Саясат
Құрметті Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары! 24.12.2024
2024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 10.00-ге жоспарланған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы 2024 жылғы 20 желтоқсанға сағат 10.00-ге ауыстырылды.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады. Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/904071
Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 24.12.2024
ҚР Тәуелсіздік күні Семейде ел тәуелсіздігі жолында үлес қосқан батырларды еске алды.Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Осыдан кейін еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.Қайрат Рысқұлбеков — желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903419
Бесқарағай ауданында хоккей алаңы ашылды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан орталығында жаңа хоккей алаңы ашылды.Ашық хоккей корты көпсалалы нысан. Мысалы қыста сіз шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанаумен, ал жазда шағын футболмен айналыса аласыз. Алдағы уақытта мұнда түрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланған.Нысанның пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарына дене шынықтырумен айналысуға, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903424
Абай облысының пікірсайыс клубы республикада үздіктер қатарынан көрінді 24.12.2024
Астанада «Ozgerteam» ҚҚ ұйымдастыруымен «Sanaly Orta» ұлттық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты пікірсайыс технологияларын насихаттау және Қазақстандағы мектептегі дебат клубтарының дамуына қолдау көрсету.Абай облысының атынан қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының «Кел, балалар, оқылық!» дебат клубы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық пен еліміздің ең үздік пікірсайыс клубы атағына ие болды. Үйірме жетекшісі – Бинұр Ахатқызы, төрағасы – Еркежан Тұрлыбек.Клубтың пікірсайыс қозғалысын жандандыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған «Sapa» жобасы ұсынылды. Жобаның өзектілігі мен инновациялық идеялары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903453
Мақаншы ауданында күрес мектебі ашылды 24.12.2024
Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында күрес мектебі ашылды. Шараға аудан әкімі Даурен Қойгелдин қатысып, құттықтады.Ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, әжелер, тұрғындар да қатысты.2023 жылдан бастап ауыл азаматтарының көмегімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектеп енді ауыл балаларының күреспен алаңсыз шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. 50 балаға арналған күрес мектебінің бір ерекшелігі күрестен бөлек бокс үйірмесі де жұмыс жасамақ.Күрестің небір майталман шеберлері шыққан Мақаншы өңірінде болашақта жаңа буын чемпиондарын баулуға осы мектептің қосар үлесі зор болмақ. Аудан әкімі шара барысында мектептің пайдалануға берілуіне атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіре отырып, Алғыс хаттармен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903768
2024 жылғы қаңтар-қарашадағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары 24.12.2024
2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 779,7 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейге қатысты алғанда 100,2%-ға бағаланды.Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,2%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,6%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.2024 жылғы қаңтар-қарашада тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1 231,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 0,9%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 0,6%-ға өсті.Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қарашада 494,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,2%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 16,7%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,0%-ға байқалды.Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 46,2 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 114,8%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 23,2%-ге өсу байқалды.Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 7,0 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 15,2%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 35,3%-ға, ағынды суларды жинау және тазарту – 2,4%-ға байқалды.Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 49,8%-ы), Жарма ауданында – 20,2%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,9%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді. Әдіснамалық түсіндірмелерӨнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы Орындаушы: өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің басшысыШ.А. ИсахановаТел. +7 7222 52-49-18Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903839
Алматы облысында «баррамунди» экзотикалық балық түрін индустриялық өсіру жобасының бірінші кезеңі іске асырылды 24.12.2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин Алматы облысына жұмыс сапарының шеңберінде Қонаев қаласының маңында орналасқан «Ospanova Development» ЖШС-не барды. Аталған кәсіпорын баррамунди және бахтақ балықтарын өсірумен айналысатын балық өнеркәсібі кешені.Кәсіпорын директоры М. Бектемисовтың айтуынша, кешен ТМД-да теңдесі жоқ бірегей жоба болып табылады.Кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна балық өндіретін кәсіпорынды екі кезеңде іске асыру жоспарлануда.Жылына 1000 тонна балық өсіруге арналған жобаның I кезеңінің құрылысы 2023 жылдың соңында аяқталды және 2024 жылдың соңына дейін 100 тоннадан астам балық өсіру жоспарлануда.Инвестордың айтуынша, жобаның құны 67 млрд. теңгеден асады. 2021 жылдан бастап жобаның бірінші кезеңін іске асыруға 8,5 млрд. теңгеден астам қаржы салынды.Жалпы, бұл жобаны іске асыру импортты алмастыруға және сонымен бірге ішкі тұтыну мен экспорттың көлемін арттыруға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903374
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен 24.12.2024
Құрметті отандастар!Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн бізді еркіндік, бірлік және өркендеуге ұмтылу сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан демократиялық, құқықтық және қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар мемлекет ретінде үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде еліміз халықаралық аренада лайықты орынға ие болды.Қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткім келеді. Тек бірлесе отырып, бір-бірімізді қолдап, біз кез келген қиындықтарды жеңіп, жаңа биіктерге жете аламыз.Осы айтулы күні елімізге бейбітшілік, молшылық пен табыс тілеймін. Қазақстанның Тәуелсіздігі әрдайым Отанымыздың жарқын болашағының берік негізі болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903426
Жамбыл облысында 2024 жылдың соңына дейін 16 ауқымды жоба іске қосылады 24.12.2024
Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдануда. 2024 жылы 14,6 млрд теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылады. Оның ішінде 10,8 млрд теңгеге 12 жоба пайдалануға берілді.Олардың қатарында «Алель-Агро» АҚ инкубаторы, су үнемдеу технологияларын енгізу, мақсары майын өндіруді кеңейту, «ҚазАква Альянс» ЖШС балық шаруашылығын құру, «Эльнур Адильгрупп» ЖШС астық қоймасын салу жобалары бар. «BNK Leasing» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету үшін сервистік орталық, алма шырынын өндіретін «Рич голд» ЖШС іске қосылды, «Каусар» шаруа қожалығы көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылады деп күтілуде.Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін ауыл тұрғындарына кредит беру бағыттары едәуір кеңейтілді, соның арқасында ет және сүт мал шаруашылығында, құс шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында, бау-бақша шаруашылығында бірқатар жаңа жобалар іске қосылды.Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін көбейту бағдарламасы аясында 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.Жақын арада картоп өндірісі және ауыл шаруашылығы малдарының терісін қайта өңдеу арқылы азық қоспаларын өндіру бойынша жобалар басталады.2024-2027 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Жол картасы аясында Жамбыл облысы бойынша 245,4 млрд теңгенің 36 жобасы жүзеге асырылуда. 5 тауарлы-сүт фермасы, 3 ет бағытындағы құс фабрикасы, 8 көкөніс қоймасы, 10 қайта өңдеу жобасы, су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 7 жоба, сондай-ақ бордақылау алаңы салынатын болады.Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903933
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 16.12.2024 24.12.2024
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.Дәнді дақылдарЖелтоқсанның ортасына қарай «үштіктің» бағасы 2-ден 17 теңгеге/кг дейін төмендеді, 4-класс бидай 7 теңгеге/кг арзандады. Арпа орта есеппен 2 теңгеге/кг қымбаттады.Трейдерлердің айтуынша, 3-сыныпқа сұраныс шектеулі. Экспорттық баға өсті, әсіресе Сарыағашта: 4-класс бидай 5 долларға/тонна, 5-класс бидай 10 долларға/тонна, арпа 35 долларға/тонна қымбаттады.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы баға(элеватор)ӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +88-17САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін64-2САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін52-11САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін50-7ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін48-САТУ6535арпа 2 сыныпты52+2САТУ6035Дурум (прот 14+)85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ12070Дурум (прот 15+)102-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ15090қызыл – бір апта ішінде төмендеу, жасыл-жоғарылау Майлы/Бұршақ ДақылдарыМайлы дақылдар тобында күнбағыс айтарлықтай арзандады, сонымен қатар сояның да бағасы төмендеді.Трейдерлердің айтуынша, «қазір өзбектер белгісіз себептермен соя мен жүгеріні жаппай сатып ала бастады». Сауалнамаға қатысқандардың бірі Сарыағашта сояның тоннасы 400 доллардан кетіп жатқанын хабарлады.Өңдеушілердің мәліметінше, экспорттық баға бойынша тазартылмаған күнбағыс майы 980–1000 доллар/тоннаға дейін төмендеді.Өткен аптада зығыр бағасы 1 теңгеге/кг, қыша 4 теңгеге/кг қымбаттады.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр203+1САТУ200170Рапс209-САТУ250180Күнбағыс164-10САТУ190160Мақсары94+4ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ11085Соя186-7САТУ285200Қыша қара/ақ215-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*92-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ17080Жасымық қызыл**182-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **400-САТУ450350* - сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп берді Түсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904027
Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды 24.12.2024
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биылғы 11 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 11,6% жылдық жоспармен 13,4%-ға артып, 7,8 трлн теңгені құрағанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 19,9%-ға, мал шаруашылығында 3,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген. «Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болғанда 26,7 млн тонна астық жиналды, оның ішінде бидай – 19,8 млн тонна, күріш – 563 мың тонна. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 3,2 млн тонна майлы дақылдар және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында сойыс салмақта ет өндірісінің 4%-ға, сиыр сүтінің 4,4%-ға және тауық жұмыртқасының 1,2%-ға өскені байқалды», — деп нақтылады Азат Сұлтанов.Ауыл шаруашылығында өндірістің өсуі табиғи-климаттық жағдайлардың қолайлы болуы және Үкіметтің егіс жұмыстарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын уақытында қабылдауы есебінен қамтамасыз етілді. Алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына берілетін жеңілдетілген кредит көлемі 3 есеге ұлғайтылып, жылдық таза 5%-бен рекордтық 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Осындай қаржылай қолдаудың арқасында астықтың көп мөлшерде жиналуына байланысты енгізілген минералды тыңайтқыштар көлемі 1,2 млн.тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе жоғары болды, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 5,5%-ға дейін жеткізілді.Аталған кезеңде тамақ өнімдерінің өндірісі 2,1%-ға артып, шамамен 3 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, келесідей импортқа тәуелді өнім түрлерінің өсімі байқалды, ірімшік пен сүзбе 8,7%-ға, шұжық өнімдері 4,1%-ға, сары май 2,9%-ға және өсімдік майы 12%-ға өсті. «Жылдың соңына дейін дәнді дақылдарды, майлы дақылдарды өңдеу есебінен және қант өндіру есебінен осы салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Саланың даму қарқынының төмендеуіне жол бермеу мақсатында келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі 200 млрд теңгеге жеткізілетін болады. 1,9 млн тонна минералды тыңайтқыштарды енгізу және элиталық тұқымдар үлесін 10,5%-ға ұлғайту жоспарлануда», — деп толықтырды вице-министр.Оның айтуынша, 1 желтоқсанға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі 79%-ды құрады. Жыл соңына дейін қаражат толық игерілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904431
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды 24.12.2024
Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері Тәуелсіздік күні қарсаңында жаттығу барысында Мемлекеттік гимнді жанды дауыста орындап, патриоттық челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мектептің шайбалы хоккейден жаттықтырушысы Николай Заводовтың айтуынша, әр жаттығу барысында тәрбиеленушілер гимнді жанды дауыста орындайды. Бұл дәстүр жас спортшылардың патриоттық рухын қалыптастыруда және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда ерекше рөл атқарады."Бұл патриоттық орындау жас спортшыларға Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын сезініп, елге деген мақтаныш сезімін ұялатады. Біз әрдайым балаларға мемлекеттік мерекелердің тарихи және рухани маңыздылығын түсіндіруге көңіл бөлеміз", – деді Николай Заводов.Айта кетейік, Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін Астана қаласының басқа да спортшылары жаттығу барысында орындады.Сонымен қатар мереке қарсаңында елге танымал спортшылар да барша қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олардың қатарында еркін күрестен үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай, ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді, қазақ күресінен әлем чемпионы әрі Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Олжас Шынкеев, сондай-ақ панкратионнан әлем чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы және ММА шебері Жасұлан Әкімжан да бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903389
Астанада өткен концерт кезінде 12 000 көрермен Қазақстанның Әнұранын орындады 24.12.2024
Ретро-фестиваль барысында «Барыс Арена» спорт кешенінде бір мезгілде 12 000 адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Бұл жарқын әрі шабыттандыратын оқиға барлық жастағы көрерменді бір арнада тоғыстырып, бірлік пен патриотизмнің символына айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ел үшін мақтаныш пен ортақ күш қатысушылардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталатын мерекенің ұмытылмас атмосферасын құрды.Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан астанасының орталық көшелеріндегі LED-экрандарында, ҚТЖ, ЭКСПО ғимараттарының медиа қасбеттерінде және айналма дөңгелегінде Мемлекеттік тудың бейнесі пайда болды.Астанада концерттер, көрмелер, конкурстар, спорттық турнирлер және т. б. жиыны 50-ден астам мерекелік іс-шара өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903391
Мерекенің құрметіне орай Астана тұрғындарына шоколад пен бауырсақ ұсынылды 24.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай және Игі істер марафоны аясында елорданың Алматы ауданында коммуналдық қызмет мамандарын қолдау және қала тұрғындары арасында мерекелік көңіл күй акциясы өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Акцияны Алматы ауданының әкімдігі ұйымдастырды. Бастама барлығының бойында мерекелік көңіл күй қалыптастыруға және қала өміріне қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдіруге бағытталған.Сонымен, дәмді бауырсақ пен ыстық шай дайындалып, коммуналдық қызмет мамандарына таратылды. Өйткені олардың жұмысы қалада, әсіресе суық мезгілде тәртіп пен жайлылықты сақтауда шешуші рөл атқарады. Жалпы 5 келіден астам бауырсақ пісірілді.Тұрғындарға ұлттық символикасы бар 100-ге жуық мерекелік шоколад табыс етілді. Мұндай кішкентай, бірақ жағымды сыйлықтар мерекеде әркім үшін маңызды бірлік пен жылулықты білдіреді."Бұл бастамалар нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастырады. Әсіресе, еңбек адамдарына да, қарапайым адамдарға да көңіл бөлінгені қуантады", - деді Алматы ауданының тұрғыны Ерлан Әлімбеков.Айта кету керек, мұндай игі іс-шаралар Астанада тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олардың мақсаты – адамдарды өзара қолдауға шабыттандыратын және игі істердің құндылықтарын еске түсіретін бірлік рухын нығайту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903441
Елордалық полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады 24.12.2024
Елорданың полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері бейне үндеу жазып, қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Олар мерекенің маңыздылығын атап өтіп, өз миссиялары – халықтың игілігі үшін қызмет ету екенін еске салды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Шұғыл жедел қызметтердің өкілдері олардың жұмысында демалыс және мереке күндері жоқ екенін атап өтті. Тәулік бойы, кез келген жағдайда, олар тұрғындарды қорғауға және денсаулығына жәрдем беру ету үшін көмекке келуге дайын. Полицейлер күндіз-түні көшелерді бақылап, азаматтарды күзетеді, дәрігерлер әрдайым байланыста болады, өмірді құтқарады және ең қиын жағдайда көмектеседі."Біз сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыз үшін барлық мүмкіндікті жасай отырып, қазақстандықтардың игілігі үшін қызмет ете алатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл айтулы күн әрқайсыңыздың жүрегіңізді еліміз үшін мақтанышпен толтырсын!"- делінген бейне хабарламада.Құттықтау мереке күндеріне қарамастан, полиция мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің әрқашан азаматтардың мүддесін, денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға дайын екенін көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903443
Елордалық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне орай құттықтау челленджін бастады 24.12.2024
Елордалық мәслихат депутаттары қазақстандықтарды еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаған бейнероликтер топтамасын жазды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Астана мәслихатының депутаттары қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс білдіріп, елімізге одан әрі өркендеу тіледі.Үндеулерде халықтың бірлігіне, бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығына, сондай-ақ Қазақстанның одан әрі дамуы үшін тәуелсіздікке ерекше назар аударылды. "Жылдар өте келе, бүгінде біз өз еңбегі мен бірлігімен жарқын болашақты құратын халқымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік – бұл еркін болу құқығы ғана емес, болашақ ұрпақ үшін үлкен жауапкершілік. Осы ұлы құндылықты сақтау әрі ұлықтау – біздің ортақ міндетіміз", - деді қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов. Челленджді жалғастыру үшін эстафета Қазақстанның басқа облыстарындағы депутаттарға жолданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903446
Елордалық кәсіпкерлер Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау челленджіне қосылды 24.12.2024
Астананың бизнес өкілдері челлендж форматында мерекелік бастамаға қосылып, ҚР Тәуелсіздік күнін атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қонақ үй және мейрамхана бизнесі, сауда орталықтары, базарлар, туристік нысандар және басқа да бағыттар бойынша әртүрлі саладағы кәсіпкерлер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.Челлендж қатысушылары бейне құттықтаулар жазып, әрбір қазақстандық үшін бейбітшілік, амандық, бақ-береке сияқты тілектестіктерін. Бірліктің маңыздылығына және әркімнің елдің жалпы дамуына қосқан үлесіне ерекше назар аударылды."16 желтоқсан - бұл маңызды күн ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның жетістіктері, оның тәуелсіздігі мен күші үшін мақтанышымыздың символы. Біз бірге елімізді одан да күшті және табысты ете аламыз деп сенеміз. Қазақстан әрқашан гүлденген және тәуелсіз ел болып қала берсін!" - деді челленджге қатысушылардың бірі.Кәсіпкерлер қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, елдің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуды өздерінің міндеті деп санайтынын атап өтті.Айта кету керек, бұл бастама жарқын құттықтау ғана емес, сонымен қатар еліміздің басты мерекесіне орай бизнес пен қоғамды біріктірудің символына айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903455
JOLTAP жобасы: бірнеше мамандықты игерген елордалық өз кәсібін дөңгелетіп отыр 24.12.2024
Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған JOLTAP жобасы қазір елордалықтар арасында кеңінен танылып отыр. Аталған жоба арқылы тегін курс оқып, кәсіби дағдыларын табыс көзіне айналдырып жатқан тұрғындардың қарасы көп. Солардың бірі Анжела Қожниязова JOLTAP жобасында үш бағыт бойынша қысқа мерзімді курс оқып, жаңа мамандықтарды игерді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.JOLTAP жобасының аясында «Freelance мүмкіндік» деп аталатын бағдарлама нарықта сұранысқа ие және танымал цифрлық дағдыларды оқытуға бағытталған. Бағдарламадан курс қатысушылары SMM, таргет, видеография, мобилография, графикалық дизайн, маркетплейс, сайттарды әзірлеу сияқты сегіз базалық біліктілікті игеріп шығады.«Мен – елордадағы жеке музыкалық мектептің басқарушысымын. Онда тұрғындар фортепиано, гитара, домбыра және вокал бойынша сабақтар алады. Жүзеге асырылып жатқан жұмыстарымызды көпшілікке таныстырып, контент түсіру үшін маған мобилография дағдылары қажет болды. Ал таргетологты үйрену арқылы мектебімізге айына 300-ден астам тапсырыс түсірдік. Графикалық дизайнды білуімнің нәтижесінде әлеуметтік желіге оқырманға тартымды макеттер жасай бастадым. Мұның бәрі жұмысымыздың алға жылжуына әсер етті. Осылайша JOLTAP жобасынан үш бағыт бойынша қысқа мерзімді курс оқып шықтым», - Анжела Маратқызы.Ол қала тұрғындарына осындай теңдессіз мүмкіндік беріп отырған жобаның тиімділігін жоғары бағалады. Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушыларына сапалы білім бергендері үшін зор алғыс білдірді.«Бұл білім арқылы шынайы өмірде шын табыс таба алатыныма сенімдімін. Сондықтан елордалықтарға осы курстарға жазылсаңыздар, өкінбейсіздер дегім келеді. Бұл - сөзсіз қажетті білім», - жоба қатысушысы.JOLTAP жобасы аясында жоғарыда аталған бағдарламадан бөлек, тігінші, кассир сияқты сауда, құрылыс және қызмет көрсету салаларына білікті жұмысшы мамандарды дайындайтын тегін қысқа мерзімді курстар да бар. Сондай-ақ, көпшілік шоғырланатын жерлерде орналасқан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері азаматтарға тұрғын үй бағдарламалары, бизнес гранттары, әлеуметтік көмектер және жұмысқа орналасу туралы да ақпараттар береді.Айта кетейік, JOLTAP қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі.Ал түлектердің кандидатуралары JUMYS TAP Telegram-ботында тегін жарнамаланатын болады. Толық ақпаратты call-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады: +7 (707) 221 31-31.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903991
18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылады 24.12.2024
18 желтоқсанда сағат 20.00-де Астананың алты ауданында бір мезгілде жаңа жылдық шыршалардың шамы жағылады. Барлық орында мұз айдындары, слайдтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және басқа да көптеген ойын-сауық болады деп күтіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл күні елорданың алты ауданында 30-дан астам мерекелік шыршаның шамдары жағылады, елорданың әрбір тұрғыны мен қонақтары мерекелік атмосфераны тамашалай алады.Алматы және Сарайшық аудандарында жеті жайлы жерде шыршалар шамы жағылады. Қазақ елі монументінің алаңында 25 метрлік үлкен шырша орнатылады, алаңның аумағы ертегі сиқырлы ел болып саналады, тұрғындар мен қонақтар жарық әшекейлерінің фонында суретке түсе алады.Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының теорториясындағы 20 метрлік шырша ауданның жас тұрғындары үшін көптеген ойын-сауық пен мерекелік іс-шара ұсынатын орталыққа айналады: мұз айдыны, слайд, ертегі камині, Щелкунчик және Гномик фото аймағы.17 метрлік шырша осы күні «Sana Sport» спорт кешенінің аумағында слайдпен және көңілді аюлармен жанады. Сондай-ақ Қошқарбаев даңғылы 80/1, Рысқұлбеков көшесіндегі «Алма» саябағында, Astana Music Hall (құмыра) жанында 17 метрлік жаңа жылдық шыршалар орнатылады.«Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында 17 метрлік шырша мен шағын сәулет нысандары (бұғы, қасқыр, қоян және аю) орнатылады.Байқоңыр ауданында бес керемет шырша келесі орындарды безендіреді:Жастар сарайының аумағы мерекелік іс-шаралар мен отбасылық серуен үшін тамаша орын болады. Алаңда 18 метрлік шырша шамы жағылады, мұз айдыны мен сырғанақ жұмыс істейді, тұрғындар мен қонақтар жарық бейнелерінің жанында мерекелік фотосуретке түсе алады.Ж. Тәшенов көшесіндегі К. Ататүрік атындағы саябақ көптеген шам мен сәндік элементтері бар қысқы ертегіге айналады, аумақта 20 метрлік шырша шамы жарқырайды, мұз айдыны, сырғанақ жұмыс істейді және жаңа жылдық кейіпкерлер түріндегі ертегі шағын сәулет формалары орнатылады.«Өндіріс» (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы) және «Кирпичный» (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы) тұрғын алаптарында, «Қоянды» саяжай алабында кез келген адам 8 метрлік шыршалардың сұлулығын және жайлы атмосфераны тамашалай алады, мұз айдынында сырғанақ тебе алады. Сонымен қатар аудан бойынша Кеншілер, 5 және Досмұхамедұлы, 6 мекенжайларында екі бес метрлік шырша орналасады.Нұра ауданында да ауқымды жаңа жылдық безендіру жүргізілді, 9 жерде жаңа жылдық шыршалар шамы жағылады. 25 метрлік басты шырша «Астана Арена» стадионының тұрағына орнатылады, онда мерекелік бағдарлама және жаңа жылдық ойын-сауық: мұз айдындары, слайдтар мен фотоаймақтар қарастырылған.Орталық саябақта ұзындығы 290 метр болатын желілік мұз айдыны жасалған, бұл жерде серуендеуге, фотоаймақтарда Аяз атаның шанасы мен сыйлықтары бар каминмен суретке түсуге болады. Орталық кіреберісте 22 метрлік шырша орнатылған, 18 желтоқсанда оның да шамы жарқырайды.«Зеленый квартал» ТК алаңындағы скверде, тоған маңында әртүрлі шағын сәулет нысандары мен фотоаймақ орнатылып, биіктігі 7 метр шырша қойылды.«Үркер» тұрғын алабындағы скверде мұз айдыны мен қар сырғанақтары ашылды. Кеңістік шыршамен безендірілді. Бұл күні биіктігі 7-ден 14 метрге дейінгі шыршалар шамы «Сарыарқа», «Керуен сити», «Азия парк», «Хан Шатыр» және «Айланд» ОСО сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында да жарқырайды.Сығанақ пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысында сырғанақтар орнатылып, 8 метрлік шырша мен тақырыптық шағын сәулет нысандары орнатылды.Сарыарқа ауданында әртүрлі биіктіктегі 3-тен 18 метрге дейінгі алты шырша шамы жарқырайды. Аудан тұрғындары мен қонақтарын мұз сырғанақтары, мұз айдындары және атмосфералық фотоаймақтар күтеді. Қала алаңы биіктігі 13 метр тірі шыршамен безендіріледі. Мұнда 600 шаршы метрлік мұз айдыны, мұз сырғанағы мен фотоаймақ, бұғылар мен аюлардың жарқыраған бейнелері дайындалды. Бөгенбай батыр даңғылындағы сквер аумағында 43 500 ш.м. мұз айдыны ұйымдастырылып, шырша орнатылды. Сыйлықтары бар жарқыраған шарлар мен шана қысқы мереке атмосферасына сән беріп тұр. «Көктал» саябағында отбасылық демалыс үшін сырғанақтар, мұз айдыны және 18 метрлік шыршасы бар мерекелік аймақ ашылады.Есіл өзенінің жағасында өзеннің мұзында үлкен мұз айдыны ашылып, әртүрлі деңгейдегі 8 сырғанақ орнатылды. Аумақта биіктігі 8 метр шырша орнатылады.«Наз» театрының жанындағы алаң 3 метрлік мерекелік шырша мен тақырыптық фотоаймағы бар мәдени кеңістікке айналады.Юбилейная көшесі, 22-де биіктігі 8 метр тірі шырша безендірілген. «Агроқалашық» тұрғын алабында, Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысында көңілді уақыт өткізуге арналған сырғанақ, мұз айдыны және жарқын фотоаймақтар орналасқан.Есіл ауданында төрт негізгі нүктеге мерекелік шыршалар орнатылады.ЭКСПО аумағында 23 метрлік шырша пайда болады, мұз айдыны мен сырғанақтар ашылады, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандар аясында фотосуреттер түсіре алады. Қабанбай батыр даңғылының бойындағы дөңгелек алаңда мерекелік шырша орнатылады, сондай-ақ аумақта жаңа жылдық жарық безендіру жасалады. Ботаникалық бақта 23 метрлік шырша пайда болады, аумақ жарық дизайнымен безендіріледі.«Бәйтерек» монументінің айналасында, «Нұр Жол» бульварында, Мәңгілік Ел даңғылында, желілік саябақта, «Ұлытау» сквері сияқты орындар шағын сәулет нысандары мен жаңа жылдық инсталляциялармен безендіріледі.«Пригородный» тұрғын алабында 10 метрлік шырша шамы жағылады, мұз айдыны жұмыс істейді, аюлар мен жұлдыздар түріндегі шағын сәулеттік формалар пайда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/904038
ТЖМ әскери бөлімдері: ұтқырлық, жеделдік және ТЖ-ға әзірлік 24.12.2024
Қазақстан ТЖМ әскери бөлімдері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға тиімді ден қою жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. ТЖМ құрамына төрт азаматтық қорғаныс әскери бөлімі бар: 28237 әскери бөлімі - Ұзынағаш ауылы, 52859 әскери бөлімі - Қарағанды, 68303 әскери бөлімі - Семей қ., 20982 әскери бөлімі - Ақтөбе қ. Әр әскери бөлімге Бауыржан Момышұлы, Мартбек Мамраев, Қасым Қайсенов, Есет батыр Көкіұлы сынды қазақ батырларының есімдері берілген. «2024 жылы әскери бөлімдер ТЖ-ның алдын алуға, оларды жоюға және зардап шеккендерді құтқаруға бағытталған көптеген іс-шараларға белсенді қатысты. Жыл басынан бері олар 1,5 мыңнан астам әскери қызметші мен 97 бірлік арнайы және инженерлік техниканың қатысуын қамтамасыз етіп, 171 шығуды жүзеге асырды», - деп ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов атап өтті. Жыл басында қыс мезгілінде ТЖМ әскери бөлімдері адамдар мен техниканы қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға жұмылдырылды. 1000-нан астам азамат қауіпті аймақтардан эвакуацияланды, ал 413 бірлік техника қар құрсауы мен басқа кедергілерден шығарылды. Су тасқыны кезінде ТЖМ әскери құтқару құрылымдары жеделдік пен жоғары тиімділік көрсетті. Осы кезеңде 2 227 адам эвакуацияланды, сондай-ақ елді мекендер мен инфрақұрылымды су тасқынынан қорғау бойынша кең ауқымды шаралар қабылданды. Атап айтқанда жағалау сызығын нығайту үшін 488 668 қап құм дайындалды, су басқан аумақтардан 295 616 м3 су сорылды, 2 876 нысан дезинфекцияланды, бұл инфекциялардың таралмауына көмектесті. Әскери бөлімдер күштері зардап шеккен аудандарға гуманитарлық жүкті тиеп, тасымалдады. Әскери құтқару құралымдардың әскери қызметшілері «Қазқұтқару-2025», «ЖЕР», «ҚЫС», «КӨКТЕМ» сияқты ірі халықаралық оқу-жаттығуларға қатысты. Осы оқу-жаттығулар кезінде адамдарды құтқару, ТЖ салдарын жою, сондай-ақ дағдарыс жағдайында халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл жасау бойынша нақты міндеттер пысықталды. Биыл ТЖМ қатарына еліміздің 16 өңірінен 623 мерзімді қызметтегі әскери қызметші шақырылды, бұл жеке құрамды нығайтуға және жауынгерлік әзірлікті арттыруға ықпал етті. Қазіргі уақытта Ақтөбе және Абай облыстарында 20982, 68303 әскери бөлімдерінің әскери қалашығын салу, басқа да әскери бөлімдердің әскери қалашықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайларға ден қоюда ұтқырлық пен жеделдікті арттыру үшін әскери бөлімдердің екінші құтқару батальондары Алматы, Орал, Өскемен және Қостанай қалаларына көшірілді. Бұл шешім ТЖ аймағына күштер мен құралдарды тасымалдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. ТЖ жағдайында қауіпсіздікті арттыру және әскери бөлімдерде терроризмге қарсы операцияларға қатысу үшін гуманитарлық жүктерді, басқару объектілерін күзетуге және төтенше жағдайлар аймақтарында ТЖМ бөлімшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «Айбат» арнайы мақсаттағы бөлімшелері құрылды. ТЖМ әскери құтқару құралымдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖ-ға жедел ден қою және азаматтарды кез келген қауіптен қорғау бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда. Ұтқырлықты, жеделдікті және басқа құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайту ТЖМ қызметін одан әрі жақсарту үшін басымдық болып қала береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904264