Enbekshi QazaQ

Саясат

«Онлайн сауда негіздері»: JOLTAP жобасы арқылы 200 астаналық курстан өтті 18.11.2024
Бүгінде онлайн сауда жасау дәстүрлі сауда түріне қарағанда жиі қолданылады. Ол қаржы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сауда көлемі өскен сайын қызмет сапасын жақсарту қажет. Мұндай кезде кәсіпкерлерге онлайн сауданың қыр-сырын түсіндіретін оқыту курстарына да сұраныс артады. Мәселен елордада JOLTAP әлеуметтік жобасы арқылы онлайн сауда негіздерін тегін меңгеруге болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Әлеуметтік жоба негізіндегі курс онлайн дүкен ашып, оны дамыту жолдарын түсіндіреді. Тауарды иесіне дер кезінде жеткізу қызметінен бөлек, салық түрлеріне де тоқталады. JOLTAP әлеуметтік жобасы бойынша «Онлайн сауда негіздері» курсының оқытушысы Әйгерім Омышеваның айтуынша, елордалықтар бұл мамандық түрін 6 күнде меңгере алады.«Мен осы жылдың 30 қыркүйегінен бастап жоба қатысушыларына онлайн сауда жасау бойынша курс өткізіп келемін. Негізгі мамандығым - есеп және аудит. Банк саласында 10 жылдан аса жұмыс істеп, кейін өзім онлайн кәсіп бастадым. 2020 жылы тауарларымды Kaspi дүкені арқылы сата бастадым. Міне, осылайша, онлайн саудаға келдім. Сонымен қатар қазір JOLTAP жобасы арқылы қала тұрғындарына аптасына 6 күн бойы онлайн сауда жасауды оқытып жүрмін»,- деді Әйгерім Омышева.Елордалық кәсіпкер әрі жоба оқытушысы бастапқыда өзі де JOLTAP жобасы арқылы «Таргетолог» және SMM курстарын оқыған.«Мен бұл жоба туралы естіген кезде кәсіпкер ретінде заманауи курс түрлерін таңдадым. Себебі тауарды онлайн саудада тапсырыс берушінің мақсатына қарай контент дайындау керек. Одан бөлек жарнама жасау қажет. Жоба осындай мүмкіндіктер бергендіктен, бірден екі курсқа да жазылып, оқып алдым»,- деді жоба оқытушысы.Әйгерім Омышева онлайн сауданың қыр-сырын меңгерген соң өз курсын жазып, қызығушылық білдірген адамдарға ақылы курс өткізген. Тіпті, JOLTAP жобасына оқытушы болуға өзі ниет білдірген.«Мен жоба арқылы екі курсты аяқтаған соң оқытушы болуға тілек білдірдім. Ол кезде тек басқа маркетплейс арқылы онлайн сауда жасауды үйрететін курс болды. Осылайша, өзім жүргізіп отырған онлайн дүкен арқылы сауда негіздерін түсіндіруге болатынын айтым. Жарты жылдан кейін JOLTAP жобасы менің ұсынысымды қабыл алды», - деді ол.Алты күнге жалғасатын курс алдымен интернет дүкенге қалай тіркелу қажет, салық тәртібі мен оның түрлерімен танысудан басталады.«Курс бойынша алғашқы күні онлайн сауда туралы жалпы ақпарат беріліп, онлайн дүкенге тіркелу туралы айтамын. Екінші күні тауар сату тәсіліне тоқталсақ, үшінші күні сататын өнімді қайдан алуға болатынын талқылаймыз. Ол кезде шетелдік және қазақстандық тауар өндірушілерді салыстырамыз. Төртінші күні тапсырыс берушіге тауарды жеткізуге тоқталамыз. Онда онлайн дүкендегі жеткізу қызметінің түрлерімен таныстырамын. Бесінші күні тауардың сыртын қалай орау керек, оған қажетті затты қайдан алуға болатынын айтамын. Соңғы күні платформа тәртібі, тауарды қайтаруды рәсімдеу және кемшіліктермен жұмыс істеу туралы талқылаймыз»,- деді аталған курс оқытушысы.Бүгінде Әйгерім Омышева аталған курс бойынша 209 адамды оқытқан.«Бұл курсқа елордалықтардың қызығушылығы байқалады. Әр лекте 10-15 адам жиналады. Әріптесім Абылай Қалиевпен бірге осы курс бойынша жоба қатысушылырын оқытып жатырмыз. Қазір 31-лек аяқталды. Менің ойымша, JOLTAP жобасы ұсынатын курстардың өз дәрежесі бар. Қазір оқыту курстары көп қой, бірақ кейде сертификаттары жарамай жатады. Сондықтан бұл жоба беретін сертификат әрі қарай жұмыс табуға үлкен септігін тигізеді»,- деді курс оқытушысы.Айта кетейік, елордада JOLTAP жобасы бойынша 8 мыңға жуық азамат қысқа мерзімді оқудан өтті. Қалада «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері жұмыс істейді. Онда тұрғындар 52 мемлекеттік қолдау шарасы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, қысқа мерзімді оқуға жазылу бойынша кеңес ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884942
Көкшетауда «ҚЫС-2024» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығулары өтеді 18.11.2024
Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!21-22 қараша аралығында Көкшетау қаласының аумағында «ҚЫС-2024» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығулары өтеді. Іс-шаралардың мақсаты-мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау.Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау қызметтерінің және Республика мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен өтеді. Қыс мезгіліндегі іс-шаралар пысықталатын болады.«ҚЫС-2024» барысында авариялық-құтқару жұмыстарын пысықтау, коммуналдық кәсіпорындардағы аварияларды жою жүргізілетін болады. Көптеген құтқару және арнайы техника тартылатын болады.Осыған байланысты Ақмола облысының ТЖ Департаменті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараларға түсіністікпен қарауды және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/884961
«Таза Қазақстан»: Алматыда қысқы кезеңге дайындық жұмыстары көрсетілді 18.11.2024
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Алматыда қысқы кезеңде коммуналдық техниканың дайындығы көрсетілді. Қалалық инфрақұрылымды қыс мезгілінде сапалы қамтамасыз ету мақсатында арнайы техника паркі жаңартылды. Биыл 32 заманауи техника сатып алынып, олардың көмегімен тазалау жұмыстарының тиімділігі мен жылдамдығы арттырылмақ.Жаңа техниканың ішінде қоқысты конвейер арқылы контейнерлерге бір уақытта тиеу жүйесі бар алты сыпыру-жинау машинасы бар. Бұл машиналар қала көшелерінен қар мен қоқысты тез және сапалы тазалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, төмен шу деңгейінде жұмыс істейтін бес электрлі сыпыру-жинау машинасы сатып алынды, бұл тұрғындардың тыныштығын бұзбай, түнгі уақытта тазалық жұмыстарын жүргізуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, көктайғақпен күресуге арналған 3 сұйық реагент таратқыш техникасы бар. Олар реагенттерді жолға біркелкі себу арқылы қыс мезгілінде қала көшелеріндегі қауіпсіздікті айтарлықтай арттырады. Еріген қар суын сору арқылы су тасқынының алдын алады және қаланың дренаждық жүйесін жақсартатын екі ассенизатор машинасының маңызы зор.«Алматы тазалық» МКК директорының орынбасары Ертай Касеновтың айтуынша, қаладағы тазалау жұмыстары үнемі жетілдірілуде. «Қысқы кезеңде көше-жол желісін толық күтіп ұстауды қамтамасыз ететін 10 біріктірілген жол тазалау машинасы, сондай-ақ тротуарлар мен іргелес аумақтарды қар мен мұздан тазартуға арналған алты трактор сатып алынды», - деді ол.«Алматы Тазалық» МКК арнайы техника паркі жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл компанияның жұмыс сапасын жақсартуға және қыс мезгілінде өнімділікті арттыруға бағытталған маңызды бөлігі. Осылайша, 2025 жылы 123 арнайы техниканы, соның ішінде жол тазалау машиналарын, жүк көліктерін, қоқыс таситын көліктерді, тротуарларды тазартуға арналған тракторларды, манипуляторлары бар автокрандарды және Jetbroom қар тазалау машиналарын сатып алу жоспарлануда, олар қала жолдарында одан да жоғары тазалау сапасы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Арнайы техниканы жүргізетін кәсіпорын мамандары жаңа техникамен жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы болғанын атады. «Бұрын бір көшені тазалауға көп уақыт кететін, қазір техниканың маневрлігінің арқасында бұл жұмыс әлдеқайда жылдам атқарылады. Бұл қала тұрғындарына ыңғайлы», - дейді арнайы техника жүргізушілерінің бірі.«Қазір бәрі техниканың қаншалықты заманауи және көпфункционалды екендігіне байланысты. Алматы бұл тұрғыда, бәлкім, алдыңғы қатарда. Панфилов көшесі мен басқа да скверді робот секілді кішкентай машиналар тазалап жүр», - дейді Алмалы ауданының тұрғыны Сымбат Байбазарова.«Қол еңбегінсіз, әрине, болмайды, бірақ өнімділік техникада. Қазір машиналар бәрін жасай алады. Бұрын мұндай жабдықты тек роликтерден көретінбіз, ал қазір олар біздің қаламызда көп. Ең бастысы, робот шаңсорғыш сияқты, бәрін таза, дыбыссыз және шығарындыларсыз жасайды. Олардың көбісі электрлі», - деді Бостандық ауданының тұрғыны Анна Листопадная сауалнама барысында.Алматыға 2024-2025 жылдардың қыс мезгілінде тиімді қызмет көрсету үшін қала көшелерінде 841 техника және 1 405 жұмысшы қызмет етеді. Бұл қар мен мұзды уақытылы тазалауға, көктайғақтың алдын алуға, сондай-ақ жол мен тротуардағы басқа қыстағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884971
Виталий Волынец «Құрмет» орденін алды 18.11.2024
Әйтекебилік диқан, «Комсомол» ЖШС директоры Виталий Волынец еліміздің өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы секторының дамуына ықпал етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араласып, заманауи озық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізгені үшін ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды.Виталий Волынец өмірінің 40 жылға жуық уақытын ауыл шаруашылығына арнап келеді. Оған Орденді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында салтанатты түрде табыстады.Виталий Волынец Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында туып-өскен. Еңбек жолын 1981 жылы «Яйсан» совхозының тракторшы болып бастады. Қара теңіз әскери-теңіз флотында борышын өтеп келген соң, Жайсаң СПТУ №-13 механигі, сол уақытта осы оқу орнында Комсомол ұйымының хатшысы ретінде жұмыс істеді. 1998 жылы «Комсомол» өндірістік кооперативінің ауылдық жалпы жиналысында, бірауыздан «Комсомол» ЖШС төрағасы болып сайланып, бүгінге дейін басқарып келеді.«Комсомол» ЖШС – Әйтеке би ауданындағы ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің бірі. Кәсіпорын егін салып, шөп шауып, жайылымдық жерінде мал өсіріп келеді. Машина-трактор паркі толық жабдықталған. 2024 жылы 11251,43 га жерге бидай егіп, әр гектардан 10 ц өнімділік алды. Шаруашылық тұрақты түрде 92 адамды, маусымдық жұмыс кезінде 200 адамды жұмыспен қамтып отыр.Туған өлкені өркендетуге үлес қосып жүрген меценат жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетуді, аудан көлемінде өтетін мәдени және спорттық шараларға үнемі ат салысып, демеушілік етуді міндетіне алған. Мәселен, үш жыл бұрын оның қаржыландыруымен ашылған «Жас арыстан» күрес мектебінде қазіргі уақытта 76 бала тегін спортпен шұғылдануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884918
Қаратоғай ауылында жаңа спорт кешені ашылды 18.11.2024
Бұл жоба 2021 жылы бастау алған.Қаратоғай ауылында көптен күткен спорт кешені есігін ашты. Президенттің бұқаралық және балалар спортын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңа нысан ауыл жастарына дене шынықтырумен және спортпен айналысуға үлкен мүмкіндік береді. 3 жыл бұрын «Ер-Қанат сервис» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, металл конструкциялардың толық монтаждау жұмыстары жүргізілді. Алайда, 2022 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба уақытша тоқтатылды. Мердігер жобалық-сметалық құжаттаманы қайта түзету қажеттігін алға тартты. Облыс әкімінің бақылауында болған құрылысқа биылғы жылы Мәртөк ауданының бюджетінен 219 миллион теңге бөлініп, тоқтап қалған жұмыстар қайта жанданды. Бүгінгі таңда спорт кешені толық дайын. Қазірдің өзінде спорт кешенінде 42 бала қазақ күресімен тұрақты түрде айналысуда. Алдағы уақытта кешенде волейбол, футбол, еркін күрес, тоғызқұмалақ және үстел теннисі секілді спорттық үйірмелер ашу жоспарлануда. Нысанның ашылуымен бірге 10 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімі Медет Ысқақов қатысып, жиналған ауыл тұрғындарын құттықтады. Ол өз сөзінде бұл кешен ауыл жастарының спорттық белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызды үлес қосатынын алға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884938
Қазақстанда 50,2 млн тонна жем дайындалды 18.11.2024
Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн.гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% құрады (2023 жылы-13%).24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан – 4,6 млн. тонна, концкорм – 5,5 млн. тонна және сүрлем – 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.Ағымдағы жылдың 18 қарашадағы жағдайы бойынша 34,9 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жылдық жоспардан 142,6%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 5,6 млн тонна құрама жем (102,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,9%) және 5,1 млн тонна сабан дайындалды (111,9%).Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884891
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық қарқынды жүріп жатыр 18.11.2024
Алдағы су тасқыны кезеңінде су басу қаупін азайту мақсатында Павлодар облысының ТЖ департаменті алдын алу шаралары бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Ведомство облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол бойынша 36 іс-шара жоспарланған. Сонымен қатар инженерлік жұмыс жоспарына сәйкес 47 іс-шара жоспарланды. Аталмыш іс-шаралардың бірқатары бүгінгі күнде орындалды.Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында ұзындығы 2 км созылатын үш шұңқыр, сыйымдылығы 200 мың текше метр қорғаныс үйіндісі тұрғызылды, атқарылған жұмыстар елді мекенді еріген судан тиімді қорғауға мүмкіндік береді.Шолақсор ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде 2023 жылы Сілеті өзенінің жағасын нығайту, осы өзен арнасын, түбін тазарту және тереңдету бойынша жұмыстар аяқталды, бұл ағымдағы жылы ауылды су басуға жол бермеуге мүмкіндік берді.Соңғы жылдардағы жауын-шашын мен су тасқыны нормасына сүйене отырып, жасанды құрылыстарды орнату, Павлодар, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Павлодар аудандары, Атамекен, Кенжекөл кенттерінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қолда бар үйінділердің биіктігін арттыру және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл еріген суларды ұстауға ықпал ететін болады.«Жалпы ұзындығы 15 км құрайтын «Ақтоғай-Шолақсор» облыстық маңызы бар автокөлік жолын жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Бұл учаскеде су өткізгіш құбырларға жөндеу жүргізілді, бұл еріген судың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Инженерлік жұмыстар жоспарын іске асыру аясында Ертіс ауданының Қарақұдық ауылына кірме жолға ұқсас үш су өткізгіш құбыр орнатылды», - деп облыстық ТЖ департаментінің бастығы Рустамбек Амрин атап өтті.Сонымен қатар елді мекенді су басу қаупін болдырмау үшін Ақтоғай ауданы Жамбыл ауылы Талинка өзенінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Павлодар ауданы Розовка ауылының дала аймағында дренаж бойынша жұмыс істейтін елді мекендерден еріген қар суын бұруға арналған бұру арналары өткізілді.«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың республикалық жол картасы шеңберінде толық көлемде іске асырылған 7 іс-шара қазіргі уақытта іске асырылды. Мысалы Қалқаман-Баянауыл, Үміткер-Ботақара автожолдарында екі көпірдің құрылысы аяқталды, олар автожолдардың бұзылуына, сумен толып кетуіне, тасқын және еріген сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді», - деп ТЖ департаментінің бастығы хабарлады.Облыстағы алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс ерекше бақылауда және жалғастырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884887
ТЖМ құтқарушылары әуе кемелеріндегі өрттерді сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтауда 18.11.2024
«Павлодар» әуежайында оқу-жаттығулар өтті, оның мақсаты әуе кемесінің бортында төтенше жағдайлар кезінде түрлі қызметтердің іс-қимылдарына дайындықты арттыру және үйлестіру болып табылды. Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері мен әуежай қызметкерлері адамдарды ұшақтан тез және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізді, әуе кемесінің бортында өртті тиімді сөндіру үшін әдістер мен жабдықтар пысықталды. Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, Boeing 737-300 әуе кемесі қону кезінде реактивті қозғалтқыштың механикасы зақымданып 106 шаршы метр аумағында жану орын алды. Әуе кемесінің командирі әуе диспетчеріне төтенше жағдайдың туындауы, апаттық қону және өрт сөндіру экипажының қажеттілігі туралы ақпарат берді. Апатқа ұшыраған ұшақтан кейін шұғыл қызмет мамандары шартты зардап шеккендерді эвакуациялауға және өртті жоюға дереу кірісті.Сондай-ақ, осындай оқу-жаттығу «Әулие Ата» халықаралық әуежайында өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың сценариі бойынша «Талдықорған-Шымкент» әуе бағыты бойынша ұшқан жолаушылар ұшағының қозғалтқыш бөлшегі ақауға ұшырап, «Әули-Ата» халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ апатты жағдайда қону барысында жанармай багы зақымдануы салдарынан авиациялық отынның төгілу жағдайы орын алып, өрт шыққан. Ұшақтағы өртті сөндіру үшін көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған әуежайдағы жергілікті өрт сөндірушілер, олар келіп жеткенге дейін өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Ал одан әрі оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары өртке оранған ұшақты сумен, көбікпен сөндіру жұмыстарын атқарып, сондай-ақ адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарымен айналысқан. Өрт оқиғасы орнында 2 жауынгерлік участок құрылып, 5 адам құтқарылып, 85 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, жедел түрде ауруханаға жөнелтілді.Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар соңында ұшақтағы өртті сөндіру бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығулар қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884932
Ақтөбелік «жасылелдік» сарбаздар Астананы аралап қайтты 18.11.2024
Еске салайық, өткен аптада «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы және студенттер отряды 20 жылдықты атап өтіп, биылғы маусымды қорытындылады.Сол салтанатты жабылу шарасында үздік деп танылған 100 сарбаз облыс əкімінің қолдауымен əсем қала Астанаға бару мүмкіндігіне ие болған-ды.Елордада экскурсияның үш күнін керемет көңіл-күйде өткізген жастар Ақтөбе қаласына оралды.Ұмытылмас күндер, қызықты сәттер, мүмкіндіктер сыйлаған жандарға олардың айтар алғысы шексіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884880
Абай облысында Digital IT Abai форумы өтті 18.11.2024
Форум заманауи технологиялық үрдістерді талқылау, тәжірибе алмасу, кәсіби өсу мен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндік алаңы болды.Форумда дәрістер, шеберлік сабақтары және жетекші сала мамандарымен ашық сұрақ-жауап өтті. Қатысушылар білімдерін тереңдетіп қана қоймай, түрлі саладағы инновацияларды енгізу жөнінде құнды ұсыныстар алды.Форумның маңызды сәттерінің бірі Abai IT Idea Battle – бизнес-идеялар сайысы болды. Онда қатысушылар технологияларды дамытуға және әртүрлі салалардағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды ұсынды. Сондай-ақ Robotics Hackathon 2.0 сайысы барысында әзірлеушілер инновациялық роботтарды жасаудағы дағдыларын көрсетті. Хакатонның жүлде қоры 600 000 теңгені құрады, бұл қатысушылар үшін қосымша ынталандыру болды.Танымал сарапшылар да сөз сөйледі. Олардың қатарында FlutterFlow-тың Орталық Азия және ТМД елдеріндегі елшісі, No code & AI Code маманы Диас Жұмағалиев пен ҚБТУ мультимедиялық технологиялар орталығының директоры және Gamelab ҚБТУ аға ғылыми қызметкері Александр Мезин бар. Олар заманауи технологияларға деген көзқарастарымен бөлісті, жасанды интеллект пен машиналық оқытуды іс жүзінде қолдану, DPG Sim кейс мысалында білім беру үдерістерінде ойындарды пайдалану, сондай-ақ өңіріміздегі стартаптар үшін мүмкіндіктер туралы айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884814
ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй секторына көп көңіл бөледі 18.11.2024
Маңғыстау облысының ТЖ департаменті жылу беру кезеңінде өрт қаупін азайту мақсатында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын жалғастыруда.«Әрбір үйге қауіпсіздік!», «Улы газдан сақ болыңыз!» акциялары аясында ТЖД бастығы полковник М.С. Мұхановтың басшылығымен жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру және халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде газ талдағыш датчиктерін орната отырып, кезекті аула аралаулар өтті.Облыс бойынша өрт қаупіне барынша бейім барлығы 2,5 мыңнан астам халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлері есепке алынды, бұл топтағы барлық тұрғын үйлер мекенжайы бойынша профилактикалық жұмыстармен 100% қамтылған.Тұрғын үйлерде улы газбен уланудың алдын алудың бірден бір әдісі – жылыту қазандықтары орнатылған бөлмелерде газ концентрациясын анықтайтын газ талдағыш датчиктерін орнату.«2019 жылдан бастап ТЖД мен әкімдіктердің бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтарының үйлерінде 8,5 мыңнан астам датчик орнатылды, бүгінгі күні тағы 1,5 мың датчик орнатылуда, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін едәуір арттырады және өрт санын азайтуға ықпал етеді», - деді ТЖД бастығы М.С. Мұханов.Сонымен қатар өрт қауіпсіздігін кеңінен насихаттау аясында департамент жылыту маусымында Instagram әлеуметтік желісінде өрт қауіпсіздігі туралы таргетті бейнероликтер жарияланды, нәтижесінде қысқа мерзімде 1 миллионға жуық оқырман қамтылды.Жұмыс жылыту маусымының соңына дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884832
Елордада Сарайшық ауданының әкімі тағайындалды 18.11.2024
ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі болып тағайындалды. Тағайындалғанға дейін Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.Ол еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді.2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Сарайшық ауданы әкіміне аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884723
Елордада Алматы ауданының әкімі тағайындалды 18.11.2024
ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Рустам Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарған.Еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Әр жылдары «Балкантау KZ» ЖШС басшысы, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.2022 жылдың қазан айынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарды.Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы ауданы әкімінің алдына аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884725
Ерекше балаларға арналған балабақша: Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден тағы шамамен 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бағытталды 18.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасуда.Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру қажетті инфрақұрылымды құруға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуді қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданған болатын.Жұмыс жалғасуда.https://t.me/KZgovernment Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884678
Әйтеке би ауданында халық ұзақ жыл күткен мектеп пайдалануға берілді 17.11.2024
2020 жылдан бері оқушылар түрлі ғимараттарда оқуға мәжбүр болған еді. Көпшілік көптен күткен білім ордасының есігі айқара ашылды.Мемлекет басшысының еліміздегі үшауысымды және апатты мектептер санын азайту туралы тапсырмасы Ақтөбе өңірінде сәтті жүзеге асуда. Әйтеке би ауданының орталығы Темірбек Жүргенов ауылындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.Білім ордасының ашылу салтанатына Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Сұлтан Жайық, аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев және ауыл тұрғындары қатысты.Шараның салтанатты рәсімінде Комсомол орта мектебінде 28 жыл директор болған В.Ф Галуцкий және мектептің ардагер ұстазы 92 жастағы Р.Маханов құттықтау сөз сөйледі. Мектеп ұжымына және оқушыларға ақ баталарын берді.Ескі, апатты деп танылған Комсомол жалпы орта мектебіндегі 420 бала енді жаңа оқу ордасында білім алуды жалғастырады.270 орындық Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі екі ауысымда 540 оқушыға білім беруге қауқарлы. Мектепте 78 орындық асхана, ер балалар мен қыздарға арналған технология кабинеті, кең спорт және акт залдары, сыртқы спорт және ойын алаңдары бар.Айтып өтейік, былтыр қазан айында облыс әкімі Асхат Шахаров мектеп құрылысын сапалы әрі биылғы оқу жылында халық игілігіне тапсыруды Құрылыс басқармасына міндеттеген еді. Мектеп құрылысы өңір басшысының қадағалауында болды.Құрылыс жұмыстарын «GOLDEN CITY DS» ЖШС компаниясы 2022 жылдың 20 шілдесінде бастаған-ды.Салынған мектептің жалпы аумағы 5991,6 шаршы метрді, көлемі 4895 шаршы метрді құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884566
Астанада өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі 17.11.2024
Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді.Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884565
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтауы 17.11.2024
Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!Құрметті еңбек ардагерлері! Баршаңызды ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл егіс алқабында, фермада, жеке шаруашылықта еңбек ететін, өмірі ауыл тағдырымен тығыз байланысты әрбір адамның мерекесі. Ауыл еңбеккерлерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және республикамыздың экспорттық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін бағаламауға болмайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдына өнімділікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу, өңдеуші саланы дамыту бойынша маңызды міндеттер қойып отыр. Өңірімізде бұл бағыттағы даму қарқынды жүріп жатыр: мал шаруашылығында оң тенденция байқалады, ауылдық жерлерді дамыту қолға алынып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі көтерілуде, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылуда, өнеркәсіп қарқынды дамып келеді.Мұның барлығы ауыл шаруашылығы саласының негізгі міндеттерін – азаматтарымызды сапалы өніммен қамтамасыз ету, еліміздің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешуге көмектеседі.Әрине, биылғы ауыл шаруашылығы жылы диқандарымыз үшін өте ауыр болды. Дегенмен, олардың адал еңбектерінің, озық агротехнологияларды енгізудің және мемлекеттің қолдауының арқасында облысымыз орақ науқанын сәтті аяқтап қана қоймай, рекордтық өнім – 6,6 миллион тонна астық жинауға қол жеткізді.Егін орағы кезінде ұтымды, нақты және үздіксіз жұмысты қамтамасыз еткен, егін алқабы мен қырманда, зертхана мен комбайн штурвалында еңбек еткен барша ауыл еңбеккерлеріне шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Қажырлы еңбектеріңіз үшін, өз істеріңізге жауапкершілік пен адалдық, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың да бір рахмет!Жер-ана төскейіндегі, фермадағы, өндірістік цехтардағы қажырлы еңбектеріңіз барлық марапатқа, ерекше құрметке лайық. Өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының озық дәстүрлерін қалыптастырып, жастардың отансүйгіштікке, туған жер құшағында адал еңбек етуге деген құлшынысын оятып жүрген сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді.Құрметті жерлестер!Осы мереке күні баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және отбасылық ынтымақ-береке тілеймін! Жыл сайын еселі еңбектеріңіздің есесі мол өніммен өтеліп, лайықты төленіп, қанағат сезіміне бөлейтін болсын. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/884564
Құрметті әріптестер, ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері! 17.11.2024
Биылғы жылы кәсіби мерекеміз ерекше құрметпен — Мемлекет басшысының қатысуымен атап өтілді. Бұл саланың ел үшін маңызы айрықша екенін айғақтайды. Салтанатты іс-шара жоғары дәрежеде өтті. Форумға мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлғалармен қатар, агроөндірістегі көшбасшылар, еңбек майталмандары мен жас фермерлер қатысты.Бұл күні Мемлекет басшысының қолынан саланың үздік өкілдері мемлекеттік наградаларға ие болды.Мұндай қадам үздік фермерлерді танып-білу ғана емес, агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтіндердің барлығын шабыттандырды. Себебі, бұл біздің ортақ ісіміздің маңыздылығын көрсетеді. Іс-шара мінберінен Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы туралы ғана емес, ел өмірінің басқа да салаларынан бірқатар өзекті ойларын ортаға салды.Агроөнеркәсіптік кешеннің табысты дамуы экономика үшін басты қозғаушы күш. Ол химия өнеркәсібі, машина жасау, ирригация, логистика және қаржылық қызметтер секторы сияқты өзге салаларға деген сұранысты арттырады.Бірақ ең бастысы, агроөнеркәсіптік кешен – ол азық-түлік қауіпсіздігіне, ауылдардың дамуына және халқымыздың өмір сүру сапасының жақсаруына тікелей әсерін тигізеді.Құрметті әріптестер!Әрдайым шаруалардың еселі еңбегі назардан тыс қалмайды, әрбір қызметкердің үлесі мемлекет деңгейінде бағаланады.Біз елдің, болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін тер төгіп келеміз және алға жылжуды жалғастырамыз!Кәсіби мереке құтты болсын! Қиын да жауапты еңбекте жоғары нәтижелер, мықты денсаулық пен амандық тілеймін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884545
Абай облысындағы көктемгі су тасқынына дайындық барысы тексерілді 17.11.2024
Абай облысына ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы Ұлықбек Серікұлы Тналиев іссапармен келді.Өңірдегі көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін тексеру және қажетті шараларды бақылау мақсатында ұйымдастырылған іссапар барысында инспектор Шүлбі су электр стансасының жағдайымен танысып, су қорының жинақталуына назар аударды. Сондай-ақ мұнда көктемгі су тасқынына қарсы алдын алу шараларын реттеуді тапсырды.Бұл орайда облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласы мен барлық аудандарда су тасқыны қаупіне байланысты су арналарын тазалау, қорғаныс бөгеттерін нығайту және қажетті техникаларды әзірлеу секілді алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар, бұл жұмыстардың барлығы аймақ басшысының тікелей бақылауында екенін жеткізді.ҚР Үкіметі аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторының іссапары барысында өңірде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған өзге де шаралар жан-жақты талқыланды.Сала мамандарының айтуынша, атқарылған жұмыстар көктемгі кезеңде су тасқынының қаупін барынша төмендетуге бағытталған. Инспектор атқарылған шаралардың сапасын бағалап, жауапты мекемелерге су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы аяқтап, толық дайындықпен кіруді міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884551
Бір күнде Астанадан 2000-нан астам жүк көлігімен қар шығарылды 17.11.2024
Астанада қар тазалау жұмыстары ауысыммен тәулік бойы жалғасуда. Коммуналдық қызметтер қар тазалығымен күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.16 қарашада кешкі ауысымда қаланы қардан тазартуға 900-ден астам арнайы техника, ал 250-ден астам жол жұмысшысы шықты.16 қараша күні түстен кейін полигондарға 25 мың текше метрден астам қарды 2009 ауыр жүк көлігі тасыды.Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 26 мыңнан астам рейс, 342 мың текше метрден астам қар жеткізілді.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884538