Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматы облысында соңғы 11 айда 23 мыңға жуық бала дүниеге келген 03.12.2024
Соның ішінде, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 1000 астам нәресте дүние есігін ашқан. Емдеу мекемесінің перзентханасының ерекшелігі - босану бөлмелерінің жеке жоспарлануы, олардың сапалы түрде барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі: ыңғайлы трансформер төсектері, кардиомонитор, баланың киімін ауыстырғанда жылытылатын үстелдері, операциялық шамдар, электронды таразылар және т.б. Сонымен қатар, перзентханада тек бір реттік жиынтықтар, катетерлер, инфузиялық жүйелер қолданылады. Перзентхана және гинекологиялық бөлімшелердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы бүгінде 100 пайызды құрап отыр.Жасалған қолайлы жағдайларды алдыға тартып, бірнеше күн бұрын алғашқы перзентін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасында босанған Айнұр есімді келіншекпен сұқбаттастық. Жас әйелдің сөзінше, босану бөлмесінде ол өзін ыңғайлы сезінген, еркін ұстай алатындығын түсінген: босануға дайындалу кезеңінде палатада жүре алған, жата алған, тізе-шынтақ күйін ала алған, сүйікті әуенін тыңдай алған. Сонымен қатар, қалауынша, жеке киімдерін, алынбалы аяқ киімді, жеке гигиена құралдарын пайдалануға мүмкіндігі бар екендігін түсінген.Елеусізова Назгүл Асқарқызы, әйелдер кеңесінің акушер-гинеколог дәрігері: «Біздің перзентхананың дәрігерлері табиғи босануды қолдайды, сондықтан дәрігер тек босану процесін бақылайды, араласады және тек қатаң медициналық себептермен дәрі-дәрмектерді қолданады. Босану кезіндегі кез келген манипуляциялар медициналық араласу қажеттілігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, босанған әйелдің келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бөлімшеде дені сау жүкті әйелдерге ғана емес, сонымен қатар тәуекел тобына жататын науқастарға, перинаталдық проблемалары бар әйелдерге де жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кесар тілігінен кейін жатырында тыртығы бар әйелдерді де қынап арқылы босануды тәжірибелейді. Кешенді бағалаудан кейін, оның ішінде анамнез деректері, алдыңғы операцияға көрсеткіштерін егжей-тегжейлі қарастырамыз. Табиғи түрде әйелдің өзі босануы мүмкіндігін анықтаймыз. Бұл медициналық іс-шараларды тек тәжірибелі акушер-гинекологтар жүргізеді. Директорымыз, жоғары санатты акушер-гинеколог Ракишева Айман Ғалымжанқызы бұл іс-шараны жеке бақылауында ұстайды. Операцияларды акушер-гинеколог, анестезиолог, неонатологтар тобы жасайды. Анестезия әдісін босану кезіндегі әйелдің, ұрықтың жағдайын ескере отырып, анестезиолог жеке анықтайды. Операция үшін анестезия әдісін таңдағанда, әйелдің қалауы да ескеріледі».11 айда Алматы облысында 204 егіздер және бір үшем дүние есігін ашқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/895142
Ақмола облысында құны 460 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар іске асырылуда 03.12.2024
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов атап өткендей, биыл өңірге 550 млрд теңгеден астам инвестиция салынады, 400 млрд теңгеден астам қаражат тартылады.АӨК саласында іске асырылған негізгі жобалардан бөлек, облыс орталығында бұршақ және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені пайда болды. Құрама жем зауыты мен жарма зауыты аяқталу сатысында. Орта мерзімді перспективада Зеренді ауданында құс фабрикасын, Степногорск қаласында күкірт қышқылы зауытының екінші желісін, Астрахан ауданында диірмен комбинатын, Аршалы ауданында кірпіш зауытын, Целиноград ауданында алюминий прокаттарын өндіру зауытын салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, 460 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жобалардың бірі – болашақта жылына 360 бірлік өнім шығаратын локомотивтер шығаратын зауыт салу. «Сондай-ақ біз шетелдік компаниямен астықты терең өңдеу бойынша ірі зауыт салу туралы келісімге қол қойдық. Құны 650 млн доллар болатын жоба мың жұмыс орнын құрып қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін арттырады. Президент атап өткендей, мұндай жобалар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы секторында қосылған құнды ұлғайту үшін стратегиялық маңызға ие», – деп атап өтті Марат Ахметжанов. Туризмді дамытуға инвестициялар есебінен 2 көпфункционалды жоба жоспарланған: Бурабай ауданындағы коттедж-қонақ үй үлгісіндегі демалыс аймағы, сондай-ақ Ақкөл ауданында тұру объектілері және санитарлық-курорттық емдеу түріндегі туристік кешенді кеңейту. Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін Республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. «Қазірдің өзінде осы аумақта өз өндірістерін орналастыруға мүдделі инвесторлар пулы бар. Мысалы, көлік-логистика орталығын, ауыл шаруашылығы агрегаттарының отандық өндірісін құру. Сондай-ақ, елордада «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығы ашылды. Орталық базасында 50 компаниямен кездесулер өткізілді, олардың басым бөлігі шетелдік инвесторлар», – деді әкім. Айта кетерлігі, бұл инвесторларды тартуға және сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, елордада ұсынылған жалғыз өңірлік фронт-офис болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895102
Ақмола өңірінде су тасқынының салдарын жою жұмысы аяқталды 03.12.2024
Су тасқыны кезінде Ақмола облысы бойынша зардап шеккен 820-дан астам отбасыға мүлік шығыны өтелді, 715 отбасыға үйлерін жөндеуге өтемақы төленді. Сонымен қатар шамамен 2 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. 221 отбасы үшін пәтерлер мен үйлер сатып алынды. Сондай-ақ, облыста 330 отбасы үшін жаңа үйлер салынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.Оның айтуынша, су тасқыны кезінде жол инфрақұрылымы да зақымданды. Барлық учаскеде көлік қатынасы дереу қалпына келтірілді. Апат кезінде зақымданған үш көпір бойынша, кейіннен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалар әзірленуде. «Қазіргі сәтте облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтылды. Бүгінгі таңда 174 елді мекенде 65 шақырым су өткізу арнасы жасалып, 38 шақырым өзен арнасы тазартылды, су өткізу арнасының 34 шақырымы кеңейтіліп, тереңдетілді. 110 шақырым бөгет нығайтылып, 21 шақырым жаңа бөгеу тұрғызылды, су өткізу құрылыстары жүргізіліп, су құбырлары тазартылды. 9 елді мекенде су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер құрылды. Сонымен қатар, Атбасар қаласында қорғаныс үшін шлюздер орнатылып жатыр. Ол тасқын судың қауіпсіз ағып өтуін қамтамасыз етіп, шамамен 400 үйдің су басу қаупін азайтады», – деді спикер. Жер снарядтарын сатып алу есебінен Атбасар ауданында Жабай өзенінің түбі тереңдетіліп жатыр. Қазір өзеннің 2,5 шақырымы 5 метрге дейін тереңдетілді. Осындай жұмыстар облыс орталығындағы Қылшықты өзенінде де жүргізілді. Оның 4,3 шақырымы тазартылды. Халықтың ұсынысы ескеріліп, Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарында еріген суды өткізуге арналған жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын айналма каналдары салынды. «Демеу Қазақстан» қоры есебінен 3 бөгет салынуда, Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағасы нығайтылып жатыр. Тұрғын үй құрылысы – өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Жалпы, биыл облыста 530 мың шаршы метр пайдалануға берілді, яғни бес мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартып отыр. Соның ішінде бюджет есебінен 9 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жылдың аяғына дейін тағы 16 үй іске қосылатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары баспанамен дайын пәтерлерді сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. «Бұл механизм көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді. Биыл 736 пәтер сатып алынды. Жылдың аяғына дейін тағы 104 пәтер сатып алмақшымыз. Жалпы, соңғы 5 жылда 2064 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл 2 270 отбасын үймен қамтыдық. Сонымен қатар биыл облыс орталығы – Көкшетау қаласында Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы басталды. Жалпы, Көкшетау қаласында 11 аймақты анықтадық. Онда ескі 150 үйді кезең-кезеңмен реновациялауға кірістік. Бұл жаңа әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, саябақтар мен балалар алаңдарын салуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз қаланың жаңа келбетін қалыптастырамыз», – деді өңір басшысы. Көлік инфрақұрылымын дамыту да аса маңызды әрі өңір экономикасын дамытудың ажырамас бөлігі саналады. Биыл жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге 104 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл 800 шақырым жолды қамтиды. Мұнда елді мекендердің, соның ішінде астанаға іргелес ауылдардың жол желісін жаңартуға баса назар аударылды. Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағалауында демеушілік қаржы есебінен жоғары сыныпты автожол салынып, жарық шамдары орнатылды. Ол болашақта қаланың негізгі жолдарындағы көлік ағынын жеңілдететін жолға айналады. Сонымен қатар жағалау бойы жаңаша абаттандырылып жатыр. Бұл – тұрғындар үшін сүйікті демалыс орнына айналатын маңызды жоба. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895107
Ақмола облысында иттерге арналған мемлекеттік пана салынады 03.12.2024
«Астана әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Астана агломерациясы туралы заңның құқықтық мүмкіндіктерін пайдалану туралы шешім қабылданды. Қазір үлкен учаске бөліп жатырмыз, ал Астана қаласы иттерге арналған мемлекеттік панажай салады», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында журналистің өңірде қаңғыбас жануарлар мәселесі қалай шешіліп жатыр деген сұрағына жауап бере отырып.Пана құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895112
Ақмола өңірінде туризм, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты 03.12.2024
Ақмола облысы – еліміздің тек астықты аймағы ғана емес, сонымен қатар өзінің сұлу табиғатымен – Бурабай, Зеренді курорттық аймақтарымен, Қорғалжын қорығымен танымал. Бурабай курорты өңірде туризмді дамытудың негізгі көшбасшысы саналады. Бұл аймақ Алматы және Маңғыстау облыстарының туристік дестинацияларымен қатар, елімізде туризмді дамытудың үш негізгі орталықтарының бірі ретінде белгіленген. Президент алға қойған міндеттер аясында Үкіметпен бірлесіп, Бурабай курортының жаңа концептін құру бойынша 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде осылай деді.Оның хабарлауынша, Бурабайда биыл алғаш рет «Атырау Авеню» демалыс аймағы және «Тары Бурабай» этно-рестораны ашылды. Шағын авиацияны дамыту аясында келесі жылдан бастап курорттық аймақта тікұшақпен шолу саяхаттары іске қосылады.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 200 орындық 6 мектеп салынды. Онда қазір білім беру процесі жүргізілуде. Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 мың орындық және Көкшетау қаласында 3 мың орындық 2 мектептің құрылысы аяқталды. «Осы елді мекендердің бәрі елордаға жақын орналасқан. Осылайша ата-аналар үшін көптеген мәселе шешіліп, елордалық білім беру объектілерінің жүктемесі азаяды. Жайлы мектептердің аумағы қарапайым мектептерден артықшылықтары бар. Сонымен қатар биыл Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Облыс орталығында 446 орындық екі балабақша іске қосылды. Келесі жылы тағы үш балабақша пайдалануға беріледі», – деді облыс әкімі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілері салынып жатыр. Осы объектілер 38 ауылдық елді мекенде тұратын 43 мың адамды қамтиды. Степняк қаласында аудандық аурухана құрылысы жалғасуда. Келесі жылы Көкшетау қаласында 630 орындық өңіраралық көпбейінді аурухана құрылыс басталады. Лизингке 3,7 млрд теңгеге 50 жедел медициналық жәрдем автомобильдері сатып алынды. Биыл өңір үшін жарқын спорттық жаңалықтарға толы жыл болды. Облыс спортшылары Парижде өткен Жазғы Паралимпиадада лайықты өнер көрсетті. Давид Дегтярев, Еркін Ғаббасов пен Әмір Мұратбеков жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жақында Қосшы және Есіл қалаларында, сондай-ақ Мәдениет ауылында спорт кешендері пайдалануға берілді. Осы айда Степногорск қаласында жаңа спорт кешені есігін ашады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Зеренді ауылында спорт кешенінің құрылысын салуға Арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама халықты жаппай спортпен қамтуға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895117
2025 жылы Ақмола облысында 68 мың адам тұратын 6 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі 03.12.2024
Ақмола облысында ағымдағы жылыту маусымына дайындыққа 40 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде алғаш рет меншік иесінің есебінен 8 млрд теңге берілді. Фокус жылумен жабдықтау көздері мен желілерінің тозуы жоғары аймақтарға бағытталған. Биыл Степногорск қаласында 8 шақырым желі жөнделді, бұл тозуды 82%-дан 73%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осындай жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндады.Оның айтуынша, Көкшетауда ЖЭО салу жұмыстары белсенді кезеңде. Инженерлік-геологиялық ізденістер және уақытша құрылыстарға арналған алаңды ұйымдастыру басталды. Тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл Егіндікөл ауданында Нұра топтық су құбырын ауқымды қайта құру аяқталды, 70 шақырымға жуық желі салынды. Олар қазірдің өзінде ауылдарды сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ биыл Үкімет резервінен Егіндікөл және Қорғалжын аудандары үшін бас су тартқышты қайта жаңартуға қосымша қаражат бөлінді. «Сондай-ақ облыс орталығының су тазарту құрылыстарын салу жобасы аяқталу сатысында тұр. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, содан кейін персоналды оқытумен іске қосу-реттеу жұмыстарын бастаймыз. Электр энергетикасын дамытуға 6 млрд теңге бағытталды. Биыл ұзындығы 43 шақырым болатын 3 жоба пайдалануға беріледі. Келесі жылы электр энергиясының тапшылығын жою үшін Қосшы және Көкшетау қалаларында төрт қосалқы станцияны жобалау аяқталады, оның екеуінің құрылысын бастау жоспарлануда», – деді өңір басшысы. Марат Ахметжанов елорда маңындағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Бұған дейін жүйеге Аршалы ауданының 16 ауылы қосылған болатын. Биыл 4 елді мекенді қосу қамтамасыз етіледі: Жібек жолы, Шұбар, Қоянды, «Нұрлы» ӨК. Келесі жылы 68 мың адамды қамтитын 6 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі – Аққайың, Алтынсарин, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат, Қосшы қаласы. 2026 жылы Целиноград ауданы Қараөткел және Ақмол ауылдарын, Аршалы ауданы Ақбұлақ ауылын және Тайтөбе ауылын газдандыру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895123
Астанадан қыс мезгілі басталғалы бері 800 мың текше метрден астам қар шығарылды 03.12.2024
3 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен 2,7 мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс іп жатыр деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.2 желтоқсаннан 3 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 189 ауыр жүк рейсімен екі мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 64 мыңнан астам рейспен 812 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895052
Ақмола облысының фермерлері астықтан рекордтық өнім жинады – 6,6 млн тонна 03.12.2024
Биыл Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Марат Ахметжанов хабарлады. Оның айтуынша, өткен агрокезеңде өңір айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, елдің негізгі астық алқабы мәртебесін дәлелдеді.«Негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Өнімділік – гектарынан 14 ц асты. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.@ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895023
Ақмола облысы құс етінің өндірісі бойынша үздік орнын сақтап келеді 03.12.2024
Жалпы республикалық көлемдегі үлесі 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасы іске қосылады. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады.«Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптарын кеңейттік. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды. Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5%-дан асып отыр. Бұл ретте өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майы мен ұн өндірісі айтарлықтай артты», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.@ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895028
Биыл Ақмола облысына 550 млрд теңгеден астам инвестиция салынады: қандай жобалар іске асырылады 03.12.2024
Өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, бүгінде 400 млрд теңгеден астам тартылды. Іске асырылған жобалардың ішінде АӨК саласындағы жобалар бар. Атап айтқанда, бұршақ және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені. Құрама жем мен жарма өндіретін зауыттың құрылысы аяқталу сатысында, құс фабрикасын, диірмен комбинатын салу жоспарлануда. 2027 жылға дейін АӨК саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тарту көзделген.«Сондай-ақ, шетелдік компаниямен астықты терең өңдеу бойынша ірі зауыт салу туралы келісімге қол қойдық. Құны 650 млн доллар болатын бұл жоба мың жұмыс орнын құрып қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін де арттырады», - деді Марат Ахметжанов.Сонымен қатар, күкірт қышқылы зауытының, кірпіш зауытының, сондай-ақ алюминий прокатын шығаратын зауыттың екінші желісін салу жоспарлануда. Жобалардың бірі - локомотивтер шығаратын зауыт, келешекте онда жылына 360 бірлік өнім дайындалмақ.Туризм саласында Бурабай және Ақкөл аудандарында екі көпфункционалды жоба жоспарланған.«Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. Оның аумағында өз өндірістерін орналастыруға мүдделі инвесторлар пулы жасақталды. Мысалы, көлік-логистикалық орталық, ауыл шаруашылығы агрегаттарының отандық өндірісін құру. Сондай-ақ, елордада «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығы ашылды. Бұл инвесторларды тартуға және сүйемелдеуге баса назар аударылатын елордадағы жалғыз өңірлік фронт-офис», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімі. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895044
Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде – Ақмола облысының әкімі 03.12.2024
Марат Ахметжановтың айтуынша, инженерлік-геологиялық іздестірулер мен уақытша құрылыстаға арналған алаң ұйымдастыру жұмыстары басталды.«Биыл Степногорск қаласында 8 км желі жөнделді, бұл желілердің тозуын 82% -дан 73%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы сияқты жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды», – деді Ақмола облысының әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Биыл сумен қамтамасыз етуге 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Егіндікөл ауданында Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, 70 шақырымға жуық желі салынды.«Көкшетау қаласының су тазарту құрылыстарын салу жобасы аяқталу сатысында тұр. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, кейін персоналды оқытумен іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіледі», - деді Марат Ахметжанов. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895059
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтылды 03.12.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінгі таңда 174 елді мекенде 65 шақырым су өткізу арнасы жасалып, 38 шақырым өзен арнасы тазартылды, су өткізу арнасының 34 шақырымы кеңейтіліп, тереңдетілді. 110 шақырым бөгет нығайтылып, 21 шақырым жаңа бөгет тұрғызылды, су өткізу құрылыстары жүргізіліп, су құбырлары тазартылды. 9 елді мекенде су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер құрылды.«Атбасар қаласында қорғаныс үшін шлюздер орнатылып жатыр. Ол тасқын судың қауіпсіз ағып өтуін қамтамасыз етіп, шамамен 400 үйдің су басу қаупін азайтады. Жер снарядтарын сатып алып, Жабай өзенінің түбі тереңдетілді. Осындай жұмыстар облыс орталығындағы Қылшақты өзенінде де жүргізілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, халықтың ұсынысын ескере отырып, Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарында еріген суды өткізуге арналған жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын айналма каналы салынып, 3 бөгет тұрғызылуда, Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағасы нығайтылып жатыр. @ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895073
Биыл Ақмола облысында 530 мың шаршы метр пайдалануға берілді 03.12.2024
5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Соның ішінде бюджет есебінен 9 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 16 үй іске қосылады.Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары баспанамен дайын пәтерлерді сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл механизм көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді.«Биыл 736 пәтер сатып алынды. Жылдың аяғына дейін тағы 104 пәтер сатып алынады. Жалпы, соңғы 5 жылда 2064 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл ол 2270 құрады», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласында Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы басталды. Жалпы, Көкшетау қаласында 11 аймақ анықталды. Ондағы ескі 150 үйді кезең-кезеңмен реновациялау басталды. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895083
Ақмола облысында ұлттық жобалар аясында әлеуметтік нысандар салынуда 03.12.2024
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 200 орындық 6 мектеп салынды. Целиноград ауданының Қоянды ауылында және Көкшетау қаласында 5 мың орындық үш мектептің құрылысы аяқталып қалды.«Жайлы мектептердің аумағы жағынан қарапайым мектептерге қарағанда артықшылығы бар. Биыл Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Биыл облыс орталығында 446 орындық екі балабақша іске қосылды. Келесі жылы тағы үш балабақша пайдалануға беріледі», - деді өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілері салынып жатыр. Осы объектілер 38 ауылдық елді мекенде тұратын 43 мың адамды қамтиды. @ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895088
Ақмола облысының диқандары 6,6 млн тонна астық жинады 03.12.2024
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру – негізгі міндеттердің бірі. Осы ретте, биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Бір гектардан түсетін өнім көлемі 14 центнерден асты. «Астықтың сапасы да барынша жоғары екенін атап өткім келеді. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай. Әрине, бұл ең бастысы дихандардың қажырлы еңбегі, мемлекеттік қолдау мен заманауи технологияларды тиімді әрі уақытылы қолданудың нәтижесі. Нәтижесінде, жоғары сапалы тұқымды себу мен минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі екі есе артты. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да маңызды. Биыл 1 239 жаңа техника сатып алынды», – деді өңір басшысы. Президент жақында астананы азық-түлікпен қамтуда Ақмола облысының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан бұл жұмыстарды одан әрі нығайтып, өнім көлемін арттыру стратегиялық ұстаным болып табылады. Осы бағытта жақсы нәтижелер бар. Ақмола өңірі елорда тұрғындарының қажеттілігін, атап айтқанда, сүт өнімінің 50%-дан астамын, ет өнімінің 30%-н, жұмыртқаның 80%-н, картоптың 85%-н қамтып отыр. Яғни, астана тұрғындарына күн сайын 80 тонна ет өнімдері, 320 тонна сүт ассортименті, 700 мың жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізіледі. Астананы азық-түлікпен қамтуға зор үлес қосатын бірқатар кәсіпорын бар. Алдағы уақытта олардың саны арта түседі. Бұл ретте, Мемлекет басшысы «Родина» агрофирмасының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерінде тарату бойынша тапсырма берді. Бұл кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері де, әлеуметтік жауапкершілігі де жоғары. Сондай-ақ Целиноградта «Ен-Дала», Аршалыда «Темір Агро», Бұландыда құс фабрикасы, Ақкөлде «Еңбек» және басқалар да өз кәсіпорындарын кеңейтіп жатыр. Сол арқылы алдағы уақытта елорданы табиғи әрі таза азық-түлікпен қамту көрсеткіші арттырылады. «Мал шаруашылығы саласында құс етінің өндірісі бойынша үздік орнымызды сақтап келеміз. Жалпы республика көлеміндегі үлесіміз 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасын іске қосып жатырмыз. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады. Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптарын кеңейттік. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды. Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5 %-дан асып отыр. Бұл ретте, өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майы мен ұн өндірісі айтарлықтай артты», – деді облыс әкімі. Мемлекет басшысы үш жыл ішінде өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу бойынша міндет қойды. Ол үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, 2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыру жоспарда бар. Бұл өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіп, олардың жүктемесі мен өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 30 млрд теңгеден астам сомаға 27 жоба іске қосылмақ. Мемлекет тарапынан да көп қолдау көрсетілуде. Мысалы, фермерлер арасында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңіл кредит берудің «Кең Дала-2» бағдарламасы ерекше сұранысқа ие. Келесі егін егу науқанына толықтай дайындалу үшін жеңіл кредитке енді биылғы желтоқсан айынан бастап қол жеткізуге болады. Жақын күндері осы жұмыстарға арналған алғашқы 15 млрд теңгені шаруа қожалықтарына таратыла бастайды. Ал қаңтарда тағы қосымша қаражат қарастырылмақ. Бұл диқандарға жалақы төлеуді, сапалы тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді дер кезінде сатып алуға оң септігін тигізеді. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасады. Индустриялық сектордың дамуы да қарқынды жүріп жатыр. Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Мұның 77%-дан астамын өңдеу саласы құрап отыр. Облыс республика көлемінде теміржол подшипниктерінің 100%, мамандандырылған көліктің 81%, астық жинау комбайнның 67%, құрамында алтын бар руданың 59%, трактордың 39%, өңделмеген алтынның 30%, керамикалық кірпіштің 28% өндіреді. Өңір жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша бірінші орында тұр. Жалпы, машина жасау, тамақ өндіру және электрмен жабдықтау салаларында өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895094
Абай ауданында жол жөндеу жұмысы аяқталды 03.12.2024
Тоқтамыс ауылына апаратын жолдың 10 шақырымына орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Жоба аясында асфальт төселіп, қазір жол жиектерін нығайту жұмыстары жалғасуда. Мердігер – «Семей жолдары» ЖШС.Сондай-ақ Тоқтамыс ауылы бағытындағы 6-11 шақырым (5 шақырым) учаскесінде аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеуге ведомстволық сараптама қорытындысын қабылдау аяқталды. Бүгінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік қаржыландыруға өтінім беріліп, қаржы бөлінді. Жол жөндеу 2025 жылы аяқталады деп көзделген.Сонымен қатар 2024 жылы «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар» облыстық маңызы бар автомобиль жолында ұзындығы 20 шақырымды құрайтын екі учаскеде: 198-ден 208-ге дейін және 208-ден 218-ге дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.2024-2025 жылдары «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар» автожолының 84-99 шақырымы аралығындағы ұзындығы 15 шақырымдық учаскеге орташа жөндеу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/895036
ТЖМ құтқарушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасасуда 03.12.2024
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ерекше мақсаттағы күштері «Батыр» Президенттік полкінің 0111 әскери бөлімінің базасында Алматы қаласы ТЖД құтқарушыларымен өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.Іс-шара барысында құтқарушылар арнайы бөлімше қызметкерлерімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оның ішінде жер сілкінісінің зардаптарынан қорғау саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.Жалпы өткізілетін іс-шаралар қиын жағдайларда Алматы қаласының азаматтары мен аумағын қорғауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895014
ТЖМ құтқарушылары тұрғын үй секторында ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізуде 03.12.2024
Жылыту маусымы басталған кезде республикада Төтенше жағдайлар министрінің бастамасымен өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Іс–шараның негізгі мақсаты – өрттің салдарынан адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Еліміздің бірқатар өңірлерінде ТЖМ құтқарушылары тұрғын үй секторында кезекті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары Полиция академиясының курсанттарымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп Қостанай ауданы Иван Павлов атындағы ауылда тұрғын үй секторын аралап шықты. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Мамандар жергілікті тұрғындардың үйлеріндегі пешті жылытудың жай-күйін тексерді, мұржалардың болуы мен жарамдылығына назар аударды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берді. Қауіпсіздікті арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп үйлерде улы газ датчиктері орнатылған. Іс-шара аясында өрт қауіпсіздігі ережелері бар жадынамалар таратылды. Тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескерту үшін мамандар дауыс зорайтқыш құрылғыны да қолданды.Абай облысында ауқымды акция ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, сондай-ақ 160-тан астам ТЖД қызметкері, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлер, әлеуметтік қызметкерлер, блогерлер мен журналистер қатысты. Акция барысында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіру мақсатында әлеуметтік осал топтардың үйлеріне бару ұйымдастырылды. Бұл санатқа жалғызбасты зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен аз қамтылған азаматтар кіреді. Рейдтер кезінде улы газды анықтайтын датчиктер орнатылып, мұржаларды тазалау және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жоюға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Осы жылыту маусымы басталғалы бері Абай облысының аумағында 3 мыңнан астам осындай датчик орнатылды.Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Орал қаласының тұрғын алаптарында рейдтік іс-шарасы өткізілді. Оған жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаментінің, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ филиалының және волонтерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында, «Respublica» партиясының демеушілік көмегімен департамент қызметкерлері тұрғын үйлерге улы газ датчиктерін орнатты. Сонымен қатар жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары, орнатылған газ датчиктерінің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Іс-шара барысында дауыс зорайтқыш құралғылары іске қосылып, тұрғын алаптардың көшелерінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат таратылды. Газ техникалық инспекция және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ БҚӨФ қызметкерлерімен тұрмыстық газ жабдықтарында ақаулардың бар-жоғы тексерілді. Анықталған бұзушылықтар сол жерде жойылды.Бұл бағыттағы жұмыстар жылыту маусымы кезеңінің соңына дейін жалғасатын болады. Өңірлердің барлық елді мекендерінде осындай акциялар өткізу жоспарлануда.ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану қажеттілігін еске салады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895086
Қазақстанның жер ресурстарын тұрақты басқару саласындағы тәжірибесі туралы СОР16-да айтылды 03.12.2024
БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы конвенциясының 16-шы Тараптар Конференциясы (COP16) 2024 жылдың 2-13 желтоқсаны аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында өтеді.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған іс-шараға Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенцияның ұлттық үйлестірушісі Мұрат Теміржановты ұсынды.Конференцияда Мұрат Теміржанов Қазақстанның жер ресурстарын тұрақты басқару саласындағы тәжірибесі туралы айтты. Министрлік және жұмыс сессиялары шеңберінде жердің тозуының бейтарап теңгерімі (ЖТБТ) қағидаттарын енгізу, жерді пайдалану саласындағы ұлттық саясатты жетілдіру және тозған аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері талқыланды.Жер ресурстарының жай-күйін мониторингілеу және оларды тиімді қалпына келтіру үшін геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) және қашықтықтан зондтау деректерін қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылды. Қазақстан БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы аясындағы халықаралық ынтымақтастыққа өзінің адалдығын атап өтіп, табысты тәжірибелермен бөлісуге дайын екендігін мәлімдеді.Қазақстанның COP16-ға қатысуы халықаралық әріптестермен диалогты нығайтуға, ұлттық бастамаларды ілгерілетуге және тұрақты жер пайдалану және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға бірегей мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/894934
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының м. а. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында болды 03.12.2024
ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының м.а. генерал-майор Арман Қалиев Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі екінші құтқару батальонының бөлімшелерімен танысты.Департаментте Арман Қалиев жұмыс кеңесін өткізіп, өңірлердегі төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін арттыру үшін Министрліктің техника мен жабдықтарды жаңарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты. Материалдық-техникалық базаны зерделеп, жеке құраммен ағымдағы міндеттер мен проблемалар туралы әңгімелесті, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың стелласына гүл шоқтарын қоюға қатысты. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша төраға өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс үшін тиісті тапсырмалар берді.«Техниканы жаңғыртудың, жеке құрамның кәсіби даярлығын арттырудың және ТЖ-ға тиімді ден қою үшін қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығы бөлімшелердің жедел ден қоюға дайындығын нығайтуға, міндеттерді орындау кезінде тәуекелдерді азайтуға және халықтың құтқару қызметтерінің жұмысына деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді», - деп Арман Зарлықұлы атап өтті.Сонымен қатар генерал-майор Арман Қалиев жұмыс сапарымен Абай облысының гарнизонына барды.Ол әскери бөлімнің техникасымен және қару-жарағымен танысты, 68303 әскери бөлімінің құрылысына бөлінген жер учаскесін қарады, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы құтқару станциясына барды. Сонымен қатар генерал-майор Арман Қалиев жеке құраммен кездесу өткізді. Құтқарушылар аллеясында батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңір бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/894970