Саясат
Алматы метросы Жаңа жылға орай безендірілді 24.12.2024
Жаңа жыл қарсаңында Алматы метрополитені ерекше кейіпке енді: бекеттер мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді. Тұрғындар бұл жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтынын айтады.Әр бекетте шырша орнатылып, тақырыптық ойыншықтармен безендірілген. Кейбір вагонда жолаушылар естелік суретке түсе алатын мерекелік бұрыштар бар.«Біз метродағы әрбір сапар жолаушыларымыз үшін сәл де болса мерекелік болғанын қалаймыз. Бекеттер мен вагондардағы әшекейлер адамдарға ертегі сезімін сыйлап, оларды мерекелік көңіл-күйге бөлеу үшін жасалған», – деді метрополитеннің баспасөз қызметі.Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік безендіруді жоғары бағалады. Көптеген жолаушы әлеуметтік желілерге фотосуреттер жүктеп, мұндай атмосфера үшін ризашылық білдіріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908189
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматының тұрғын үй саласын реновациялау 24.12.2024
2024 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мәслихаты 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын бекітті. Бүгінгі таңда Алматыда 1366 ескі тұрғын үй тіркелген. Осы үйлердің жартысын, яғни 683 үйді, 2030 жылға дейін жаңарту көзделген. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі – кварталдық салу принципінің енгізілуі. Бұл тәсіл ескірген тұрғын үйлерді жүйелі түрде жаңарту арқылы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейтуге және тұрғын үй қорының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында ескі үйлердің иелеріне екі негізгі балама ұсынылады.«Бөлмеге бөлме» қағидасы бойынша айырбастауға немесе нарықтық құны бойынша өтемақы алуға мүмкіндік алады. Сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру үшін тектоникалық бұзылыстарда орналасқан қаңқалы үйлер мен ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылады.Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін лифттермен және пандустармен жабдықталған бірінші қабаттарға немесе үйлерге көшу қарастырылған.Бағдарлама аясында құрылыс барысында сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады, бұл жер сілкінісі қаупі бар аймақ үшін маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908306
Ақтөбеде Президенттік шырша өтті 24.12.2024
Ақтөбеде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты балалар шыршасы өтті. Дәстүрлі Президенттік шыршаға 180 жас ақтөбелік шақырылды.Бұл – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда және спортта жетістіктерге жеткен балалар.Мереке жарқын түстерге толы театрландырылған қойылымнан басталды, онда балалар ертегілер мен мультфильмдердің сүйікті кейіпкерлерімен, Аяз Ата мен Ақшақармен кездесті. Сиқырлы атмосфера мен жаңажылдық декорациялар қатысушыларға ұмытылмас сәттер сыйлады.Облыс әкімі Асхат Шахаров балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.«Құрметті балалар! Менің сендерге артар үмітім зор және ертеңгі күні облысымыз бен мемлекетіміздің атын шығаратын, елге танытатын азаматтар боласыңдар деп сенемін.Білім мен еңбек сендерді биік белестерге бастайды. Болашақта ата-ана, ұстаз еңбегін ақтап, халық мақтанышына айналатын саналы ұрпақ, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар, үлкенді сыйлаңдар, Отанымызды мақтан тұтыңдар, сонда біздің еліміз үлкен жетістіктерге жетеді.Атаның ғана емес, адамның баласы, елдің баласы болыңдар. Әрқашан биік белестерді бағындыра беріңдер», - деп өңір басшысы тілегін жеткізді.Мерекелік шараны ұйымдастырушылар түрлі байқаулар, әуезді әндер және билерімен ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Балалар ойындарға белсенді қатысып, мереке туралы өз әсерлерімен қуана бөлісті. Әр балаға сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/908413
IL-TOV зауыттың қуаттылығын 10000 - 12000 тоннаға дейін кеңейтеді 24.12.2024
IL-TOV компаниясы тауық кеуде сүбесінен жартылай фабрикаттар өндіретін зауыттың қуатын кеңейту жобасын іске асыруда. Зауыт Қазақстан мен Орталық Азиядағы осы саладағы алғашқы кәсіпорын болмақ.Қазіргі уақытта оның өндірістік қуаты жылына 3 346 тоннаны құрайды. 2026-2027 жылдары IL-TOV екі жаңа желіні қосуды жоспарлап отыр, бұл жалпы қуаттылықты 10000 - 12000 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Инвестиция сомасы шамамен 4 млрд теңгені құрайды.Компания өндірісте заманауи және жоғары технологиялық жабдықтарды, өнімнің сапасына кепілдік беретін еуропалық технологиялар мен стандарттарды пайдаланады.Дайындау технологиясы пайдалануға дайын өнімдердің 90% -ын қарқынды өнеркәсіптік пісіруді, кейіннен тез салқындатуды қамтиды, бұл жарамдылық мерзімін сапаға нұқсан келтірмей 90 тәулікке дейін ұлғайтады. Бұл ретте консерванттар пайдаланылмайды, ал еуропалық стандарттарды сақтау өндірістен орауға дейінгі барлық кезеңдерде жоғары сапаға кепілдік береді.Компанияның жаһандық мақсаты - халықты жоғары сапалы тамақпен қамтамасыз ететін тамақ өнімдерін қайта өңдейтін өнеркәсіптік кәсіпорындар салу. Зауыт көкөніс қоймаларын, тоңазытқыш және мұздатқыш камераларды, ет комбинаттарын, балық комбинаттарын, көкөніс қоймаларын, ас үйлерді, салат және ұн өнімдерін өндіретін цехтарды, сондай-ақ көлік-экспедициялық кешендерді қамтитын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/908159
Жыл қорытындысы: «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК-ның жетістіктері мен перспективалары 24.12.2024
2024 жыл республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» үшін ерекше жыл болды. Қазақстанның жер ресурстарын басқару саласындағы негізгі орынға айналған кәсіпорын бір жыл бұрын құрылған болатын.Осы уақыт ішінде 6 млн гектар аумақта электронды топырақ карталарын жасау арқылы топырақ зерттеу жұмыстары, 7 млн гектар аумақта электронды геоботаникалық карталарды жасау арқылы геоботаникалық зерттеулер, 8 млн гектар жерге мониторинг жүргізілді, 4 млн гектар аумақта топырақтың бонитеті анықталды.Бұл деректер жерлерді ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар дайындаудың негізі болды. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне топырақ құнарлылығын арттыру, эрозияның алдын алу, оңтайлы ауыл шаруашылығы дақылдарын таңдау, сондай-ақ тыңайтқыштар енгізу бойынша ұсыныстар берілді.2025 жылы «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК өз жұмыс ауқымын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, топырақ зерттеулері 6,65 млн гектар аумақта, геоботаникалық зерттеулер 7,5 млн гектар аумақта жүргізіледі. Топырақтың бонитеті 5 млн гектар аумақта анықталып, 10 млн гектар жер мониторингпен қамтылады. 53,5 млн гектар аумаққа жер деградациясының электронды карталары жасалады.Ағымдағы жылы «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК бірқатар халықаралық жобаларға белсенді қатысты.Атап айтқанда, БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы аясында Орталық Азиядағы жер ресурстарының аймақтық шолуын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда.Бакуде өткен COP29 аясында көміртекті егіншілік мәселелері бойынша сайд-ивент ұйымдастырылып, кәсіпорынның қызметі таныстырылды.Маңызды оқиғалардың бірі – Эр-Риядта өткен COP16-ға қатысу болды, онда «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК климат өзгерісі жағдайында жер ресурстарын тұрақты басқару бойынша Қазақстанның жетістіктерін таныстырды.Save Soil қозғалысы аясында Conscious Planet ұйымымен топырақ денсаулығын сақтау бойынша бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойылды.UFU тәуелсіз экологиялық институтымен (Германия) келісім жасалды.Қазақстандағы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесіп бірнеше жоба жүзеге асырылуда.Барлық негізгі бағыттар бойынша жұмыс әрі қарай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/908365
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады 24.12.2024
Алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа еті Ереванға экспортталды. Экспорттаушы – Солтүстік Қазақстандық EMC Agro компаниясы.Бұл кәсіпорын үшін шетелдік кәсіпкерлермен алғашқы ынтымақтастық тәжірибесі болды, себебі бұған дейін өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.«Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөздер жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді.Айта кету керек, біздің кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Сондықтан, егер біз осы екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатсақ, өніміміздің 50%-ы шетелге жіберіледі», - дейді компания өкілдері.Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа еті тұтынушысы болып табылатын Қытаймен ынтымақтастықты қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.Осыған байланысты компания ҚХР-дың Бас Кеден Басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне ену жұмыстарын жүргізуде.EMC Agro – Қазақстандағы ет өңдеу кәсіпорындарының көшбасшысы. Компания жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруге және оны түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/908403
ТЖМ басшысы ТЖ орталығы кеңесінің жыл қорытындысы мен жоспарын тыңдады 24.12.2024
Алматыда Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы кеңесінің он бесінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов және Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырканов қатысты. Орталық директоры Серік Әубәкіров орталықтың есепті кезеңдегі жетістіктері туралы хабарлады, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарын, оның ішінде апаттар қаупін азайтуға және төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыруға бағытталған бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру туралы айтты. Отырыс барысында орталықтың 2024 жылғы қызметі туралы есеп ұсынылды, биылғы жылға арналған бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланды және 2025 жылға арналған бюджет бекітілді. Кадрлық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Шыңғыс Әрінов Қазақстан мен Қырғызстанның азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті. «Біздің елдеріміз осы салада тиімді жұмыс істейді. Басшылық құрамнан бастап қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға дейін қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыру үшін үнемі бірлескен іс-шаралар өткізеді. Біз бірлесіп құрған орталық төтенше ведомстволардың әлеуетін нығайтуға және құтқарушылардың біліктілігін арттыруға ықпал ететін бірегей халықаралық платформа болып табылады», — деп Қазақстан ТЖ министрі атап өтті. ТЖМ басшысы тиімді жұмыс істеу үшін орталықтың ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылының маңыздылығына да баса назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда оның әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану үшін орталықтың күш-жігерін жандандыру туралы шешім қабылдады. Отырыс соңында орталық кеңесінің тиісті шешіміне қол қойылды. Отырыс екі ел арасындағы азаматтық қорғау және халық қауіпсіздігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/908399
Теміртас Жүсіпов Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды 24.12.2024
Ақмолалық 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық жекпе-жегі басталды!Бүгін 48 келіге дейінгі санатта көрермендер Ақмола облысының спортшысы Теміртас Жүсіпов жеңіске жеткен қызықты жекпе-жектің куәсі болды.Үш раундтың қорытындысы бойынша ол керемет күш, ептілік пен шеберлік көрсетті, бұл оның жеңісінің кепілі болды.Естеріңізге сала кетейік, ол 2021 жылғы бокстан әлем чемпионы және Азия чемпионы. Еліміздің басты стартындағы бұл жеңіс ол үшін мансаптағы сегізінші жеңіс болды. Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және алда талай жеңістер болатынына сенеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908377
ТЖМ-де Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысымен кездесу өтті 24.12.2024
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу Алешка Симкич ханымның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының жақында басталған сапары аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Ерте ескерту жүйелерін дамыту және табиғи апаттарды болжау, соңғы төтенше жағдайларға қарсы күресте Еуропа елдерінің тәжірибесін зерделеу, сейсмикалық белсенділік туралы деректерді цифрландыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың табиғи қауіптер туралы өңірлік дерекқорымен және оның мамандандырылған ақпараттық платформаларымен интеграциялау жөніндегі бірлескен бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Сапар аясында Еуропалық Одақ өкілдеріне ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына қысқаша экскурсия ұйымдастырылды, онда оның дағдарыс жағдайларында басқару мен жедел әрекет етудің заманауи технологиялары, сондай-ақ тәуекелдерге мониторинг жүргізу және болжау жүйелері көрсетілді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы әріптестікті нығайтуға өздерінің өзара дайындығын растап, жаһандық сын-қатерлер мен қатерлерді шешудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/908079
«Азаматтық қорғау туралы» заңын жетілдіру 24.12.2024
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2024 жылы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы шеңберінде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жедел ден қою (қадағалау) шараларын қолдану тәртібі айқындалды («Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 38,39-баптары және жаңа 38-1-бабы). Ішінара адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде субъектілердің қызметі немесе жекелеген қызмет түрі тоқтатылады немесе тыйым салынады. Өзгерістер адал бизнес субъектілерінің қызметіне әсер етпейтінін атап өткен жөн. Жедел ден қою шаралары бойынша түзетулерді қабылдау азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, оның ішінде ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету мақсатында бейнетіркегіштерді пайдалану құзыреті көзделген. Сонымен қатар заңға азаматтық қорғаныс саласында тексерулер жүргізу тәртібі бойынша жаңа 37-1-бап енгізілді. ТЖМ ондаған жылдар бойы қолданыста болған заңға алғаш рет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу арқылы азаматтық қорғау саласындағы нормаларды жетілдіру бөлігінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасады. Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралуда, жұмыс топтарының 17 отырысы өткізілді. Заң жобасында бұрын қолданыста болған нормалар төтенше жағдайлар саласындағы заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге сәйкестікке келтірілген, сондай-ақ азаматтар мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар жаңа тәсілдері көзделген. Заң жобасымен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мен басқа да мәселелер бойынша азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды іске асыру ұсынылады. Заңды іске асыру кезінде азаматтық қорғау саласындағы заңға тәуелді нормативтік-құқықтық база қайта өңделіп, азаматтық қорғау саласындағы құқықтық реттеудің сапасы мен деңгейін арттыруда оң нәтиже беретін азаматтық қорғау жүйесі құрылатын болады. 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша құқықтық актілердің 468 жобасына заң сараптамасы жүргізілді және қабылданды: ҚР Үкіметінің 27 қаулысы, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 441 бұйрығы, оның ішінде 31 бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/908259
Студенттер Астанада сыйлық шығаратын шағын фабрика жасап шығарды 24.12.2024
ASTANA Polytechnic жоғары колледжінің студенттері Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар өндіру желісін әзірледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Колледж студенттері мехатроника және мобильді робототехника сияқты бағыттарды зерттеу үстінде. Оқу кезінде студенттер тұрақты негізде өндірістік желілерді әзірлеумен айналысады.«Колледж базасында біз кез келген өндірісте жұмыс істей алатын мамандарды, яғни сүт бөтелкесін жасаудан бастап, көлік жасауға дейін мүмкіндігі болатын мамандарды оқытып шығарамыз. Студенттеріміз зауытта жұмыс істеуге дайындалып жүр. Алайда біз оқу орны болғандықтан, зауытты өзімізге орната алмаймыз, өйткені оның көлемі біздің колледж алаңынан 10 есе үлкен болуы мүмкін. Сондықтан біз өндіріс желілерінің нақты көшірмелерін кішірейтілген масштабта қолданамыз. Бұл оқу мақсаттары үшін пайдаланылатын нақты өндіріс», – деді Astana Polytechnic жоғары колледжі директорының Ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Самир Керімов.Жаңа жыл қарсаңында төрт адамнан тұратын студенттер тобына мерекелік тақырыпта өндірістік желі құру – жаңа жылдық сыйлықтар шығару міндеті қойылды. Колледж оқушылары миниатюралық автоматтандырылған желіні жинап, жаңа жылдық кейіпкерлермен креативті бейне түсірді.Шағын зауыт құру үшін бір апта қажет болды. Бұл қондырғыны өндіру үшін студенттерге электрика, механика, пневматика және бағдарламалау туралы білім қажет болды.Айта кетейік, өндірістік желіні әзірлеп жатқан студенттер мехатроникадан WorldSkills чемпионатының республикалық кезеңінің жеңімпаздары болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908256
Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті 24.12.2024
Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Президент шыршасы өтеді. Семейде бұл мерекеге облысымыздың 200 оқушысы қатысып, ерекше көңіл-күйге бөленді.Дәстүрлі Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен оқу, спорт, шығармашылық, қоғамдық шараларда жетістікке жеткен дарынды оқушылар шақырылды.Шараға арнайы қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев балаларды мерекемен құттықтап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық лебізін жеткізді.Балаларға театрландырылған қойылым сахналанып, аниматорлар мен балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуімен шарада ерекше атмосфера орнады.Шыршаға қатысқан әр балаға ел Президенті атынан 120 000 теңгенің сертификаты, сондай-ақ тәттілер мен ойыншықтар жиынтығы тарту етілді.Сонымен қатар, облыстың бес оқушысы «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы «Жаңа жыл Республика төрінде» атты президенттік шыршасына қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/908276
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді 24.12.2024
Келесі жылы «Қазсушар» мекемесінің 105 маманы ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық Power China компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесу барысында тиісті келісімге қол жеткізді.Арнайы курстар тоқсан сайын өтеді. Сәуір айында Қытайға 30 маман барады. Содан кейін 25 адамнан жасақталатын топтар әр үш ай сайын біліктілік арттыру бағдарламасына қатысады. Жақын арада тараптар оқу бағдарламаларының тақырыбы мен бағыт-бағдарын айқындайтын болады.«Шетелдік компаниялармен және өзге мемлекеттермен келіссөздер барысында міндетті тақырыптың бірі – бірлесіп кадр даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру. Біздің мамандар Қытайда мол тәжірибе жинайтынына сенімдімін. Биыл министрлік су шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын белсенді жүргізді. Мысалы, жыл басынан бері 500-ден астам адам мамандандырылған орталықтарда курстан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Сондай-ақ, министр қытайлық кәсіпкерлермен Power China компаниясының елімізде су қоймаларын салу және реконструкциялау жұмыстарына қатысу мәселесін талқылады. Шетелдік делегаттар Қазақстанда жаңа су шаруашылығы инфрақұрылымына инвестиция салуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/908102
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшысы қар тазалау жұмыстарына шықты 24.12.2024
Қыс мезгілі басталғаннан бері елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын мыңдаған жол жұмысшысы мен түрлі арнайы техникалар жұмыс жұмылдырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 3 399 рейспен 46 мың текше метрге жуық қар шығарды.24 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 2 636 жол жұмысшысы және 1 608 арнайы техника жұмылдырылды.Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға қаладан 119 771 рейспен 1,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908152
Мектепке дейінгі ұйымдардағы ваучер қызметі: Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді 24.12.2024
Елорданың алты ауданында ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері үшін мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесін түсіндіру бойынша «Ашық есік күндерін» өтеді. Бұл туралы елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.2025 жылдың қаңтарында Астанада мектепке дейінгі ұйымдар үшін ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. 2024 жылдың қараша айынан бастап білім басқармасы дайындық іс-шараларын бастады, оның аясында басқарма қызметкерлері мен басшылығы тәжірибе алмасу үшін Шымкент пен Таразға жіберілді.Бүгінгі күні білім басқармасымен келісілген «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен бірлескен жол картасы бекітілді.«Осы жылдың 17 желтоқсанынан бастап білім басқармасы «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп мемлекеттік білім беру тапсырысын алу, ваучерлік қаржыландыруға көшу, әдістемелік және техникалық өзгерістер бойынша жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды оқыту бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізеді.«Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының ваучерлік қаржыландыруға көшуі» тақырыбындағы оқыту семинарына 600 басшы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапты мамандары қатысты», - деді басқарма басшысы.Осылайша, «INDIGO» ақпараттық жүйесін жаңарту және санаттарға кезекті бөлу бойынша жұмыс осы жылдың 26-30 желтоқсаны аралығында жүргізілетін болады. Көрсетілген күндері жүйеде қызметтер қолжетімсіз болады.Сонымен қатар, 24-27 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың 6 ауданында ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері үшін «Ашық есік күндері» өткізіледі:Алматы ауданы: әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, Б. Момышұлы даңғылы, 5.Байқоңыр ауданы: № 8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, 50.Есіл ауданы: Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей, Д.Қонаев көшесі, 33/1.Нұра ауданы: №79 мектеп-лицей, М.Нәрікбаев көшесі, 3.Сарыарқа ауданы: М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, А. Мәмбетов көшесі, 1.Сарайшық ауданы: №93 мектеп-лицей, Ж.Нәжімеденов көшесі, 24.Сондай-ақ, ата-аналарға әдістемелік көмек алу үшін мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультативтік пунктерге немесе туындаған сұрақтармен Астана қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміне: 55-68-64, 55-72-49, 55-68-74 телефондары арқылы жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907632
2025 жылдың қаңтарынан бастап Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдар ваучерлік қаржыландыруға көшеді 24.12.2024
2025 жылдың қаңтарынан бастап елордадағы мектепке дейінгі ұйымдар ваучерлік қаржыландыруға көшеді, бұл туралы елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлімдеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.Қазіргі таңда жоба Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларында ваучерлік қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуда.Елордалық білім басқармасының басшысы ваучердің негізгі артықшылықтарын атады. қаржыландыру жүйесі:1. Ата-аналардың таңдау еркіндігі. Жолдаманы алған ата-аналар Тізімнен кез келген мектепке дейінгі мекемені таңдай алады, бұл балабақшаларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және жаңа тұтынушыларды тартуға және ұстап тұруға ынталандырады. Бұл «әділдік» принципіне қол жеткізуге ықпал етеді.2. Сапаны объективті бағалау. Балабақшалардың жұмысын бағалаудың қайта қаралған тәсілі ата-аналарға білім беру қызметінің сапасын тікелей бағалауға мүмкіндік береді, бұл субъективтілікті жояды және қызмет көрсетудің жалпы деңгейін жақсартады. Жоба сонымен қатар салауатты бәсекелестік тудырып, «сапа» қағидасына сәйкес келетін қызметтердің сапасын арттыра отырып, нарықтың жаңа қатысушыларына жол ашады.3. Қаржыландырудың ашықтығы. Жергілікті атқарушы органдардың әрбір балабақшаға мемлекеттік тапсырыс көлемін бекіту функционалдығы жойылып, қаражат тікелей балаға беріледі. Егер бала таңдап, басқа балабақшаға ауысса, жолдама оның соңынан ереді, бұл «мөлдірлік» принципін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, Қасымхан Сенғазиев ваучерлік қаржыландырудың негізгі принциптері туралы айтты.«Егер бұрын бала балабақшаға кезекке тұрды, қазір жолдамаға кезекке тұр. Енді балабақша таңдау да ата-ананың қолында. Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы балабақшаға тағайындалса, қазір жолдама баланың соңынан келеді», - деп түсіндірді ол.Назар аударыңызшы, Астанада ваучерлік қаржыландыруды жүзеге асыру 2025 жылдың қаңтарында басталады.Ваучерлік қаржыландыру жүйесінде , кезек баланың жасы мен әлеуметтік жағдайына байланысты 18 санатқа бөлінеді. Әрбір санаттың өз кезегі болады.Ваучер итерациялық негізде шығарылады және кезек жылына екі рет автоматты түрде жаңартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907638
Хабарландыру 24.12.2024
Шығыс Қазақстан облысы «Ашық деректердің қосымша жинақтарына қажеттілікті анықтау үшін сұрау» тақырыбына сауалнама өткізу басталғаны жөнінде хабарлайды. https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5986 сілтемесі бойынша аталған сауалнама қолжетімді.Осы сауалнамаға қатысуларыңызды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/907395
Нұрбек Қошқарбаев Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды 24.12.2024
Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы 1979 жылы 5 маусымда Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген.Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Бастауыш сынып және ұлттық мектепте орыс тілі пәні мұғалімі», М.О. Әуезов атындағы Семей университетін «Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын Семей қаласының № 33 орта мектебінің бастауыш сыныптарындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған.2002-2008 жж. Семей қаласының № 17 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары.2008-2009 жж. Семей қаласының № 36 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары.2009-2010 жж. Ақмола облысының Жақсы ауданының Жақсы ауылының № 2 Жақсы орта мектебінің директоры.2010-2012 жж. Семей қаласының білім бөлімінің бас маманы.2012-2013 жж. Бесқарағай ауданы әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің басшысы.2013 жылдың ақпан - қыркүйек айларында Семей қаласы әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және марапаттау бөлімінің бас маманы.2013-2014 жж. Семей қаласы әкім аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы.2014 - 2015 жж. Семей қаласы әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.2015-2019 жж. Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы.2019 жылдан соңғы тағайындауға дейін Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/907238
Жаңа аудан әкіміне тапсырмалар берілді 24.12.2024
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Соның ішінде әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау сапасына ерекше назар аударылды.Аудан орталығында жаңа хоккей корты ашылды. Қыста хоккей және мәнерлеп сырғанау, ал жазда шағын футбол алаңына айналады. Жоспарда бұл жерде спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу бар. Бұл тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, аудан тұрғындарының дене денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Облыс әкімі корттың тұрақты пайдаланылуын, демалушыларға қолжетімді болуын қадағалауды атап өтті.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданда 300 орындық заманауи жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүріп жатыр. Заманауи талаптарды ескере отырып жобаланған жаңа білім беру кешені екі қабаттан тұрады. Бұл оқушылардың оқуы мен дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бүгінгі таңда ауданда 21 мектеп жұмыс істейді, оның 16 – сы шағын жинақты.Сондай-ақ, облыс әкімі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ашылған саябаққа барды. Саябақтың ауданы 1,0079 га құрайды, оның аумағында балаларға арналған ойын және воркаут-алаңдар жабдықталған. Сондай-ақ іс-шараларды өткізуге арналған сахна және LED-экран орнатылған.Сапар барысында өңір басшысы ауданның жаңа әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде барлық сапа стандарттарын сақтай отырып, мектеп құрылысын уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бұқаралық іс-шараларды белсенді насихаттау және секциялар құру арқылы жастарды спортпен шұғылдануға тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/907500
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды 24.12.2024
Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов 1973 жылы 14 қыркүйекте Семей облысы Шар қаласында дүниеге келген. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Тарих мұғалімі», Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтары бойынша бітірген. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының магистрі.Еңбек жолын Жарма ауданы Шалабай ауылындағы «Шалабай» асыл тұқымды зауыты кәсіподақ комитетінің «Парус» жасөспірімдер клубында жаттықтырушы болып бастаған. 1990-1991 жылдары-Семей қаласындағы «Ауа райы» шағын кәсіпорнының суретші-дизайнері. 1993-1994 жылдары Жамбыл облысындағы «Шайзада» кооперативінің жабдықтаушы – экспедиторы. 1994-1995 жылдары-Алматы қаласындағы «Гүлжан» шағын жеке кәсіпорнының директоры. 1995-1996 жылдары-Жарма ауданы, Шалабай ауылы, Н. Крупская атындағы орта мектепте үйірме жетекшісі.1996-2001 жылдары-Жарма ауданы, Шалабай ауылы, Н. Крупская атындағы орта мектептің әскери жетекшісі. 2001-2006 жылдары-Жарма ауданы, Шалабай ауылындағы Н. Крупская атындағы орта мектептің директоры. 2006-2022 жылдары-Жарма ауданы, Шалабай ауылындағы «Шалабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры.Тағайындалғанға дейін Абай облыстық мәслихатының төрағасы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/907533