Enbekshi QazaQ

Саясат

Өңір басшысы талантты жастармен кездесті 24.12.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің дарынды оқушыларымен және студенттерімен кездесті. Кездесуге зияткерлік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, сондай-ақ спорттық және шығармашылық байқауларда жүлдегер болған 50 оқушы мен 20 студент қатысты.Еркін форматта өткен шарада балалар өздерінің жетістіктері туралы айтып, идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Аймақ басшысы сөз алған әрбір қатысушыны мұқият тыңдап, ақыл-кеңесін берді. Жастардың өңірдің дамуына қосатын үлесінің маңызын атап өтті.«Сіздер - облысымыз бен еліміздің болашағысыздар. Оқу, ғылым, спорт және шығармашылықтағы жетістіктеріңіз табандылық пен таланттың арқасында биіктерге қалай жетудің нақты дәлелі. Семейде кретивті идеялар орталығы жұмыс істейді. Тың жобаларыңызды сонда ұсынып, жүзеге асырсаңыздар болады. Біз өз тарапымыздан сіздердің бастамаларыңызды қолдап, ары қарай дамуларыңыз үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп атап өтті өңір басшысы.Іс-шараға қатысушыларға облыс әкімінің атынан ақшалай сертификаттар табысталды.Айта кетейік, облыс жастары республикалық олимпиадаларда 114 жүлделі орын, оның ішінде 21 Алтын, 33 күміс және 60 қола медаль иеленді. Переменовка орта мектебінің оқушысы Әділхан Әділанов екінші жыл қатарынан ауыл оқушылары арасында математика олимпиадасында алтын медаль алды. Биыл ол университетте оқу грантының иегері атанды.Робототехникада облыс оқушылары үздік нәтижелер көрсетті: 600 -ден астам оқушы облыстық, 50-ден астамы республикалық және 25 халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанды. Жетістіктердің қатарында Индонезияда 3-ші, Түркияда 2-ші, Сингапурда 1-ші, Қытайда «үздік робот» номинациясында Гран-при бар. «Айбын-2024» халықаралық әскери-патриоттық жастар слетінде облыс оқушыларының командалары жалпы командалық есепте 2-ші және 3-ші орындарға ие болды.Сонымен қатар WorldSkills республикалық чемпионатында Абай облысының командасы жалпы республикалық есепте 1-ші орынды иеленді. Команда 2 алтын, 6 күміс, 4 қола және 7 медальонға қол жеткізді. Өткен жылғы чемпионатқа қатысушылар Франциядағы әлем чемпионатында үздік номинацияға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/907568
Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды 24.12.2024
Талғат Батырұлы Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист, «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеді.2012-2014 жылдары - «Шығыс Самғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары. 2014 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін - «АТФ Банк» акционерлік қоғамының Семей қаласы филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің бастығы. 2014-2015 жылдары-Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы. 2016-2018 жылдары-Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. 2018 жылдан 2022 жылға дейін – Жарма ауданы әкімінің орынбасары.Осы тағайындауға дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқардыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/907717
Ауған соғысы ардагерлерінің мәселелері тыңдалды 24.12.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Кездесуде майдангерлер аймақ басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.Ардагерлер әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Соның ішінде қоғамдық көлікте жол жүру мен шипажайларда емделуге жеңілдік қарастырылып, пәтер алу кезінде көмек көрсетілсе деген тілектерін білдірді.Сонымен қатар, ай сайынғы төленетін коммуналдық төлемақы мен ауған соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткішке жөндеу жұмысын жүргізуге көмек сұрады.«Сіздердің мәселелеріңіз маған жақсы таныс. Біз ауған соғысы ардагерлерін назардан тыс қалдырмаймыз. Бірақ бір дүниені түсінуіміз керек. Еліміздегі Заң талаптарына сай жұмыс істейміз. Қолда бар мүмкіндікті ескеріп, алдағы уақытта өздеріңізбен бірлесе отырып сіздер көтерген мәселелерді біртіндеп шешуге тырысамыз», - деді аймақ басшысы.Өз кезегінде ауған ардагерлері жастар тәрбиесіне араласып, кез келген патриоттық шараларға қатысуға әзір екендерін жеткізді. Қазір облысымызда 600-ден аса ауған соғысы майдангерлері тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/907933
Аймақ басшысы облыс активімен кездесті 24.12.2024
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс активімен кездесті. Кездесуде басшылық лауазымға жаңадан тағайындалғандарды таныстырды. Олардың қатарында облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев бар.Аймақ басшысы жаңа қызметке тағайындалған азаматтарға сәттілік тілей отырып, облысты өркендету жолында еңбек ететіндіктеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босаған Әділбек Мұсабаев пен Нұрбол Нұрсағатовқа атқарған жұмыстарына ризашылық білдірді.«Күні бүгінге дейін облысымызда ауқымды шаруалар жүзеге асты. Алда атқаратын істер аз емес. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра беруіміз керек. Жоспарымыздағы жобаларымызды бірлесе еңсеру міндеті тұр», -деді облыс әкімі.Жиында сөз алған Нұрбол Нұрсағатов әріптестері мен Семей жұртшылығына алғыс айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/907937
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 24.12.2024
18.12.АСТАНАНұржан Нұржігітов су тасқынын болжау және модельдеуге арналған Tasqyn.gov.kz, Talsim және Delft-FEWS жүйелерін көрді. Tasqyn.gov.kz жүйесі төтенше жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін болжам жасауға мүмкіндік береді.МАҢЫЗДЫ: Әдістемеге сәйкес, уәкілетті органдар ақпараттық жүйеге су қоймаларындағы су көлемі, су жіберу және гидрометеоболжам секілді деректерді енгізеді. Жүйе жинақталған мәліметтер негізінде су тасқынының ықтимал сценарийлерін модельдейді.19.12.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫСу ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Жетісай қаласында өңірдің шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Биыл өңірде суару маусымы тұрақты өтіп, «Қазсушар» филиалы облыстың 274 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті.17.12.АСТАНАБиыл су саласының 500-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтарда біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық.18.12.АСТАНАБиыл 470 мың гектарға жуық егіс алқабы су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып суарылды. Бұдан бөлек, 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелді.ЕСКЕ САЛСАҚ: Су ресурстары және ирригация министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасын» әзірлеген болатын. Жоспарда 39 іс-шара қарастырылған.20.12.ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫЖетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті және құрылыс материалдарын тасуға арналған жүк көліктерін жаңартты. Арнайы техника гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу кезінде пайдаланылады, сондай-ақ, су тасқыны кезінде шұғыл іс-шараларды неғұрлым жылдам орындауға мүмкіндік береді.18.12.ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫСу тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы бөгеттерге, су өткізетін құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Шідерті лиманды суару жүйесінде төрт гидротехникалық құрылыстың бөгеттері жөнделіп, балшықтан, қамыс және бұталардан тазартылды.17.12.АҚМОЛА ОБЛЫСЫАқмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы «Алва» лиманды суару жүйесінің бөгеттерін жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жүргізілген іс-шаралар нысанның қауіпсіздігін арттырады, сондай-ақ жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін тасқын суын лиманды суару жүйесінде ұстап қалуға мүмкіндік береді.20.12.ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫБиыл суару кезеңінде Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы суармалы су берілді. Бұл Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары.АЙТА КЕТУ КЕРЕК: Биыл Талас өзені арқылы Қазақстанға болжанған 380 млн текше метр судың орнына іс жүзінде 418 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,2 млн текше метрге артық. Шу өзенімен бекітілген кестеге сәйкес 165,3 млн текше метр су алынды, бұл былтырмен салыстырғанда 29,7 млн текше метрге көп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/907256
Балқаш көліне өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артық су жіберілді 24.12.2024
Биыл еліміздің су қоймаларына рекордты - 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын суы.Тасқын суын дұрыс бөлу су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға айналған өзендер мен көлдерге, шабындықтарға, табиғи жайылымдарға және басқа да айдындарға су жіберуге мүмкіндік берді.Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 млрд текше метрге артық. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су түсті. Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су келді. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.Су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су келді. Осының арқасында, бақылау тарихында алғаш рет бұл су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне жетті.Су дипломатиясы, суды дәл бөлу және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы еліміздің оңтүстігінде су балансын жақсартуға қол жеткізілді.Мәселен, биыл Солтүстік Аралға шамамен 2,5 млрд текше метр су жіберілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 400 млн текше метрге артық. Бұл ретте, Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын пайдаланғандықтан 200 млн текше метрге дейін су үнемдеп, ол су Солтүстік Аралға жіберілгенін де айта кеткен жөн.Жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 4,7 млрд текше метрден астам су жіберілді. Салыстыру үшін, өткен жылы бұл көрсеткіш шамамен 4,3 млрд текше метр еді.«Біз әрқашан су ресурстарын бөлуде экономиканың қажеттіліктері мен су нысандарының экожүйесін қолдау арасындағы дұрыс тепе-теңдікті іздейміз. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушыларға кері әсерін тигізбестен үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы, өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жақсарады. Оның ішінде суды сауатты басқару және тұтынуға басымдық беретін жаңа нормативтік-құқықтық база құру есебінен де нәтижеге жетуге ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/907257
«Іскерлік үзіліс» айдарының кезекті санында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Кадр жұмыстары департамент басшысы Әсия Баймұратқызы 24.12.2024
Министрлік құрылғалы бері 100-ден астам конкурстық өткізілді. Жарияланған бос орындарға 1100-ден артық үміткер өтініш білдіріп, қортынды бойынша 148-ге жуық адам тағайындалды.Толығырақ «Іскерлік үзіліс» айдарының кезекті санында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Кадр жұмыстары департамент басшысы Әсия Баймұратқызы айтып берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/907665
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы лимандарға, көлдерге және су қоймаларына 500 млн текше метрге жуық су жіберуді жоспарлап отыр 24.12.2024
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар.Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.«Бүгінгі таңда барлық су қоймалары қысқы жұмыс кестесіне ауысты. Яғни, біз тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындап жатырмыз. Мысалы, Шолақаңқаты су қоймасы 70%-ға, Шаған су қоймасы 60%, Сұлусай су қоймасы 65%, Емболатов су қоймасы 50%-ға босатылды. Су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда»,- деді Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Рауан Хусаинов.Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Батыс Қазақстан филиалы инертті материалдар және жанар-жағармай қорын әзірлеп жатыр. Жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылып, 6 нысан қалпына келтірілді, 13 гидротехникалық құрылыста ағымдағы жөндеу жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/907679
2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын су. 24.12.2024
Каспий теңізіне 17 млрд текше метр, Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр және Солтүстік Аралға 2,5 млрд текше метр су жіберілді.Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.Жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 4,7 млрд текше метрден астам, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді.Алғаш рет Ұлытау облысынан Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/907681
Жастардың назарында: Алматы облысында даму мүмкіндіктері 24.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысының Райымбек ауданында маңызды оқиға орын алды – жаңа жастар орталығының салтанатты ашылуы. Бұл облыста биыл ашылған төртінші орталық болып табылады және ол жастарға арналған кешенді қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды қадам болып табылады.Жастар орталығы жастарға кең ауқымды қызметтерді ұсынады, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялар, психологиялық және құқықтық көмек, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету, сондай-ақ NEET категориясына (жұмыс істемейтін, оқымайтын және біліктілігін арттырмайтын жастар) ерекше назар аударылып, қаржылық сауаттылықты арттыру курстары ұсынылады. Бұл шара жастарға қазіргі экономика жағдайында дұрыс бағдар табуға және өзін-өзі дамытуға қажетті мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, орталықта білім беру курстары, шеберлік сыныптары және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мәдени шаралар өтеді.Алматы облысында бұрын ашылған Конаев қаласы мен екі аудандағы жастар орталықтары өз тиімділігін көрсетті. Өткен жылы бұл орталықтар 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырып, оның ішінде дәрістер, экологиялық акциялар, спорттық турнирлер және мәдени кештер өткізілді. Осы іс-шараларға 40 мыңнан астам адам қатысып, жастардың осындай бастамаларға жоғары қызығушылық танытқанын көрсетеді.Жастар орталықтарының NEET санатындағы жастармен жұмыс нәтижесіне ерекше назар аударуға болады. 2024 жылы мұндай жастар саны 19 779 адамға азайып, 45 994-тен 26 215-ке дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш жастар орталықтарының тек пайдалы ақпарат пен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде де үлкен рөл атқаратынын дәлелдейді.Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметовтің айтуынша, жастардың өзін-өзі дамыту үшін жаңа алаңдарды құру жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады. Алдағы уақытта жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың карьералық бағдарларын анықтау және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін жағдайлар одан әрі жақсартылатын болады.Сонымен қатар, 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Заңғар-2024» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Алматы облысының жастар саясаты басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл сыйлық жастар арасындағы ең үздік жетістіктерді мойындап, түрлі саладағы табысты жас мамандарды марапаттады. Биылғы жылы премия 10 номинация бойынша табысталды: «Үздік жас мемлекеттік қызметші», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас кәсіпкер» және басқа да санаттар. Сонымен қатар, биылғы жылы жеңімпаздарға берілетін ақшалай сыйақы көлемі 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін ұлғайды.Бұл салтанатты марапаттау рәсімі өңірдегі жастардың қоғамдағы рөлі мен жастарды қолдаудың маңыздылығын тағы да айқындады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуі мен дамуына, сондай-ақ олардың шығармашылық әлеуетін ашуға серпін береді.«Заңғар» сыйлығының қорытындысы Алматы облысындағы жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын және олардың болашақта даму мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған жобалардың тиімділігін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/907237
Ақтөбе облысында интернет инфрақұрылымын дамыту 24.12.2024
2025 жылы өңірде интернетпен қамту деңгейі жаңа белеске жетеді: •Республикалық жолдардың 340 шақырымында мобильді байланыс орнату үшін 17 мұнара салынады.•27 ауыл интернетке қосылып, жалпы қамту деңгейі 98,8%-ға жетеді.•Жыл соңына дейін 20 ауыл мобильді интернетке қосылады, қамту деңгейі 96,3%-ды құрайды.•Starlink арқылы 46 ауыл мектебі интернетке қосылды, бұл білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907356
Жыл қорытындысы: Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар 24.12.2024
Ақтөбе облысында 2024 жылы түрлі әлеуметтік бағдарламалар аясында халықтың әртүрлі топтарына мемлекеттік қолдау көрсетілді.• Мемлекеттік гранттар:566 адам жалпы сомасы 832,8 млн теңге болатын грант алды. Бұл қаражат:• технологиялық жабдықтарды сатып алуға,• мал және құс шаруашылығын дамытуға,• көшеттерді сатып алуға,• ғимараттарды жалға алуға жұмсалды.Грант алушылардың арасында көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және аз қамтылған отбасылар болды.• Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек:3 006 отбасы немесе жалпы саны 15 765 адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл мақсатқа 1,4 млрд теңге бөлінді.Көмек алушылардың басым бөлігі — 18 жасқа дейінгі балалар (67,1%).• Жұмыспен қамту:Жұмыспен қамту бағдарламалары аясында 231 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 5 159 адам жұмысқа орналастырылды.Мемлекеттік қолдау халықтың өмір сапасын жақсартуға және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуде маңызды рөл атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907389
«Таза Қазақстан»: «Таза аула – аға ұрпаққа қамқорлық» 24.12.2024
Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында еңбек ардагерлерінің аулалары мен тұрғын үй аймақтарын қардан тазарту акциясы өтті.Шара өңірлік еңбек ардагерлерін қолдау, өзара көмек көрсетуді насихаттау, сондай-ақ «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасында белгіленген әлеуметтік мәселелерді шешуге жастар өкілдерін белсенді тарту мақсатында ұйымдастырылды.Шараға облыстағы жастар ұйымдарының белді өкілдері, эко-белсенділері мен еріктілер шақырылды. Оның бірі еріктілер тобының жетекшісі - Жанерке Аманқызы Мирашова.Ол жастарды еңбек ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетіп, қазақстандықтардың жаңа экологиялық санасын қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.«Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымыздың басты қағидаларының бірі ретінде аға ұрпаққа құрмет көрсетуге баса назар аудара отырып, жас ақтөбеліктерді елеулі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді тарту.Акцияның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін және әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді қатысуды дамыту. Бұл шара неғұрлым жайлы және үйлесімді әлеуметтік орта құру үшін қоғамның күш-жігерін біріктірудің жарқын үлгісі болады», - деп атап өтті Жанерке Аманқызы.Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Тукашев «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысы туралы өз ойымен бөлісті.«Биылғы жылдың өзінде облыста «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 100 мыңнан астам аула тазартылып, 290-нан астам саябақтар мен скверлер абаттандырылды, 260-қа жуық тарих және мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді, 350-ден мыңнан астам көшет отырғызылды.Облысымыздың барлық мүдделі тұрғындарының күш-жігерінің арқасында біз ауқымды өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Біз бірігіп өңірімізді гүлдендіре аламыз!»- деп атап өтті.Акция соңында еңбек ардагерлері аға буын өкілдерінің өзара көмек пен қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, жастарға қамқорлық танытып, белсенділік танытқандары үшін алғыстарын білдірді. Олар жас ақтөбеліктердің алдағы істеріне сәттілік, игі істердің жалғасын табуына тілектестік білдірді. Акцияға қатысушылар өз кезегінде мұндай шаралардың дәстүрге айналуы керектігіне, алдағы уақытта оларға бұдан да көп жанашыр азаматтар қосылатынына сенім білдірді.Олар мұндай акцияларға қатысу өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесіп қана қоймай, қоғамның игілігі үшін маңызды болып табылатын қауымдастық пен ынтымақтықты нығайта түсетінін баса айтты.Белсенділер мен еріктілер олардың күш-жігері басқа ұрпақтарды әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуға және елдің әл-ауқатына қамқорлық жасауға шабыттандыратынына сенімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907397
Жыл қорытындысы. Ақтөбе облысындағы дене шынықтыру мен спорттың дамуы 24.12.2024
Ақтөбе облысында дене шынықтыру мен спорт қарқынды дамуда.2024 жылы өңір халқының 43%-ы, яғни 407,916 адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Жыл ішінде 200,000-нан астам адам қатысқан 3,000-нан астам бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылды.Облыста спорттық инфрақұрылымның дамуы белсенді жалғасуда. Спорттық нысандар саны 1,704-ке жетіп, 2024 жылы 13 спорт кешені, 16 жазықтық құрылғы, 1 жүзу бассейні және 30 спорт залы пайдалануға берілді.Балалар спортына ерекше көңіл бөлінуде. Облыста 37 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оның ішінде 5 жаңа мектеп ашылды. Бұл өңірдегі балалар мен жасөспірімдердің спортқа қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.Өңір спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда лайықты нәтижелер көрсетті. 2024 жылы олар 211 медаль жеңіп алды, оның ішінде 107 алтын, 49 күміс және 55 қола медаль бар.Сонымен қатар олимпиадалық емес спорт түрлері, ұлттық спорт түрлері және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт белсенді түрде қолдау табуда. Аймақтық бюджет спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейту бағдарламаларын қаржыландыруды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907628
Облыс әкімі Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровпен кездесті 24.12.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаров пен еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров арасындағы кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық әріптестікті нығайту бағытындағы жоспарлар талқыланды.Кездесу барысында облыс әкімі өңірдің даму перспективаларын баяндап, шетелдік инвесторларды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде Әлібек Қуантыров Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар мен экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бастамаларды атап өтті.Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға және халықаралық деңгейде өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907708
Республикалық маңызы бар жолдардағы қарды тазалауға 146-дан астам техника жұмылдырылды 24.12.2024
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау мәселесі қаралды.ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данагүл жолдардың ұзындығын айтты. Республикалық маңызы бар 1869 шақырым, оның 117 шақырымында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Сине Мидас Строй» ЖШС мен «Ассана-ДорСтрой» ЖШС Ақтөбе-Астрахань және Самара-Шымкент жолдарын қысқы жөндеу жұмыстарына жауапты. Бұл жолдарды қардан тазалауға аталған серіктестіктерден барлығы 31 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 1700 тонна құм мен 300 тонна мұздан тазартатын материал дайындады. Сондай-ақ, тазалау жұмыстарына 115 жалға алынған техника жұмылдырылып, тағы 34 арнайы техниканы жалға алу бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде.Жол бойында 51 төсек-орынмен жабдықталған 15 жылу пункті бар.Онда. Облыстағы республикалық маңызы бар жолдардағы 246 шақырым қар басқан аумақтар. Бұл аумақтарға ұзындығы 86 шақырымды құрайтын темірбетон қоршаулар орнатылды. Қалған жерлерге уақытша ағаш қалқандар орнатылып, қардан тазалау жұмыстары жүргізіледі.«Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ учаскесінде көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып, Хромтау және ауылдарындағы айналма жолдың 34 км. Қарабұтақ қыста көлік кептелісін болдырмау үшін дайындалуда. «Самара-Шымкент» автожолының 844–863 км учаскесінде тас жолға үш шығуы бар ұзындығы 23 км айналма жол қарастырылған. Әйтеке би ауданында жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын 963–966 шақырым және 983–985 шақырымды құрайтын автомобиль жолының төрт шығуы бар айналма жол салынды», - деді Айбол Данагүл.Өз кезегінде облыс әкімі аппарат басшысы. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан Айбек Қайер жергілікті жолдарды қысқы күтіп ұстау туралы баяндады. Бұл жұмысқа 43 мердігер ұйым жауапты.Облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4,4 мың шақырымды құрайды, олар 174 учаскеге бөлінген. Оның 13-і облыстық маңызы бар, 161-і аудандық учаскелер.Бұл жолдарды тазалауға 401 техника жұмылдырылып, 5,4 мың тонна инертті материалдар, 2,8 мың тонна дизель отыны дайындалды.Басшының айтуынша , жолдарды тазалау және құм-тұз қоспасымен себу жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл мәселе облыстық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мердігерлердің тұрақты бақылауында.Сөйлеушілерді тыңдаған облыс әкімі жолдарда, әсіресе, қар тазалайтын техникалардың санын арттыруды, әсіресе жолдардағы жұмыстарды уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. көлік қозғалысының қарқындылығын, қардың көтерілуіне және көктайғаққа бейім аймақтардың жағдайын бақылауға, туындаған мәселелерді жедел шешу үшін мердігерлер, жол қызметтері және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907825
«Beidou» қытай компаниясының өкілдері ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ объектілеріне барды 24.12.2024
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев Алматы мен Алматы облысындағы сел және көшкін қаупінің алдын алу мәселелерін талқылау үшін жұмыс сапарымен «Қазселденқорғау» ММ-не барды. Қазақстанға сапары аясында табиғи апаттарға мониторинг жүргізу технологияларына маманданған «Beidou» қытай компаниясының делегациясы да келді. Кездесу ведомство, «Beidou» қытай компаниясы мен оның қазақстандық өкілдері арасында бұрын қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум шеңберінде ұйымдастырылды. Келісім ТЖМ делегациясы компанияның Қытайдың Чанша қаласындағы штаб-пәтеріне барғаннан кейін жасалды. Жұмыс сапары барысында Батырбек Әбдішев және «Beidou» компаниясының өкілдері Іле Алатауы жотасының орталық бөлігіндегі өзендер бассейніне аэровизуалды тексеру жүргізді. Сонымен қатар қолданыстағы селден және көшкіннен қорғау құрылыстарына тексеру жүргізілді. Сапардың мақсаты қауіпті табиғи құбылыстарды нақты бақылау үшін инновациялық технологиялар мен датчиктерді қолдана отырып, қорғаныс объектілерін зерттеу және бақылау болды. Кездесу аясында қытай компаниясы мамандарының қатысуымен табиғи апаттар мониторинг жүйесін автоматтандыру үшін әлемдік тәжірибелер мен инновациялық технологияларды енгізу талқыланды. «Beidou» қытай компаниясының өкілдері табиғи апаттарды, соның ішінде табиғи апаттарды болжауға арналған датчиктерді бақылау технологиялары саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетті. Бұл технологиялар қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. «Біз Іле Алатауы сияқты күрделі таулы аудандарда сел және көшкін қауіптерін бақылау және қорғау үшін жаңа технологиялардың ұсынатын мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз. Қытайлық серіктестерімізбен бірлесе отырып, біз өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қауіптердің алдын алу және оларға ден қою жүйесінің тиімділігін арттыруға көмектесетін озық әдістер мен шешімдерді зерттей алдық. Бұл технологияларды енгізу Қазақстандағы табиғи апаттардан қорғауды едәуір жақсартады және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттырады», - деп Батырбек Әбдішев атап өтті. Бұл ынтымақтастық табиғи апаттарға неғұрлым тиімді мониторинг жүргізу және халықтың қауіпсіздігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізуге ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/907770
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды 24.12.2024
Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Санжар Әділов Шымкенттегі Alash Pride турнирінің басты жекпе-жегінде айқын жеңіске жетіп, өзінің жоғары мәртебесін растады. Екінші раундта Санжар жекпе-жекті техникалық нокаутпен сенімді жеңіспен аяқтап, чемпиондық белбеуді қорғап, лиганың ең үздік жауынгерлерінің бірі мәртебесін бекітті. Санжар Әділовтың жетістіктері рухтың, тәртіптің және кемелдікке ұмтылудың үлгісі болып табылады. Оның жеңісі спорттық шеберліктің жоғары деңгейін ғана емес, Қазақстан Республикасы ТЖМ беделін нығайтуға да ықпал етеді. «Мен ТЖМ басшылығына сенім, қолдау және түсіністік үшін шын жүректен ризамын. Жасалған жағдайлардың арқасында мен жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, қызметпен қатар спортпен де шұғылдана аламын. Сіздің маған деген сеніміңіз қызметте де, рингте де жаңа жеңістерге шабыттандырады», - деп Санжар атап өтті. Ол министрліктің қолдауы спортпен шұғылданатын барлық қызметкерлер үшін маңызды ынталандыру болып табылатынын және құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Бұдан басқа ТЖМ қызметкерлері Абай облысы Семей қаласында өткен «NAIZA 70» аралас жекпе-жек турнирінде қатысып, лайықты нәтижелер көрсетті. Өзінің дебюттік жекпе-жегінде Абай облысы ТЖД құтқарушысы Азамат Қалабаев үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД жүргізушісі Ерзат Сақабанов қарсыласына судьялардың шешімімен ұтылса да, шынайы жауынгерлік мінез-құлқын көрсетті. Ал Алматы қаласы ТЖД №12 өрт сөндіру бөлімінің технигі Серікұлы Тимур сенімді өнер көрсетіп, бірауыздан қабылданған төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық белбеу үшін күресуге жақындай түсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/907819
Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды 24.12.2024
Облыс әкімінің өкімімен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Полымбет Хасанов тағайындалды. Ол бұған дейін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында басшы болды,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Полымбет Хасанов 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетінде «Заңгер» мамандығын тәмәмдаған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және басқарудағы бизнес-аналитика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.Еңбек жолы:2002-2005 жылдар аралығында облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген.2005-2006 жылдар аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман;2006-2010 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы;2010-2014 жылдар аралығында Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған.2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;2014-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары;2019 - 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары;2021 - 2023 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі;2023 жылдан тағайындалғанға дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/907790
2025 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық: профилактикалық шаралар және қауіп-қатерлерді азайту 24.12.2024
Төтенше жағдайлар министрлігі ел өңірлерін 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне белсенді дайындауды жалғастыруда. Кешенді іс-шаралар шеңберінде халықты және инфрақұрылымды көктемгі өзендердің арнасынан асуына байланысты қауіптерден қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Су тасқынының ықтимал салдарын болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп қорғаныс бөгеттері мен біліктерін тұрғызу және нығайту, су бұру арналары мен арықтар қазу, сондай-ақ жаңа нөсер жүйелері мен су өткізу құрылыстарын салу жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. Осы шаралардың барлығы су тасқынынан қорғау үшін сенімді инфрақұрылым құруға бағытталған.Атырау облысы: су тасқыны қауіп-қатерлерін азайту шаралар кешені Атырау облысында ТЖД жергілікті билікпен бірлесіп көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде. «Биылғы көктемгі су тасқынының тәжірибесін ескере отырып, біз су басуға бейім аудандарды анықтадық. Қорғаныс бөгеттері мен біліктерінің құрылысы, қорғаныс құрылыстарын жөндеу, сондай-ақ жағалауды нығайту және өзендерді тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Автожолдарда жаңа өткізу құбырларының құрылысы және автомобиль көпірін реконструкциялау жүргізілуде. Жергілікті жерлерде жанар-жағармай және инертті материалдардың, қапшықтардың қорлары дайындалды. Біз зардап шеккендер үшін уақытша орналастыру пункттерін де анықтадық», - деді Атырау облысы ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаев.Қызылорда облысы: бөгеттерді нығайту және жағдайға мониторинг жүргізу Қызылорда облысында Сырдария өзені арқылы тасқын суларды өткізу қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Өңірде азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының ықтимал төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді. Өзендегі су деңгейіне мониторинг үнемі жүргізіліп тұрады. Қызылорда қаласында өзен жағасындағы бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1080 метр алаңда «Тәуелсіздік» даңғылы бойындағы бөгетті қайта жаңарту бойынша жұмыстар атқарылды. 388 габион торы орнатылды, жоба 2025 жылы аяқталады. Түркістан облысы: су қоймалары мен қорғау құрылыстарын жақсарту Түркістан облысында алдағы су тасқыны кезеңінде су басу қаупін азайту үшін инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» және Ордабасы ауданындағы «Қараспан» су қоймаларына, сондай-ақ Сауран ауданындағы «Ырмақ-өзен» және «Майдантал» су қоймаларына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл объектілер жұмысының тұрақтылығы тасқын суларды қауіпсіз өткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар Түлкібас, Төлеби, Сарыағаш, Сайрам, Келес және Ордабасы аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстар сәтті орындалды. Өңірлерді 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша барлық жұмыстар ерекше бақылауда. Төтенше жағдайлар министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыруды жалғастырады және барлық қызметтердің ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903329