Әлем
“KazAID" бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды - Әріптестік және аймақтық жобалар департаментінің Бас менеджері 18.04.2025
“KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:* Әріптестік және аймақтық жобалар департаментінің Бас менеджері - 1 адам. Функционалдық міндеттері: Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу; жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу; жобаларды сүйемелдеу, бақылау, іске асырылуын мониторингілеу және жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу; қажетті жобалық құжаттаманы дайындау; серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.Үміткерлерге қойылатын талаптар: Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта. Жұмыс тәжірибесі - 3 жыл. Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады. Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті. Шет тілдерін білу құпталады. Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 25 сәуір.Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/976790?lang=kk
Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры Жаркент қаласында гастрольдік сапарға шығады! 18.04.2025
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 15-16 сәуір аралығында Панфилов ауданы Жаркент қаласында өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапарын өткізеді. Театр ұжымы көрермендерге бірнеше көркем спектакльдерді ұсынады. Атап айтсақ, Д.Исабековтың «Жалқаудың жыры» ертегісі, Қ.Мұраттың «Мұғалім» әлеуметтік-мультимедиялық драмасы, «Көке» қойылымдары сахналанады.Сәбит Әбдіхалықовтың «Көке» қойылымның режиссері – Рамазан Үсен, қоюшы-суретші – Қарлығаш Шалабаева.Бүгінгі заманның көрініс-келбетін арқау еткен қойылым әкім-қараның, мемлекеттік қызметшілердің өмірі туралы сыр шертеді. Аталмыш қойылым бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсетеді. «Жалқаудың жыры» ертегісі қазіргі балалар қоғамында, әр отбасында болатын оқиғаны Жігер атты кейіпкердің күнделікті өмірі арқылы суреттейді. Ертегінің жас бүлдіршіндерді, достыққа адал болу, өз дегеніне жету, еңбекқорлық пен әдептілік секілді ізгі адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні үлкен.Ақпараттық технологиялар дамыған заманда бала санасы мен ой өрісіне пайдасымен қатар кері әсерін тигізетін смартфондарды сөйлетіп, ойыншықтарды тірілтеді. Қойылым кішкентай көрермендерді жалқаулық пен еріншектіктің арты жақсылыққа апармайтынын ерекше тартымды әрі шытырман оқиғамен өзіне баурап алады. Ал Жігерді жалқаулықтан кімдер және қалай құтқаратынын бірге тамашалайық... Қ.Мұраттың «Мұғалім» драмасының ауқымы кең. Әрі бүгінгі заманмен үндес. Қазіргі күні «педагог-бала-ата-ана» арасындағы байланыс қоғам үшін үлкен мәселеге айналды. Заман ағымына ілескен жастар, шарасыз мұғалім, жауапсыз ата-ана арасында өрбитін оқиға легінде бүгінгі күннің шындығы, «әттеген-ай» дейтін осал тұстары байқалады. Қойылым педагог мәртебесін көтеруге, ұлттық сананы байытуға рухани үлес қосады.Гастрольдік сапардың басты мақсаты – мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы өңір тұрғындарымен жақын танысу, сондай-ақ, Талдықорған қаласының мәдениетін басқа өңірлерде кеңінен таныту.Қала тұрғындарын және қонақтарын театрдың қойылымдарын тамашалауға шақырамыз!Қосымша ақпарат пен билеттерге тапсырып беру үшін 8 (777) 394 88 15 номерімен байланысуға немесе Ticketon.kz сайтынан алуға болады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/976763?lang=kk
Коммуналдық мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізуде 18.04.2025
Аудан орталығында коммуналдық мекеме қызметкерлері санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.Тазалық жұмыстары барысында көше бойларын тазалау мен қоқыстарды жинау, аулалар мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Түнгі жарық шамдарын жөндеу, кент көшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарық шамдары тексеріліп, істен шыққандары ауыстырылып жатыр. Бүлдіршіндерге арналған ойын алаңдарына да ерекше көңіл бөлінуде. Бұзылған құрылғылар жөнделіп, алаңдар қауіпсіздік талаптарына сай ретке келтірілуде.Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/976744?lang=kk
Сенат Спикері Сауд Арабиясы Консультативтік Кеңесінің Төрағасымен кездесті 18.04.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 14 сәуір – Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің шақыруымен аталған елге келді. Сапар барысында Эр-Риядта Корольдіктің Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммед бен Ибрахим Әл-Аш-Шейхпен және Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абдулатиф бен Абделазиз бен Абдрахман Әл-Аш-Шейхпен кездесулер өтті. Сұхбат кезінде тараптар Сенат пен Консультативтік кеңес арасындағы ынтымақтастықты және рухани дипломатияны нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған бірлескен жұмыстың маңызды міндеттеріне назар аударды.Мәулен Әшімбаев Консультативтік кеңестің Төрағасымен кездесуде Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Дипломатиялық қатынастар орнаған 30 жыл ішінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық нығайып, өзара мазмұнды әрі ашық саяси диалог қалыптасты. Бұған жоғары деңгейдегі екіжақты белсенді байланыстың нәтижесінде қол жеткізілгені анық.«Қазіргі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық салада қарқынды дамып келеді. Бұл ретте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қос Киенің Сақшысы – Король Салман бен Әбделазиз Әл-Сауд және Тақ мұрагері, Премьер-Министр Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл-Сауд арасындағы өзара құрмет пен достыққа, ортақ құндылықтар мен ұстанымдарға негізделген қарым-қатынас шешуші рөл атқарады. Осы ретте сізге Қазақстан-Саудия қарым-қатынасын нығайтуға, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын дәріптеуге қосқан үлесіңіз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз», – деді Мәулен Әшімбаев.Сонымен қатар Сенат Спикері Сенат пен Кеңес арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін тілге тиек етті. Кездесуде заңнамалық қызметте тәжірибе алмасу, достық топтарына мүше депутаттардың өзара сапарларын ұйымдастыру және Парламент Сенаты мен Консультативтік кеңестің салалық комитеттері арасында тығыз байланыс орнату бағытындағы бірлескен жұмыс мәселелері де талқыланды.«Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында Сенат пен Консультативтік кеңестің өзара диалогы маңызды рөл атқарады. Осы орайда Сауд Арабиясының Консультативтік кеңесімен іс-қимылды одан әрі арттыруға мүдделі екенімізді атап өткім келеді. Бізді Корольдікте іске асырылып жатқан бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе қызықтырады. Осы орайда Сенат пен Консультативтік кеңесте құрылған достық топтары айрықша рөл атқаратынын атап өткен жөн. Олардың әлеуетін өзара диалогты нығайтудың тиімді тетігі ретінде барынша қолданған абзал. Сондай-ақ салалық комитеттер арасындағы байланыстарды да жандандырудың маңызы зор», – деді Парламент Сенатының Төрағасы.Сұхбат барысында Мәулен Әшімбаев Корольдіктің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты қазіргі сын-қатерлерді еңсеруге және орнықты дамуды ілгерілетуге арналған бастамаларын, сондай-ақ, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы іргелі істерін жоғары бағалады.Сенат Спикері өз сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы кешенді өзгерістерге де жан-жақты тоқталды. Бұл ретте экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы тың шаралар жөнінде сөз болды.Өз кезегінде Абдалла бен Мұхаммед бен Ибрахим Әл-Аш-Шейх Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесі көпжақты қатынастарды дамытуға мүдделі екенін айтып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси жаңғырулардың тиімділігіне назар аударды.Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде екі тарап та қызығушылық танытқан салаларда инвесторларға арналған қолайлы жағдайлар кеңірек талқылады.Сондай-ақ бүгін Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абдулатиф бен Абделазиз бен Абдрахман Әл-Аш-Шейхпен кездесті. Онда тараптар конфессияаралық диалогты дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы атап өткендей, Сауд Арабиясы толеранттылық пен конфессияаралық диалогты нығайтуға және Съезд идеяларын дәріптеп, қолдауға үлкен үлес қосып келеді. Мәулен Әшімбаев мұндай қадам қазіргідей шиеленісе түскен тұрақсыздық жағдайында айрықша маңызға ие екенін атап өтті.«Қазір әлем геосаяси қақтығыстар және сауда соғысы сияқты үлкен сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Сондай-ақ біз әртүрлі күштердің осындай халықаралық шиеленісті пайдаланып, радикалды идеологияны насихаттауға, ксенофобияны одан әрі қоздыруға және жек көрушілікті таратуға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда рухани дипломатияны ілгерілету және діни көшбасшылардың келісім мен диалогқа шақыруы маңызды рөл атқарады. Сондықтан Сауд Арабиясына сапар аясында Дүниежүзілік ислам лигасымен бірлесіп, дінаралық диалогты нығайту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырып жатырмыз. Бұл іс-шаралар халықаралық деңгейде диалог мәдениетін дәріптеуге өз үлесін қосады деп үміттенеміз», – деп, Мәулен Әшімбаев сұхбаттасушыға биылғы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне дайындық барысы туралы айтып берді.Өз кезегінде, Абдулатиф бен Абделазиз бен Абдрахман Әл-Аш-Шейх Съезд аясындағы бастамаларға қолдау білдіріп, бүгінде форум идеяларының маңызы жаһандық деңгейде артып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ ол өзара байланысты нығайту және рухани дипломатияны дамыту жолындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға дайын екенін жеткізді.Бұдан басқа, Қазақстан делегацияның мүшелері Neon жобасының іске асырылу барысымен танысты. Аталған жоба аясында қаладағы экологиялық жүктемені азайтуды және «жасыл» энергетиканы барынша пайдалануды көздейтін ірі мегаполис салу жоспарланып отыр. Оның жалпы ауданы 26 500 шаршы шақырымды құрамақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/976743?lang=kk
Қостанай облысында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесі талқыланды 18.04.2025
15 сәуір күні Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының өкілдері және цифрландыру саласының мамандары қатысты.Негізгі басымдық — сапа мен ыңғайлылықОтырысты ашқан өңір басшысы мемлекеттік органдардың басты міндеті — электрондық қызметтерді жай ғана қолжетімді ету емес, олардың тұрақты, түсінікті әрі азаматтар үшін қолайлы болуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.«Адамдар үшін қызметтің онлайн болуы емес, оның шын мәнінде жеңіл әрі тиімді болғаны маңызды», — деді облыс әкімі.Электрондық қызметтердің өсімі байқаладыИнформатизация басқармасының мәліметінше, соңғы үш жылда облыста көрсетілетін электрондық қызметтердің үлесі 91%-дан 98,3%-ға дейін артқан. Әсіресе денсаулық сақтау саласында ілгерілеу бар — қазір талдау нәтижелерін алу, анықтамаларды рәсімдеу секілді қызметтерді «Дамумед» қосымшасы арқылы оңай алуға болады. Сонымен қатар, автокөлікті тіркеу, мекенжай бойынша тіркелу, жүргізуші куәлігін ауыстыру рәсімдері де едәуір жеңілдеген.ХҚКО — жаңа кеңістік, жаңа стандарттарТұрғындар тарапынан ХҚКО ғимаратына (Тәуелсіздік көшесі, 46) қатысты көптеген шағымдар түскен. Осыған байланысты халыққа қызмет көрсету бөлімдерін Тәуелсіздік көшесі, 114 мекенжайындағы кең әрі қолайлы ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл қадам көрсетілетін қызметтер аумағын екі есе ұлғайтып, автотұрақ мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, әкімшілік блок Майлин көшесі, 2/2 мекенжайына көшіріледі. Облыс әкімі жаңа кеңселерді заманауи техникамен жабдықтауды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына, ал ХҚКО-ларды жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеуді облыстық цифрландыру басқармасына тапсырды. Құжат бір ай ішінде дайындалып, цифрлық даму министрлігіне жолдануы тиіс.Бірыңғай төлем құжаты — 1 қыркүйекке дейін енгізіледіЖиында сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты деректерді бір жүйеге біріктіретін республикалық «Бірыңғай төлем құжаты» жобасын өңірде енгізу мәселесі қаралды. Бұл тұрғындарға барлық коммуналдық қызметтерді бір жерден, екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлеуге мүмкіндік береді. Қажет жағдайда қағаз түбіртек те беріледі.«Азаматтар түрлі түбіртектер жинап, кезек күтуге мәжбүр болмауы керек. Барлығы бір жерде, қолжетімді және түсінікті болуы тиіс», — деді облыс әкімі.Осыған орай облыстық энергетика және ТКШ басқармасына аталған жобаны 1 қыркүйекке дейін іске асыру тапсырылды.Жауапкершілікті арттыру және сапаны бақылауКеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық мемлекеттік органдардың басшыларына қызмет сапасын бақылауды күшейтуді, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және заңбұзушылықтарға жол бермеуді тапсырды.«Әрбір қабылданған шешіміміз бір сұраққа жауап беруі тиіс: бұл азаматқа жеңілірек, жылдамырақ, түсініктірек бола түсті ме?» — деп қорытындылады әкім.Жартыжылдық қорытындысы бойынша аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының осы саладағы жұмысы жеке-жеке қаралатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/976742?lang=kk
Қазақстан мен Латвия білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде 18.04.2025
Рига, 2025 жылғы 15 сәуір - Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия университетінің ректоры Гундарс Берзиньшпен кездесті.Кездесу барысында Латвия университетімен бизнесті басқару, IT, логистика және халықаралық экономика сияқты мамандықтар бойынша дипломды кадрларды даярлау жөніндегі ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.Осыған байланысты тараптар екі елдің ғылыми-білім беру саласындағы өзара іс-қимылын кеңейту бойынша нақты қадамдарды айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/976740?lang=kk
Жатыр мойны обырының пайда болу себептері 18.04.2025
ЖМО – әлемдегі әйелдерде жиі кездесетін төртінші қатерлі ісік түрі. Қазақстанда статистика одан да сорақы – ЖМО әйелдердегі қатерлі ісіктер құрылымында – сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр. ЖМО пайда болуының негізгі себебі - АПВ инфекциясы.Жыл сайын дүние жүзінде жатыр мойны обырының (ЖМО) 600 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталады, және 300 000-нан астам әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жылына жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Соңғы 20 жылда республикамызда жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 26 %-ға өсті.Жатыр мойны обырының болжамдары мен қауіптері ДДҰ 2030 жылға қарай ЖМО (700 000 жағдай) және өлім-жітімнің (400 000 өлім) одан әрі өсуін болжайды. Өлімнің шамамен 90% дамушы елдерде байқаланып жатыр. Қазақстанда ауруды анықтау шыңы 45 жастан 54 жасқа дейін. Күн сайын елде жатыр мойны обырының 5 жаңа жағдайы тіркеледі. Жыл сайын 600-ге жуық қазақстандық әйел ЖМО-нан қайтыс болады. ҚазОРҒЗИ мәліметтері бойынша 2022 жылы жүкті әйелдерде жатыр мойны обырының 28 жағдайы тіркелген. Кейіннен науқастардың бір бөлігінде шұғыл босану, сондай-ақ 5 медициналық аборт және 2 өздігінен түсік түсіру болды.Маңызды: адамның иммундық тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін әйелдерде ЖМО даму қаупі 6 есе жоғары. Өзіңізді және жақындарыңызды ЖМО-нан қалай қорғауға болады?АПВ онкогенді түрлері патологиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін, бұл 15-20 жылдан кейін жатыр мойны обырының дамуына әкеледі.ЖМО-ын ерте диагноз қойып, емдеуді дереу бастау арқылы емдеуге болады. Сондықтан Қазақстанда 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін жеке скринингтік тексеру жүргізіледі.Әр төрт жыл сайын скринингтік топтағы әйелдер жатыр мойнындағы ықтимал қатерлі ісіктерді анықтау үшін ПАП-тест (Папаниколау жағындысы) тапсыруы керек. Скринингтерден басқа, 100-ден астам елде АПВ вакцинациясы түріндегі профилактикалық шаралар қолданылады. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Швеция және басқа елдердің тәжірибесі вакцинациядан кейін жатыр мойны обырының төмендеуін көрсетеді. Меңдіқара ауданында адам папилломавирусына қарсы егу жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, АПВ вакцинасы ата-анасының немесе қамқоршысының хабардар етілген келісімін алғаннан кейін 11 жасқа толған қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы - алты айлық үзіліспен екі доза. 11 жасында жоспарлы егуді өткізіп алған 12-13 жас аралығындағы қыздарға қайталама вакцинация. Біздің елде Гардасил-4 вакцинасы қолданылады. Бұл 2006 жылы тіркелген АПВ-ге қарсы алғашқы вакцина және көптеген елдерде 18 жылдан бері қолданылып келеді. Әрбір бала өзін қорғауға болатын барлық нәрседен қорғалуға құқылы. Адам папилломавирусына қарсы вакцинация қатерлі ісік ауруларының 95% алдын алады. АПВ вакциналарында вирустық бөлшектер немесе басқа тірі вирустық материал жоқ. Олар ауру тудыруы мүмкін емес. Оларды қолданудың қауіпсіздігі клиникалық дәлелденген.Вакцинация ауданның барлық емдеу мекемелерінде және білім беру оқу орындарының медициналық кабинеттерінде жүргізіледі.Кез келген сұрақтарыңыз болса, түсіндіру үшін «Меңдіқара аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ мамандарына хабарласыңыз., байланыс телефоны 2-41-30. Дәл қазір екпе алу арқылы сіз балаларыңыздың сау болашағын қамтамасыз ете аласыз!Меңдіқара ауданының бас санитарлық дәрігері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/976736?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдары басшылары Душанбеде кездесу өткізді 18.04.2025
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Пәкістанның бас аудиторы Мұхаммед Аджмал Гондалмен кездесу өткізді. Іс-шара Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі аясында өтті.Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, аудиттің озық әдістері мен практикаларын енгізу, аудит рәсімдерін цифрландыру және басқа да бағыттарды талқылады.Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата мен Бас аудитор кеңсесінің арасында ШЫҰ аясында да, екіжақты форматта да көпжылдық тығыз байланыс орнағанын атап өтті.«2024 жылы біз ауыл шаруашылығы саласында қатарлас аудитті сәтті өткіздік. Осы бағыттағы белсенді жұмыс үшін пәкістандық әріптестерімізге алғыс айтамыз», — деді төраға.Сондай-ақ ол өткен жылы екі елдің аудит органдары АЗОСАИ Басқарма кеңесінің мүшелері болып сайланғанын еске салды.«Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығаятынына сенімдімін», — деп аяқтады Әлихан Смайылов.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/976729?lang=kk
Нұра ауданындағы білім беру ұйымдары басшыларына арналған семинар 18.04.2025
Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Еркебекова Саягүл Қарағанды облыстық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы мен облыстық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастырған семинар-кеңесіне қатысты.Семинар барысында Саягүл Еркебекова еңбек қатынастарын реттейтін және білім саласы қызметкерлеріне қосымша кепілдіктер беретін ұжымдық шарттардың маңыздылығы туралы айтып өтті.Қатысушылар мұндай кездесулердің білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруда, сондай-ақ кәсіподақтар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.Осындай іс-шаралар еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді ашық әрі тиімді шешуге және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/976676?lang=kk
Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл: жастар, бірлік және жаңа форматтар 18.04.2025
Қарағандыда облыстық ҚХА кеңесінің кездесуі өтті, онда мерейтойлық жылды мерекелік қана емес, мазмұны жағынан да маңызды ету мәселесі талқыланды. Жастардың рөлі, еріктілік пен ғылыми бастамаларды дамыту басты назарда.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ҚХА бүгінде этносаралық келісімнің символы ғана емес, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың нақты құралы екенін атап өтті. Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты. Оның қатарында белсенді қоғамдық жұмысы үшін марапатталған ордендер мен медальдар иегерлері бар.– Жеңістің 80 жылдығы мен ел Конституциясының 30 жылдығымен қатар биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы болмақ. Осы уақыт ішінде ҚХА өзін мемлекет пен қоғам арасындағы ұлттық бірлік пен диалогты нығайтуға ықпал ететін бірегей қоғамдық институт ретінде көрсетті. Қарағанды Ассамблеясы өңірдің дамуында елеулі рөл атқарды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.ҚХА өкілдері жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, бүгінде жастарды тартудың аса маңызды екенін атап өтті. «Жастар Ассамблеясы» толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды ілгерілету және қоғамдық өмірге тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Жастар жаңа бастамалардың басты драйвері ретінде қарастырылады. Ермағанбет Бөлекпаев әрбір этномәдени бірлестікте жастар таныстырылуы тиіс екенін атап өтті. Кездесуде ҚХА-ның ғылыми жұмысы да қозғалды. Биыл Қарағандыда Әлімхан Ермековке арналған конференция өтеді. Ассамблея сондай-ақ еріктілер акцияларына белсенді қатысады, қайырымдылық жобаларын қолдайды және ұрпақтар арасында диалог орнатады.– 30 жыл ішінде Ассамблея өзінің бастапқы миссиясының шеңберінен шықты. Бүгінде ол еріктілікпен, қайырымдылықпен, әлеуметтік қолдаумен айналысады. Өткен жылы су тасқыны болған кезде ҚХА бірінші болып көмекке келді. Жақында Достық үйінде ақсақалдар мен жастардың диалогы өтті. Бұл Ассамблея ұлтаралық өзара іс-қимыл үшін тұғырнамаға айналғанын көрсетеді, – деп атап өтті ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Рустам Бузяков. – Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық – оның көп жылдық жұмысының нәтижесі.Кездесу соңында қоғам өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне мерейтойлық медальдар табысталды.Теміртаулық грек мәдени орталығының төрайымы Деспина Касапиди былай деді:– Бұрын біз бытыраңқы болғанбыз, ал бүгін бір үлкен отбасындаймыз. Ассамблеяның күші де осында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976649?lang=kk
Назар аударыңыз: автокөлік қарыздарын өндіріп алу шаралары 18.04.2025
🚗 Назар аударыңыз: автокөлік қарыздарын өндіріп алу шараларыЕгер сізде көлік салығы бойынша қарыз болса, оны мүмкіндігінше тезірек төлеуге тұрарлық. Әйтпесе, сіз мәжбүрлеп өндіріп алудың маңызды шараларына тап болуыңыз мүмкін — көлікті алып тастауға дейін.Ах нені білу керек:🔹 Көлік салығы — ҚР-дағы барлық авто иелері үшін міндетті жыл сайынғы төлем.🔹 Азаматтардың жекелеген санаттарынан ғана босатылды (мысалы, 1 және 2 топтағы мүгедектер, ардагерлер және т.б.).🔹 1 АЕК (2025 жылға 3 963 теңге) жоғары берешек кезінде салық төлеушіге өндіріп алу туралы бұйрық жіберіледі.🔹 Егер қарыз 5 жұмыс күні ішінде өтелмесе, іс жеке сот орындаушыларына беріледі.⚠️ Қандай шараларды қолдануға болады:- Банктік шоттар мен мүлікке тыйым салу- Автокөлікті алып қою- Қазақстаннан шығуға тыйым салу (40 АЕК-тен бастап борыш кезінде)- Жолдарда полиция мен сот орындаушыларының қатысуымен рейдтер📍 Бұл әрекеттердің барлығы заңды және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"ҚР Заңымен реттеледі.🔍 Шығуға тыйым салынғанын мына сілтеме бойынша тексеруге болады:👉 https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors🕒 Мәселені шешуді кешіктірмеңіз — алда жаз, демалыс, сапар. Көліксіз қалмау немесе шектеулерге тап болмау үшін — көлік салығын уақтылы төлеңіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/976611?lang=kk
Әлихан Смайылов Тәжікстанның Есеп палатасының төрағасымен кездесті 18.04.2025
ШЫҰ елдерінің жоғары аудит органдары басшыларының Душанбеде өткен 7-ші кездесуі аясында Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов пен Тәжікстанның Есеп палатасының төрағасы Джамшед Абдурахмон Каримзода кездесу өткізді.Кездесу барысында Әлихан Смайылов екі ведомство арасындағы нәтижелі ынтымақтастық екі елдің достық, сенім және өзара құрмет қағидаттарына негізделген жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.«Қазақстан мен Тәжікстанның жоғары аудит органдары арасындағы әріптестікті жоғары бағалаймыз», — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.Ол өз сөзінде өзара іс-қимыл тек екіжақты деңгейде ғана емес, халықаралық ұйымдар аясында, соның ішінде Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы төрағалық ететін ТМД елдерінің мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы аясында да жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Әлихан Смайылов сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін күшейтуге бағытталған өзгерістерден де хабардар етті. Атап айтқанда, Жоғары аудиторлық палатаға жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу және республикадағы өзге аудит органдарының аудит нәтижелерін қайта қарау құқығы берілді.«Қазіргі уақытта біз өз қызметімізді цифрландыруға, сондай-ақ мемлекеттік аудит әдістері мен практикасын жетілдіруге ден қойып отырмыз. Осыған байланысты Тәжікстанның Есеп палатасымен тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/976608?lang=kk
11 сессия 18.04.2025
2025 жылғы 15 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртуған Маратұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Ахметов, аудан бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, республикалық, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілі, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. Сессияда Үлкен Нарын ауданының және ауылдық округтердің 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттерінің атқарылуы туралы, жергілікті мемлекеттік органдардың көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы және әртүрлі мәселелер қаралды. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы 2024 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің орындалуы туралы есеп берді.Аудан әкімі орынбасарының мәліметіне сәйкес, аудан бюджеті есепті кезеңде өздік кірістер бойынша 180 пайызға, шығыстар бойынша 100 пайызға орындалды.Өткен жылы Үлкен Нарын ауылында су құбыры желілері мен құрылыстарын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Малонарым, Көктерек ауылындарындағы су құбырларына, Үлкен Нарын ауылындағы 3 қазандыққа, сондай-ақ жылу желілеріне, Жұлдыз ауылындағы клубқа, мектептер мен балабақшаларға ағымдағы жөндеу жүргізілген. Есепті жылда кірістер түсімінің және шығыстарды қаржыландырудың серпіні аудан бюджетінің нысаналы параметрлерге сәйкес атқарылғанын куәландырады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Ахметов 2024 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуына қорытынды берді. Ол өз сөзінде Үлкен Нарын ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністі қалыптастыру жағдайында өткенін ескеріп, аудан бюджетіне толыққанды талдау жасай келе, қорытынды жасап, ұсынымдар берді. Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан депутат Жанар Сыдыкова аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштеріне тоқтала келе, бюджеттің атқарылуы жүргізіліп жатқан бюджет және салық саясатына сәйкес орындалғанын атап өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша есеп берген Үлкен Нарын ауданы әкімінің төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі Аслан Кәсенов ақпарат берді. Баяндамашы көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. 2025 жылы су тасқынының алдын алу мақсатында арықтарды, дренаждық құрылыстарды, айналма каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілген. Ауданда ұзындығы 12,2 шақырымды құрайтын 3 айналма канал, 89 су өткізгіш, 37 арық және 29 көпір бар.2025 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша олардың барлығына тазалау жұмыстары жүргізілген. Ауданда 4 су тасқыны қаупі бар учаске анықталып, қауіп барынша азайтылған.Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №5 сайлау округінің депутаты Дмитрий Веригин аталған мәселе бойынша ауданда біршама жұмыстардың атқарылғанын атап өтіп, жергілікті атқарушы органның көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарына оң баға берді. Сонымен қатар, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Эльвира Акимбетова аудан бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.Күн тәртібіндегі әр түрлі мәселелер бойынша мәслихат төрағасы Жанар Сыдыкова сөйледі. Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы бойынша жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті он бірінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды. 2 нормативтік құқықтық акті қабылданды. 6 ауылдық округтің бюджеттеріне өзгерістер енгізу үшін, он бірінші сессияның жұмысына 14 күнтізбелік күнге үзіліс жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/976596?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салынды 18.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 7 сәуірдегі №155 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 сәуірде №35958 болып тіркелді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/976583?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы 18.04.2025
2025 жылғы 15 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында күн тәртібі бойынша аудан аумағындағы жолдарды ұстаудың жай-күйі, ауыз су, көше жарығы, абаттандыру мақсаттарында бөлінген қаражаттың игерілуі туралы мәселелер қаралды.Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д. Курманов пен Үлкен Нарын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Зайнолдинов 2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Күн тәртібіндегі мәселелер саралап қаралып, талқылаудың нәтижесінде тиісті қаулылар қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/976575?lang=kk
Француздық саяхатшылар Бозжыраның сұлулығына тәнті болды 18.04.2025
Француздық саяхатшылар Бозжыраның сұлулығына тәнті болды Бір топ француз саяхатшылары күні кеше өткен «Бозжыра» визит-орталығының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне куә болды. Маңғыстау меймандары өңірдің көрікті табиғатын тамашалауға келетін туристерге қолайлы жағдай жасалып жатқанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, бастамаға сәттілік тіледі. Туристердің арасындағы француз велосаяхатшысы, кинорежиссер Седрик Тассан бұған дейін Орталық Азия елдерінде – Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанда бірнеше мәрте болғанын атап өтті. Оның айтуынша, үш жыл бұрын ол Маңғыстау даласын жалғыз өзі велосипедпен жүріп өткен. Сол сапардан алған ерекше әсерін өз отандастарымен бөлісу үшін, бір топ жерлесін Маңғыстауға бастап келгенін айтты. Өңірге алғаш рет келген саяхаттаушылар Бозжыра шатқалының таңғажайып табиғатына, оның қайталанбас тұмса келбетіне ерекше таңданысын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/976544?lang=kk
1,5 млрд теңгеге субсидиялармен алаяқтық: Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі ұсталды 18.04.2025
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды.Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі малина көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидияларды алған.Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады.Тергеу жалғасуда.Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/976518?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданының белсенді әйелдер форумы 18.04.2025
15 сәуірде аудандық мәдениет үйінің ғимаратында ауданның белсенді әйелдер форумы өтті Бейімбет Майлин. Аталған іс-шараны Филиал ұйымдастырды Бейімбет Майлин ауданының Кәсіпкерлер Палатасыішкі саясат бөлімімен бірлесіп. Бұл іс-шара 3 бөлімнен тұрды: кофе брейк немесе танысу, негізгі бөлігі-біздің ауданнан келген әйелдер өз қолөнерін, өз қолөнерін өз жанының бір бөлігі ретінде таныстырды – ал қорытынды бөлігі - Қостанай қаласынан келген дәріскерлер әйелдермен кәсіпкерлік мәселелері бойынша негізгі тақырыптармен бөлісті және кәсіпкер әйелдерді толғандыратын тақырыптар туралы шын жүректен сөйлесті.Қазақстанның ауылдық әйелдер форумы өз өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өз алаңдаушылықтарын білдіретін көшбасшы әйелдердің пікірлерін біріктіру алаңы болып табылады. Ауыл әйелдері форумының мақсаты әйелдер кәсіпкерлігін дамыту арқылы ауылдағы тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын қолдау болып табылады. Жалпы, бұл іс-шара өте бай, нәтижелі және әйелдердің жеңіл әрі жайбарақат қарым-қатынасында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/976515?lang=kk
Жақсылыққа жаршы болған - Әз-Наурыз Будапештте атап өтілді 18.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 12 сәуір – Наурыз мерекесі Будапештте ерекше ықыласпен атап өтілді. Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі ұйымдастырған мерекелік салтанат айрықша сипатта болып, шетелде жоғары білім алып жүрген қазақ студенттердің, отандастардың, сондай-ақ қандастарымыздың бастарын қосып, береке дастарқанынан дəм татқызып мәре-сәре болды.Іс-шараны өткізуге Мажар-қазақ мәдени ұйымы, «Барыс мажар-қазақ» қоры мен қазақ студенттер жүргізіп отырған «Qazaq Reading Club» ат салысты.Халықтар бірлігін, табиғат пен адамның жаңаруын, жаңғыруды білдіретін әз Наурыз Елшіліктің аумағында, демек Қазақстан жерінде мерекеленді деп айтуға болады. Мерекеге орай көпшілік назарына құрылған халқымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін қазақ бұрышы ұсынылды.Салтанатты мерекені Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы құттықтау сөзбен ашты. Көпшілік алдына шыққан Елші барша қонақтарды осынау ұлық күн – Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.- Құрметті отандастар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын. Өмірін табиғат - анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы деп бағалаған. Бір ай бойы тойланатын Наурыз мерекесі Будапештте өз мәресіне жетті. Осынау шуақты күні баршаңызға мықты денсаулық, молшылық тілеймін, - деп атап өтті.Осыдан соң Наурыз мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі басталып, жиылған жұрт асық ату, ләңгі сияқты түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзара сайысқа түсіп тартысты және ән шырқалып, ұлттық билер орындалды. Абайдың қара сөздерін нақышына келтіре оқыды. Сонымен бірге, мажар әншілер Тамаш Пальчо қазақтың әнін, ал Анна Вираг мажар әнін орындап, тыңдаған жұрттың жүрегін елжіретті. Бұл – халықтар достығы мен мәдени үндестіктің айқын көрінісі болды.Іс-шараның мажар қонақтарына халқымыздың бай салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын кеңінен танысып, барша қатысушылар наурыз көжеден бастап, халқымыздың ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.Баршамызға белгілі, Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ұлыстың ұлы күні жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық, мол қуаныш, игілік осы күннен басталуы тиіс. Наурыз тойында ән шырқалып, күй тартылады, жыр айтылады. Сөйтіп, жұрттың көңілін көтереді. Ондайда ұжымдасып, ұйымдасып өнер көрсетудің мәні зор. Ұлыстың ұлы күні әрбір адам, бұрынғы реніш, өкпе-наразылығы болса, бәрін кешіп, бірін-бірі мейман етеді. Сый-сияпат жасалады. Қазақ халқының бірлігін насихаттайтын мерекеде осы дәстүрден Мажарстандағы қазақтары да жаңылған жоқ. Бұл мереке ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарымызды, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп, халқымыздың тарихын түгендеп, оларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіруге тигізер септігі зор, қосар үлесі мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/976508?lang=kk
2024 жылғы 16 қарашадан бастап "КЕДЕН"ақпараттық жүйесі іске қосылды 18.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржи министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 16 қарашадан бвстап «Кеден» ақпараттіқ жүйесін іске қосты, оған алдын ала ақпарат транзиттік декларация беруге, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификатын, тауарларды және көлік құралдарын тексеру/тексеру бойынша кедендік бақылауды жузеге асыру, тауарларды сақтау құжатын тіркеуге байланысты функционалдар енгізілді. Енгізілген ақпараттық бағдарлама қазақстандық әзірлеушілер жасаған отандық өнім болып табылады. Сол кездегі қолданыстағы «Астана-1» ақпараттық жүйесінен айырмашылығы, «Кеден» жүйесі қол жетімділігімен, көпфункционалдығымен және қарапайымдыдығы қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Бағдарламаны пайдалану барысында, ол енгізілген күннен бастап, жүйеге жаңа функционалдарды енгізе отырып, оны пысықтау тұрақты негізде өтеді. Қазіргі уақытта тиімділігін артыру мақсатында ақпараттық жүйеге мынадай жаңартулар енгізілді:көлік нөмерлерінің Автоматты транслитерациясы – кириллицаға енгізілген мәндер енді автоматты түрде латын әліпбиіне айналады;- кепіл шарттарының нөмірлерін түзеу «қамтамасыз ету» модуліне жүйе енді шарт нөмірлерін енгізу кезінде артық олқылықтарды автоматты түрде жояды;транзиттік декларацияларды еңдеу оңтайландырылды – транзиттік декларациялар бойынша мәліметтерді алу және басқа елдерге жіберу процесі жақсарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/976493?lang=kk