Enbekshi QazaQ

Әлем

9- мамыр Жеңіс күні құтты болсын! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/op-priozersk/press/news/details/991608?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ🔊 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/991786?lang=kk
⚜️Ақыртөбе ауылының тұрғындарына "Отан қорғаушылар" - күніне орай мерекелік төс белгісі табыс етілді! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-akyrtobe/press/news/details/991966?lang=kk
Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары мен қонақтары! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/991999?lang=kk
9 мамыр 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomsko/press/news/details/992076?lang=kk
Қазақстанның екі батыры Әлия мен Мәншүкке арналған Монументке гүл шоқтары қойылды 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-mugalzhar/press/news/details/992107?lang=kk
Шақыру 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/992143?lang=kk
Қарт майдангерлерге құрмет көрсетілуде 18.05.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров 1942 жылы майданға аттанған. Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан. "Қызыл жұлдыз", І, ІІ дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордендері мен бірнеше медальдың иегері, елдің батагөй ақсақалы.Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге, қатары сиреген қарт майдангерлерге құрмет көрсетуге ерекше мән берілуде.Аймағымызда Жеңіс күнін атап өтудің іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, оларға теңестірілген ардагерлер мен соғыс жылдары кемінде алты ай еңбек еткен тыл ардагерлеріне төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері жыл сайын артып келеді. Бүгінде Қазалы және Сырдария аудандарында 2 ҰОС ардагері тұрады. Оларға 5 миллион теңгеден берілсе, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен мүгедектерінің төлемі 40 АЕК-тен 50 АЕК-ке ұлғайтылды.Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/992180?lang=kk
2024 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 МИЛЛИАРД 144,2 МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАДЫ 18.05.2025
 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті қадағалауымен іске асырылып жатыр.Облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Инвесторларға инфрақұрылыммен толық қамтылған арнайы аймақтар ұсынылып, жеңілдіктер қарастырылған. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облысқа тартылған шетелдік инвестиция көлемі артып келеді. 2024 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 467 млн АҚШ доллары болып бекітіліп, жыл қорытындысымен өңірге тарлыған инвестиция көлемі 1 144,2 млн АҚШ долларын құрады. Жоспар 245%-ға орындалды.Нақтырақ айтқанда, ауыл шаруашылығы саласына – 2,1 млн АҚШ доллары, құрылысқа – 4,8 млн АҚШ доллары, тау-кен металлургия кешеніне 1 137,3 млн АҚШ доллары тартылған.Сонымен қатар былтыр шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы сомасы 42,9 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде, 568 жаңа жұмыс орны ашылды.Одан бөлек, шетелдік капиталдың қатысуымен 2025-2028 жылдар аралығында іске асырылатын 11 инвестициялық жобаның тізбесі жасақталды. Жобалардың жалпы құны – 319,7 млрд теңге. Жобалар толық іске қосылғанда 5710 жаңа жұмыс орны құрылмақ.Биыл I тоқсанының қорынытындысымен өңір экономикасының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 196,5 млрд теңгені құрады (жоспар – 135 млрд теңге). Жоспар артығымен орындалды. Өңірге инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/992277?lang=kk
ҚР Қарулы күштері туралы не білеміз? 18.05.2025
 Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Бұл еліміздің тәуелсіз қорғаныс жүйесінің негізі қаланған күн деуге болады. Осылайша, 7-мамыр Отан қорғаушылар күні болып бекітілді.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері — бұл мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, азаматтарының бейбіт өмірін және ұлттық мүдделерін қорғауға арналған негізгі әскери құрылым.Атаулы мерекеге орай, ҚР қарулы күштер жайлы мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.#TurkistanTVАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/992284?lang=kk
Қазақстанда номиналы 1 000 теңге болатын мерейтойлық банкнота айналымға шығады 18.05.2025
 Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген.«9 мамыр – бүкіл әлем үшін айтулы күн. Қазақстан Жеңіске қомақты үлес қосты. Республикадан 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл сол кездегі жалпы халықтың шамамен – 20%-ы. Отандастарымыз жаяу әскерде, танк бөлімшелерінде, авиация мен флотта ерлікпен шайқасты. Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық Банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр», – делінген банк хабарламасында.Банкноталардың түсі – қоңыр-сарғылт.Алдыңғы бетінде:– Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.- Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.Екінші бетінде:- тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап комитетінің «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві» РММ ұсынды.- ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/992308?lang=kk
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті 18.05.2025
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті.Ең әуелі шаһар басшысы «Әулиеата» ауданы әкімінің қызметіне Төреханов Барлық Әдепханұлының кандидатурасын ұсынып, оның өмір жолымен таныстырды.– Тараз қаласында жаңадан құрылған екі ауданда бүгінде атқарылатын жұмыс ауқымды, алдағы міндеттер айқын. Сондықтан шаһар құрамына енген елді мекендердің тірлігін тіктеп, жұмысын жүйелейтін білікті мамандар ауадай қажет. Бұл тұрғыда Барлық Әдепханұлы осы жауапты қызметке әбден лайық деп санаймын. Оның басқарушылық қабілеті мен еңбек өтілі бұған жеткілікті, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.Депутаттар басым дауыспен аудан әкіміне үміткердің кандидатурасын қолдады.Келесі кезекте жиынның күн тәртібіне сәйкес Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныс енгізу, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу, Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне және «Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/992339?lang=kk
ҰОС Жеңісінің 80 жылдығын тойлауға арналған мерекелік іс-шаралар туралы анонс 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/992349?lang=kk
ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ: ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ 18.05.2025
9 Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аудан орталығында жоғары деңгейде аталып өтті. «Ер есімі – ел есінде» атты шара халықтың батыр бабалар рухына деген тағзымы мен құрметінің айғағына айналды.Салтанатты іс-шара ауданның зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастардың қатысуымен Жеңіс саябағында өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып келумен ашылып, Әнұранның асқақ әуенімен басталды. Майдан даласында жанын пида еткен қаһармандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіліп, саябақтағы ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.Мерекелік жиын Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ашылу салтанатында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев құттықтау сөз сөйлеп, батыр бабаларымыздың ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбектің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ардагерлерге бұл құрметті марапатты аудан басшылары арнайы табыстады.Шара барысында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Ақай Тілес те сөз алып, жиналған қауымды Ұлы Жеңістің мерейтойымен құттықтап, бейбіт өмірдің қадірін ұлықтауға шақырды.Концерттік бағдарлама барысында патриоттық әндер шырқалып, жастардың әскери-патриоттық қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жас сарбаздардың шынайы қойылымдары арқылы ел рухын көтеріп, көрермендердің көңілін толқытты.Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/992394?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы. Мәңгілік алау 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/992542?lang=kk
9 МАМЫР - ЖЕҢІС КҮНІНЕ 80 ЖЫЛ! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/992550?lang=kk
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! 18.05.2025
Бұл – ерлік пен елге деген шексіз сүйіспеншіліктің мерекесі.Елінің амандығы мен бейбіт өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша ер-азаматтарға алғысымыз шексіз!Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ал еңбектеріңізге табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/992593?lang=kk
ҚАЛА ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 18.05.2025
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Ұлы Жеңіс күніне орай тыл ардагерлері Елтай Бимаханбетұлы, Иреспек Хаджиддинов және Карима Нурмухамедованы арнайы құттықтады. Ардагерлерге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жеңіс күніне орай жолдаған құттықтау хатын және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті.Кездесу барысында қала әкімі бейбіт өмір мен келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің ерлігі мен жанқиярлық еңбегі – ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Ардагерлерге шын жүректен ұзақ өмір, зор денсаулық тілеп, арнайы сый-сияпаттар жасады.Өз кезегінде ардагерлер де көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін қала басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.Айта кетейік, Ұлы Жеңіс күніне орай Түркістан қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қала бойынша 255 тыл еңбеккері мен 9 Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар ардагерінің екінші рет некеге тұрмаған жұбайына біржолғы әлеуметтік көмек төленді.Ресми деректерге сүйенсек, Ұлы Отан соғысы жылдары Түркістан қаласынан 20 мыңнан астам азамат майданға аттанған. Олардың 12 мыңнан астамы елге аман-есен оралып, бейбіт өмірде ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Жауынгерлік ерлігімен көзге түскен 7 түркістандыққа Совет Одағының Батыры атағы берілген.Ардагерлеріміздің ерен еңбегі мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани мұра. Ұлы Жеңіс – тек бір күннің емес, мәңгілік тағзым мен құрметтің символы болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/992596?lang=kk