Enbekshi QazaQ

Әлем

Біртұтас мемлекеттік тапсырыс бойынша 22.07.2025
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы келесіні хабарлайды:Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің   2025 жылғы 30 мамырдағы №251-НҚ бұйрығымен бекітіліп  «Біріңғай мемлекеттік тапсырысты балаларға қосымша білім беру бойынша (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге арналған білім беру тапсырысы) орналастыру жөніндегі» пилоттық жобаны іске асыру алгоритимі бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылдың  19 маусымындағы №3448 қаулысы бекітілді.Біртұтас мемлекеттік тапсырысқа (БМТ) біріктіру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасының теңгеріміндегі ақпараттық жүйеге өнім жеткізушілер мен балалар контигентін тіркеу жұмыстарын  22.07.2025 ж сағ:18-00 ге дейін жүргізу және шығармашылық үйірмелерді қаржыландыру төлемдері шілде айынан бастап жаңа ақпараттық жүйемен жүргізілетінін хабарлайды.Осыған орай, біртұтас мемлекеттік тапсырысты орындауға оператор ретінде Шымкент қаласы білім басқармасы бекітілді. Тапсырысты орындау мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасының теңгеріміндегі Е-ORDA және MINDAL қолданбалы ақпараттық жүйелерін уақытша пайдалану тәртібі осы мекеменің бұйрығымен бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1038000?lang=kk
Ұландықтар түзеу мекемесіне өткізбек болған есірткіні тәркіледі 22.07.2025
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің сарбаздары түрмеге есірткі өткізу әрекетіне тосқауыл болды. Оқиға №59 түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған.Келушілерді тексеру кезінде аға нұсқаушы – ефрейтор Нұрбахыт Есенгелдиевтің қарауындағы "Зара" атты қызметтік ит күдікті иісті сезеді. Төрт аяқты сақшы ішінде есірткі оралған бумалары бар кроссовканы нұсқап, нақты белгі береді.Әскери қызметшілер орын алған жағдай туралы кезекші бөлімге жедел баяндайды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұландық жауынгерлердің кәсібилігінің арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды.Күдікті ұсталып, мән-жайды одан әрі анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1037960?lang=kk
Ақмола облысында «Jańa Dala – 2025» халықаралық агрокөрмесі ашылды 22.07.2025
Целиноград ауданында «Jańa Dala / GreenDay – 2025» арнайы ауыл шаруашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы ірі шараға 20-дан астам мемлекеттен келген 200-ге жуық компания қатысты.2013 жылдан бері «Jańa Dala / Green Day» елімізде жыл сайын өткізіліп келеді және бүгінде ол алдыңғы қатарлы агротехнологияларды, заманауи техниканы және селекциялық жетістіктерді көрсететін ең ірі алаң ретінде танылған. Көрме отандық ауылшаруашылығы өндірушілерін, агробизнес өкілдерін және халықаралық серіктестерді бір арнаға тоғыстырады.Биылғы іс-шара дәстүрлі түрде Ақмола облысының аумағында аграрлық форум форматында ұйымдастырылды. Қонақтардың қатарында еліміздің түкпір-түкпірінен келген фермерлер мен диқандар, сондай-ақ Австрия, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Нидерланд, АҚШ, Франция және Жапония елдерінен келген халықаралық компания өкілдері де бар.Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.Өңір басшысы осындай ауқымды іс-шараны өткізу облыстың аграрлық әлеуетінің жоғары екенін айғақтайтынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1037962?lang=kk
Армия резерві: 300-ден аса запастағы әскери қызметші әскери жиынға қатысып жатыр 22.07.2025
       "Мәтібұлақ" полигонында әскери міндеттілермен жиын өтуде. Іс-шаралар Гвардейск гарнизоны 22326 әскери бөлімінің базасында Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан келген әскери міндеттілерге ұйымдастырылды.     Жиынға бұрын мерзімді әскери қызмет өткерген 370-тен астам қазақстандық қатысып жатыр. Іс-шаралар әскери дайындалған ресурстарды дайындауға және жинақтауға, әскери дайындықтан өткен қажетті резервті әзір ұстауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жауынгерлік қолдануға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.   – Оқу жиыны бір айға созылады. Оқытудағы басты назар практикалық сабақтарға аударылады. Әскери міндеттілер тактикалық, атыс және саптық дайындық дағдыларын жетілдіріп, бөлімшелер құрамында іс-қимылдарды пысықтап, бірыңғай сапта жұмыс істеуді үйренеді, – деп түсіндірді жиын жетекшісі, Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Файзулла Досанов.   Барлық қатысушылар бақылау сынақтары мен емтихандардан өтеді. Бағдарламаны өзінің әскери-есептік мамандығы бойынша сәтті меңгерген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ берілетін болады.    – Әскерде борышымды өтегенмін, бірақ уақыт өте келе дағдылар ұмытылады, ал мұндай жиындар машықты қалпына келтіруге және жетілдіруге көмектеседі. Жиынға еш ойланбастан келдім. Отан алдындағы борышым – оны қорғауға дайын болу деп санаймын, – деді жиынға қатысушы Ернар Маутханов.  Жиынға қатысушылар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Әскери бөлімге дейін және кері қайту жолындағы уақытпен қоса, жиын өтетін барлық кезеңде әскери міндеттілердің жұмыс орындары мен атқаратын лауазымдары сақталады. Сонымен қатар, оларға республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақы төленеді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1037945?lang=kk
Салтанатты шара 22.07.2025
2025 жылдың 21 шілдесінде Нотариат күніне орай Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс нотариустарына Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың атынан қызметтік міндеттерін адал әрі кәсіби деңгейде атқарғаны үшін алғыс хаттар табыстады.Марапатталған мамандар тек өз қызметтік міндеттерін атқарып қана қоймай, күнделікті еңбектері арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге, құқықтық институттарға деген сенімді нығайтуға және қоғам игілігіне қызмет етуге елеулі үлес қосып келеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1037939?lang=kk
Дипломдарды табыстау салтанатты рәсімі 22.07.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 18 шілдесінде Челябі мемлекеттік университетінде түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султанов қатысты.Әділет департаментінің атынан ол студенттерді оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға дипломдар табыс етті. Сондай-ақ, білім беру саласының дамуына қосқан үлесі мен ынтымақтастығы үшін университет директорына алғыс хат берілді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1037941?lang=kk
Геосаяси өзгерістер дәуірінде Қазақстан мен Канаданың әріптестік әлеуетін дамыту 22.07.2025
2025 жылғы 21 шілде – Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі Бейбітшілік пен дипломатия институтымен (Institute for Peace and Diplomacy, IPD) бірлесіп, Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына арналған вебинар-брифинг өткізді.Іс-шара Канада делегацияларының 2025 жылғы 29-30 мамырда өткен Астана халықаралық форумына және 4-5 маусымда өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысу сапарларының қорытындысы бойынша ұйымдастырылды.Вебинарға Канада Парламентінің депутаттары, федералдық және провинциялық билік өкілдері, іскерлік және академиялық орта мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Қазақстанның Елшісі Дәулетбек Құсайынов пен Канаданың Елшісі Кристофер Дагган өз сөздерінде энергетика, тау-кен металлургия кешені және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, олар Орталық Азия аймағында канадалық бизнестің өсіп келе жатқан қатысуын қолдау үшін саяси диалогты тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап көрсетті.Осы орайда, «Maqsut Narikbayev University» өкілі Мирас Жиенбаев Қазақстан сыртқы саясатының эволюциясына және қазіргі геосаяси жағдайда Астана мен Оттава арасындағы саяси өзара іс-қимылдың мүмкін бағыттарына өз көзқарасын білдірді.Өз кезегінде Бейбітшілік пен дипломатия институтының басшысы Юнес Зангиабади Астанада өткен іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды, ал Онтарио провинциясындағы Садбери қаласының әкімдігінің өкілі Елена Зубудская канадалық бизнестің Қазақстандағы тау-кен Конгресіне қатысуы және форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хабардар етті.«Arras Minerals» компаниясының президенті Даррен Клинк Қазақстанда бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік инвесторлардың еліміздегі қатысуын кеңейту үшін қолайлы жағдайлар бар екенін атап өтті.Жалпы, бұл іс-шара Қазақстан мен Канада арасындағы іскерлік өзара іс-қимылдың практикалық қырларын талқылауға мүмкіндік беріп, екі елдің перспективалы салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін тағы бір мәрте растады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1037930?lang=kk
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ 21.07.2025
Мемлекеттік корпорация өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын жетілдіруде: постоматтар арқылы 1,5 мыңнан астам құжат берілді«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы цифрландырудың әлемдік трендтеріне сәйкес келетін заманауи шешімдерді ХҚКО жұмысына енгізуді жалғастыруда. Осындай оңтайлы шешімдердің бірі – постоматтар. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін икемді және ыңғайлы ететін, дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға арналған құрылғы.Осы жылдың басынан бастап қазақстандықтар фронт-офистердің жұмыс кестесіне байланбай, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы 1623 рет құжат алды. Бүгінде постоматтар еліміздің 10 өңірінде, 14 жаңғыртылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «24/7 аймақтарында» орнатылған. Бұл шешім ХҚКО-лардағы дайын құжаттарды беру секторларына түсетін жүктемені едәуір азайтуға және қызмет көрсету процесін жеделдетуге мүмкіндік берді.Бүгінгі таңда құрылғы сұранысқа ие 19 мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуды қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: азаматтық хал актілерінің қайталама куәліктері мен мұрағаттық анықтамалары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың және барлық деңгейдегі білім туралы құжаттардың телнұсқалары. Сондай-ақ, сервис арқылы апостиль қойылған ресми құжаттарды және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің нәтижелері беріледі.Бұл сервисті пайдалану мүмкіндігі құрылғы орнатылған Мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінде мемлекеттік қызмет алуға өтініш беру сәтінде рәсімделеді. Ол үшін қызмет алушы құжатты постомат арқылы алғысы келетіндігі туралы маманға хабарлау қажет. Дайын болған құжат постоматқа салынғаннан кейін қызмет алушыға өтініш нөмірі, постомат мекенжайы, сақтау мерзімі және 6 таңбалы құпия сөзі бар SMS-хабарлама жолданады. Дайын құжатты алу үшін қызмет алушы құрылғыға SMS-хабарламадағы кодты енгізіп, жеке басын биометриялық сәйкестендіруден өткізуі қажет. Осыдан кейін ұяшық автоматты түрде ашылады.Ескере кететін жайт, дайын құжатты жеке ұяшықтан 3 күн ішінде алу керек. Егер белгіленген мерзімде құжатты ала алмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу бойынша өтініш рәсімделген ХҚКО-ға қайтарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1037906?lang=kk
Кентүбек ауылдық округіне депутаттардың жұмыс сапары 21.07.2025
 Кентүбек ауылдық округіне депутаттардың жұмыс сапары Аудан әкімінің орынбасары М. Нұрмаковтың қатысуымен мәслихат депутаттарынан құрылған жұмыс тобы Кентүбек ауылдық округіне іссапармен барып, әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Спорт зал құрылысыКентүбек ауылында салынып жатқан спорт залдың құрылысын «БатысМұнайСтрой Сервистік компаниясы» ЖШС бас мердігер ретінде жүзеге асыруда. Құрылыстың 47 пайызы аяқталған. Құрылыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда Жоба аясында:Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.Спорт алаңы, соның ішінде баскетбол және волейбол алаңдары қарастырылған.  Депутаттар электр желілеріне қатысты ұсыныстарын білдіріп, компания өкілдері оларды назарға алатындарын жеткізді. Мәдениет үйінің күрделі жөндеуіСапар барысында депутаттар Кентүбек ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.Құрылыс жұмыстарының 80 пайызы орындалған.Тапсырыс беруші — KPO b.v. компаниясы. Мердігер “БатысМунайСтрой”Сервистік компаниясы.Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037839?lang=kk
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне іссапармен сапармен келді. 21.07.2025
2025 жылғы 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №28 мекемесіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ермекұлы Ластаев іс сапармен келді. Сапардың негізгі мақсаты сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу болды. Сапар аясында Артур Ермекұлы мекеме әкімшілігі мен бақылау комиссиясының өкілдерімен бірлесіп сотталғандарды жеке мәселелері бойынша, оның ішінде қатаң жағдайларда және отряд үй-жайларында ұсталатын сотталғандарды қабылдауды өткізді. Сапар барысында сотталғандардың құқықтарына, ұстау шарттарына, медициналық қамтамасыз етуге қатысты заңнаманы сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтініш жасауға және өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сотталғандар өздерін толғандыратын  мәселелермен уәкілге жеке өзі жүгінуге мүмкіндік алды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1037851?lang=kk
Пугачев ауылындағы мектеп құрылысы бақылауда 21.07.2025
Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары Пугачево ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысының барысымен танысып қайтты. Құрылыс барысыАталған нысанның құрылысын «ЖайықСити» ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Жұмыстар жоспарға сай қарқынды жүруде. Құрылыс алаңында депутаттар:Жұмыстың сапасына байланысты ұсыныстарын жеткіздіҚалған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы аяқталуына тілектестік білдірдіҚауіпсіздік техникасының сақталуына назар аудардыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037799?lang=kk
Жидебайда 4G интернет желісі іске қосылды 21.07.2025
Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебай музей-қорығына Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды.🔠Облыс әкімі Берік Уәли туристер ең көп келетін қасиетті орынға орнатылған антенна-діңгекті құрылғының жұмысымен танысты.Жоба Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылды.Бөрілі елді мекенінде антенна-діңгекті құрылғы орнату жұмысы тамыз айында аяқталады.Осыдан кейін ауданымыз облыстағы алғашқы 100 пайыз интернетпен қамтылған аудан атанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037736?lang=kk
«Этно ауыл Жидебай» туристік кешенінің құрылысы басталды 21.07.2025
«Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында Абайдың 180 жылдығына орай ауданымызда «Абай-Шәкәрім» кесенесі аумағында «Этно ауыл Жидебай» кешені бой көтереді. Бүгін ғимараттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Берік Уәли, меценат Бектас Медғатов қатысты.Жерлесіміз, меценат Бектас Медғатовтың бастамасымен жүзеге асатын, 60 гектар аумақты қамтитын кешеннің жалпы құны – 1,2 млрд теңге. Жобаның мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту, рухани-мәдени мұраны дәріптеу және Жидебайды халықаралық туристік бағыттардың біріне айналдыру.Кешеннің құрамында жыл бойы жұмыс істейтін киіз үйлер мен бунгало үлгісіндегі қонақүйлер, этно-SPA орталығы мен қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған. Сонымен қатар ипподром, хайуанаттар бағы, конференц-зал, тимбилдингке арналған арнайы аймақтар, электромобильдерді қуаттау станциялары мен қымыз құю желісі бар заманауи орындар болады.Жоба іске қосылғаннан кейін 50 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға оң әсер етеді.Облыс әкімі бұл жобаның ауданымызға туризм саласын дамытып қана қоймай, аудан экономикасына да серпін беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037754?lang=kk
Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде 21.07.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.       2025 жылғы 18 шілдеден бастап салық режимін қолдану туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) (https://knp.kgd.gov.kz/) СӘИЖ СТК-да қабылданатын болады.       Бұл ретте, бұрын берілген хабарламалар салық төлеушінің кабинетінде де (https://cabinet.kgd.gov.kz) көруге қолжетімді болып қалды.      Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы, knpsd@ecc.kz электрондық поштаға хабарласа аласыз:Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1037755?lang=kk
Поляк агробизнесі Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларға қызығушылық танытуда 21.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 15 шілде – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасының ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту Вице-министрі Яцек Чернякпен кездесті.Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Қазақ дипломаты Қазақстанның Еуропалық Одақ кеңістігіндегі маңызды серіктесі ретінде Польшаның маңыздылығын, сондай-ақ Польшаның агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары деңгейін атап өтті. Астық пен ұн экспортының тұрақты өсуін қоса алғанда, Қазақстанның аграрлық саясатының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстанда Organic Food өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды іске асырудағы артықшылықтар ұсынылды.Поляк сұхбаттасушысы тарапынан Польшаның Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесі ретінде қарастырылатын Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілік расталды.Я.Черняк Қазақстандық агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін жоғары бағалады, сондай-ақ агротехнологиялар трансферін, сауданы дамытуды және поляк бизнесінің Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобаларға қатысуын қоса алғанда, өзекті бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Қазақстандық тарап инвестициялық өзара іс-қимыл үшін нақты салаларды ұсынды: астықты, майлы дақылдарды, қант қызылшасын, картопты, жемістерді, ет пен сүтті өңдеу, сондай-ақ балалар тағамын өндіру. Мал бордақылау және көрші нарықтарға ет жеткізу перспективасы бөлек аталып өтті.Кездесу соңында тараптар диалогты қолдауға өзара мүдделілігін растады және агроөнеркәсіптік ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1037763?lang=kk
“Саржал Бренд” қымызы республикалық “BaiQymyz” гастрофестивальде І орынды иеленіп, 20 млн теңгені жеңіп алды 21.07.2025
Фестивальдің ақпан айында өтетіні хабарланып, осы уақыт аралығында ұйымдастырушылар еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты. Мамыр айында Абай ауданына арнайы келіп, қымыз дайындау барысын түсіріп, қатысушылардың еңбегін кеңінен насихаттаған болатын.19-20 шілде күндері Астана қаласында өткен “BaiQymyz” гастрофестивалінде Абай облысының намысын қорғаған “Саржал” бренд қымызы І орынға ие болды.Аталған шараға республика бойынша 50-ден астам қатысушы келіп, ұлттық сусын – қымыздың үздік үлгісін ұсынды. Абай ауданынан арнайы іріктелген 6 команда қатысып, “Саржал” бренді атынан 3 шаруа қожалығы мен 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз өнімдерін ұсынды. Жалпы көлемі 1 тонна 300 литр қымыз апарылып, дәмі мен сапасы жағынан жоғары бағаланды.Халық арасында “Сары даласы — Саржал, сары қымыз — сары бал” деген атқа ие болған өңірдің абыройын асқақтатқан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!Қарауыл ауылынан қатысқан “Adil Qymyz” иесі Әнуаров Сәулет “Күміс торсық” номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 500 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.Сондай-ақ, Саржал ауылынан ЖК “Кажиев Дархан Ергалиевич” иесі Қажиев Дархан, “Заңғар” шаруа қожалығының иесі Маратов Нұрсұлтан, “Әлібек” ШҚ-ның иесі Төкішев Мүслім және ЖК “Саясатов” иесі Жандос Саясатов өз қымыз өнімдерін ұсынды.🥇 “Саржал Қымыз Бренд” құрамына кіретін қожалықтар:🔸 “Жаныс” ШҚ – Ержан Ермекұлы🔸 “Озат” ШҚ – Гүлмира Айдарқызы🔸 “Барыс ас” ЖШС – Алмагүл Мейрамбекқызы🔸 “Ералы” ШҚ – Медет Аманбекұлы🔸 “Биамбеков С.Қ” ЖК – Серік ҚабдықәкімұлыАта дәстүрді жалғастырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген азаматтарға толағай табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037773?lang=kk
Депутаттар 13 шағынауданындағы мектептің құрылысы барысымен танысты 21.07.2025
Аудандық және облыстық мәслихат депутаттары аудан әкімінің орынбасары М. Нурмаковпен бірге Ақсай қаласындағы 13 шағын ауданда салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысының жұмыс барысын қарап шықты. Депутаттар құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Альтаир-СК7» ЖШС өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан істерге қатысты сұрақтарын қойды. Әсіресе, құрылыс сапасына ерекше назар аударылды. Жобаның ерекшеліктеріМердігердің айтуынша, мектеп жобасында келесідей нысандар қарастырылған: Стадион, жүгіру жолы, хоккейге,баскетбол, волейбол ойындарына арналған  алаңдар болады. Ұсыныстар мен ескертулерДепутаттар атқарылып жатқан жұмыстар бойынша өз ұсыныстарын айтып, құрылысшыларға техника қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, жұмыстың белгіленген мерзімде және сапалы аяқталуы маңызды екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037785?lang=kk
Астанада «Биг Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары көрсетіледі 21.07.2025
Аталған жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, әкімдіктің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, банк қызметкерлері, салық органдары және базар әкімшілігі кезекшілік етеді. Штаб аясында «Биг Шанхай» базарының зардап шеккен жалға алушылары, кәсіпкерлері және жұмысшылары бизнесін қалпына келтіру, жалдау, салықтық және банктік міндеттемелер бойынша кеңес ала алады.Қазіргі уақытта салық төлемдері мен банктік міндеттемелер бойынша кейінге шегеру мәселесі қарастырылып жатыр. Сауда орны зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі банктер мен қаржы ұйымдарына жіберіліп, қолдау шараларын ары қарай қарау жоспарланып отыр.«Биг Шанхай» базарының директорының айтуынша, алдағы бірнеше күн ішінде зардап шеккен барлық кәсіпкерге баламалы сауда орындарын ұсыну мәселесі шешіледі.Штаб «Anuar» супермаркетінің 3-қабатында, Алаш тасжолы, 30а мекенжайында орналасқан. Ақпарат және кеңес алу үшін колл-орталық жұмыс істейді: «Биг Шанхай» базарының әкімшісі:+7 778 141 83 13, Тоғжан.Кәсіпкерлер тек ресми штабқа жүгінгені жөн, себебі барлық нақты әрі шынайы ақпарат осы орында айтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1037794?lang=kk
«Жайлы мектеп» жобасы аясындағы жаңа құрылыс 21.07.2025
Республикалық «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде Ақсай қаласындағы М.Ихсанов көшесінде орналасқан 300 орындық, екі қабатты №1 мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.Құрылыс барысымен танысуАталған нысанның құрылыс жұмысымен танысу мақсатында аудандық және облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары М.Нурмаков және қала әкімі А,Баяндыковпен жұмыс сапарымен шықты.Мердігер мен қадағалаушы ұйымдарҚұрылысты жүргізіп жатқан мердігер — «Альтаир-СК7» ЖШС.Техникалық қадағалауды жүзеге асырушы — «Сана Маркет» ЖШС.Құрылыс басында мердігер компания өкілі депутаттарға қазіргі таңда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Жоспарланған алдағы құрылыс кезеңдерімен таныстырып өтті.Депутаттар жұмыс сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жобаның мерзімінде аяқталуы қажеттігіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037796?lang=kk
“Халықпен жақын байланыс – басты мақсатымыз” 21.07.2025
Баянды ауылында Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Халықпен жақын байланыс – басты мақсатымыз” атты жиналыс өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындармен өзара байланысты нығайту, олардың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару және қолдау көрсету жолдарын бірлесе қарастыру болды. Жиын барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.Жиналысқа Отбасын қолдау орталығынан әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Сапарбаева А.У., заңгер Салихова Г.С. және психолог Шамшетова Ф.Б. қатысты. Сонымен қатар, Баянды ауылы әкімі аппаратының тарапынан бас маман Гүлмира Сүйенішқызы және учаскелік полиция инспекторы қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында отбасы құндылықтарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік қолдаулар жөнінде кеңестер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037709?lang=kk