Enbekshi QazaQ

Саясат

Абай облысында келер жылы 12 спорт нысанын ашу жоспарлануда 05.12.2024
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығы отандастарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда екенін бірнеше мәрте атап өткен болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленіп, ол Үкімет қаулысымен бекітілген. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында облысымыздағы бұқаралық спортты дамыту үшін салынып жатқан спорттық инфрақұрылым жағдайы туралы ақпарат айтылды.Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымовтың мәліметінше, ағымдағы жылдың есебі бойынша облысымызда 244 мың адам спортпен тұрақты айналысатын көрінеді. Бұл өңір тұрғындарының 40 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда халықты спорттық инфрақұрылыммен 1000 адамға шаққанда қамтамасыз ету 52 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын 38 пайызды құраған еді. Бұл ауылдық елді мекендердегі жылдам тұрғызылатын ғимараттарды қоса алғанда, ірі спорттық кешендердің белсенді салынуының арқасында мүмкін болып отыр. Облыста стадион, жүзу бассейндері, хоккей, теннис корттары, ипподромдар мен жазықтағы құрылымдарды қоса алғанда 610 спорт нысаны бар. Соның ішінде ауылдық елді мекендерде 472 нысан жұмыс істейді.2024 жылы облысымыздың Таскескен ауылындағы спорт модулі, «Самұрық-Қазына» қорының қаражаты есебінен Шүлбі кентінде көпфункционалды кешен мен демеушілер есебінен қайта жаңғыртылған Барқытбел ауылындағы спорт залы сияқты нысандар пайдалануға берілді. Бородулиха ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Көкпекті ауылындағы жүзу бассейні құрылысы толық аяқталды. Енді нысандарды теңгерімге алу жұмыстары жүріп жатыр.Қазігі таңда Курчатов қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бесқарағай ауылындағы жүзу бассейні, Бородулиха ауданының Петропавловка ауылындағы спорт-демалыс орталығы, Абай ауданының Көкбай ауылындағы спорт модулінің құрылысы жүріп жатыр.Демеушілер есебінен пайдалануға берілген және салынып жатқан спорт нысандары да бар. Мәселен, Үржар ауданы Жанай ауылында жаңа спорт залының құрылысы жүргізілсе, Егінсу, Бестерек және Елтай ауылдарында спорт залдары жаңғыртылуда. Семей қаласында толық көлемді жабық футбол манежін салу бойынша «Freedom Holding» компаниясы Абай облысы әкімдігімен меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бұрыңғы Пищевик стадионының аумағына 12,5 мың адамдық стадион салынады. Бұдан басқа, облыс бойынша 12 объектіге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.Өз баяндамасының соңында басқарма басшысы Семей қаласында 500 көрерменге арналған трибуналары бар мұз модулін салуға баламалы жер учаскесін анықтауға көмек сұрады.Аймақ басшысы өңірімізде салынатын спорт нысандары замануи талапқа сай әрі тұрғындар сұранысын қанағаттандыратын үлгіде болуы керектігі туралы басқарма басшысына тапсырма жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/896858
Күзгі жиын-терін ойдағыдай аяқталды 05.12.2024
2024 жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егін жинау алаңы 749,5 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар 299,0 мың га, майлы дақылдар 295,8 мың га, картоп 5,8 мың га, көкөністер 5,4 мың га, ал жемшөп дақылдары 143,5 мың гектар алқапқа егілді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппараттық жиында облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев айтты.Бүгінгі таңда өңірде астық жинау толық аяқталды. Орташа өнімділігі 15,0 ц/га болатын 449,7 мың тонна астық бастырылды. 444,8 мың тоннадан астам майлы дақыл, 134,2 мың тонна картоп, 128,4 мың тонна көкөніс жиналды.5,8 мың га алқаптан картоп 229,8 ц/га жиналып, нәтижесінде 134,2 мың тонна өнім алынды. Көкөністерді жинау да аяқталды. Өнімділігі 236,9 ц/га болатын 128,4 мың тонна жиналды.Егін ору жұмысына 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн және 700 орақ тартылды. Ауыл шаруашылығы техникасының үздіксіз жұмыс істеуі үшін литріне 250 теңге бағамен 15,3 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.Тұқым сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл тұқымның элиталық сорттарын пайдалану үлесі 8,3% құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға жоғары. Сондай-ақ 49 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді.Машина-трактор паркін жаңарту аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 7 млрд теңгеге 547 бірлік техника сатып алынды. Егін жинауға арналған қоймаларға жалпы сыйымдылығы 206 мың тонна лицензияланған элеваторлар және 870,9 мың тонна фермерлік астық қоймалары кіреді.2025 жылдың көктемгі егісіне 39,6 мың тонна тұқым дайындалды, бұл қажетті көлемнің 103,3% құрайды.Ағымдағы жылы облыста су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 13,9 мың гектар алаңға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/896860
ТЖМ жаңа техникамен қайта жарақтандыруға бағытталған 05.12.2024
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарын өндірудегі әлемдік көшбасшылардың бірі «Magirus» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өрт сөндіруге арналған роботты кешендерді және жұмыс биіктігі 68 метр болатын автосатыны қоса алғанда, жаңа әзірлемелер ұсынылды. Шыңғыс Әрінов: «Төтенше жағдайлар министрлігінде техниканың жоғары сапасына сұраныс бар. Біз ТЖ-ға ден қоюдағы тиімділік пен жеделдікті арттыру үшін аумақтық бөлімшелерде арнайы жабдықты жаңартуды жалғастырамыз». Қазақстан аумағында өрт сөндіру техникасын өндіруді оқшаулау мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастық пен техникалық қызмет көрсетудің келешегі талқыланды. 1864 жылы құрылған «Magirus» компаниясы өрт сөндіру техникасының жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады. Танымал әлемдік компаниялармен бірлесе отырып, бүкіл әлем қолданатын инновациялық өрт сөндіру машиналарын шығарады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару қызметтері жұмысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін техникалық жарақтандыруды жаңғыртуды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896853
Елордалық волонтерлер марапатталды 05.12.2024
Бүгінде волонтерлер қозғалысы белсенді дамып келеді және қоғамда әртүрлі салаларда көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Осылайша, азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ ТЖ кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы халықтың хабардарлығын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізетін бірқатар волонтерлер атап өтілді. Елордада «VOLUNTEER FEST» мерекелік іс-шарасы өтті. ТЖД-дан жоғары азаматтық ұстанымы үшін 20-ға жуық волонтер марапаттарға ие болды. Жалпы, Департаментпен қаланың волонтерлік ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы 6 меморандумға қол қойылды, ол әртүрлі төтенше жағдайларды жоюға қатысқан 700-ге жуық адамды қамтиды. «Өзіміздің тапарымыздан адамдарға риясыз және шын жүректен көмектесетін барлық волонтерлерді құттықтаймыз! Сіздердің істеріңіз өздеріңіздің ынта-жігерлеріңізбен, мейірімді жүректеріңізбен және әрқашан көмектесуге дайын болуларыңызбен шабыттандыратын барлығына үлгі тұтарлық. Сіздердің жұмыстарыңыздың пайдасы мол, әрі қаламызды жақсартуға септігін тигізуде. Қажырлы еңбектеріңіз, жасап жатқан игі істеріңіз үшін рахмет!», – деп атап өтті елордалық ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Еркін Қашқанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896863
ТЖМ басшысы қазақстандық волонтерлерді құттықтады 05.12.2024
Құрметті волонтерлер! Сіздерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтаймын! Сіздер жүрегі адал адамдарсыздар, сіздердің көмектесуге деген ұмтылыстарыңыз біздің әлемді жақсы жаққа қарай өзгертеді. Сіздердің белсенділіктеріңіз және әсіресе қиын жағдайларда өзекті мәселелерді шешуге қатысуларыңыз қоғамдық рух пен қауіпсіздікті нығайтуда үлкен рөл атқарады. Сіздердің жұмыстарыңыз су тасқыны мен орман өрттерінің салдарын жою кезеңінде ерекше маңызға ие болды. Сіздер көмекке келуге және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге дайын екендеріңізді көрсеттіңіздер, бұл - азаматтық жауапкершіліктің жарқын мысалы. Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан елімізді мықты әрі ұйымшыл ететін маңызды және қажетті істерге қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге жаңа игі істер жасау үшін зор денсаулық, сарқылмас қуат және Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін атқарып жатқан маңызды және пайдалы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Құрметпен және ризашылықпен,Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрігенерал-майор Шыңғыс Әрінов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896847
Бір жылда 300 жағдай: Астанада қалаға зиян келтірген вандалдар қалай жазаланады 05.12.2024
Бөтеннің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мәселен, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00 шамасында 27 жастағы астаналық мас күйінде көлікті зақымдап, материалдық шығын келтірді.2 желтоқсанда сағат 17:00 шамасында қақтығыс кезінде 19 жастағы жігіт көлікке зақым келтірді.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдаған "Тоқта, вандал" акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.Акцияның мақсаты - вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы аумақтарды ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/896691
Тәулік бойы қар күреу: Астанада күндізгі ауысымға 900-ге жуық техника шығарылды 05.12.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір түнде олар қаладан 168 жүк көлігіне қар жинап, алып шықты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.5 желтоқсан күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан 2,7 мыңнан астам жол жұмысшы мен 890 бірлік арнайы техника тазартады.5 желтоқсанға қараған түні қаладан 168 жүк көлігі немесе 1 892 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 65 мыңнан астам рейспен 839 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/896523
Биыл құрылысы ұзаққа созылған 5 нысан пайдалануға берілді 05.12.2024
Бұл туралы мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау саласының дамуы талқыланған облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Оксана Сопрун 2024 жылдың 11 айында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру туралы есеп берді. Жалпы 55 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 44 нұсқама берілген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 197 хаттама жасалды. Жалпы сомасы 43 млн теңгеден астам айыппұл салынып, оның 91%-ы өндірілген. Әкімшілік жауапкершілікке 49 құрылыс компаниясы, 7 жобалау ұйымы, 28 мердігер ұйым, 5 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымы, 2 сараптама ұйымытартылған. Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 1723 хабарлама қабылданды. Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, өндірістік объектілер, сондай-ақ жолдар мен инженерлік желілер құрылысы бар. Биылғы жылдың басында Ақтөбеде коммерциялық мақсаттағы 12 ұзаққа созылған құрылыс нысаны болды. Бүгінде бесеуі пайдалануға берілді. Бұл – кафе-дүкен, 320 орындық балабақша, көп пәтерлі тұрғын үйлер және монша кешені. Алтын Орда шағын ауданындағы және Ө.Сейітов көшесіндегі автоқызмет кешені мен үйлер іске қосу сатысында тұр.«Басқарма инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жүк машиналарының дөңгелектерін жуу және тазалау пункттері жоқ құрылыс объектілерін анықтау, іргелес аумақты тегістеу және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша іс-шаралар жүргізуде. 1,49 млн теңге сомасына 41 құрылыс субъектісі жауапкершілікке тартылды. Басқарманың қадағалау жұмыстары жалғасуда және үнемі бақылауда»,- деді Оксана Сопрун. Есепті тыңдағаннан кейін облыс әкімі құрылыс ұйымдарына бақылауды күшейтуді тапсырды.«Көшелердің ластануы негізінен құрылыс алаңдарынан шығады. Сондықтан құрылыс компанияларын бақылауды күшейту қажет. Күнделікті тексерулер жүргізу керек, әсіресе Алтын Орда және Оңтүстік айналма сияқты аудандарда. Тексерулерге жергілікті полиция, қалалық сәулет мамандары, қоғам белсенділері мен депутаттарды қосыңыздар. Егер күн сайын рейдтер жүргізілсе, құқық бұзушылар тәртіпті сақтай бастайды. Біз қала аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуіміз керек. Сондай-ақ, компанияларды, әсіресе жобалары созылғанжәне инвесторларды іздейтіндерді тексерген жөн. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселелер бойынша барлық тексерулерді осы аптадан бастау керек»,- деп тапсырды әкім.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/896802
Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысына ақша бөлу жоспарлануда 05.12.2024
Алматыда ағымдағы жылы төрт инновациялық шығармашылық орталық ашылды, енді тағы екеуі салынады. Үш жылдық бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Биыл Алматыда қаланың жас тұрғындарының әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін 4 инновациялық шығармашылық және инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Нәтижесінде алматылық оқушылар республикалық және 20 халықаралық олимпиадаларда 64 алтын медаль алды.Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады. Осылайша, Вахтангов көшесі бойындағы Бостандық ауданында даму және шығармашылық орталығының құрылысы жалғасады және Алатау ауданындағы «Саялы» ш/а даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады.Бұдан басқа, келесі жылы Алғабас ш/а инновациялық техникалық колледжінің құрылысы жалғасады, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж бен жатақханасы бар телекоммуникация және машина жасау колледжінің ғимаратына қосымша құрылыс салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896683
Жол қауіпсіздігі және бейнемониторинг: Алматыда цифрлық жобаларды дамыту қаржыландырылады 05.12.2024
2025 жылы Алматыда цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.2025–2027 жылдарға арналған бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.2025 жылы жаңа бюджет аясында қаражат халық көп жиналатын орындар мен «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніндегі 6 мың камераны техникалық қызмет көрсетуге бағытталады деп жоспарланып отыр. Бұл кешендердің жұмысы нәтижесінде мегаполисте жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал жол апатынан қаза тапқандар саны 40%-ға азайған. Қазіргі уақытта қалада осындай 1 641 кешен жұмыс істейді. Биылғы жылдың 9 айында Алматыда 3 млн-нан астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 18,7 млрд теңгеден астам айыппұл бюджетке өндірілді.Сонымен қатар, мегаполисте «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын іске асыру жалғасуда. Қазіргі таңда жүйеге 45,2 мың бейнекамера қосылған, олардың ішінде 616 мемлекеттік және 240 жеке нысан бар. Келесі жылы олардың саны 70 мыңға дейін артады. Жобаның негізгі мақсаты – қаланың барлық бейнебақылау камерасын біріктіру үшін бірыңғай платформаны енгізу. Бұл бейнеағындарды нақты уақыт режимінде талдауға және оларды түрлі міндеттер үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект алгоритмдері адамдардың топталуын анықтауға, олардың мінез-құлқын талдауға, төбелес, күдікті заттар, адамдар мен көліктерді іздеуге, сондай-ақ өрт пен түтінді тануға мүмкіндік береді.Келесі жылы коммуналдық қызметтер мен қалалық сервистердің мәселесін шешуге бағытталған жаңа бейнеаналитика түрлерін іске қосу жоспарланған. Олар қоқыс тасталған аймақтарды анықтау, қоқыс контейнерлерінің толу деңгейін бақылау, қоғамдық орындар мен көшелердегі су басу деңгейін бағалау, бұралқы жануарларды анықтау және тағы басқа мәселені қамтиды.Айта кетейік, «Азаматтар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйесі» жобасы аясында биылғы жылдың соңына дейін 6 мың камера орнатылады.Бұған қоса, бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігі қаланың барлық қызмет белсенділігін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін Қалалық ахуалдық орталықты одан әрі дамытуға жұмсалмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896690
Алматының үш жылдық бюджеті мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғыртуды қаржыландыруды қамтиды 05.12.2024
Алматыда келесі жылы мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңарту және жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Үш жылдық бюджет жобасына сәйкес, 216 мектепті, 12 интернат мекемесін, 20 колледжді қамтитын 344 мың оқушының білім алуына жағдай жасау үшін шамамен 250 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.Мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғырту мен жаңарту – қалалық әкімдіктің басты басымдығының бірі. Жаңа үш жылдық бюджет қабылданғаннан кейін мегаполисте оқу орындарын жоғары сапа стандарттарына сай жаңғырту жұмыстары жалғасады.Мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы үш мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып, №50 мектеп-лицейі мен Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы жеті балабақшада күшейту жұмыстары басталады. Бұған қоса, келесі жылы Зерделі және Шұғыла шағын аудандарында екі мектептің құрылысы аяқталып, 12 мектеп жаңартудан өтеді. Алматыда 2023-2024 жылдары 11 мектептің күрделі жөндеуі сейсмикалық күшейту арқылы аяқталды.Сондай-ақ, келесі жылы мегаполисте ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы аясында 24,2 мың оқушы орнын қамтамасыз ететін 14 мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа оқу жылына қарай оқушы орындарының тапшылығы «тиісті» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін азаяды.Қабылданған шаралардың арқасында Алматыда мектептер біртіндеп бір ауысымды оқу жүйесіне көшуде. Келесі оқу жылына қарай 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымды оқу форматына көшеді (көрсеткіш 12,5%-дан 18,4%-ға дейін өседі).Қалалық мектептердің инфрақұрылымын жаңғырту мен дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Биыл 89 мектепке жаңа үлгідегі 168 кабинет сатып алынды. Бұл мектептердің қазіргі заманғы пәндік кабинеттермен жабдықталу деңгейін 86,3%-ға жеткізді.2025 жылы Орбита-3, Алтын-Бесік, Құрамыс, Шұғыла және №10 шағын аудандарында 5 балабақшаның құрылысын жалғастыру мен жаңартуға қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 97% мектепке дейінгі біліммен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында қолға алынады.Сонымен бірге, келесі жылы Қарағайлы, Дархан және Нұркент шағын аудандарында 3 балабақша салу жоспарлануда. Осы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 2 280 бала балабақшаға баруға мүмкіндік алады, бұл шаһарда білім беру мен ерте дамудың сапасын айтарлықтай арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896696
Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауын көріктендіру жоспарланып отыр 05.12.2024
Алматыда 2025 жылы ұзындығы 5,7 км, аумағы 23,4 га болатын Үлкен Алматы өзенінің жағалауын көріктендіру жұмыстары басталады.2025–2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Жобаға бетонды тірек құрылымдарын жаңарту, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, көпірлер орнату, жарықтандыру тіректерін, бейнебақылау камераларын, балалар мен спорт алаңдарын, демалыс аймақтарын және модульдік қоғамдық дәретханаларды орналастыру кіреді. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру және қарау алаңдарын жасау көзделген.Айта кетсек, 2024 жылы Алматының Алатау ауданында Боралдай өзені бойындағы 24 гектар аумақты қамтитын жасыл аймақты көріктендіру аяқталған болатын. Бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған көпір, скейтпарк, балалар мен спорт алаңдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және модульдік дәретханалар орнатылды. Мұндай жобалардың тәжірибесі көрсеткендей, көріктендірілген жағалаулар мен жасыл аймақтар тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып, қалалық ортаның сапасын арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896706
Азаматтық қорғаныс мәселелерін заңнамалық деңгейде өзектендіру 05.12.2024
Жұмыс тобының отырыстары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша бірқатар нормаларды қарады және қабылдады. Қабылданған нормалар ТЖМ-ге бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды әзірлеу; азаматтық қорғаныс іс-шараларын жаңа міндеттермен толықтыруға; қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызуға; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау бойынша құзырет беруге; азаматтық қорғау саласында оқуға жататын тыңдаушылардың санаттарын анықтауға; қосымша даярлау орталықтарын ашу арқылы ТЖ кезінде мінез-құлық дағдыларына оқыту шеңберінде халықты қамтуды ұлғайтуға; азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуге ұйымдар үшін міндеттерді қосуға; азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын ұстау және есепке алу мәселелерін реттеуге; азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүргізу мәселелерін өзектендіруге және т.б. жаңа құзырет беруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896584
ТЖМ су тасқыны қаупі бар аймақтарға аэровизуалды тексеру жүргізуде 05.12.2024
Өңірлерде 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Астана қ. ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлесіп «Нұра» ауданы Кіші Талдыкөл көлінің қар полигоны мен бөгетіне аэровизуалды тексеру жүргізді. Қар полигонынан еріген суды ағызу үшін арнаны қазу орындары, сондай-ақ оны одан әрі нығайту үшін бөгет бойындағы қиындық тудыратын жерлер анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ұсынымдар дайындалды, олардың шешімі елорда аумағындағы су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Шығыс Қазақстанда Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын және Қатонқарағай ауданындағы су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды тексеру жүргізілді. Барлауға ТЖД бастығы Рашид Блялов, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов және мүдделі ұйымдардың мамандары қатысты. Әуеден барлау нәтижесінде Бұқтырма өзенінің бойында, сонымен қатар Глубокое аудынында орналасқан елді мекендердің жағдайына мониторинг жүргізілді. Маршрут бойынша тұрақты қар жамылғысының қалыптасуының бастапқы кезеңі байқалады, өзендерде мұздың қалыптасу кезеңі жүруде. Өңірде су тасқыны құбылыстарының туындауына жол бермеу мақсатында 2025 жылы инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді, оған сәйкес облыс аумағында облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шара іске асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады және ерекше бақылауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896687
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусын сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда 05.12.2024
Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының «Мектеп автобусы» жобасы Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған болатын.Жобаның екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы оқушыларды тасымалдау үшін қосымша 100 автобус сатып алынды. Осылайша, қазір 200 автобусты 51 мектепте 9 мыңнан астам бала тасымалдайды. Келесі жылы жобаны жалғастырып, тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда.Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден өтінімдер түскен сайын маршруттарға шығады. Бұл- мектеп автобустары бөлінетін басымдықтардың бірі. Әр мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896591
Саин көшесін ұзарту Момышұлы көшесінен көлік жүктемесін 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді 05.12.2024
Жақын арада Алматы Мәслихатының отырысында мегаполистің үш жылдық бюджетінің жобасы қаралатын болады. Қала Мәслихатының баспасөз қызметі қандай инфрақұрылымдық жобаларға қаражат бөлу көзделіп отырғанын хабарлады.Мәселен, 2025 жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі Саин көшесінің, сондай-ақ Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі қиылысының құрылысын аяқтау жоспарланғанКелесі жылдың шілде айында Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 км ұзарту аяқталады, соның арқасында Момышұлы көшесінен көлік жүктемесінің 40% - ға төмендеуі күтілуде.Сондай-ақ мамыр айында Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы пайдалануға беріледі. Ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, екі жағында алты жолақты жол, веложолдар мен тротуарлар бар.Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрығының іргелес аумағы абаттандырылып, құрылысты толық аяқтау жоспарлануда.Жоба Сейфуллин даңғылында көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын 2 тоннель салуды көздейді. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.Бүгінгі таңда барлық съездерге асфальтбетон жабыны төселді, бір жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды.Айта кету керек, жолайрығы пайдалануға берілген кезде Жансүгіров көшесі бойынша өткізу қабілеті 15% - ға, Сейфуллин даңғылы бойынша 20% - ға артады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896602
Заң және тәртіп: Астанада «Саналы ұрпақ» форумы өтті 05.12.2024
Астаналық Жоғары көлік және коммуникация колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын дамыту мақсатында «Саналы ұрпақ» форумы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараны Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырды.Форумға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының офицері Әйгерім Аңсағанова, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қызметкерлері және жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қатысты.Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді жастар мен студенттерді тарту, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және парасаттылықтың негізін нығайтуға бағытталды.Әйгерім Аңсағанова жастарға жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар-сабақ өткізді.«Негізгі басымдықтардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сондықтан түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру қажет. Халық өзінің құқықтарын толық білуі керек. Сондай-ақ мақсатымыз жемқорлық фактілері тіркелген жағдайда, адамдар пара алу мен пара беруге не үшін барғанын анықтап, нақты мәселелерді жемқорлықсыз шешетін жолдарды табу. Сондықтан бүгінгі жастар да өз болашағы үшін жемқорлықсыз қоғам құруға талпынуы тиіс», – деп атап өтті Әйгерім Аңсағанова.Ал жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолындағы маңызды қадам саналған форум соңында барлық қатысушы оқу орындарына арнайы дипломдар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/896509
Заң және тәртіп: Елорда мектептерінде «Қауіпсіздік сағаты» жобасы жалғасуда 05.12.2024
Астанадағы №111 орта мектебінде «Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасы шеңберінде өскелең ұрпақ арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға 250-ге жуық ата-ана қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ата-аналар жиналыстары қаланың барлық мектептері мен колледжерінде оқу жылы бойы өткізіліп келеді.«Мемлекет басшысы қауіпсіздік туралы Ұлттық құрылтайда және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында да айтқан болатын. Себебі бұл – үлкен проблема. Оның ішінде балаларға байланысты проблеманың ең үлкені – нашақорлық пен лудомания. Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесі вейпқа қатысты күрес жүргізді. Салауатты қоғам құру үшін аналардың атқаратын жұмысы – соның ішінде ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, рухани құндылық. Ұлтты сақтайтын тіл, діл және дін. Осы үш құрылымды да отбасы қалыптастырады. Оған жауапты ана», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі саясат бойынша ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи.Ата-аналар жиналысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың белгілі бір түрлері үшін ата-аналардың жауапкершілігі және т.б. мәселелер көтерілді.Сонымен қатар ата-аналар жиналысында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Ырза Тұрсынзада қатысып, отбасы құндылықтары мен қолөнер жөнінде сөз сөйледі.«Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тиіс. Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу – бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, сонымен қатар өз баласымен оны әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты», - деді Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Хасенова.Сондай-ақ ата-аналарға балалар қауіпсіздігі, электронды темекі сатудағы шектеулер, балалардың түнгі уақытта көшеде жүру туралы және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/896515
Көкшетау - Степногорск автобус бағытын жаңарту 05.12.2024
2024 жылдың 5 желтоқсанынан бастап Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін Щучинск, Макинск және Ақкөл қалалары арқылы өтетін Көкшетау – Степногорск тұрақты автобус бағыты жаңартылады.Автобустың қозғалыс кестесі:Көкшетаудан жөнелту: 15:00Степногорск қаласынан жөнелту: 5:30Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:8 (775) 000 74 058 (7162) 76 32 39Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/896512
ТЖМ-де қытай компаниясының делегациясымен кездесу өтті 05.12.2024
2024 жылғы 4 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында вице-министр Батырбек Әбдішев қытайлық «China Surveying and Mapping Technology» компаниясының өкілдерімен кездесті. Шетелдік делегацияны компанияның бас директоры Чжан Сяодун басқарды.Кездесу барысында төтенше жағдайларды мониторингілеу үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін пайдаланудағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Қытай компаниясының өкілдері жоғары ажыратымдылықтағы спутниктік бейнелерді көрсетті, сондай-ақ ЖҚЗ технологиялары саласындағы қолданбалы шешімдер мен оқыту бағдарламаларын ұсынды.Вице-министр Батырбек Әбдішев: "ЖҚЗ технологияларын пайдалану төтенше жағдайларға ден қою уақытын азайтуға және олардың даму параметрлерін болжау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Біз осы саладағы жаңа әзірлемелерді қолдану үшін ашықпыз, бұл біздің жұмысымыздың жеделдігі мен тиімділігін арттырады ".«China Surveying and Mapping Technology» компаниясы Қытай аэроғарыш ғылыми-техникалық корпорациясының (CASC) еншілес ұйымы болып табылады. Бұл технологиялар ауыл және орман шаруашылығы, су ресурстарын басқару, тау-кен өнеркәсібі және энергетика сияқты салаларда, сондай-ақ төтенше жағдайларды басқарудағы міндеттерді шешу үшін белсенді қолданылады, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамаларын қолдайды және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде белсенді қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896437