың бастауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041750?lang=kk
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қамысты ауданында Қамысты ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу жобасы жүзеге асырылуда. 29.07.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қамысты ауданында Қамысты ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу жобасы жүзеге асырылуда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов әкімдік отырысында әлеуметтік нысандарды уақытылы іске асыру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру қажеттігін баса айтты.Бұл жобаны жүзеге асыру спорт инфрақұрылымын дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасауға, сондай-ақ аудан тұрғындары үшін бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Құрылыстың барысы ерекше бақылауда, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.#қамыстыауданы #камыстинскийрайонАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1041715?lang=kk
Еуропалық Одақпен ынтымақтастық жоспарлары талқыланды 29.07.2025
Брюссель, 2025 жылғы 28 шілде – Қалыптасқан дипломатиялық тәжірибе аясында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық одақ пен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық жанындағы Миссиясының басшысы Роман Василенко Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің (ЕСІҚ) Протокол қызметі басшысының орынбасары Вадим Луценкоға өзінің сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Іс-шара протоколдық сипатта өтіп, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасумен қатар жүрді. Түрлі салалардағы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара бейілділік атап өтілді.Сол күні ЕСІҚ желісі бойынша таныстыру кездесулері шеңберінде Р. Василенконың ЕСІҚ-тың Шығыс әріптестігі, Ресей, Кавказ және Орталық Азия бойынша басқарушы директорының орынбасары Аудроне Перкаускиенемен алғашқы кездесуі өтті.Тараптар екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты, Қазақстан мен ЕО арасындағы әріптестіктің тұрақты сипатын атап өтті. Саяси диалогтың, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен салалық өзара іс-қимылдың, соның ішінде энергетика, көлік, логистика, «жасыл» және цифрлық трансформация салаларындағы қарқынды дамуына оң баға берілді.2025 жылғы сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия – ЕО» Саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. ЕО пен Орталық Азия арасындағы бірлескен жол картасының ережелерін орындауға бағытталған практикалық қадамдар талқыланды.Аталған құжат орнықты өңірлік байланыстарды кеңейтуге, әлеуметтік-экономикалық дамуға қолдау көрсетуге және жаһандық сын-қатерлерге қатысты ортақ тәсілдерді нығайтуға бағытталған. Институционалдық және бағдарламалық өзара іс-қимыл контексінде Team Europe және Global Gateway бастамаларының маңыздылығы атап өтілді. Бұл құралдар көлік пен логистика, цифрландыру және қоршаған орта салаларындағы өңірлік және өңіраралық жобаларға қосымша қолдау көрсетеді.2025 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстанның бейінді іс-шараларға, оның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарларға, сондай-ақ «ЕО – Орталық Азия» салалық форумдары мен диалогтық алаңдарына қатысу жоспарлары талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, институционалдық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ орнықты және өзара тиімді әріптестік мүдделеріне сай келетін ұзақмерзімді бастамаларды бірлесіп іске асыруға өзара мүдделілік білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1041716?lang=kk
Қазақстан мен Ватикан дінаралық диалогтың маңыздылығын растайды 28.07.2025
2025 жылғы 28 шілдеде Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Дінаралық диалог жөніндегі дикастерияның префекті кардинал Джордж Кувакадпен және Ватиканның ислам мәселелері жөніндегі орталығының басшысы профессор Лоран Басанеземен кездесті.Кардинал Дж.Кувакад пен Л.Басанезе Ватикан атынан ағымдағы жылы қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII-ші Съезіне қатысады.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларды Съезге дайындық барысы туралы хабардар етіп, іс-шара бағдарламасының жобасын табыс етті. Т.Пірімбетов алдағы Съезге әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам беделді діни лидерлер мен әртүрлі конфессия өкілдерінің қатысуы күтілетінін атап өтті.Кардинал Дж.Кувакад өз кезегінде, қазіргі таңдағы жаһандық сын-қатерлер, қақтығыстар мен поляризация жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі сияқты платформалардың өмірлік маңызды екенін атап өтті. Ватикан Қазақстанның бұл бастамасын өзара түсіністікке және туындаған мәселелерді шешу жолдарын іздеуге ықпал ететін диалог үшін бірегей мүмкіндік ретінде қарайды.Кездесу ашықтық пен өзара түсіністік аясында өтті. Тараптар Қазақстан-Ватикан қатынастарының барлық спектірлері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және іс жүзіндегі өзара іс-қимылды кеңейтуге деген табанды ұмтылыстарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1041698?lang=kk
Жосалыда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр 28.07.2025
Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің халық алдындағы есеп беру кездесуі Жосалы кентінде қорытындыланды.Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесу барысында аудан басшысы Қармақшы ауданында атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталып, көтерілген сұрақтарға нақты жауап берді.Бүгінгі таңда Жосалы кентінде тұрғындар қоныстанған көшелердің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Келмембет батыр, М.Шыңғысов және Н.Нақыпов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы құны- 398 млн теңге бөлінсе, Алтынасар көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 47 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері атқарылуда.Қазіргі таңда тұйық және қысқа көшелерді жарықтандыру мақсатында 167 дана жарық бағанасы мен қажетті жабдықтар демеушілік арқылы сатып алынып, 19 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Ізтілеуов, Келмембет батыр, Тоғанас батыр, Меңей батыр, Мәдірайым ишан, Қазантаев, Қабылан батыр тұйығы, Н.Нақыпов, Тұрмағамбетов, Қалқай ишан және Кшенов көшелерін жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті сараптамадан өтті. Жобаның жалпы құны – 359 млн теңге.Сондай-ақ, Ардагерлер саябағында «Г» формада 64 дана жарық бағанасы орнатылып, декоративті жарық ленталарымен безендірілуде.Абаттандыру жұмыстары да басты назарда. Аталған жұмыс аясында М.Құдабаев пен І.Мүсірбаев көшелерінде балалар ойын және спорт алаңдары салынуда. Әр нысанға футбол, баскетбол, балалар ойын және спорт алаңдары қарастырылған. Жобаға 57 млн теңге бөлінді.Сонымен қатар, әр жылдары пайдалануға берілген балалар ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Қасымов, Тайшық би және Құлмұратов көшелеріндегі алаңдарда әрлеу және қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл мақсатқа 4,9 млн теңге бөлінген.Жаяу жүргіншілер жолын салу бағытында да нақты шаралар атқарылуда. Байзақтегі көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салуға 59 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов көшесіне де жаяу жүргіншілер жолын салуға 44 млн теңге бөлініп отыр.Жиын соңында аудан басшысы халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, кез келген уақытта халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, сапалы өмір сүруіне жағдай жасау – басты мақсат екенін, осы бағытта ел мүддесіне сай жұмыс жүргізіліп келе жатқанын жеткізді.Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық сұрақтарға аудан әкімі нақты әрі тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1041703?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты 28.07.2025
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 01.07.2025 жылға 24 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 трлн теңгеден аса немесе 20,9% өсті.Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 шілдеге 22,85 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 18,7% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 12 ай ішінде 10,2% өсіп, 683,10 млрд теңгені құрады.Ең көп жылдық өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олар 12 ай ішінде 35% артып, 8,73 млрд теңгеге жетті.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 2025 жылғы 1 шілдеге 463,98 млрд теңге болды.КірістерЖинақтардың өсуі зейнетақы жарналарының түсімдерімен, сондай-ақ инвестициялық табыспен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 575,45 млрд теңге жарна түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 19,8% (немесе 260,05 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бастап 01.07.2025 жылға 1 294,56 млрд теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 11,7% – ға ұлғайды), МЗЖ – 67,87 млрд теңге (19,8% - ға өсім), ЕЗЖ - 1,38 млрд теңге. 2025 жылдың алғашқы 6 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 211,65 млрд теңгені құрады.Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 350,7 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айлардағы табыстың уақытша төмендеуін тоқтатты.Төлемдер мен аударымдарБЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 782,87 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдерден 325,24 млрд теңгеге (немесе 71,1%) көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 451,58 млрд теңге. Зейнет жасына толуына байланысты 6 ай ішіндегі төлемдер - 118,79 млрд теңге. Жыл басынан бері 01.07.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 34,58 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 19,18 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,58 млрд теңге, жерлеуге – 5,36 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 151,78 млрд теңге аударылды.Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1041697?lang=kk
Жосалы мен Иіркөл ауылдары жаңару жолында 28.07.2025
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жосалы және Иіркөл ауылдық округтерінде халықтың әл-ауқатын арттыруға, ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірқатар іргелі істер атқарылды. Аталған ауылдарға аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындармен есептік кездесу өткізіп, аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алда тұрған жоспарлар туралы баяндады.Жосалы ауылдық округінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бюджет көлемі 50,5 млн теңгені құрап, толықтай игерілді. Иіркөл ауылдық округі бойынша да осындай нәтиже байқалды – 44,8 млн теңге көлеміндегі қаражат мақсатты түрде жұмсалып, жоспарланған жұмыстар уақтылы орындалды. Мұның өзі ауыл экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.Халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі – ауыз су. Қазіргі таңда Жосалы мен Иіркөл ауылдарының барлық тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен толық қамтылған.Сондай-ақ аяқ су мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде. Жосалы ауылында Сырдария өзенінен арнайы насос арқылы 3,5 шақырым қашықтыққа су айдалып, арық жүйесімен үйлердің іргелік жерлеріне жеткізілсе, Иіркөл ауылында аяқ су Балажарма каналынан табиғи ағынмен келіп, ауылдың ішкі арықтарымен таратылады.Ауыл келбеті – сол елді мекеннің даму көрсеткіші. Осы ретте қос округте абаттандыру мен көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды:Жосалы ауылында П.Байшораұлы көшесіне жарықтандыру жүйесін орнатуға 27,8 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Иіркөл ауылында ұзындығы 8,45 шақырым болатын Қазақстан көшесіне 41 жарық бағанасы орнатылып, жоба 24,4 млн теңгеге жүзеге асырылуда.Ауыл экономикасының маңызды секторы – шағын және орта кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Ұлттық жоба» және «Ауыл аманаты» бағдарламалары арқылы бірнеше тұрғын жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашты.Халықпен кері байланыс – басты назарда. Кездесу соңында аудан әкімі Жандос Еркінбек халық тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1041624?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты 28.07.2025
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 01.07.2025 жылға 24 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 трлн теңгеден аса немесе 20,9% өсті.Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 шілдеге 22,85 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 18,7% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 12 ай ішінде 10,2% өсіп, 683,10 млрд теңгені құрады.Ең көп жылдық өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олар 12 ай ішінде 35% артып, 8,73 млрд теңгеге жетті.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 2025 жылғы 1 шілдеге 463,98 млрд теңге болды. КірістерЖинақтардың өсуі зейнетақы жарналарының түсімдерімен, сондай-ақ инвестициялық табыспен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 575,45 млрд теңге жарна түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 19,8% (немесе 260,05 млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бастап 01.07.2025 жылға 1 294,56 млрд теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 11,7% – ға ұлғайды), МЗЖ – 67,87 млрд теңге (19,8% - ға өсім), ЕЗЖ - 1,38 млрд теңге. 2025 жылдың алғашқы 6 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 211,65 млрд теңгені құрады.Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 350,7 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айлардағы табыстың уақытша төмендеуін тоқтатты. Төлемдер мен аударымдарБЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 782,87 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдерден 325,24 млрд теңгеге (немесе 71,1%) көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 451,58 млрд теңге. Зейнет жасына толуына байланысты 6 ай ішіндегі төлемдер - 118,79 млрд теңге. Жыл басынан бері 01.07.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 34,58 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 19,18 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,58 млрд теңге, жерлеуге – 5,36 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 151,78 млрд теңге аударылды. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1044431?lang=kk
Инватакси қызметі және әлеуметтік қолдау туралы түсіндіру жұмыстары 28.07.2025
Бүгін жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары М. А. Танатарова және «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті бірлестігі» ҚБ директорының орынбасары Л. А. Пугачева «Инватакси» қызметін көрсету тәртібін түсіндіре отырып, гемодиализ клиникасына барды Пациенттерге қызметті қалай пайдалану керектігі, қандай құжаттар ұсыну керектігі және қайда жүгіну керектігі айтылды. Сондай ақ барлық қызықтырған сұрақтарға жауап беріп мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі туралы еске салдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1041658?lang=kk
СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері арасында футзалдан турнир өтті 28.07.2025
Салауатты өмір салтын насихаттау және корпоративтік рухты нығайту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ұйымдастыруымен футзалдан турнир өткізілді. Спорттық шараға бес бөлімшенің командалары қатысты: №48, №50, №52, №66 мекемелері және Департаменттің құрама командасы.Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Қатысушыларға арнап сөз сөйлеген әділет полковнигі Канат Сүлейменов мұндай іс-шаралардың қызметкерлердің дене дайындығын арттырып қана қоймай, тәртіпті, ұйымшылдықты және өзара қолдауды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Ойын барысында командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін көрсетті. Турнирдің шарықтау шегі №48 және №66 мекемелері арасындағы финалдық матч болды. Тартысты ойында №48 мекемесінің командасы №66 мекемесін 3:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды №66 мекемесі иеленсе, үшінші орынға Департамент командасы тұрақтады.Жеке номинациялар бойынша да үздіктер анықталды. «Үздік ойыншы» атағына – әділет аға лейтенанты Асқарбек Жұмашев, «Үздік қақпашы» – әділет капитаны Вадим Голуб, ал «Үздік қорғаушы» – әділет майоры Эдуард Беккель лайық деп танылды.Футзалдан өткен бұл турнир ұжым ішіндегі байланысты нығайтып, қызметкерлерді белсенді әрі салауатты өмір салтына ынталандыратын, сондай-ақ кәсіби ортада жағымды ахуал қалыптастыруға үлес қосатын жарқын үлгі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1041594?lang=kk