Enbekshi QazaQ

Саясат

Ақсуатта жарық шамдары ауыстырылды 07.01.2025
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді жарықтандыру жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, ескіріп, істен шыққан жарық шамдар электр энергиясын үнемдейтін жарықдиотты шамдарға ауыстырылып жатыр.Аудан әкімі Ерсін Ескендіровтің тапсырмасына орай Omarket.kz платформасы арқылы Қарағанды қаласынан 200 дана GEMERO-50 жарықшамдары сатып алынды. Ақсуат ауылындағы Бөрітастаған, Жаңаауыл, Ет комбинаты мөлтек аудандарындағы көшелерде ауыстырылды.Тұрғындарға кешкі мезгілде қолайлы жағдай жасау үшін көшелерді жарықтандыру аудан көлемінде қолға алынуда. Алдағы уақытта ауданға қарасты елді-мекендерде жанып кеткен диодты жарықшамдарды ауыстыру жұмысы жалғаспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/913652
Аудандық ауруханаға жаңа медициналық жабдықтар алынды 07.01.2025
Мақаншы ауданының денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданға қарасты 8 елді-мекенде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, Бекет ауылындағы нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан Мақаншы ауылындағы күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысының жандануы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Нысанды 2025 жылдың мамыр айында қолданысқа беру жоспарлануда.Аудандық ауруханаға алғаш рет компьютерлік томография аппараты алынды. Аурухананы қажетті дәрігер мамандармен қамтамасыз ету бағытында да нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы УДЗ, кардиолог, пульмонолог сияқты жас мамандар жұмысқа қабылданса, биыл олардың қатары рентгенолог, реабилитолог сынды дәрігерлермен толықпақ.Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде бала туу 2023 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға артты. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Тұрғындардың сырқаттану көрсеткіші 1,8 пайызға азайған.Қазіргі таңда аудан тұрғындарына 1 клиникалық-диагностикалық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік акушерлік пункт, 6 медициналық пункт, 8 клиникалық бөлім қызмет көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/914010
Абай облысының аудандарында баспана кілттері табыс етілді 07.01.2025
Абай облысының бірнеше ауданында көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға, басқа да кезекте тұрған жандарға жаңа үйлердің кілті табысталды. Бұл халықты тұрғын үймен қамтып, өмір сүру сапасын арттыруда мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды қадам болды.Аягөз ауданының Майлин ауылдық округінде көпбалалы отбасыларға 2 пәтерлі 2 үйдің кілті табысталды.Дәл осындай қуанышты оқиға Абай ауданының Қарауыл ауылында да болды, 28 шаңырақ жаңа баспанаға қол жеткізді. Аудан бойынша 8 ауылдық округ және 1 елді мекенде 70 пәтердің құрылысы аяқталып, мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды.Үржар ауданының Үржар және Бестерек ауылдарында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар да қоныс тойын тойлады. Аудан әкімі Ақылбек Башимбаев Бестерек ауылында баспаналы болған 8 отбасын және Үржар ауылындағы 38 отбасын құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 2024 жылы Үржар ауданының 12 елдімекенінде 41 қоспәтерлі үй салынып, 82 отбасы баспаналы болды.Бородулиха ауданында да әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау жалғасуда. Биыл ауданда 5 көп балалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 3, 24 толық емес отбасы мен 2 зейнеткер жаңа үйге ие болды. Осы 34 баспананың 20-сы Бородулиха ауылында орналасқан.Жаңа үйлердің ауданы кемінде 89 шаршы метрді құрайды. Жеке қазандықтармен жабдықталған және орталықтандырылған сумен жабдықтау және жергілікті кәріз жүйесі сияқты барлық қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/914011
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті 06.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңгені құрады. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғайды;- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін артты;- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін өсті.Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер мөлшері 6,5 %-ға артты. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және келесілерге байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.Дереккөз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өстіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/913340
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері 6 қаңтардан бастап аккредитациядан өте алады 06.01.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізетінін хабарлайды.Процесс 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігігің бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi келесі құжаттарды ұсынады:1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуін алуға өтініш; 2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерi; 3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау e-Otinish бағдарламасы арқылы жүргізіледі 2025 жылғы 6 мен 20 қаңтар аралығында электронды түрде қабылданады, анықтама үшін байланыс нөмірі: +7 (7172) 983-261.Дереккөз: Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері 6 қаңтардан бастап аккредитациядан өте аладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/913963
Алматыда жаңа жылдық отшашу мен мерекелік концерт өтті 06.01.2025
Алматыда Астана алаңында Жаңа жыл ауқымды түрде әрі ерекше тойланды.Астана алаңына жиналған Алматы тұрғындары мен қала қонақтары Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауын көріп, іле-шала Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын қосыла шырқады.Іс-шараның шарықтау шегі деп 2025 жылдың алғашқы сәтінде-ақ түнгі аспанды жарқыратқан ғаламат отшашуды айтуға болады. Жиналғандар түрлі-түсті отшашуларға тамсана қарап, тарихи сәтті қалт жібермеуге тырысып, естелікке бейнеге түсірді.Жаңа жылдық концерт барысында Қазақстанның танымал артистері өнер көрсетті. Олардың арасында Chingiz Typhoon, Makvin, Orynkhan, 6ellucci, Мархаба Сәби, Moldanazar, RaiM және 2RAR болды. Сондай-ақ, көрермендерге диджейдің әуезді музыкасы ұсынылды.Астана алаңындағы жаңа жылдық іс-шара 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылдың шымылдығын ашу болды. Бұл кешті ашық аспан астында өткізуді ұйғарған барлық қатысушы ұмытылмас әсер алды.Айта кетсек, бүгін Алматыда тағы бір ауқымды концерт Абай алаңында өтті. Онда Бүркіт, Ғазизхан Шекербек, 2RAR, бойз-бенд «Aлl Давай» тобының солисі әрі продюсері Шоқан Маратұлы және басқа да танымал өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912931
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда 06.01.2025
2024 жылы Алматыда контейнерлік алаңдарды жаңғырту және ескі металл контейнерлерді заманауи пластикалық тереңдетілген модельдерге ауыстыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Бұл 3 м3 контейнерлер отқа төзімді және ылғалдан қорғайтын материалдардың арқасында орналастыру алаңын азайтуды, жағымсыз иістер мен жануарлардың қол жетімділігін блоктауды, пайдаланудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.Бүгінгі таңда қалада 1 454 контейнерлік алаң орнатылған, оның 287 – і тереңдетілген.Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында Алматыда Еcosen және Экохаб Econetwork экостанцияларын қоса алғанда, қайталама шикізатты қабылдаудың 8 кешенді пункті жұмыс істейді. Қалдықтардың «құрғақ» фракцияларын жинау үшін 1300-ден астам торлы контейнерлер орнатылды, жыл басынан бері пластикалық және алюминий сусын банкаларын қабылдауға арналған 53 фандомат іске қосылды.«Green Recycle» ЖШС қоқыс сұрыптау кешені жылына 550 мың тоннаға дейін қалдықтарды өңдейді. 2024 жылдың 11 айында қалдықтардың 15,2% қайта өңделді, бұл 74 637 тонна қайталама шикізатқа сәйкес келеді.Жалпы, қала аумағында тұрғындардан ҚТҚ жинау және әкету бойынша 100% қамту қамтамасыз етілген. Қалдықтарды шығару бойынша қызметтерді 21 қоқыс шығарушы ұйым ұсынады. Барлығы 283 арнайы техника жұмылдырылды.Бұл күш-жігер әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға және Алматы тұрғындары үшін экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912933
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды 06.01.2025
Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы хабарлады.Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда 2022–2024 жылдарға арналған «Алматы IT-экожүйесін дамыту» үш жылдық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба смарт-қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттарда IT-экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған.MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ доллары, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. Жоба аясында 2 049 жұмыс орны құрылды.Акселерация және инкубация бағдарламаларын 309 стартап сәтті аяқтады, олардың 16-сы халықаралық нарықтарда сатылымдарын растады. Жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 кәсіпкер оқытылды.Сонымен қатар, «Digital Urban Planner, Smart City Engineer» бағдарламасы бойынша 55 маман даярланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912936
Алматыда 2025 жылы қай жолайырықты салу мен көшелерді ұзарту аяқталады 06.01.2025
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.Мамыр айында Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады. Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған.Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40%-ға төмендейді.Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайырықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912940
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады 06.01.2025
Алматыда 2024 жылы 11,7 мың оқушы орнымен қамтамасыз еткен 18 білім беру нысаны салынды. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына дейін орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін қысқарады. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.Білім беруді дамытудың маңызды бөлігі «Алматы мектептері» стандартының енгізілуі болды. Осы жоба аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200 бірлікке дейін артты, бұл 15,3 мың оқушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. 2025 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен автобустар саны тағы 100 бірлікке көбейтіліп, бұл одан да көп оқушыны оқу орындарына қауіпсіз және ыңғайлы жеткізуге мүмкіндік береді.Бұған дейін автобустар шалғай және жетуі қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түскен өтінімдерге сәйкес маршруттарға шығатыны атап өтілген. Бұл мектеп автобустарын бөлу кезіндегі басымдықтардың бірі. Әр мектеп үшін оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914035
Жеке сектордағы жаңа инженерлік желілер: Алматының Алмалы ауданында сумен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатыр 06.01.2025
Алматының Алмалы ауданында бұрын орталықтандырылған инженерлік коммуникация болмаған жеке секторда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды.Маңызды жобалардың бірі – Индустриальная, Циолковский, Волховская және т.б. 12 көшеде су құбыры желілерін салу болды. Бүгінде осы көшелердің тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру аясында ұзындығы 15 км болатын жаңа кәріз желілері орнатылды, олар 19 көшені қамтиды. Оның 6 көшесінде жеке сектордың құрылысынан бері орталықтандырылған кәріз желілері болмаған. 2025 жылы қалған 13 көшеде жобаны іске асыру жалғасады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,8 мың тұтынушы орталықтандырылған инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.Төле би көшесі мен Волховская көшесінің қиылысындағы су құбыры сорғы станциясы да ойдағыдай жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті. Бұрын станция апатты жағдайда болған және оның жабдықтары 1992 жылдан бері жөнделмеген. Реконструкциядан кейін 4 көпқабатты үйдің 500-ден астам тұрғыны үздіксіз сумен қамтамасыз етілді.Жалпы, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылдың басынан бері 219 км жаңа су құбыры және кәріз желілері салынып, 27,3 км бар желілер жаңартылды, бұл 60 мыңғы жуық абонентті қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы 240 км су құбыры желісін салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914037
ТЖМ көшкін қаупі туралы ескертеді 06.01.2025
2024-2025 жылдарғы қысқы кезең басталғалы қар жамылғысы біркелкі түскен жоқ. Қазіргі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың көпшілігінде қардың биіктігі орташа көпжылдық мәндерге жуық және шамалы жоғары, қар көшкіні жағдайы тұрақты, Қазселденқорғау мамандарының бақылауында. Шығыс Қазақстан облысында күрделі қар көшкіні жағдайы қалыптасуда. Бүгінгі күні қардың биіктігі нормадан 25%-ға артық. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі 120 см. Соңғы бірнеше күнде қардың ең үлкен тәуліктік түсуі 20 см. Сонымен қатар қар көшкіні жағдайына ауа температурасының жоғарылауы және қар бұрқасыны әсер етеді. Профилактикалық түсулерді жүргізу жөніндегі шешім қар жамылғысының жай-күйін (оның биіктігі, қардың түсуі нәтижесінде айтарлықтай көбеюі, қардың борап ауысуы, тұрақсыз жай-күй және т.б.) ескере отырып қабылданады. 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі шамамен 6665 м3 болатын 15 профилактикалық қар көшкіні түсірілді. «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалы ТЖ департаментімен бірлесіп Жамбыл облысы Жуалы ауданының «Көксай» шатқалында «Қар көшкіні» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу шеңберінде адамдарды құтқару және қар көшкіні жағдайында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары көрсетілді. Бұдан басқа «Қазгидромет» РМК маусымдық болжамы негізінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы және таулы аумақтың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық түседі деп күтілуде. Қар мен жылымық таулардағы қар жамылғысының тұрақсыз күйін тудырады және қар көшкінінің шиеленісуіне әкеледі. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ жақын арада қар көшкінінің алдын алуды жоспарлауда. Тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті. Сондықтан адам шығынын болдырмау, қар көшкінінің астында қалмау үшін тауға баратын әрбір адам таудағы және қар көшкіні кезіндегі негізгі мінез-құлық ережелерін үйренуге міндетті. Егер қар көшкіні туралы ескерту жарияланса, тауларға барудан бас тартқан жөн. Егер ескерту болмаса, онда жолға шықпас бұрын метеорологиялық болжамдарды білу, қозғалыс маршруттарын жасау, дайындықсыз учаскелерде серуендеуден және сырғанаудан аулақ болу, таңбаланған соқпақтармен жүру, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар жерлер туралы мүмкіндігінше көбірек білу, қауіпті беткейлерден мүмкіндігінше аулақ болу керек. Егер тауға шықпас бұрын қалың қар түссе, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдырған дұрыс, ал қар көшкіні болмаған жағдайда оның шөгуін күткен дұрыс. Сонымен қатар тауға жалғыз немесе екі адам бармаған маңызды: топпен жүрген жөн. Бұл қар көшкіні кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді, мысалы егер топ мүшелері қар көшкіні сызығына байланған болса, бұл қар басқан спутникті анықтауға мүмкіндік береді. Тауға шықпас бұрын, қар көшкінінде қалған адамды табуға мүмкіндік беретін қар көшкінін қабылдағышты өзіңізбен бірге алып жүрген жөн. Ұялы телефонды өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпау өте маңызды (ол бірнеше адамның өмірін сақтап қалды). Сонымен қатар қар көшкініне тап болған адамға «қалқып шығуға» мүмкіндік беретін үрлемелі жастықтар жүйесі бар арнайы қар көшкіні рюкзактарын алған дұрыс. Тауда сіз тек аңғар жолдармен, төселген соқпақтармен және таудың жоталарымен жүруіңіз керек, бұл ретте тік қарлы беткейлерге шығуға, , оларды кесіп өтуге немесе зигзагпен жүруге болмайтынын есте ұстаған жөн. Егер қар көшкіні жоғары көтерілсе және бірдеңе жасауға уақыт болса, қар көшкіні сізге қарсы жүрген кездегі мінез-құлықтың негізгі ережелерінің бірін есте сақтау өте маңызды: көшкін легінен қауіпсіз жерге кетіп, төмен емес, көлденеңінен қозғалу керек. Сонымен қатар жотаның артына, үңгірге тығылуға, биіктікке, берік тасқа немесе берік ағашқа шығуға болады. Егер бұл қар көшкінінен кете алмаса, мінез-құлық ережелерінің бірі көшкін легіне тартылатын және қозғалысты шектейтін барлық нәрселерден: рюкзактан, шаңғылардан, таяқтардан, мұз кешкіштен бірден құтылу керек екенін айтады. Сіз бірден көшкін легінің шетіне қарай жылдам жүре бастап, жоғарыда қалу үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауыңыз керек, егер мүмкіндік болса, ағашқа, тасқа, бұтаға ілініп қалудың жолын тапқан жөн. ТЖМ тау беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкінін тудырмау үшін таудың қарлы беткейлеріне және тауға бармауға кеңес береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/913882
Еліміздегі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайындалып жатыр 06.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды. Бүгінгі таңда еліміздегі су қоймаларында бос орындар дайындалып жатыр.Мәселен, Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді. 20-шы желтоқсаннан бері 5,06 млн текше метр су жіберілді. Министрлік 2025 жылғы 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін 300 млн текше метрге немесе 73%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.Ақтөбе су қоймасында 51 млн текше метрге жуық су бар. 1 сәуірге дейін 47,32 млн текше метрге дейін азайту жоспарлап отыр. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Бітік қоймасындағы су көлемі 34,45 млн текше метрге дейін азайтылды. Бүгінгі таңда су қоймасынан секундына 8,3 текше метр су жіберіліп жатыр.Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы 79% толы. Министрлік 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін тағы 8%-ға азайтуға ниетті. Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында 69 млн текше метр су бар. Көктемде тасқын суын қабылдау үшін су қоймасын 39%-ға дейін босату жоспарланып отыр.Ұлытау облысындағы Кеңгір қоймасындағы су көлемі 86%-ға азайтылды. Көктемге дейін тағы 11%-ға жуық босату жоспарда бар. Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасында 585,4 млн текше метр су бар. Су қоймасының жұмыс режиміне сәйкес 1 сәуірге дейін су көлемін 499,37 млн текше метрге немесе 61%-ға дейін азайту күтілуде.«Көктемде тасқын суын қоймаларға жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды сауатты бөлу жұмысын алдын-ала жоспарлау қажет. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұраныстары толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/913793
ЖЫЛ САНЫ 06.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің Кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда 42 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 37 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту қарастырылған. Министрлік осылайша, тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр. Сондай-ақ, экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/911544
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы болып тағайындалды 06.01.2025
1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының құрамындағы Мелиорация, су шаруашылығы және құрылыс институтын «Табиғат орналастыру және су пайдалану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда облысының ауылшаруашылығы департаменті өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің мелиорация жөніндегі жетекші маманы болып бастаған. 2010 жылдан Қызылорда қаласындағы «Қызылорда су шаруашылығы» мекемесінің су пайдалану бөлімінің инженері қызметін атқарды. 2011 жылдың желтоқсан айынан Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілікті дамыту бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды. 2012 жылы бас маман, 2013 жылы бөлім басшысы, 2018 жылы басқарма басшысының орынбасары болды. 2020 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.2023 жылы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2023 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру 2-фаза» жобасын басқару тобының координаторы қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/911546
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 06.01.2025
24.12.АСТАНАКелесі жылы «Қазсушар» мекемесінің 105 маманы ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық Power China компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесу барысында тиісті келісімге қол жеткізді.23.12.БҚОБатыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар. Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.27.12.АЛМАТЫ ОБЛЫСЫСу тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді. Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады.23.12.Биыл еліміздің су қоймаларына рекордты - 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын суы.МАҢЫЗДЫ: Тасқын суын дұрыс бөлу су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға айналған өзендер мен көлдерге, шабындықтарға, табиғи жайылымдарға және басқа да айдындарға су жіберуге мүмкіндік берді.23.12.Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 млрд текше метрге артық. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су түсті.23.12.Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су келді. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/911551
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады 06.01.2025
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады. Сондай-ақ, Шағалалы су қоймасы мен Кеңбидай су торабына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Подлесный, Қоянды су қоймаларында және Айдабол, Щучинск саяжайлары, Алексеевская бөгеттерінде көп факторлы тексеру жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/912530
Арал мен Балқашты сақтау, су мамандарының айлығын көтеру және 42 жаңа су қоймасын салу: су ресурстары және ирригация вице-министрлері 2024 жылды қорытындылады 06.01.2025
Су ресурстары және ирригация вице-министрлері Болат Бекнияз бен Ерболат Ибрайханов су саласының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, жаңа су қоймаларын салу, инвестиция тарту, сала мамандарының біліктілігін арттыру және Арал мен Балқашты сақтау бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы айтып, 2024 жылға қорытынды жасады. 2024 жылдың басты құжаты – жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді. Бұл құжатта халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне сай экожүйені қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын ұтымды басқару есебінен экономиканы тұрақты дамытуға жол ашатын заңдық тетіктер барынша қамтылды. Мәселен, жаңа Су кодексінде алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Ол халық пен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануы қатерлерінен қорғауды қамтиды. Кодекстің әр бабы су ресурстарын үнемдеуге бағытталып отыр. «Біздің министрлік бір жылда еліміздің су саясатын толық қалпына келтірді десе болады. Жаңа су саясатын іске асыру үшін негізгі үш ресурс керек. Ең алдымен әкімшілік ресурс - ол біздің жаңадан құрылған министрлік. Екіншісі заң. Ол біздің министрлік әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасы. Үшінші ресурс - қаражат. Бұл бағыт бойынша да биыл министрлік еліміздің су саласына инвестиция тарту жөнінде маңызды келісімдерге қол жеткізді»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз. Президенттің тапсырмасы бойынша министрлік 2028 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын салу және қалпына келтірудің Кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды қайта жаңарту қарастырылған. «Жаңадан салынатын су қоймалары бірнеше функцияны атқаратын болады. Ең алдымен, ауыл шаруашылығында пайдалану үшін су жинайды. Екіншіден, су тасқынынан қорғайды. Үшіншіден, туризм, балық шаруашылығы және тағы да басқа шағын және орта кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов. Мәселен, Жамбыл облысында жаңадан 3 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл суару кезеңінде көрші мемлекеттердің су ресурстарына тәуелділікті 25 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда министрлік Ислам Даму Банкі және қытайлық инвесторлармен су шаруашылығы нысандарын салу бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.  Биыл Қазақстан мен Франция One Water Summit аясында Балқаш көлін сақтау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Үшжақты келісім Балқаш көлі бассейніндегі суды тұрақты басқаруға және зерттеуге бағытталған. Құжат судың жай-күйін өлшеу мен талдау, климаттық және антропогендік әсерлерді модельдеу, сондай-ақ 2040 жылға дейін су балансын болжауды қарастырады. Айта кету керек, жыл басынан Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр және Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су жіберілді. Ал, Аралға биыл 2,5 млрд текше метр су барды. Солтүстік Аралдан бөлек, теңіз маңайындағы шағын көлдерге де су жіберілді. Министрлік келесі жылы әлемде теңдесі жоқ Қаныш Сәтпаев атындағы каналды реконструкциялауды бастайды. Бүгінде кешені жаңғырту жұмыстарының Жол картасы әзірленді. Алдағы 4 жылда каналдың насос қондырғылары мен электр жабдықтары жаңартылады. Бұдан бөлек ведомство қараусыз қалған су қоймаларын мемлекетке қайтару және жеке меншіктегі қоймаларды көп факторлы тексерістен өткізу және олардың иелерінің жауапкершілігін арттыру бойынша да жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл су саласы мамандарының айлығы орта есеппен 25 пайызға көтерілді. Министрлік келесі жылы да бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниетті.  Келесі жылы су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ пен Австралияда білім алады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасы бойынша биыл «Болашақ» бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» секілді оқу бағдарламалары қосылды. Осының нәтижесінде, қазақстандықтар аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Биыл Нидерланды сарапшылары Астана және Ақтөбе қалаларында су тасқыны қаупін басқару бойынша 3 мәрте оқу семинарын өткізді. Осының нәтижесінде су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын 50-ден астам қазақстандық маман біліктілік арттырды. Келесі жылы «Қазсушар» мекемесінің 105 маманы ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық Power China компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесу барысында тиісті келісімге қол жеткізді. Толығырақ:https://www.youtube.com/watch?v=q2XrAAcVdvI   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/912531
Қазселденқорғау 2024 жылғы жұмысының тиімділігі 06.01.2025
Климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты Қазақстанның тау аймақтарының барлық биіктік белдеулерінде жоғары температура және күшті жауын-шашынның түсуі сел жүру, сырғымалар және қар көшкіні оқиғаларының пайда болуына әкелді. Қар көшкіні қаупі кезеңінде Казселденқорғау мамандарының ұсынысымен жабылған немесе шалғай учаскелерде 207 қар көшкіні тіркелді, жалпы қар массасы 1,1 миллион м³ құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17 оқиғаға артық. 127 алдын алу шарасы өткізілді, бұл шаралардың нәтижесінде 225 мың м³-ден астам қар массасы өздігінен төмен түсірілді. Жаз айларында жиі жауған жаңбырлар мен жоғары температура таулы аймақтарда мұздықтардан су ағымының қарқынды болуына, мұздақ көлдерге артық судың түсуіне, сондай-ақ таулы өзендердің арналарында судың жоғары шығынына себеп болды. Іле Алатауының орталық және шеткі аймақтарындағы көптеген мұздықтар өте әлсіреген күйде болды – мұздықтардың төменгі бөліктерінде, әсіресе көлдердің су бетімен, үңгірлерде және ойыстарда терең жарылыстар пайда болды. Мұздықтардың соңғы бөліктеріндегі мұз массаларының көлдің қазаншұңқырларына құлауы мұздақ көлдерде кішігірім толқындар тудырды. Яғни таулы аймақтарда белсенді термокарстық және термоэрозиялық процестер байқалды. Гидробекеттердің бақылаушылары және мамандар мұздақ-мұздық кешендер мен өзен арналарындағы жағдайды тұрақты бақылап отырды. Әуе және жер бетіндегі тексерулер, квадрокоптерлерді пайдалану арқылы рекогносцировка жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ортофотосуреттер түсірілді. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарындағы 15 қауіпті мұздақ көлдердің деңгейін қауіпсіз белгілерге дейін төмендету мақсатында алдын алу жұмыстары жүргізілді.Мұздақ көлдерде өткізілген жұмыстар сел қаупін айтарлықтай төмендетіп, сел ағымдарының қалыптасуына жол бермеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/912275
«Батыл құтқарушы» балалар байқауының қорытындысы 06.01.2025
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Батыл құтқарушы» қашықтан сурет салу республикалық балалар байқауын ұйымдастырды. Байқауға әр түрлі өңірлерден 8 жастан 14 жасқа дейінгі 159 талантты бала қатысты, олар өз жұмыстарын жолдады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 31 жеңімпаз бен жүлдегер дипломдар, естелік сыйлықтар және өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріне баруға шақыру алды. Байқаудың мақсаты құтқарушы мамандығына қызығушылықты арттыру, қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне назар аудару, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу болды. Суреттер жұмыс жүргізіп жатқан құтқарушылар, тұрмыстағы және табиғаттағы қауіпсіздік, төтенше жағдайлардағы көмек тақырыптарында ұсынылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 31 жеңімпаз бен жүлдегер дипломдар, естелік сыйлықтар және құтқарушыларға келуге шақыру алды. «Біздің ержүрек құтқарушыларымыз әр жұмысты шынайылықпен және ризашылықпен атқарды. Біз өскелең ұрпақ олардың еңбегінің маңыздылығын түсінетінін және қауіпсіздік пен өзара көмек дәстүрлерін сақтауға дайын екенін мақтан тұтамыз», - деп ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Арман Қалиев атап өтті. Бұл байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас суретшілерді біріктірді, олар өз жұмыстарында құтқарушылардың еңбегі мен миссиясының маңыздылығын ынта-жігермен және шабытпен көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/912343