Enbekshi QazaQ

Әлем

Ермағанбет Бөлекпаев Гомель облысының делегациясымен кездесті 18.04.2025
Беларусь өнеркәсіпшілері Қарағанды облысымен бизнес серіктестікті нығайтуға мүдделі. Байланыстарды дамыту үшін Қарағандыға құрамында мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпорын басшылары бар Гомель облысынан үлкен делегация келді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде өңіраралық ынтымақтастық әлеуеті талқыланды.– Беларусь пен Қазақстанды жыл сайын дамып, нығайып келе жатқан ортақ тарих, терең тарихи және мәдени байланыстар біріктіреді, – деп қонақтарды қарсы алды Ермағанбет Бөлекпаев. – Өздеріңіз білетіндей, біздің облыс – өнеркәсіптік өңір. Мұнда ірі тау-кен кәсіпорындары, сондай-ақ түсті және қара металлургия, машина жасау, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен энергетика өндірістері шоғырланған. Біз өнімді әлемнің 50 еліне, соның ішінде Беларусь Республикасына да жеткіземіз. Ынтымақтастық үшін негіз бар, біз өзара тиімді жағдайда жұмыс істеуге дайынбыз.Аймақ басшысы «Сарыарқа» АЭА мен Saran индустриалды аймағында инвесторлар үшін жасалған жағдайлар туралы айтты.Өз кезегінде қонақтар гомельдік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін көрсететін бейнероликті ұсынды.Гомель облыстық атқару комитетінің төрағасы Иван Крупко Қазақстан Беларусь үшін стратегиялық серіктестердің бірі және сыртқы тауар айналымы бойынша Ресей мен Қытайдан кейін үшінші орында екенін атап өтті.– Соңғы бесжылдықта Гомель облысының Қазақстанмен тауар айналымы бір жарым есеге артты. Менің ойымша, біз өз халықтарымыз үшін, өз тұрғындарымыз үшін екі жаққа да тиімді нүктелер табсақ, көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Біздің кездесуіміз өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда жақсы нәтиже береді деп үміттенемін, – деп атап өтті делегация басшысы.Негізінен Беларусьтан жергілікті нарыққа қазір ет-сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы техникасы жеткізіледі. Иван Крупконың пікірінше, жиһаз шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, гомельдік кәсіпорындар фермерлерге арналған техниканы ұсынады.Қарағандылықтар қыркүйек айында Гомельде өтетін экономикалық форумға шақырылды.Кездесу Гомель және Қарағанды облыстары арасындағы өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/977322?lang=kk
Жатаған у кекіре. (Acroptіlon repens DC) арамшөпі қауіпті карантинді объект. Горчак ползучий 18.04.2025
Жатаған у кекіре. (Acroptіlon repens DC) арамшөпі қауіпті карантинді объект. Горчак ползучийАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/977320?lang=kk
Қарағанды қаласының жетінші сынып оқушысы Spelling Bee халықаралық байқауының республикалық деңгейінде жеңіске жеткені үшін сыйлық ретінде Ұлыбританияда оқу курсын ұтып алды 18.04.2025
Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетінші сынып оқушысы Данияр Мұстафин Spelling Bee халықаралық байқауының республикалық кезеңінде үздік атанды. Білім додасындағы жеңісі үшін сыйлық ретінде Ұлыбританияға сапар ұтып алдя, онда оқушы EF Education First-тен бір апталық тіл курсынан өтеді.Spelling bee – жыл сайынғы ағылшын емле байқауы. Қатысушылар жылдамдыққа күрделі ағылшын сөздерін әріптермен жіктеп атаулары тиіс.Биыл байқауға 7–9 сынып оқушылары қатысты. Барлық турлардың қорытындысы бойынша үздік нәтижелерді Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Данияр Мұстафин көрсетті.– Даниярдың ең алғашқы ағылшын мұғалімдері оның ағалары болды. Үлкен ұлымыз ҚТЛ, ортаншымыз – IT-лицейді бітірді. Данияр біздің кенже баламыз, ағалары онымен жиі ағылшынша сөйлесетін. 4–5 жастан бастап Данияр ағылшын тіліне қызығушылық танытты. Бұл байқауға ол онша дайындалған жоқ. Мен оның бойында жарыс рухын сақтауға тырысамын. Бұрын ол жеңіліске ұшырағанда қатты күйзелетін, бірақ мен әрқашан ең бастысы – қатысу, ал жеңістер міндетті түрде болады деп айтатынмын, – дейді Даниярдың анасы Айнагүл Мұстафина.Сыйлық ретінде Даниярға EF Education First-тен бір апталық стипендия берілді. Курс Ұлыбританияда осы жылдың шілде айының соңында өтеді.– Бізге Англияның үш қаласын таңдау ұсынылды. Біз Борнмутты таңдадық. Данияр сол жерде ағылшын отбасында тұрады. Тамақтану, тұру, оқу – осының бәрі стипендиямен өтеледі. Виза мен ұшу өз есебімізден, – дейді Айнагүл Мұстафина. – Әрине, бұл арзан емес, бірақ бала өз жеңісінің жемісін пайдалануы тиіс.Осы байқауда тағы бір қарағандылық жүлделі орынға ие болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы Эмир Бүтімбаев қола медальға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/977311?lang=kk
2025 жылты 1 сэуірде жеке тулгалардан келік куралдарына салынатын салыкты телеудін 2024 жылы мерзімі аякталды. 18.04.2025
2025 жылты 1 сэуірде жекетулгалардан келік куралдарына салынатын салыкты телеудін 2024 жылы мерзімі аякталды.Салыкты уактылы телемеген жосыксыз салык,телеушілерге катысты мемлекеттік кірістер органдары салык берешегін межбурлеп ендіріп алу эсерінін, барлык тетіктерін колданады.Біріншіден, салыкты уактылы телемеген жадайда, Мерзімі еткен эрбір кун ушін кайтакаржыландырудын ресми ставкасынын 1,25еселенген мелшерінде осімпул есептеледі.Екіншіден, "жеке тулгалардын, салык, берешегітуралы" хабарлама орындалмаган, "жеке тулганын,берешегін ендіріп алу туралы Салык буйрыты" еріктітурде орындалмаган кезде материал жеке соторындаушыларына межбурлеп ендіріп алуга тікелей беріледі.Оз кезегінде, берешекті ендіріп алу максатындажеке сот орындаушылары борышкерлерге катыстыалынган материалдар бойынша мынадайшараларды колданады:- Казакстан Республикасынан тыс жерлерге шытуды шектеу;- тіркеу рекеттерін шектеу;- салык, телеушінін мулкіне тыйым салу;- банк шоттары бойынша шыгыс операцияларынтоктата туру;- борышкердін, езін камаута алу.Бул ретте борышкер салыктар бойыншаберешекті телегеннен кейін соторындаушыларынын кызметтеріне ендіріп алынган соманын 25 пайызына дейінгі мелшерде телеуге міндетті.Электрондык салык телеуші ретінде тіркелген жеке тулгалар салык телеушінін кабинеті аркылыэлектрондык арна аркылы хабарлама мен салыкбуйрытын алатынын атап отеміз.Салык міндеттемесін орындау КазакстанРеспубликасынын рбір азаматынын, міндеті женеборышы болып табылады.Баяндалганнын негізінде салык берешегінін, бар- ЖОЫН КР Мемлекеттік кірістер комитетінін сайтында, электрондык сервистер белімінде-салык, берешегінін, жок (бар) екендігі туралы мэліметтерді не банктін косымшасында тексеруге боладыKaspi.kz. мемлекеттік кызметтер белімінде-салыктар бойынша карыздар.Салык, бойынша берешекті телеуді екінші денгейдегі банктердін мобильді косымшалары аркылы электрондык турде жургізуге болады(post.kz, kaspi.kz, homebank.kz жене баскалар),Esalya мобильді косымшасындаты салык эмиянкызметі аркылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/977304?lang=kk
Тағылымдама өткізілді 18.04.2025
2025 жылдың 11 қарашасында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.М. Абдикалыкова Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының №1 бөлімінің инспекторларына құжаттарды апостильдеуге қабылдау мәселелері бойынша тағылымдама өткізді.Тағылымдама барысында электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау тәртібін түсіндіруге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1102902?lang=kk
Жалған хабарламалар туралы хабарлаймыз 18.04.2025
Құрметті салық төлеушілер!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бүгінгі таңда интернет-алаяқтар «Салықты төлеу қажеттілігі туралы ескерту» деген тақырыппен фейк хабарламаларды электронды пошта арқылы немесе WhatsApp желісі арқылы жіберуді жалғастырып жатқанын хабарлайды.Ескертеміз, барлық хабарламалар мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жасалып, нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және "e-Salyq" мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.Осыған байланысты абай болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражаттарын аудармауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сұраған деректерді (Аты-жөні, байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа мәліметтер) толтырмауға және ұсынбауға, сондай-ақ алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береміз. Маңызды! Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/977293?lang=kk
Мемлекеттік бажды қайтару 18.04.2025
Мемлекеттік бажды қайтару үшін қайтарудың негізділігін растайтын тиісті органның құжатын қоса бере отырып, өтініш беру қажет.Өтінішті «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, «Электрондық үкімет» порталы, «e-Salyq Аzamat» мобильдік қосымшасы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы қағаз жеткізгіште ұсынуға болады.Мемлекеттік бажды қайтару Салық төлеушінің банктік шотына қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/977285?lang=kk
Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың дәрісі өтті 18.04.2025
   2025 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, сондай-ақ жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және «Заң және тәртіп» нарративін ақпараттық қолдау аясында З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың дәрісі өтті.   Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу және даму кезеңдері, оның мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы, сондай-ақ жастар арасында құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы құқықтық ағартудың рөлі талқыланды.   Сонымен қатар қатысушылар құқықтық мәдениеттің өзекті мәселелері мен қоғамдағы құқықтық сана деңгейін арттыру жолдарына және жастардың құқықтық бастамаларға белсенді қатысу маңыздылығына ерекше мән берді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/977268?lang=kk
Шекелік шашбау жасау бойынша шеберлік мастер классы 18.04.2025
Отбасын қолдау орталығында ұлттық нақыштағы ерекше іс-шара өтті!Шекелік шашбау жасау бойынша шеберлік мастер классы ұйымдастырылды.Қатысушылар дәстүрлі өнердің қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен ұнаған әсем әшекейлерін жасады.#Шашабау #Шекелік#Отбасынқолдауорталығы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/977256?lang=kk
Маңғыстау облысында ғашықтар күнінде 26 шаңырақ құрылды 18.04.2025
Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 26 өтініш түсті. Оның ішінде 18-і Ақтау қаласында тіркелген.  Ал елімізде бұл күні  500-ден астам шаңырақ құрылды.Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Маңғыстау облысында жыл басынан 1103 жас жұптар некелерін заңдастырған.Естеріңізге сала кетейік, елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/977255?lang=kk
«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқару парағы негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді. 18.04.2025
2025 жылдың 15 сәуірде «СҚО Әділет Департаменті» РММ «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Б. Исакановамен «Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Мансап орталығы» филиалының қызметкерлерімен «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқару парағы негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді.Қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, осы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/977249?lang=kk
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы оқу орнында “Тауар белгісін құқықтық қорғау және тіркеу шарттары” тақырыбында дәріс өткізді. 18.04.2025
Тауар таңбаларын қорғау мәселелері талқыланды, Әділет органдарының тауар таңбасын заңсыз пайдалануына тексеру жүргізу туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/977245?lang=kk
Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І республикалық «Сұңқар едім шөлдегі, сұлтан едім елдегі» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті 18.04.2025
Талдықорған қаласы Д.Рақышев атындағы облыстық филармониясында қазақ әдебиеті мен музыка өнеріне үлес қосқан ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті.Кешкі сағат 17:00-де байқау жеңімпаздарының қорытынды Гала-концерті және марапаттау рәсімі атқарылды.Байқауға республикамыздың  облыстырынан және Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған қалаларынан өнерпаздар қатысты.Байқаудың мақсаты: ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының  шығармашылық мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі ән жанрындағы жаңа орындаушылармен таныстыру, шығармашылық байланыстар орнату және орындаушылар арасында тәжірибе алмасу. Әншілердің шығармашылық мүмкіндіктерін нығайту және дамыту, қолдауға жағдай жасау, орындаушылардың кәсіби деңгейін және шеберлігін арттыру.Байқауға қатысушылардың өнерлерін төмендегі қазылар алқасы саралады: Әміре Әрін - ақын, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, алқа төрағасыЕрмұрат Үсенов - Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ұстазы,  композиторАлпысбаев Әли Демегенұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, профессор, композитор, дирижерАрдақ Балажанова – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, ұстазНұржан Жанпейісов – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, ұстаз, дәстүрлі әнші.Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/977234?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп: әдеп жөніндегі уәкілдердің жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі 18.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» ұйымдастырып, өткізді.Іс-шараға қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты. Мектептің жұмысы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы әдеп жөніндегі уәкілдер институтының құзыретін арттыруға және рөлін нығайтуға бағытталған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі: қағидаттар, міндеттер және қызметінің тиімділігі" тақырыбында баяндама жасап,  бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың маңыздылығына және әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсенді қатысуына баса назар аударды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Хайруллин әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметіндегі проблемалары мен оларды шешу жолдарын атап өтіп, әдептілік мәдениетінің деңгейін үнемі арттыру және профилактиканың заманауи әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.Әдеп тәртібі және жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Беккужина ерекше назар аударып, тәлімгерліктің рөліне және жаңа бастаған мемлекеттік қызметшілерде адамгершілік бағдарларды қалыптастыруға баса назар аударды.ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Жанар Бұқанова сөз сөйледі. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру әрбір қызметшінің жеке жауапкершілігінен басталуы тиіс екенін атап өтті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқуға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.Мұндай іс-шараларды өткізу әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайтуға және мемлекеттік басқаруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/977228?lang=kk
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Тангпен таныстық кездесу өткізді 18.04.2025
Женева, 2025 жылғы 14 сәуір – Женевада Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангқа сыпайылық сапары өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, ДЗМҰ қолдауымен Қазақстанның Ұлттық инновациялық стратегиясының іске қосылуы, білім беру бастамаларын дамыту және зияткерлік меншік саласындағы халықаралық жобаларға Қазақстанның қатысуы мәселелері қаралды.Тұрақты өкіл Қазақстанның Жаһандық инновациялық индекстегі позициясын нығайтуға ұмтылысын атап өтіп, Орталық Азиядағы алғашқы ДЗМҰ кеңсесін Қазақстанда ашуға қызығушылық білдірді.Сонымен қатар, кездесу аясында Қазақстан Республикасының Марракеш шартына қосылуы туралы ратификациялық грамота ресми түрде берілді, бұл көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.Кездесу барысында ДЗМҰ Бас директорының алдағы Астана халықаралық форумына қатысуы да талқыланды. Форум аясында цифрлық технологиялар мен креативті индустриялар дәуіріндегі зияткерлік меншік мәселелеріне арналған арнайы панельдік сессия өткізу жоспарланып отыр.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайтуға өзара мүдделілік бар екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/977174?lang=kk
Өртке қарсы дайындық пен су тасқынының алдын алу – басты назарда 18.04.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте өрт қауіпсіздігі, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру және алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері жан-жақты пысықталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме-кәсіпорын басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.Мәжіліс барысында елді мекендерде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру, көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланды. Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын уақытылы әрі сапалы ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.Аудан әкімі тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі мен су тасқынының алдын алу бойынша кең көлемде түсіндіру-насихат жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтып, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар облыс әкімі төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/977165?lang=kk
Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша тапсырма берілді 18.04.2025
Бүгін өртке қарсы дайындық, су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.Аймақ басшысы Үкімет отырысынан кейін жиын өткізіп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.«Статистикалық деректерге қарағанда, еліміздегі төтенше жағдайлардың 90 пайызы өрт салдарынан болады. Өңіріміздің құрғақ, желді климатын ескерсек, дала өрттерінің тұтану, тез таралу қаупі аса жоғары.Дала өрттерінің алдын алу үшін тұрақты мониторинг жүргізіп, тиісті шараларды дер кезінде қамтамасыз ету қажет. Орман, дала өрттерінің басым бөлігі тұрғындардың, шаруашылықтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, жауапкершілікті сезінбеуінен туындайды.Жергілікті шаруашылықтар тазалық жұмыстарын жүргізерде орман мекемелеріне алдын-ала хабарлама беруі тиіс. Өрттің алдын алу шараларының толық ұйымдастырылуын қатаң бақылауға алыңыздар. Табиғи, адами факторлардың әсерінен магистральді және ауданаралық жол бойында, егіс алқаптарында құрғақ шөптің жану қаупі жоғары. Орман алқаптарында, егістікте бақылауды күшейту керек.Өңірімізде су тасқынының алдын алудың кешенді шаралары қабылданып, 14 ақпаннан бастап өзен бетінде мұз жүрді, наурыз айында толық тазартылды. Келген мол су көлдер жүйесіне жіберілді. Өзендегі су деңгейі магистральді каналдар мен көлдер жүйелеріне су алу арқылы реттелді. Суды тиімді пайдалану және су басу аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды.Бүгінгі мәжілісте қаралған мәселелер өзекті. Қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде тиісті шара қабылдау қажет», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, өрттің алдын алуда орман шаруашылығы мекемелерінде 15 өрт сөндіру автокөлігі, 10 дрон және 65 тұрақты өрт сөндіруші жасағы қызмет атқаруда.Соңғы 3 жылда өңірдегі орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлінді. Биыл 62 техника мен 80-ге жуық құрал алу көзделуде. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 18 тонна жанар-жағармай қоры дайындалып, 15 қадағалау мұнарасында тұрақты кезекшілік ұйымдастырылған.Су басу қаупі бар 29 аймаққа арнайы техника, күш-құралдары бар 135 жауапты мекеме бекітілді. Оларда 410 арнайы техника және 1 234 адам күші бар. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор жеткілікті, яғни 129,7 тонна жанармай, 95 110 қап және басқа да материалдар жинақталған. Ықтимал су тасқыны кезінде халықты көшіру пункттері дайын. Атап айтсақ, 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/977143?lang=kk
KazAID " Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумында 18.04.2025
KazAID " Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумында2025 жылғы 10-11 сәуір, Тараз қ. - Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында, Ұлттық волонтерлер желісі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған "Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумына KazAID қатысты.Форумның мақсаты - тәжірибе алмасу және волонтерлік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70-тен астам өкіл қатыстыОнлайн-баяндамада ҚР МАМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Г. Б. Сұлтанова халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. ХТУ ректоры, профессор М. Н.Сарыбеков жастар саясаты саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, ҚР Президентінің бастамасымен 2026 жыл БҰҰ-ның Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланғанын еске салды. 📌KazAID-ті форумда жоба менеджері А. К. Түймебекова таныстырды, ол панельдік сессия шеңберінде агенттіктің тұрақты және инклюзивті дамуға бағытталған бағдарламалары туралы, сондай-ақ 2024 жылғы ақпанда қол қойылған меморандум шеңберінде ҰЕЖ-пен ынтымақтастық туралы айтты.Форум соңында қатысушылар достық белгісі ретінде ХТУ-ға ағаштар отырғызды, сондай-ақ Тараз қаласына экскурсия жасады, онда волонтерлер ескерткішіне, ежелгі Тараз мұражайына, Тектұрмасқа, Айша-бибі мен Қарахан кесенелеріне және қаланың басқа да көрікті жерлеріне барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/977127?lang=kk
Бақылау-қассалық машиналарды қолдану 18.04.2025
 Салық кодексінің 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар үлгілері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабына сәйкес БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану -ескерту жасауға әкеп соғады.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік):- жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/977116?lang=kk
Дубайдың Экономика және туризм департаментінің корпоративтік қолдау жөніндегі Бас директоры Абдул Б.М. Әл Жанахимен кездесу 18.04.2025
Дубайдың Экономика және туризм департаментінің корпоративтік қолдау жөніндегі Бас директоры Жоғары мәртебелі Абдул Басет Мохаммед Әл Жанахимен кездесу өтті. Кездесу барысында туризм және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/977072?lang=kk