Әлем
Қазақстаннан малды әкетуге шектеу 18.04.2025
📢 Қазақстаннан малды әкетуге шектеуҚР АШМ 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына сәйкес.🚫 2025 жылғы 9 сәуірден бастап 6 айға Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады:* Ірі қара малдың аналық басын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0102);* Ұсақ малдың аналық басын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0104).📌 Шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерге сәйкес қабылданды.🔗 Толығырақ-ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/975958?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Егер басқа елге ТТЖ кетуге бел байласаңыз – зейнетақы жинағыңызды ұмытпаңыз! 18.04.2025
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады. Төлем рәсімдеу үшін Қорға құжаттар тапсыру керек. Оның 3 түрлі тәсілі бар: БЖЗҚ-ның кеңсесіне өзіңіз барсаңыз болады;Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өкілі (сенім білдірілген адам) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады. БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады. Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады. Егер көрсетілген құжаттар өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшінің жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін құжаттар Қорға қабылданған не түскен күннен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарының төлемі зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, тек сол алушының банктік шотына аударылады. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/975945?lang=kk
Құрметті қала тұрғындары! 18.04.2025
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қайырбеков көшесінің Лермонтов көшесінен Кубеев көшесіне дейінгі учаскесінің уақытша жабылуына орай №8, №18, №18А, №107 және №122 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді.Жол қозғалысына қойылған шектеу 2026 жылғы 12-15 тамыз аралығында қолданылады.Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде аталған автобус бағыттары өзгертілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайтын болады.Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді ескеріп, балама бағыттарды алдын ала таңдауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1273482?lang=ru
Қармақшыда көктемгі көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде 18.04.2025
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында жалпыаудандық сенбілік өткізілді. Сенбілік жұмыстары Жосалы кентіндегі Қобыз монументі аумағынан бастау алып, аудан аумағында жалғасын тапты.Аталған шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, ағаш отырғызу жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар, сенбілікке аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер де тартылды. Қатысушылар қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.Бұдан бөлек, ауданның барлық елді мекендерінде сенбілік шеңберінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жасыл желектер отырғызылды. Бұл жұмыстар ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында табиғатқа деген жауапкершілік пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/975823?lang=kk
Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады 18.04.2025
2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындықтар белсенді түрде жүріп жатыр.500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15-ке жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар қатысады. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие.«Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы бес күнді құрайды, ал жалпы қашықтық 500 км-ді қамтиды. Жарыс Алматы - Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдары арқылы өтеді. Жамбыл ауданы Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдарын қамтып, Іле ауданы Ақши ауылынан өтіп, марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында аяқталады. Жорықтың жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.Марафон аясында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі – асыл тұқымды жылқылар көрмесі. Бұл көрмеде ұлттық жылқы тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен тарихы таныстырылады. Жылқылардың сәні мен күшін көрсететін бұл көрме қатысушылар мен қонақтар үшін ерекше қызығушылық туғызары сөзсіз. Ұлттық қолөнер көрмесі де марафонның ажырамас бөлігіне айналады. Қазақ халқының бай қолөнер мұраларын көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрмеде шеберлер өз жұмыстарын ұсынып, келушілерге ұлттық өнерді таныстырады. Туристер үшін арнайы қалашықтар мен фотозоналар да ұйымдастырылатын болады. Шетелден келген қонақтарға еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы қызықты әрі көрнекті ақпарат ұсынылады.Мұндай халықаралық шаралар еліміздің туризм саласын дамытуға зор үлес қосып, Алматы облысының мәдени және тарихи мұрасын танытуға мүмкіндік береді. Марафонның маңыздылығын атап өткен спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Шахарбек: «Бұл марафон тек спорттық жетістіктермен шектелмейді, ол еліміздің мәдени және туристік әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс арқылы біз Алматы облысының тарихи және мәдени мұрасын әлемге таныстырып, халықаралық қатысушылар мен туристер үшін маңызды оқиғаға айналдырамыз. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер мен жылқы тұқымдары көрмесі, фотозоналар мен туристік қалашықтар осы шараның айрықша бөліктері болып табылады.із үшін бұл — тек спорттық іс-шара емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті көрсету мүмкіндігі», — деп атап өтті.«Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін береді. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар бұл шараға қатыса отырып, Қазақстанның бай мәдени мұрасын тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975733?lang=kk
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы 18.04.2025
📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде энергетика саласын дамыту шаралары жүзеге асырылып келеді. Аталған тапсырманы орындау аясында 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең аяқталды, сондай-ақ инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға дайындық жұмыстары басталды.⚡️ Күзгі-қысқы маусымның жылумен қамтуда іркілістерсіз өтуі Үкімет қабылдаған шаралар тиімділігін көрсетті. Ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 10 энергия блогына, 55 қазандыққа және 45 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл ЖЭО мен жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту үдерісін бастауға мүмкіндік берді.Қабылданған шаралар электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар санын 27%-ға (1070-тен 782-ке дейін), ал температуралық кестені сақтамау жағдайларын 67%-ға (215-тен 65-ке дейін) төмендетуге мүмкіндік берді.🔷 Маңызды жетістік ретінде 12 ЖЭО жағдайының жақсаруын атап өтуге болады: оның 9-ы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, ал 3-уі «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Нәтижесінде, «қызыл» аймақта 10 ЖЭО (бұрын 19), «сары» аймақта 17 ЖЭО (бұрын 11), «жасыл» аймақта 10 ЖЭО (бұрын 7) қалды. Көрсеткіштерін жақсартқандар қатарында Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Атырау, Риддер, Кентау және басқа да стансалар бар. Айрықша назар «МАЭК» ЖШС, Ақтау жылу желілеріне және Степногорск, Теміртау ЖЭО жұмысына аударылды.✔️ 2024 жылы Екібастұз 1-ГРЭС-ті қалпына келтірген блогын (500 МВт), Атырау ЖЭО жаңа турбинасын (65 МВт) және Жезқазғандағы (+43 МВт) жаңартылған қазандықты қоса алғанда, 771 МВт жаңа қуат енгізілді. Сондай-ақ жалпы қуаты 163,35 Мвт болатын жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалар іске қосылды.Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады, электр қуаты нарығындағы шекті тариф арттырылды, қайтарылатын инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды. 2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды былтырғы деңгеймен салыстырғанда 44%-ға ұлғайтып, 327 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді.🔘 Сонымен қатар келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Аталған жұмыстар аясында 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жұмыстары жоспарланған, кейбір жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр. Орталықтандырылған жылумен қамту аймағындағы 66 жылу орталығында 53 қазандықты жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жоспарланған.⏩ Күн жылынған соң 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу құбырын жаңарту жұмыстары басталады.✔️ Ұлттық энергетиканы жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы бюджеті 4 трлн теңге болатын 77,5 мың шақырым электр желілері мен 1,6 мың шақырым жылу желілері жаңартылады. 2029 жылға дейін бұл электр желілерінің тозуын 45%-ға, жылу желілерінің тозуын 42%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу, оның ішінде қолданыстағы стансаларды жаңарту және жаңа стансалар салу жоспарлануда. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтау жоспарланған, бұл электр стансаларының орташа тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Жаңартылатын энергия көздерін дамыту да басым бағыт болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан 7,58 млрд кВт·сағ немесе жалпы өндірістің 6,43%-ы өндірді. 8 жаңа станса (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы (455,5 МВт) іске қосылады. Қазірдің өзінде биылғы жылдың ақпан айында Қарағанды облысында «Гиперборея» ЖШС-мен қуаты 50 МВт жел электр стансасы іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/975703?lang=kk
Қазақстандық делегация мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы озық тәжірибені зерделеу үшін Сингапурға барды 18.04.2025
Соңғы жылдары Президент Қ.К.Тоқаевтың Әкімшілігі «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізді: басқару жүйесін жаңғыртудан бастап азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға дейін.Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Халыққа жолдауында Үкіметке «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыра отырып, бөлшектенген (блоктық) бюджетті енгізуді» тапсырды.Бұл маңызды бастама «бюджет үдерістерді жеңілдету және бюрократияны барынша азайту» деп күтілуде. Бөлшектенген бюджетті жоспарлау және атқару процестерінде мемлекеттік органдардың икемділігі мен тәуелсіздігін арттыруды көздейді.Блоктық бюджеттеу практикалық іске асыру кезеңіне жақындаған сайын, Сингапур ынтымақтастық бюросы (SCE) Стратегиялық бастамалар орталығымен (CSI) (Қазақстан), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен (LKYSPP) және Сингапурдағы Қазақстан Елшілігімен бірлесе отырып, 2025 жылдың 7-11 сәуірі аралығында «Мемлекеттік қаржылық менеджменттің үздіктерін зерттеу бағдарламасын» ұйымдастырды.Бұл курс Сингапурдың фискалдық және мемлекеттік қаржылық басқаруға деген көзқарасы туралы құнды түсінік беру үшін әзірленген. Ол қатысушыларға келесі мақсаттарға жетуге көмектесуге бағытталған:Сингапурдың қаржылық менеджменті мен бюджеттеу процестерін, соның ішінде Сингапурдың тұрақты және тәртіпті қаржылық жүйесін қалыптастырған принциптерді тереңірек түсіну.Сингапурға ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, жаһандық экономикалық өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік берген инновациялық фискалдық саясатты зерттеу.Сингапурдың мемлекеттік қаржылық менеджментін нығайтатын сенімді аудит, цифрлық трансформация және стратегиялық инвестициялық бастамалар сияқты қосымша жүйелер мен басқару тетіктері туралы ақпарат алу.Сингапурдың қаржылық менеджмент моделін Қазақстанның экономикалық және әкімшілік жағдайына бейімдеу жолдарын талқылау, практикалық және тиімді қолдануға ықпал ету.Сингапурдағы 5-күндік қарқынды курс барысында қазақстандық ұжым Сингапурлық саясаткерлермен, қаржы сарапшыларымен және ой көшбасшыларымен өзара әрекеттесті, олар өз тәжірибелері мен түсініктерімен бөлісті. Сингапурда алынған жаңа құнды тәжірибе Қазақстанның мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосатынына күмән жоқ.Сонымен қатар, бұл бағдарлама Президент Қ.К.Тоқаевтың 2024 жылдың мамырында Сингапур қаласына тарихи сапарынан кейін жанданған Қазақстан мен Сингапур арасындағы берік серіктестіктің тағы бір дәлелі.Бағдарлама сәтті аяқталғандықтан, біз SCE Бас директоры Конг Уай Мун мырзаға және оның командасына, соның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия бойынша директор Дэйзи Бун ханымға және Орталық және Оңтүстік Азия бойынша аға менеджер Ивонн Лим ханымға ерекше алғыс айтамыз. Біз сондай-ақ LKYSPP деканының орынбасары, профессор Франческо Манчиниге шын жүректен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Олардың барлығы осы бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды.Алдағы жылдары Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігі біздің екі достас елдеріміз арасындағы білім мен озық тәжірибе алмасуды жалғастыруды асыға күтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/975700?lang=kk
Алматы облысы білім беруді белсенді дамытып, Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыруда 18.04.2025
Алматы облысы білім беру саласында қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде студенттер мен оқушылардың білім сапасын және кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.Солардың бірі – 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында өткен алғашқы халықаралық кәсіптік шеберлік фестивалі TAIQAZAN-2025. Бұл байқауға колледж студенттері қатысып, қатысушылардың жұмыстарын Сауд Арабиясы, Түркия, Италия және Ресейден келген 25 халықаралық сарапшы бағалады. Байқау нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында Алматы облысы, Алматы қаласы, Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының өкілдері бар. Атап айтқанда, «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» номинациясында бірінші орынды Алматы облысының командасы жеңіп алды.Бұл – өңір студенттерінің жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, облыста 2025-2026 жаңа оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау науқаны белсенді түрде жүргізілуде. 1 сәуірден бастап балаларды электронды платформалар арқылы (eGov.kz және iac.kz) және дәстүрлі қағаз форматта тіркеу басталды. Қазіргі уақытта 2 451 өтініш түскен. Жалпы алғанда, облыс бойынша 35 500 бірінші сынып оқушысын қабылдау жоспарланып отыр. Ерекше назар көптілді білім беру мәселесіне аударылуда: берілген өтініштердің 78,9%-ы қазақ тілінде оқытуға арналған. 1 сәуірден бастап аймақта PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды. Бұл зерттеуге облыстың 25 мектебі мен 2 колледжі қатысуда. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүзеге асырып жатыр және ол білім беру жүйелерінің тиімділігін бағалауға бағытталған. Сонымен қатар, PIRLS-2026 зерттеуінің апробациясы өтіп жатыр.Бұл зерттеу 7 мектепті қамтып, оқушылардың оқу және әдеби сауаттылығын бағалауға бағытталған. Өңірдегі маңызды бастамалардың бірі – мектепке дейінгі білім беру саласында 1000 жаңа орын ашу. 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында балабақшаларда жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік тапсырыс орналастыру байқауы өткізілді. Бұл шара балабақшадағы орындардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Алматы облысы оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетуде.Биыл табиғи ғылымдар пәндері бойынша республикалық олимпиадада облыс оқушылары 7 медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, «Жібек жолы» халықаралық математика олимпиадасында облыстағы «Білім-Инновация» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Халел Мүслім 3-орын иеленді. Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өңірдің қазіргі жетістіктерін атап өтіп: «Біз тек балаларымыздың білім алуына қолайлы жағдай жасауды ғана емес, сонымен қатар кәсіби білім беруді де дамытып жатырмыз. Жұмысшы мамандықтар жылы жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Студенттеріміздің халықаралық байқаулардағы жетістіктеріне мақтанамыз. Сондай-ақ, PISA-2025 секілді зерттеулер білім беру сапасын арттыру және болашаққа дайын оқушыларды қалыптастыру үшін қандай нақты шаралар қабылдау қажет екенін жақсы түсінуге көмектеседі деп сенеміз», – деді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975693?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері 18.04.2025
Портал пайдаланушыларға https://portal.kgd.gov.kz сілтеме арқылы қолжетімді.Порталда салықтық және кедендік мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар (СТ тіркеу, ЖСО-мен айналысатын адамды тіркеу есебі, кедендік декларацияларды қабылдау және т.б.), сондай-ақ салық төлеушіні іздеу бойынша сервистер, калькулятор, сауалнамалар, СЕН бланкілері және басқалары орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/975692?lang=kk
Қарағандыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады 18.04.2025
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы полковник Қайрат Тәттекенов майдангер Александр Ильич Балабасқа Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстады. Қорғаныс ведомствосының өкілі мерейтой иесіне ерлігі, батылдығы мен Отанға адал қызметі үшін шынайы алғысын жеткізді.– Сіздің өмір жолыңыз – табандылықтың, еңбекқорлық пен елге деген адалдықтың үлгісі. Сол себепті талайлы тағдырыңызды келешек ұрпаққа жеткізу маңызды деп білеміз, – деді ол.Александр Ильич Балабас 1926 жылы дүниеге келген. 1942 жылы 5 сыныпты аяқтағаннан кейін шахтада маркшейдерлік бөлімде сызбашы болып еңбек жолын бастады. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оқуын аяқтаған соң 1944 жылы даңқты маршал Константин Рокоссовскийдің қолбасшылығындағы 2-Беларусь майданы 1-Брест дивизиясының 415-атқыштар полкіне жіберілді. Майдан құрамында көптеген ұрыс қимылдарына қатысты.Көрсеткен ерлігі үшін Александр Ильич Қызыл Жұлдыз,, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталған.Соғыстан кейін елді қалпына келтіруге өз үлесін қосып, бейбіт еңбекке араласты. Қарағандының түрлі ұйымдарында ұзақ жылдар қызмет етті.№1 құрылыс басқармасында, «Саранскпромстрой» басқармасында жүргізуші, облыстық клиникалық ауруханада бухгалтер, «Қарағандыуглесбыт» басқармасында экономист болып жұмыс істеп, кейін жоспарлау бөлімін басқарды. 1991 жылдан бері зейнет демалысында.Александр Ильич тек ардагер ғана емес, үлкен әрі тату отбасының иесі. Ол үш бала тәрбиелеп, олардан төрт немере, бес шөбере сүйіп отырған сүйікті ата. Олар да отбасылық дәстүрлерді сақтап, майдангер аталарын әрдайым мақтан тұтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1187172?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 18.04.2025
2025 жылғы 14 сәуір сағат 15:00-де «Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/975629?lang=kk
Егер басқа елге ТТЖ кетуге бел байласаңыз – зейнетақы жинағыңызды ұмытпаңыз! 18.04.2025
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерін алу құқығынҚазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Төлем рәсімдеу үшін Қорға құжаттар тапсыру керек. Оның 3 түрлі тәсілі бар: БЖЗҚ-ның кеңсесіне өзіңіз барсаңыз болады;Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өкілі (сенім білдірілген адам) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.Егер көрсетілген құжаттар өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшінің жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін құжаттар Қорға қабылданған не түскен күннен бастап10 күн ішінде жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарының төлемі зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, тек сол алушының банктік шотына аударылады. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/979199?lang=kk
Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады 18.04.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген. Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/975597?lang=kk
Гонконгтағы Халықаралық шахмат чемпионаты туралы 18.04.2025
2025 ж. 11-13 сәуір аралығында ҚХР Гонконг АӘА-да шахматтан II-ші «SJC Кубогы» халықаралық чемпионаты өтті.Іс-шараға 8 ойыншы қатысты, оның ішінде екі танымал қазақстандық чемпион - Әбілмансұр Әбділхайыр және Жұбан Бигабылов болды.Екі күндік шиеленісті күрестен кейін, «SJC кубогының» абсолютті чемпионы қазақстандық Ә.Әбділхайыр болды, ол жылдам және блиц-шахмат санаттарында 14-ші рет жеңіске жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/975590?lang=kk
Жұмыс кездесуі 17.04.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 23 қазанында «Zoom» платформасы арқылы Әділет департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ж.Ж. Казбаева мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелік көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері қаралды, сондай-ақ сот шешімдерін орындау барысындағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.Сонымен қатар, қатысушылар жеке сот орындаушыларының қызмет тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және атқарушылық іс жүргізуге цифрлық құралдарды енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1092936?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚҚА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӘРБІР ҰЙЫМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ АЛУЫ КЕРЕК 17.04.2025
2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚҚА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӘРБІР ҰЙЫМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ АЛУЫ КЕРЕКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/975496?lang=kk
І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған дәстүрлі әншілер байқауының Гала-концерті өтеді 17.04.2025
Өтетін орны: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясыӨтетін уақыты: 2025 жыл, 15 сәуір, сағат 17:00Байланыс телефондары:8 (7282) 32-45-28; 24-34-07КІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/975446?lang=kk
«Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» 17.04.2025
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында қылмыстық істерді қарауға маманданған судьялар үшін дараланған онлайн-курс өтті.Семинар Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен бекітілген Сот төрелігі академиясын дамыту Тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылды.Бастама қылмыстық процесті реформалау және алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәжірибесін кеңейту жағдайында судьялардың кәсіби құзыреттерін тереңдетуге бағытталған.Оқытуға еліміздің барлық өңірлерінен судьялар қатысты.Бағдарламаның мазмұнды бөлігін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы және Астана қаласы сотының судьясы Есімова Алма Есімқызы ұсынды.Спикерлер алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізудің негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, практикалық сын-қатерлер мен құқық қолдану практикасына ерекше назар аударды.Шара кәсіби пікірталас пен тәжірибе алмасудың негізі бола отырып, қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды. Семинар судьялар корпусының қазіргі заманғы сот төрелігінің сын-тегеуріндеріне сәйкес келетін мамандандырылған оқыту форматтарына жоғары сұранысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/975433?lang=kk
КОРОЛЬ ХАЛИД УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН АЛҒАШ РЕТ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ 17.04.2025
КОРОЛЬ ХАЛИД УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН АЛҒАШ РЕТ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫСауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Global Education Exhibition халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылды. Халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайту мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен King Khalid University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Салтанатты рәсімге Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков, Король Халид университетінің Президенті Фаллех Р.М. Әл-Солами және Жәнібеков университетінің Басқарма төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қатысты.Бұл келісім бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге, профессор-оқытушылар мен білім алушылардың алмасуын жүзеге асыруға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, халықаралық жобаларды іске асыруға жол ашады. Нәтижелі кездесуде жоғары оқу орындары арасында тарих-дінтану бағытында бакалавриат және магистратура деңгейлері бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, профессор-оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, сондай-ақ дін тарихы бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері төңірегінде ауқымды келіссөздер жүргізілді. Бұл серіктестік аталған бағыттармен шектеліп қана қоймай, Таяу Шығыс пен Орта Азия арасындағы мәдениетаралық алмасуды жандандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын стратегиялық әріптестікке айналмақ.Король Халид университеті – Сауд Арабиясындағы ғана емес, бүкіл Таяу Шығыстағы жоғары білім мен ғылымның ірі орталықтарының бірі саналатын жоғары оқу орны. 70 мыңға жуық білім алушысы бар университет қарқынды дамыған инфрақұрылым мен өзекті зерттеулерді жүргізетін ғылыми орталықтарға иелік етеді. Сауд Арабиясының отандық ұлттық рейтингісінде үздік бестікке енеді, ал QS WUR халықаралық рейтингінде 601-орынға тұрақтаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/975417?lang=kk
Сыр өңірінде тазалық және абаттандыру шаралары жалғасуда 17.04.2025
Аймақта "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы жаппай сенбілік одан әрі жалғасуда. Тазалық шараларына біркісідей қатысқан 110 мыңнан астам еріктілер, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері, қала, аудан және ауыл тұрғындары 3 800 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Елді мекендердегі 373 сквер мен парк, 152 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 520 әлеуметтік, 732 өнеркәсіп және бизнес,19 су нысанының маңайы мен 3 467 көше бойы тазартылды. Оған 900-ден астам техника жұмылдырылды.Жыл басынан бері облыс аумағына 49 765 түп өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.Өңірдің барлық елді мекеніндегі санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/975346?lang=kk