Әлем
Установка специального знака в селе Сапак 18.05.2025
В сельском округе Сапак был установлен специальный знак с названием села, который подсвечивается в ночное время, создавая красивое зрелище для гостей и жителей. Этот шаг, повышающий честь нашей деревни, — наша общая радость!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-sapak/press/news/details/990694?lang=kk
Ұлы Отан соғысының,тыл және еңбек ардагері,Үш мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдардың, Бас қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының иегері Әбділхақ Оспанов атындағы үстел теннисінен білім қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық жарысы 18.05.2025
2025 жылдың 5-6 мамыр аралығында Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінде Ұлы Отан соғысының,тыл және еңбек ардагері,Үш мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдардың, Бас қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының иегері Ә.Оспанов атындағы үстел теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық жарысы өткізілді.Мектеп оқушылары әсем әнмен, спорттық бимен көрермендерді тәнті етті. Жарыстың ашылуында аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев,атамыздың ұлы Әбділқадыр Оспанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ахмешев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Жумағазин,қатысушыларды жарыстың ашылуымен,келе жатқан мерекелермен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Қысқаша атамыздың өмір – баянына келетін болсақ, Әбділхақ 1916 жылдың 11 ақпан күні Семей облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық Кеңесіне қарасты Шыңғожа ауылында дүниеге келген. 1925 жылы бастауыш мектептің 1 класына барады, 3 жылдық білім алады. Жастайынан еңбекке араласады. Әке- шешесіне мал бағуға көмектеседі. 1939 жылы 27 қыркүйекте әскерге шақырылып, Семей облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық кеңесіне қарасты «Красный Октябрь» колхозынан әскерге аттанады. Әскери міндетін батыс аймақта 19 БАО әскери бөлімде атқарған,әскери дәрежесі қатардағы қызыл әскер,әскери дәрежесі қатардағы қызыл әскер,әскери қызметін сапер болып бастап, соғыс соңында 12 атқыштар полкінің атқыштар бөлімінің командирі, кіші сержант дәрежесінде аяқтаған. Фин соғысына қатысқан. Коммунистік партия қатарына өткен. Соғыс басталғанда шекарадан 20 км қашықтықтағы әскери бөлімде болған. Соғыстың 1 – ші күні әскери әскери бөлім артқа шегіну туралы бұйрық алып, 40 км артқа шегінеді, бірақ, өздері тұрған әскери бөлімде құнды құжаттарды жоюға жібереді. Жау басып, алған бұрынғы әскери бөлімге барып, құнды документтерді жою кезінде қиян- кескі ұрыс болды. Жаудың бейқам болып, совет әскерлерінің қайта келуін күтпеуі, түнгі уақыттың болуы нәтижесінде, құнды документтер толықтай жойылады. Қатты ұрыстан аз-ақ солдат аман келеді. Соғыс кезінде Кеңес Одағының Маршалы Рокосовский басқарған 65 армия дивизия 1103/1203 полктер құрамында соғыста болып, Батыс, Орталық, Оңтүстік, Украина, Беларусь, 1 –ші және 2 – ші Беларусь майдандарында соғыстың 1 – ші күнінен аяғына дейін ерлікпен шайқасты. Әбділхақ 5 рет жараланды.1. 23 желтоқсан 1941 жылы2. 16 тамыз 1942 жылы3. 17 қыркүйек 1943 жылы4. 4 желтоқсан 1943 жылы5. 22 ақпан 1945 жылы Соғыс кезіндегі ерліктері мен жанқиярлық батырлығын мына архив документтерден көруге болады.1. 23 желтоқсан 1941 жылы Курс қаласы маңында қызыләскер Оспанов өз өмірін қауіпке тіге отырып, неміс артиллериясының жауып тұрған оғына қарамай, қала шетіне қарай бірінші болып ұмтылады және өзінің автоматымен 3 немісті өлтірген.2. 16 тамызда 1942 жылы немістердің қатты шабуылы кезінде ауыр жарақат алған Ә. Оспанов соғыс майданын тастап кетпеді, қайта немістерге қайтара соққы берді3. 19 сентябрь 1943 ж. Днепр өзенінің оң жағына өту кезінде Оспанов немістердің қарсы шабуылына соққы бере отырып , өзінің автоматы арқылы 5 немісті өлтіріп , осы қиян кескі ұрыста өзі қатты жарақат алады .4, 4 декабрь 1943 ж. Прудки селосы маңында кескілескен шайқаста жау шабуылына соққы бере отырып , оң жамбас сүйегімен Оспанов тағы да жарақат алады .5, 1944 ж. мартта 354 дивизия Озаричи елді мекенді азат етіп , неміс концлагерінен 9 мың тұтқын орыс әйелдері бала = шағасымен босатады .Осы азат етуде Оспанов батыл іс - қимылмен , өжеттілігімен көзге түсіп , ерлік көрсетті. Бобруйск темір жол станциясының алғанда атқыш Оспанов тағыда ерлік үлгісін көрсетеді .6 . 17 январь 1945 ж. Корнаты деревнясы Плоск уөзі Варшава әскери аймағында , қанды ұрыста Оспанов қарсы шабуылға тойтарыс беріп , шешуші кезеңде батылдығымен ,нағыз ер жүректілімен , соғыс тәсілін ұтымды пайдаланып,тапқырлығымен 7 немісті жер жастандырған . ( архивтен алынды )Оспанов 1945 жылдың 9 майын Штральзунд қаласында қарсы алады .1946 жылдың 6 июнінде елге оралады .Соғыстан кейінгі жылдары тың игеруге қатысады , зейнетке шыққанға дейін ауылшаруашылығында еңбек етеді ."Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін " және " Еңбек ардагері " медалдарымен марапатталған. Абділхақ атамыздың ерліктері болашақ ұрпақтарымызға үлгі, ерліктерін естіген ұстаздар, оқушылар рухани бір байып қалатындары сөзсіз. Жарысқа келетін болсақ, жарысқа ауданымыздың білім қызметкерлері және оқушылары арасынан жиыны 18 команда,54ойыншы қатысты. Жарыстың бас төрешісі Т.Оспанбеков жарыс тәртібімен таныстырып, жарыс басталып кетті. Жарыс өте шиеленісті өтті.Команда ойыншылары бар айла – тәсілдерін қолдана отырып, қарсыластарын қапы қалтыруға тырысты. Дегенмен, шын мықты , мықты екенін дәлелдейді.Білім қызметкерлері арасында тартысты ойындар барысында барлық командаларды сан қақтырып, І орынды № 1 орта мектебінің(Е.Орынғожин,Б.Абдуллин,А.Толеуханова) командасы иеленсе,ІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің(Т.Оспанбеков,Қ.Тураров,Б.Есмухаметова) командасы, ІІІ орынды мектеп-гимназия(М.Тұраров, А.Омарбеков, Ш.Көкиева) командасы иеленді. Оқушылар арасында І орынды № 5 орта мектебінің командасы (Мелисханов Бекжан,Тауфик Сұлтан,Қайырбек Арай,Касымханова Раушан), ІІ орынды Шынқожа батыр атындағы орта мектебінің командасы(СеріковЕрнұр,Амангелдин Мейрамбек,Мұратбекқызы Іңкәр), ІІІ орынды Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің командасы (Сейілханов Арын,Уақас Бағжан,Орыншаихова Балжан) иеленді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атамыздың ұрпақтарының арнайы кубоктарымен,медальдарымен,ақшалай сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/990738?lang=kk
2025 жылдың 30 сәуірінде аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shet/press/news/details/990741?lang=kk
7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні. 18.05.2025
Құрметті, жігіттер, әріптестер! 7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні.Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/990774?lang=kk
Қадірлі жерлестер, Отандастар! 18.05.2025
Қадірлі жерлестер, Отандастар!Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар , Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қашанда Отан үшін оққа кеудесін тосқан әкелеріміздің ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету біздің перзенттік парызымыз. Біздің ардагерлерге деген құрметіміз аудан көлемінде әр түрлі шаралар арқылы көрініс табуда. Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ер азаматтарымыз бен азаматшаларымызға алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын! Құрметті Отан қорғаушылар!Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, зор табыс тілеймін. Әрқашан да аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Б.Биболов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/makanshy-maslihat/press/news/details/990832?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді 18.05.2025
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалдыПрезидент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Бас хатшысының Қазақстанға алғашқы сапарына екі ел арасындағы мызғымас достықтың айғағы деп баға берді.– Вьетнам – Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің өсіп-өркендеу жолындағы мүддеміз – ортақ. Мен екі жыл бұрын Вьетнамға ресми сапармен бардым. Сонда екіжақты ықпалдастықтың жаңа бағыттарын дамытуға уағдаластық. Келесі айда екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 33 жыл толады. Алдағы уақытта да қос халықтың достығы нығая бермек. Мен бұған кәміл сенемін. Біз ортақ мақсат-міндеттерге жету үшін күш жұмылдыруға әрдайым дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Өз кезегінде То Лам қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, бүгінгі келіссөздердің нәтижесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастың көкжиегін кеңейте түсетініне сенім білдірді.– Сіздің Вьетнамға жасаған сапарыңыздан кейін екі жыл өткенде біздің делегацияның еліңізге арнайы келуі мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар өзара сенім деңгейінің жоғары екеніне айқын дәлел. Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады, – деді Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/990848?lang=kk
ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-belozer/press/news/details/990472?lang=kk
Әскери оқу орындарының бұрынғы студенттері оқу орнына қайта қабылдау үшін eGov.kz порталында өтінім бере алады. 18.05.2025
Қызмет тегін көрсетіледі және кемінде бір семестр оқуды аяқтаған студенттерге қолжетімді.Енді қызметке өтінім онлайн түрде беріледі, ал қажетті құжаттардың басым бөлігі мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Өтініш беру бойынша толық нұсқаулықты карусельден таба аласыз.Айта кетейік, өтінімді оқу орнынан шығарылған күннен бастап тек бір жыл ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдау мүмкін болмайды.Өтінішті қарау мерзімі – 20 жұмыс күні. Егер шешім оң болса, нәтиже Жеке кабинетте қолжетімді болады. Қайта қабылдау мүмкін болмаса, студентке негізделген бас тарту жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/990883?lang=kk
Ұлы жеңіске 80 жылдыққа арналған патриоттық шара 18.05.2025
Бүгін Жамбыл ауданы, Беріктас орта мектебінде «Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлы Жеңіс - жаңғырығы» тақырыбында Жамбыл ауданы, Беріктас орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің аға оқытушысы Өмірзақов Жанбол Тоқтасынұлының алғашқы әскери дайындық кабинетінде Қарасай ауданының жастары арасында экскурсия жүргізілді. Экускурсия барысында жастарға бастапқы әскери дайындықты оқытудың мақсаттары айтылып өтті.Басты мақсатымыз: Жастар арасында ынтымақтастықты, ауызбіршілікті, татулық пен бірлікті нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almoblzhastary/press/news/details/990950?lang=kk
ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 18.05.2025
9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай, Түркістан қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстың тыл еңбеккерлері мен ардагерлерінің отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілді.Атап айтқанда, 255 тыл еңбеккеріне және 9 Ұлы Отан соғысы мүгедектігі бар ардагерінің екінші рет некеге тұрмаған зайыбына 50 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек толығымен төленді.Мәліметтерге сүйенсек, Түркістан қаласынан Ұлы Отан соғысына 20 мыңнан астам азамат аттанып, оның 12 мыңнан астамы елге аман-есен оралған. Батырлық пен ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен азаматтардың ішінде 7 жерлесімізге Совет Одағының Батыры атағы берілген.Қазіргі таңда Түркістан қаласында көзі тірі соғыс ардагері қалмаған. Дегенмен, олардың ерлігі мен бейбіт өмір үшін жасаған жанқиярлық күресі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл бағытта жыл сайын ардагерлер мен олардың отбасыларына түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылып келеді.Мереке қарсаңында тыл ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, мерекелік медальдар табысталды. Сонымен қатар, ардагерлердің үйлеріне барып, құттықтаулар мен алғыс хаттар ұсынылды. Қала басшылығы мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.Ардагерлеріміздің ерен еңбегі мен Отанға деген сүйіспеншілігі — бүгінгі ұрпақ үшін өлшеусіз мұра. Ұлы Жеңіс — бір күннің емес, мәңгілік құрметтің символы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/991038?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАР АРНАЙЫ ҮЛГІДЕ САЛЫНАДЫ 18.05.2025
Облыс орталығында әлеуметтік және коммерциялық нысандар қала сәулетіне сай бой көтереді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында бірқатар жобалар қаралып, ғимараттардың сәулеттік үлгілері ұсынылды.Жиында сәулетшілер, инвесторлар мен құрылыс саласының мамандары Түркістанда және облыс аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобалардың сәулетін таныстырды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында салынатын филармония мен галерея ғимаратына арналған жер телімдері ұсынылды. Жаңа қала аумағынан бой көтеретін 5 қабатты тұрғын үй кешені мен таунхаус жобасы қаралды. Ұлттық, азиялық және еуропалық тағам түрлерін ұсынатын мейрамхана кешенінің жобасы таныстырылды. Сонымен қатар Түркістан қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Дизайн код» бойынша ұсыныстар сараланды. Әрбір жоба жеке-жеке қаралып, ұсыныстар айтылды.Жиын барысында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардағы ғимараттардың сәулеттік үлгісін таныстырып, әлеуметтік нысандарды бір үлгіде салуды, коммерциялық нысандарды бір үлгіде абаттандыруды ұсынды.Облыс әкімінің бірінші орынбасары жобаларды жіті зерделеп шығуды, нақты жоспарларды ұсынуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/991040?lang=kk
7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/991051?lang=kk
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/991076?lang=kk
“Абай — қазақтың ұлы ұстазы.” 18.05.2025
“Абай — қазақтың ұлы ұстазы.”Ол ұлтты оятуға, білім мен ғылымға бастауға өмірін арнаған.https://www.instagram.com/reel/DJUDV4Gy8rs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/991252?lang=kk
ТҮРКІСТАННАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ 18.05.2025
Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г.Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. Ол - Анарбай Мырзахметов.Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде бастап, Варшаваны азат ету операцияларына қатысқан. 1945 жылдың мамырында Беларусь фронтының жауынгері ретінде Эльба өзеніне жетіп, Магдебург пен Бланкенбург қалаларын азат етудегі ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған Анарбай ақсақал 1946 жылға дейін Германияда әскери міндетін атқарған. Кейін 1948 жылы Иванов қаласында әскери борышын толық аяқтап, 1950 жылы елге оралады.Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, жүргізуші, кейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған. Жұбайы Шәман Мырзахметовамен бірге 10 ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде 47 немере, 93 шөбере және 2 шөпшек сүйіп отыр.Анарбай Мырзахметов - «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/991296?lang=kk
ӨМІРЛЕРІ ӨНЕГЕ 18.05.2025
ӨМІРЛЕРІ ӨНЕГЕСырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлепов Бұлдырты ауылдық округінде тұратын тыл еңбеккерлерінҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады.Округ әкімі Салауат Нұрпейісовтың айтуынша, Бұлдыртыда 8 тыл еңбеккері тұрады.Оларға Жеңіс медалі мен Мемлекет басшысының қолы қойылған куәліктерді тапсырған Қайрат Нұржанұлы үлкен буынға амандық, ұрпақ қызығын тіледі.ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады.Қариялардың қай - қайсысының да өмірі -еңбек адамдары үшін үлгі.Б. ШЕРІМ,Сырым ауданы Сырым ауданы әкімдігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991338?lang=kk
ҚАДЫР АЛАҢЫНДА — КҮМБІР, АБДОЛЛА АЛЛЕЯСЫНДА — ӨМІР 18.05.2025
ҚАДЫР АЛАҢЫНДА — КҮМБІР, АБДОЛЛА АЛЛЕЯСЫНДА — ӨМІРҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен көрнекті ақын, жауынгер Абдолла Жұмағалиевтің 110 жылдығына арналған тағылымды шара Қадыр Мырза Әлі ескерткішінің алдында сабақтасып, рух пен риясыз құрметпен өрілді.Амангелді Ғұбайдуллин атындағы балалар саз мектебінің өнерпаз шәкірттері Қадыр алаңын күймен тербеп, қос ішектің үні – жиылған жұрттың жүрек лүпілімен үндесті. Ал Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің елуге жуық оқушысы қазақтың дара дастаншысындай үн қатып, Қадыр Мырза Әлінің «Сырым батыр» өлеңін хормен жатқа оқыды. Сол сәтте күллі Жымпитыда жыр жаңғырып, қонақтар ерекше әсерге бөленді.Ақын рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі Қазақстан Жазушылар Одағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, ақын Бауыржан Құрманқұловқа, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, жұбантанушы ақын Үзілдік Елеубаеваға, Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғайсағали Сейтаққа және Журналистер Одағының мүшесі, «Бөрлі жаршысы» газетінің редакторы, ақын Дариға Нұрашеваға ұсынылды.Одан кейін шара қонақтары Ауған саябағына бет алды. Мұнда тарих пен тағылым тоғысқан маңызды оқиға – Абдолла аллеясы ашылды. Аллеяның лентасын кесу мәртебесі Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Қазыбек Қабжан мен Орал қаласындағы Деркөл кентінің әкімі, Абдолланың тумасы Жұбан Жұмағалиевке бұйырды.Меймандар 30 түп үйеңкі көшетін отырғызды. «Құрметті қонақпын» деп бәлсінбей, күрек ұстап, шелектеп тасыды. Әрқайсысы Абдолла аллеясының тарихта қалуына үлестерін қосты. Көшеттер – ерлік пен өлеңнің, отансүйгіштік пен өнегенің мәңгілік тамырына айналғандай.Шынар МОЛДАНИЯЗОВААқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991361?lang=kk
ТӨСБЕЛГІ ЖАУҒАН КҮН БОЛДЫ 18.05.2025
ТӨСБЕЛГІ ЖАУҒАН КҮН БОЛДЫСырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов әкімдіктің шағын залында бір топ еңбек ардагерлерін қабылдап, шырайлы мерекелі күнмен құттықтады.Қабылдауда болған еңбек ардагерлері арасында мемлекттік қызметтің ардагері Жолдыбай Батырниязов, ауыл шаруашылығы және спорт ардагерлері Ысқақ Күрпілдесов, Сағынғали Айтанов, Брян Қажымов, Еркін Шүренов болды.Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы осынау айтулы шараның ерекшелігіне тоқталған Қайрат Нұржанұлы ерен еңбек иелерінің ел игілігіне қосқан үлестеріне баға беріп, мемлекеттік қызметтің ардагері Жолдыбай Батырниязовтың өңіріне ҚР «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі», қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісін тақты.Ал, ардагерлер Ы.Күрпілдесов, С.Айтанов, Б.Қажымов, Е.Шүреновтың өңірлеріне Сырым ауданының «Құрметті ардагері» төсбелгісі қадалды.Марапат иелерін құттықтаған Қайрат Нұржанұлы отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.Марапат иелері өздеріне көрсетілген құрметтер үшін алғыстарын айтты.Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев марапат иелерін құттықтап, сөз сөйледі.«Сырым елі»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991394?lang=kk
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР! 18.05.2025
Қазіргі таңда WhatsApp мессенджерінде менің атымнан хабарлама жіберіліп жатыр. Бұл жалған ақапарат! Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірлерге назар аудармауларыңызды сұраймын! Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Менің Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде тек екі ресми аккаунтым бар: 1. https://www.facebook.com/profile.php?id=1000012525722272. https://www.instagram.com/abdullaev_arman_aidarovich/ Мен барлық хабарламаларды тек жеке нөмерімнен және ресми аккаунтымнан жіберемін. Егер сізге менің фотосуретім қойылған жасырын немесе басқа нөмірден қоңырау немесе хабарлама келсе, оған мән бермеңіз. Сақ болуларыңызды және арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймын. Құрметпен, Абдуллаев Арман АйдарұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/991424?lang=kk
есеп беру кездесулерінің кестесі 2025 ж 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol-enbek/press/news/details/991541?lang=kk