Enbekshi QazaQ

Саясат

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғындарымен кездеседі 24.12.2024
Сағат 10:00 – Еркінқала мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кездеседі.Сағат 12:00 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Атырау қаласы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (7122)-27-10-30Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/908476
Астанада аңызға айналған Иван Панфилов пен Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды 24.12.2024
Астанада жауынгерлердің туған күніне орай Кеңес Одағының батырлары – Иван Панфилов пен Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараны Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық филиалы ұйымдастырды. Оған ҚР Парламентінің депутаттары, Астана әкімдігінің өкілдері, әскери қызметшілер, ҚХА мүшелері, жас белсенділер мен елорда тұрғындары қатысты.Іс-шараның мақсаты – соғыс жылдарында фашистік басқыншыларды жеңуге үлес қосқан аңызға айналған жауынгер батырлардың қаһармандығы мен ерлігін еске алу, өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді нығайту.Рәсім әнұранды салтанатты түрде орындаудан басталды.«Бүгінгі гүл қою рәсімі – Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізді қорғаған батырларымызға деген құрмет. Бұл іс-шара Достық үйінің бастамасы болып саналады. Алдымен біз Иван Васильевич Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық, содан кейін ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлының туған күніне орай гүл шоқтарын қойдық. Олардың әрқайсысы – тәуелсіз Қазақстан тарихына өз үлесін қосқан көрнекті тұлғалар. Осылайша біз олардың Отан алдындағы еңбегін еске алып, ерліктерін жас ұрпаққа насихаттап отырмыз. Іс-шараның басты мақсаты – жастарымызға патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында алдағы жоспарымызды талқылаймыз», - деді Астана қаласы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова.Елордалық ҚХА төрағасының орынбасары Әміржан Әлпейісовтың айтуынша, Иван Панфилов пен Бауыржан Момышұлы сияқты батырлардың туған күндері өткенімізді насихаттауда маңызы бар тарихи күндер.«Батырлар туралы айтатын болсақ, ең алдымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Отан қорғаушыларды еске аламыз. Бүгін біз 1 қаңтарда туған күні атап өтілетін генерал Панфиловқа гүл шоқтарын қойдық.Генерал Панфилов туралы ой қозғай отырып, Алматыда құрылған 316-шы атқыштар дивизиясы жайлы еске аламыз. Оның құрамында 80% Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары болды.Айта кетейік, біз жақында Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өттік. Енді жаңа жыл қарсаңында Қазақстан халқы ассамблеясы осындай маңызы зор шараны ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, бүгін біз тағы бір тарихи күнді – генерал Панфиловтың шәкірті Бауыржан Момышұлының туған күнін атап өтеміз.Біз жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі мен соғыс кезінде көрсеткен ерліктерін еске аламыз. Бұл оқиға бүкіл адамзат үшін де маңызды. Мұндай тұлғалардың өмірі мен еңбегі нағыз патриотизмнің үлгісі болып саналады», — деп атап өтті Әміржан Әлпейісов.Іс-шара соңында қатысушылар Астана әкімдігінің, Қорғаныс министрлігінің және қалалық ардагерлер кеңесінің атынан ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908323
JOLTAP жобасы астаналық әйелге жеке кофехана ашуға қалай көмектесті 24.12.2024
JOLTAP жобасы елорда тұрғындарының отбасылық бизнес бастамаларына қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Осындай мысалдардың бірі – елордада жеке кофехана ашуға мүмкіндік алған көпбалалы ана Жанат Майшинаның оқиғасы, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жеке кофехана ашу идеясы Жанат Майшинаға декреттік демалыста жүргенде келеді. Елорда тұрғыны отбасылық кәсіп құру идеясын күйеуімен талқылайды.Алдымен Жанат мейрамхана бизнесін жүргізуді үйренуге бел буады. Әлеуметтік желіде қолайлы курстарды іздеп жүріп, бариста дағдыларын ұсынатын JOLTAP жобасының жарнамасына кқщі түседі.Курс жеті күнге созылды. Бір аптаның ішінде Жанат бариста ретінде теория мен практиканы аяқтады.«Сабақтарды тәжірибелі мамандар жүргізді, олар маған және өзгелерге бариста мамандығын нөлден бастап меңгеруге көмектесті. Бір апта ішінде біз болашақта пайдалы болатын барлық қажетті білімді меңгердік», - деп баса айтты кәсіпкер.Курсты бітірген соң Жанат күйеуімен көліктерін сатып, үй-жай сатып алды. Нәтижесінде олар Алматы облысында хош иісті кофе, десерт және түскі ас ұсынатын жайлы кофехана ашты.Бариста курсынан басқа, Жанат сонымен қатар әмбебап тамақтану қызметінің маманы бағдарламасы бойынша оқудан өтпек болады. Бұл оған кофехананы тиімді басқару үшін қажетті білім алуға мүмкіндік берді.«Курс маған даяшы қызметінен бастап мейрамхана менеджментіне дейін барлығын үйренуге мүмкіндік берді. Бұл білім маған жұмыс жоспарын құруға және кофеханада ерекше атмосфера жасауға көмектесті. Мен JOLTAP жобасына жоғары сапалы және қолжетімді білім алуға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын. Мұндай бастамалар адамдарға өз өнерлерін шыңдап, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - дейді кәсіпкер.Айта кету керек, JOLTAP арқасында ондаған елорда тұрғыны өз жолын тауып, кәсіптерін ашып, жобаның сәтті жүзеге асуының үлгісін көрсетіп жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908412
Астанада 28-31 желтоқсан күндері мерекелік соғым FEST өтеді 24.12.2024
Астанада 28-31 желтоқсан аралығында кезекті соғым FEST өтеді. Оған Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО тұрағында өтеді.Сондай-ақ, сауда-ойын-сауық орталығында осы күндері қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. сатып ала алады.Жәрмеңке 28-31 желтоқсан күндері таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Соғым FEST 28-31 желтоқсанда сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908449
Астанада балаларға арналған Президенттік шырша мерекесі өтті 24.12.2024
Астанада Президенттік орталығында елорданың бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің және Астана қаласы әкімдігінің тапсырмасымен ұйымдастырылды.Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен қаланың жас тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, олардың дамуы мен табысқа жетуіне қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.«Құрметті достар, біздің жас таланттар! Жаңа жыл құтты болсын! Біз сіздердің әрқайсысыңыз өз таланаттарыңызды жүзеге асыруға, үйренуге, дамытуға және жаңа достар табуға мүмкіндік беретіндей жағдай жасауға тырысамыз. Осы мақсатта қаламызда жаңа мектептер, шығармашылық сарайлар, спорт алаңдары салынып, жаңа саябақтар мен скверлер бой көтеріп жатыр. Біз өскелең ұрпағымыздың, яғни өздеріңіз дені сау, білімді, ақылды болып өскенін қалаймыз. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін», – деді Есет Байкен.Мерекелік іс-шараға 300 бала, оның ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың өкілдері, мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, сондай-ақ мектепте, спортта, шығармашылықта және әлеуметтік салада жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.«Жаңа жыл – әрбір бала өзін ерекше бақытты сезінетін уақыт. Бұл адами әрі ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені ұштастырған тамаша бастама. Іс-шараның сценарийі балалардың талантын дамытуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар оларға үлкенді сыйлау, өзгелерді құрметтеу сияқты маңызды өмірлік ұстанымдарды үйретеді», - деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.Мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі жан-жақты өтті. Қатысушылар үшін «Витебсктегі славян базары» халықаралық байқауларының жеңімпаздары мен «Голос» телешоуы, сондай-ақ танымал қазақ эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Жүргізушілер мен аниматорлар қазақ және әлемдік ертегілер кейіпкерлерінің киімдерін киіп өнер көрсетті.Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімдіктері де елорданың жас тұрғындарына арнап шырша мерекесін өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908598
Астанада жыл басынан бері 400-ден астам стихиялық қоқыс орны жойылды 24.12.2024
Елордада стихиялық қоқыс орындарымен жүйелі күрес жүріп жатыр. 2024 жылдың басынан бері елорда аудандарынан рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 415 орны анықталды. Олардан 200 мың тонна қоқыс полигондарға шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қаланың барлық аумағында рұқсат етілмеген үйінділердің болуына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Тәртіп бұзушылардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Мысалы, Алматы және Сарайшық аудандарында анықталған 115 учаскенің барлығы жойылып, 58,5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды (8 мыңға жуық рейс).Байқоңыр ауданында 67 учаске жойылып, одан 10 мың тонна қоқыс шығарылды.Есіл ауданында 55 қоқыс орны жойылып, 35 мың тоннадан астам қоқыс полигонға жөнелтілді.Сарыарқа ауданында 43 стихиялық қоқыс орны тазартылып, 37 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.Нұра ауданынан жойылған 135 орыннан 40 мың тонна қоқыс шығарылды.Ikomek арқылы құрылыс алаңдарынан шығару және рұқсат етілмеген орындарға қалдықтарды түсіру фактілері анықталып, құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтер жүргізіліп жатыр.Жыл басынан бері рұқсат етілмеген орындарға қоқыс шығарғаны үшін 400-ге жуық жүк көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 20 мыңнан астам құқық бұзушыға 58 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша 15 мыңға жуық құқық бұзушы жазаланып, 273 млн теңге айыппұл салынды.Заңсыз қоқыстарды жою жұмыстары жалғасуда. Бұл жаңа ошақтардың пайда болуының алдын алу үшін де маңызды.Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы өтіп жатыр.Экологиялық акция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908604
Астанадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты 24.12.2024
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекелік тақырыпта безендірілген Жаңа жылдық электропойызды жолға шығарды. Электропойыз аптасына бес рет №6803/6804 «Астана-Атбасар» және №7507/7508 «Астана-Көкшетау» бағыттарында қатынайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.Биылғы жаңа жылдық электропойыздың сыртқы безендіруі қар ұшқындары мен Аяз ата және Ақшақардың бейнелерімен ерекшеленеді. Вагондардың ішкі бөлігі шырша ойыншықтары, гирляндалар және қар өрнектерімен әсемделіп, жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.Балалар үшін арнайы пошта жәшігі орнатылған, онда олар өз тілектерін жазып, Аяз атаға хат жібере алады. Сондай-ақ, жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда жаңа піскен нан-тоқаш, сусындар мен тәттілерді қолжетімді бағамен ұсынатын буфет қарастырылған.Электропойыз екі бағытта ұйымдастырылған, бұл мерекелік сапарды мүмкіндігінше көп жолаушыға қолжетімді етеді. Атбасарға пойыз дүйсенбі, бейсенбі және жұма күндері, ал Көкшетауға сенбі және жексенбі күндері қатынайды. Жөнелту Астанадағы Нұрлы жол және Астана-1 вокзалдарынан жүзеге асырылады.Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908628
Алматы облысында отбасын қолдау орталығы көбеюде 24.12.2024
Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында кезекті отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады.Дәл осындай орталықтар 2023, жылы, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, 2024 жылы Іле ауданы мен Қонаев қаласында, сонымен қатар Жамбыл және Райымбек аудандарында ашылуда.Мемлекет басшысы: “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару және алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет.Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды. Көптеген әлеуметтік кеселдің түп тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбылықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді” деген болатын.Президенттің тапсырмасына сәйкес, “Отбасын қолдау орталықтары” өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға кешенді қызмет көрсетіп келеді.Халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, орталық мамандары “Участок” жедел алдын алу шараларындағы анықталған, тұрмысы төмен, әр-түрлі қиыншылықтары бар отбасыларға заң аясында толыққанды қызмет көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/908574
Алматыда 80 шыршаның шамы жағылды: қалада мерекелік шаралар бастау алды 24.12.2024
Алматыда бір мезетте 80 жаңа жылдық шыршаның шамы жағылып, бұл мерекелік маусымның символдық басталуын көрсетті.Абай алаңында Алматының басты жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Оның биіктігі 25 метр. Биыл мегаполис шыршасы алғаш рет классикалық стильде жасалып, қаңқалы емес, табиғи діңді болды. Шыршаны безендіру үшін алты метр гирлянда, түрлі-түсті шарлар мен жаңа жылдық ойыншықтар қолданылған.Рәсімге ауа райы ертегідей ерекше атмосфера сыйлады: жаңа жылдық арудың айналасын сиқырлы қар қоршап тұрды, ал мамықтай аппақ қар ұлпалары мегаполистің басты шыршасын безендіріп тұрды.8 мыңнан астам алматылық пен мегаполис қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен керемет шоуды тамашалады.«Мен жас орындаушыларды қолдап, құттықтау үшін келдім. Шырша өте әдемі, бәрі тамаша ұйымдастырылған. Концерт те керемет өтті, ал қарлы ауа райы нағыз жаңажылдық көңіл-күй сыйлады», – деді мегаполис тұрғыны Сергей Дмитриевич.Концерттік бағдарламаны «BS band» үрмелі оркестрі ашып, жаңажылдық әуендерден попурри орындады. Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Халық әртісі «Снег идет» және «Жұлдызды жаңа жыл» әндерін орындап, кешті жылулық пен жағымды эмоцияға толтырды.Бүгін алматылықтар мен қала қонақтарына жаңажылдық көңіл-күйді Назым Әбілдина, Мәди Рымбаев, Динара және Балжан Бидаш сыйлады. Әсіресе жастар «ALPHA» тобы, Dakelot, «ASTRA» тобы, Малика YES және Adil өнерін асыға күтті.«Мен Жаңа жылды қатты жақсы көремін. Мұндай шаралар бақыт сыйлайды. Мұндай керемет мерекені ұйымдастырған әкімдікке алғысым шексіз. Жауған қар да ерекше атмосфера сыйлап, бәрі өте ертегідей болды», – деді Алматы тұрғыны.Turar-дың «Жаңа жыл» әнімен қаладағы алғашқы жаңажылдық концерт аяқталып, көрермендерге мереке алдындағы керемет көңіл-күй сыйлады.Ертегідегідей атмосфераны күймедегі Күлбике, Зімбір адам, бұғылар және басқа да кейіпкерлер бейнеленген көркем безендіру элементтері, жарқыраған фотоаймақтар мен жарық инсталляциялары толықтырды.Айта кетейік, қаладағы барлық ауданда шырша жағу рәсімдері концерттер мен әртүрлі шаралармен бірге ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.Сондай-ақ бүгін Абай алаңында басты жаңа жылдық жәрмеңке ашылды. Ол 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жұмыс істеп, тұрғындар мен қонақтарға кәдесыйлар, қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен мерекелік әшекейлер ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907339
Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті 24.12.2024
Республика Сарайында опера және кино өнерінің тірі аңызы, халық артисі әрі ұстаз Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған концерт өтті. Биыл 95 жасқа толған әйгілі өнерпаз 75 жылын сахнаға арнап, Қазақстанның рухани өнерінің символына айналды.Салтанатты кештің бағдарламасын Александр Беляков басқарған эстрадалық-симфониялық оркестр ашты. Олар Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік туындыларына негізделген увертюраны орындады. Оркестрдің әуенін танымал виолончелист Бақытжан Октябрь жалғастырып, қазақтың халық әні «Япурайды» тамаша орындап шықты.Сондай-ақ, концертке «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары – Дамир Садуақасов, Дана Таласпекова, Әлихан Зейнулла, Жандарбек Еркінбаев, Балуан Беркенов, Зарина Алтынбаева, Олег Татамиров, Расул Жармағамбетов және Таир Тәжі қатысты. Олар Моцарт, Жорж Бизе, Джоаккино Россини және Александр Зацепиннің опералық туындыларынан үзінділер орындады. Сахнада «Салтанат» ансамблінің «Шашу» биі мерекелік көңіл-күй сыйлады.Латиф Хамидидің атақты «Бұлбұл» романсы да орындалды. Бұл шығарма арқылы Бибігүл Ахметқызы «қазақтың бұлбұлы» атанып, тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елінде танылған болатын. Бұл жолы романсты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындады.Концерттің соңында кештің басты кейіпкері – Бибігүл Ахметқызы сахнаға барлық қатысушымен бірге шықты. Ол Джузеппе Вердидің «Травиата» операсынан «Застольная» ариясын және көпшіліктің сүйікті әуеніне айналған «Көктем әнін» орындады.Айта кетейік, бұған дейін, 16 желтоқсан – аңызға айналған опера әншісінің туған күнінде, Алматы әкімі Ерболат Досаев Бибігүл Төлегенованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907352
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру 24.12.2024
Алматы қаласында биыл тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы әрі экологиялық көлік жүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл бойы қалада көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жолаушылар тасымалын экологияландыруға және жолдардың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 25 шақырым жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтілді, 255 көшедегі 250 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 770 газбен жүретін автобус және 115 электр автобусы сатып алынды. Құлжа трактісінің кеңейтілуі. Бұл жоба учаскенің өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік берді – тәулігіне 40 мыңнан 80 мыңға дейін. Сонымен қатар, жол жиектеріне тосқауыл қоршаулары, жарықтандыру орнатылды. Құлжа трактісінің кеңейтілуі қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге, кептелістерді азайтуға және қала орталығы мен қала маңындағы аудандар арасындағы байланысты жақсартуға өз септігін тигізді. Жолайрықтарын жаңғырту. 2024 жылы Абай даңғылын ұзарту аумағы және Саин – Мөңке би жолайырығы бойынша қозғалыс ашылды. Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылынан ұзындығы 3,2 шақырымдық жол айрығы бағытында салынып жатқан Сайна көшесін салу жұмыстары жалғасуда. Бұл Момышұлы көшесінен келетін көлік жүктемесін үштен бірге азайтуы керек. Әкімдік әр бағытта үш жолақты, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдары бар жол салуды жоспарлап отыр.Келесі жылы 35 км жаңа жол салынып, 300 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сейфуллин – Жансүгіров жолайырығын іске қосу, 2 радиалды (және 2 магистральдық көшелерді ұзарту сапалы, тиімді көлік байланысын қамтамасыз етпек. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92%-тен 2025 жылы 95%-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көшелердің орташа жөндеуі. Алматы қаласының көше-жол желісін жаңғырту аясында 2024 жылы, 255 көшеде 250 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары тек жолдардың сапасын жақсартып қана қоймай, көлік құралдарының қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттырды. Қоғамдық көлікті экологияға қауіпсіз ету. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту – әкімдік жұмысының күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда ауаны ластаушы заттардың 60%-і автокөлікке тиесілі. Негізгі жұмыс қала тұрғындарын қоғамдық көлікке көшуге ынталандыруға, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 33%-ке артып, күніне олармен 1,6 млн жолаушыға дейін қатынайтын болды, бұл – рекордтық көрсеткіш.2024 жылы экологияландыру мақсатында 770 газ және 115 электр автобусы сатып алынды. Осының арқасында автобустардың эксплутациялық мерзімі 6 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарды. Осыған қоса, 112 жаңа троллейбус сатып алынып, троллейбус паркі 100%-ға жаңартылды. Келесі жылы 800 газбен жүретін автобус және 260 электр автобусы сатып алынбақ, бұл орташа пайдалану мерзімін 2 жылға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қала маңы маршруттарын көбейту. Алматы агломерацияның орталығы ретінде тығыз көлік байланысын қамтамасыз етуге аса мүдделі. Биыл 20 жаңа қала маңындағы маршруттар ұйымдастырылды. 2025 жылы қоғамдық көлік үшін жаңа тарифтік мәзірді және «Bus/km» қағидатына көшумен субсидиялаудың жаңа қағидаларын енгізу жоспарлануда. Бұл өзгерістер қала мен оның маңындағы аудандар арасындағы байланысты нығайтып, көлік шығындарын азайтуға ықпал етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907399
Алматының Әуезов ауданында 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды 24.12.2024
Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелерінің ауқымындағы аула іші аумағы бойынша төселген құбыр ауыстырылды. Биыл жаңғыртылған учаскенің ұзындығы 901 метрді құрайды.Ауыстырылған құбыр 1983 жылы пайдалануға берілген еді, ол 17 көппәтерлі тұрғын үйді, 2 жеке тұрғын үйді, 1 балабақшаны және басқа да 4 нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907923
Алматылық Арбат Карнаби көшесінің стилінде безендірілді 24.12.2024
Алматының Арбаты Жаңа жылдық мерекеге орай Лондонның әйгілі Карнаби көшесінен шабыт алған жарқын арт-нысанға айналды. Тұрғындардың сүйікті жаяу жүргіншілер көшесі мыңдаған гирлянд шамы мен жарық қондырғылармен көмкеріліп, жайлы әрі сиқырлы атмосфераны қалыптастырды.«Жаңа жылыңызбен», «Бақытты бол», «Жұлдызың жансын» деген жарқыраған жазулар тілектер ерекше назар аудартады. Бұл жүрекжарды лебіздер мұнда келген әрбір адамға арналғандай, мейірім мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары ерекше безендіруді жоғары бағалады.«Балалармен бірге біз де өте қуаныштымыз! Қаншама әдемі сурет түсіріп үлгердік. Өзім де бала сияқты осы әшекейлерге қуанамын. Шынымды айтсам, қала әрқайсымызды құшақ жая қарсы алуға дайындалып жатқандай көрінеді. Мұнда керемет әдемі әрі бәрі жарқырап тұр», - деді алматылық Алуа Жомарт.Жібек жолы көшесінде де жарықтандырылған аққала мүсіндері, жарқыраған жұлдыздар және сәулелі бұғылар орнатылған. Олар балалар мен ересектердің жүздеріне қуаныш пен күлкі сыйлайды. Мерекелік безендіруді сәндік аюлар мен басқа да элементтер толықтырып, Арбаттағы серуенді ерекше жайлы етеді. Ең әсерлі қондырғының бірі – «2025» сандары бар алып жарқыраған шар.Арбаттың орталық шыршасы түрлі-түсті шарлармен, жарқыраған шамдармен және жұлдыздармен безендірілген. Оның етегінде орналасқан алып сыйлық қораптары кеңістікке ертегідей ерекше атмосфера береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907925
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды 24.12.2024
Еске салсақ, «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы аясында Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау жөніндегі экологиялық акцияның 2 айға жуық уақытқа созылған бірінші маусымы сәтті аяқталды. Экология мәселелеріне назар аударуға бағытталған бастама 200-ге жуық мектеп пен балабақша оқушыларын біріктірді.- Акцияға көптеген оқушылар мен ата-аналар қатысқанына қуаныштымыз. Бұл балалардың қоршаған ортаға ұқыпты қарайтындығының белгісі. Қызықты әңгімелер болды - маған ата - аналар қоңырау шалды, олар үйде балалар сусынның қақпағын алып жатыр деп айтты, - дейді Eco Network стартапының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов күлімсіреп, - ата-аналардың балаларының арқасында экологияға қызығушылық танытуы да қуантады. Біз әкімдіктің осындай жобаны іске қосқанына қуаныштымыз және ол өте сәтті болды.Білескен күш-жігердің нәтижесінде қатысушылар 1,26 миллионнан астам пластикалық қақпақтарды жинады.Акцияның көшбасшылары қаланың үш ауданы болды:Жетісу ауданы - 570 кг (жалпы көлемнің 22,7%);Алмалы ауданы - 484 кг (19,3%);Әуезов ауданы - 328 кг (13,0%).Қала бойынша барлық қатысушылардың ішінен топ-3 жеңімпаз анықталды:1 орын - №6 мектеп;2 орын - №144 мектеп;3 орын - №132 балабақша.Әуезов ауданының №6 мектеп-гимназиясының жеңімпаздары 2 ай ішінде 120 келі қақпақ жинап, барлық 200 қатысушыны басып озды.- Біз акцияға бірінші жыл қатысып отырған жоқпыз, бұл туралы білім бөлімінен білдік. Біздің балалар бұл акцияға өте белсенді қатысты-тіпті сыныптар арасында да олар бір-бірімен жарысты. Біз олардың қақпақтарды қай жерде болса да үлкен қызығушылықпен жинағанын көрдік, -дейді №6 мектеп-гимназия директорының тәрбие работе жөніндегі орынбасары Роза Досанова. - Акцияға ата-аналар да қатысты. Осындай іс-шаралар арқылы балалар қоқыстың қандай екендігі, оны қалай қайта пайдалануға болатындығы және оны не үшін сұрыптайтынымыз туралы білім алады. Бұл науқан өте жақсы! Барлық ұйымдастырушыларға көп рахмет! Біздің мектеп алдағы уақытта осындай акцияларға қатысатын болады, - деді ол.Барық үш жеңімпазға сыйлық ретінде вело-ұсақтағыштар беріледі, соның арқасында олар қақпақтарды ұсақтап, шикізатты өңдеу және әртүрлі заттарды жасау үшін эко-хабқа жібере алады.Сонымен қатар, эко-хабтағы жеңімпаздар үшін экология бойынша дәрістер ұйымдастырылады, сондай-ақ олар өз қолдарымен қайта өңделген пластиктен шырша ойыншықтарын жасай алады.Іс-шара барысында бірегей бұйымдары бар эко-жәрмеңке және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша мастер-класстар, экологиялық тәжірибелер бойынша оқыту сессиялары өтті.Ұйымдастырушылар 2025 жылы пластикалық қақпақтарды жинау акциясы Алматының экологиялық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жалпы науқанның тұрақты бөлігіне айналатынын атап өтті. Мұндай бастамалар қаланы көркейтіп қана қоймай, қайта өңдеудің маңыздылығын еске түсіріп, қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін де оятады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907926
Алматыда жаңа жылдық шыршалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды 24.12.2024
Жаңа жыл жақындаған сайын Алматыдағы Панфилов көшесі қылқан жапырақтың иісі мен мерекелік көңіл-күйге толы нағыз қысқы базарға айналды. Жәрмеңке әркім үйіне жаңа жылдық шырша таңдай алатын алматылықтардың сүйікті орнына айналды.Жәрмеңкеде сатып алушыларға биік шыршадан бастап шағын ыдыстағы ағаштарға дейін түрлі тауар ұсынылған.– Мен жыл сайын базардан шырша сатып аламын, бірақ биыл дәл осы жерден сатып алуды шештім, өйткені бағасы бірдей. Балалармен келіп шырша таңдап жатырмыз, пірәндіктерден дәм татып, жарқыраған қондырғылардың жанында суретке түстік. Мұндағы атмосфера керемет, шаршағаныңды ұмытасың, суық та сезілмейді. Жаңа жылдың жақындап қалғаны анық сезіледі, – деді Ерлан Қасымов.Жәрмеңкеде классикалық қылқан жапырақ ағаштарымен қатар қармен көмкерілгендей сәнделген дизайнерлік шыршаларды да сатып алуға болады. Мұндағы ассортименттің молдығын қала тұрғындары ерекше атап өтуде.– Біз құрбымызбен жай ғана көріп қайтуға келген едік, бірақ қызығып, шырша, ойыншықтар мен гирляндалар сатып алдық. Енді бірге жиналып, шыршаны безендіріп, какао ішеміз. Мұнда сондай әдемі, жылы әрі жайлы, кеткің келмейді. Бұл жәрмеңке қаланың ең керемет орындарының біріне айналғанына сенімдімін, – деді студент Алина Әбілдаева.Жәрмеңкенің безендірілуі ерекше әсер қалдырады: гирляндалар, жарқыраған шамдар, фотоаймақтар – мұның бәрі ғажайып мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Әсіресе, қар басқан шаналар, жарқыраған аққалалар мен бұғының мүсіндері балаларды қуантады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908187
Алматы метросы Жаңа жылға орай безендірілді 24.12.2024
Жаңа жыл қарсаңында Алматы метрополитені ерекше кейіпке енді: бекеттер мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді. Тұрғындар бұл жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтынын айтады.Әр бекетте шырша орнатылып, тақырыптық ойыншықтармен безендірілген. Кейбір вагонда жолаушылар естелік суретке түсе алатын мерекелік бұрыштар бар.«Біз метродағы әрбір сапар жолаушыларымыз үшін сәл де болса мерекелік болғанын қалаймыз. Бекеттер мен вагондардағы әшекейлер адамдарға ертегі сезімін сыйлап, оларды мерекелік көңіл-күйге бөлеу үшін жасалған», – деді метрополитеннің баспасөз қызметі.Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік безендіруді жоғары бағалады. Көптеген жолаушы әлеуметтік желілерге фотосуреттер жүктеп, мұндай атмосфера үшін ризашылық білдіріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908189
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматының тұрғын үй саласын реновациялау 24.12.2024
2024 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мәслихаты 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын бекітті. Бүгінгі таңда Алматыда 1366 ескі тұрғын үй тіркелген. Осы үйлердің жартысын, яғни 683 үйді, 2030 жылға дейін жаңарту көзделген. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі – кварталдық салу принципінің енгізілуі. Бұл тәсіл ескірген тұрғын үйлерді жүйелі түрде жаңарту арқылы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейтуге және тұрғын үй қорының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында ескі үйлердің иелеріне екі негізгі балама ұсынылады.«Бөлмеге бөлме» қағидасы бойынша айырбастауға немесе нарықтық құны бойынша өтемақы алуға мүмкіндік алады. Сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру үшін тектоникалық бұзылыстарда орналасқан қаңқалы үйлер мен ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылады.Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін лифттермен және пандустармен жабдықталған бірінші қабаттарға немесе үйлерге көшу қарастырылған.Бағдарлама аясында құрылыс барысында сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады, бұл жер сілкінісі қаупі бар аймақ үшін маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908306
Ақтөбеде Президенттік шырша өтті 24.12.2024
Ақтөбеде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты балалар шыршасы өтті. Дәстүрлі Президенттік шыршаға 180 жас ақтөбелік шақырылды.Бұл – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда және спортта жетістіктерге жеткен балалар.Мереке жарқын түстерге толы театрландырылған қойылымнан басталды, онда балалар ертегілер мен мультфильмдердің сүйікті кейіпкерлерімен, Аяз Ата мен Ақшақармен кездесті. Сиқырлы атмосфера мен жаңажылдық декорациялар қатысушыларға ұмытылмас сәттер сыйлады.Облыс әкімі Асхат Шахаров балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.«Құрметті балалар! Менің сендерге артар үмітім зор және ертеңгі күні облысымыз бен мемлекетіміздің атын шығаратын, елге танытатын азаматтар боласыңдар деп сенемін.Білім мен еңбек сендерді биік белестерге бастайды. Болашақта ата-ана, ұстаз еңбегін ақтап, халық мақтанышына айналатын саналы ұрпақ, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар, үлкенді сыйлаңдар, Отанымызды мақтан тұтыңдар, сонда біздің еліміз үлкен жетістіктерге жетеді.Атаның ғана емес, адамның баласы, елдің баласы болыңдар. Әрқашан биік белестерді бағындыра беріңдер», - деп өңір басшысы тілегін жеткізді.Мерекелік шараны ұйымдастырушылар түрлі байқаулар, әуезді әндер және билерімен ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Балалар ойындарға белсенді қатысып, мереке туралы өз әсерлерімен қуана бөлісті. Әр балаға сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/908413
IL-TOV зауыттың қуаттылығын 10000 - 12000 тоннаға дейін кеңейтеді 24.12.2024
IL-TOV компаниясы тауық кеуде сүбесінен жартылай фабрикаттар өндіретін зауыттың қуатын кеңейту жобасын іске асыруда. Зауыт Қазақстан мен Орталық Азиядағы осы саладағы алғашқы кәсіпорын болмақ.Қазіргі уақытта оның өндірістік қуаты жылына 3 346 тоннаны құрайды. 2026-2027 жылдары IL-TOV екі жаңа желіні қосуды жоспарлап отыр, бұл жалпы қуаттылықты 10000 - 12000 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Инвестиция сомасы шамамен 4 млрд теңгені құрайды.Компания өндірісте заманауи және жоғары технологиялық жабдықтарды, өнімнің сапасына кепілдік беретін еуропалық технологиялар мен стандарттарды пайдаланады.Дайындау технологиясы пайдалануға дайын өнімдердің 90% -ын қарқынды өнеркәсіптік пісіруді, кейіннен тез салқындатуды қамтиды, бұл жарамдылық мерзімін сапаға нұқсан келтірмей 90 тәулікке дейін ұлғайтады. Бұл ретте консерванттар пайдаланылмайды, ал еуропалық стандарттарды сақтау өндірістен орауға дейінгі барлық кезеңдерде жоғары сапаға кепілдік береді.Компанияның жаһандық мақсаты - халықты жоғары сапалы тамақпен қамтамасыз ететін тамақ өнімдерін қайта өңдейтін өнеркәсіптік кәсіпорындар салу. Зауыт көкөніс қоймаларын, тоңазытқыш және мұздатқыш камераларды, ет комбинаттарын, балық комбинаттарын, көкөніс қоймаларын, ас үйлерді, салат және ұн өнімдерін өндіретін цехтарды, сондай-ақ көлік-экспедициялық кешендерді қамтитын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/908159
Жыл қорытындысы: «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК-ның жетістіктері мен перспективалары 24.12.2024
2024 жыл республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» үшін ерекше жыл болды. Қазақстанның жер ресурстарын басқару саласындағы негізгі орынға айналған кәсіпорын бір жыл бұрын құрылған болатын.Осы уақыт ішінде 6 млн гектар аумақта электронды топырақ карталарын жасау арқылы топырақ зерттеу жұмыстары, 7 млн гектар аумақта электронды геоботаникалық карталарды жасау арқылы геоботаникалық зерттеулер, 8 млн гектар жерге мониторинг жүргізілді, 4 млн гектар аумақта топырақтың бонитеті анықталды.Бұл деректер жерлерді ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар дайындаудың негізі болды. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне топырақ құнарлылығын арттыру, эрозияның алдын алу, оңтайлы ауыл шаруашылығы дақылдарын таңдау, сондай-ақ тыңайтқыштар енгізу бойынша ұсыныстар берілді.2025 жылы «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК өз жұмыс ауқымын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, топырақ зерттеулері 6,65 млн гектар аумақта, геоботаникалық зерттеулер 7,5 млн гектар аумақта жүргізіледі. Топырақтың бонитеті 5 млн гектар аумақта анықталып, 10 млн гектар жер мониторингпен қамтылады. 53,5 млн гектар аумаққа жер деградациясының электронды карталары жасалады.Ағымдағы жылы «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК бірқатар халықаралық жобаларға белсенді қатысты.Атап айтқанда, БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы аясында Орталық Азиядағы жер ресурстарының аймақтық шолуын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда.Бакуде өткен COP29 аясында көміртекті егіншілік мәселелері бойынша сайд-ивент ұйымдастырылып, кәсіпорынның қызметі таныстырылды.Маңызды оқиғалардың бірі – Эр-Риядта өткен COP16-ға қатысу болды, онда «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК климат өзгерісі жағдайында жер ресурстарын тұрақты басқару бойынша Қазақстанның жетістіктерін таныстырды.Save Soil қозғалысы аясында Conscious Planet ұйымымен топырақ денсаулығын сақтау бойынша бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойылды.UFU тәуелсіз экологиялық институтымен (Германия) келісім жасалды.Қазақстандағы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесіп бірнеше жоба жүзеге асырылуда.Барлық негізгі бағыттар бойынша жұмыс әрі қарай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/908365