Әлем
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады 10.06.2025
Президент ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтоненді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымды аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы күрделі кезеңде басқарып отырған Элина Валтоненнің қызметіне қолдау білдірді.– Биыл біз Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өтеміз. Жарты ғасыр өтсе де бұл құжат егемендік, аумақтық тұтастық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын бекіте отырып, еуропалық қауіпсіздіктің негізі болып қала бермек. Қазақстан осы құндылықтарды берік ұстанады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент қазақ-фин байланыстарының жай-күйіне жоғары баға берді. Финляндияны Астананың Скандинавия аймағындағы бұрыннан келе жатқан серіктесі деп атап, қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға әзір екенін мәлім етті.Өз кезегінде Элина Валтонен ЕҚЫҰ Қазақстанмен және Орталық Азиямен байланысты дамытуға баса мән беретініне тоқталды.– Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын бекітуге үлкен күш-жігер жұмсап отырсыз. Соның арқасында еліңіз өзін аймақта және әлемде ықпалды орта держава ретінде танытты. Қазақстан ЕҚЫҰ секілді ұйымдардың жұмысына белсенді атсалысу арқылы жаһандық деңгейдегі беделін нығайта береді. Біз Сіздің қазіргідей күрделі кезеңдегі, әсіресе, экономика және экология салаларындағы қызметіңізді жоғары бағалаймыз. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалық кеңсесімен ынтымақтастық айтарлықтай табысты дамып келеді, – деді ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббқа сәлем жолдап, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін тығыз ықпалдастыққа дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1014583?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі әдеп пен адалдық 10.06.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов 2025 жылдың 05 маусым айында Зайсан ауданы және Күршім ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізді:Кездесу онлайн форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов жауап беріп, қажетті ақпарат берді.Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1014589?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия СІМ басшылары конструктивті өзара іс-қимыл мен екіжақты серіктестік және ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайту бағытын растады 10.06.2025
Астана, 2025 жылғы 10 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрайымы – Финляндия Республикасының Сыртқы істер министрі Элина Валтоненмен оның Астанаға ресми сапары аясында кездесу өткізді.Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттары, сондай-ақ Қазақстан мен Финляндия арасындағы өзара іс-қимылды барлық салалар бойынша кеңейту жөніндегі бірлескен қадамдар талқыланды.Биік және жоғары деңгейлердегі байланыстардың қарқынды дамуын атап өткен ҚР СІМ басшысы Финляндияның Солтүстік Еуропадағы және Еуропалық одақ аясындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін айтып, Астана мен Хельсинки арасындағы диалогты одан әрі тереңдетуге дайындығын растады.Сұхбаттастар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның өзара тиімді іскерлік байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін оң бағалады. Экономикалық серіктестіктің әлеуетін ашу мақсатында тараптар көлік және логистика, су ресурстарын және орман шаруашылығын басқару, инновациялар, энергетика және «жасыл» технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды.М.Нұртілеу фин бизнесін Қазақстандағы индустриялық-инновациялық жобаларға белсенді қатысуға шақырды.Министрлер барлық деңгейдегі өзара сапарлар алмасу мемлекетаралық байланыстарға қуатты серпін беріп, екі ел арасындағы серіктестікті сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етеді деген ортақ пікір білдірді.Келіссөздер барысында ЕҚЫҰ кеңістігіндегі және Ұйым ішіндегі қазіргі ахуал, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту және сындарлы диалогты қайта қалпына келтіру жолдары бойынша пікір алмасу өтті.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ұйымның негізін қалаушы құжат – Хельсинки Қорытынды актісінің қабылданғанына 50 жыл толуына орай Финляндияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.Сондай-ақ бұл жыл екі есе мерейтойлы екені аталып өтті, себебі 15 жыл бұрын, 2010 жылы Қазақстан елордасында өткен және Ұйым үшін тарихи маңызы бар Саммиттің қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары Астаналық декларацияны қабылдаған болатын. Аталған құжатта Хельсинки актісінің негізгі қағидаттары бекітілген.М.Нұртілеу өңірдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, ЕҚЫҰ-ның Ұйым кеңістігіндегі дағдарыстарды шешуге арналған маңызды келіссөз алаңы болып қала беретінін атап өтіп, Қазақстанның ЕҚЫҰ аясындағы өз міндеттемелерін орындауға бейілді екенін нақты айтты.Өз кезегінде, Э.Валтонен Финляндияның төрағалық кезеңіндегі басымдықтарымен таныстырып, олардың басты мақсаты – қатысушы мемлекеттер мен Ұйымның жалпы орнықтылығын, дағдарыстарға жауап беру және одан кейін қалпына келу қабілетін арттыру екенін атап өтті.Іс басындағы төрайым Финляндияның төрағалығын қолдағаны және ЕҚЫҰ аясындағы Қазақстанның белсенді рөлі үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Орталық Азия ЕҚЫҰ үшін маңызды өңір, ал ЕҚЫҰ-ның далалық миссиялары өңір елдерінде реформаларды жүзеге асыруға және қауіпсіздіктің үш өлшемі бойынша – әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді жалғастыруда.Трансұлттық сын-қатерлерге және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі ынтымақтастық, шекара қауіпсіздігін және көлік байланыстылығын нығайту, сондай-ақ құқық үстемдігін және азаматтық қоғамды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Келіссөздердің қорытындысы бойынша министрлер екіжақты форматта да, өңірлік алаңдар шеңберінде де тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1014591?lang=kk
Жылжымалы медициналық кешен – ауыл тұрғындарына сапалы диагностика мен үміт сыйлайды 10.06.2025
Алматы облысында ауылдық елді мекендердегі халыққа жоғары сапалы диагностикалық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылдың төрт айында Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 5 мыңнан астам шалғай елді мекен тұрғындарын тексеруден өткізді.Жыл басынан жылжымалы медициналық кешен Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандары мен Шелек ауылында көмек көрсетті.«Жылжымалы кешеннің арқасында 4 айда 5 мыңнан астам ауыл тұрғындарын тексеріп, оларға уақыт пен қаражат үнемдеуге мүмкіндік бердік. Бұл шалғайдағы халық үшін аса маңызды», – деді Алматы аймақтық көпсалалы клиника директоры Саяхат Олжаев.2025 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейінгі аралықта 5 350 адам тексеруден өтті. Оның ішінде 1 648 әйелге маммография, 1 401 адам КТ текесеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 8 адамнан қатерлі ісік анықталса, 123 адамнан қатерлі ісіктің белгілері анықталды. 156 пациенттен обыр алды жағдайлар анықталды.«Ерте диагностика – сәтті емдеудің кілті. Жылжымалы кешендердің көмегімен біз қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл – адамдардың өмірін сақтап қалудың нақты жолы», – деп атап өтті Саяхат Олжаев.Жылжымалы медициналық кешен маусым айында Қарасай және Ұйғыр аудандарының тұрғындарын тексеруден өткізеді.Жылжымалы диагностикалық кешендерді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен әрбір азаматқа медициналық көмекті жақындатудың тиімді құралына айналып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1014563?lang=kk
Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е медициналық анықтамасын автоматты түрде тексеруді енгізді 10.06.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірді. Бұл жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е үлгісіндегі жалған медициналық анықтама ұсыну мүмкіндігін жояды.Енді азаматтарға «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алу кезінде медициналық анықтаманы қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Медициналық тексерудің нәтижесі автоматты түрде ИАЖ ХҚКО-ға келіп түседі. Бұл жаңашылдық өтініштердің қарау мерзімін жеделдетуге, жалған құжаттарды ұсыну жағдайларын болдырмауға және жүргізуші куәлігін алу рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.Аталған бастама ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды және бұл мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Айта кету керек, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылған жағдайда, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Сондай-ақ, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама ұсыну қажеттілігі жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1018820?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөліміне жаңа командир тағайындалды 10.06.2025
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, полковник Ерлан Мырзалин ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің командирі болып тағайындалды.Жеке құрамға жаңа командирді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков таныстырды.Құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас қолбасшысы полковник Ерлан Мырзалин өзінің бай қызметтік тәжірибесін тиімді пайдалана отырып, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.Ерлан Мырзалин қызмет жолын Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесінің курсанты болып бастап, кейіннен авиациялық базаның жауынгерлік даярлық жөніндегі командирінің орынбасарына дейін көтерілді.Ми-8, Ми-24, Ми-26 тікұшақтарын және өзге де әскери авиациялық техникаларды басқару ісін жетік меңгерген.Адал қызметі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және мерейтойлық, ведомстволық марапаттармен наградталған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1014502?lang=kk
2025 жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде оқыту іс-шарасы өтті 10.06.2025
Іс-шараға ШҚО әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев К.Т., сондай-ақ ҰҚК, ІІД және Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері қатысты.Террористік қауіп туындаған жағдайда осал нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің алғашқы әрекеттері бойынша оқыту жүргізілді.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы терроризмге осал нысандарды қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық өткізілді.Оқыту барысында террористік қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәртібі және терроризмге қарсы іс-қимылды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың белгілері, иесіз заттарды анықтаған кезде мемлекеттік органдарға хабарлау тәртібі, сондай-ақ террористік қауіп туралы жалған хабарламаларға жауап беру рәсімдері мен эвакуация кезінде атқарылатын іс-әрекеттер мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1014509?lang=kk
Бақылау-кассалық машиналарды пайдаланудан кім босатылады 10.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға жататынын хабарлайды. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс. Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады?Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар.Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі.Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар.Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі.Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар.Діни бірлестіктер.Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда.Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар. Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайларКәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1014405?lang=kk
AIF 2025 қорытындысы: AIF аясында жасалған инвестициялық келісімдердің жалпы сомасы 800 млн аса АҚШ долларын құрады 10.06.2025
Бұған қоса, Астана қаласы әкімдігінің алдын ала бағалауынша, форум күндері елордаға 5 мыңнан астам шетелдік қонақтың келуі қонақ үйлер, мейрамханалар, көлік қызметтері және қаланың басқа да салалары үшін 2,6 млрд теңге көлемінде табыс әкелді.Астана халықаралық форумы қарсаңында өткен «Қазақстан–Франция» және «Қазақстан–Италия» бизнес-форумдарында, сондай-ақ AIF 2025 алаңдарында еліміз үшін маңызды бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойылды.Қазақстан–Франция бизнес-форумы аясында энергетика, денсаулық сақтау, логистика, агроөнеркәсіп, білім беру және орнықты даму салаларын қамтитын 15 келісім жасалды. Солардың ішіндегі ірісі — Павлодар қаласында сутегін өндіретін қондырғы салу жобасы. Бұл жобаға 90 миллион еуродан астам инвестиция тартылмақ.Қазақстан–Италия бизнес-форумы шеңберінде жалпы сомасы 180 миллион еуро болатын 10 келісімге қол қойылды. Олардың аясында логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өнеркәсіпті цифрландыру және «жасыл» энергетика салаларындағы жобалар қамтылған.AIF 2025 алаңында да ірі келісімдер жасалды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Kazak Protein» ЖШС Түркияның Tiryaki Agro, Катардың Hassad Food компанияларының қатысуымен және KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының қолдауымен Астана қаласында дәнді дақылдарды терең өңдейтін кешен салу жөнінде 320 миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестициялық келісімшартқа қол қойды.Сонымен қатар, KAZAKH INVEST италиялық серіктестермен тағы үш келісім жасасты. Олардың қатарында Түркістан облысында TRAMITE Group жүзеге асыратын 180 миллион долларлық агроөнеркәсіптік жоба бар. Жоба жылыжай кешені, қызанақ өңдеу зауыты, жоңышқа түйіршіктеу жүйесі және басқа да инфрақұрылымдарды қамтиды.Қаржылық құжаттармен қатар, AIF 2025 аясында еліміздің экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар келісімдерге де қол қойылды.Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат экономикалық реформаларды тиімді жүргізуге арналған сараптамалық қолдауды көздейді. Бұл бағдарлама ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру, сондай-ақ өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін береді.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Solana Foundation және Intebix компанияларымен Орталық Азиядағы алғашқы блокчейн аймағы — Solana Economic Zone Kazakhstan жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойды.Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Алматы облысында Қазақстандағы бірінші халықаралық аутлет-орталықты салу жөнінде келісімге қол қойылды. Жобаның бастамашысы - QSM тобы, серіктесі — Еуропаның коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар Ekazent Management GmbH (Австрия). Кешеннің жалпы аумағы 80 мыңнан 120 мың шаршы метрге дейін болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1014406?lang=kk
Хирошима префектурасының Губернаторы Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудың жаһандық үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағалайды 10.06.2025
Токио, 2025 жылғы 9 маусым – Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Хирошима префектурасының Губернаторы Хидэхико Юзакимен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар халықаралық ядролық қаруды таратпау режимінің қазіргі ахуалын талқылады.Жапония саясаткері Елшіні жаһандық бейбітшілік үшін Хирошима ұйымының (Hiroshima Organization for Global Peace – «HOPE») ағымдағы қызметімен таныстырып, гуманитарлық ынтымақтастық, қауіпсіздік және тұрақты даму салаларында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.Х.Юзаки Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларын және 2025 жылғы 3 наурызда Нью-Йоркте өткен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің 3-ші конференциясында Астананың төрағалығын жоғары бағалады. Ол сондай-ақ білім беру және халықты ақпараттандыру іс-шараларын жүзеге асыру арқылы «ядролық қарусыз әлем» құру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді.Өз тарапынан Елші Е.Баударбек-Қожатаев сұхбаттасты Қазақстан Республикасының қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясатының негізгі аспектілері және Президент Қ.Тоқаевтың «The Hill» американдық басылымында жарияланған жаһандық ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі идеялары туралы хабардар етті.Тараптар Хирошима префектурасы мен Абай облысы арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету әлеуетін талқылады және ынтымақтастықты орнату, оның ішінде өзара сапарларды ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1014413?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 3000-НАН АСТАМ АУЫЛЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ 10.06.2025
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасасты.Қол қойылған мәміленің арқасында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын іске асыру жоспардан бір жыл ерте – 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арналарымен қамтамасыз етілмек.Осылайша, жоба 2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99%-ын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді таяу арада мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, бюджеттік ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық кіру нүктелері мен мемлекеттік шекаралардағы 40-тан астам өткізу бекеттері желіге қол жеткізе алады. Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық (88%) және жерсеріктік арналар (12%) арқылы желіге қосады.Сондай-ақ, ауылдық жерлерде ұялы байланыс базалық станциялары үшін инфрақұрылым күшейтілмек. Бұл нысандарға дейін жеткізіп талшықты-оптикалық желіні төсеу мобильді интернет пен байланыстың сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/1014385?lang=kk
Бүгінгі таңда электр желілеріне қосылу процедурасы 10.06.2025
Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.Көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым кондоминиум объектісін басқару, МИБ, ПИТК органының уәкілетті өкіліне техникалық шарттар береді. Техникалық шарттарды алу үшін қажетті құжаттарЭлектр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар тұтынушыға электр энергиясын пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру үшін еркін нысандағы өтініш және өтінішке сұрау парағы негізінде беріледі. Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Техникалық шарттарды алу мерзімдеріЭнергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар:– техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін-5 (бес) жұмыс күні ішінде;– техникалық күрделі объектілер үшін - 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.Техникалық шарттар орындалғаннан кейін тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұтынушыны қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі жасалады.Көппәтерлі тұрғын үйлер үшін энергия беруші ұйым мен кондоминиум объектісін басқаратын орган арасында теңгерімдік тиесілігін ажырату актісі жасалады.Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі.«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам асып кетсе, уақытша техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттарды берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ұсынбаса техникалық шарттар жарамсыз болып саналады.Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.Жобаланатын желілерден техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды. Егер тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспесеТехникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама жасау ұйымына жүгінеді. Сараптама жасау ұйымы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады. Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға еркін нысанда өтінішті қайта береді.Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымданады. Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдерінің жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі регламенттелетін электр энергиясын пайдалану ережелері сияқты нормативтік-құқықтық актілер бар. Қостанай облысы бойынша АЭҚБК департаменті Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жүргізеді. Бұдан басқа, «электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ДЭФ ЖБИ) рейтингінің индикаторларының бірі болып табылады — жаһандық зерттеу және оған ілеспе 103 индикатордан құралатын экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингі, олар жалпыға қолжетімді статистикалық деректердің және компания басшыларының жаһандық сауалнамасының нәтижелері бойынша есептеледі. ДЭФ ЖБИ рейтингісінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде:- техникалық шарттарды беру және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;— ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда, қала және облыс тұрғындары (тұтынушылар) олардың әрекеттеріне Қостанай облысы бойынша АЭҚБК департаментінде шағымдана алады, ол: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, 3 қабат, 320 кабинет, жұмыс телефоны 50-02-60, арқылы немесе "E - Otinish" ақпараттық жүйесі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1048615?lang=kk
"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз 10.06.2025
"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында өткізілетін "Ашық есік күні" онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз. Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар. Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mac5a974ec1de4cbfc571c8aba010ccd2 бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 663 5277 және event-кеңестің паролін 1234 енгізу қажет. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1014335?lang=kk
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоныс аударушыларға беру 10.06.2025
«Халықтың көші – қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес, қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы.ҚР қолданыстағы жер заңнамасы негізінде, Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі.Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру Жер кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға Жер кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының жаңа мерзіміне шарт жасасу құқығы беріледі.Баяндалғанның негізінде ҚР Үкіметі айқындаған өңірлердегі қоныс аударушылар шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгінуге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1014347?lang=kk
Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы 10.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабардар етеді.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мынадай төлемдер төленуге тиісКедендік декларациялау үшін кедендік алым – 6 айлық есептік көрсеткішті құрайды (ҚР Үкіметінің 05.04.18 ж. № 171 Қаулысымен бекітілген).Әкелу үшін төленетін кедендік алымдар – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес айқындалады. Салық мөлшерлемесі қозғалтқыштың шығарылған жылына, көлеміне және түріне байланысты және 0% - дан 18%-ға дейін өзгеруі немесе өлшем бірлігіне байланысты белгіленген мөлшерде белгіленуі мүмкін (ЕЭК Кеңесінің 14.09.21 г № 80 шешімі).Акциз – жеңіл автомобильдерге және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған, қозғалтқыш көлемі 3 000 текше см-ден асатын өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты төленеді, акциз ставкасы 1 куб см үшін 100 теңгені құрайды (Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағы).Қосылған құн салығы (ҚҚС) – салық салынатын импорттың 12% (ҚР Салық кодексі).Көлік құралдарына қатысты ҚР-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі міндеттемелері шеңберінде кедендік әкелу баждарының төмендетілген ставкаларын қолдануға болатынын қосымша хабарлаймыз.Бұл ретте ДСҰ ставкалары бойынша ресімделген көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілмейді.Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге шақырады.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Сіз аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласа аласыз немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтына кіре аласыз: https://kgd.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1014309?lang=kk
Құрметті салымшылар! 10.06.2025
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.Назар аударыңыз:* "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.o ЖСН, жеке куәлік нөмірі;o банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;o SMS растау кодтары;o қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздерітуралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді.* "БЖЗҚ" АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе "қаражатты бұғаттау" туралы хабардар етпейді.* Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайты арқылы немесе салымшы "БЖЗҚ"АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кезде беріледі.Өзіңізді қалай қорғауға болады:* Өздерін "БЖЗҚ" АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері ретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.* Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.* Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.Зейнетақы жинақтарыңыз бен жеке мәліметтеріңізге сақ болыңыз! Оларды сауатты қорғай біліңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1014294?lang=kk
Жыл басынан бері БЖЗҚ қызметтерінің 98%-ы цифрлық форматта ұсынылды 10.06.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына қолдау көрсетуге және ақпараттандыруға бағытталған кең ауқымды қызметтерді белсенді түрде ұсынып келеді. 2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызмет көрсетілді.Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан:– 9,1 млн-нан астамы электрондық форматта,– 9,6 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді.Осылайша автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көлемнің 98,2%-ын құрады.Жүзбе-жүз форматта 343,0 мыңдай қызмет көрсетілді, оның ішінде 334,9 мыңнан астамы – Қор бөлімшелерінде.Еске салайық, зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушыларына арналған мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтар автоматты түрде есептеледі.Есептік кезеңде шартты зейнетақы шоттары (ШЗШ, олар жұмыс беруші ЖМЗЖ аударғанда ашылады) мен мақсатты жинақ шоттарын (МЖШ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында) қоса есептегенде зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша 718,1 мың жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) автоматты түрде ашылды.Сұранысы жоғары қызметтердің бірі – ЖЗШ, ШЗШ және МЖШ бойынша шоттан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері 10,1 млн үзінді берілді, оның ішінде:– 8,3 млн-нан астамы – электронды түрде,– 1,4 млн-нан астамы – автоматты түрде.БЖЗҚ жеке кабинет арқылы зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы әрі сенімді жолын ұсынады. Сервис 24/7 режимінде жұмыс істейді және ақпаратты Қордың сайтындағы жеке кабинеттен, egov.kz порталынан және электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасынан алуға болады.Сонымен қатар, салымшылар жеке кабинет пен мобильдік қосымша арқылы келесі қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде пайдалана алады:– жеке деректерін өзгерту,– шоттар туралы анықтама алу,– мүгедектігіне байланысты төлемдерге өтініш беру,– инвестициялық портфельді басқарушыға жинақтардың бір бөлігін аудару,– зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеу және т.б.2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында реквизиттерді өзгерту бойынша 50,1 мыңнан астам өтініш қабылданды, оның ішінде 46,8 мыңнан астамы Қор бөлімшелерінде.БЖЗҚ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да белсенді жүргізуде:– 15,8 мыңнан астам көшпелі презентация ұйымдастырылды,– оларға 332,5 мыңнан астам адам қатысты,– БАҚ-та 15,3 мыңнан астам материал жарияланды.Кері байланыс арналары арқылы салымшылардан 205,4 мыңға жуық өтініш түсті.📞 Кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге Қордың сайты мен мобильді қосымшасы арқылы өтінім бере алады және 1418 нөміріне қоңырау шалуға мүмкіндігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1014296?lang=kk
Қазақстан мен Болгария сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге ниетті 10.06.2025
Қазақстан астанасында Қазақстан мен Болгария Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радевтің қатысуымен қазақстан-болгар бизнес-форумы өтті. Іс-шара екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара әрекеттестікті кеңейтуді және бірлескен инвестициялық бастамаларды ілгерілетуді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.Форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Болгариямен экономикалық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, серіктестік өзара инвестициялар мен практикалық өзара іс-қимылға негізделуі тиіс екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан бірлескен өндірістерді іске қосуға және екі ел компанияларының жаңа нарықтарға шығуына мүдделі.Болгария тарапынан Болгарияның шағын және орта бизнесті қолдау агенттігінің атқарушы директоры Бойко Таков құттықтау сөз сөйлеп, елдер арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың жоғары әлеуетіне, әсіресе инновациялар, АКТ, туризм және агроөнеркәсіп салаларында сенім білдірді.Панельдік сессия барысында мемлекеттік органдардың, бизнес пен салалық бірлестіктердің өкілдері бірлесіп іске асыруға болатын нақты жобалар мен бағыттарды талқылады. Талқылауға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек, Болгария жұмыс берушілер мен инновациялық технологиялар қауымдастығының төрағасы Доброслав Димитров, София қаласы мэрінің орынбасары Иван Василев және форумның басқа да қатысушылары қатысты.Форумның маңызды сәттерінің бірі — екі келісімге қол қойылуы болды. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы мен болгарлық «Acta Climate» компаниясы Қазақстан аумағында заманауи климаттық технологияларды пайдалана отырып, орманды қалпына келтіру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыруға уағдаласты. Екінші құжат — «Шымкентмай» АҚ мен «Lekkerbek» компаниясы арасындағы келісім. Ол консервантсыз, ұзақ сақталатын азық-түлік өндіруге бағытталған заманауи тағам кешенінің құрылысын көздейді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі $20 млн, іске асыру жақын арада басталады.Форум екі елдің іскер топтары арасындағы B2B кездесулер сериясымен аяқталды, онда серіктестіктің нақты форматтары, өндірістерді жергіліктендіру және технологиялармен алмасу мүмкіндіктері талқыланды. Бизнес-форум форматындағы диалог Қазақстан мен Болгария арасындағы жаңа инвестициялық жобаларды қалыптастыру мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1014259?lang=kk
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мәліметтердің дұрыс емес беру үшін жауапкершілігі 10.06.2025
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 695-бабына сәйкес ӘҚБтК-нің 491-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәліметтер бергені үшін қарау құзыреті берілген.Жоғарыда аталған батың нормаларын бұзу бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды көздейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1014220?lang=kk
Қостанай облысында жазғы демалыс: балаларға арналған пайдалы әрі жан-жақты қамқорлықтағы тынығу 10.06.2025
2025 жылы жазғы демалыспен 105 мыңға жуық бала, яғни балалардың 98,6%-і қамтылады.Бұл мақсаттарға 264,4 млн. теңге бөлініп отыр.Биыл облыстың қала сыртындағы лагерьлер желісі 12 нысанды (9 мемлекеттік, 3 жекеменшік) құрайды, онда 8 000-нан астам баланы сауықтыру жоспарлануда.3 мемлекеттік лагерьде (Бәкіров атындағы демалыс базасы, «Лесная сказка» және «Алтынгүл») жетім балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары демалады. Бірінші маусымның ашылуы 9-18 маусым аралығында жоспарланған. Жазғы лагерьлерде жұмыс істеу үшін 4 мыңнан астам педагог жұмылдырылады. «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының ауыл балаларына арналған «QH Жаздық жолдама» жобасын өткізуі игі дәстүрге айналған, соның арқасында ағымдағы жылы 246 оқушы облыстың қала сыртындағы «Балдәурен» және «Болашақ» 2 лагерінде тегін демалатын болады. Төртінші жыл қатарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Хачико» оңалту орталығында жалпы сомасы 54,1 млн.теңгеге облыстың 13 өңірінен ерекше білім беру қажеттілігі бар 359 бала демалады. Осы орталықта болған уақытта балалар және олармен еріп жүретін адамдарға күніне бес мезгіл тамақ беріліп, психологтар қызметі көрсетіледі.Әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысын қамтамасыз ету басымдық болып табылады. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен шамамен 167 миллион теңге бөлініп, жекелеген санаттағы 38 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады.2 маусымнан бастап облыстың барлық білім беру ұйымдарында 773 мектеп жанындағы тегін лагерь жұмыс істейді, онда 1-10 сынып оқушыларының 91%-і, яғни 98 мыңға жуық бала демалатын болады.Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алынған.105 мыңнан астам бала туристік-өлкетану, экскурсиялық, дене шынықтыру-сауықтыру, табиғатты қорғау және экологиялық шаралармен қамтылады.Облыстың барлық білім беру ұйымдарында 19,5 мыңға жуық бала мен жасөспірімді қамтитын «Психологиялық қолдаудың жазғы алаңдары» жобасы жоспарланған.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында білім бөлімдері тарапынан 17,0 млн.теңгеге 850-ге жуық баланы түрлі іс-шарамен қамту жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014228?lang=kk