Әлем
Кеден органдарының валюталық бақылауды жүзеге асыруы 24.12.2025
2025 жылғы 18–19 желтоқсан күндері Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Кеден органдарының валюталық бақылауды жүзеге асыруы» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара кеден органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ валюталық заңнама нормаларын кеден органдары қызметінде практикалық тұрғыдан қолданудың өзекті мәселелерін қарастыруға бағытталды. Семинарға Мемлекеттік кірістер комитетінің, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Семинардың ашылуында:Жұмағұлов Қайрат Кәрімұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары;Асель Каратаева – Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің әскери-саяси бөлімінің басшысы сөз сөйледі. Аталған семинарды өткізу мемлекетінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, сыртқы сауда операцияларының тұрақтылығын сақтаудағы және валюталық заңнама талаптарының бұзылуын болдырмауда валюталық бақылаудың рөлінің артуымен байланысты. Дәріскер ретінде Иванущенко Алевтина Викторовна – халықаралық сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей кеден академиясының кедендік кірістер және тарифтік реттеу кафедрасының доценті сөз сөйледі. Бағдарлама аясында валюталық бақылауды жүзеге асырудың негізгі аспектілері, валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ валюталық бақылауды ұйымдастырудың үздік халықаралық тәжірибелері мен тәсілдері қарастырылды. Валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке, күмәнді валюталық операцияларды бақылаудың әлемдік және ресейлік тәжірибесіне, сондай-ақ кірістерді заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Екі күндік семинар барысында қатысушылар құқық қолдану тәжірибесіндегі нақты жағдайларды талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі валюталық реттеуді дамыту перспективаларын қарастырды. Аталған семинар мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ валюталық бақылау саласында мемлекеттік кірістер органдарының әлеуетін нығайтуға ықпал етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1131090?lang=kk
Чемпион, диктор, полиглот: Ұлттық ұланда танылған таланттар 24.12.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сарбазы — әскери форма киген, саптағы жауынгер ғана емес, ол асқақ арманы мен қайсар мінезі бар, ерекше қабілетке ие, Отанға деген сүйіспеншілігін іспен көрсеткен дарын иесі.Құқықтық тәртіп әскерінің бөлімшелерінде Әлем чемпиондары, акробаттар мен тіл білгірлері,дикторлар мен өнерпаздар қызмет етеді. Олардың жетістіктері заманауи армия қару-жарақты ғана емес, сонымен бірге ақыл-ойды, мәдениет пен шығармашылықты біріктіретінін дәлелдейді.2025 жылы ұландықтардың жарқын оқиғалары көпшіліктің назарына ілікті, олардың әрқайсысы әскердің заманауи келбетін көрсетеді.Ұлттық ұланда танылған таланттың бірі — гір спортынан үш дүркін Әлем чемпионы Еркебұлан Келдібаев. Оны қаруластары "ХХІ ғасыр Қажымұқаны” деп атайды. Алып балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірінен шабыт алған ол Алматыдағы 5571 әскери бөлімінің сапында Отан алдындағы борышын өтеумен қатар, жеке қабілетін қатар шыңдауда. Шымырлық пен қырағылықты ұштастырған Еркебұлан өз қызметімен күн сайын мегаполистің қауіпсіздігіне үлес қосады.Елордалық құрама сарбазы — Батырхан Сағидолла жұртшылықты сүйсіндірген сарбаздардың бірі. Әскери шеруге дайындық кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мәнерлі де қоңыр дауысты жауынгер жайлы жарыса жазды. Оның арманы еліміз үшін айшықты мереке — Жеңіс шеруін жүргізу. Бойындағы қабілеті мен Ұлттық ұландағы қызметі Батырханды осы арманына едәуір жақындатты.6506 әскери бөлімі жеке құрамының қатарын толықтырған қос акробат — Арман Қайырбаев пен Әзизбек Қалмағанбетов те ерекше құрметке лайық. Кәсіби мамандардың дене шынықтыруы, төзімділігі мен жауапкершілігі қаруластарына үлгі болды. Олар цирк манежін әскери плацқа, сахналық серіктестікті жауынгерлік бауырластыққа айналдырды. Отан қорғаушы атанған бұрынғы әртістер бүгінде Шымкент көшелерінің тыныштығын қырағылықпен қорғап жүр.Абайдың ондаған өлеңдерін жатқа білетін жауынгер — Жұлдызбек Ромашев ел қорғау жолында жарық жұлдызға айналды. Абай күнін мерекелеу қарсаңында ол тақырыптық іс-шаралар мен поэтикалық кештерге белсене қатысып, жолдастарын қанаттандыра түсті. Оның өнері Отанға қызмет ету тек тәртіптен ғана емес, рухани құндылықтардан басталатынын көрсетті.5571 әскери бөлімінің сарбазы Владимир Копылов бес түрлі түркі тілін, сондай-ақ бірнеше сирек диалектілерді еркін меңгерген. Бұл оған Алматы көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде әртүрлі ұлт өкілдерімен ортақ тіл табуға көмектеседі. Владимир қызметтен бос уақытта армия өмірін өз блогында насихаттап, бөлімшенің оң имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосады.Бұл тізім — ҚР ІІМ Ұлттық ұланның мықты, білімді және жан-жақты тұлғалар қызмет ететін таланттар ордасы екендігінің айқын дәлелі деуге болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1131096?lang=kk
Аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл 24.12.2025
Жыл бойы Қарулы күштерде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған іс-шаралар өткізілді. Ол 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1932 жылы әскерге шақырылды. Орта Азия әскери округі 3-ші Түркістан атқыштар дивизиясының 14-ші таулы атқыштар полкінде бір жылдық курсты тәмамдағаннан кейін взвод командирі қызметін атқарды.1936 жылы Қиыр Шығыста 105-ші атқыштар дивизиясының 315-ші атқыштар полкінде артиллериялық дивизион командирі болып қызмет етті. 1938 жылы Хасан көлі маңында жапондықтармен болған шайқастарға қатысты. 1940 жылғы ақпанда Киев айрықша әскери округіне ауыстырылып, 24-ші атқыштар дивизиясының 406-шы атқыштар полкінде штаб бастығының көмекшісі қызметін атқарды. 1941 жылғы қаңтарда Орта Азия әскери округіне жіберіліп, Қазақ КСР әскери комиссариатының әскерден тыс даярлау бөліміне аға нұсқаушы болып тағайындалды.1941 жылы қазақтың 316-шы дивизиясы генерал Панфиловтың қолбасшылығымен Волоколамск бағытында Мәскеуді қорғады. 1941 жылғы 16-18 қарашада аға лейтенант Бауыржан Момышұлының батальоны Матренино ауылында дивизиядан бөлініп қорғаныс жасады. Комбат шебер басшылығының арқасында жауды осы шепте үш күнге тежеп, төртінші күні батальонды қоршаудан аман алып шықты.Қараша айының соңында полк командирі болып тағайындалды. Капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да, бұл атақ оған тек дүниеден өткеннен кейін ғана берілді. 1945 жылғы қаңтарда К. Е. Ворошилов атындағы жоғары әскери академия жанындағы офицерлер құрамын жетілдіру курстарын аяқтаған соң, 2-ші Балтық майданы, 6-шы гвардиялық армия, 2-ші гвардиялық атқыштар корпусы, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Алайда 1945 жылғы 28 қаңтардан соғыстың соңына дейін дивизия командирінің міндетін атқарды.1946 жылғы қаңтарда К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияға жіберілді. 1950 жылғы қарашадан бастап В. М. Молотов атындағы Кеңес армиясының тыл және жабдықтау әскери академиясында жалпы тактика және операциялық өнер кафедрасының аға оқытушысы болды.1955 жылғы желтоқсанда запасқа шығарылды. Алматыға оралған соң өмірін толықтай әдеби шығармашылыққа арнады. 1982 жылғы 10 маусымда Алматыда қайтыс болды. Кенсай зиратына жерленді. Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылғы 11 желтоқсанда берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131079?lang=kk
Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне халықты тарту бойынша өңірлік штаб отырысы өтті 24.12.2025
Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов төрағалық етті. Жиынға облыстық басқарма басшылары қатысты, ал аудан әкімдері мен орынбасарлары селекторлық режимде байланысты.Кедесуде үш негізгі мәселе қаралды. Олар: МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы халықты хабардар ету, жүйеге қатысу динамикасы және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың жарна төлеу тетігі.Шара барысында Қанат Есболатов халықты МӘМС жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы уақытылы хабардар ету жоспарлары бекітілгенін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Аида Ғалымқызы Балаеваның 8 желтоқсанда өңірлермен әлеуметтік мәселелер бойынша өткізген кеңесінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс екенін ерекше атап өтті.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына бағытталған маңызды әлеуметтік тетік екеніне баса назар аударды.«Алматы облысында тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта, негізгі басымдық медициналық ұйымдар арқылы халыққа тікелей және түсінікті ақпарат жеткізуге беріліп отыр. Call-орталықтар, әлеуметтік желілер және медициналық ұйымдардың ресми сайттары арқылы дәрілік қамтамасыз ету, МӘМС шеңберінде қызмет алу, сақтандыру мәртебесін тексеру және қарызды өтеу тәртібі жан-жақты түсіндірілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде созылмалы аурулары бар сақтандырылмаған азаматтар саны 18,7 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Алдағы уақытта да тұрғындарды толық ақпараттандыру және МӘМС жүйесіне тарту бағытындағы жұмыс жалғастырылады»,- деді басқарма басшысы.Сонымен қатар, жиын барысында басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері жан-жақты қаралып, басты назарға алынды. Қатысушылар өз өңірлеріндегі МӘМС жүйесін тиімді жүзеге асыру бойынша негізігі мәселелерді талқылады. Негізгі жұмыс тетіктері бойынша әр тарап өз міндеттерін жалғастыруға және жоспарланған іс-шараларды кезең-кезеңімен орындау үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Ұсынылған шаралар мен шешімдердің сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылды.Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және қаржылық жауапкершілікті басқарудың әртүрлі деңгейлері арасында қайта бөлуге бағытталған. Алдағы кезеңде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың МӘМС жүйесіне қатысуы сақталады. Алайда 2026 жылдан бастап аталған санат үшін сақтандыру жарналарын төлеу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Осыған ұқсас қаржыландыру тетігі табысы төмен, D және E әлеуметтік санаттарына жататын азаматтарға да қолданылады.Сондай-ақ, жұмыс істемейтін D және E санаттарына жататын тұлғалар үшін жарналарды төлеу процесі ай сайын жүзеге асырылады. Айдың бірінші күні Еңбек ресурстарын дамыту орталығы көрсетілген санаттарға жататын жұмыс істемейтін тұлғалардың тізбесін қалыптастырып, Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне жолдайды. Алынған деректер негізінде Қор аталған тұлғаларға «сақтандырылған» мәртебесін береді. Одан кейін ақпараттық жүйеде олардың D және E санаттарына тиесілі екенін көрсететін белгі қалыптастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1131077?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті 24.12.2025
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты. Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды. Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеті арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуде оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Америка Президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл екіжақты қарым-қатынастағы тарихи уақиға болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1131060?lang=kk
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды 23.12.2025
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалдыБүгін Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала активіне және қалалық мәслихат депутаттарына Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Мұқаш Мақсат Асқарұлын таныстырды.Мұқаш Мақсат Асқарұлы 1991 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт», М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетін «Құқықтану», сондай-ақ Esil University оқу орнын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын 2013 жылы білім беру және спорт саласында бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде басшылық қызметтер атқарған.2019–2023 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды.2023 жылдан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1131033?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады 23.12.2025
23 желтоқсанда Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Фомич Шипилев 102 жасқа толды.Қарияны Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері туған күнімен құттықтады. Олар майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен сыйлықтар табыс етті.– Соғыс ардагерлері ерекше назар мен құрметке лайық. Олардың біздің игілігіміз үшін жасаған еңбегін бағалап, алғыс білдіру өте маңызды, – деді Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының топ бастығы капитан Гүлсім Бакирова.Егде тартқанына қарамастан, ардагер қонақтарды жақсы көңіл-күймен қарсы алып, соғыс жылдарынан естеліктер айтты.Василий Фомич 1923 жылы 23 желтоқсанда Алтай өлкесінің Карпово ауылында дүниеге келген. Ол кіші авиация мамандары мектебінде оқып, әуе атқышы және радист мамандықтарын меңгерген.Жауынгерлік жолын 1944 жылғы сәуірде бастаған. Ол дербес Приморск армиясының барлау полкіне жіберіліп, кейін III Беларусь майданы радиоторабының бастығы болып тағайындалған.Василий Фомич I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған. Василий Шипилев соғыстан кейін де әскери қызметін жалғастырып, 1950 жылы запасқа шыққан.Василий Фомич бұрғылау қондырғысында жұмысшы, кейін шебер болып жұмыс істеген. Макарон фабрикасында барлық мамандықтарды меңгеріп, 6-шы дәрежелі слесарь болған. Осы жерде ол әйелі Валентинаны кездестіріп, отау құрды. Екеуі 62 жыл бірге өмір сүріп, Римма, Ольга және Ирина атты үш қызды дүниеге әкелді. Олардан алты немере және шөберелері бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131015?lang=kk
Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы толықтырылды. 23.12.2025
Орман қорын сақтау және өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында облыс әкімі Е. Қарашөкеевтің бастамасымен орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңа арнайы техникалармен толықты.Атап айтқанда, Өнеркәсіпті дамыту қорынан лизингтік қаржыландыру аясында 15 бірлік «JAC» маркалы кіші кешенді өрт сөндіру автокөлігі және «Жамбыл табиғат» қоғамдық қоры есебінен 9 бірлік «Соболь» қызметтік автокөлігі, 17 бірлік мотоцикл, 4 бірлік «Toyota Hilux» және 15 бірлік пилотсыз ұшу аппараттары алынып, орман шаруашылығы мекемелеріне табыс етілді.Жаңа техникалар орман алқаптарында жедел патрульдеу жұмыстарын ұйымдастыруға, өрт қауіпті кезеңдерде мониторинг жүргізуге, өрт ошақтарын ерте анықтауға және төтенше жағдайларға уақтылы әрекет етуге мүмкіндік береді. Әсіресе пилотсыз ұшу аппараттары арқылы орман аумақтарын бақылау күшейтіліп, адам күші жетпейтін аумақтарды қадағалау тиімді жүзеге асырылмақ.Аталған шаралар өңірдегі орман қорын сақтау деңгейін арттыруға, табиғи ресурстарды қорғауға және орман шаруашылығы саласының жұмыс тиімділігін күшейтуге бағытталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1130999?lang=kk
"Мен және Заң"тақырыбындағы тақырыптық әңгімелер мен сынып сағаттары 23.12.2025
23 желтоқсанда «Заң және тәртіп» бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес Осакаров ауданының мектептерінде «Мен және Заң» тақырыбында сынып сағаттары мен тақырыптық әңгімелер өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және Қазақстан Республикасы азаматы ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсінуге баулу.Сынып сағаттары барысында оқушылар негізгі заң нормаларымен танысып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылық үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады, сондай-ақ заңды сақтау тақырыбында өмірлік жағдайларды қарастырды. Ерекше назар құқықбұзушылықтың алдын алуға және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға аударылды.Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық санасын, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және заңға бағынатын мінез-құлыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.#Адал_азамат #біртұтас_тәрбиеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1130963?lang=kk
«Әлем мойындаған музыка» атты концертке шақырамыз! 23.12.2025
Қадірменді өнер сүйер қауым! Сіздерді 24 желтоқсан сағат 19:00-де Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында өтетін “Жетісу сазы” фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Әлем мойындаған музыка» атты керемет концертіне шақырамыз!Кеш барысында әлемдік және ұлттық туындылар орындалып, көрермендерге рухани ләззат сыйлайды.Өтетін орны: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Абылай хан көшесі, 153 билет бағасы: 2000 тенгеБайланыс телефондары:+7 747 787 88 81+7 701 567 48 07Сезімге толы сазды кештен құр қалмаңыз! Сіздерді асыға күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1130968?lang=kk
ҚР Тәуелсіздік күніне орай білім беру саласы қызметкерлері марапатталды 23.12.2025
2025 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қалалық мәслихат төрағасы О. К. Байгабулов адал еңбегі және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс хаттар табыс етті.Марапатталды: «№2» балабақша – мектеп-интернаты»Қостанай арнайы кешені» КММГринкова Людмила Николаевна, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.«А. М. Горький атындағы Гимназия» КММБубли Константин Григорьевич, технология мұғалімі.Честнейшина Наталья Викторовна, зертханашы.Брунер Светлана Васильевна, директордың АКТ жөніндегі орынбасары.Яковлева Лариса Алексеевна, әлеуметтік педагог.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1130992?lang=kk
Иранда Қазақстанның мәдени кеші өтті 23.12.2025
Тегеран, 2025 жылғы 22 желтоқсан – Тегеран қаласындағы «Ниаваран» тарихи-мәдени кешенінде Қазақстан–Иран мәдени кеші өтті.Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған іс-шараға Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири, ИИР Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Тегеранда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдар басшылары, мәдениет және зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі О. Оңалбаев сөз сөйлеп, Қазақстан мен Иран арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың терең тамыры бар екенін атап өтті. Ол екі елдің Батыс пен Шығысты жалғаған маңызды өркениеттік көпір ретіндегі рөліне тоқталып, Ұлы Жібек жолы дәуірінде Ұлы Қазақ даласы мен Иранның ежелгі өркениеті арасында сауда, ғылым және әдебиет салаларында тұрақты қарым-қатынас орнағанын атап көрсетті.Елші қазіргі кезеңде Қазақстанның экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, халықаралық аренада беделі жоғары мемлекет екенін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елде саяси, экономикалық және мәдени реформалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтты.Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі – Иран Ислам Республикасымен тату көршілік және достық қарым-қатынастарды дамыту екені атап өтіліп, Иран Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс өңіріндегі, сондай-ақ ислам әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екені көрсетілді.Елші өз сөзінде 2025 жылғы 10–11 желтоқсан аралығында Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстан Республикасына жасаған алғашқы ресми сапарының жоғары деңгейде өткенін және сапар қорытындысы бойынша бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылғанын хабарлады.Өз кезегінде, Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири екі ел арасындағы мәдениет және мәдени мұра салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Тегеран қаласында Қазақстанның мәдени кешін өткізу тарихи байланыстарды жаңа мазмұнда жандандыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.Министр ортақ өркениет пен мәдени мұра халықтарды жақындастыра түсетінін атап өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы құндылықтарды сақтау мен мәдениет пен өнер әлеуетін халықтар арасындағы өзара түсіністік пен байланысты нығайту мақсатында тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Ол екі елдің шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау білдіріп, аталған іс-шара мәдениет, мәдени мұра және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін беретініне сенім білдірді.Мәдени кеш Маңғыстау облысының «Серпер» домбырашылар ансамблінің өнер көрсетуімен жалғасты. Ансамбль қазақтың халық күйлерін жоғары кәсіби деңгейде орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Іс-шара аясында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, Қазақстанның салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті мен табиғатына арналған көрме ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tehran/press/news/details/1130993?lang=kk
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту – ортақ мақсат 23.12.2025
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту – ортақ мақсат Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің отырысына қатысты. Кездесу барысында Департамент өкілдері 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі өзгерістерге, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қатысты салықтық нормалар мен жеңілдіктерге тоқталды. Қатысушыларға салық салудағы жаңа тәсілдер мен әкімшілендіру ерекшеліктері түсіндірілді. Отырыс ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, ақпараттың ашықтығын арттыруға және өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді. Қостанай облысы бойынша МКД әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға және салық заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1130956?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында волейболдан жарыс өтті 23.12.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы базасында құрылымдық бөлімшелердің әскери қызметшілері арасында волейболдан командалық жарыс өтті.Турнирдің негізгі мақсаты — жауынгерлік және спорттық дайындық деңгейін арттыру, командалық рухты нығайту, сондай-ақ жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.Жарыс қарқынды өтті, командалар дене шынықтырудың жоғары деңгейін, іс-қимылдар үйлесімділігін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.Табанды тартыс қорытындысында жүлделер:1 орын — Жауынгерлік дайындық бас басқармасының командасына;2 орын — Байланыс басқармасының командасына;3 орын — Автоматтандыруды басқармасының командасына берілді.Турнир барысында жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:Әскерді басқару орталығының офицері — жедел кезекшінің көмекшісі майор Рүстем Казиханов “Үздік ойыншы” болып танылды.Ұлттық ұланның жедел-стратегиялық жоспарлау бөлімінің аға офицері подполковник Данияр Досанов “Үздік либеро” атанды.Кіші сержант тасқын Тілеубек “Үздік байланыстырушы”, ал аға маман (бағдарламашы) ефрейтор Арсен Шапенов “Үздік шабуылшы” атағын жеңіп алды.Жарыстың барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.Осындай спорттық іс-шаралар өткізу әскери тәртіпті нығайтуға, дене төзімділігін дамытуға және әскери қызметшілердің күнделікті қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ұйымшыл ұжымды қалыптастыруға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1130940?lang=kk
Егіз сарбаздар: Ұлттық ұланда биыл екінші рет ерекше оқиға тіркелді 23.12.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы тарихында сирек кездесетін ерекше оқиға бұл жолы Тараз қаласында тіркелді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде бір мезетте төрт егіз жұп сарбаздың қатар қызмет етіп жатыр. Бұл - биылғы жылдың өзінде құқықтық тәртіп әскерінде екінші рет орын алып отырған ерекше жайт.Әскерге шақыру кезінде сарбаздардың егіз екені анықталған сәттен бастап, Ұлттық ұланның әскери бөлім қолбасшылығы оларды бір-бірінен ажыратпай, қатар қызмет етуіне жағдай жасайды. Бұл шешім тек тұрмыстық қолайлылық емес, әскери ортадағы психологиялық тұрақтылық пен өзара қолдауды нығайтудың тиімді үлгісі ретінде бағаланады.Ұлттық ұлан қатарына былтыр Алматы облысынан шақыртылған 22 жастағы Диас пен Илияс Төлепбергендер бүгінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүр. Егіздердің бірі — Диас «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып, әскери қызмет пен болашақ кәсіби даму жолын ұштастыра білді.Ал 19 жастағы Эльхан мен Эльшан Нуриевтер үшін әскери қызмет спорттағы жетістіктерін жаңа деңгейге көтерудің алаңына айналды. Олар әскерге дейін де, әскер қатарында да армрестлинг спорт түрінен үздіктер қатарынан көрініп келеді.Түркістан облысынан шақыртылған 19 жастағы Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Беркішовтар егіз болғанымен, сыртқы келбеті мен мінез-құлқы бір-біріне қатты ұқсамайтын ерекше жұп. Алайда қызметке деген жауапкершілік пен тәртіпке адалдық оларды бір мақсатта тоғыстырады.Шымкенттік Аман мен Есен Қонар - көпбалалы отбасының үлкендері. Олардың артынан ерген екі ұл мен төрт қыз бар. Бүгінде егіз сарбаздар №58 түзеу мекемесінде қарауылдық қызмет атқарып, отбасына үлгі болумен қатар, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жүр.Ұлттық ұлан сапында бір мезетте бірнеше егіз жұптың қызмет етуі — бұл әскери құрылымдағы адамгершілік, бауырмалдық пен әскери тәртіптің үйлесімді көрінісі. Мұндай сирек жайттар әскери қызметтің тек қатаң талаптарға емес, рухани тұтастыққа да негізделетінін айқын дәлелдейді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1130936?lang=kk
«Кеден» ақпараттық жүйесіндегі «Тауарларға декларация» модулін сынақтан өткізу 23.12.2025
2025 жылдың 23 желтоқсанында «Өскемен-КРО» кеден бекетінде Кеден ақпараттық жүйесінде «Тауар декларациясы» модулін енгізу және сынақтан өткізу бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және жеңілдетуді, сондай-ақ қағаз құжаттарды цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, декларанттарға жіберілетін барлық сұраныс түрлері, тауарлар декларацияларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс/шешім нысаны (бұдан әрі - ТД), ТД түзету нысаны және басқа да процестер автоматтандырылды.«Тауар декларациясы» модулін іске қосудың жоспарланған күні 2026 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігіне жоспарланған. Іске қосу ұсынылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып жүзеге асырылады.Іс-шара жұртшылықты Кеден ақпараттық жүйесіндегі жаңа «Тауар декларациясы» модулімен таныстыру және оны жаңа жүйеде толтыруға байланысты проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел отырысына сыртқы саудаға қатысушылардың өкілі болып табылатын кеден өкілдері мен декларанттар қатысты. Кездесу барысында кеден қызметкерлері жаңа жүйеде тауарлар декларацияларын толтыру және тапсыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Кеден ақпараттық жүйесінде модулін сынақтан өткізу кезінде туындаған кез келген мәселелерді талқылап, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1130896?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Дебар қаласының Мэрімен кездесті 23.12.2025
Скопье, 2025 жылғы 17 желтоқсан – Солтүстік Македониядағы Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Дебар муниципалитетінің Мэрі Фишник Меламен кездесті.Қазақстан Елшісі Мэр лауазымына сайлануымен құттықтап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылысын білдірді. Ол қалалардың бауырласу байланыстарын орнату, аймақтық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру мүмкіндігіне дайындығын атап өтті.С.Бұршақов жергілікті әкімшіліктің қаланың тұрақты дамуын ілгерілетуге және шетелдік серіктестермен жан-жақты диалогты дамытуға қосатын үлесінің маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында Елші қала басшысын Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті, Президент Қ.Тоқаев бастаған саяси реформаларды іске асыру барысы, сондай-ақ қазақстандық-македониялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары туралы хабардар етті.Ф.Мела Скопьедегі Қазақстан Елшілігінің ашылуын құптап, бұл оқиғаның екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадамға айналатынын, сондай-ақ елдер арасындағы өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.Қала әкімшілігінің басшысы муниципалитеттің қызметі мен одан әрі жоспарлары туралы айтып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынасты дамытуға деген қызығушылығын білдірді.Кездесу соңында халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара бастамаларды қолдауға баса назар аудара отырып, практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1130891?lang=kk
Екінші деңгейлі банктің басшы қызметкері Агенттікпен келісілді 23.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Айнабаева Шолпан Рахманқұлқызын «Холдинговая группа «АЛМЭКС» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына келісім берді (2026 жылғы 24 ақпандағы № 17/БВУ/П хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1169504?lang=kk
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖАСТАР! 23.12.2025
«Қостанай жастары» жеңілдетілген тұрғын үй кредит беру бағдарламасының басталуы«Қостанай жастары» жастар үшін жеңілдетілген тұрғын үй кредиттеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 5-26 қаңтар аралығында ашық болады👥 Кім қатыса алады?Бағдарламаға қатысуға келесі шарттар сақталған жағдайда жас мамандар жіберіледі:1️⃣ Қазақстан Республикасының Азаматтығы2️⃣ Возраст — до 34 лет включительно(жұбайының жасы ескерілмейді, бұл ретте ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады)3️⃣ Жұмыс орны бойынша тұрғын үй сатып алу4️⃣ Соңғы негізгі жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілі және Қостанай облысының аумағында тұрақты тіркелу5️⃣ Жеке кәсіпкерлер үшін-кемінде 1 жыл үздіксіз қызмет (ЖК Қостанай облысында тіркелуі тиіс)6️⃣ Өтініш берушінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР аумағында меншігінде тұрғын үйдің болмауы (және соңғы 5 жылда тұрғын үйді иеліктен шығару фактілерінің болмауы), жекешелендіру немесе мұрагерлік бойынша кәмелетке толғанға дейін алынған үлестерді қоспағанда7️⃣ Соңғы 6 айдағы жиынтық табыс: өтініш беруші мен жұбайының (ресми неке) не өтініш беруші мен ата-аналар (бірге тұрған кезде) - айына 150 АЕК-тен артық емес (648 750 теңге)▶️ Бағдарламаға тек бір отбасы мүшесі қатыса алады8️⃣ Ұпайлар тең болған кезде егде жастағы қатысушы артықшылыққа ие болады9️⃣ Қарыз берілген сәтке дейін бастапқы жарна сомасы бар" Отбасы банк " АҚ-да жинақ шотының болуы📍 Өтінімдерді қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:Бейімбет Майлин ауданының әкімдігіТұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі📞 Анықтама телефоны: 3-64-16Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1130826?lang=kk
Достық үйі мен Аналар кеңесінің 15 жылдығы 23.12.2025
2025 жылғы 23 желтоқсан - "Достық үйі" мен "Аналар кеңесінің" 15 жылдығы. Осы жылдар ішінде Достық үйі диалогтың, өзара сыйластықтың және мәдени бірліктің шын мәнінде маңызды кеңістігіне айналды. Мұнда дәстүрлер мен қазіргі заман тоғысады, халықтар арасындағы достықты нығайтатын бастамалар туып, сенім мен ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Жинақталған тәжірибе, күш пен адалдық ұлтаралық келісімді дамытуға қызмет етіп, жаңа жобалар мен игі істерге шабыт берсін! "Достық үйі" және "Аналар кеңесі" ұжымдарын құттықтаймыз, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, пікірлестерге қолдау және сенімді алға басу тілейміз! Мерейтойларыңызбен және жаңа жетістіктеріңізбен!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1130799?lang=kk