Enbekshi QazaQ

Әлем

KazAID пен MNU: жоғары білім саласындағы серіктестік 05.02.2026
KazAID пен MNU: жоғары білім саласындағы серіктестік  2026 жылғы 2 ақпанда KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстановтың Maqsut Narikbayev University басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мәселелерін талқылады.Сондай-ақ кездесуде серіктестіктің перспективалы бағыттары қарастырылып, «Құқықтың болашағы» тақырыбында өтетін, 14 елдің студенттерін біріктіретін International Legathon MaxUP 2026 аясындағы өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарына ерекше назар аударылды.Мұндай бастамаларға қатысу халықаралық білім беру және сараптамалық диалогтың дамуына ықпал етіп, жас мамандар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1155563?lang=kk
ASTANABUILD 2026 АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӘСІПҚОЙЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ 05.02.2026
28-сінен 30-сына дейін астанада AstanaBuild халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді — құрылыс секторы, архитектура, дизайн саласындағы кәсіпқойлар үшін негізгі салалық алаңдардың бірі. Іс-шара өндірушілерді, жеткізушілерді, құрылысшыларды, жобалаушыларды, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді.Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан келген компаниялар, оның ішінде Қытай мен Ресейдің ұжымдық экспозициялары қатысады. Қатысушылар арасында ірі халықаралық өндірушілер де, аймақтық компаниялар да бар. Alubest, Alstar, Avcom Kazakhstan, Dalmex, Garant Tranzit Plus, Panelsan, Yasar, Анкор-Астана, Гипсовинил, М-Конструктор, Полимерметалл-Т өз қатысуын растады. Экспозиция өнімдердің кең спектрін қамтиды: қабырға панельдері мен алюминий профильдерінен бастап лифт жабдықтары мен энергия тиімді инженерлік шешімдерге дейін.Көрменің іскерлік бағдарламасы іс-шараның маңызды бөлігі болып табылады және құрылыс дамуының өзекті мәселелеріне, нормативтік реттеу мен саланы цифрландыруға бағытталады. Бағдарлама аясында стратегиялық сессиялар мен семинарлар, кәсіби кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасу жоспарланған.AstanaBuild 2026 бизнес үшін жаңа көкжиектер ашады, қатысушыларға өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасауға және Қазақстанның құрылыс нарығында өздерін танытуға көмектеседі.Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК.Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://astanabuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ASB2026MPSӨтетін орны:Қазақстан Республикасы, Астана қ., «EXPO» ХКОӨтетін күндері: 2026 жылғы 28–30 сәуір Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:Тел.:  +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: Kz.Build@iteca.events Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1155569?lang=kk
"Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жаңа Конституцияның жобасын түсіндіру және талқылау бойынша актив өткізді 05.02.2026
Парыгино ауылдық округінің әкімі Г. А. Төлеков ұжыммен жиналыс өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндірді. Ол өз сөзінде негізгі өзгерістерге және олардың құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңыздылығына тоқталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1155491?lang=kk
2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының жұмыс жоспары аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Сайлау құқығы лабиринттерінде» интеллектуалды квиз өткізді. Ойынға 4 команда қатысты, олардың құрамына «Риддер колледжі» КМҚК студенттері және «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары кірді. Интеллектуалды жарыс динамикалық және достық атмосферада өтті және бірнеше қызықты турларды қамтыды: интеллектуалды жылыту, сұрақ-жауап «Шындық немесе миф», ребус «Жұмбақтар лабиринті», «Афоризмдер» байқауы, «Селективті интеллект» кроссворды. Балалар сайлау құқығы негіздерін, логикалық ойлауды, эрудицияны және командада жұмыс істей білуді жақсы білетіндіктерін көрсетті. Әр тур қызу қызығушылық тудырды, ал пікірталастар мен даулар ойынның қызығын арттырды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық білімін кеңейтіп қана қоймай, болашақ сайлаушылардың азаматтық белсенділігін арттыра отырып, сайлауға қатысуға жауапкершілікті қалыптастырады 05.02.2026
2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының жұмыс жоспары аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Сайлау құқығы лабиринттерінде» интеллектуалды квиз өткізді. Ойынға 4 команда қатысты, олардың құрамына «Риддер колледжі» КМҚК студенттері және «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары кірді.Интеллектуалды жарыс динамикалық және достық атмосферада өтті және бірнеше қызықты турларды қамтыды: интеллектуалды жылыту, сұрақ-жауап «Шындық немесе миф», ребус «Жұмбақтар лабиринті», «Афоризмдер» байқауы, «Селективті интеллект» кроссворды.Балалар сайлау құқығы негіздерін, логикалық ойлауды, эрудицияны және командада жұмыс істей білуді жақсы білетіндіктерін көрсетті. Әр тур қызу қызығушылық тудырды, ал пікірталастар мен даулар ойынның қызығын арттырды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық білімін кеңейтіп қана қоймай, болашақ сайлаушылардың азаматтық белсенділігін арттыра отырып, сайлауға қатысуға жауапкершілікті қалыптастырадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1155497?lang=kk
Әл-Фарабидің рухани мұрасы Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымында ұсынылды 05.02.2026
Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) және Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен ИСЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Көркем академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпірдің «Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі» атты сурет көрмесі өтті.Көрмеге марокколық СІМ, Мәдениет министрлігі, мэрия, зиялы және ғылыми қауым, БАҚ өкілдері, студенттер мен дипломатиялық корпус мүшелері қатысты. Ж. Мүсәпір ісшара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-ші Ұлттық Құрылтайда Әл-Фарабидің рухани және мәдени мұрасын халықаралық аренада таныту және кеңінен насихаттау бастамасы аясында өткізіліп жатқанына назар аударды. «Туындыларым арқылы ұлы ойшылдың шынайы ізгілік идеяларын, оның адамзаттық мәдениеттегі орнын және Қазақстанның ұлттық мәдени кодын көрсетуді мақсат еттім» - деп атап өтті Ж.Мүсәпір.ИСЕСКО Бас директорының орынбасары Абделла Бенарафа «Бұл көрме ИСЕСКО мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа бағытын ұсынады және Ұйымның өзінің даналығымен, кең білімімен және әдебиет пен музыкаға деген шынайы қызығушылығымен танымал тұлға ретінде Әл-Фарабидің адамзат ойының қалыптасуындағы орасан зор рөлін мойындауын көрсетеді» – деді. Ұйым Мәдениет департаментінің директоры, Тунистің экс-Мәдениет министрі Мұхаммед Зинлабидин «Бүгінгі көрмеде ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы, ғылыми жолы және ислам өркениетіне қосқан үлесі көркемдік көзқарас арқылы көрсетілді» - деп атады.Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы. «Әл-Фарабидің мұрасы бүкіл адамзатқа тиесілі және ол тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл ислам әлемінің мақтанышы» – деп атап өтті.Ж. Мүсәпір Әл-Фарабидің өмір жолын бейнелейтін картиналар ислам әлемінің ұлы ойшылына мәңгілік құрмет ретінде ИСЕСКО-ға сыйға тартты және ИСЕСКО басшылығына Қазақстан Көркем академиясының «Ұлы Таранды елі» медалі мен Құрмет грамотасын табыстады.«Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі» атты сурет көрмесі ү.ж. 5-7 ақпан аралығында Марокконың Сале қаласындағы жергілікті сурет галереясында жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1155502?lang=kk
Қазақстан швед зерттеу институтымен ынтымақтастықты нығайтуда 05.02.2026
2026 ж. 4 ақпан, Стокгольм қ. – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) директоры Карим Хаггагпен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі К.Хаггагты Институт директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Қазақстан мен SIPRI арасындағы сындарлы диалогты дамытуға және өзара іс-қимылды нығайтуға деген ортақ мүдделілік расталды. Қазақстанның Институтпен көпжылдық ынтымақтастығының тарихы, сондай-ақ SIPRI-дің халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қақтығыстардың алдын алу салаларындағы жоғары сараптамалық әлеуеті атап өтілді. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты байланыстарды қолдап, пікір алмасуды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1155514?lang=kk
Қазақстан Республикасы Елшілігі Маутхаузен мемориалдық кешеніндегі естелік іс шараларға қатысты 05.02.2026
Вена, 2026 жылғы 1 ақпан - Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі Маутхаузен концлагерінің «өлім блогынан» қашқан тұтқындарына арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Маутхаузен мемориалдық кешенінің аумағында нацистік лагерьлердің құрбаны болған қазақ батырлардың рұхына қойылған мемориалды тақтаға гүл шоқтары қойылды.Олардың батылдығы Қазақстан халқының тарихи жадының ажырамас бөлігі болып табылады, ал мемориалдық тақта Қазақстан халқының бостандық пен бейбітшілік үшін ортақ күреске қосқан үлесін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1155470?lang=kk
Ұлттық құқық қорғау орталығында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. 05.02.2026
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ластаев Артур Орталық пен өңірлік өкілдіктердің қызметкерлері алдында сөйлеген сөзінде атап өткендей, елдің Негізгі заңының жобасын әзірлеу бірнеше ай бойы жүргізілді, оған бейжай қарамайтын қазақстандықтардың пікірлері, жұмыс тобының және Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссияның) мүшелерінің ұсыныстары ескерілді.Ұсынылған жаңа Конституция жобасы кең қоғамдық қолдау тауып, белсенді талқылаудың нысанына айналды.Негізгі заңға енгізілген өзгерістер оның барлық бөлімдерін және 77 бабын қамтып, Конституция мәтінінің 80 % астамын құрады. Жоба терең конституциялық жаңғыртудың негіздерін көрсетіп, мемлекеттің одан әрі дамуының іргелі базисі болып табылады.Өз сөзінде Омбудсмен адам құқықтары мен құқық қорғау тетіктері мәселелеріне жеке тоқталды.Уәкіл Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Конституцияның Кіріспе бөлімінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау жарияланып отырғанын атап өтті. Адам құқықтарына арналған бөлімнің өзі де қайта аталды, бұл олардың басты рөлін тағы бір мәрте айқындайды.Ластаев Артурдың айтуынша, Конституция жобасында өмірге абсолюттік құқықты бекіту маңызды сәт болды: «Бұл барлық құқықтар мен бостандықтардың негізі. Осы құқықсыз басқа бостандықтар жай ғана болмас еді».Омбудсмен жаңа Конституцияда ұсынылған басқа аспектілер туралы да айтты: өзіне және жақындарына қарсы куәлік бермеу және кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті болмау құқығы, мемлекеттің зайырлылығының бекітілуі, кінәсіздік презумпциясы принципі, некенің және отбасының негіздері, өлім жазасын сақтау тыйымы, жеке өмірге қол сұғылмаушылық кепілдіктерін нақтылау, жеке деректерді және басқа құқықтарды қорғау.Елдің Негізгі заңы жобасын талқылау барысында жиналыс қатысушылары азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1155456?lang=kk
Қазақстан Cыртқы істер министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 05.02.2026
Вашингтон, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Вашингтонға сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде саяси және экономикалық өзара іс-қимылды, сауда мен инвестицияларды дамыту, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейілділігін растады. Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі американдық бастамасына және осы форматқа Қазақстанның құрылтайшы ел ретінде қатысуына ерекше назар аударылды. Бұған қоса, 2026 жылғы желтоқсанда Майами қаласында өтетін G20 саммитіне Қазақстанның қатысуына дайындық мәселелері талқыланды.Министр елдің энергия ресурстары мен аса маңызды минералдардың жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтіп, бұл саладағы ынтымақтастықты АҚШ-пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетті.Өз кезегінде, АҚШ дипломаты Қазақстанды Орталық Азиядағы және халықаралық аренадағы сенімді серіктес ретінде атап өтіп, алдағы байланыстар екіжақты қатынастар мен практикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.Келіссөздер барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары мен «С5+1» саммитінің қорытындысы бойынша шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын бұрын қол жеткізілген келісімдер мен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы ынтымақтастық форматтары аясында, сондай-ақ жаңа тетіктер мен бастамаларды іске қосу арқылы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1155969?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында "Халық бухгалтері" акциясы жалғасуда 05.02.2026
2026 жылғы 4 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін Ашық есік күні өтті.Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Учёт.kz» КБҰ кәсіби бухгалтерімен бірлесіп салық төлеушілерге жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану, салық есептілігін ұсыну тәртібі, арнайы салық режимдерінің өтпелі ережелері, қосылған құн салығы бойынша тіркеу және тіркеуден шығару, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетті.«Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда және 2026 жылғы 30 маусымға дейін өтеді. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткізіледі:қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.Консультациялар мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.Облыстың басқа қалалары мен аудандарындағы салық төлеушілер үшін бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі 8 771 123 80 84 телефон нөмірі арқылы қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1155357?lang=kk
Лисаковск қаласында «Қарлы десант» акциясы өтті 05.02.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Лисаковск қаласының Октябрьское кентінде республикалық «Қарлы десант» акциясы өтті.Іс-шараға Лисаковск техникалық колледжінің студенттері, еріктілер, Жастар ресурстық орталығының белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Лисаковск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысып, барлығы 30-ға жуық адам жұмылдырылды.Акция барысында қатысушылар жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетіп, олардың ауласы мен үй маңындағы аумақтарды қардан тазалады. Мұндай бастамалар өңір жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, еріктілер қозғалысын дамытуға және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қар десанты» акциясы қыс мезгілінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Аталған акциялар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1155362?lang=kk
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ 05.02.2026
Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. Жаңа Конституция жобасы елдегі құқықтық жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.ҚР Ата Заңы жобасының негізгі жаңалықтарының бірі – жаңа Кіріспеде адам құқықтары мен бостандықтарының алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде жариялануы. Бұл норма мемлекет қызметінің түпкі мақсаты адам мен оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету екенін айқындайды.Аталған өзгеріс Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі қағидаттарын нығайтып, адам құндылығын мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруға бағытталған. Конституциялық деңгейде адам құқықтарына басымдық берілуі мемлекеттік органдардың қызметіне, заңнамалық және атқарушылық шешімдерге тікелей әсер ететін маңызды негіз болып табылады.2026 жылғы конституциялық реформа қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге және демократиялық құндылықтарды орнықтыруға ықпал етеді. Бұл бастама Қазақстанда әділетті, ашық және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды кезең ретінде бағаланады.Жаңа Конституция жобасы ел дамуының заманауи талаптарына жауап беріп, Қазақстанның тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған.
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛДІ 05.02.2026
Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы әзірленді. Бұл жоба елдің саяси-құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуға, мемлекеттің іргелі қағидаттарын сақтауға және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.Жаңа Конституция жобасының басты жаңалықтарының бірі – Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігі, унитарлық сипаты және аумақтық тұтастығы өзгермейтін, мызғымас құндылықтар санатына енгізілуі. Бұл қағидаттар мемлекет дамуының негізі ретінде заң жүзінде нақты бекітіліп, кез келген конституциялық өзгерістерден тыс қалатын басты ұлттық құндылықтар ретінде айқындалды.Аталған бастама Қазақстанның мемлекеттілігі мен бірлігін нығайтуға, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық қадам болып табылады. Конституциялық реформа ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға және азаматтардың ел болашағына деген сенімін күшейтуге ықпал етеді.Сонымен қатар, жаңа Ата Заң жобасы құқықтық мемлекет қағидаттарын дамытуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдық келісімді сақтауға негіз қалайды. Бұл өзгерістер Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен халықаралық беделін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.2026 жылғы конституциялық реформа – Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін сақтап, болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалыптастыруға арналған тарихи маңызы бар бастама.
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АШЫҚТЫҚ ПЕН АДАМҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДАМУ 05.02.2026
2026 жылғы конституциялық реформа елдің құқықтық және саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады. Реформа аясындағы барлық отырыстардың тікелей эфирде қолжетімді болуы мемлекеттік шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғамның белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Бұл тәсіл билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.Жаңа Конституцияның негізгі өзегі – адамға бағдарлану және елдің орнықты дамуы. Құжатта азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның әлеуетін толық іске асыруға жағдай жасау басты басымдық ретінде айқындалған. Мемлекет қызметінің түпкі мақсаты – адамның әл-ауқатын арттыру және өмір сапасын жақсарту.Сонымен қатар, Жаңа Конституцияда халықтың тарихи және мәдени құндылықтары көрініс табады. Бұл ұлттық болмысты сақтауға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған. Халықтың сұранысы мен көзқарасы ескеріліп, қоғамның ортақ құндылықтары құқықтық деңгейде бекітіледі.Реформа билік жүйесінің тиімділігін күшейтуге де ерекше мән береді. Мемлекеттік басқару сапасын арттыру, шешім қабылдау тетіктерін жетілдіру және жауапкершілікті күшейту – жаңа конституциялық өзгерістердің маңызды нәтижесі болмақ.2026 жылғы конституциялық реформа – бұл ашықтыққа негізделген, адам мүддесін алдыңғы орынға қоятын және елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған жаңғыру үдерісі.
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢІСТІК 05.02.2026
2026 жылы жүзеге асырылатын конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – мемлекеттің емес, адамның мүддесін алдыңғы орынға қою. Бұл қағида «мемлекет адам үшін» деген түбегейлі философиялық ұстанымға негізделеді.Жаңа нұсқада адам құқықтары кеңейтіліп, олардың нақты өмірде іске асуына басымдық беріледі. Атап айтқанда, абсолютті өмір сүру құқығы, «Миранда ережесі», цифрлық жеке өмірге қол сұқпаушылық секілді заманауи құқықтық кепілдіктер енгізіледі. Бұл өзгерістер азаматтардың еркіндігі мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.Реформа азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын жаңа деңгейге көтереді. Тек сайлау арқылы ғана емес, тұрақты диалог, халық кеңестері және кері байланыс тетіктері арқылы халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуы қамтамасыз етіледі. Бұл билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады.Әлеуметтік салада адам капиталына, экологияға және әлеуметтік көмекке ерекше мән беріледі. Экономикалық саясатта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі күшейіп, игіліктерді әділ бөлу қағидаты бекітіледі. Меншік құқығын қорғау тепе-теңдік пен қоғамдық мүдде негізінде қайта қаралады.Сонымен қатар, жаңа Конституция ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған. Ұлы даланың тарихи мұрасына сүйену, жауапкершілікке негізделген патриотизмді қалыптастыру – елдің ұзақ мерзімді дамуының маңызды тірегі ретінде айқындалады.2026 жылғы конституциялық реформа – бұл құқықтық жаңарту ғана емес, әділетті, ашық және адамға жақын мемлекет құруға бағытталған стратегиялық қадам.
Қазақстан СІМ басшысы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты 05.02.2026
Вашингтон, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен алғашқы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты.50-ден астам елдің өкілдері мен қазақстандық тау-кен компанияларының басшылары қатысқан іс-шарада АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс сөз сөйледі.Іс-шара барысында маңызды пайдалы қазбалардың жаһандық жеткізу тізбектерін әртараптандыру және нығайту, сондай-ақ оларды өндіру, өңдеу және логистика салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Отырыстың шеңберінде Е.Көшербаев қатысушыларды маңызды минералдар саласындағы Қазақстанның әлеуеті және елдің сенімді әрі тұрақты жаһандық жеткізу тізбектерін қалыптастыруға практикалық үлес қосуға дайындығы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанның минералдық-шикізаттық ресурстарының ауқымды қорына, оларды өңдеу бойынша дамыған өнеркәсіптік базасына, заманауи инфрақұрылымына, тұрақты саяси жүйесіне және болжамды реттеуші ортаға ие екенін атап өтті.Қазақстан Геологиялық қызметінің (USGS) тізбесіне енгізілген 60 маңызды минералдың 20-сы бойынша дайын өнім түрінде жеткізілімдерді қамтамасыз етуге қабілетті екені аталып өтті, бұл өнімдер әлемдік экономиканың стратегиялық салаларында жоғары сұранысқа ие.Қазақстан мен АҚШ арасында маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды. Аталған құжат Мемлекет басшысының 2025 жылғы қарашада Вашингтонға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған және Орталық Азиядағы осындай форматтағы алғашқы келісім болып табылады. Меморандум Қазақстан аумағында өңдеу қуаттарын дамыту, технологиялар трансферті және қазақстандық өнімнің АҚШ нарығына қолжетімділігін кеңейтуді көздейді.Конференцияға G7 елдері мен Pax Silica бастамасына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары мен салалық құрылымдарының 30-дан астам басшылары, сондай-ақ жетекші халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1160271?lang=kk
Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді 05.02.2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды. Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.«Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алатау қаласын дамыту – бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағытталған инновациялық шешім», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Бұл ретте елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына әсер етпейтіні баса айтылды. Аумақтың тұрақтылық принципі сақталады әрі маңызды болып қала береді, бұл оның жаңа Конституция жобасының бірінші бөлімінде – «Конституциялық құрылым негіздерінде» бекітілуімен дәлелденеді.Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта Парламентте «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралуда.Институционалдық база құрумен қатар инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыратын және қала экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін жүйе құраушы жобаларды іске қосу бойынша практикалық жұмыс жүргізілуде. Басым бағыттар қатарында қаланың сәулеттік-іскерлік өзегі ретінде Iconic Complex көпфункционалды кешенін және жоғары білікті мамандар даярлайтын әрі озық технологияларды дамыту орталығы ретінде KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар.Жалпы инвестициялық портфель өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларындағы жалпы көлемі шамамен 1,8 трлн теңге болатын 44 жобадан тұрады. Оларды жүзеге асыру 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және Alatau City тұрақты экономикалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды. Бірқатар бағыт бойынша жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда:энергиямен қамтамасыз ету — «Арна» қосалқы стансасының құрылысы 220/110 кВ, 6 қосалқы стансаны жобалау;сумен жабдықтау және су бұру – «Ынтымақ» су тоғанының қуатын кеңейту, үш су тоғанының құрылысы, ағын суды тазарту стансасы және су таратушы коллекторлар салу;газбен қамту – «Gate City-1» жаңа автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын жобалау, Жетіген АГТС құрылысын аяқтау;жол инфрақұрылымы – Growing және Gate District-ке жол өтпесін салу бойынша құжаттама әзірленуде және EPC-F келісімшарттары шеңберінде Golden District-те жол өтпесін және инженерлік желілері бар жол салу көзделген.Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров Алатау қаласын дамыту бойынша тұжырымдамалық және қала құрылысы жоспарлары, даму стратегиясы сияқты іргелі құжаттардың әзірленгені туралы баяндады.Тұжырымдамалық жоспарды енгізу қаланың стратегиялық және кеңістіктік дамуын айқындайды. Қала құрылысы жоспары мен даму стратегиясы аймақтарға бөлуді және құрылыс параметрлерін, сондай-ақ тұрғын үйдің өмір сүру ортасының сапасына қойылатын талаптарды, оның ішінде ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулерді, көгалдандыру және абаттандыру нормаларын, аумақтың желдетілуін және жеке көліктер мен автотұрақтардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы салалық актілер мен инвестициялық жоспарды бекітуге, сондай-ақ Алатау қаласының жедел дамуын қамтамасыз ету үшін преференциялар беруге негіз болады.Сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері жеке қарастырылды. Шэньчжэнь, Дубай және Сингапурдың табысты тәжірибесін ескере отырып, Алатауда адами капиталды қалыптастырудың кезеңдік моделі ұсынылады. Бұл модель сапа басымдығы бар еңбек ресурстарының басқарылатын және селективті ағыны принциптеріне негізделген. Негізгі бағдарлардың қатарында көші-қон саясатын экономиканың қажеттіліктерімен байланыстыру, жұмыспен қамтуды институционалдық реттеу және ел ішінде дағдылар мен құзыреттерді жүйелі жаңғырту есебінен еңбек нарығының жоғары білікті және басқарушылық сегменттеріндегі қазақстандық мамандардың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау көрсетілген.Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Алатау қаласын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер мен жұмыс бағыттарын қолдады. Қаланың экожүйесін толыққанды қалыптастыру үшін дербес актілерді әзірлеу басым міндет болып саналатыны атап өтілді. Осы жұмысты үйлестіру және сүйемелдеу мақсатында қажетті мәселелерді уақтылы қарап әрі жедел шешімдер қабылдау үшін Жедел комитет құрылды.Барлық нормативтік актілерді әзірлеу олардың инвесторлар үшін айқындылығы мен ашықтығына бағдарлануы тиіс екендігі атап өтілді. Осыған байланысты Алатау актілерін әзірлеуге және сараптауға отандық сарапшылармен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін тарту тапсырылды.Премьер-министр табысты проактивті инвестициялық саясатты жүргізу үшін инженерлік инфрақұрылымды, әсіресе ірі зәкірлік жобаларды қарқынды дамыту талап етілетінін атап өтті. Алатау қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша министрліктерге Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп бірқатар тапсырма берілді.Сондай-ақ ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы бірқатар шешім қабылданды. primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1155264?lang=kk
Қызметкерлердің жеке автокөліктерін тексеру жұмыстары 05.02.2026
Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қызметкерлердің жеке автокөліктерін тексеру жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қызметкерлердің жеке автокөліктерінің жағдайын бақылау, қауіпсіз жүргізу ережелерін түсіндіру және әр жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтау жауапкершілігіне назар аудару.Тексеру барысында келесі аспектілерге ерекше мән берілді:автокөліктің техникалық жағдайы, оның ішінде тежегіш жүйесі, жарық құралдары, сигнализация және шиналардың жарамдылығы;жүргізушілердің қажетті құжаттарының болуы (жүргізуші куәлігі, сақтандыру полисі, тіркеу құжаттары);жеке автокөлікті мекеме аумағында және жалпыға ортақ жолдарда пайдалану ережелерін сақтау;жол қозғалысы ережелерін бұзудың ықтималдығын анықтау және қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер өткізу.Әрбір жүргізушіге жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заң талаптары түсіндіріліп, автокөліктің уақытылы техникалық қызмет көрсетілуі, жылдамдық режимін сақтау, жолда абай болу және жолаушыларды тасымалдаудағы жауапкершілік туралы айтылды.Нәтижесінде кейбір техникалық кемшіліктер анықталып, оларды жою қызметкерлердің бақылауына берілді, сондай-ақ жүргізушілердің тәртібі мен жауапкершілігі артты.Осылайша, қызметкерлердің жеке автокөліктерін тексеру жол-көлік оқиғаларының тәуекелін азайтуға, қызметкерлер арасында тәртіпті күшейтуге және мекеме аумағы мен Астана қаласындағы жолдардағы жалпы қауіпсіздікті арттыруға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1155198?lang=kk
Өрт қауіпсіздігі дәрісі 05.02.2026
Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері №64 мекемеде өрт қауіпсіздігі талаптары мен нұсқауларын сақтау мәселелері бойынша алдын алушылық лекция өткізді. Іс-шараға Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.Лекция барысында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналдың әрекеттер тәртібі, сондай-ақ өрттің алдын алу шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Әсіресе өрт сөндіру құралдарын, оның ішінде өрт сөндіргіштерді пайдаланудың практикалық дағдыларына ерекше назар аударылды.Сабаққа мекеме қызметкерлері және шаруашылық құрамында жұмыс істейтін сотталғандар қатысты. Мұндай алдын алушылық іс-шаралар өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, белгіленген нормаларды сақтауға жауапкершілікті қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың туу қаупін азайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1155208?lang=kk
Пробация қызметінің «Қауіпсіз аула» атты жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы 05.02.2026
2026 жылдың 28 қаңтарынан 3 ақпанға дейін Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз аула» атты бірлескен жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.Аталған іс-шара аясында Алматин аудандық пробация қызметі Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторларының қатысуымен пробациялық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты жерінде кешенді тексерулер жүргізді. Қылмыскерлермен құқық бұзушылықтардың қайталанбауы, пробациялық бақылау талаптары мен міндеттері туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді.Пробация қызметі өткізетін кешенді шаралар пробациялық есепте тұрған тұлғалардың құқық бұзушылықтарын уақытында анықтауға және алдын алуға ықпал етеді. «Қауіпсіз аула» іс-шарасы барысында Нұра аудандық пробация қызметі мен учаскелік полиция инспекторлары заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бірқатар профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды.Аталған жұмыстар аясында қылмыскерлердің мінез-құлқы, заң талаптарын орындауы, қоғамдық тәртіп нормалары мен этикалық қағидаларға, еңбекке және қоғамға қатынасы бақылауға алынды. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу пробациялық бақылау талаптарының одан әрі сақталуына оң әсер етті. Қоғамнан оқшауланбаған қылмыскерлер тұрғылықты жерінде тексеріліп, профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, 2026 жылдың 28 қаңтарында Байқоңыр аудандық пробация қызметі мен аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бірлесіп, есепте тұрған қылмыскерлердің тұрғылықты жерінде профилактикалық рейд өткізді.Рейдтің негізгі мақсаты — жазаның орындалу тәртібін бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізу болды. Рейд барысында қылмыскерлерге қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударылды.Осылайша, өткізілген «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы пробациялық бақылаудың тиімділігін арттыруға, есепте тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1155189?lang=kk