Саясат
18 ырғыздық отбасы баспаналы болды 24.12.2024
Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында пәтер кілтін табыстау рәсімі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өтті.Әрқайсысы 8 пәтерлі 2 қабатты үш бірдей тұрғын үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар, мүгедектігі бар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар қоныстанады.Бірнеше пәтер әлі де бос. Ол үйлерге Ырғызға көшіп барған дәрігерлер орналаспақ.Еске салайық, 2023 жылы облыс әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданына жасаған сапарында аталған құрылыс нысанына барып, мердігерлерге жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырған еді.Жаңа тұрғын үйлердің кілтін тапсыру рәсіміне ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.Шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев және еңбек ардагері, Ырғыз ауданының құрметті азаматы Қуанышбай Кенжебаев, қуаныш иелерінің атынан ауыл тұрғыны Мөлдір Тасекенова сөз сөйлеп, көпшілікті құттықтады.Бұдан соң, ардагерлер жаңа баспана иелеріне кілт табыстады. Ауылдың қадірменді ақсақалы Сейітқұл Махаев бата берді, әжелер шашу шашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/904142
Ел игілігін еселеу – ортақ міндет 24.12.2024
Жетісу облысының әкіміБейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған құттықтауы Құрметті жетісулықтар!Баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!Ата-бабаларымыздың азаттықты аңсаған асыл арманы орындалған бұл күн бүгінде ерекше мән-маңызға ие болып отыр.Мемлекет басшысы айтқандай, бостандық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Ал олардың тағылымды ғұмыр жолы – жас ұрпақ үшін әрдайым өнеге.Бүгінде тарихтан сабақ ала отырып, мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарын еселеу мен елдің лайықты болашағын жасаудағы ортақ жауапкершілік баршамызға бірдей жүктеліп отыр. Ол үшін тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, әділетті мемлекет, ашық қоғам құруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар мен өзгерістерді іске асыруға әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Осы орайда Жетісу облысының тұрғындары ел игілігі жолындағы ортақ іске үлес қосуға бұдан былай да белсене қатысады деп сенемін.Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс, бейбіт те берекелі ғұмыр тілеймін!Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/903430
Жетісу облысында Тәуелсіздік күніне орай 10 әлеуметтік нысан қолданысқа беріліп, 76 отбасы баспаналы болды 24.12.2024
Жетісу облысында Тәуелсіздік күніне орай халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 76 отбасы жаңа баспаналарының кілтіне ие болды. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет үйі, ауылдық клуб және спорт кешені, жалпы алғанда 10 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, Көксу, Ескелді, Панфилов аудандарында кезекте тұрған азаматтарға үй беріліп, өңірдегі 76 отбасы жаңа қоныс қуанышына кенелді. Оның 50-і Панфилов қаласының Жаркент қаласында, 16-сы Көксу ауылының Бозтоған және Мұқыры ауылдарында, 10-ы Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында тұрғын үйге қол жеткізді.- Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өз үйіміз болса деген бірнеше жылдан бергі арманымыз орындалды. Бүгін үлкен отбасымыз кең, жайлы, жаңа үй алды. Мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығының арқасында Тәуелсіздік күнін, алдағы Жаңа жылды енді өз үйімізде атап өтеміз, - деді Жаркент қаласының тұрғыны, көп балалы ана Шынар Азатбекова.Отбасымен бірге мерекелік қоныстой қуанышына жеткен Ескелді ауданының тұрғыны:- Тұрғын үйге кезекте тұрғанымызға біраз жыл болды. Шаңырағымызда төрт бала бар, міне, баспанамыздың кілтін алдық, үйдің ішін аралап көрдік, жақын жандарымыз құттықтап келіп жатыр. Еліміздің айтулы күні қарсаңында қоныс тойға жеткенімізге қуаныштымыз, – деді мұқырылық Сәулеш Жауынбаева.Сонымен қатар мереке қарсаңында Ескелді ауданында бірден 3 жаңа нысан іске қосылды. Аудан орталығы Қарабұлақ ауылында мәдениет үйі, Ақын Сара ауылында 120 орынды жаңа блокты-модульді ауылдық клуб пен әкімдік ғимараты пайдалануға берілді.Осы күні облыстың бірқатар ауылдарында жаңа медициналық мекемелер есігін ашты. Мәселен, Көксу ауданының 140 тұрғыны бар ПЧ-45 станциясында жаңа блок-модульдік медициналық пункт қолданысқа енгізілді.- Мұндай заманауи медициналық пункттің ауылымызда ашылғанына қуаныштымыз. Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Сондай кезде ешқайда бармай-ақ енді осында қараламыз. Бұл жаңа нысан тұрғындардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз, - деді медицина саласының ардагері, ПЧ-45 станциясының тұрғыны Айша Сәрсенбаева.Сондай-ақ Панфилов ауданының Шежін, Керімағаш және Қызылжиде ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт пен екі медпункт салынды. Оған қоса, Үшарал ауылында 50 орындық спорт кешені пайдалануға берілді. Онда күрес, бокс, бұқаралық спорт түрлері бойынша секциялар ашылды. Сонымен қатар ауданда алғаш рет инвестор есебінен салынған «Орбұлақ» халықаралық автовокзалы жұмысын бастады. Вокзал автопаркінде 31 автобус бар, 67 адам жұмыспен қамтылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотографтар: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/903460
Бейбіт Исабаев бірқатар сала мамандарына марапат тапсырды 24.12.2024
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына және Тәуелсіздік күніне байланысты бірқатар ұстаздарға мемлекеттік марапаттар тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімдігінде энергетика мамандарымен өткен жиында Бейбіт Исабаев өңірдің жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отырғанын, онда барлық сала қызметкерлерінің үлесі бар екенін атап өтті.- Энергетика - елдің дамуы мен өркендеуінің негізі. Экономиканың қай саласын да, тіпті халықтың күнделікті тұрмысының өзін жылу мен электрсіз елестету мүмкін емес. Осы орайда сала мамандарына облыс тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да маңызды міндеттерді сіздермен бірге нәтижелі орындаймыз деп сенемін, - деген облыс басшысы сала үздіктеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды.Атап айтқанда, еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Темірбетон» ЖШС технологиялық жабдықтардың слесарь-жөндеушісі Манарбек Мұртазин ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін иеленсе, «ТАТЭК» АҚ техникалық директоры Дәулет Илипбаевқа, «Талдықорғанжылусервис» КМК бас инженері Ақылбай Тәжиевке, «Текелі энергокешені» ЖШС қазандық турбиналық цехының бастығы Владимир Коржға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.Осы күні Бейбіт Исабаев облыста балаларға сапалы білім беру жолында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздармен кездесіп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі қызметіне ризашылығын білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды. Бұл ретте елдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық дамуына қосқан үлесі үшін Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылындағы № 30 орта мектептің директоры Сәуле Усеноваға «Құрмет» ордені, Қаратал ауданындағы орта мектептің мұғалімдері Светлана Гончарова мен Нұрзия Рахметоваға «Шапағат» медалі, сол сияқты олардың әріптестері Бәтен Даниярова мен Алмагүл Малдыбековаға және Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының өкілі Валентина Спиридоноваға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/903910
Алматы облысы өнеркәсіп, сауда және экспортта рекордтық өсім көрсетті 17.12.2024
Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, өңірдің өткен жылдағы экономикалық табыстарымен бөлісіп, болашақтағы негізгі стратегиялық мақсаттарды айқындап берді. Оның айтуынша, басты міндет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау болды. 11 айдың өзінде экономиканың қысқа мерзімді өсу қарқынына 109,1% қол жеткізілді, бұл негізгі салаларды дамытудың оң серпінін көрсетеді. Сұлтанғазиев облыс өнеркәсібі 6,9%-ға өскенін, бұл орташа республикалық 2,7%-дан айтарлықтай асып түсетінін және бұл көрсеткіш бойынша облыстың республикада бесінші орынға шығуына мүмкіндік бергенін атап өтті. Сауда 13,2 пайызға, құрылыс 20,6 пайызға, көлік қызметі 21 пайызға өсіп, облысты бұл көрсеткіш бойынша төртінші орынға шығарды. «Біз экспортта үлкен әлеуетті көріп отырмыз, бүгінде біздің облыс 63 елге өнім жеткізеді, экспорттың 90 пайызы бір жыл ішінде 565 миллион доллардан 581 миллион долларға дейін өсті, бұл біздің кәсіпорындардың халықаралық нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін растайды. .», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902546
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім – 22,5% 17.12.2024
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев инвестиция өңірдің экономикалық дамуының негізгі факторына айналғанын ерекше атап өтті. 2024 жылы облыс экономикасына 780 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға көп, ал республикалық орташа өсім небәрі 3,1 пайызды құрады. BAKAD бойындағы ірі жобаларға ерекше назар аударылады, оның ішінде $200 млн-ға Lay's чипсы өндіретін зауыт құрылысы, Focus Logistics және Ozon компанияларының $151 млн-ға «А» класты қоймаларын құру, сондай-ақ $200 млн. Строитель-98 логистикалық кешені $100 млн. Темекі өнімдерін өндіруге 204 миллион доллар инвестиция салатын кореялық KT&G сияқты халықаралық компаниялардан қомақты инвестиция құйылып жатқанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, «Алтын таға» ұлттық жобасы аясында 1200 жұмыс орны ашылып, 120 млн доллар тартылатын темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт салынады. «Бұл жобалар біздің өңірлік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономиканы нығайтуға деген ұмтылысты растайды», - деді Сұлтанғазиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902555
Қонаев жаңа экономикалық деңгейге көтерілді: ірі инвестициялар, жаңа тұрғын үй кешендері және туризмнің белсенді өсуі 17.12.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Кешенді жоспарды жүзеге асырудың арқасында Қонаев қаласы соңғы үш жылда қарқынды дамуды көрсетті. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл қайта құрулар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және тартымды инвестициялық орта құруға бағытталған. «Біздің қаламыз көз алдымызда өзгеруде: біз инфрақұрылымды жаңғыртып қана қоймай, облыс үшін жаңа сапа стандарттарын белгілеп жатырмыз», - деп атап өтті әкім. Есепті кезеңде 48 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жаңартылды, 61 шақырым инженерлік-жол инфрақұрылымы қайта жаңғыртылды, 41 аула абаттандырылды, қоғамдық саябақтар мен спорт алаңдары жасалды. 133 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру айтарлықтай жетістік болды. Оның ішінде жеке құрылыс салушылар салған Aristocrat, Sun City және NJ Towers сияқты заманауи тұрғын үй кешендері. 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Жаңарту орталық саябаққа, Қапшағай су қоймасының жағажай аймақтарына да әсер етті. Бұл жобалар туристік ағынның 6,5%-ға артуына әкелді. Qonaev International Baloon Fest және Oceanman байқауы сияқты ірі халықаралық іс-шараларды өткізу, қаланың туристік орын ретіндегі мәртебесін нығайтты. Инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Қала бюджеті 4 есеге – 2021 жылғы 9,2 миллиард теңгеден биыл 37 миллиард теңгеге дейін өсті. Жеке инвестиция есебінен жеті нысан іске қосылып, 612 жұмыс орны ашылды. Негізгі жобаларға Ospanova Development балық өңдеу кешені, Run Planet Organic алма өңдеу және шырын өндіру зауыты және 2,2 МВт Qazaq Smart Energo шағын су электр станциясы кіреді. Марат Сұлтанғазиев: «Жеке инвестициялар қаланың экономикалық өсімінің драйверіне айналуда», - деді. – Біз Қонаевты бизнеске ғана емес, өмірге де тартымды ететіндей жағдай жасаймыз. Туризм болашағы зор салалардың бірі болып қала береді. 2025 жылы әлемдік деңгейдегі екі – 4 және 5 жұлдызды қонақүйлердің құрылысы басталады. Бұл халықаралық стандарттарға сай келуге және жаңа қонақтарды тартуға мүмкіндік береді. Қаланы дамыту 187 іс-шараны қамтитын Кешенді жоспар аясында жүзеге асырылуда, оның 148-і бюджет қаражаты есебінен, 39-ы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік және жеке капиталдың бұл симбиозы қала өмірінің барлық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. «Мұндай даму қарқыны Қонаев қаласының гүлденуіне және оның облыстың экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі рөлін арттырудың кепілі болатынына сенімдіміз», - деп түйіндеді сөзін Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902557
Алатау – жаңа ұрпақ қаласы: табысты даму үшін инновациялар мен инвестициялар 17.12.2024
2024 жылдың басынан бері Қазақстан картасында жаңа Алатау қаласы пайда болды. Оны құру президенттің 9 қаңтарда қол қойған жарлығының арқасында мүмкін болды. Мамыр айында бас жоспар бекітіліп, қазан айында шекаралар белгіленіп, Алатауды заманауи мегаполиске айналдыру жолындағы ауқымды жұмыстары басталды. Жобаға Орталық Азиядағы ең ірі «Алатау» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру ерекше назар аударды. Инновациялық жобалар 96 мың гектар аумақта жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл жоба аймақты Қытайдың Хайна мен Шэньчжэньннен кейінгі әлемдегі арнай экономикалық аймақ ретінде үшінші орынға шығарады. Қаланың даму стратегияларын әзірлеу үшін Сингапур мен Қытайдан жетекші сарапшылар тартылады. Бұл елдер қала құрылысы, инфрақұрылым және ақылды қаланы басқару технологияларындағы озық жетістіктерімен танымал. Жобаны жедел және сапалы басқару үшін ҚР Үкіметі жанынан Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы жобалық кеңсе құрылды. Бұл органға Алатауды абаттандыруға атсалысқан барлық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және инвестицияның дер кезінде тартылуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қаланың болашағына деген болжамымен бөлісті: – «Алатау» – өңіріміздің дамуының жаңа парағын ашатын жоба. Біз қала тұрғындарына ыңғайлы көлік желісін, дамыған инфрақұрылымды және жоғары технологиялық басқару шешімдерін қоса алғанда, заманауи өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Алатаудың дамуы тек экономикалық өсуді ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуды білдіреді. Жаңа жұмыс орындары, инвестиция ағыны және заманауи тұрғын үй мен коммерциялық нысандардың құрылысы, аймақтың дамуына қуатты серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902571
Алматы облысы 86 мың га жерін қайтарып, ауыл шаруашылығы саласындағы тұғырын нығайтты 17.12.2024
Алматы облысы Қазақстанның аграрлық секторында сенімді түрде жетекші орынды иеленіп келеді, деп атап өтті облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі сөйлеген сөзінде ол, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау және мал шаруашылығын дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару - жай ғана міндет емес, бұл өңірдің стратегиялық басымдығы», - деді Сұлтанғазиев Астанада журналистерге берген сұхбатында. Бұл салада қазірдің өзінде елеулі шаралар қолға алынған. Анықталған 399 мың гектар пайдаланылмай жатқан жердің 86 мыңы қайтарылды, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің бекітілген жоспарының 123 пайызын құрайды. Бұл жұмыс, әкімнің айтуынша, өңірдің әлеуетін толық пайдалануға және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алматы облысы өзге өңірлер фонында өз ұстанымын нығайтуды жалғастыруда. Құс басы бойынша бірінші, қой мен ешкі саны бойынша үшінші, ірі қара мал саны бойынша төртінші орында сенімді. Облыста құс етін өндіру 114,3 мың тоннаға жетіп, республикадағы жалпы көлемнің үштен бірін құрайды. Сондай-ақ, облыс агроөнеркәсіп кешенін дамытуды жалғастырып, сүт және жұмыртқа өндіру бойынша алдыңғы қатарда. Өңірде сүт өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың ішінде 5200 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу өнімділікті арттырып, сүт сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Сүт өңдеуді қолдау – облыстың болашағына инвестиция», - деді әкім. «Біз кәсіпорындардың толық жүктелуіне жағдай жасап жатырмыз, бұл өнім көлемінің ұлғаюына және олардың сапасының жақсаруына әкеледі». Жерді қайтару және мал шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстардың арқасында Алматы облысы ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да өз орнын нығайтып келеді. Әкім облыстың экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге, сол арқылы ұзақ мерзімді перспективаға ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ниетті екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902580
Алматы облысы 86 мың га жерін қайтарып, ауыл шаруашылығы саласындағы тұғырын нығайтты 17.12.2024
Алматы облысы Қазақстанның аграрлық секторында сенімді түрде жетекші орынды иеленіп келеді, деп атап өтті облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі сөйлеген сөзінде ол, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау және мал шаруашылығын дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару - жай ғана міндет емес, бұл өңірдің стратегиялық басымдығы», - деді Сұлтанғазиев Астанада журналистерге берген сұхбатында. Бұл салада қазірдің өзінде елеулі шаралар қолға алынған. Анықталған 399 мың гектар пайдаланылмай жатқан жердің 86 мыңы қайтарылды, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің бекітілген жоспарының 123 пайызын құрайды. Бұл жұмыс, әкімнің айтуынша, өңірдің әлеуетін толық пайдалануға және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алматы облысы өзге өңірлер фонында өз ұстанымын нығайтуды жалғастыруда. Құс басы бойынша бірінші, қой мен ешкі саны бойынша үшінші, ірі қара мал саны бойынша төртінші орында сенімді. Облыста құс етін өндіру 114,3 мың тоннаға жетіп, республикадағы жалпы көлемнің үштен бірін құрайды. Сондай-ақ, облыс агроөнеркәсіп кешенін дамытуды жалғастырып, сүт және жұмыртқа өндіру бойынша алдыңғы қатарда. Өңірде сүт өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың ішінде 5200 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу өнімділікті арттырып, сүт сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Сүт өңдеуді қолдау – облыстың болашағына инвестиция», - деді әкім. «Біз кәсіпорындардың толық жүктелуіне жағдай жасап жатырмыз, бұл өнім көлемінің ұлғаюына және олардың сапасының жақсаруына әкеледі». Жерді қайтару және мал шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстардың арқасында Алматы облысы ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да өз орнын нығайтып келеді. Әкім облыстың экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге, сол арқылы ұзақ мерзімді перспективаға ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ниетті екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902602
63 елге экспорт: Алматы облысы өзінің халықаралық ықпалын арттыруда 17.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің өткен жылдағы елеулі экономикалық табыстары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмасын орындау басты міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың 11 айында облыс қысқа мерзімді экономикалық көрсеткішке 109,1% қол жеткізді, бұл негізгі салаларды дамытудың тұрақты серпінін көрсетеді.Марат Сұлтанғазиев өңірде өнеркәсіп өндірісі 6,9 пайызға артқанын, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,7 пайызға асып түсетінін атап өтті. Бұл облыстың республика бойынша бесінші орын алуына мүмкіндік берді. Басқа салаларда да айтарлықтай өсім байқалады: сауда – 13,2%-ға, құрылыс – 20,6%-ға, көлік қызметі – 21%-ға өсті.Әкім экспорттық әлеуетке баса назар аударды. Бүгінде Алматы облысы әлемнің 63 еліне өнім экспорттайды, экспорттың 90 пайызын өңделген тауарлар құрайды. Экспорт көлемі бір жылда 565-тен 581 миллион долларға дейін өсті. «Бұл біздің кәсіпорындардың халықаралық нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді», - деп атап өтті Сұлтанғазиев. Алматы облысы жаңа экономикалық биіктерге сенімді түрде қадам басып келеді, бұл өңірдің бүкіл елдегі позициясын нығайтуға ықпал етеді. «Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды». Алматы облысы қомақты инвестициялар мен ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырудың арқасында экономикалық өсудің жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бір жыл ішінде облыс экономикасына 780 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға артық екенін айтты. Бұл көрсеткіш республикалық орташа инвестиция өсімі 3,1%-дан айтарлықтай асып түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902611
Алматы облысында үш ауысымды мектептер мәселесі шешілуде: биыл 26 жаңа білім ошағы ашылады 17.12.2024
Алматы облысында биыл 37,6 мың бала бірінші сыныпқа барды. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер мәселесі өзекті күйінде қалып отыр: облыста мұндай 37 білім ошағы бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев мәлім етті. – Осы мәселені шешу үшін «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы аясында биыл 24,9 мың орындық 26 мектептің құрылысы басталды. Жыл басынан бері 9 мың орындық 9 мектеп, оның ішінде Болат Өтемұратов қоры қаржыландырған екі мектеп пен Еңбекшіқазақ ауданында «Алтын адам» серіктестігінің жеке инвестициясымен салынған бір жарым мың орындық мектеп ашылды, деді Алматы облысының әкімі. Ол жыл соңына дейін 6,3 мың орындық тағы бес оқу орнын пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. Соңғы үш жылда білім саласына 965 миллиард теңге бөлінді. 78 мектеп жаңартылды, оның 62-сі күрделі жөндеуден өтті. Былтырдан бері 143 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Қабылданған шаралардың арқасында білім сапасының деңгейі 66,4 пайыздан 67,9 пайызға көтерілді, деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде сабаққа қатысуды тіркеудің QR-код жүйесін енгізу 800 миллион бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902618
Құрметті Қазақстандықтар, Қадірлі Алматы облысының халқы! 17.12.2024
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің еркіндікке жету жолындағы жеңісі мен көп ғасырлық күресінің нәтижесі. Тәуелсіздік – халықтың қажырлы еңбегінің, төзімділігі мен батылдығының жемісі. Осы бір қастерлі күн еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің символы болып табылады.Тәуелсіздік біздің басты байлығымыз, ал оның мәні – ел бірлігінде, татулығында, халықтың рухында. Осы орайда, еліміздің болашағын өркендету үшін бәріміздің ортақ күш-жігеріміз бен ынтымағымыз қажет.Баршаңызға баянды болашақ, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін! Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!Тәуелсіздік күні құтты болсын!Ізгі ниетпен, Алматы облысының әкімі Марат СұлтанғазиевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/903404
Заңсыз шырша кескендерге қатаң жаза қолданылатын болады 17.12.2024
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында елімізде қылқан жапырақты ағаштарды (шырша, қарағай және басқалары) заңсыз кесу жағдайлары жиі кездеседі. Әсіресе, шыршалар дүкендерде және базарларда сатылатыны белгілі, бірақ оны заңсыз кесу – экологиялық қауіпті әрекет ғана емес, сондай-ақ құқық бұзушылық болып табылады.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, орман қорына жататын ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін қатаң жазалар қарастырылған. Егер залал 50 АЕК (Айлық есептік көрсеткіш) көлемінде болса, жеке тұлғаларға 369 200 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға 1 107 600 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 1 476 800 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 3 692 000 теңге айыппұл салынатын болады.Бұл жазалар тек әкімшілік сипатта ғана емес, егер шығын 50 МРП (Минималды айлық жалақы) мөлшерінен асып кетсе, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылады. Осылайша, заңсыз шырша кесу әрекеттері тек экологияға емес, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігіне де айтарлықтай әсер етуі мүмкін.Орманды қорғау, экологиялық теңгерімді сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Жаңа жылдық шырша мен қарағайды заңсыз кесудің салдары ауыр болатынын ескеріп, тұрғындар мен кәсіпкерлерге табиғатты қорғауға шақырамыз. Өйткені, орман байлығы – еліміздің теңдесі жоқ қазынасы, және оны сақтап қалу – үлкен жауапкершілік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/903756
Алдағы жылдары ауыл шаруашылығы саласында 95 жобаны іске асыру жоспарланған – Ақтөбе облысының әкімі 17.12.2024
Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15,5 млрд теңге қаражат қарастырылды, 11 айда 333 млрд теңгеге өнім өндірілді. Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2900-ден астам жоба мақұлданып, 15 млрд теңгеге 2 706 жоба бойынша несие берілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түліктің өсімі орташа есеппен 110% құрады. Өсімдік шаруашылығына қатысты, биылғы жылы 403 мың гектар дәнді дақылды алқаптан 559 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 130 мың тоннаға немесе 30%-ға өсті.«Ауыл шаруашылығы саласын бұдан әрі дамыту мақсатында, алдағы жылдарда инвестиция көлемі 51 млрд теңгені құрайтын 95 жобаны іске асыру жоспарланған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/902958
Ақтөбе облысының әкімі: нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті 17.12.2024
Асхат Шахаровтың айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді. Жалпы, бүгінде өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы төселді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көше нормативтік жағдайға келтірілді.«Халықаралық Самара-Шымкент автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағыты бойынша министрлікпен бірге үлкен жұмыс атқарылып жатыр Қазіргі таңда 2 учаскеге бөлдік. Бүгінде, 2-учаскеде құрылыс-монтаждау жұмысын бастадық. Жақын арада тендерлік конкурс өткеннен кейін бірінші учаске басталады. Жалпы 4 жолақты болады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, «Ақтөбе-Қандыағаш» жолы аяқталды, республикалық маңызы бар жолдар ауыспалы, бұл жұмыстар келесі жылы жалғасадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903041
Ақтөбе облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр 17.12.2024
Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл 12,3 млрд теңге бөлініп, 827 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді. «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламасы аясында 225 отбасы баспана алды. Оның ішінде, 118 отбасы әлеуметтік осал топтарға жатады.«Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны салдарынан 4 мыңға жуық үй зардап шекті. Техникалық тексеру қорытындылары бойынша 1 013 үй апатты деп танылды. Аталған мәселені шешу мақсатында ірі бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен жалпы сомасы 25 млрд теңгеге 500 үй салынып, 513 дайын үй сатып алынды. Сондай-ақ 3 мың тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 9,8 млрд теңгеге өтемақы берілді», - деді спикер ОКҚ алаңында.Бұдан бөлек, мемлекет қолдауының арқасында бүгінгі күні 13 білім беру, 2 спорт және 1 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге және құрылысына, сондай-ақ, 47 шақырым автожолдарды, 23 көпірді және 22 гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіруге толық қаржы бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903092
Ақтөбе облысының әкімі 2025 жылға арналған негізгі жоспарларға тоқталды 17.12.2024
«Келер жылы өңірдің экономикалық өсімі кемінде 103% деңгейінде қалыптастыру үшін өнеркәсіп бойынша 2 трлн теңгенің өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, облысқа 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартуға негіз бар», - деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.Оның айтуынша, нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі 80%-ға жеткізіледі. Инженерлік инфрақұрылым бойынша келесі жылы 5 мыңнан астам халқы бар 11 ауылға ауыз су жүргізіп, таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі толықтай шешілмек.«Сондай-ақ 9,8 мың халқы бар 24 ауылды газдандыру арқылы газбен қамту деңгейін 96,8%-ға дейін жеткіземіз. Бұдан басқа, 2025 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 975 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес 11 нысан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 7 денсаулық сақтау нысанның құрылысы жүргізіледі. Білім нысандары бойынша 3 үш ауысымды, 2 апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында 16,4 мың оқушыға арналған 27 жаңа мектеп салынады және бір 300 орындық балабақшаның құрылысы басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903100
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру депосы ашылды 17.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Есет батыр шағын ауданында №25 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.Шараға облыс әкімі Асхат Шахаров пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов қатысты.Облыс әкімі Асхат Шахаров жергілікті тұрғындарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Есет батыр шағын ауданы және жақын маңда орналасқан тұрғын алаптардың тұрғындары үшін өрт сөндіру бөлімін ашудың маңыздылығын атап өтті.«Тәуелсіздік күні - халқымыздың бостандығының, бірлігі мен өркендеуінің символы. Біздің әрқайсысымыз елдің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз, бүгінгідей өрт сөндіру бекеттерін салу сияқты жобалар - мұның жарқын мысалы. Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңір үшін маңызды оқиға. Ол аумақтың қауіпсіздік жүйесін жақсартуға және азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттыруға елеулі үлес қосары анық», - деді ол.Асхат Шахаров облыстың ТЖД материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл 1,8 млрд теңге бөлінгенін алға тартты. Бұл қаражатқа 14 бірлік арнайы техника, 17 бірлік жүзу құралы, 1048 дана арнайы киім және 346 дана жабдық сатып алынды.Министр өз кезегінде жергілікті билікке осындай маңызды жобаны жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, құтқарушыларға қиын, бірақ маңызды жұмыстарында табыс, ал өңір тұрғындарына бейбітшілік пен өсіп-өркендеу тіледі.Өрт сөндіру бөлімінің ашылуында облыс әкімі мен ТЖ Министрі құтқарушыларға Toyota Hilux, Skoda Kodiaq автокөліктері мен өрт сөндіру автоцистерналарын қоса алғанда, 16 бірлік техниканың кілтін тапсырды. Бұдан өзге, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін оларға 26 қызметтік пәтердің кілті табыс етілді, олардың 6-ы тікелей жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан.Ресми бөлімнен кейін қонақтар жаңа депо ғимаратын аралап, қызметкерлерге жасалған жұмыс істеу жағдайларын жоғары бағалады.II типті өрт сөндіру бөлімі төрт автомобильге арналған. 1,5 га аумақты алып жатыр және қала шетіндегі тұрғын үй секторын қорғауға ыңғайлы орналасқан. Ғимаратта әкімшілік корпус, диспетчерлік бөлме, күзет бекеті, демалыс бөлмесі, асхана, санитарлық станциялар, акт залы, қойма үй-жайлары, газ түтінінен қорғайтын қызметтер бойынша арнайы оқу залы көзделген.Құрылыс жұмыстарына «Бабэк-Құрылыс» ЖШС жауапты болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903364
Ақтөбе облысында «2025-2027 жылдарға арналған ТЖД инфрақұрылымын дамытудың Жол картасына» қол қойылды 17.12.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Ақтөбе облысына сапары аясында маңызды құжат - «Ақтөбе облысы ТЖД инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді. Құжатқа облыс әкімі Асхат Шахаров пен ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов қол қойды.Жол картасы өрт сөндіру деполарын күрделі жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, модульдік өрт сөндіру деполарын салу және материалдық-техникалық базаны нығайту сияқты 11 іс-шарадан тұрады.Асхат Шахаров атап өткендей, жол картасындағы іс-шараларды іске асыру азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел ден қою мен Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруға мүмкіндік береді.Осы маңызды құжаттың орындалуы төтенше жағдайлар саласын дамытып қана қоймай, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін арттыратын болады.Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде Есет батыр шағын ауданында жаңа мамандандырылған өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатында облыс әкімі мен ТЖ министрі құтқарушыларға 16 бірлік арнайы техниканың кілтін табыстады. Сонымен қатар, 26 өрт сөндіруші мен құтқарушыға қызметтік пәтерлердің кілті берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903725