Саясат
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ерейментау ауданы әкімдігіндегі лауазымға тағайындалды 19.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Еркенов Жанұзақ Талғатұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.Жанұзақ Еркенов 1998 жылғы 28 сәуірде Ақмола облысы Ерейментау ауданында дүниеге келген.2019 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын жастар практикасынан бастап, Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде келісімшарт бойынша маман қызметін атқарды. 2020 – 2022 жж. аралығында осы бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.Осыған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданының Мансап орталығының маманы болып істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885737
Макинск қаласының су құбыры желілерін қайта құру жобасының бірінші кезеңі аяқталды 19.11.2024
Бұланды ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту шеңберінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Ағымдағы жылдың маусым айында Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс қаланың 33 көшесінде аяқталды, ұзындығы 45,012 метр су құбырлары төселді, 524 құдық орнатылды. Келесі жылы қаланың екінші бөлігі темір жолдың арғы бетінде жұмыстар жалғасады. Жоба аяқталғаннан кейін Макинск қаласының тұрғындары таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті Бұланды ауданының құрылыс бөлімі басшысының м.а. Гүлнар Жақыпова.«Жұмыс кезінде келтірілген қолайсыздықтарға қарамастан, біздің қоршауларымызға дейін су құбыры тартылғанына өте қуаныштымын. Бізде 4 кішкентай бала бар, біз суды құдықтардан, кейде бұлақтан алып келетінбіз. Бұл біз үшін өте қиын болатын. Мен мемлекетке көмек көрсеткені үшін, ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын», - деп бөлісті Макинск қаласының тұрғыны Жазира Балтабаева.Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Тастыөзек, Айнакөл, Қараөзек және Новодонецк сияқты 4 ауылда жүргізілді. 3 ауылда су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, ауданның Шұбарағаш, Мат, Иванковка және Аққайн ауылдарында суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдері орнатылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885791
Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті 19.11.2024
15 қараша басталған республикалық біріншілік Ақтөбе қаласында «Қоныс» спорт кешенінде өтті. Чемпионаттың жекелей сынына барлығы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 510 дзюдошы қатысты. Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 1 қола жүлдемен Ақтөбе облысының спортшылары көш бастады.Қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қоласы бар Абай облысы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 1 қола жүлдемен Астана қаласының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді.Сондай-ақ, ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.Айта кетерлігі, Чемпионатта барлығы 12 IJF Халықаралық дәрежедегі төреші төрелік етті. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуіне шетелдік мамандар, халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Востриков, Евгений Рахлин мен Владимир Нутсубидзе бақылаушы-төреші қызметін атқарды.Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жасақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/885729
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады 19.11.2024
Үкімет отырысында Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет шаралар кешенін іске асыруда. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына Институттың биыл толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды. Инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аударылады.«Мемлекет басшысы 2028 жылы отандық тұқым қорының көлемін 80%-ға, оның ішінде элиталық тұқым көлемін кемінде 15%-ға дейін жеткізуді тапсырды. Бізде әлеует жеткілікті. Ғылыми институттар қазірдің өзінде астықтың өнімділігін арттыратын тұқым сорттарын шығарып жатыр. Біз үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, агрономия ғылымын одан әрі дамытатын боламыз. Ауыл шаруашылығы және Ғылым және жоғары білім министрліктері аталған мәселе бойынша жүйелі шешімдер дайындауы керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.https://t.me/KZgovernment Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/885758
Өңірлерде «Мұз-2024» республикалық акциясы өткізілуде 19.11.2024
«Мұз-2024» республикалық үгіт-насихаттық-профилактикалық іс-шарасы аясында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық аймақтарында ауқымды рейдтер мен үгіт-насихаттық іс-шаралар кешені жүргізді. Іс-шараларға ауқымды патрульдеу, халықты түсіндіру және ақпараттық материалдарды тарату кіреді. Оларды жүзеге асыруға волонтерлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі құрылымдар тартылды.«Жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған: негізгі тәуекел аймақтары қамтылған, мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы халықтың барынша хабардар болуы қамтамасыз етілген, барлық тартылған қызметтер арасында тығыз өзара іс-қимыл орнатылған. Соның арқасында қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел әрекет ету деңгейін арттыруға мүмкіндік туды», - Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов деп атап өтті.Департамент бұл бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастырып, облыстың су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885727
Қазақстан ТЖМ делегациясы Халықаралық спорт конференциясына қатысуда 19.11.2024
17-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының XXV халықаралық конференциясы өтуде. Конференцияға 19 елден өрт–құтқару қызметтерінің, өрт–құтқару спорты қауымдастықтары мен федерацияларының басшылары қатысуда.Қазақстан ТЖМ атынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов және Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаев қатысуда.Конференцияда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясын одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастық, 2025 жылы өрт–құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқылануда. Конференцияны Сауд Арабиясы Корольдігі ІІМ Азаматтық қорғаныс Бас басқармасы ұйымдастырды.Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының директоры Андрей Калинин Қазақстан ТЖ министрі Шыңғыс Әріновке және Қазақстан спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаевқа Алматы қаласындағы әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ол кәсіби дайындық пен іс-шараларды ұйымдастырудың жоғары деңгейінің арқасында Қазақстан басқа елдер үшін үлгі болғанын атап өтті. Директордың сөзінде мұндай іс–шаралар түрлі елдердің құтқарушылары арасындағы бауырластықты нығайтуға, өрт қауіпсіздігі саласындағы практикалық дағдыларды жақсартуға және балалар мен жастар арасында өрт-құтқару спортын танымал етуге ықпал ететіні туралы айтылды.ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибе алмасу үшін жаңа көкжиектер ашатынын және қазақстандық құтқарушылардың кәсібилік деңгейін арттыратынын атап өтті. Біздің команданың халықаралық аренадағы жетістігі қызмет қызметкерлерінің жоғары дайындығы мен жауапкершілігін растайды. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885777
Жетісу облысындағы Қоғалы ауылында отбасын қолдау орталығы ашылды 19.11.2024
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Бұл – облыстағы осындай төртінші орталық. Бұған дейін мұндай орталықтар өткен жылы Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында іске кіріскен болатын, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.«Жанұя» отбасын қолдау орталығы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жағынан осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың экономикалық дербестігіне және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына қолдау көрсету мақсатында жұмыс жасамақ.Қоғалыда кезінде аудандық емхана болып, кейін біршама уақыт бос тұрған ғимаратқа ағымды жөндеу жұмысы жасалып, құрал-жабдықтары сатып алынған. Оған жергілікті бюджеттен арнайы қаражат қарастырылды. Сөйтіп орталық іске кірісті.Аталған нысанның директоры Дәурен Жұмағалиевтің айтуынша, орталықта 15 адамға арналған жатын орын және балалар ойын бөлмесі бар, кір жуатын орын, асхана, тынығу бөлмесі жан-жақты жабдықталған. Алдағы уақытта мекемеге арнайы көлік беріледі деп күтілуде. Мұнда 19 адам тұрақты жұмыс істейді. Жаңа мекеме толықтай мемлекеттен қаржыландырылады.– Бұл орталықта отбасылық жанжалдарды шешуге бағытталған шаралар іске асырылып, қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік, заңдық, психологиялық қолдау көрсетіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімде уақытша тұру мүмкіндігі беріледі. Бұл мекеменің кәсіби мамандары өңірдегі түрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің оң шешілуіне ықпал етеді деп сенемін, - дейді Д. Жұмағалиев.Жергілікті тұрғындар мұндай орталықтардың болғаны дұрыс деп есептейді.- Отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі. Мемлекет мықты болуы үшін алдымен әр отбасы берік болуы керек. Қазіргі кезде әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға байланысты отбасылар, әсіресе жас отбасылар түрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп жатады. Ажырасу да жиіліп кетті. Сондықтан дер кезінде отбасыларға қолдау көрсетудің маңызы зор, - дейді Қоғалы ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Турбеков.Ендігі ретте өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау мен қолдауды ұйымдастыру үшін аудан бойынша мобильді топтар құрылады. Мобильді топ құрамында ауыл округтерінің әкімдері, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қызметкерлер, білім беру мен денсаулық сақтау салалары және ішкі істер органдарының өкілдері қамтылады, яғни бұл істе барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс істейді.Жалпы Жетісу облысында «Жанұя» отбасын қолдау орталықтары 2023 жылы Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында ашылған. Оларға 82 отбасы тіркеліп, психологиялық және әлеуметтік көмектер беріліп, қызмет көрсетілген. Ал биыл Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылындағы орталықпен қатар жыл соңына дейін Қаратал, Алакөл аудандарында осындай нысандар ашылады, 2025 жылы Ескелді, Көксу, Ақсу аудандарында ашу жоспарланған. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/885621
Су сөздігі. «Өзендерді санациялау» 19.11.2024
Су сөздігіӨзендерді санациялау – өзендерді тазалау және тереңдету, олардың өткізу қабілетін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл су тасқыны кезінде су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885643
Су тасқынына дайындық: Қазақстанда 1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті 19.11.2024
Су және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еліміздегі 1502 гидротехникалық құрылысқа зерделеу жүргізді.Зерделеу су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жүргізілді. Тексеру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.«Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді, жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс және орталық су қоймаларынан су жіберілді. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмысын жалғастыруда»,- деп мәлімдеді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885659
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті 19.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы жиында өңірлік Ассамблея жұмысының маңызына тоқталып, этносаралық тұрақтылықты сақтауда бірлескен жұмыстар жалғаса беретінін айтты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет екенін баса айтты. Бұл айналамыздағы геосаяси ахуал күрделеніп тұрған қазіргідей сын сағатта аса маңызды. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Бұл тұрғыда баршаңыз татулық жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін. Тәуелсіздік пен отаншылдық бірлік пен ынтымақтың негізін қаласа, әділдік пен жауапкершілік заң мен тәртіпті қамтиды. Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік - жасампаздық пен жаңашылдықтың кілті. Еліміздің жаңа буыны арасында осы құндылықтарды насихаттау ХХІ ғасырдың жаһандық қауіп-қатерлерін еңсеруге сенімді негіз болады,-деді С.Шәпкенов.Сессия отырысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту туралы бірқатар мәселе талқыланды.Сессия қорытындысында ҚР-ның ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес ҚосыбаевҚазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Ал аналар кенесінің мүшесі Сара Ізмұханбетоваға ел бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет грамотасы» табыс етілді.Оған қоса, өңірлік Ассамблея өкілдеріне Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты мен Құттықтау хаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/885559
«WorldSkills Kazakhstan-2024»: Астана құрамасы lX республикалық чемпионатта көш бастады 19.11.2024
Астаналық колледж студенттері «Worldskills-2024» чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.14-18 қараша күндері өткен республикалық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 550-ден астам студент 30 құзіреттілік бойынша өзара сайысып, біліміділігі мен тәжірибелерін ортаға салды. Олардың арасында электромонтаж, энергетика, кірпіш қалау, шанақты жөндеу, аспаздық және мейрамхана ісі, IT шешімдері, WEB-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу сияқты құзыреттіліктер болды.Барлық командалық есеп бойынша Астана қаласының студенттері 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальды, сондай-ақ кәсіпқойлық үшін 6 медальон алып, еліміз бойынша командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.Республикалық байқаудың қорытынды кешіне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, барлық студентті жарқын белесімен құттықтады.Айта кетейік, жеңімпаздар келесі жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885571
Көкшетауда реновация бағдарламасы бойынша бірінші учаскедегі ескі тұрғын үйді бұзу аяқталды 19.11.2024
Көкшетау қаласында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында Уәлиханов – Гоголь, Саин-Быковский көшелерінің учаскесіндегі ескі 8 пәтерлі алты үйді бұзу сәтті аяқталды. Бұл кезең қалалық инфрақұрылымды жаңартудағы және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам болды.Бұзылған үйлер техникалық жағынан қанағаттанарлықсыз жағдайда болды, бұл адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Оның орнына осы аумақта абаттандырылған аула аумақтарын, көгалдандыруды және сапалы инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, өмір сүру жағдайлары жақсартылған заманауи тұрғын үй кешендері салынатын болады.Жаңғырту бағдарламасы тұрғын үй қорын жаңартып қана қоймай, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыруды бастау үшін бұрынғы меншік иелерінен 6 үйде 48 пәтер сатып алынды. Тұрғындар ақша алды немесе жаңа үйдегі тиісті алаңдағы пәтерлерді алады.Жоба Ақмола облысының әкімінің тапсырмасы бойынша уәкілетті ұйым – «Kokshe» ӘКК» АҚ іске асырылуда. «KOKSHETAU ENGINEERING» ЖШС еншілес компаниясы жақын арада инвесторлар мен құрылысты ұйымдастыру арасында конкурс өткізетін болады.«Конкурстық рәсімдер шеңберінде таңдалған инвестор құрылысты қаржыландыруды өз мойнына алады және болашақта басқа да қайта құру жобалары үшін пайдаланылатын көші-қон қоры үшін 48 пәтерді қайтаруға міндеттенеді. Қалған пәтерлер жобаның өтелуін қамтамасыз ету үшін нарықта іске асырылатын болады. Нысандардың құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған», - деп атап өтті «KOKSHE» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әли Әлиев.Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша тозығы жеткен үйлер жинақы орналасқан 11 жергілікті аймақты жаңғырту жоспарланған. Барлығы 800-ге жуық патер бұзылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885575
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды 19.11.2024
15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Айта кетейік, мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында.Жаңа құрылған институттың жұмысы – асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көделіп отыр.Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек. Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ. Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылы ветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады - дейді мамандар.2035 жылға дейін жылқы шаруашылығында ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының бірі отандық популяциядағы жылқылардың генетикалық әлеуетін селекциялық, технологиялық әдістермен арттырып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің тауар шаруашылықтарына кеңінен енгізу. Мұның бәрі өсірілетін тұқымдардың өнімділігінің 20-25%-ға өсуін қамтамасыз етеді.Белгіленген жоспарларды іске асырудың негізгі шарттарының бірі шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен, университеттермен және халықаралық стандартқа сай зертханаларымен бірлесе жұмыс істеу. Бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру және шетелдік әріптестермен ақпарат алмасу арқылы еліміздің жылқы шаруашылығына озық тәжірибелерді енгізуге және оны халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885568
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астықты тікелей сатып алуы шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдауға бағытталған 19.11.2024
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 18 қарашадан бастап тікелей астықты сатып алу бағдарламасына қатысуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдерді қабылдауды бастайды. Бұл мақсаттарға 10 млрд теңге бөлінеді.Ең алдымен, астық сатып алу шағын шаруа қожалықтарының өз өнімдерін әділ бағамен өткізуін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Бағдарламаның нәтижесінде шағын және орта ауыл шаруашылығы субъектілері мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады. Сондай-ақ, артық астықты сатып алу тетігі ішкі нарықтағы баға конъюнктурасына делдалдардың ықпалын барынша азайтады.Азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгіленген стандарттар мен сапа талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің астығын бәсекелестік шарттарда сатып алады.Тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша алдын ала бағалар:3-сыныпты бидай (желімтегі 27%+) – 90 000 теңге ҚҚС-пен;3-сыныпты бидай (желімтегі 25%+) – 80 000 теңге ҚҚС-пен;3-сыныпты бидай (желімтегі 23%+) – 75 000 теңге ҚҚС-пен;4-сыныпты бидай (желімтегі 21%+) – 65 000 теңге ҚҚС-пен;4-сыныпты бидай (желімтегі 18%+) – 55 000 теңге ҚҚС-пен;5-сыныпты бидай (желімтегі 18%+) – 50 000 теңге ҚҚС-пен;2-сыныпты арпа (натурасы 630 г/л) – 50 000 теңге ҚҚС-пен.Бір агроөнеркәсіп кешенінен сатып алудың жиынтық көлемін көбірек фермерлік шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің мәртебесін растау және өтінім бойынша астық сатып алу көлемін айқындау үшін әлеуетті өнім беруші 2024 жылғы "Барлық жерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы" анықтаманы және мемлекеттік уәкілетті орган растаған аттас есепті ұсынуға тиіс.Барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында фермерлердің өтінімдерін қарау облыстардың Үйлестіру кеңестерінің қатысуымен жүргізілетін болады.Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ақшалай қаражатын бөлгеннен кейін фермерлер астық жеткізгені үшін ақы ала алады. Қазіргі уақытта астық операторының ақша алуына қаржы-экономикалық негіздемені мақұлдау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.Тікелей сатып алу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ өңірлік өкілдіктері қабылдайды. Астықты қабылдаумен оператор айқындаған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары айналысады.Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі 2375), 59-12-61 (ішкі 2261), 55-11-60 (ішкі 2476);Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.«Азық - түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ - мемлекеттік астық операторы. Азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетеді, сондай-ақ астықты экспортқа жеткізумен айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885534
Ақмола студенттері ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатында 7 жүлделі орын мен 11 кемелдік медальонына ие болды 18.11.2024
«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында Ақмолалық команда 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медальдарын жеңіп алды.Үш конкурстық күн ішінде, 14-16 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында еліміздің колледж студенттері мәлімделген құзыреттіліктерде өздерінің дағдылары мен машықтарын көрсетті. 32 студенттен құрылған ақмолалықтар командасы барлық ұсынылған 30 құзырет бойынша қатысты.Бүгін Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» концерт залында Ұлттық жұмысшылар чемпионатының салтанатты жабылуы өтті.Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің екі өкілі Қожахмет Әділет пен Мацегора Сергей «Мобильді робототехника», сондай-ақ Степногорск қ. жоғары колледжінің Меруерт Хамзина «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша чемпионаттың жеңімпаздары атанды.2 орын - Ильяс Гатин, «Мобильдік қосымшаларды әзірлеу» құзыреті Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын – Қабибола Еламан, «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреті, Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжі;3 орын – Беленец Каролина, «Кондитерлік іс» құзыреті, Щучинск қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын – Червоняк Нина, «кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын - Абраев Артур және Дьяченко Олег, «Мехатроника» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі.Сонымен қатар, біздің қатысушылар 11 медальонмен марапатталды. Мұндай марапат өз құзыретінде халықаралық стандартқа қол жеткізген, бірақ жүлделі орынға дейін балдары сәл жетпеген мамандарға беріледі.Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы чемпионатқа 22 жасқа дейінгі 555 жас маман - WorldSkills өңірлік чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885493
Абай облысы «WorldSkills-2024» чемпионатында үздік нәтиже көрсетті 18.11.2024
Елордада «WorldSkills Kazakhstan-2024» IX республикалық чемпионаты өтті. Бес күнге созылған сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 400 жас маман 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы қатысты.Облыс командасы былтырғы жетістігін қайталап, 39 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Республикалық чемпионатта облыс командасы 30 құзыреттілік бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 2 алтын, 6 күміс, 4 қола, 7 медальон иеленді. «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша екі студент, ал қалған 29 құзыреттілік бойынша бір-бір студенттен сынға түсті.Республикалық кезең жеңімпаздары келесі жылдың 9-13 қыркүйегі аралығында Данияда өтетін EuroSkills-2025 халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайды.Айта кетейік, өткен жылы да Абай облысының командасы «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатында 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль және 12 медальон жеңіп алып, командалық есепте үздік атанған.Бұл көрсеткіштер облыс студенттері мен колледждерінің кәсіби шеберлік деңгейінің жоғары екенін тағы да дәлелдеді. Өңірлік билік пен оқу орындары жастардың кәсіби дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауда. Бұл аймағымыздың Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/885504
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Целиноград ауданының әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды 18.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Даут Дәулет Оралұлы Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Дәулет Даут 1996 жылғы 11 қазанда Көкшетау қаласында туған. 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірді.Еңбек жолын 2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы лауазымынан бастаған. 2021-2023 жж. аралығында министрліктің экономика салаларын дамыту департаменті салаларды институционалдық дамыту басқармасының бас сарапшысы лауазымында қызмет етті.2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті салаларды институционалдық дамыту басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885458
ТЖ вице-министрі Ақмола облысына барды 18.11.2024
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді.Сапар аясында ол Бурабай мен Бұланды аудандарындағы өрт сөндіру бөлімдеріне барып, құтқарушылардың жұмысымен және тұрмыс жағдайларымен танысты. Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысы ТЖД аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Тексеру қорытындысы бойынша ол бірқатар нақты тапсырмалар берді.М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына да барып, оқу орнының жаңа басшысын таныстырды. Полковник Жұмабек Хасенов тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие, қорғаныс министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.Сонымен қатар сапар аясында вице-министр ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Әңгімелесу барысында өңірлік ТЖ департаменттері арасындағы өзара іс-қимыл, академия курсанттарының алдын алу сияқты іс-шараларда қолдануға болатын әлеуеті сияқты мәселелер көтерілді. Сондай-ақ вице-министр қызметтік-әскери тәртіпті бақылауды күшейтуге ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885466
Магистратураға түсуге аргалған кешенді тестілеу басталды 18.11.2024
Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 23 қарашаға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 28 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 11 мыңға жуық өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар.Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл.Естеріңізге сала кетсек, биыл бейінді магистратураға түсу форматына өзгерістер енгізілді. Бейінді магистратураға түсуге ниетті үміткерлер «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 балды құрайды.Тестіленуші апелляцияға техникалық себептер бойынша тестілеу барысында, тестілеу тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.Магистратурада оқу үшін қысқы қабылдауға 4 мыңнан астам грант бөлінген.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіМАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/885283
«Almaty Students Week» фестивалі өз мәресіне жетті 18.11.2024
Алматыда Халықаралық студенттер күніне арналған «Almaty Students Week» ауқымды апталығы өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фестиваль аясында 28 іс-шара ұйымдастырылып, оған қаламыздың 15 000-ға жуық студенттері қатысты.Фестивальдің жарқын сәттерінің бірі – «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі болды. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады.«Almaty Students Week» фестивалі – қаламыздың белсенді жастарының басын қосқан үлкен алаң болды. Әрбір қатысушы өзін танытып қана қоймай, Алматы студенттер қауымдастығының дамуына өз үлесін қосты. Бұл фестиваль жастардың арманын жүзеге асыра алатындығын және маңызды құндылықтарды қолдайтындығын дәлелдеді. Біз студенттерімізбен мақтанамыз және олардың бастамаларын қолдаймыз». «ALMATY STUDENT’S WEEK» апталығы аясында «Ең үздік студенттік топ - 2024» байқауының финалдық кезеңі өтті. Байқау Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын бір ортаға біріктірді. Байқауға қатысу үшін 30-дан аса өтінім келіп түсті. Сайысқа жалпы Алматының 300-ден астам студент жастары қатысуға ниет білдірді.Байқау қорытындасы бойынша Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «BusinessLAB» студенттік тобы қаланың «Ең үздік студенттік тобы» болып танылды. Ал II орынды Қазақ ұлтық аграрлық университетінің «DreamTeams» студенттік тобы, III орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Histrue» студенттік тобы иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды. Апталықтың ерекше шараларының бірі Әуезов ауданы комьюнити орталығында өткен «PROдвижение»: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі болды. Мерекелік атмосфераны ерекше ету үшін іс-шара «Гарри Поттер» стилінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Алматыда ерекше қажеттілігі бар жастар үшін қолжетімді ортаны құруға бағытталған «Alrathon» байқауы өтті. 100-ден астам қатысушылар топтарға бөлініп, өз жобаларын әзірлеп, сарапшылардың қолдауына ие болды. Бұл байқау жасанды интеллект технологияларын кеңінен насихаттауға және оларды әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдануға мүмкіндік берді.«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Молодежная лига КВН Алматы» ойындары өтті. Қаламыздың әзілкеш студенттері бір сахнада бас қосты.Ал апталықтың әдемі нүктесі қаламыздың 1000-ға жуық студенттердің басын қосқан Медеуде өткен «ICE Party» болды. Мерекелік кеште студенттер үшін мұз үстінде қызықты конкурстар, интерактивті ойындар және флешмоб ұйымдастырылды. Шара барысында жас өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады «Ең алдымен, «Almaty Student Week» шарасын ұйымдастырған барша жандарға шынайы алғысымды білдіргім келеді. Осы іс-шараның арқасында мен тек білімімді жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа достар таптым. Осындай бастамалар бізді, студенттерді, жаңа идеяларға, дамуға және қаламыздың өміріне белсенді атсалысуға жетелейді. Ұмытылмас сәттер үшін алғыс айтамын!», - деді фестиваль қатысушысы Алдияр Бақытбеков.«Almaty Students Week» фестивалі студенттер күнін атап өтудің жаңа дәстүрлерін нығайтып, жастардың шығармашылығы мен өзін-өзі дамытуына жаңа мүмкіндіктер ашты. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, аталмыш жоба келесі жылы да жалғасын таппақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885341
