Әлем
Қазақстан мен Сауд Арабиясы дипломатиялық кадр даярлаудағы ынтымақтастықты күшейтеді 08.10.2026
Рияд, 2026 жылғы 5 қазан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Ханзада Сауд әл-Фейсал атындағы Дипломатиялық зерттеулер институтының Бас директоры доктор Мушабаб бен Айед әл-Кахтанимен кездесті.Кездесу барысында тараптар дипломатиялық кадрларды даярлау, ғылыми-талдау бағытындағы әріптестік және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің дипломатиялық институттары арасында жас мамандарға арналған тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен іс-шараларды өткізуді көздейтін екіжақты құжатқа қол қою мүмкіндігін қарастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1305825?lang=ru
Шетпе ауылында құқықтық-профилактикалық керуен өтті 08.10.2026
Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал қоғам» жобасы аясында құқықтық-профилактикалық керуен өтті. Кездесуді Маңғыстау облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Алаңға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Олардың қатарында Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері болды. Мамандар ауыл тұрғындарына салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін, есептілікті тапсыру мерзімдерін, бақылау-кассалық машиналарды қолдануды және салықты төлемеудің салдарын түсіндірді. Тұрғындар жеңілдіктер, берешек және салық органдарына жүгіну тәртібі туралы сұрақтар қойды. Мамандар орындарда жауап беріп, ресми консультация алу үшін қайда жүгіну керектігін айтты. Шетпедегі керуен тұрғындар салық, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тікелей сұрақ қоя алатын тағы бір кездесу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1305892?lang=ru
Алматы облысында ұстаздар күніне орай білім саласының үздіктері марапатталды 08.10.2026
6 қазан күні Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, білім беру саласының үздік қызметкерлері марапатталды.Мерекелік шара барысында педагогтердің кәсіби жетістіктері аталып, білім беру саласында жоғары нәтиже көрсеткен мамандарға құрмет көрсетілді.Бүгінде Алматы облысында 34 767 педагог еңбек етеді. Оның 33 306-сы мемлекеттік, 1 461-і жекеменшік білім беру ұйымдарында қызмет атқарады. Биыл 7 292 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.Өңір педагогтерінің республикалық деңгейдегі жетістіктері де жоғары. 13 педагог «Үздік педагог» атағына ие болды. Ал жыл басынан бері облыстың 19 педагогі аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.Биыл республикалық педагогикалық хакатонға Алматы облысынан 6 жас маман қатысып, оның үшеуі жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» VIII республикалық байқауында Іле ауданының мұғалімі Табыс Шырақ I орын алды.Салтанатты жиында Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагог еңбегінің қоғамдағы маңызына тоқталды.«Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіретін қадірлі мамандық иесі. Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкіртінің жетістігі, елдің ертеңі мен қоғамның кемел келешегі», – деді Қайрат Жұманов.Мерекелік жиын барысында білім беру саласының мамандарына «Еңбек ардагері» медалі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалі, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ облыс әкімінің және білім басқармасы басшысының Құрмет грамоталары табысталды.Сонымен қатар «Үздік балабақша – 2026», «Үздік ауыл мектебі – 2026», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы – 2026», «Үздік сынып жетекші – 2026» және «Жылдың үздік мұғалімі – 2026» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша халықаралық және республикалық деңгейдегі шығармашылық-зерттеу жұмыстары, олимпиадалар мен байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен аудандық және қалалық білім бөлімдері де жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болды.Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын білім саласында еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетіп, олардың кәсіби жетістіктерін дәріптеуге арналды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1305964?lang=ru
Қысқы мал азығы 08.10.2026
Сарыбастау ауылдық округінде қысқы мал азығын дайындау науқаны сәтті аяқталды. Жергілікті шаруа қожалықтары мен тұрғындар алдағы қыс мезгіліне қажетті азық қорын межеленген жоспарға сәйкес дайындап алды.Науқан барысында өрт қауіпсіздігі ережелері толық сақталып, техникалар үздіксіз жұмыс атқарды. Жиналған шөп пен жем-шөп қоры қысқы кезеңде төрт түлік малды шығынсыз бағып шығуға толық мүмкіндік береді.Еңбектеріңіз берекелі болсын, ағайын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybastau/press/news/details/1305966?lang=ru
ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді 08.10.2026
2026 жылғы 6 қазанда Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді (бұдан әрі – Келісім).Анықтама ретінде: Келісімге 2025 жылы 27 маусымда Санкт-Петербург қаласында қол қойылды.Келісім Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 338-VIII ҚРЗ Заңыменратификацияланды.Келісімнің негізгі мақсаты – тауарноменклатурасының 85%-дан астамына қатысты импорттық кедендік баждарды өзара алып тастау және азайту, сондай-ақ тараптар арасындағы сауданы жеңілдету болып табылады.Әмірлік нарығының ашылуы қазақстандық экспорттаушыларға БАӘ-ге ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің мынандай санаттарын бажсыз жеткізуге мүмкіндік қамтамасыз етеді: қой еті, кептірілген бұршақ көкөністері, тауық еті, ІҚМ еті, басқа да азық-түлік өнімдері, қант қосылған минералды су, бидай ұны, кондитерлік өнімдер, өнеркәсіп тауарлары үшін: мұнай және мұнай өнімдері, тазартылған мыс, ыстықтай илектелген жалпақ прокат, суықтай илектелген жалпақ прокат, шыбықтар, крандар, клапандар, клапандар, МТС бөлшектері, сорғылар және т.б.Импорттық кедендік баждардың күшін жою мен төмендетуден басқа, Келісімде кедендік ынтымақтастық, сауданы қорғау шаралары, тауарлардың шығу тегін айқындау, СТҚ, СФС, зияткерлік меншік туралы ережелер, сондай-ақ құқықтық және институционалдық мәселелер бойынша тиісті тараулар және салалық ынтымақтастықты дамыту, шағын және орта бизнестің, электронды сауданың және т.б. салалардағы уағдаластықтар қарастырылған. Сауданың толық форматты преференциялық режимін қалыптастыру, келісім аясындағы мәселелердің кең ауқымын реттеу өзара сауданың әлеуетін іске асыруға және Қазақстанның БАӘ-мен сауда-экономикалық қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.Толығық мәтіні https://eec.eaeunion.org сайтында қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1306005?lang=ru
«Әйел мен ер – қоғамдағы тең мүмкіндік» атты дөңгелек үстел. 08.10.2026
2 қазан күні Бастаушы ауылдық клуб үйінде әйелдер мен ерлердің қоғамдағы тең мүмкіндіктерін насихаттау, гендерлік теңдік қағидаттарын түсіндіру және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қолдау мақсатында «Әйел мен ер – қоғамдағы тең мүмкіндік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қоғамдағы әйел мен ер адамның орны, олардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мен қоғамдағы өзара сыйластық, бір-біріне қолдау көрсету және тең мүмкіндік беру мәселелері кеңінен талқыланды.Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, әйелдер мен ерлердің қоғамның дамуына қосып отырған үлесі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, әр адамға жынысына қарамастан білім алуға, еңбек етуге, өз қабілетін дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға бірдей мүмкіндік берілуі маңызды екені айтылды.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдағы татулық пен теңдікті қалыптастыру әр азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1306051?lang=ru
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті 08.10.2026
Астана, 2026 жылғы 6 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалмен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты қатынастардың тұрақты серпінін және саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылдың өсуін атап өтті.Нью-Делиде өткен XVIII БРИКС саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің жуырдағы кездесуінің қорытындылары жоғары бағаланды. Аталған кездесу екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін бергені атап өтілді. Тараптар энергетика, цифрландыру, жоғары технологиялар және креативті индустриялар салаларында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Үндістанның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде АӨСШК аясындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық серіктестігін нығайту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1306079?lang=ru
2026 жылдың қазан айына арналған салық күнтізбесі 08.10.2026
Құрметті салық төлеушілер!Салық есептілігін тапсыру мерзімінің жақындағанын еске саламыз. Салық міндеттемелерін уақытылы орындап, қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, тапсыруды сұраймыз.📌 Маңызды күндер мен мерзімдер жоғарыдағы карусельде көрсетілгенАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1306082?lang=ru
Қызметті тоқтату туралы өтінішке бас тарту 08.10.2026
📣 Қызметті тоқтату туралы өтінішке бас тарту келген жағдайда не істеу керек?❌ Егер қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішке «Қабылданбады» мәртебесі берілсе, бас тарту себебін КНП ИСНА-дағы 📂 «Құжаттар» бөлімінен көруге болады.🔎 Бас тарту себебін анықтап, көрсетілген себептерді жою қажет.✅ Бас тартуға негіз болған себептер жойылғаннан кейін салық төлеуші қызметті тоқтату туралы өтінішті жалпы тәртіппен қайта беруге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1306095?lang=ru
Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады 08.10.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздің ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру, әр балаға тең мүмкіндік жасау, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, педагогтерді қолдау мәселелерін айқындады.«Тек 2023 жылдан бері облыста 6 840 орынға арналған 10 жаңа мектеп және 15 балабақша салынды. Соның арқасында оқушы орындарының тапшылығы үш есеге қысқарды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100 пайызға, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 96,6 пайызға жетті», – деді аймақ басшысы.Жаңа зауыттар мен заманауи өндірістердің ашылуына, экономиканың өсіп келе жатқан сұранысына орай, соңғы жылдары облыс колледждерінде 25 жаңа мамандық ашылды. Айталық, бүгінде жаңа өндірістердегі жұмысшылардың 70%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.Өңірде 22 мыңға жуық педагог және 159 мыңға жуық білім алушы бар. Биыл облысымыздың білім саласында жеткен жетістіктер аз емес. PISA-2025 халықаралық зерттеуінде облысымыз үш бағыт бойынша үздік үштікке енді: оқу сауаттылығы бойынша 2-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы және цифрлық мәселелерді шешу дағдылары бойынша 3-орын иеленді.Қостанай облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, 156 ауыл мектебі Starlink спутниктік интернетін пайдаланады. 5 мыңнан астам мұғалім ChatGPT Edu жасанды интеллект көмекшісін пайдаланады. «Жасанды интеллект және Game Development» жобасына 666 оқушы, «Auyl Ertegi» республикалық жобасына 14 оқушы қатысты. Биыл алғаш рет өңірімізде «QOSTANAI TECH» отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.«Мемлекет басшысы тамыз конференциясында Қостанай облысы түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары нәтижелерін ерекше атап өткен болатын. Осы жетістіктердің әрқайсысының артында ұстаздарымыздың еселі еңбегі, кәсіби шеберлігі мен үлкен жауапкершілігі тұр. Білім саласының ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуана берулеріңізге тілектеспін. Ұстаздар күні құтты болсын!», – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306180?lang=ru
Қостанайда экотакси паркі жұмысын бастады 08.10.2026
Мемлекет басшысы адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру, заманауи шешімдерді енгізу және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыру міндетін қойып отыр.Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында электромобильдерден тұратын жаңа экотакси өз жұмысын бастады. Бұл – заманауи, экологиялық таза әрі тұрғындар үшін қолайлы жолаушылар тасымалы қызметі.Салатанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Жоба аясында 65 JAC электромобилі сатып алынды. Инвестиция көлемі – 487,5 млн теңге. Жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Электромобильдер Қостанайдағы Allur зауытында өндірілген.Электромобильдер зиянды заттардың атмосфераға таралуын азайтып, қалаға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында электр көліктеріне арналған қуаттау станцияларының желісі де дамып келеді. Олар қаланың әртүрлі нүктелерінде орналасады.«Соңғы бес жылда Қостанай қаласының халқы 20 мың адамға артты. Сондықтан біз заманауи технологияларды, экологиялық таза шешімдерді және адамдардың өмірін жайлы ететін бастамаларды одан әрі енгізе беруіміз қажет», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306181?lang=ru
Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге артты 08.10.2026
Биыл Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 913%-ке артты. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына барған жұмыс сапары барысында Қараменді ауылында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аудан орталығында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналып 8 пәтерлі 4 үй салынып жатыр.Сапар аясында облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.Ауданда 276,9 мың га жерге егіс егілді, 231,2 тонна өнім жиналды. 75,5 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 131,5%-ке орындалды. Жыл басынан бері 70 ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы сатып алынды.Агроөнеркәсіп кешенінде 470 млн теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.5 елді мекенде блок-модульді ветеринарлық пункт салынып жатыр.2026 жылы шағын және орта бизнес саласында 31 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл 9 мың көшет егілді. 21 қараусыз қалған және апатты нысан сүрілді.Сапар барысында аймақ басшысы 2023 жылы ашылған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306184?lang=ru
Сарыкөл ауданында шаңғы-велосипед трассасы салынып жатыр 08.10.2026
В ходе рабочей поездки в Сарыкольский район аким Костанайской области Кумар Аксакалов ознакомился с ходом строительства лыжно-велосипедной трассы. Проект реализуется в рамках меморандума, заключенного между местным акиматом и сельхозтоваропроизводителем.Строительные работы осуществляет ТОО «СарыкольДорСтрой» за счет собственных инвестиционных средств в размере 75 млн тенге. Всего в районе насчитывается 67 спортивных объектов, работают 315 спортивных секций.Агропромышленный сектор составляет 85% экономики Сарыкольского района. Здесь работают 557 сельскохозяйственных предприятий. Урожай собран с площади 271,3 тыс. га, намолочено 531,3 тыс. тонн зерна. Средняя урожайность составила 19,6 центнера с гектара. Убрано 61,6 тыс. га масличных культур. За 8 месяцев приобретена 91 единица сельскохозяйственной техники на сумму 5,1 млрд тенге.В районе ведется строительство трех животноводческих объектов. Реализуются 10 инвестиционных проектов общей стоимостью 4,7 млрд тенге.ТОО «MEL-FARMAGRO» за счет собственных средств в размере 1,5 млрд тенге строит ферму по разведению племенного крупного рогатого скота мясного направления. В рамках проекта будет создано 22 новых рабочих места.В этом году в районе планируется ввести в эксплуатацию 2,5 тыс. квадратных метров жилья. После 30-летнего перерыва строительство жилья было возобновлено. В настоящее время для граждан из социально уязвимых категорий строятся два дома общей площадью 1 640 квадратных метров на 32 квартиры, а также два дома общей площадью 260 квадратных метров.Кроме того, планируется приобрести 14 квартир и построить шесть двухквартирных домов.В районе функционируют 18 лечебно-профилактических учреждений. В прошлом году в селе Крылов был введен в эксплуатацию медицинский пункт. В настоящее время завершено строительство фельдшерско-акушерского пункта в селе Маяк.В ходе поездки аким области встретился с жителями района и рассказал о социально-экономическом развитии региона. Он также ответил на вопросы жителей.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306209?lang=ru
Қазақстан мен Бельгия көлік, «жасыл» энергетика және орнықты даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 08.10.2026
Брюссель, 2026 жылғы 6 қазан – Бельгиялықтар Королі Филипптің Қазақстанға тарихтағы алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Бельгияның Ұтқырлық, климат, экологиялық өтпелі кезең және орнықты даму мәселелері жөніндегі федералдық министрі Жан-Люк Крюкемен кездесті.Тараптар көлік және логистика, жаңартылатын энергетика, өнеркәсіпті декарбонизациялау, аса маңызды шикізат материалдары, «жасыл» технологиялар және орнықты даму салаларындағы қазақстандық-бельгиялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның көлік және энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға озық бельгиялық технологиялар мен инвестицияларды тартуға ерекше назар аударылды.Елші өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияны тереңдету үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті. Қазақстан Еуропалық одақ аса маңызды деп айқындаған шикізаттың 34 түрінің 21-ін өндіреді және бельгиялық әрі еуропалық әріптестермен бірлесіп, шикізат экспортынан оны терең өңдеуге, технологиялар трансферіне және жоғары қосылған құны бар өндірістер құруға көшуге мүдделі.Ж.-Л.Крюкенің қатысуы жоспарланып отырған Бельгия монархының Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына ерекше назар аударылды. Тараптар сапар практикалық өзара іс-қимылға қосымша серпін беріп, бельгиялық министрдің құзыретіне кіретін салаларда жаңа бірлескен жобаларды айқындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Әңгіме барысында Ж.-Л.Крюке 2019 жылы Валлонияның бюджет, қаржы, әуежайлар және спорт инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі министрі лауазымында Қазақстан мен Бельгия футбол құрамалары арасындағы кезекті матчқа байланысты Астанаға жасаған бұрынғы сапарын жылы ықыласпен еске алды. Қазақстан астанасындағы синагогаға барғанын ерекше атап өтіп, елдегі қалыптасқан конфессияаралық келісім ахуалына оң бағасын берді. Осы орайда Елші Қазақстанның дәстүрлі түрде этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде декарбонизация, циркулярлық экономика, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және «жасыл» технологияларды енгізу мәселелері жеке талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы экономикалық өсуді, өнеркәсіптік жаңғыртуды және климаттық мақсаттарға қол жеткізуді ұштастыратын, нақты жобаларға бағдарланған прагматикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1306224?lang=ru
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді 08.10.2026
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті.Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының маңызды оқиға екенін атап өтті.– Аса мәртебелі Сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы елдеріміз сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты.– Қазақстандықтар еліңізге ерекше құрметпен қарайды. Оманға саяхаттап барған азаматтарымыздың қатары қалың. Алайда Маскатты, Оманның басқа да қалаларын көрмеген отандастарымыз бар. Елдеріміз арасында қосымша тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсері сөзсіз. Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.– Кейінгі отыз жылдан аса уақыт ішінде қарым-қатынасымыз айтарлықтай ілгерілеп, нығая түсті. Бүгінгі кездесуіміз қол жеткізілген нәтижелерді бекемдеп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сапар аясында өзара түсіністік жөніндегі бірқатар келісім мен меморандумға қол қоямыз. Сіздің қолдауыңызбен экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатамыз деп сенемін. Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз. Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын, – деді Хайсам бен Тариқ Әл Саид. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1306237?lang=ru
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 08.10.2026
Келіссөз барысында Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына ілтипат танытып, оның Сұлтан ретінде Орталық Азияға алғаш рет сапармен келгенін атап өтті.– Оманды Қазақстанның араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен әрі сенімді серіктесі санаймыз. Келесі жылы айтулы дата – Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 35 жыл толуын зор мақтанышпен атап өтеміз. Осы уақыт ішінде тату достыққа, өзара құрмет пен қолдауға негізделген серіктестіктің жаңа кезеңі үшін берік іргетас қаланды. Жақында Оман Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саид бастаған жоғары деңгейдегі делегацияның Астанаға жасаған жемісті сапары мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың жандана түскенін айқын көрсетеді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қол жеткізген уағдаластықтар бауырлас халықтарға айтарлықтай пайда әкеліп, стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететініне сенім білдірді.– Келіссөздер қорытындысы бойынша экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, цифрландыру, денсаулық сақтау және басқа да салаларды қамтитын екіжақты келісімдерге қол қоямыз. Бұдан бөлек, серіктестігіміздің басым бағыттарын белгілейтін Бірлескен мәлімдеме қабылдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент ортақ жобалардың іске асырылуын оң бағалады. Олардың қатарында «Доңға» мұнай кен орнын игеру, Solidcore Resources компаниясының Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындары, Oman Investment Authority бірлескен инвестициялық қоры, сондай-ақ қонақ үй және шипажай инфрақұрылымын дамыту жобалары бар. Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид ыстық ықыласпен қарсы алғаны және табысты келіссөз жүргізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-оман ынтымақтастығының жан-жақты дамып келе жатқанын атап өтті.– Оман Қазақстанмен ықпалдастыққа айрықша мән береді. Соңғы жылдары екі елдің әріптестігі тың серпін алды. Біз мұны құптаймыз. Жоғары деңгейдегі еларалық сапарлар, Бірлескен үкіметаралық комиссия жұмысы ынтымақтастығымызды әлдеқайда нығайта түсуге мүмкіндік береді, – деді Оман Сұлтаны.Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың айтуынша, Оман Қазақстанмен энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік-логистика, қаржы қызметтері, туризм, технология және жасанды интеллект секілді көптеген секторда инвестициялық ықпалдастықты жолға қоюға айтарлықтай әлеует бар деп санайды.– Біз дербес инвестициялық институттарымыздың, жеке сектор мен арнайы мемлекеттік құрылымдардың мүмкіндіктерін ұштастыратын жобалардың жүзеге асырылуын құптаймыз. Елеулі маңызға ие саланың бірі – көлік байланысы. Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын жаһандық сауда дәліздерінің бойында стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан. Ал Оман Шығанақ, Үнді мұхиты, Азия және Африка елдерінің басты нарықтарына төте шығатын теңіз жолдарын қамтамасыз етеді. Бір-бірін толықтыратын осы артықшылықтарымыз екі елдің өсіп-өркендеуіне ықпал етіп, пайдаға кенелтері анық. Сондықтан көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде Оман порттары арқылы сауда дәліздерін бірлесе дамытуға және елдеріміздің арасындағы әуе қатынасын жандандыруға ниеттіміз, – деді Оман Сұлтаны.Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне қолайлы кез келген уақытта Оманға сапармен келуге шақырды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады.Мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім;3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы бірлескен инвестициялық құрылым (қор) құру туралы келісім;4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы Blue City Rixos бірлескен жобасы шеңберіндегі негізгі шарттар туралы келісім;5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Оман Сұлтандығы Қаржы министрлігі арасындағы қаржы саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;6. «Атамекен» ҰКП мен Оман Сұлтандығы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен OQ Exploration & Production компаниясы арасындағы геологиялық барлау саласы бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;8. Еуразиялық даму банкі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы Еуразиялық даму банкінің Оман Сұлтандығында қызмет ету шарттары туралы келісім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1306238?lang=ru
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады 08.10.2026
Президент Оман Сұлтанының сапары тарихи сипатқа ие екенін тілге тиек етіп, оның екіжақты байланыстарға шын мәнінде серпін беретінін айтты.– Оман – Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі. Ынтымақтастығымыз отыз жылдан бері өзара сенім, түсіністік пен қолдау рухында өрбіп келеді. Бүгін Сізбен Астана төрінде жүздесіп, қарым-қатынасымызды елеулі тарихи деңгейге көтергелі жатырмыз. Бұл – Оман Сұлтанының Қазақстанға және Орталық Азияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары. Сондықтан мұны елімізге көрсеткен ерекше сый-құрметіңіз, сондай-ақ қос тараптың сауда-саттық пен өзара мүддеге сай келетін барлық салада ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдіретін нышан деп білемін. Дәстүрлі мұнай мен газ секторын немесе көлік, логистика, цифрландыру, жасанды интеллект сияқты жаңа бағыттарды, сонымен қатар сауда байланыстары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жолға қою мүмкіндіктері жөнінде өзара ақпарат алмасуды осындай маңызды салалардың қатарына жатқызуға болады. Оман сияқты стратегиялық серіктесіміз болғанына қуанамыз. Біз де еліңіздің сенімді әріптесі болуға барынша күш саламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің әрдайым ықыласты екенін атап өтті.– Аса Мәртебелі Сұлтан, Сіз айтулы мемлекет қайраткерісіз. Ел басқару ісіндегі көреген ұстанымыңыз бен ұзақ жылдардан бері халқыңызға жасап келе жатқан қалтқысыз қызметіңіз зор құрметке лайық. Қазақстан халқы Сізді ерекше қадірлейді, сонымен қатар Оманды серіктес қана емес, достас әрі бауырлас ел деп атай алатынын мақтан тұтады. Сіздер стратегиялық мақсат қою арқылы мемлекетті гүлдендіріп, дамудың даңғыл жолына түсіруге болатынын дәлелдедіңіздер. Оны адам капиталына инвестиция құю, инновацияларды игеру және келешекке бағдарланған экономика құру қадамдарынан байқауға болады. Oman Vision 2040 бағдарламасы ұлттық болмыс-бітімді, елдің құндылықтары мен дәстүрлерін сақтай отырып, әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және орнықты экономика қалыптастыру жолындағы стратегиялық бағдарыңыздың дұрыс екенін көрсетеді. Көшелі көшбасшы, бейбітшілік сақшысы әрі парасатты тұлға ретінде Сіз дүние жүзіндегі көптеген жанды, танымал саясаткерлерді тәнті етіп келесіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Содан кейін Президент Оманның аймақтағы тұрақтылықты нығайту, дінаралық диалогты өрбіту және гуманитарлық бастамаларды іске асыру ісіндегі рөліне тоқталды.– Түрлі тараптар арасына дәнекер болып, өзара түсінісуіне талай мәрте ықпал еттіңіз. Осы алғырлығыңыз Оманды өңірлік және халықаралық қатынастарда салмағы бар елге айналдырды. Біз бұл ұстанымды жоғары бағалаймыз. Еліңіз шын мәнінде әділ әрі ешкімге бұра тартпайтын бейтарап мәмілегер саналады. Сіздің тарихи сапарыңыз Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты қатынастар жылнамасында маңызды кезең ретінде жазылады. Аса мәртебелі Сұлтан, халықтарымыз арасындағы достықты нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесіңізді ескеріп, Сізге «Алтын Қыран» орденін табыстау – мен үшін зор мәртебе, – деді Мемлекет басшысы.Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы – Әл Саид орденімен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1306240?lang=ru
Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды 08.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге сапармен келген Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді.АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарға орталық жұмысының нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін Орталық қандай мүмкіндіктер ұсына алатынына тоқталды.АХҚО ашылғаннан бері Қазақстанға 28 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталықта 90 елден 6600-ден астам компания тіркелген.Екі ел басшыларына ағылшын құқығына негізделген қаржы орталығы юрисдикциясындағы ерекшеліктер, АХҚО-ның қаржы қызметін реттеу комитеттерінің, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.Бұдан бөлек, Орталықтың исламдық қаржыландыру саласындағы мүмкіндіктері, сондай-ақ тәулік бойы консультациялық қолдау көрсететін AIDA (AIFC Intelligent Digital Assistant) интеллектуалдық ассистенті жайында баяндалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1306241?lang=ru
Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі 08.10.2026
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде өзара сенім мен түсіністік сипатында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздердің ашық, объективті әрі шын мәнінде мазмұнды болғанын айтты.Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілету үшін тиісті келісімшарт-құқық базасы мен институттық негіздерді күшейту қажет екенін алға тартты. Президент бұл ретте Инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің маңызына тоқталды. Аталған уағдаластық аясында жобаларды іске асыратын инвесторлар анағұрлым түсінікті, ашық әрі сенімді шарттармен қамтамасыз етілген.Сондай-ақ екі елдің іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға айрықша мән берілді.– Қазақстан-Оман іскерлік кеңесі бизнес өкілдері бір-бірімен белсенді араласатын алаң болатынына сенімдімін, – деді Президент.Мемлекет басшысының пайымдауынша, тиімді қаржылық тетіктер Қазақстан мен Оманның ортақ мақсаттарын қуаттай түседі.– Біз «Самұрық-Қазына» АҚ мен Оман инвестициялық басқармасы арасындағы бірлескен инвестициялық құрылымды іске қосу туралы келісімге қол қойылуын құптаймыз. Бұл маңызды бастама нақты жобаларды қаржыландыруға арналған капиталды біріктіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз Оманның жақында құрылған Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты жолға қоюға болады деп санаймыз. Екі ел қаржы институттарының бір-бірімен тікелей байланыс орнатуы инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне егжей-тегжейлі тоқталды.– Энергетика, логистика және тау-кен өнеркәсібіндегі көпжылдық табысты серіктестігіміз оң нәтижесін бере бастады. Біз мұны мақтан тұтамыз. Өмірлік маңызы бар осы салаларда әлеуетімізді біріктіру екі елдің игілігіне қызмет ететін бірлескен жаңа кәсіпорындардың пайда болуына септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.Президент көлік-логистика саласында ынтымақтастық әлеуеті зор екенін айтты.– Біз Оманды көлік-логистика саласындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Өйткені, бұл – стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан, порт инфрақұрылымы ілгері, Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығатын жолы бар ел. Ал Қазақстан – табиғи ресурсы мол, өндіріс базасы дамыған, Азия мен Еуропа арасындағы көлік бағдарларында стратегиялық рөл атқаратын әрі көлік байланысын өркендету жөнінде нақты жоспарға ие мемлекет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға үндеді.– Еліміздің жазиралы даласында ауыл шаруашылығымен айналысуға мол мүмкіндік бар. Сондықтан бүкіл Шығанақ аймағының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сенімді серіктес бола аламыз, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында қазіргі уақытта саяси деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске ұластыру және экономикалық байланыстарды қазақ-оман серіктестігінің тірегіне айналдыру басты міндет екенін айтты.– Қазақстан мен Оман кәсіпкерлерін серіктестік байланыс орнату, келешегі зор жобаларды пысықтау және инвестиция ауқымын кеңейту мақсатында Іскерлік кеңес мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырамын. Іскер топтар белсенді үлес қосса, экономикалық әріптестігіміз жаңа деңгейге көтерілетіні анық, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ форумда АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Oman Investment Authority президенті Абдулсалам бен Мұхаммед Әл-Муршиди сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1306242?lang=ru