Enbekshi QazaQ

Әлем

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Халықаралық йога күніне орай өткен шараға қатысты 25.06.2025
21 маусым күні Халықаралық йога күні аясында Ақтау қаласының жағалауында таңғы жаппай йога жаттығуы өтті. Іс-шараны  “Сәлем Namaste” үнді этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.Йога жаттығуына Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қатысып, физикалық әрі менталдық саулықты нығайтуға деген қызығушылықтарын және халықаралық мәдени бастамаларға ашықтықтарын көрсетті.«Мұндай шаралар адамдарды біріктіреді, өзін-өзі дамытуға шабыттандырады және ішкі үйлесімнің маңыздылығын еске салады. Біз әріптестерімізбен бірге сергектік пен жағымды көңіл-күй алдық, бұл — басқаларға үлгі боларлық жақсы бастама», — деп әсерлерімен бөлісті қызметкерлер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021700?lang=kk
Маңғыстауда "Қақпа алдындағы кездесу" жобасы аясында бостандыққа шыққан азаматқа жан-жақты қолдау көрсетілді 25.06.2025
Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясында мекеме бастығы Сансызбай Аминовтың жетекшілігімен «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шараға Ақтау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығының, «РАЙ» әлеуметтік көмек көрсету орталығының өкілдері және мекеме қызметкерлері қатысты.«Жоба аясында біз жазасын аяқтап, бостандыққа шығуға дайындалып жатқан азаматпен кездестік. Кездесудің мақсаты – оған әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бейімделуге көмектесу», – деді мекеме өкілдері.Тұрақты баспанасы болмағандықтан, ол уақытша әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды. Орталық мамандары оған жұмыс табуға, кәсіптік білім алуға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және психологиялық қолдау көрсетуге көмектеседі. Бұл шаралардың барлығы оның қоғамға сәтті бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021701?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Донор күніне арналған акцияға қатысты 25.06.2025
Дүниежүзілік донор күніне орай Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясы мен №77 мекемесі - тергеу изоляторының қызметкерлері қан тапсырды. Іс-шара қайырымдылық акциясы аясында өтті. Оның мақсаты – донорлықтың маңыздылығына назар аударту, әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қан құюға мұқтаж жандарға көмек көрсету.Облыстық қан орталығының мамандары ҚАЖ қызметкерлеріне игі істері үшін алғыстарын білдірді. Олар бір реттік қан тапсыру үш адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Акцияға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті:– Біз бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарадық. Донор болу – жай ғана шара емес, бұл біреуге өмір сыйлау мүмкіндігі. Бұл – азаматтық ұстаным мен бірліктің көрінісі, – деді қызметкерлер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021703?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде цифрлық шешімдер енгізілуде 25.06.2025
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Жәнібек Баймағанбетов Маңғыстау облысына сапар аясында аймақтық ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиевпен бірге №43 мекемеге (қоныс-колониясы) және №77 мекемеге (тергеу изоляторы) барды.Сапар кезінде мекемелердің техникалық базасы, кезекші бөлімдері, бейнебақылау операторларының посттары және өтініштер мен шағымдарды қабылдауға арналған электрондық терминалдардың жұмысы тексерілді.⠀Негізгі назар мекемелердің техникалық жабдықталуына, цифрландыру деңгейіне және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.⠀№77 мекеме базасында пилоттық жоба іске асырылуда — тергеу изоляторының ғимаратына ұялы байланысты толықтай бұғаттайтын арнайы құрылғылар орнатылған.⠀Осыған байланысты «Кар-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі), «Кселл» АҚ (Activ) және «Tele2» байланыс операторларының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сигналдарды бұғаттауға қатысты техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ ҚАЖ мекемелері мен байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.⠀Мекемелерге барғаннан кейін Жәнібек Сағындықұлы ҚАЖ департаментінің тарих музейіне барып, экспонаттармен танысты.⠀Кейіннен ол департаменттің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, Ішкі істер министрі мен оның орынбасарының тапсырмаларын жеткізді. Кеңес барысында нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021706?lang=kk
Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өтті. 25.06.2025
        Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өткізілді.          Турнирге ҚР Қорғаныс министрлігінің 47007 әскери бөлімінің, ҚР ҰҚК басқарма және жабдықтау РММ, Жаңғызтөбе кентінің, № 236 мектептің оқытушылары және Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің қызметкерлері қатысты.              Ойында барлығы 30 әйел бақ сынасты, әр командада алты қатысушы болды. Спорттық іс-шараның бастамашысы Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесі болды. Жарыс  жас ұрпақты бірлік, патриотизм және салауатты өмір салты рухында тәрбиелеуге бағытталған.            Ойын қорытындысы бойынша Жаңғызтөбе кентінің мектеп оқытушылары жеңіске жетті, екінші орын № 23 мекеме қызметкерлеріне берілді, үшінші орынды № 236 мектеп оқытушылары иеленді. Ойынға қатысушылар командалық жұмыс пен дене шынықтырудың жоғары деңгейін көрсетті.             Турнирдің барлық қатысушыларына сыйлықтар табыс етілді, жеңімпаздар кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар алды.             — Бүгінгі ойында біздің қатысушылар бізге тек ошақтың күзетшілері, үлгілі қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар спорт алаңында өз күштерін көрсете алатын әйелдер екенін көрсетті. Біз барлық әйелдерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз және зор денсаулық бақыт пен амандық тілейміз, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021714?lang=kk
Қауіпсіздігі орташа мекемесінің сотталушылары психологқа тосынсый жасады. 25.06.2025
                     Психологтардың жұмысы ҚАЖ мекемелерінде өте маңызды, олар сотталған адаммен түскен сәттен бастап жұмыс істейді. Олар сотталушының мінезі мен оның бейімділігі туралы бірінші болып біледі.            Көптеген сотталғандар бас бостандығынан айырылып, адамдарға деген сенімін, туыстарымен байланысын жоғалтады және депрессиялық күйге түседі.             Шәкәрімова Назгүл Алтайқызы, психолог қызметін 2013 жылы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/19 мекемесінде бастады. Осы уақыт ішінде ол көптеген сотталғандарға психолог ретінде көмектесті.            Бүгін келесі кездесуге келген ол, кабинетке кірген кезде оны сотталушылар гүл шоқтарымен, өз қолымен жасалған сыйлықпен қарсы алған кезде қатты таң қалды.       – Мен сотталған кезде 25 жаста едім, үйде жас әйелім мен екі кішкентай балам қалды. Мен осында келіп, әйеліммен ажырасқым келді, жас сұлу мені күтетініне сенбедім. Мекеме әкімшілігі маған жұмысқа шығуды ұсынды, осылай ғана жақындарына көмектесе аласын және сот процестерінің талаптарын төлей аласын деп ұсынды, бірақ бұған менің қалауым болмады.Назгүл Алтаевнамен әңгімелесу барысында, мен өмірмнің мәнін түсіне бастадым және өз бақытымның иесімін. Қазір мен сүйікті ісіммен айналысамын, әйелім маған үнемі келеді. Мен көп ұзамай босатыламын және менің ең жақсы өмірім бар екеніне сенемін.            Мұндай жағдаймен сотталғандар көп, олардың көпшілігіне психологтың жұмысы көмектесті, – деп бөлісті сотталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021726?lang=kk
Абай облысында сотталған әйелдер жылыжайда қызғалдақ өсірді. 25.06.2025
          Абай облысының әйелдер колониясында жаңадан жылыжай ашылған болатын. Сотталғандар жаңа жылыжайда қияр, қызанақ және жасыл көкшөптерді өсіреді. Ал өсірілген өнім сауда орындарына сатылады.             Бүгінгі таңда жылыжайда бес сотталған әйел жұмыс істейді, бірақ келесі айда тағы бес адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.             Бірінші отырғызылған өнімдері — қызғалдақ бүршіктері болған.  Орташа алғанда, гүлдердің өнуіне шамамен екі ай қажет болған, олардың әрқайсысы өз гүлдері үшін алаңдап, олардың ойларынша кейде бұл гүлдер "кенеттен өспей қалса" деген ой әрдайым ойларына келетінін жеткізген. Бірақ бәрі жақсы өсіп ,осындай мереке қарсаңында қызғалдақтар ойдағыдай мекен-жайларға жіберілді.            — Мені үйде 13 және 10 жастағы екі ұлым күтіп жүр. Бас бостандығымнан айырылғаннан кейін анам балаларды өз қамқорлығына алған болатын, шамамен бес жылдай уақыт , анам менің балаларымды тәрбиелеп жатыр, оларды әр кезде менімен кездесуге әкеліп отырады, мені барлық жағынан қолдайтын осы- анам! 8-Наурыз мерекесі қарсаңында біз аналарымызды қуантуды шештік, өйткені кез-келген жастағы әрбір әйелге гүл алу ,үлкен қуанышты әрі жағымды сәттердің бірі. Әрине гүлдер өз қолдарымен өсірілсе, - деп бөлісті сотталған.              —  Мекемеде барлығы бес жеке кәсіпкерлік жұмыс істеуде - екі тігін цехы, кондитерлік цех, наубайхана және тұшпара цехы, - дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бойынша аға инспекторы Алтынай Ұлтамбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021729?lang=kk
Абай облысында ҚАЖД қызметкерлеріне психологиялық тренинг өткізілді. 25.06.2025
              Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның №21 мекемесінде “Әйел бақыты” атты психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараға Абай облысының 10 пенитенциарлық психологы және №21 мекеменің барлық бөлімшелерінің әйел қызметкерлері қатысты. Олар кәсіби және тұлғалық дамуға ұмтылды. Тренингті Семей қаласының практик-ойын психологы Жанна Маукенова мен мекеме психологы Әсем Оразбаева жүргізді.             Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің ішкі жағдайын үйлестіру жолдарын зерттеді, эмоционалды жеңілдік пен өзін-өзі қолдау әдістерін меңгерді, бұл олардың қиын кезеңдерінде өте маңызды.Әйелдердің әлеуетін ашуға, өзін-өзі алға жетелеуге және өзіне деген сенімді нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.             Практикалық жаттығулар мен ойын техникасы арқылы психологтар пайдалы білім алып қана қоймай, тәжірибе алмасып, шабыт пен әріптестер арасында қолдау таба алды. Қатысушылар әйел бақытын ішкі үйлесімділігі және психологиялық сауаттылық мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар мамандарға эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға, жұмыстағы тиімділікті арттыруға және кәсіби қызмет пен жеке өмір арасындағы теңгерімді табуға көмектеседі. Түрлі тренингтерді өткізу психологтар үшін кәсіби қоғамдастығын дамытуға және пенитенциарлық жүйедегі жағымды ахуалды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021732?lang=kk
Үндістандағы Қазақстан Елшілігі «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қосылды 25.06.2025
2025 жылғы 21 маусым, Үндістан Республикасы, Нью-Дели. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлері Елші А.Н. Ескараевтың басшылығымен Нью-Дели қаласындағы қазақ дипломатиялық мекеме аумағында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өткізді.Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылғаннан бері оған 6 миллионнан астам адам қатысты. Шамамен 1,6 миллион жасыл желек отырғызылып, 5,8 миллион шаршы метрден астам жағалау аумағы тазартылды, 1,1 миллион тонна қоқыс жиналды.«Біз шетелде жүргенімізге қарамастан, Елшілік аумағы –Қазақ Еліміздің бір бөлшегі. Елден тыс жерде болса да, ұлттық бастамаға өз үлесімізді қосу маңызды», – деді Елші А.Н. Ескараев.«Таза Қазақстан» аясында бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні экологиялық акциясы өткізілуде. Осыған байланысты Елшілік аумағын тазалаумен қатар, шара барысында таза және жасыл қоршаған ортаға деген ұмтылысты бейнелейтін шығыс аршасының (Thuja orientalis) көшеттері отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1021733?lang=kk
17 маусымда Бейімбет Майлин ауданында төсбелгілер мен «Алтын белгі» аттестатын және «Үздік» үздік аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 25.06.2025
17 маусымда  Бейімбет Майлин ауданында төсбелгілер мен «Алтын белгі» аттестатын және «Үздік» үздік аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Биылғы жылы 21 түлек қол жеткізген жетістіктері үшін жоғары марапаттарға, төсбелгіге, «Алтын белгі» аттестатына және Қостанай облысы әкімінің атынан гравертонға ие болды. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің атынан 9 түлекке «Үздік» аттестат пен гравертон табыс етілсе, барлық түлектер материалдық ынталандыруларға ие болды. Балаларына қолдау көрсетіп, тәрбиелеп отырған ата-аналарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1021761?lang=kk
Ақтөбе гарнизоны "Айбын" халықаралық жастар жиынына қатысушыларды қабылдауға дайын 25.06.2025
Маусымның 22-28 күндері еліміздің батысындағы қала Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келетін мыңнан астам жасөспірімді қабылдайды. Байқаушы ретінде Қытай Халық Республикасының делегациясы келеді.XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылуы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының "Айбын" оқу орталығының базасында өтеді. 50-ден астам қазақстандық және шетелдік командаларды қабылдау үшін оқу орталығында шатырлы қалашық жабдықталған, барлық жайлылығы бар тұрғылықты жерлер, медициналық пункт және асхана дайындалған. Оқу орталығының аумағында жаңа воркаут-кеңістіктер, жүгіру жолы бар футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары пайда болды.Далалық лагерьде ұлдар мен қыздардың армия атмосферасына еніп, шиеленісті жарыстардан кейін демалуына барлық жағдай жасалған.Жиынға қатысушылар әскери-патриоттық клубтар мен оқу орындарында оқыған білімдерін көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын Қорғаныс министрлігі он бірінші рет өткізіп отыр. Іс-шара бағдарламасы өте бай және әскери-қолданбалы пәндер бойынша бірқатар жарыстарды, зияткерлік, шығармашылық конкурстар мен "Smart Sarbaz" робототехника бойынша жарыстарды қамтиды. Сонымен қатар, жасөспірімдерді бірлескен жорықтар, экскурсиялар және алау жанындағы кездесулер  күтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1021770?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ СІМК 51-ші сессиясына қатысты 25.06.2025
Ыстанбұл, 2025 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясының жұмысына қатысты.Кездесу барысында делегация басшылары ИЫҰ кеңістігіндегі түрлі әскери-саяси және гуманитарлық дағдарыстарды реттеу жөніндегі шараларды талқылап, Иран-Израиль қарулы қақтығысты тез арада шешуге және Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды.«Өзгермелі әлемдегі ИЫҰ» ұранымен өткен форумның күн тәртібіне Ұйымды одан әрі реформалауға, мүше елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, әлемдегі мұсылман азшылықтарының жағдайына, қарусыздану мен исламофобияға байланысты мәселелер де кірді.Қазақстан Сыртқы істер министрі өз сөзінде Иранның айналасындағы жағдайды деэскалациялаудың маңыздылығына назар аударып, Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырды.«Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын растайды және тағы да атысты дереу тоқтатуға және Газаға гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуге шақырады», – деді М.Нұртілеу.Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы ИЫҰ-ның халықаралық аренадағы рөлін нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтып, Қазақстанның осы процеске өз үлесін қосуға дайын екенін білдірді.СІМК 51-ші сессиясы барысында әртүрлі бағыттар, оның ішінде саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және әкімшілік-қаржылық мәселелер бойынша 100-ден астам қарар талқыланып, қабылдау жоспарлануда. Қазақстандық бастамалар СІМК-тің тиісті құжаттарына енгізілді.Сессия барысында М.Нұртілеу Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен, Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудпен, Пәкістанның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақ Дармен, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен және Сирияның Сыртқы істер министрі Асаад Хасан аш-Шибанимен, сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1021802?lang=kk
Ақтөбеде "Айбын" халықаралық жастар жиынына қатысушыларды салтанатты жағдайда қарсы алды 25.06.2025
Ақтөбе облысына жас патриоттардың жиынына қатысу үшін  әуе және теміржол көлігімен 50-ден астам қазақстандық және шетелдік команда келді."Айбын" XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған.  Жарысқа барлығы 14 пен 17 жас аралығындағы 700-ден астам ұл мен қыз қатысады. Олардың арасында Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары бар. Қытай делегациясы байқаушы ретінде қатысады.Іс-шаралар Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының "Айбын" оқу орталығының базасында өтеді. Ақтөбе қаласының әуежайына алғашқылардың бірі болып Әзербайжан командасы келді.  Джамшид Нахичеванский атындағы әскери лицейдің курсанты Эльмир Авазов өзінің көңіл-күйін жеткізді."Біз Қазақстанға "Айбын-2025" әскери-патриоттық жиынына қатысу үшін ғана емес, жеңіске деген үмітпен келдік. Біз өз елімізді лайықты түрде таныстыруымыз керек. Бұл оңай болмайтынын білемін, бізді қиын сынақтар мен күшті қарсыластар күтіп тұр, бірақ біз жеңіске бар күшімізді саламыз", – деді Эльмир.  Барлық шетелдік командалар Қазақстанға азаматтық авиация ұшақтарымен, қазақстандық командалар темір жол, автомобиль көлігімен және әскери-көліктік авиациямен келді. Сондай-ақ, 2024 жылдың соңында әуе қорғанысы күштеріне қабылданған А-400М көпфункционалды көлік лайнері тартылды.Ұйымдастырушылар жиынға қатысушылардың жаңа жағдайларға тез бейімделуі үшін бәрін жасайды. Команда басшыларына жиын өткізу бағдарламасы, жарыстарға қатысу ережесі және шатырлы қалашықта болу тәртібі бойынша түсініктемелер беріледі.Командалар келген күні мандаттық комиссияның отырысы және кезек тәртібін айқындайтын жеребе өтті.Келесі күні жиынға қатысушылар жарысқа кіріседі. "Айбын дарыны" зияткерлік ойыны, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74-ті жартылай бөлшектеу және құрастыру, Smart Sarbaz робототехника байқауы және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланған. Жасөспірімдер спорттық жарыстарда, таланттар байқауында жарысады және кешті үлкен алаудың жанында өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1021809?lang=kk
Түркістан облысында майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады 25.06.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Кузьмич Попковты Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы капитан Нұрдәулет Рысбек құттықтады. Ардагерге Қорғаныс министрі мен Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының атынан алғыс хат табыс етілді.Капитан Нұрдәулет Рысбек ғасыр жасаған ардагерді құттықтау үлкен мәртебе екенін атап өтті.- Мұндай кездесулер ұрпақтар байланысының терең символы. Біз, әскери қызметшілер үшін, бұл тарихи оқиға. Батырларды құрметтеу - біздің міндетіміз, - деді ол.Петр Кузьмич Попков 1925 жылы 20 маусымда Башқұрт АССР Максимовка ауылында дүниеге келген. 18 жасында майданға ерікті болып аттанған. Қысқа дайындық курстарынан кейін ол майдан шебіне жіберіледі. 3-ші Украина майданында Маршал Федор Толбухиннің басшылығымен 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 105-ші полкі құрамында кіші сержант атағымен соғысқан. Жеңісті старшина шенінде қарсы алды. Ол Польша, Чехословакия, Югославия, Молдова, Румыния, Венгрия және Болгарияны азат етуге қатысты.Ерлігі үшін Қызыл жұлдыз және басқа да орден-медальдармен марапатталған. Әскерден 1950 жылы босаған.Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде жұбайы Галина Евсеевнамен бірге Қазақстанға келеді. 1963 жылдан бастап Ленин атындағы совхозда тұрып, механизатор, кейін жергілікті мақта тазалау зауытының Өрт сөндіру командасында жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Жетісай қаласына көшіп келді.Бүгінде майдангер қызы Надежда Петровнамен бірге тұрады. Үлкен қызы Татьяна отбасымен Новосибирскіде, кіші қызы Наталья Өзбекстанда тұрып жатыр.Ардагерге мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінген. Өткен жылы Петр Кузьмичке жаңа тұрғын үйдің кілті берілді. Ал Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында ол Қазақстан Президенті мен Түркістан облысының әкімінен мерекелік құттықтаулар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1021810?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдемесі 25.06.2025
АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда.Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды.Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1021811?lang=kk
Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагері ашылды! 25.06.2025
Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагері ашылды!Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагерінің алғашқы маусымы салтанатты түрде ашылды. Бұл — оқушылар үшін жазғы демалысты пайдалы әрі тәрбиелік бағытта өткізуге үлкен мүмкіндік.Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар:Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат МұхаметжановАудандық білім бөлімінің басшысы Руслана ЗакирьяноваБалалар өнер мектебінің директоры Даурен КарменовБалалар өз өнерлерін паш етіп, ән мен биден мерекелік бағдарлама ұсынды. Ашылу кеші көтеріңкі көңіл күйде өтті.Биылғы маусымда 100 мектеп оқушысы лагерьде демалып, әскери-патриоттық тәрбие алатын болады. Бұл – елжандылықты дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1021846?lang=kk
Ақмола облысында республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» науқанның алғашқы ұтыс ойыны өтті 25.06.2025
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, мамырда «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк»  пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.Акцияның ұйымдастырушысы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақмола облысы әкімінің  қолдауымен және Halyk Bank демеушілігімен өткізіліп жатыр. Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау болып табылады.Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алады. «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең үздік 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз.Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады.  Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.Халық банкінің Көкшетау қаласындағы филиалында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» бірінші ұтысының жеңімпаздарына Халық банкінен сертификаттар табыс етілді. Ақмола облысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды Ақкөл ауданының тұрғыны Гүлмира Төлеутаева, Аршалы ауданының тұрғыны Владимир Гельмут, Астрахан ауданының тұрғыны Әсем Саттыбаева, Жарқайың ауданының тұрғыны Бекболат Кенжебеков, Жақсы ауданының тұрғындары Зәуреш Түспаева мен Айнұр Қайдауылова және Көкшетау қаласының тұрғындары – Жәмиля Махметжанова, Айжан Сапаркулова, Айнагүл Мухамеджанова мен Аман Қалишев.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1021537?lang=kk
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау 25.06.2025
Сұрақ: Бұл күндері біз өз өмірімізді ұялы телефонсыз елестете алмаймыз. Өндірушілер күн сайын жаңа өнімдерді жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон сатып алу-көптеген адамдардың арманы, оны жүзеге асыру үшін кейбіреулер тіпті банктен несие алуға дайын. Алайда, егер алынған телефон сынып қалса, ондай жағдайда не істеу керек? Жауап: Тұтынушылар аталған келенсіздікті жою үшін сауда орталығына барып, сынған ұялы телефонды басқасына ауыстыруға немесе ақаулы тауарды кері қайтаруға тырысады, бірақ сатушылар тауарды қайта алудан бас тартады. Сатушылар заң талаптарын орындауға асықпайды.Мұның бәрі тұтынушылар көбіне сауда жасаған кезде сатып алынған растайтын құжаттардың алмауынан болады. Чектерді де, кепілдік талондарын да алмайды. Егер тұтынушы қолына құжаттарды алмаса, өз - өзіне проблема тауып алады. Чекте, ең алдымен сатушының барлық деректемелері көрсетіледі, телефон сынып қалған жағдайда оны тауып алу да қиындық тудырмайды. Екіншіден чек – бұл сіз телефонда дәл сол сауда нүктесінен сатып алғандығыңыздың дәлелі. Кепілдік талоны – ол да сатып алғандығыңызды дәлелдейтін құжат. Осы жерде сатып алушы мұқият болуы керек, талонда мөр басылғанын, бар болса қандай мөр екенін тексеріп алуы қажет.Егер құрылғы істен шығып қалса, ол құжаттар сізге ауадай қажет болады. Әрине, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, егер қажетті чек пен кепілдік талоны жоғалып қалса, тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу үшін тұтынушы куәгерлерді тартуына болады. Дегенмен чек пен кепілді талонды сақтап қою әлдеқайда оңай.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес сатып алушы сынған телефонды соның жұмыс істеп тұрған баламасына ауыстырып беруді талап ете алады. Сонымен қатар, телефонның ақаулы екенін және де сіз оны құлатып не суға түсіріп алмағаныңызды да дәлелдеу керек. Сараптамаларды сервис орталықтары мен арнайы аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Егер телефон ақаулығында сатып алушының кінәсі жоқ екендігі анықталса, онда сатушы телефонды ауыстыру немесе ақшасын қайтару бойынша сатып алушының талаптарын орындайды. Егер сараптама қорытындылары күмән туғызса, онда өз есебіңізден басқа сервис орталығының көмегімен телефонның техникалық жағдайына тәуелсіз бағалау жүргізе аласыз. Ал тұтынушының қолында сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттары болса, онда оның сотта жеңіп шығу мүмкіндігі айтарлықтай артады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1021551?lang=kk