Enbekshi QazaQ

Әлем

Үкімет экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті 28.05.2025
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.«Таза Қазақстан» тұжырымдамасында экологиялық мәдениетті дамытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қамтитын кешенді тәсіл көзделген. Негізгі бағыттарға экологиялық ойлау, жауапты мінез-құлық, оның ішінде оны ынталандыру шаралары, экологиялық білім беру және ақпараттандыру кіреді.Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың экология туралы хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.Нысаналы индикаторларға сәйкес, 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеуді 25% - дан 38% - ға дейін, ал экологиялық тәрбиені нығайту жөніндегі іс-шараларға тартылған білім алушылардың үлесін 15% - дан 40% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ азаматтардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі 55,8% - дан 64,7% - ға дейін өседі деп күтілуде.Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылымды дамытуды, экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуді және қоршаған ортаның ластануына «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді.Сондай-ақ, құжат тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/999651?lang=kk
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жалғасуда және эко іс-шаралар апта сайын өткізіледі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей. 28.05.2025
- «Бұл жасампаз әрекет азаматтарды біріктірді. Бірнеше айдың ішінде акцияға үш миллионға жуық адам қатысып, жүздеген мың аулаларды тәртіпке келтіріп, бір миллион тоннадан астам қоқыс жинады. Осындай бастамалардың арқасында елде жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика тамыр жайып келеді. Бұл шынайы патриотизм және Отанға қамқорлық деп айтуға болады. Осындай істер арқылы ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда».Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл уақытша акция емес, бұл жоба жыл бойы жалғасуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/999659?lang=kk
🔹 «Таза Қазақстан»: халық үшін өтінім берудің ыңғайлы сервисі 28.05.2025
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамның әлеуметтік желілерді жаппай пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет ететін TazaQazBot Телеграм-чат-ботының негізінде халықтан өтінім алудың жаңа сервисі әзірленіп, пайдалануға берілді.Чат-бот азаматтардың назарын аударды және оның ел тұрғындары арасында танымалдылығының табысты басталғанын сеніммен айтуға болады.✅Үрдіс барынша оңайлатылған: авторизация жүргізу, проблемалық жердің фотосуреті, мекенжайды көрсету және проблемаға түсінік беру мүмкіндігі қажет.➡️Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/999669?lang=kk
Қостанай облысында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда 28.05.2025
Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттардың бірі – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Президент тапсырмасына сәйкес Қостанай облысында заманауи және қолжетімді спорт инфрақұрылымын құру, түрлі жастағы тұрғындарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.ИнфрақұрылымСоңғы екі жылда өңірде 17 жаңа спорт нысаны салынды:10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК),4 хоккей корты,2 ангар типіндегі спорт залы,1 ат спортына арналған арена.Спортқа тең қолжетімділікке ерекше мән берілуде. Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында заманауи ДШСК ашылып, онда қала тұрғындары волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисімен айналысып, жаттығу залында тегін спортпен шұғылдана алады. Кешен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Осы санаттағы азаматтар үшін бөлек дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды.Бұқаралық спорт және қадамдық қолжетімділікҚалаларда, ауылдар мен кенттерде әр жастағы тұрғындарға қолжетімді 53 көпфункционалды спорт және воркаут алаңы орнатылды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзімен:«Спорт алаңдары тек қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, әр ауылда болуы керек. Бұл – тең мүмкіндіктер мен жергілікті тұрғындарға деген құрмет мәселесі».Кәсіби спортБүгінде Қостанай облысының 793 спортшысы әртүрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар қатарында.2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында өңір атынан 10 спортшы қатысып, олардың жетеуі Қазақстан құрамасының медаль қоржынын толықтырды.Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бағытында футбол және хоккей академиялары ашылды, «Еңбек резервтері» спорт кешені қайта жаңғыртылуда, үстел теннисі орталығы мен күрес залының құрылысы жүргізілуде.Жүйелі тәсіл және басқаруСпорт нысандарының тиімді жұмыс істеуі мен секциялық жұмыстың нәтижелілігін арттыру үшін келесі тапсырмалар берілді:•әр спорт нысаны мен басшы жұмысының тиімділігін талдау,•спорт түрлері бойынша мекемелер мен секцияларды басқаруда KPI тәсілін енгізу,•барлық жаңа және жұмыс істеп тұрған нысандарда аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп секциялық жұмысты ұйымдастыру.Жаңа бағыттар – жаңа мүмкіндіктер«Еңбек резервтері» спорт кешенінің бассейнінде суға секіруге арналған мұнаралар орнатылды. Бұл өңірде жаңа олимпиадалық спорт түрінің дамуына жол ашады. Спорт басқармасына суға секіру жаттықтырушыларын тарту тапсырылды.Қостанай облысында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту жұмыстары жалғасын табады. Бұл – салауатты ұрпақты тәрбиелеуге, спорт резервін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді мақсат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999723?lang=kk
1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады 28.05.2025
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады✓ Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.✓ Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады.Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.САЙТҚА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ?Ағымдағы жылдың 1 – 30 маусым аралығында қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет.Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?Сайтқа тіркелу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:жоғары білім туралы дипломеңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес)мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификатыПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІСондай-ақ, тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;3. Сыртқы саясат және инвестициялар;4. Экономикалық және қаржылық саясат;5. Цифрландыру;6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы жарамды мерзімі бар сертификат болмаған жағдайда кандидатқа берілген промокод арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «www.qrt.kz» QAZAQ RESMI TEST тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі.QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.КЕРІ БАЙЛАНЫСТіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999730?lang=kk
Судағы қауіпсіздік 28.05.2025
Жаз - демалыс үшін жақсы кезең. Су жағасында өзің және өз денсаулығың үшін пайдасымен демалу үшін суда жүзу, суда өзің-өзі ұстау ережелерін сақтауды үйрену керек.Көне заманнан адамдар суға шомылу мен сумен шынықтырудың  ғажайып күшін біліп, «суда жүзуге жүруге дейін үйрену» қағидасын сақтады.Суда ұзақ уақыт бойы жүзуге болмайды - оңай суық тиюі мүмкін. Егер Сіз қалтырауды сезсеңіз, сол уақытта судан шығып, жағалау бойымен қысқа, бірақ та белсенді  қимыл жасаңыз. Суға түсудің ұзақтығы ауа мен судың температурасынан, ауаның ылғалдылығы мен жел күшіне байланысты.  Суда жүзудің  аса жағымды шарттары - ашық желсіз ауа райы, ауаның температурасы +25 С және одан да жоғары. Суға түсуді +18 С су температурасынан бастау қажет. Тамақтанудан кейін 1,5 сағат өткеннен кейін суға түсу ұсынылады. Ең жақсысы балалар жағажайларында суға түсу, олар жақсы жабдықталып, оқыс оқиғаларды алдын алуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Балаларға тек қана қастарында ересек адамдар болған кезінде суға түсуге болатынын ұмытпаңдар.Есте сақтаңыздар:Тек қана рұқсат етілген жерлерде және ересек адамдар болған кезде суға түсу;Таныс емес жерлерде сүңгігуге болмайды - түбінде батып кеткен бөренелер, тастар және тырбиған ағаштар болуы мүмкін;Батпақ, балдырлар бар орындарда суға түсуге болмайды;Үрмелі матрастарда, автокөлік камераларда және үрмелі ойыншықтарда суда жүзуге болмайды - көмекші құрал ақаулы болып, жыртылуы мүмкін, адам кенеттен суда болып қалуы мүмкін, ал ол тіпті жақсы суда жүзетін адамдарға да қауіпті болуы мүмкін.Кемелерге жармасуға, навигациялық құралдардың таңбалардың үстіне  шығуға болмайды (бакендер, буй және т. б.);Өтіп жатқан кемелердің қасына келуге, жүзудің шекарасын көрсететін буйлардың шегінен шығуға, фарватерге жүзіп шығуға болмайды;Дауыл ауа райы кезінде және қатты соқпа толқындар бар орындарда суға шомылуға болмайды;Егер Сіз қатты ағымға түсіп қалсаңыз, оған қарсы жүзуге тырыспаңыз, ондай жағдайда ағыммен келе-келе жағалауға жақындап жүзу қажет;Егер Сіз иірімге түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, көбірек ауа жұтып, кенет одан басқа жаққа бұрылуға тырысыңыз;Егер Сіздің бұлшықетіңіз түйіліп қалса, арқаға жатып, жағалауға қарай жүзуңіз, ол кезеде түйіліп қалған бұлшықетіңізді ысқылауға тырысыңыз;Достарыңызды, ересек адамдарды көмекке шақыруға ұялмаңыз;Жалған үрей айқайлауға болмайды.Суда жүзуді білу- суда өзің-өзі сақтаудың тәсілі. Жүзу- тіршілік қажетті машық. Жақсы жүзе білу- судағы оқыс-оқиғалардың кепілі.  Абай облысының ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1017990?lang=kk
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауының облыстық кезеңі 28.05.2025
19 мамыр 2025 жылы ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес байқауға облысымыздың 11 аудан/қалаларынан келіп түскен 18 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:Бас жүлде (орта топ) – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;Бас жүлде (ересек топ) – ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК;1-орын (орта топ) - Зайсан ауданы «Алтай-Шың» бөбекжай-балабақшасы ЖШС филиалы;1-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Аленушка» балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжайы» КМҚК және ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;1-орын (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Катюша» бөбекжайы» КМҚК;2-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМКҚ;2-орын (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ;3-орын (орта топ) - ШҚО ББ «Самар ауданы боыйнша білім бөлімінің «Дәншік» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;3-орын (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Аленушка» балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» КММ және ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ;Аталымдар:«Үздік би ұжымы» - ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ;«Үздік балалар биі» - ШҚО ББ «Самар ауданы боыйнша білім бөлімінің «Дәншік» бөбекжай-балабақшасы» КМКҚ;«Шығармашыл бишілер» - ШҚО ББ «Самар ауданы боыйнша білім бөлімінің «Дәншік» бөбекжай-балақшасы» КМҚ.«Өнерлі бишілер» - ШҚО ББ «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қазақстан негізгі орта мектебі» КММ;«Үздік костюм» - ШҚО ББ «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Верх-Уба негізгі орта мектебі» КММ.Жеңімпаздар: ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК (орта топ) және ШҚО ББ «Өскемен қаласы №15 «Рахат» балабақша» КМҚК (ересек топ) жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.  Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/999735?lang=kk
«Әділет кеңес береді» 28.05.2025
   Азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында 2025 жылдың 20 мамырында Арқалық қаласында Әділет департаменті жеке сот орындаушыларымен, нотариуспен және адвокатпен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.   Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, тараптардың құқықтары мен міндеттерін сақтау, сондай-ақ құқықтық қорғаудың ықтимал шаралары мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.   Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/999741?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізген кезде құн өсімінен түсетін кіріс 28.05.2025
Жеке тұлға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды:1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары, жеке қосалқы шаруашылық объектілері;2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және жер үлестері;3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және жер үлестері;4) Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық алтын;5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдары және тіркемелер;6) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген цифрлық активтер, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003228?lang=kk
2025 жылғы 21 мамырдан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа жұмыс режимі 28.05.2025
Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 21 мамырдан бастап жаңа жұмыс режимі туралы хабарлайды.ҚР ҚМ 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес Комитеттің барлық аумақтық бөлімшелері (кезекші бекеттерді, кеден бекеттерін, бақылау өткізу пункттерін және тәулік бойы не ауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастыру талап етілетін өзге де мамандандырылған бөлімшелерді қоспағанда) үшін мынадай жұмыс режимі белгіленеді:- жұмыстың басталуы: 8 сағат 30 минутта; - жұмыстың аяқталуы: сағат 18.00-де;- түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30 минутқа дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/999578?lang=kk
Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды 28.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2025 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен Тасқын Тұрағалдыұлы Ақбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалды.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1000651?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ҚР Ұлттық ұланының академиясы базасында өтуде 28.05.2025
19–24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының базасында қызметтік және дене шынықтыру даярлығына жауапты қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде. Оқыту бағдарламасы:«Қызметтік даярлық аясында жеке құраммен сабақтарды ұйымдастыру» Курстың мақсаттары:•Мамандардың теориялық және практикалық даярлық деңгейін арттыру;•Сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуге бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру;•Нұсқаушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Мұндай курстарды ұйымдастыру ҚАЖ мекемелерінің персоналын сапалы даярлауға, тиімді оқыту әдістемелерін енгізуге және қызметтік тәртіпті, физикалық даярлықты, сондай-ақ қызметтік міндеттерді жоғары деңгейде орындауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/999428?lang=kk
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады 28.05.2025
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:* Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;* Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;* Экономикалық және қаржылық саясат;* Цифрландыру;* Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;* Сыртқы саясат және инвестициялар.Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:* Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;* Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;* Ситуациялық тапсырмаларды шешу;* Құзыреттерді бағалау;* Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;* Ұлттық комиссияның отырысы.Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke-oital/press/news/details/1007410?lang=kk
Таиландта қазақ мәдениетінің керемет гала-концерті өтті 28.05.2025
Бангкок, 2025 жылғы 17 мамыр – Таммасат университетінің Puey Ungphakorn Centenary Hall концерт залында Таиланд тарихындағы алғашқы қазақ мәдениетінің гала-концерті «Kazakhstan: Rhythm of the Steppe» өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Таиландтағы Елшілігі мен «Катюша» халық би ансамблі бірлесіп ұйымдастырды.Бұл ауқымды мәдени оқиғаға 500-ден астам көрермен жиналды. Қонақтар қатарында дипломатиялық корпустың өкілдері, халықаралық компаниялар, студенттер және тай азаматтары. Сахнада 200 жас әртіс қазақтың ұлттық билерін орындап, көрермендерді хореографияның сұлулығымен, сахналық бейнелердің көркемдігімен, костюмдердің әртүрлілігімен және дәстүрлерге деген құрметімен тәнті етті. Кештің шынайы безендірілуі ретінде қазақтың домбырасының тірі орындауы ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, Таммасат университетінің студенттері дәстүрлі тай биін ұсынып, қос халық арасындағы мәдени үнқатысудың жарқын көрінісіне айналды.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов өз құттықтау сөзінде:«Бүгінгі кеш - Қазақстан үшін ерекше әрі маңызды. Біз мәдениетіміздің бір бөлшегін - музыка, би, ұлттық киімдер және Ұлы Дала рухын сіздерге ұсынуға мүмкіндік алдық. Бүгін біз саясат пен экономикамен ғана емес, ең жылы әрі адами жолмен - мәдениет арқылы да көпірлер саламыз», - деп атап өтті.«Катюша» ансамблі - Таиландтағы жалғыз халық би ұжымы, онда 500-ден астам тайлық бала өнерге баулып келеді. Академия 15 жылдан астам уақыт бойы елдің маңызды мәдени іс-шараларына қатысып келеді және билік пен мэрияның қолдауына ие. Оқыту бағдарламасының маңызды бағыты - қазақ халық биі. Бүгінгі таңда бұл бағытпен 150-ден астам оқушы айналысады.Оқыту тек би техникасымен шектелмей, мәдени ортаға терең бойлауды қамтиды: тарих, дәстүр, фольклор, ән мәтіндерінің мазмұны мен ұлттық ою-өрнектерді зерттеу. Барлық сахналық костюмдер мен дәстүрлі бас киімдер (сәукеле) тайлық шеберлердің қолымен этнографиялық дәлдікпен жасалған.Гала-концерт бағдарламасына ондаған би қойылымы енді. Олардың ішінде көптеген тайлық қыздарға шабыт берген, нәзіктігі мен поэтикалық бейнесімен ерекшеленетін «Аққу» биі бар. Сонымен қатар, «Арулар», «Sylkydak», «Кербез сұлу», «Қара жорға» сияқты қазақ халық би өнерінің сұлулығы мен алуан түрлілігін көрсететін қойылымдар орындалды.Бұл кеш халықтар арасындағы достық пен мәдениеттің нағыз мерекесіне айналды. Концерт Қазақстанның бай мұрасымен таныстырып қана қоймай, өнер тілі - жастығына, ұлтына не еліне қарамастан әр адамға түсінікті екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/999234?lang=kk
Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best warrior байқауында сәтті өнер көрсетті 28.05.2025
Астана халықаралық әуежайында Америка Құрама Штаттарынан ұшып келген 54835-А әскери бөлімінің батальон сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі парашюттық-десанттық ротасының сержанты 2-сыныпты гвардия сержанты Рауаны Тоқтарбековті салтанатты жағдайда қарсы алды.  Әскери қызметшілер Аризона штатының Ұлттық гвардиясы ең жақсы әскери қызметшілерді анықтау мақсатында сержанттар құрамы үшін ұйымдастыратын жыл сайынғы Best warrior байқауына қатысты.Навахо әскери базасында өткен жарысқа АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуама, Тонги және Филиппин мемлекеттерінен келген әскери қызметшілер қатысты.  Конкурс армиялық жауынгерлік фитнес сынағынан, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндері бойынша нормативтер тапсырудан, топ құрамындағы тактикалық дайындықтан, топографиядан, жергілікті жерді патрульдеуден, тактикалық медицинадан, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан атудан және 12 кг жүкпен толық жабдықта 28 шақырымға марш жасаудан тұрды. – Жоғары бәсекелестікке, АҚШ армиясының қару-жарақ үлгілері мен құрылғыларында жаттығулардың орындалуына қарамастан, біздің әскери қызметшілер жауынгерлік қасиеттерін көрсетіп, жарыстың үш түрінде үздік атанды, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Бас штабының сержанттық құрамымен жұмыс басқармасының аға нұсқаушы-сержанты штаб-сержант Беглан Бейсалиев.Біз 3-сыныпты сержант Дархан Асланның 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, байқау тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.Бұдан бөлек біздің жігіттер 12 килограмдық жүкпен 28 шақырымға 3 сағат 39 минуттық марш жасап, үздік нәтиже көрсетті. Жауынгерлер керемет төзімділік танытып, Қазақстан туымен мәреге жетті.Жауынгерлік дайындық және АҚШ Қарулы күштерінің әртүрлі қару үлгілерінен ату нормативтерін орындау кезінде 2-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков те жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік атқыш» сертификатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/999236?lang=kk
Тобыл қаласында мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша семинар өтті 28.05.2025
Бүгін Тобыл қаласында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай ауданының мемлекеттік мекемелерінің басшыларына арналған семинар өткізілді.Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңының талаптарын сақтау және орындау мәселелері талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану тәртібі мен оларды насихаттаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.🔹 Мемлекеттік рәміздер – елдің егемендігі мен бірлігін білдіретін басты құндылықтар. Оларды құрметтеу – әрбір азамат пен мемлекеттік қызметкердің азаматтық міндеті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/999242?lang=kk
Өз командаңызды жинап, алға бастаңыз! 28.05.2025
Сіз баскетболды жақсы көресіз бе? Бұл ойынды оқудан немесе жұмыстан бос уақытта ойнауды ұнатасыз ба? Онда бұл ақпарат Сізге арналған! Жақында Қарағандыда стритболдың жазғы маусымы ашылады. Дәлірек айтсақ, 14 маусым күні  Аула баскетбол лигасының бірінші туры өтеді. Барлығыңызды қатысуға шақырамыз! Өз командаңызды жинаңыз да, алға бастаңыз! Толығырақ https://www.instagram.com/p/DJrF_z0TgjW/. Байланыс телефоны +7 700 997 2358. Бұл  күшті емес пе!Айтпақшы, Қарағанды облысында баскетболға деген қызығушылықтың өсуі айқын байқалады. Статистикаға сәйкес, бұл командалық ойын футбол, волейбол және футзалдан кейін біздің аймақтағы спорт түрлерінің танымалдығы бойынша төртінші орында тұр. Онымен 23562 адам (ауылдық жерлерде – 5707) айналысады.Бұл күндері Қарағандыда «GGG» спорт кешенінің залында 2012 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында облыс чемпионаты өтуде, оған қалалар мен аудан командалары қатысуда. Дәл осындай жарыстарда үздіктер таңдалып, өңірлік құрама құрылады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қаңтарында біздің ойыншылар командасы 2012 жылы туған Қазақстан чемпионатында үшінші орынға ие болды. Қарағандылық Жандос Әубәкіров ел біріншілігінің үздік ойыншысы атанды.Аймақ құрамасында барлығы 12 ойыншы болды. Оның алтауы Шахтинск қаласының тумалары, екеуі Абайдан және төртеуі қарағандылықтар.- Өткен жылы біз өте жақсы нәтиже көрсеттік.  Барлық аймақтың жаттықтырушыларын біріктіріп, әр жас санатына өз тәлімгері бекітілген жүйені құра алдық. Мұндай жүйе жұмысты нәтижелі етеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп, түсіндірді Қарағанды облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Дастан Аяпбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/999244?lang=kk
Талдықорғанда Ұлттық ұлан сержанты қайғылы жағдайдың алдын алды 28.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, кіші сержант Серікжан Оралдың жедел және кәсіби әрекеті Жетісу облысы Ескелді ауданы Өтенай кентіндегі қайғылы оқиғаның алдын алуға себепші болды.Жер үйлердің жанынан өтіп бара жатқан әскери қызметші ауладағы нысандардың бірі жанып жатқанын және сол жерден үрейлі ер адамды көреді. Күйзеліс күйінде тұрған азамат жанып жатқан нысан ішінде әйелі болуы мүмкін екенін айтады. Орал бір секунд та уақыт жоғалтпай, бірден түтінге оранған үйге кіріп кетеді. Алайда үй-жай ішінен адам таппай,  сыртқа шығып әлгі азаматқа әйеліне қоңырау шалуды бұйырады. Қуанышқа орай, жұбайы үйден тыс жерде екен.Дегенмен, қауіп мұнымен аяқталған жоқ. Үй иесі сондай-аш іште газ баллоны бар екенін хабарлайды. Жағдайдың ауырлығын түсінген кіші сержант іштей қауіптенсе де, жанып жатқан нысанға қайта кіріп, баллонды жылдам алып шығады. Өзінің табандылығы мен шапшаңдығының арқасында ол жарылыс пен одан келер ауыр салдардың алдын алды.— Менің орнымда кез келген ер азамат қолдан келгенше осылай көмектесер еді деп ойлаймын, - дейді Серікжан нық сеніммен.Серікжан Орал — төрт ұлдың әкесі. Ол балаларының әке ізімен, Отан қорғаушы болғандарын армандайды.— Ұлдарымның мені мақтан тұтқанын және ел қорғау ісін таңдап, жолымды жалғағанын қалаймын. Себебі, бұл жай ғана мамандық емес — бұл елжандылық қасиет!", - дейді бейбіт күннің батыры.Дәл осындай адамдар күн сайын, әскери қызметтің — халыққа риясыз қызмет ету және кез-келген сәтте көмекке келуге дайын болу екенін көрсетуде. Оралдың әрекеті —батылдық пен шынайы азаматтық жауапкершіліктің жарқын дәлелі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/999248?lang=kk
Музей түні – 2025 28.05.2025
 Жыл сайын 18 мамырда әлем елдерінің музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Халықаралық музейлер күнін атап өтеді. 1992 жылдан бері мереке жыл сайын музей жұмысының ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір тақырыппен өткізіліп келеді. 2025 жылғы музейлер күнінің тақырыбы – «Жылдам өзгеретін қауымдастықтағы музейлердің болашағы».Қала тұрғындары мен қонақтары 16 мамыр күні сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін «Музей түні - 2025» интерактивті акциясына белсене қатысты. Мерекелік кеште қостанайлықтарға түрлі бағдарламалар ұсынылды: қызықты көрмелер мен шеберлік сабақтары, шығармашылық викториналар, музыкалық бағдарламалар және т.б.Түнгі музей экспозицияларының арасында: – «Көктем. Жеңіс. Естелік» – Жеңістің 80 жылдығына арналған Қостанай суретшілерінің көрмесі, «Шағын экзотариум» – экзотикалық жануарлар көрмесі, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі және «Бал дүкені» –  бал көрме-жәрмеңкесі жұмыс жасады.Балалар мен ересектерге арналған «Қолмен ұстап көр» – интерактивті жобасы және суреттердің иллюстрациялары бар пазл-ойындары, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің мерейтойына арналған «Музейге 110 қадам» – интерактивті акциясы, «NAPOKAZ» модельдік агенттігінің дефилесі ерекше орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/999249?lang=kk
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Архив құжаттарындағы музей тарихы» - музей оқулары 28.05.2025
2025 жылы 19 мамырда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына орай «Архив құжаттарындағы музей тарихы» атты музей оқулары өтті.Атаулы іс-шараға “Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы” ММ-нің архив жұмысы бөлімінің бас маманы Кадырменова Әсемгүл Кенжетайқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсіпов Руслан Батырханұлы, Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысыТынымбай Айжан қатысып, баяндама оқыды.Музей оқулары барысында архив құжаттарында жазылған музейдің тарихы, кеңес уақыты кезіндегі облыстық музейдің әлеуметтік-мәдени мәртебесі және қызметі талқыланды.Сондай-ақ шараға музей қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/999250?lang=kk