Қазақстан халықаралық туристік көрмеге қатысты

Қазақстан халықаралық туристік көрмеге қатысты

08.04.2026 18:18:46 107

Исламабад, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Исламабад қаласындағы Mövenpick Centaurus қонақ үйінде өткен «5th Edition of Pakistan Travel Mart (PTM) 2026» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Іс-шараға Исламабад қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ ұлттық туристік ұйымдар, әуекомпаниялар, туроператорлар және Пәкістан мен шетелдің қонақүй желілерін қамтитын туристік сала өкілдерінің кең ауқымды тобы қатысты.

Көрме аясында Қазақстан тарапы ұлттық стенд ұйымдастырып, онда буклеттер, брошюралар, кітаптар және елдің туристік әлеуетін көрсететін ақпараттық-презентациялық материалдарды ұсынды. Сонымен қатар, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары, сондай-ақ дәстүрлі символикасы бар кәдесый өнімдері ұсынылды.

Қазақстан тарапының қатысуы көрме келушілері мен қатысушылары тарапынан зор қызығушылық тудырды. Туризм саласының өкілдері ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның перспективалық туристік бағыт ретінде жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1196070?lang=kk