Әлем
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырып келеді 02.10.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев екіжақты кездесу өткізді. Жиында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өзара сауданың өсуі және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жол картасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин екі мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы сындарлы ұстанымы мен жүйелі жұмыстары үшін Өзбекстан Үкіметіне алғысын білдірді.«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға сапары және Үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысы біздің стратегиялық әріптестігіміздің берік негізін айқындады. Бүгінде бізде нақты уағдаластықтар мен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқан Жол картасы бар», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары.Екі елдің сауда-экономикалық байланысы өсіп келеді. 2026 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,8%-ға артып, $3,25 млрд-қа жетті.Екі ел алдында $10 млрд-тық тауар айналымына шығу міндеті тұр. Осы мақсатқа жету үшін өзара сауданы дәйекті түрде кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету маңызды.Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев өз кезегінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті. Ол Қазақстан Өзбекстан үшін бауырлас ел әрі сенімді әріптес екенін атап өтті. Тараптар өзара сауда мен инвестицияны дәйекті түрде арттыруда, көлік тасымалы көлемін ұлғайтуда. Өзбекстан Қазақстанмен кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.Жиын соңында тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1302784?lang=ru
«Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында семинар өткізді 02.10.2026
2026 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен бірлесіп «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты — Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүргізу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ азаматты банкрот деп танудың құқықтық салдары туралы ақпараттандыру. Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Семинар барысында ZOOM платформасы арқылы дәрістер оқылып, лектор ретінде:- Ерденбаев Ербол Сержанович – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының сарапшысы сөз сөйледі. Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға лекторлар толыққанды жауаптар берді. Семинар қорытындысы бойынша 133 қатысушыға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1302775?lang=ru
Халықаралық қарттар күнімен! 02.10.2026
Сіздер – өмірлік тәжірибесі мол, өнегесімен ұрпаққа жол көрсетіп, елдің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардақты жандарсыздар. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен тағылымды жолдарыңыз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әр күндеріңіз қуанышқа, сыйластық пен мейірімге толы болсын!Ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1302768?lang=ru
Қызметті тоқтату туралы өтініш берген кездегі бас тарту: не істеу керек? 02.10.2026
Салық төлеуші қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш бергенде ол «Қабылданбады» мәртебесін алса, бұл рәсімнің аяқталғанын білдірмейді. Бас тарту себебін СӘИЖ АЖ (КНП ИСНА) кабинетінде көруге болады. Сіздің жағдайыңыз Қызметті тоқтатуға өтініш берген кезде бұрынғы өтініш бойынша бас тарту келді. Себебін қалай көруге және алдыңғы бас тартуды ескере отырып өтінішті қалай дұрыс қайта беруге болады? Қалай түзетуге болады? СӘИЖ АЖ-да «Құжаттар» → «Менің құжаттарым» → «Салықтық өтініш» бөлімінде берілген салықтық өтініштердің, оның ішінде қызметті тоқтату туралы өтініштердің тарихы қолжетімді. Егер мемлекеттік кірістер органы есептен шығарудан бас тартса, өтінішке «Қабылданбады» мәртебесі беріледі. Бас тарту себебін көру үшін «Қабылданбады» мәртебесін басып, мемлекеттік кірістер органының құжаттарды қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық хабарламаны ашу қажет. Хабарламада бас тарту негізі көрсетіледі. Бас тартуға негіз болған себептер жойылғаннан кейін салық төлеуші СӘИЖ АЖ арқылы жалпы тәртіппен қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта беруге құқылы. Заңнама Қызметті тоқтату тәртібі және есептен шығарудан бас тарту негіздері Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (Салық кодексі) реттеледі, оның ішінде жекелеген санаттағы ЖК-нің қызметін жеңілдетілген тәртіппен тоқтату нормаларымен. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1302744?lang=ru
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды 02.10.2026
Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Зауытта жылына 1 млрд литрге дейін сусын өндіріледі. Мұнда 230-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейтін болады. Дайын өнім Қазақстан нарығынан бөлек ТМД елдеріне экспортталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен, ҚР Сыртқы істер вице-министрі мен компания өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа кешеннің ашылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын елеулі қадам екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатынжақсарту», – деп алдымызға нақты міндеттер қойған болатын. Экономиканың өркендеуі ең алдымен елдің әр өңіріндегі жүзеге асып жатқан нақты жобалардан көрінеді. Сондықтан өндірісті дамыту мен инвестиция тарту біздің өңіріміз үшін де маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы жолдағы ірі жобалардың бірі – «Carlsberg Kazakhstan» компаниясыныңжаңа өндіріс орнын іске қосуы. Бұл өңір экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім көлемін көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Игі шараға арнайы келген Ларс Лёкке Расмуссен кәсіпорынның іске қосылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда үлкен маңызға ие екенін жеткізді. «Қазақстан мен Дания географиялық тұрғыдан бір-бірінен алыс орналасқан мемлекеттер болғанымен, бұл бірлесіп жұмыс істеуге кедергі емес. Бүгін ашылған жаңа кәсіпорын – соның айқын дәлелі әрі болашаққа салынған ортақ инвестиция. Сондай-ақ зауыт сауда-саттықты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа технологияларды өндірісте пайдалануға мүмкіндік береді», – деді мәртебелі мейман.Шара барысында қонақтар жаңа өндіріс желісін іске қосу түймесін бірлесе басып, кешеннің жұмысын бастап берді. Одан кейін зауытты аралап, оның өндірістік қуатымен танысты. Жобаның бірінші кезеңінде түрлі дәмдегі сусындар әзірлеп, оның қаптамасын дайындау үшін бес өндірістік желі жұмыс істейді. Кейін өнімді қоймаларда сақтау, тасымалдау сияқты логистикалық мүмкіндіктерді де дамыту көзделіп отыр. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, жергілікті тауарға сұранысты арттырады. Зауытта су, жарық, жылу көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін озық технологиялар қолданылған.Айта кетейік, кәсіпорынның ашылуынан бөлек бүгін Қонаев қаласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтіп жатыр. Алқалы жиында инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары талқылануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302710?lang=ru
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Алимирзамин Аскеровпен кездесті 02.10.2026
Министр Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтердің цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктерімен таныстырды.Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1302711?lang=ru
Қазақстан Гонконгта өткен АСЕАН кинофестивалінде «Бақыт құшағында» музыкалық фильмін таныстырды 02.10.2026
Гонконг, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Жыл сайынғы АСЕАН кинофестивалінде қазақстандық «Бақыт құшағында» атты музыкалық фильмінің көрсетілімі өтті. Шығармашылық жоба көрермендерге Қазақстанның бай мәдениетін таныстырып, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Көрсетілім алаңы дипломаттарды, мәдениет қайраткерлерін, шетелдік киносүйер қауымды, сондай-ақ жергілікті қазақстандық қауымдастық өкілдерін біріктірді.Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов өзінің құттықтау сөзінде киноөнері тілінің мәдени дипломатияның бірегей құралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай ауқымды фестивальге қатысу халықтар арасында жанды диалог орнатуға және халықаралық аудитория үшін заманауи қазақстандық кинематографияның жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.Гонконгтық көрермендерге қазақстандық фильмді режиссер әрі продюсер Санат Шапашов, продюсер әрі сценарийдің тең авторы Әнел Оспанова, костюм жөніндегі суретші Гүлмарал Тоқанбекова және басты рөлдерді орындаушы актерлер Дәурен Серғазин мен Әлия Телебарисова таныстырды.Сеанс аяқталғаннан кейін түсірілім тобы мен актерлік құрам аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Қонақтар арасында, әсіресе, аңызға айналған қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың мұрасынан шабыт алған туындының музыкалық атмосферасы ерекше ықылас тудырды. Көрермендер фильмнің ұлттық колоритін, эмоционалдық тереңдігін және жасампаздық идеясын жоғары бағалады.Шығармашылық ұжымның Гонконгқа сапары отандастармен және студенттермен өткен жылы кездесумен аяқталды. Ашық диалог форматында кинематографистер түсірілім жұмыстарының қалтарыстары, отандық киноиндустрияның дамуы және болашаққа жоспарлары туралы айтып беріп, қазақстандық диаспораға туған жермен байланыстың жарқын сезімін сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1302700?lang=ru
Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған «Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр» ғылыми-мерейтойлық конференциясы 02.10.2026
Өтетін жері: Жетісу облысы, Көксу ауданы, Зылиха Тамшыбай ауылдық мәдениет үйіӨтетін уақыты: 2 қазан, 2026 жыл cағат 10:00 Байланыс телефондары:8 (7282) 24-34-07; Электронды пошта: 7su.ocnt@mail.ru Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1302677?lang=ru
Даналық, құрмет және мейірімділік күнімен құттықтаймыз! 02.10.2026
Құрметті аға буын өкілдері!Сіздерді мейірімділік, даналық пен құрмет күнімен құттықтаймын!Бұл күн – сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізге, даналықтарыңызға және қоғамның дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңізге алғыс білдіріп, құрмет көрсету үшін айрықша ерекше сәт. Сіздер көптеген маңызды оқиғалардың куәгерлері әрі белсенді қатысушылары болдыңыздар.Сіздердің арқаларыңызда біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді дамытуға мүмкіндік алып отырмыз. Сіздердің еңбектеріңіз бен қажырлы күш-жігерлеріңіз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз қалдырады.Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен әр күннің қуанышын тілеймін. Айналаңыз әрдайым қамқор жандарға толы болып, әрбір сәтіңіз жақындарыңыздың жылуы мен мейіріміне бөленсін!Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1302667?lang=ru
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы, еңбек сіңірген демалыста жүрген бұрынғы аппарат қызметкерлерін Даналық, құрмет және мейірім күнімен құттықтады 02.10.2026
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы, еңбек сіңірген демалыста жүрген бұрынғы аппарат қызметкерлерін Даналық, құрмет және мейірім күнімен құттықтады.Кездесу барысында оларға мықты денсаулық, бақыт және амандық тілектері жеткізіліп, сонымен қатар мерекеге орай берілген сыйлықтар табыс етілді.Мұндай кездесулер – қаланың дамуына және жергілікті өкілетті органның қызметіне үлес қосқан адамдарға алғыс білдіру мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1302651?lang=ru
БКМ чектерін рәсімдеу және толтыру бойынша сұрақ-жауап 02.10.2026
БКМ чегінде көрсетілетін қызметтің атауын көрсету қажет пе?Иә. Қызмет көрсету кезінде БКМ чегінде, оның ішінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларына және бақылау-касса машинасының чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесіне сәйкес, көрсетілген қызметтің атауы қамтылуға тиіс.«Сату» немесе «Позиция» деген тұжырымдардың өзі көрсетілген қызметтің атауы болып табылмайды.Осыған байланысты кәсіпкер БКМ-ді чекте нақты көрсетілген қызметтің атауы көрсетілетіндей етіп баптауы қажет. Қызмет көрсету кезінде БКМ чегінде ҰТК кодын көрсету қажет пе?Жоқ. Ұлттық тауарлар каталогына (ҰТК) сәйкес тауардың сәйкестендіру коды тауарларды өткізу кезінде қолданылады.Қызмет көрсету кезінде ККМ чегінде ҰТК-дан тауар кодын көрсету талап етілмейді. БКМ чегі табысты алғанын растай ма?БКМ чегі сатушы (өнім беруші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылғанын растайды.Бұл ретте кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты растау үшін есепке алу құжаттары және салық салу объектілерін айқындауға негіз болатын өзге де құжаттар да пайдаланылуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1302622?lang=ru
ҚҰРМЕТТІ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ! 02.10.2026
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐Бұл күн — өмірлік тәжірибесі мол, талай ұрпаққа жол көрсетіп, елдің дамуына өз үлесін қосқан ардақты жандарға деген құрмет пен алғыстың белгісі.Сіздердің еңбектеріңіз бен өнегелі өмір жолдарыңыз — кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра. 🤍🙏 Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!Әр күндеріңіз қуанышқа, мейірімге және жақындарыңыздың жылуына толы болсын. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым құрмет пен қамқорлықта жүріңіздер! 🌷🌸 Ізгі ниетпен,Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1302624?lang=ru
Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте соңғы он жылдағы ең үздік нәтиже көрсетті 02.10.2026
Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) елеулі ілгерілеу көрсетіп, бірден 8 сатыға көтерілді және әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі.Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға, ал Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орынға ие болды. Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты. Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бойынша Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі (Innovation Inputs) бойынша 75-орыннан 73-орынға жақсарды.GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала таныстырылымы аясында ұсынылды.Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс негіз болды. 2026 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі GII мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне және деректердің сапасына басымдық берді.Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайынғы мониторингтеуден нақты көрсеткіштер, дереккөздер және мемлекеттік саясаттың қажетті шаралары бойынша мазмұнды жұмыс форматына көшіруге мүмкіндік берді.Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302614?lang=ru
Бесқарағай ауданында «Шығармашылық үйі» ашылды 02.10.2026
Жаңа шығармашылық кеңістіктің ашылу рәсіміне Абай облысы әкімінің орынбасары Раханов Мейірлан Ақылбекұлы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шынғысбаева, Қазақстан халық кеңесінің мүшелері Нұртай Сабильянов, Думан Орынбеков пен Мерей Қарт және қоғам белсенділері қатысты.Салтанатты шара барысында құттықтау сөздер айтылып, жаңа нысанның ашылуына арналған лента қию рәсімі өтті. Қонақтар Шығармашылық үйінің заманауи мүмкіндіктерімен танысты. Ғимаратта балалардың шығармашылық, техникалық және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі кабинеттер мен арнайы жабдықталған кеңістіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «Art-Studio», «Қыш шеберханасы», «Тігін», «MediaStudio», «RoboticsLab», «Робототехника», «FabLab кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар спорт залында асық ойыны мен садақ ату бағыттары бойынша үйірмелер ұйымдастырылған.Бүгінде Шығармашылық үйінде 400 бала қосымша біліммен қамтылған. Алдағы уақытта тәрбиеленушілер санын 1000 балаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Жаңа нысан ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық және техникалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Бұған қоса жастарды бір арнада тоғыстыратын алаңға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1302598?lang=ru
Бүгін білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков білім беру ұйымдарының әкімшілігімен онлайн жиналыс өткізді. 02.10.2026
Жиналыс барысында келесі сұрақтар талқыланды1. Бюджеттің тиімді пайдаланылуы мен игерілуіне аса назар аудару, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері;2. Мектептерде қауіпсіз жағдай жасау және Таза Қазақстан бағдарламасының үнемі басты назарда болуы;3. Құқық бұзушылық, суицид, буллинг және т.б. жағдайларда алгоритмге сәйкес білім бөліміне және тиісті органдарға хабарлау бойынша дұрыс іс қимыл жасау;4. Ата-аналар, заңды өкілдер, арыз, шағым, ұсыныс білдірушілер және басқада мектепке келуші азаматтардың мәселелесін тиісті заңға сәйкес қарап, дұрыс жауап беру;5. Мектептерге жылу беру мәселесі және қатты отынның тасымалдануын қадағалау.Сонымен қатар, басқа ағымдағы сұрақтар талқыланды.Жиналыс барысында білім бөлімінің басшысы күрделенген мәселелер бойынша кейбір білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына ескерту жасап, тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1302600?lang=ru
Мектеп директорларымен жиналыс 02.10.2026
19 тамыз білім бөлімінің басшысы Медет Кәдірбекұлы мектеп директорларымен жиналыс өткізді Жиналыста келесі мәселелер қаралды 1. Жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы мен білім саласындағы өзгерістер;2. Мектепке ұстаздарды және басқа да қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда қатаң заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері;3. ”Мектепке жол” акциясын белсенді ұйымдастыру;4. Қатты отынның кестеге сәйкес тасымалдануын қадағалау және т.б. сұрақтар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1302587?lang=ru
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК! 02.10.2026
«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты атанған Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектеп 4 000 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды!Бұл — мектеп ұжымының тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Мектеп ұжымын осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1302579?lang=ru
Дүниежүзілік күнтізбеде 1 қазан - Халықаралық қарттар күні ретінде белгіленген. 02.10.2026
Еліміз әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі болғандықтан аталған датаны назардан қалдырмай игі дәстүрге сай атап өтіп жүр.Ұрпақ сабақтастығы мәселесінде оның маңыздылығы тіптен ерекше.«Көп білгеннен емес, көпті көргеннен сұра», деген тәмсілді ескерсек, мұның буын алмасу мәселесінде пайдасы зор.Қартты қадірлеген ел - қатардан қалмайды. Көнекөз қарияларымызды ғұмыр ғибратымен сүйіншілесін!ҚР Қаржы министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1302563?lang=ru
Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері! Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 02.10.2026
Әрқайсыңыздың жүріп өткен іздеріңізде - талай жылғы маңдай тер, қамқорлық, маңызды шешімдер мен өмір сынақтары тұр. Сіздер туған өлкені өркендетіп, дамытып, бала тәрбиелеп, отбасын құрып, өз еңбектеріңізбен ауданымыздың және еліміздің дамуына елеулі үлес қостыңыздар. Мұның барлығы ортақ тарихымыздың ажырамас бөлігіне айналып, бүгінде болашақты қалыптастыруға негіз болып отыр.Аға буынның айрықша құндылығы - жинақтаған мол тәжірибесі мен өмірлік даналығында. Сіздер отбасылық және еңбек дәстүрлерін сақтап, жас ұрпаққа білім мен өмірлік бағдар беріп келесіздер. Ұрпақтар сабақтастығының осындай берік арқауы жақсы құндылықтарды сақтап, болашаққа нық сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді.Бүгінде аға буынға қатысты мемлекеттік саясат тек әлеуметтік қолдаумен шектелмейді. Оның маңызды бағыттарының бірі - егде жастағы азаматтардың белсенді әрі лайықты ұзақ өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Аға буын өкілдерінің белсенділігін сақтап, қоғаммен араласуына, сүйікті ісімен айналысуына, денсаулығына көңіл бөлуіне және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік болуы маңызды.Құрметті аға буын өкілдері!Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жан жылуы мен ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін! Жандарыңызда әрдайым жақындарыңыз, балаларыңыз бен немерелеріңіз болып, олардың жетістіктері сіздерді қуанышқа бөлей берсін. Әрбір жаңа күн сіздерге тыныштық, жақсы кездесулер мен ертеңгі күнге деген сенім сыйласын!Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1302553?lang=ru
Қазақстанның Бас консулы Шанхай қаласының жаңа мэрін сайлануымен құттықтады 02.10.2026
Шанхай, 2026 жылғы 30 қыркүйек 2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Шанхай қаласының Халық үкіметінің шақыруымен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.Іс-шарада Қытай Коммунистік партиясы Шанхай қалалық комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласының мэрі Чжу Чжунмин құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне тоқталып, Шанхайдың халықаралық экономикалық, қаржылық, сауда, көлік және ғылыми-технологиялық орталық ретіндегі позициясын нығайтуды қоса алғанда, қаланы одан әрі дамытудың басым бағыттарын атап өтті.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас консулы Н.Аққошқаров Чжу Чжунминді Шанхай қаласының мэрі болып сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Чжу Чжунмин 2026 жылғы 30 қыркүйекте Шанхай қаласының 16-шақырылымдағы Халық өкілдері жиналысының бесінші сессиясында Шанхай қаласының мэрі болып сайланды.Тараптар сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Шанхай қаласын, сондай-ақ Цзянсу, Чжэцзян және Аньхой провинцияларының бүкіл аумағын қамтитын Янцзы өзені атырауы өңірі арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліктерін растады.Салтанатты қабылдауға Шанхай қаласы басшылығының, дипломатиялық корпустың, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-shanghai/press/news/details/1302515?lang=ru