Әлем
Аудан орталығымен көлік қатынасының болмауына байланысты ағымдағы жылдың 13 мамырына жоспарланған Жақсы ауданы әкімінің Терісаққан ауылының тұрғындарымен кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды .Кездесу 25 маусымда сағат 10:00-де мектеп ғимаратында өтетінін хабарлаймыз. Барлық тұрғындарды қатысуға шақырамыз. 25.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1021553?lang=kk
ШҚО-да туризм және денсаулық сақтау мәселелері қаралды 25.06.2025
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен көшпелі отырыс өтті.Аталған отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков қатысты.Жиында туристік маусымның өту барысы, Риддер қаласының туристік әлеуеті, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржыландыру мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті проблемалар талқыланды.«Біздің елімізде туристік маусым дәстүрлі түрде жаз айларына сәйкес келеді. Қазір, яғни туристер ағынының күшейген кезеңінде, көлік және коммуналдық инфрақұрылымнан бастап, құқық қорғау органдары мен санитарлық бақылауға дейінгі барлық тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды. Басты басымдықтар – жоғары деңгейдегі сервис, қауіпсіздік, санитарлық ахуал және туристік саладағы кәсіпкерлік қызметтің ашықтығы», – деді Ермек Қошербаев.Атап айтсақ, туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сыртқы талдау жүргізілген. Талдау барысында туристік нысандарды салуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау кезінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануы, туроператорлық қызметті лицензиялау саласындағы мәселелер, сондай-ақ туристік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік сатып алуларда туындаған тәуекелдер анықталды. Сонымен қатар, туристік нысандарға кіруге заңсыз шектеулер қойылып, демалушылардан заңсыз ақша жинау фактілері де тіркелген.Қазіргі таңда оларды жою бойынша өкілетті органдармен жұмыс жүргізілуде. #Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1021591?lang=kk
Қазақстан және MVM Group болашақ энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусым, Будапешт – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Елші Абзал Сапарбекұлы мен Мажарстанның жетекші энергетикалық компанияларының бірі – MVM Group компаниясының бас директоры Карой Матрай мырза арасында кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар энергетикалық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылап, MVM Group компаниясының 2024 жылғы қарашада Қазақстан Президентімен өткен дөңгелек үстелге қатысуы аясында басталған диалогты жалғастырды.Ынтымақтастық бағыттары ретінде газ өндіру және қайта өңдеу, энергетикалық нысандарды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, халықаралық энергетикалық дәліздерге қосылу, сондай-ақ тәжірибе мен технологиялар алмасу мәселелері қарастырылды.Елші Қазақстанда атом электр станциясын салуға дайындық аясында MVM EGI компаниясы ұсынатын құрғақ салқындату технологиясын зерттеу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. Жобаның негізгі қатысушылары анықталып, үдеріс белсенді кезеңге көшкені айтылды.Тараптар техникалық делегациялар мен сарапшылардың өзара сапарларын, сондай-ақ қазақстандық мамандарды MVM Group базасында оқыту мүмкіндігін талқылады.Мажар тарапы ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық білдіріп, Қазақстанның салалық құрылымдарымен әрі қарай өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1021610?lang=kk
Алмалы ауданының ТЖБ электр скутерлерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді 25.06.2025
Акция аясында Алмалы ауданының өтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері халық арасында электр скутерлерін пайдалану ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде:* қайта зарядталатын батареяларды қалай дұрыс зарядтауға болады;* қандай зарядтағыштарды қолдануға болады;* неліктен скутерді түнде немесе тікелей күн сәулесінде зарядтауға қалдыруға болмайды;* ақаулықтарды қалай тануға және өрттен аулақ болуға болады.Сонымен қатар, қызметкерлер электр скутерлерін сататын дүкендерге барып, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша сатушылармен және қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, сатып алушыларды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері туралы хабардар етудің маңыздылығын еске салды.Бұл іс — шаралардың мақсаты-азаматтардың хабардарлығын арттыру және электр скутерлерді дұрыс пайдаланбауға байланысты өрт қаупін азайту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1021614?lang=kk
Беларус Елшісінің сыпайылық сапары 25.06.2025
Бразилиа,2025 жылғы 20 маусым -Беларустың Бразилия Федеративтік Республикасында жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Андреев мырза Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық жүздесумен келіп, ҚР-дың Бразилиядағы Елшіcі Болат Нүсіповпен кездесті.Кездесу барысында дипломаттар дипкорпус арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқылап, Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі тустары жөніндегі ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, тараптар болу еліндегі қызмет тәжірибесімен бөлісіп, елшіліктер деңгейінде достық қарым-қатынастарды сақтауға әзірліктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1021648?lang=kk
Ономастика саласы бойынша түсіндіру жұмыстары туралы 25.06.2025
Мәдениет басқармасының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 09-17 маусым аралығында облыс аумағында ономастика саласы бойынша кең ауқымды дәйекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Шаралар кешені аясында саясаткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымының вице-президенті Д.Қ. Көшім, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, тіл жанашыры, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Х. Жақып және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы З. Санайдың, басқарма басшысының орынбасары М.Б. Әбдірахмановтың, ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы А.Ж. Садуақасованың арнайы спикер ретінде қатысуымен облыстың 8 ауданында «Ономастика саласы бойынша түсіндіру-зерттеу жұмыстары» тақырыбында 15-тен артық кездесу, Арқалық және Рудный қалаларында «Жер-су атаулары: елдік сана және рухани жаңғыру» атты көшпелі семинарлар өткізілді. Аталған шараларға аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық пікір белсенділері, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының, ардагерлер кеңесінің, ономастикалық жұмыс топтарының мүшелері, ономастика, тарих мәселесімен айналысатын өлкетанушылар, оқытушылар, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдері, тұрғындар, мекемелер, кәсіпорындар басшылары, жеке кәсіпкерлер, музей, кітапхана, жастар ресурстық орталықтарының мамандары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мамандары қатысты. Көшпелі семинарлар жұмысымен барлық өңірлер қамтылды.Спикерлер Қазақстан Республикасының ономастика саясатының негізгі бағыттары, Қостанай облысындағы ономастика мәселелері, ономастика саласын заңдық тұрғыдан реттеу туралы баяндап, тәжірибемен бөлісті. Аудандар мен қалалардың атқарушы органдары өкілдері өңірлердегі ономастикалық ахуалмен таныстырды. Қатысушылар көшелер атауларын өзгерту, объектілерге кісі есімдерін беру туралы көкейтесті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1021657?lang=kk
FSM Social 25.06.2025
✅ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының “Жанұя” отбасын қолдау орталығы КММ мамандары Катонқарағай ауданында болып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезеңде анықтап, оларға уақытылы қолдау көрсету мақсатында әзірленген “FSM Social” жаңа мобильдік қосымшасын таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1021658?lang=kk
Діни ағымдар және қоғам қауіпсіздігі 25.06.2025
🕌 Катонқарағай ауданында діни ағымдар туралы кездесу өтті.«Діни ағымдар және қоғам қауіпсіздігі» тақырыбындағы кездесуге аналар кеңесінің төрайымы, ақсақалдар алқасының төрағасы, мектеп директорлары мен ұстаздар қатысты.📌 Бас имам Тимур Найманбаев жастардың теріс діни ағымдарға еріп кету қаупі, діни сауаттылықтың маңызы, отбасы тәрбиесі мен мемлекет саясаты жайлы айтты.Қатысушылар мұндай кездесулердің тұрақты өтуі қажет екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1021659?lang=kk
Қазақстан мен ЕҚДБ әріптестікті нығайтып келеді 25.06.2025
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) – Қазақстан үшін маңызды серіктестердің бірі. Банктің қаржыландыруы мен сарапшыларының қолдауы арқылы елімізде жаңғырмалы энергия көздері, көлік логистикасы және цифрландыру салаларында жобалар жүзеге асырылып жатыр. ЕҚДБ-ның қаржылық қолдауымен қатар халықаралық озық тәжірибемен бөлісуі де ерекше маңызға ие. ЕҚДБ Директорлар кеңесінің делегациясымен болған кездесуде біз өзара әріптестікті арттыруға деген ортақ мүддені тағы бір мәрте екшеп алдық.Былтыр екіжақты ынтымақтастыққа байланысты рекордтық көрсеткіш тіркелді: ЕҚДБ Қазақстан экономикасының түрлі салаларына бағытталған жалпы сомасы 935 млн долларға жететін 25 жаңа жобаға қол қойды.Кездесудің нәтижесінде бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенімізді айқындап алдық. Қазақстан мен ЕҚДБ ұлттық экономиканың орнықты дамуына үлес қосатын жобаларды іске асыруды жалғастыра түседі.Осы кездесу халықаралық қаржы институттарымен тиімді ынтымақтастық ұлттық даму мақсаттарына қалай қол жеткізуге болатынын нақты байқатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1021381?lang=kk
20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Алтай ауданының бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндамашы: Хамитов Рафаэль Шариполлинович – Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы туралы. Алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз сатылуына қарсы күрес және есірткі бизнесіне қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы.Баяндамашылар:Мусинов Айбек Аскерканович – Алтай ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция подполковнигі.Канафина Бахытгуль Калибековна – Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы.Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру және Алтай ауданындағы балалар сауықтыру лагерлерінің жұмысы туралы.Баяндамашы: Канафина Бахытгуль Калибековна – Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы.Алтай ауданында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы.Баяндамашы: Ахметкалиева Дария Кумаркановна – Алтай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы.2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқару және жалпы мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы.Баяндамашы: Жуанганов Куат Айдынұлы – Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.Өзгерістер енгізілді. Депутаттармен келісілді.2023 жылғы 26 желтоқсандағы №9/4–VIII «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.2020 жылғы 27 ақпандағы №62/7-VI «Алтай ауданының бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.2015 жылғы 13 наурыздағы №40/9-V «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.Депутаттар белсенді түрде сұрақтар қойды. Тікелей эфирде трансляция жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1021388?lang=kk
Қазақстан ШЫҰ аясында цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 25.06.2025
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев 17 маусымда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласында өткен, ШЫҰ мүше мемлекеттерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы министрлер мен ведомстволар басшыларының IV кеңесіне қатысты.Кеңеске Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Беларусь, Ресей, Пәкістан, сондай-ақ ШЫҰ бақылаушы елдері — Түркия мен Әзірбайжанның АКТ дамытуға жауапты министрлер мен ведомстволардың басшылары қатысты.Қатысушылар АКТ саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, ШЫҰ елдерінің экономикасын цифрландырудың табысты мысалдарына тоқталды. Сондай-ақ, жиын барысында цифрлық даму мәселелері мен перспективалары, жаңа технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды.Одан бөлек, «цифрлық теңсіздік» мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл ретте мамандар цифрлық инклюзивтілік – ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев Қазақстанның ШЫҰ аясында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге басымдық беретінін жеткізді.«Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, «ақылды қала» технологияларын енгізу, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнесті цифрландыру, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен цифрлық тәуелсіздікті қамтамасыз ету сияқты басым бағыттар бойынша конструктивті ынтымақтастыққа дайын», - деді вице-министр.Кеңес қорытындысы бойынша тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттерінің цифрлық трансформация саласындағы іс-қимыл жоспарын қабылдады.Цифрландыру және АКТ дамуы аталған мемлекеттерге тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қауіпсіздікті арттыру сияқты маңызды міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық бүкіл аймақтың үйлесімді дамуы мен мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенімді нығайту үшін маңызды болып отыр.Айта кетерлігі, келесі кеңес Қырғыз Республикасының төрағалығымен 2026 жылдың маусым айында Бішкек қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1021398?lang=kk
20 маусымда Алтай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Алтай ауданы мәслихатының «2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқару және жалпы мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.ТКШ және көлік инфрақұрылымы саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы.Алтай ауданы бойынша жолаушылар тасымалы мәселелері туралы.Алтай қаласының жылу және сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру туралы. «Алтай қаласының жылу-су орталығы» ШЖҚ КМК-ның, сондай-ақ тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін қарызын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.Алтай қаласының су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарының орындалу барысы туралы.Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан өзекті мәселелер бойынша уәкілетті органдарға депутаттық сауалдар жолдау туралы шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1021427?lang=kk
Астанада сутектік энергетиканы дамытуға арналған акселерациялық сессия өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 20 маусым — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Астанада сутектік энергетика саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мен кедергілерді жоюға бағытталған акселерациялық іс-шара өткізді. Шараның мақсаты – инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды анықтап, нақты ұсынымдар әзірлеу болды.Акселерациялық сессияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ільяс, Мәжіліс депутаттары, салалық қауымдастықтар мен жетекші компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Hyrasia One, BEES Energy (Seraphim Energy Group), Alatau Green Energy, Air Liquide, Linde Gas, Alstom, Green Spark Limited, Wabtec және басқалары қатысты.Қатысушылар сутектік энергетиканы дамытудың өзекті мәселелерін атап өтіп, бірлескен шешімдерді әзірлеуге қызығушылық білдірді. Мәжіліс депутаттары бұл саланы төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі ұлттық күн тәртібінің маңызды бағыты ретінде атап, қажет заңнамалық және реттеуші базаны қалыптастыруға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.Hyrasia One компаниясы Маңғыстау облысында қуаттылығы жылына 2 миллион тоннаға дейінгі жасыл сутек шығаратын ірі өңірлік кешен салу жобасын таныстырды. Жоба еуропалық нарыққа экспортты көздейді. Одан кейін Seraphim Energy Group Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 40 мың тоннаға дейінгі сутек өндіретін кешен мен 1 ГВт күн электр станциясын салу жоспарын ұсынды. Бұл өнім де экспортқа бағытталмақ.Акселерация аясында мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысқан жұмыс топтары құрылды. Олар технологиялық шешімдер мен инфрақұрылымдық дайындықтан бастап, мемлекеттік қолдау шараларына дейінгі практикалық мәселелерді талқылады. Инвесторлар кездесетін нақты шектеулерге ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша бейінді ведомстволар мен Инвестициялық штаб деңгейінде жалғасатын жұмыс үшін ұсыныстар әзірленді.«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы Қазақстандағы сутектік энергетика саласына стратегиялық серіктестерді тарту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында белсенді жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1021444?lang=kk
Ыстық судың уақытша өшірілуі 25.06.2025
2025 жылғы 23 маусымда Тәуелсіздік даңғылы бойымен өтетін ТМ-2 жылу магистралінде диаметрі 200 мм болатын ақаулы ысырманы ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Аталған жұмыстарға байланысты қаланың орталық бөлігінде орналасқан 124 көппәтерлі тұрғын үй уақытша ыстық сумен жабдықтаудан ажыратылады.Қалпына келтіру жұмыстары 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1021449?lang=kk
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары Ақмола облысының шаруашылықтарында 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу қызметтері» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыруды белсенді түрде жалғастыруда. 25.06.2025
Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы 6 пилоттық шаруашылықтың егіс алқаптарында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен топырақтағы қоректік элементтердің құрамына қарай бастапқы құнарлылығын анықтау, топырақты егіске дейін зерттеу, жаңа технология бойынша өндірістік егіс жоспарын жасау, тұқымдық материалды дайындау, микробиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, егіс алдындағы және аралық топырақ өңдеу жұмыстары, ылғалды жинақтау мен сақтаудың агротехникалық әдістерінің тиімділігін анықтау бойынша шаралар жүзеге асырылды. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану бойынша өндірістік тәжірибелер жүргізілуде.Қазіргі уақытта вегетациялық кезең бойы фитосанитарлық мониторинг жүргізіліп, жедел ұсыныстар беріліп, егістерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуда.Аталған бағдарлама Ақмола облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1021465?lang=kk
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2024 жылғы 03 шілдедең бастап сағат 10:00-де «басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша «gosagro» сайтында өтінімдерді қабылдау басталатынын сіздің назарыңызға жеткізеді. 25.06.2025
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2024 жылғы 03 шілдедең бастап сағат 10:00-де «басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша «gosagro» сайтында өтінімдерді қабылдау басталатынын сіздің назарыңызға жеткізеді. Естеріңізге сала кетейік, субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне Басым дақылдар бойынша қайта өңдеуге тапсырылған өнім үшін немесе облыс әкімдігі бекіткен бюджет қаражатының көлемі шегінде, сондай-ақ тізбе мен нормаларға сәйкес ағымдағы жылы немесе өткен жылдың төртінші тоқсанында меншікті қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге тапсырылған өнім үшін басым дақылдар бойынша шығындарды ішінара өтеуге арналған ЖАО қаулысымен бекітілген субсидиялар. Осы ақпаратты ауданның (қаланың) барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына жеткізуіңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1021494?lang=kk
Қызылордадағы ұландықтар өртте бірінші болып көмекке келді 25.06.2025
Қызылорда қаласында қызмет атқаратын ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмекке келді.Кезекші патруль бағыты “Ескі базар” аумағындағы тұрғын үйден өрт шыққаны туралы полицияның жедел басқару орталығынан хабар алған. Бұл туралы білген кезекші лейтенант Ернұр Әбілхан патрульдік топ құрамындағы қатардағы жауынгерлер Нұрдәулет Әдіхалық пен Ердос Махмұдовпен бірге дереу оқиға орнына аттанған.Үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен қою түтін будақтап шығып жатты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін әскери қызметшілер тұрғындарды өрт жайлы ескертіп, оларды шұғыл эвакуациялауға кірісті.– Біз келгенде үйдің ішін қою түтін басып, күйік иісінен тыныс алу қиын еді. Соған қарамастан, орамалдарымызды сулап, бетімізді жауып, адамдарға сыртқа шығуға көмектестік. Сол сәтте бір ер адам бесінші қабатта кішкентай қызы мен жұбайы қалып қойғанын, ал есікті сыртынан өзі жауып кеткенін айтты. Кілтті алып, оларды да қауіпсіз жерге шығардық, – деді лейтенант Ернұр Әбілхан.ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болды. Тұрғындар түгелдей қауіпсіз жерге көшіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1021228?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері үшін АРА 2025 зияткерлік ойыны ұйымдастырылды 25.06.2025
2025 жылғы 19 маусымда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалының қолдауымен Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері үшін АРА 2025 зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін дамыту, командалық рухты қалыптастыру және тарих, құқық және кәсіби бағыттар бойынша білімді насихаттау болды.Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен барлық аудандық басқармалардың командалары қатысты.Ойын достық атмосферада өтті, барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен білімдерін көрсетті.Жарыс қорытындысы бойынша Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының командасы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Түрксіб және Медеу аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының командалары иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1021248?lang=kk
Сарбаз аналары комитетінің төрайымы Гвардейск гарнизонындағы сарбаздардың қызмет жағдайымен танысты 25.06.2025
«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілдері Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде болып, әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайын тексерді. «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің төрағайымы Лилия Хайруллина бастаған уәкілетті тұлғалар казармалар мен сарбаз асханаларына барып, медициналық пунктер мен тұрмыстық үй-жайларды аралап шықты.Лилия Хайруллина сарбаздармен сөйлесіп, олардың жағдайы, басшылықпен қарым-қатынасы және бөлімдердегі моральдық-психологиялық ахуал туралы сұрап білді. Сапар барысында гарнизондық госпитальға ерекше назар аударылды. Сарбаз аналары жауынгерлерді емдеу үшін медициналық мекемеде жасалған жағдайды, медициналық көмек деңгейін және жабдықтарды зерделеді. – Біз армияны қоғамға ашық етуге, ата-аналардың оған деген сенімін арттыруға және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қиын жағдайларды шешуге көмектесуге тырысамыз, - деп түсіндірді Лилия Хайруллина.«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп тұрады. Олар ашықтықты қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің құқықтарын сақтауға және қоғамның армияға деген сенімін нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1021253?lang=kk
Қазақстан ДСҰ Cауда саясатын шолу жөніндегі органын басқарды 25.06.2025
Женева, 2025 жылғы 20 маусым – Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде ДСҰ Бас кеңесінің шешімі бойынша ДСҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі Қайрат Төребаев Сауда саясатын шолу органының (ССШО) төрағасы қызметіне ресми түрде кірісті.Сауда саясатын шолу органы Бас кеңеспен және Дауларды шешу органымен бірге ДСҰ-ның үш негізгі органының бірі болып табылады. Оның негізгі міндеті-ДСҰ-ның барлық мүшелерінің сауда саясатын үнемі талдау және талқылау арқылы халықаралық саудадағы ашықтықты қамтамасыз ету.Қазақстанның ұйымға мүше болу тарихында тұңғыш рет оның өкілі осындай жоғары құрылымды басқарды. Сонымен қатар, Қазақстан жаһандық сауда реттеудің осы негізгі тетігін басқарған ТМД мемлекеттерінің ішінен бірінші ел болды.Бұл тағайындау Қазақстанның ДСҰ-ның белсенді және сындарлы қатысушысы ретіндегі беделін маңызды тану болып табылады, халықаралық сауда қоғамдастығы тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді және біздің еліміздің ашық, инклюзивті және әділ көпжақты сауда жүйесін дамытуға тұрақты үлесін растайды.Өзінің кіріспе сөзінде Қайрат Торебаев алдыңғы төрағаға атқарған еңбегі мен Сауда саясатын шолу органы жұмысының тиімділігіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол төраға ретіндегі міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаруға және ДСҰ мүшелері арасында сындарлы диалогты нығайтуға дайын екенін растады.2024 жылғы қыркүйекте Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға қосылған сәттен бергі алғашқы Сауда саясатын шолу рәсімі өтті. Бұл шолу Қазақстанның жетістіктерін халықаралық деңгейде таныстыру алаңы болды. Халықаралық әріптестер елдің экономиканы әртараптандыру және сауда рәсімдерін оңайлату салаларындағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанның сенімді сауда серіктесі ретіндегі беделін тағы бір мәрте растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1021304?lang=kk