Әлем
Прокурорлар өңірде балық қорының артуына қолдау көрсетуде 18.04.2025
Талдау нәтижесінде анықталғаны, соңғы үш жылда балықтандыру қызметтері сатып алынбағандықтан, бұл аталған саланың дамуының баяулауына алып келген.Осыған байланысты Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында уәкілетті органдармен және балық шаруашылықтары өкілдерімен кездесу өткізді.Қазіргі уақытта әкімдік осы шығыстарды 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін қажетті қаражат бөлетін болады.Кездесуде балық өсіретін арнайы тәлімбақ ашу ұсынысы да қолдау тапты.Бүгінде шаруашылықтардың көпшілігі балықты тоғандар мен ашық су айдындарында өсіреді, бұл оларды азықтандыру мен емдеуді қиындық тудырады.Өзге өңірлерде арнайы тәлімбақтар кеңінен пайдаланылуда және олар өз тиімділігін дәлелдеп отыр.Балық шаруашылығы субъектілер мемлекеттік қолдау шаралары, атап айтқанда субсидиялау мүмкіндіктері туралы жеткілікті түрде хабардар емес екені анықталды.Бұрын субсидия алуға жылына екі үш өтінім түссе, ал түсіндіру жұмыстарынан кейін 19 млн теңгеге 10 өтінім қабылданды.Балық шаруашылықтарын қолдау және дамыту жұмыстары жалғасуда.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/977033?lang=kk
Қытай Халық Республикасы Чжэцзян провинциясының кәсіпкерлер делегациясы Ақмола облысына сапармен келді 18.04.2025
Ақмола облысына Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясынан келген кәсіпкерлер делегациясы өңір әкімдігінің шақыруымен іссапармен келді. Сапардың басты мақсаты – инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.Көкшетау қаласында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов делегация өкілдерімен өнеркәсіп, электронды коммерция және логистика саласындағы бірқатар жобаларды талқылады.Чжэцзян – Қытайдың маңызды провинцияларының бірі. Астанасы – Ханчжоу қаласы, мұнда Alibaba, DingTalk сынды әлемге әйгілі технологиялық алыптардың бас кеңселері орналасқан. Сонымен қатар, бұл өңір – шетелге инвестиция салатын ірі жеке компаниялары ең көп шоғырланған Қытай провинциясы.Қытайлық тарап Транскаспий дәлізінің Орта коридоры аясында өңірдің инфрақұрылымын пайдалануға қызығушылық танытты. Кездесу барысында республикалық маңызы бар “Aqmola” индустриялық аймағына ерекше назар аударылып, делегация бұл аумақты жоғары бағалап, өндіріс орындарын орналастыру үшін әлеуетті нысан ретінде қарастыруда.Әкімдік шетелдік компаниялар үшін Қазақстанда қарастырылған инвестициялық преференциялар мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруға дайын екенін жеткізді.Тараптар бауырлас өңірлер форматында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруға ниетті екендерін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/976987?lang=kk
Ұлттық кітап күні мерекесі аясында облыста өтетін іс-шаралар 18.04.2025
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға “Ұлттық кітап күні” мерекесі аясында 16 сәуір мен 23 сәуір аралығында өтетін мәдени іс-шаралар тізімін ұсынамыз. Өтетін жері: Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/976945?lang=kk
Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады 18.04.2025
Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады, оған бірнеше негізгі процедуралар кірді: кешенді SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) бағалауы, активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуі (ҚСТ).SREP қадағалау моделі корпоративтік басқарудың сапасын арттыруға және бизнес-процестерді жетілдіруге бағытталған. 2024 жылы SREP бағалауы жаңартылған әдістеме негізінде жүргізілді, ол неғұрлым терең және жан-жақты талдауды көздейді. Бұл тәуекелдерді анықтау, бағалау және бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.AQR аясында банктердің қарыз портфелін жан-жақты талдау және резервтердің жеткіліктілігін бағалау жүргізілді. Жүргізілген ҚСТ банктік сектордың экономикалық және қаржылық дағдарыстарға қарсы тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік берді. AQR және ҚСТ ауқымына банктердің жалпы активтерінен 85%-ын құрайтын 11 банк кірді. «2024 жылғы AQR және ҚСТ бағалауларының қорытындысы бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) 15,0% құрады, бұл белгіленген минималды нормативтен – 5,5% – айтарлықтай жоғары. Қадағалау циклының қорытындысы бойынша алғаш рет банктердің капитал жеткіліктілігіне жеке үстемелер мен буферлер енгізілді. Бұл шаралар банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын арттыруға және потенциалды тәуекелдерді жабу үшін қажетті капитал қорының жеткіліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Агенттік Төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымов.SREP және AQR нәтижелері бойынша қадағалаушы үстемелерді қолдану және банктердің капитал жеткіліктілігіне буферлер енгізу туралы шешімдер Агенттіктің пруденциялық реттеу және қаржы нарығын дамыту Комитетінің отырысында қабылданды. Барлық банктер қадағалаушы үстемені ескере отырып, минималды нормативтік талаптарды сақтай отырып, жеткілікті капитал қорын сақтап қалды.Тұрақты AQR-ға кіретін банктер үшін қадағалаушы үстемелердің диапазоны SREP және AQR нәтижелеріне байланысты 0-ден 6%-ға дейін құрайды. AQR-ға қатыспайтын банктер үшін үстемелер 0-ден 3%-ға дейін және тек SREP нәтижелері бойынша анықталады.ҚСТ нәтижелері бойынша буфер 0%-дан 3%-ға дейін өзгеріп, банктердің стресс-сценарийлерге ұшырау деңгейіне байланысты анықталады, ал қадағалаушы үстемелерден айырмашылығы, буфер тек банктердің таза табысын дивидендтер төлеуге бөлу шектелген жағдайда ескеріледі. «Банктерге стратегиялық және бюджет жоспарлау процестерінде, сондай-ақ тәуекелдерге деген көзқарасты анықтағанда қадағалаушы үстемені және буферді ескеру қажет. Агенттік банктерге тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклі бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін талаптар мен ұсыныстар жіберді», – деп атап өтті Т. Әбілқасымов.SREP кешенді бағалау нәтижелері бойынша Агенттік бірінші есепті жариялады, ол қадағалаушы бағалаудың негізгі қорытындыларын және қолданылған әдістеме мен процедураны толық сипаттайды, бұл Қазақстанның банктік секторының тұрақтылық деңгейін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Агенттіктің сайтында 2024 жылғы AQR және ҚСТ нәтижелері бойынша жылдық есептер де қолжетімді.Сыртқы коммуникациялар басқармасы:press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/976939?lang=kk
Астанада заңсыз майнинг: 900 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді 18.04.2025
Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер эквиваленті 143 миллион теңгеден асады.Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды.Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 миллион теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді.Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 миллион теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.Үкім заңды күшіне енді.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/976938?lang=kk
101.04 салық есептілігі нысанын жасау қағидаларындағы өзгерістер: салық агенттері нені білуі тиіс 18.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 бұйрығымен және ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген «Бейрезиденттердің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.Редакция 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және салық агенттерімен Салық кодексінде көзделген жеңілдіктерді қолданудың негізділігін бақылауды жетілдіруге бағытталған.Негізгі өзгерістер:- 101.04-нысанда Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын кірістер көрсетілуі тиіс.- Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс болып табылмайтын төлемдер де есепке алынады.Әкімшілік жүктемені азайту мақсатында есептілікке тек жылдық жиынтық мөлшері 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда ғана аталған төлемдер енгізіледі (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта). Сондай-ақ валюталық қайта есептеу Салық кодексінің 647-бабына сәйкес жүзеге асырылады.Бұл өзгерістер есептілікте толық ақпараттың көрсетілуіне және оның негізінде жіберілетін хабарламалар санының азаюына әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/978852?lang=kk
Қарағандыда 27 сәуірде орган концерттерінің маусымы басталады 18.04.2025
Қарағандыдағы кафедралды собор – орган музыкасын сүйетіндер жиналатын дәстүрлі орын. Биыл концерттер маусымы 27 сәуірде басталады. Бағдарлама қыркүйекке дейін қалыптастырылған: Қазақстан, Австрия, Чехия, Ресей және Германиядан келген органшылар өнер көрсетеді деп күтілуде.27 сәуірде астаналық органшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Әсел Смағұлова көрермендерді шеберлігімен қуантады. Ол Қарағанды жұртшылығына жақсы таныс, осында бірнеше рет өнер көрсеткен.Шетелдік қонақтардың арасында: Австриядан Франц Райтнер мен Анжелика Киртц, Чехиядан Йежабек Томаш, Германиядан Винсент де Пол бар.Барлық орган концерттеріне кіру тегін. Басталуы бір уақытта: 15:00.Әулие Дева Мария барлық халықтардың Фатим анасының кафедралдық соборы мына мекен-жай бойынша орналасқан: Шахтерлер, 32.Аңдатпа және концерттік бағдарламаны Instagram парақшасынан бақылауға болады.Қарағандыдағы соборға арналған органды австриялық Pfluger фирмасы жасаған. Онда 32 тіркелім, 1974 металл құбырлар және 128 ағаш құбырлар бар - барлығы 2102 құбыр. Құрал дыбыс үй-жайдың барлық бұрыштарын толтыратындай етіп орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976892?lang=kk
Облыс әкімдігі жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды 18.04.2025
Облыс әкімдігі жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды Бүгін, 15 сәуір күні, Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратында Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай арнайы танысып, орталық қызметіне сәттілік тіледі. Орталықтың басты мақсаты – халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету. Бұл ретте азаматтарға кешенді қолдау көрсету үшін арнайы кеңес беру аймағы, балалар бұрышы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, азаматтарды қабылдау бөлімі, сондай-ақ медициналық және психологиялық көмек кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, кеңес беру аймағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) мамандары да халыққа қызмет көрсетеді. Азаматтарды қабылдау орталығының қызметтері аясында тұрғындар кез келген мемлекеттік органға өтініш жолдап, облыстық басқармалар өкілдерінен кәсіби кеңес ала алады. Сондай-ақ, мемлекеттік орган басшылары мен олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 1 330 қызмет түрі бар. Соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 265 қызмет түрі бойынша өтініштер түсіп, 9 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық азаматтардың өзекті мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге ықпал етуі тиіс екенін атап өтіп, мамандарға қабылдауға келген тұрғындарға заң аясында сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетуді тапсырды. Ақтау қаласы, 14-шағынауданда орналасқан (№1 ғимарат) орталық дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс – 12:30-дан 14:00-ге дейін. Байланыс телефоны:8 (7292) 46-21-11 (ішкі нөмір 1088)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/976889?lang=kk
2025 жылғы 21 сәуірде кезектен тыс сессияның өткізілетіндігі туралы хабарлама 18.04.2025
2025 жылғы 21 сәуірде кезектен тыс сессияның өткізілетіндігі туралы хабарлама2025 жылғы 21 сәуірде сағат 10.00 - да Меңдіқара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы ZOOM конференция режимінде өтеді.Отырыстың күн тәртібі: 1. Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.ZOOM конференциясына қосылуhttps://us04web.zoom.us/j/6787471748?pwd=aFVuJ7W6Xi6fA4rHpJJultj0qEQvTM.1&omn=75420170192Конференция идентификаторы: 678 747 1748Кіру коды: 123456Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/976882?lang=kk
Қазақстанда ғашықтар күнінде 500-ден астам шаңырақ құрылды 18.04.2025
Қазақстанда ғашықтар күнінде 500-ден астам шаңырақ құрылдыҚазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай биыл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 500-ден астам өтініш түсті. Некелесушілер саны бойынша Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысы көш бастап тұр.Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Оның басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына және Түркістан облысына тиесілі.Естеріңізге сала кетейік, елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/976919?lang=kk
Семей мен Алматыда бітімгерлерді салтанатты жағдайда қарсы алды 18.04.2025
Семей қаласының «Абай» әуе айлағы мен Алматы халықаралық әуежайында БҰҰ бітімгерлік миссиясы құрамында Голан жоталарында қызмет атқарған әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.Семейде бітімгерлерді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай гарнизонындағы әскери бөлімдердің командирлері қарсы алды.Мемлекет басшысы әскери борышын үлгілі атқарғаны, көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады.Әуежайға жақындарын күтіп алуға келген отбасы мүшелерінің көңілінде толқу бар. Солардың бірі 3 сыныпты сержант Қанат Ибраевтың зайыбы Жансая Хамзаева. – Қазіргі көңіл-күйімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Жүрегіміз дүрсілдеп тұр. Бітімгерлер Астанаға жетті деген хабарды естігелі бері қуанышымызда шек жоқ. Жұбайларымыздың халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі маңызды міндеттерді атқарып келгенін біз де мақтаныш тұтамыз. Барша әскери қызметшілердің отбасыларына амандық тілеймін, – деп ағынан жарылды ол.Алматыда бітімгердерді ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының командирі подполковник Уәлихан Байкенов қарсы алды.Ол әскери қызметшілерді миссияның сәтті аяқталуымен және туған елге аман-есен оралуымен құттықтап, БҰҰ мандаты шеңберінде тапсырмаларды орындау кезінде көрсеткен жоғары кәсібилігі мен батылдығын атап өтті.Бітімгерлік миссиясы құрамында қызмет ету – бұл үлкен тәжірибе, әрі жауапкершілік. Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындағаны үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің жеке құрамы БҰҰ Миссиясы мен Хатшылығы басшылығының жоғары бағасына ие болғанын атап өту керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/976872?lang=kk
Қазақстан мен Беларусь екіжақты әскери ынтымақтастықты арттыруда 18.04.2025
Қазақстанға Қарулы күштер Бас штабының бастығы – Беларусь Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-майор Павел Муравейко бастаған шетелдік делегация келді.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Беларусь әскери делегациясы басшысымен өткен хаттамалық кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы диалогты нығайту қажеттігін растады.Кездесуге қатысушылар екі мемлекеттің әскери-оқу орындарында офицерлер құрамын оқытуға, Беларусь аумағында да, Қазақстанда да екіжақты оқу-жаттығулар өткізудің жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығына, бітімгерлік қызметке қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.- Қазақстан-Беларусь әскери ынтымақтастығы жыл сайын дамып, нығайып келеді. Өткен жылы Қазақстан тауларында алғаш рет Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Беларусьтің Арнайы операциялар күштерінің қатысуымен "Бауырластық шыңы" екіжақты оқу-жаттығуы өткізілді. Қазақстандық десантшылар Беларусьтің неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуіне 80 жыл толуына және Тәуелсіздік күніне орай өткен шеруге қатысып, қазан айында Брест маңындағы "Орман бауырластығы-2024" жаттығуларына аттанды. Осы іс-шаралардың барлығы біздің елдерімізді жақындастырып, жақын, сенімді қарым-қатынастарға баса назар аударады, - деп атап өтті Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Сонымен қатар, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері, атап айтқанда Минск Суворов әскери училищесі тәрбиеленушілерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Айбын" әскери-патриоттық жиынына қатысуы айтылды..Астанада екі ел Қарулы күштері Бас штабтарының бастықтары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен генерал-майор Павел Муравейко әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында болып, мекемелердің құрылымымен және қызметімен танысты.Ресми сапар Алматыда жалғасады. Онда Армия үйіндегі әскери-тарихи мұражай филиалына және 28 панфиловшылар паркіне бару көзделген. Шетелдік қонақтар үшін ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының "Бітімгер" оқу орталығында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Оларға ҰҰА бөлімшелері мен бітімгерлердің практикалық іс-әрекеттері көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/976860?lang=kk
Эквадормен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 18.04.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилиядағы Эквадор Елшісі Карлос Веластегимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Қазақстан Елшісі эквадорлық әріптесін Президент Даниэль Нобоаның қайта сайлануымен құттықтап, оның инаугурациясына шақырғаны үшін алғысын білдірді. Келіссөздер күн тәртібінде екі елдің сыртқы істер ведомстволары арасында биыл Кито қаласында өткізілуі жоспарланған саяси консультациялардың бірінші раундының ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілері де болды.Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Эквадордағы алғашқы Құрметті консул – мырза Леопольдо Окампоға консулдық патенттің берілгенін хабарлап, бұл мәселе бойынша көрсетілген қолдауы үшін әңгімелесушіге алғыс білдірді. Осыған байланысты тараптар биыл Кито қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығын ресми ашу мүмкіндігін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдегі дипломатиялық өкілдіктерді ресми аккредиттеу бойынша жұмысты жалғастыруға және тұрақты жұмыс байланысын қолдауға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1013255?lang=kk
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі 18.04.2025
Бүгін Қонаев қаласындағы Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 34-сессиясына арналған облыстық ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Бұл шара Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған айтулы оқиғалардың бірі болды.Кеңес отырысын Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ашып, қатысушыларды мерейлі датамен құттықтады. Өз сөзінде ол: «Тұрақтылық пен этносаралық келісім – ел дамуының негізі. Ассамблея бұл бағыттағы маңызын үнемі дәлелдеп келеді. Ол – қоғамдағы бірліктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің тірегі», – деп атап өтті.Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, облыстық Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасарларын сайлау өтті. Бұл қызметке «Барбанг» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы мен «Ронаи» этномәдени орталығының төрағасы Гамзе Бадриевич Гейдаров пен облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Дәнибекұлы Беспаевтың кандидатуралары ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.Сонымен қатар, Ассамблея құрамына жаңа мүшелер қабылданып, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әзілжанович Әбитов олардың ел бірлігін нығайту жолындағы белсенділігін атап өтті.Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған арнайы медальдар мен ҚХА мүшесі куәліктері табысталды. Ел ішіндегі келісімді сақтау жолында еңбегі сіңген 35 белсенді азамат марапаттарға ие болды.ҚХА Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Асылы Осман өз сөзінде Ассамблеяның ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті: «Ассамблея – біздің бірлігіміздің жүрегі. Ол – достық пен өзара құрметтің символы. Алдағы уақытта да бұл құрылым ел мүддесіне қызмет ете беретініне сенемін», – деді ол.Кеңес соңында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, Ассамблеяның алдағы кезеңдегі негізгі міндеттеріне тоқталды. Ол этносаралық диалогты дамыту, жастар бастамаларын қолдау және отансүйгіштік рухты нығайтудың аса маңызды екеніне тоқталып:«Қазақстан халқы Ассамблеясы бұдан әрі де еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік тірегі болып қала береді», – деп қорытындылады.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – тек мерейтой ғана емес, бұл еліміздің бірлік жолындағы жетістіктерін саралайтын, болашаққа нық қадам басуға серпін беретін маңызды кезең.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/976831?lang=kk
Қазақстан мен Кувейт инвестициялық және сауда ынтымақтастығын нығайтуға ниетті 18.04.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі» форматындағы 3-ші министрлік кездесуіне қатысу үшін Кувейт Мемлекетіне жұмыс сапарымен келді.Сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы Кувейт Араб экономикалық даму қорының (KFAED) бас директоры Уалид Аль-Бахармен және Кувейт Сауда-өнеркәсіп палатасы бас директорының орынбасары Имад Аль-Зейдпен кездесулер өткізді.KFAED басшысымен Қазақстанда орнықты даму, инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру салаларында ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Әсіресе энергетика, сумен қамту және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларға Қор қаражатын тарту әлеуетіне ерекше назар аударылды.Кувейт Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды орнату, екіжақты сауданы жандандыру және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Ауыл шаруашылығы, шикізатты өңдеу, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері қарастырылды.Министр ҚР инвестициялық әлеуеті, Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, Кувейт инвесторларын елде бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға шақырды.«Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялар тартуда жетекші бағыт болып қала береді. Біз бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі кувейттік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді М. Нұртілеу.Кувейт тарапы ұсынылған инвестициялық жобалармен танысу мақсатында бизнес-делегациялар алмасуға қызығушылық білдірді.KFAED басшысы сондай-ақ 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысатынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/984519?lang=kk
Қазатомөнеркәсіп және ČEZ a. s. Чехияға уран концентратын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды 18.04.2025
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) және чех компаниясы ČEZ a. s. Чехияның атом электр станциялары үшін қазақстандық табиғи уран концентратын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды.Келісім Қазатомөнеркәсіптің Еуропадағы жұмысының көкжиегін кеңейтіп, Компанияның әлемдік уран нарығындағы позициясын нығайтуға ықпал етеді. Қазақстандық уран Темелин атом электр станциясында алдағы жеті жылда пайдаланылатын Westinghouse жылу бөлетін құрамалар дайындауға қажет уранның үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Бұл Чехияның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, елді таза және тұрақты электр энергиямен қамтамасыз етудегі атом электр станциясының рөлін күшейтеді.ČEZ, a. s. – атом энергетикасы саласында шешуші рөл атқаратын Орталық Еуропаның жетекші энергетикалық компаниясы. Чехияның электр энергиясына деген қажеттілігінің шамамен 36% қамтамасыз ететін екі алаң – Дукована мен Темелинде алты ядролық реакторды басқарады. Елдегі электр қуатының едәуір бөлігін өндіретін ČEZ басқа да энергия көздерін қоса есептегенде аймақты тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз етіп отыр.Ресми қол қою рәсімі Прагадағы ČEZ a. s. бас кеңсесінде өтті. Қазатомөнеркәсіп осындай келісімдер жасау арқылы өткізу арналарын әртараптандыруға және дүниежүзі бойынша стратегиялық әріптестікті дамытуға ұмтылады. «Осы Келісімге қол қоя отырып, Қазатомөнеркәсіп Еуропадағы өз қызмет аясын кеңейтуді және сату портфелін әртараптандыру стратегиясын нығайтуды жалғастыруда», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байгужин. - Бұл әлемдік атом энергетикасы үшін таңдаулы серіктес болу жолындағы тағы бір маңызды кезең. ČEZ a. s.-мен серіктестік аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және декарбонизация мен тұрақты дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді».Директорлар кеңесінің мүшесі, ČEZ a.s. атом энергетикасы дивизионының бас директоры Богдан Зронек: - «Біз үшін Қазатомөнеркәсіппен серіктестік орнату жеткізушілер портфолиосын әртараптандырады және ČEZ бен Чехия үшін стратегиялық маңызы бар қадам. Себебі, атом электр станцияларымызды тұрақты және сенімді отын көзімен қамтамасыз етеміз. Бұл энергия қажеттіліктерін қанағаттандырып, көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде декарбонизация жоспарымызды (VIZE 2030) жүзеге асыру үшін қажет», - деп атап өтті.ÇEZ a. s.-мен келісімшарт Қазатомөнеркәсіптің жетекші табиғи уран өндіруші және жеткізуші мәртебесін нығайтып, компанияның халықаралық деңгейдегі табысты тарихын жалғастырады. Бұл мәміле екі компания арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, аймақтағы атом энергетикасының тұрақты дамуына ықпал етеді және Еуропаның энергетикалық ландшафтын өзгертудегі маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/976820?lang=kk
«Ұлы қазақ ғалымы тарихының сабағы» (Ш. Уалиханов 190 жылдығына) 18.04.2025
«Ұлы қазақ ғалымы тарихының сабағы»(Ш. Уалиханов 190 жылдығына) 2025 жылдың 15 сәуірінде Ш. Уалиханов 190 жылдығына орай «Бейімбет Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ Б. Майлин ауданының мемлекеттік архивінің басшысы Л. Круподёрова мен архивистшы М. Шишмагамбетова мектепалды дайындық сыныптарына арналған «Ұлы қазақ ғалымы тарихының сабағы» өткізілді.Сабақ барысында балалар ұлы қазақ ғалымының, шығыстанушының, тарихшының, географтың, журналистің, саяхатшының өмірбаянымен танысты.Шоқан Уәлиханов – қазақ ғылымы тарихындағы алғашқы кәсіби энциклопедист ғалым, қазақ мәдениетін әлемге тыныстырған саяхатшы және шағыстанушы.Оның қазақтардың тарихы, этнографиясы мен фольклоры саласындағы экспедициялары мен зерттеулерінің әсіресе осы өңірдің тарихы мен географиясы бойынша алғашқы ғылыми еңбегі болған Қашғария туралы есебініңғылыми құндылығы зор.Қысқа өміріне қарамастан (1835-1865), Уалиханов қазақ халқының бірлігін барлық жүздерде дәлелдеп, қоғамдық өмірге белсене араласып, қарапайым адамдардың мүддесін қорғай отырып, ғылымға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/976814?lang=kk
Астанада консулдық мәселелер бойынша қазақ-түрікмен консультациялары өтті 18.04.2025
Астана, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволары арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық мәселелер бойынша кезекті қазақ-түрікмен консультациялары өтті.Қазақ делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал түрікмен делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің басшысы Довлетмырат Муратов басқарды.Конструктивті және достық атмосферада өткен консультациялар барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, азаматтық мәселелер, сондай-ақ екі ел азаматтарының өзара сапарларына қатысты жағдайларға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті хаттамаға қол қойып, консулдық қатынастардың барлық саласы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/976812?lang=kk
Алматыда әскерилер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады 18.04.2025
Ұлы Отан соғысына қатысқан Иван Матвеевич Бегуновты туған күнімен құттықтауға Алматы қаласы Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың және «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының өкілдері келді.Қарулы күштер ардагерлері қалалық кеңесінің өкілі отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын оқып, майдангерге жеңіске қосқан үлесі мен көп жылдық еңбегі үшін риясыз ризашылығын білдірді.– Сіз сұрапыл соғыс сынағынан өттіңіз, ал соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанның әрі қарай өркендеуі, әл-ауқаты артуы үшін қызмет еттіңіздер. Ата-бабаларымыздың сол кезеңдегі ерлігі еш ұмытылмайды, – деді Т. Мұстафин. Мерейтой иесіне ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі соғыс әуендерін шырқады. Ардагер құттықтауларды шексіз ризашылықпен қабылдап, соғыстың ауыр жылдарындағы естеліктерінен сыр шертіп, қазақстандықтарға ашық аспан мен амандық тіледі.Иван Матвеевич Бегунов 1925 жылы 15 сәуірде Житомир қаласында (Украина) дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап оның тәрбиесімен өкіл шешесі айналысқан. Кейін он алты жасар Иван жұмыс істемек болып Батыс Қазақстанға көшіп келген. Соғыс басталысымен жас жігіт Ақтөбе облысынан Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Украина майданында 228-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан, пулеметші болған. Еуропаны азат етуге қатысты. Жеңісті ол 1945 жылы мамырда Прагада қарсы алды.Шайқаста көрсеткен батылдығы мен төзімділігі үшін сарбаз Қызыл Ту орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды.Соғыстан кейін Иван Бегунов Қызылордадағы «Қазқұрылысмонтаж» кәсіпорындарында, кейінірек Алматыдағы «Қазэлектромонтажда» прораб болып жұмыс істеді.Бүгінде ардагер қызы Иринамен бірге тұрады. Оның бес немересі, он бір шөбересі және бір неменесі бар. Майдангердің рухы әлі мықты, қимылы ширақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/976808?lang=kk
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті "КЕДЕН" АЖ іске қосу 18.04.2025
«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде ҚазақстанРеспубликасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді: 2025 жылғы 7 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзеге асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 4 сәуірде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/45032 – уәкілетті экономикалық операторлар үшін. Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/976798?lang=kk