Enbekshi QazaQ

Әлем

Еңбек күні қарсаңында «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 коммуналдық техника табысталды 14.10.2025
Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы Өнер орталығында «Адал еңбек – адал азамат» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Байқадамов, Мәжіліс депутаты М.Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты.Салтанатты жиында аймақ басшысы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника және қаржылай сыйақы табыстады.«Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы өңірімізде қарқынды жүзеге асуда. Қаламыздағы, аудан орталықтарындағы, ауылдардағы парктер, скверлер мен аллеяларды, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандырудамыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тынымсыз еңбек еткен жерлестеріміздің арқасында облысымыз таза әрі көркем аймаққа айналып келеді.«Ауыл – ел бесігі», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ауылды дамыту – мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі.Елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауылдағы ағайынның өмір сапасын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру, ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде.Биыл 564 млн. теңгеге 19 техника сатып алынды.Әр аудандағы бір ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстарына 100 млн. теңгеден астам қаржы беріледі.Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады.Келер жылы конкурсты өткізуге облыстық бюджеттен 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді.Бірліктің туын биік ұстап, туған жеріміздің келбетін көркейту жолында аянбай қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын әрдайым құрметтейміз!», - деді Н.Нәлібаев.Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша 1-орынды Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы, 2-орынды Арал ауданының Қызылжар ауылы, 3-орынды Қармақшы ауданының Ақжар ауылы жеңіп алды.«Үлгілі аудан» номинациясы бойынша 1-орынды Шиелі кенті, 2-орынды Әйтеке би кенті, 3-орынды Жаңақорған кенті иеленді.Тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттары табысталды. Атап айтсақ, Арал ауданының Ақбай, Қазалы ауданының Бөзкөл, Қармақшы ауданының Қуандария, Жалағаш ауданының Жаңадария, Сырдария ауданының Іңкәрдария, Шиелі ауданының Майлытоғай және Жаңақорған ауданының Қыраш ауылдарына берілді.Еске салайық, соңғы екі жылда конкурс жеңімпаздарына 1 млрд. 500 млн. теңгенің күнделікті ел тұрмысына қажетті заманауи үлгідегі 48 арнайы техникасы табысталған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1076763?lang=kk
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машина модельдерін ақшалай деректерді фискалдық деректер операторларының серверіне беру жөніндегі Протокол 2.0.3 нұсқасына көшуге қатысты 14.10.2025
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті БКМ қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы министрігі Мемлекеттік кірістер Комитетімен (бұдан әрі – Комитет) деректерді тіркеу және (немесе) ФДО серверіне беру функциясы бар БКМ деректерді берудің жаңа хаттамасын, 2.0.3 нұсқасын (бұдан әрі-2.0.3 нұсқасының ХАТТАМАСЫ) әзірленгенін хабарлайды.Протокол Комитеттің ресми интернет-ресурсында 2025 жылғы 20 маусымда жарияланғанын хабарлайды.2.0.3 нұсқасының хаттамасында БКМ-ді тауарлардың Ұлттық каталогына автоматты түрде қосуға және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО жағында геолокацияны анықтауға арналған сервис көзделген.Осыған байланысты, 2025 жылғы 15 қазанға дейін аппараттық-бағдарламалық кешендер болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер 2.0.3 нұсқасының хаттамасына сәйкес БКМ функцияларын қайта бағдарламалауы қажет.Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір кассалар) болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау жүргізу қажет.БКМ қайта бағдарламалау үшін БКМ әзірлеушілеріне және БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.Сонымен қатар, 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап ФДО 2.0.2 нұсқасының хаттамасын өшіру жоспарланғанын хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1076612?lang=kk
Жетісу өнері – елорда төрінде! 14.10.2025
27-28 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аясында Жетісу облысы өзін жоғары деңгейде таныта білді. Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – мәдени бағдарламалар кешені болды.Осы орайда, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының өнер ұжымы елордалық көрерменге ерекше әсер сыйлады. Талантты әншілер мен күйші, бишілердің кәсіби шеберлігі мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі жиналған жұртты тәнті етті.Жетісу филармониясы – тек өнердің емес, руханият пен дәстүрдің жаршысы. Осындай ауқымды алаңда өнер көрсету – үлкен мәртебе, зор жауапкершілік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1076614?lang=kk
Жамбыл облысы,Байзақ ауданынан келген делегация Сырдария ауданында 14.10.2025
Жамбылдық қонақтар 95 жылдан астам тарихы бар туған жер шежіресімен танысып, жаңа ғимараттың бүгінгі тынысының куәсі болды. Қонақтар ең алдымен аудандық музей экспозициясын тамашалап, Сыр өңірінің тарихы, мәдениеті мен тұлғалары туралы құнды мағлұматтар алды. Экскурсия барысында делегация мүшелеріне археологиялық жәдігерлер, этнографиялық экспонаттар, тарихи құжаттар мен фотоматериалдар көрсетілді, өңірдің бай мәдени мұрасы жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Бұдан соң, делегация мүшелері аудандық кітапхана жұмысымен танысты. Қонақтарға кітапхана қоры, кітап көрмелері, заманауи қызмет көрсету бағыттары мен түрлі жобалар таныстырылып, рухани ордаға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Руханият» орталығының ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс жасауда.Сыр өңіріне жасаған сапарлары тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жаңа полигонда жалғасты. «Қызылорда-Жалағаш» автожолының бойында 4 гектар жерге салынған полигонның құрылысымен танысып, аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов жобаның негізгі ерекшеліктерін таныстырып өтті. Полигон құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Мұнда тұрмыстық қалдықтар арнайы сұрыпталады. Құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі жүргізген.Полигон екі негізгі бөліктен тұрады: шаруашылық аймақ және өндірістік аймақ. Өндірістік аймақта қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы алаң мен сүзгіш құдық орналасқан. Жылына 3500 тоннаға дейін тұрмыстық қатты қалдық сұрыптау жоспарланып отыр.Кездесудің және полигон жұмысымен танысудың маңызы ерекше. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау - барлық тұрғындардың ортақ міндеті. Қалдықтарды реттеп жинау мен сұрыптау жүйесінің дұрыс жолға қойылуы жердің, судың ластануын азайтады. Адамдардың денсаулығын қорғап, тұрмыстық жағдайын жақсартады. Полигонның жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылғанда, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1076615?lang=kk
«Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты шарада үздіктер марапатталды 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Еңбек күніне арналған «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов пен М.Әбенов, жауапты сала басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты.Аймақ басшысы қажыр-қайратын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсаған нағыз еңбек адамдары барлық құрметке лайық екенін атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбеккеш және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деді.Бұл - экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.Ұлтымыздың ұлы мұраты жолында, еңбек майданында ата-бабаларымыз тер төкті. Олардың арасынан 1792 Социалистік Еңбек Ері шықса, 102-сі - Сыр өңірінің еңбеккерлері. Өз мектебін құрып, шәкірт тәрбиелеген, Сыр күрішінің даңқын асқақтатқан дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ыбырай Жақаевтың, Сәлима Жұмабекованың орны ерекше. Осындай ұлы ұстаздың тәлімін алған, бала тәрбиелеп, ұлтжандылықпен қызмет атқарған Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева бастаған Сырдың батыр аналарының қажырлы еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.Алдыңғы буынның өнегелі ізін жалғап, Тәуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстанның Еңбек Ері» атанған Роза Бағланова, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асқар Жұмаділдаев, Юрий Пя, Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев сынды жерлестерімізді әрдайым мақтан етеміз. Егемен еліміздің жарқын болашағы жолында Отанымызға адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу – біздің қастерлі міндетіміз!Баршаңызды мерекемен тағы да құттықтап, облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін», - деді Н.Нәлібаев.Еңбек адамдарын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада әр номинация бойынша қаржылай сыйақы табысталды. Атап айтсақ, «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары жеңімпаздарына 1-орынға 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңгеден берілді. Сала үздіктеріне, яғни коммуналдық және басқа да салаларда қызмет ететін 15 маманға облыс әкімінің Алғыс хаты және 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.Сонымен қатар, өз саласының үздігі деп танылған 15 еңбек майталманына облыс әкімінің Алғыс хаты, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының шипажайға жолдамасы ұсынылды.Айта кетейік, шарада «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника, тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттары берілді.Өнер орталығының фойесінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алушылардың өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076647?lang=kk
Мемлекет және қоғам қайраткері Е.Көшербаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир басталды 14.10.2025
Мемлекет жəне Қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан 2012-2013 жылғы туылған жасөспірімдер арасында ХXVI Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.Облыс әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы салтанатты түрде шараны ашып, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаторы қызметін атқарған, қазіргі таңда техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының инженерлік академиясының академигі, Оңтүстік аймақ бойынша вице Президенті Куртаев Әлімжан Сейтжанұлы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің орталық кеңесінің мүшесі, “Қызыл жұдыз” орденінің иегері, ‘Қарулы күштеріне” еңбегі сіңген үшін III дәрежелі орденінің иегері генерал майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сырдария ауданының құрметті азаматы Келдібаев Мұса Алпысбайұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сəттілік тіледі.Жиырма алтыншы мəрте ұйымдастырылған турнирге Өзбекстан мемлекеттінен жəне еліміздің əр өңірінен 20 команда, 400-ге жуық спортшы қатысуда.Айта кету керек, халықаралық жарыстың жеңімпаздары мен үздік ойыншылары 26 қыркүйек күні белгілі болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1076650?lang=kk
«Еңбекпен адам шындалады!» Еңбек күніне арналған шара. 14.10.2025
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударып, жұмыс берушілерді мамандардың қоғамда мәртбесін көтеруге шақырды. Президенттің айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал етеді. «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді», деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 19қыркүйек күні Бастаушы ауылдық кітапханасында «Адам еңбекпен шынданады» атты іс-шара өтті.Бұл іс-шара Бастаушы ауылының тумасы және шаруа қожалығының басшысы Құдайбергенов Ришат Картайұлы 2004 жылы осы шаруа қожалығын ашқан және осы уақытқа дейін өз ісінің дөңгелетіп отыр,еңбекқор,білімді, қоғамдық жұмыстарға ат салысады және қазіргі уақытта он жұмыссыз азамттарды жұмыспен қамтып отыр. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу осы өскелен ұрпаққа тәрбиелеу болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1076674?lang=kk
Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс прокуроры Р. Ожаровпен бірге қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты.Бұл жердегі 901 сотталушының 821-і жұмысқа жарамды.Мекеменің өндірістік аймағында 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 300-ге жуық сотталушы еңбекпен қамтылған. Негізгі жұмыс бағыттары - темір бұйымдарын өндіру, ағаш өнімдерін (астау, табақ, домбыра, сандық, есік) дайындау, газоблок, пескоблок, брусчатка, күйдірілген кірпіш шығару.«Еңбек» РМК қаржысына «Конструктив ЛТД» ЖШС ғимарат құрылысын бастады.Арнайы контингентті еңбекпен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында №60 мекеме аумағындағы бос жер учаскесіне тез тұрғызылатын модульдік өнеркәсіптік ангар салу мәселесі көтерілді.«Ален» ЖК-не Қызылорда облысы прокуратурасы, ҚАЖ департаментінің қолдауымен, «Байқоңыр» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы және республикалық инновациялық орталықтың бағдарламасы аясында қайтарымды несие рәсімделді. Бұл қаражатқа брусчатка өндіретін қондырғы орнатылып, 15 сотталушы жұмыспен қамтылды.«Dalatex» ЖШС-не мекеменің өндірістік аймағынан үй-жай беріліп, 20 тігін машинасы орнатылды. Онда 20 сотталушы тұрақты жұмысқа тартылды.Сонымен қатар, облыс әкімі сотталушы азаматтардың қолдан жасаған ағаш өнімдерінің көрмесімен танысты. Бұл жерде түйеқұс, күркетауық және басқа да құстарды өсіріп,баптау қолға алынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076684?lang=kk
Курчатовта атом саласы қызметкерлерінің күні атап өтілді 14.10.2025
26 қыркүйек күні Қалалық мәдениет үйінде Атом саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара мен мерекелік концерт өтті.Бұл кәсіби мерекенің Курчатов қаласы үшін маңызы ерекше, себебі дәл осы қалада Қазақстан атом ғылымының қуатты ғылыми және өндірістік әлеуеті шоғырланған.Салтанатты жиында атом саласының қызметкерлері мен ардагерлерін Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев құттықтап, оларға кәсіби біліктілігі мен өз ісіне адалдығы үшін алғысын білдірді. Қала әкімі өз сөзінде мамандардың қала дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, бірқатар қызметкерлерге грамоталар мен Алғыс хаттар табыстады. Әріптестеріне бейнеқұттықтау жолдаған Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Э.Г. Батырбеков жылы лебізін білдірді.Атом саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттарды С.С. Локштанов та табыстады. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты. Шара соңында өнер көрсеткен артистерге алғыс ретінде Ұлттық ядролық орталық атынан гүл себеті табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1076696?lang=kk
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру 14.10.2025
Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар!             «Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі 2025 жылғы 14 қазан сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің https://e-qazyna.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы  №297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес қабылданады.Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.Аукционға қатысу үшін мыналарды:1) жеке тұлғалар үшін:- жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);2) заңды тұлғалар үшін:- бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!1) Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың (аукционның) басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықтың (аукционның) өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеу;2) қатысушының Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмеуі;3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуытізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыты бойынша басталады.Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған қол қояды.НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сатып алушы осы баптың 9-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепiлдiк жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкiн. Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады: Өтетін уақыты: 14.10.2025 жылы сағат 10:00 де.Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – Тиеу-түсіру алаңын орналастыру үшін.Жер учаскесінің мекен-жайы – Абай облысы, Курчатов қаласы,  Железнодорожнаякөшесі  № 57 жер учаскесі;Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,9199 га;Сату объектісі (құқық түрі) - 5 жыл мерзімге жалдау құқығы;Жер учаскесіне ауыртпалық - кепілмен қамтамасыз етуді қоспағанда, мәмілелерді жүзеге асыру құқығынсызБастапқы баға (теңге) – 1 190 350,6;Кепілдік жарна мөлшері (теңге) – 196 600.  Ұйымдастырушы: «Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кісіпкерлік бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72251) 2-77-26.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1076702?lang=kk
«Айбалта-2025» оқу-жаттығуында барлау бөлімшелері тактикалық атыс нормативтерін орындады 14.10.2025
«Айбалта» оперативтік-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері тактикалық атыс бойынша кешенді нормативтерді орындады.Ұрыс қимылдарына жақындатылған жағдайда әскери қызметшілер қозғалмалы нысаналарға, әртүрлі қашықтықтардан және түрлі позициялардан, сондай-ақ бөлімшелер құрамында позицияларды және бастапқы шекараларды ауыстыра отырып атыс жүргізуді пысықтады. Тактикалық жаттығулар шектеулі көріну жағдайында да орындалды.Тактикалық атыс стандарттары барлаушыларды кешенді даярлаудың маңызды элементі болып табылады. Барлау тапсырмаларын орындау барысында жасырын орын ауыстыру, торуылдар мен бөлімшелерді бүркемелеу шаралары қолданылды.– Нысаналарды кез келген жағдайда дәл әрі тез жоя білу – қойылған міндеттерді сәтті орындаудың кепілі. Мұндай жаттығулар жеке құрамда атыс әрекеттеріндегі сенімді дағдылар мен өз күшіне деген сенімділікті қалыптастырады, – деді атыс нұсқаушысы запастағы полковник Серік Омаров.Барлық сабақтар қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, штаттық қару-жарақ пен жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы өткізілді. Жаттығулар атыс жүргізу және жауынгерлік даярлық бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076706?lang=kk
Мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады? 14.10.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамаға сәйкес қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен бірыңғай өзара іс-қимыл тетігінің белгіленгенін еске салады.Қарыз талаптарын қалай өзгертуге болады?Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда қарыз алушының міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен өз кредиторына (банк, МҚҰ немесе коллекторлық агенттік) жүгінуге құқығы бар. Қаржылық жағдайдың нашарлағанын немесе мерзімді кешіктірудің себептерін растайтын құжаттарды өтінішке қоса беру қажет. Бұл жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе жақын туыстарының, қарыз алушының жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама, қарыз алушыға жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде материалдық залал келтірілгенін растайтын құжаттар, мүгедектік туралы анықтама, сот актілері және қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын құжаттар болуы мүмкін. Қажетті құжаттардың толық тізбесі Агенттіктің сайтында қолжетімді.Өтініш кредитордың мекенжайы бойынша жеке, сондай-ақ егер бұл шартта көзделген болса, мобильді қосымша немесе электрондық пошта арқылы берілуі мүмкін. Кредитор күнтізбелік 15 күн ішінде жолданымды қарайды және шешім қабылдайды.    Кредитордың шешімі ойыңыздан шықпаса, қайда жүгіну керек? Егер кредитор қабылдаған шешім қарыз алушының ойынан шықпаса, онда банк не микроқаржы омбудсманына жүгінуге болады.Банктердегі қарыздар бойынша –  bank-ombudsman.kz сайты арқылы.Жолданымға:• шарт пен төлемдер кестесін;• банкке немесе коллекторлық агенттікке жүгінудің дәлелі мен олардың жауабын;• қаржылық қиындықтарды растайтын құжаттарды қоса беру қажет.МҚҰ қарыздары бойынша – mfombudsman.kz сайты арқылы.  Жолданымға: • өтінішті және сауалнаманы;• микроқарыз шартын және өтеу кестесін;• МҚҰ-ға жүгіну дәлелін және олардың жауабын;• қаржылық жағдайының нашарлағанын растау құжаттарын қоса беру қажет.Омбудсмандардың қызметі тегін. Олардың шешімдері орындалуға міндетті. Омбудсмандар қарыз алушы мен кредитор үшін өзара қолайлы шешімді табуға көмектеседі. Бұл ретте: омбудсманға өтінішті тек кредиторға ресми жүгінуден кейін және жауапты алғаннан кейін беруге болатынын есте ұстаған маңызды.Жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімі қалай жүргізіледі?Егер қарыз алушының борышты өтеуге мүмкіндігі болмаса, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заңда жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімі көзделген, ол мынадай шарттар кезінде берешекті есептен шығаруға мүмкіндік береді:борыш сомасы 1600 АЕК-тан аспаса;сатуға болатын мүлік жоқ (бірлескен меншіктегі үлесті қоса алғанда);12 ай қатарынан қарыз бойынша төлемдер жоқ;соңғы 7 жылда банкроттық рәсімінен өтпеген;қарызды қайта құрылымдау жүргізілген болса.Мүлкі, сондай-ақ АЕК мөлшерінің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелері болған жағдайда, азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қолдану жөніндегі сотқа өтініш беруге құқылы.Рәсім тегін және eGov.kz порталы немесе ХҚКО арқылы беріледі. Банкроттықтың салдары бар екенін есте ұстаған жөн:процедура аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде қарыз алушы жаңа кредиттер мен микрокредиттер ала алмайды;рәсім аяқталғаннан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады;қайта банкроттық тек 7 жылдан кейін мүмкін болады.Банкроттық рәсімі қарыз алушыларға заң тәртібімен берешекпен туындаған мәселелерді шешуге және өз борыш міндеттемелерін толығымен тоқтатуға мүмкіндік береді, алайда ол басталмас бұрын мынадай барлық салдарды бағалау керек:  Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1076741?lang=kk
Еңбек күні 14.10.2025
22-26 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық мектептерінде Еңбек күніне арналған іс-шаралар кешені өтті.Негізгі мақсаты: оқушылар арасында еңбек мәдениетін арттыру және жұмысшы мамандықтарын насихаттау, адал еңбек идеясын дәріптеу.Шара аясында  «Еңбек түбі-сары алтын» тақырыптық сынып сағаттары, сурет, шығарма байқаулары, «Еңбек адамы – жас ұрпаққа өнеге» атты жұмысшы маман өкілдермен кездесулер өткізілді.Еңбекке деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу үшін еңбегі сіңген жұмысшы мамандық иелеріне көмек көрсету үшін және оларды құттықтау үшін ерікті топтар ұйымдастырылды.Апталық барысында оқушылар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар туралы да ақпарат алды.Бұл іс-шаралар оқушылардың еңбекке деген құрметіне және кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1076472?lang=kk
AI-sulu Telegram-боты: әскери психологтар армияға арналған цифрлық кеңесшіні таныстырды 14.10.2025
Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды. Бұл жаңа қызмет әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған.– Психология – әскердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды элементі. Әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен тиімді жұмыс істеу армияның моральдық күшінің негізі болып табылады, – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев жиынды ашу кезінде.Оның айтуынша, қазіргі заманның талаптары инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қажет етеді. Солардың бірі – AI-sulu боты. Ботты Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақпараттық бөлімінің бастығы майор Қасымхан Туитин таныстырды.– AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады, – деп атап өтті Туитин.Цифрлық кеңесші қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оның басты артықшылығы – анонимділік пен тәулік бойы қолжетімділік.Жаңа қызметті таныстыру барысында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, күйзеліс тұрақтылығын дамыту, психологиялық жұмыстарда IT-құралдарды қолдану және жастармен жұмыс істеудің ерекшеліктері талқыланды. Психотерапия, суицидология және әскери психология саласындағы сарапшылар сөз сөйледі.Қатысушылар бұл тәжірибе әскери құраммен жұмыс істеуде өте пайдалы болатынын және әскери психология қызметі үшін жаңа әдістемелік материалдардың негізіне айналатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076479?lang=kk
Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды 14.10.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы "Morgan Stanley" Инвестициялық Банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастады.Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық Банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.2022 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін Binance Kazakhstan компаниясының Бас менеджері қызметін атқарды.2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.2025 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметін атқарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1076519?lang=kk
**«Әлем таныған Әуезов» шығармашылық байқауы** 14.10.2025
Аудандық деңгейде 5-11 сынып оқушылары арасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби мұрасын насихаттау мақсатында шығармашылық байқау өткізілді.📌 Байқау нәтижесі:🎭 *«М.Әуезовтің шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты*1 орын — Глуховка орта мектебі2 орын — Өндіріс орта мектебі3 орын — Беген орта мектебі🖋 *«Заңғар жазушы ізімен...» эссе байқауы*10 сынып, 2 орын — Зарлық Ақжан (Н. Баймұратов атындағы ОМ)11 сынып, 3 орын — Рухият Жольмырз (Қоянбай ОМ)📝 *«Мұхтарға жыр арнау – бір бақыт...» номинациясы*1 орын — Амина Бакенова (Башкөл негізгі мектебі)🎉 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Дарынды оқушыларға шығармашылық табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1076532?lang=kk
Мемлекет басшысы Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды 14.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан:«Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс»«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды.Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады.Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс.Арнайы құқықтық мәртебе – қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал екенін айта кеткен жөн.Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек.Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет».Сілтеме: Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1076535?lang=kk
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 14.10.2025
Абай облысы білім басқармасыОблыстық инновациялық әдістемелік орталық ұйымдастыруымен өткен«Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық байқауының облыстық кезеңіндеЖАС ПЕДАГОГТЕР секциясы бойыншаағылшын тілі пәнінің мұғаліміАманкельдиева Балым ҚанатқызыІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды! Бұл – жас маманның кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, білім мен біліктілігінің айқын көрінісі.Әріптесімізге республикалық кезеңде сәттілік пен жеңіс тілейміз!Биік белестерді бағындыра беріңіз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183336?lang=kk
«Мектеппен байланыс»: сарбаздар ұстаздары және оқушылармен тілдесті 14.10.2025
Құрлық әскерлерінің елордалық 68665 әскери бөлімінде Қызылорда, Қарағанды, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларының мектептерімен телекөпір ұйымдастырылды. Бұл білім ордаларында бір кездері қазіргі сарбаздар оқыған болатын.Онлайн-кездесуге ұстаздар, сарбаздардың туыстары және оқушылар қосылды. Әскери қызметшілер әскердегі күнделікті өмірі, жауынгерлік даярлығы және Отан алдындағы борышын өтеген жастар үшін берілетін мүмкіндіктер жайлы айтты. Кейбір сарбаздар әскери қызметті өз өмірлік жолы ретінде таңдап, неге осындай шешім қабылдағандарын бөлісті.- Үш жыл бұрын дәл осы сыныпта партада отырған едім. Экраннан ұстаздарымды, анамды, інім мен қарындасымды көргенде ерекше толқыдым. Бүгінгі өмірім қатаң тәртіпке бағынады, мен Отан қорғаушы мәртебесіне сай болуға тырысамын. Менің қалыптасуыма үлкен еңбек сіңірген мұғалімдерімді әрқашан жылы сезіммен еске аламын, – деді Жетісу облысы Сарқан ауданының тумасы қатардағы жауынгер Санжар Серғазин.Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери білім және ғылым департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты.- Бұл – осындай ауқымды онлайн-кездесуді өткізудегі алғашқы тәжірибеміз. Телекөпірге алты мектеп қатысты. Алдағы уақытта мұндай жобаларды еліміздің барлық гарнизондарында жүзеге асыру жоспарланып отыр, – деп атап өтті тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері полковник Талғат Құлманов.Мұндай бастамалар жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеуге, әскери қызметке оң көзқарас қалыптастыруға және мектеп оқушылары мен сарбаздар арасындағы рухани байланысты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076544?lang=kk
Алдағы демалыс күндері республика бойынша 60-қа жуық жәрмеңке өтеді 14.10.2025
27-28 қыркүйек аралығында бүкіл ел аумағында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен 60-қа жуық өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде фермерлер ет, балық, сүт, азық-түлік өнімдерінің, сондай-ақ көкөністер мен жемістердің алуан түрін ұсынады. Барлық өнім тікелей фермерлерден сатылады, бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға да, отандық өндірушіні қолдауға да ықпал етеді.Өткізу кестесі:-Астана және Алматы қалаларында 27 және 28 қыркүйек (сенбі және жексенбі);- басқа аймақтарда тек 27 қыркүйек (сенбі).Жәрмеңкелердің мекенжайлары:Астанада жәрмеңке «Keruen Joly» сауда орталығында (Алаш даңғылы, 35) өтеді. Сонымен қатар, осы демалыс күндері «Казанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы даңғылы, 1) Алматы, Жетісу және Маңғыстау облыстарының тауар өндірушілері қатысатын өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.Алматыда жәрмеңкелер түрлі мекен-жайларда өтеді: Гоголь және Масаншы көшелерінің қиылысында (Алмалы ауданы), Қазақфильм шағын ауданында (Бостандық ауданы), Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесінің қиылысында (Әуезов ауданы), Мәдениет шағын ауданында (Алатау ауданы), Меңдікұлов және Бектұров көшелерінің қиылысында (Медеу ауданы), сондай-ақ Құлагер шағынауданында, Серіков көшесі, 2 (Жетісу ауданы).Шымкентте іс-шаралар Қажымұқан атындағы орталық стадионның тұрағында, А.Юсупов атындағы гимнастика мектебі мен Сейтжан қари атындағы мешіт арасындағы "Нұрсат-2" шағын ауданында, сондай-ақ "1000 ұсақ-түйек" сауда қатарының алдында өтеді.Ақмола облысында жәрмеңке Төлеусұлейменов, 2д (Жібек жолы базары) мекенжайында өтеді.Абай облысында Семей қаласында Северный промузел көшесі, 2/55 "Северный".Ақтөбе облысында жәрмеңке Ақтөбе қаласында Едіге батыр, 18 мекен-жайында, "Табыс"коммуналдық базарында ұйымдастырылады.Алматы облысында Қонаев қаласында "Алға" базары, Құрылысшы көшесі, 1В / 2Б.Атырау облысында жәрмеңкелер "Мұнайшы" стадионының алдындағы тұрғын қалашық шағын ауданында, сондай-ақ Кенжебай Мәденов көшесі, 1а/1 "Сарайшық"коммуналдық базарында өтеді.Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласындағы "Алтай" ОО Жібек жолы көшесі, 44.Жамбыл облысында Тараз қаласында Жамбыл даңғылы, 18д, әлеуметтік базардың жанындағы автотұрақта.Жетісу облысында Талдықорғанда Желтоқсан көшесі, 19/5 ("әлеуметтік базар") мекенжайы бойынша, сондай-ақ Жастар шағын ауданында, 66 " Жерұйық Талдықорған " АӨК ЖШС (коммуналдық базар). Сонымен қатар, жәрмеңкелер Панфилов ауданында (Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 143/5, Орталық базар), Қаратал ауданында (Үштөбе қаласы, Адрахман ақын көшесі, 53, Орталық базар), Алакөл ауданында (Үшарал қаласы, Молдағұлов көшесі, 82, "Бек" ЖК), Көксу ауданы (Балпық Би ауылы, Амангелді көшесі, 31, "Шаған" ЖШС әмбебап базары), Ақсу ауданы (Жансүгіров кенті, ул. Қабанбай батыр, 47, Орталық базар), Ескелді ауданы (Қарабұлақ кенті, Мамбетов көшесі, 2, орталық базар) және Текелі қаласында (Әуезов көшесі, "Руал" ЖШС базары).Батыс Қазақстан облысында жәрмеңкелер Орал қаласында М.Ихсанов көшесінде (Назарбаев даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі кесінді), сондай-ақ Зачаган кентінде "Жәңгірхан"сауда үйінің алдында өтеді.Қарағанды облысында жәрмеңкелер Қарқаралы ауданында (Әубәкіров көшесі, 49), Саран ауданында (Жамбыл көшесі, 71Б), Приозерск қаласында (кіші алаң, Кисунько көшесі, "Электрон" дүкеніне қарама-қарсы), Осакаровкада (Достық көшесі, 46 бойынша коммуналдық базар, сондай-ақ Мир көшесі бойынша Молодежный кентінде өтеді, 30), Қарағандыда ("Global City" СОО, 134-ші есептік тоқсан, 921-бет), Шахтинск қаласында (Казахстанская көшесі, 101/3, коммуналдық павильон аумағы) және Теміртауда (70-тоқсан, "Экспресс"СОО).Қостанай облысында Рудныйда ("Центральный" базары) және Қостанайда ("Саяхат" базары).Қызылорда облысында Қызылордада сол жағалауда,"коммуналдық базарда".Маңғыстау облысында Ақтауда, 26-шы шағын аудан, "Қасиет" медициналық орталығының автотұрағында. Павлодар облысында жәрмеңкелер Павлодардағы "Жайлау" фермерлік базарында, Ақсудағы "Сарыарқа" фермерлік базарында, Екібастұздағы "Халықтық" базарында, сондай-ақ он ауылдық аудан орталықтарында: Ақтоғай ауылы (Ақтоғай ауданы), Железинка ауылы (Железин ауданы), Баянауыл ауылы (Баянауыл ауданы), Ертіс ауылы (Ертіс ауданы), Тереңкөл ауылы (Тереңкөл ауданы), Аққулы ауылы (Аққулы ауданы), Павлодар қаласы (Павлодар ауданы, Торговая көшесі, 2а), Көктөбе ауылы (Май ауданы), Успенка ауылы (Успенка ауданы), Шарбақты ауылы (Шарбақты ауданы).Солтүстік Қазақстан облысында жәрмеңкелер Петропавлда өтеді: "Қызылжар Ақбастау" коммуналдық базарында (Назарбаев көшесі, 69), "Алтын Арман" базарында (Астана көшесі, 30а) және "Дария" базарында (Бостандық көшесі, 22а).Ұлытау облысында Жезқазғанда (Сейфуллин көшесі, 12, "Нарық" орталық базары) және Сәтбаевта ("бағдаршам" СОО, Ұлытау көшесі, 85) өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1076248?lang=kk