Саясат
Қостанай облысында су тасқынына қарсы инженерлік жұмыстар жүргізілуде 16.11.2024
Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Новоселовка ауылында мүмкін болатын су тасқынының алдын алу мақсатында инженерлік жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен Алабота көлінен Құндызды өзеніне еріген қар суын бақылауда ұстап жіберу ұйымдастырылды.Суды бұру үшін ұзындығы 14 шақырымды құрайтын, тереңдігі 14 метрге дейін және ені 5 метрлік арна салынды. Арна арқылы су Құндызды өзеніне, содан кейін Обаған өзеніне құйылады. Бұл арна су деңгейін төмендетіп, тасқынның ықтимал зардаптарының алдын алуға көмектеседі.Новоселовка ауылында жедел штаб құрылып, онда Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, полицияның және жедел медициналық қызметтердің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді.Жедел штабтың бастығы Қуаныш Байтұрсынов барлық қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті: «Біз жергілікті халық үшін барлық тәуекелдерді барынша азайтып, кез келген жағдайға жедел әрекет етуге тырысудамыз. Біздің басты міндетіміз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауданның инфрақұрылымын ықтимал су тасқынынан қорғау. Біз жағдайды бақылап, қажетті шараларды уақытылы қабылдаудамыз».Жұмыс барысында Қарасу – Жұмағұл автомобиль жолы уақытша жабылды. Нәтижесінде бес елді мекен Қарасу аудандық орталығымен автомобиль жол қатынасынан уақытша ажыратылды. Бұл учаскеде ТЖД күшімен қайықты пайдалана отырып, су арқылы өткел ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда жергілікті тұрғындар мен елді мекендер арасында қозғалысқа мұқтаж жұмысшыларды қоса алғанда, 408 адам тасымалданды.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға орнында құтқарушылар кезекшілік етіп, адамдар мен жүктердің қозғалысын үйлестіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/881481
Астанада қар күреуге 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы шықты 16.11.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс істеп жатыр. Өткен түнде олардың күшімен қаладан 22 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.12 қараша күні күндізгі ауысымда елорда бойынша қар тазалау жұмысына 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.Өткен түнде 12 қарашадан 13 қарашаға дейін коммуналдық қызметтер елордадан 22 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 1,7 мың ауыр жүк көлемін құрайды.Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 8 мыңға жуық рейс 90 мың текше метрден астам қар шығарды.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалыс қарқыны жоғары орындар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881365
Тағайындау 16.11.2024
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012 жылы Халықаралық Бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы "Q" UNIVERSITY академиясында «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.Еңбек жолын 2013 жылы «МФО 1 кредит» ЖШС-ның несие менеджері болып бастаған.Әр жылдары Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жетіген және Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның бас маманы лауазымдарын атқарған.2023 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244984?lang=ru
Алматының Наурызбай ауданында 1500 орындық жайлы мектеп салынуда 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданын аралау барысында 1500 орындық жайлы мектептің құрылысымен танысты.Білім беру мекемесінің құрылысы өткен жылдың тамыз айында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында басталды. Онда оқыту бір ауысымда өтеді.Наурызбай ауданында барлығы 12 мемлекеттік мектеп, 16 жекеменшік және НЗМ жұмыс істейді, онда 32 мың бала оқиды. Халықтың өсуі мен белсенді тұрғын үй құрылысын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы сақталуда. Биылғы оқу жылында осы ауданда оқушы орындарының тапшылығы 4 мыңнан астам орынды құрайды. Ол үшін ауданда 6900 орындық жаңа мектептердің құрылысы мына мекенжайларда жүргізілуде: «Алем Сити» ТК, «Алма Сити-4» ТК, Құрамыс шағын ауданы және Сәбденов көшесі. Сонымен қатар, өткен жылы Шұғыла шағын ауданындағы № 174 мектепке 375 оқушыға арналған қосымша құрылыс басталды.Алматы басшысы жұмыс сапары барысында келесі оқу жылына қалалық мектептердің бір бөлігі бір ауысымдық оқуға ауыстырылатынын атап өтті.«2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудың арқасында қала бойынша оқушы орнының тапшылығы 30 мыңға жуық оқушы орынға азаяды деп жоспарлануда. Болашақта оқушылар санының 3-4 мыңға өсуіне орай жыл сайынғы тапшылық қала жаңа мектептер, толықтырулар мен реконструкциялар салу арқылы біртіндеп жабылатын болады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Нысанды аралап шыққан қала басшысы барлық жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес, атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін аяқтауды және олардың жоғары сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.Мектеп салумен қатар, қалалық мобильділік басқармасы мектепке кіреберіс жолды және 70 көлікке арналған паркингті ұйымдастырумен де айналысады. Жыл соңына дейін ұзындығы 605 м. жолдың бүкіл учаскесінде асфальтбетон жабынының төменгі қабатын орнату бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бұл жұмыстарды аяқтау осы жылдың 30 қарашасына дейін жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881227
Үй кезегінде тұрған ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға қандай жалға берілетін пәтерлер беріледі 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа «Alem City 3» тұрғын үй кешенін аралап көрді.Сапар барысында Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап, тұрғын үйлерге пандустар орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жаңа үйлерді уақытылы инженерлік желілерге қосып, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге тапсырма берді.Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2022-2023 жылдары коммуналдық тұрғын үй қорына ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға бөлінетін 4100 пәтер берілді. 2024 жылдың соңына дейін қосымша 3150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, оның 2100-і ХӘОТ-қа, ал 1050-і жұмыс істейтін жастарға арналған.Жұмыс істейтін жастарға үш жылға дейінгі мерзімге айына 7-15 мың теңге аралығында төлеммен жалға беру қарастырылған, алайда ұзарту немесе сатып алу мүмкіндігі жоқ. Осы кезеңде жалға алушы жастар кейіннен екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін депозитте қаражат жинауы керек.Биылғы 10 айда 4828 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде: 1655-і кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана алғандар; 2100-і жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана алғандар; 226-ы жылдық 2-5% жеңілдетілген несие беретін бағдарлама арқылы баспана алғандар; 847-ы «Алматы жастары» бағдарламасы аясында үйлі болғандар. Сондай-ақ, 187,3 млн теңге сомасына 160 тұрғын үй сертификаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881233
Алматыда Сәтбаев университетінің мерейтойы мен Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған форум басталды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Сәтбаев университетінің 90 жылдығы мен Қазақстандағы геологиялық мектептің негізін қалаушы және Ұлттық ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Еуразияның ғылыми-инженерлік қауымдастығының алдындағы төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері»атты Халықаралық ғылыми форумның ашылу салтанатына қатысты.Форумның ашылуында қала әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын оқып, университет ұжымын мерейтоймен құттықтады.Форум 11-15 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді. Оған 22 елден 200 ұйым мен кәсіпорынның, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысады.Бағдарлама аясында STROYTECH инженерлік орталығы мен технопаркінің, Hyundai Engineering зерттеу орталығының ашылуы, Массачусетс технологиялық институтының стандарттары бойынша құрылған Customized FabLab таныстырылымы өтеді. Форум барысында пленарлық отырыс, технологияларды трансферлеу, мемлекет, ғылым және бизнестің өзара әрекеттестігі, жас ғалымдардың мансаптық өсуі жөнінде панельдік сессиялар ұйымдастырылады.Жақында Сәтбаев университеті екі тарихи жетістікке қол жеткізді. Университет QS Stars сыйлығына ие болып, халықаралық серіктестермен білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін растады. Сонымен қатар, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына еніп, 4000 азиялық жоғары оқу орнының арасында позициясын нығайтты. Ол Shanghai University, Pusan National University сияқты университеттермен қатар тұрып, University of Macau, Singapore Management University секілді беделді азиялық жоғары оқу орындарын басып озды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881236
Батыс Қазақстан өңірінде вегетациялық кезең сәтті өтті. Суармалы судың жылдық жоспары 20,6 млн.м3 16.11.2024
Батыс Қазақстан өңірінде вегетациялық кезең сәтті өтті. Суармалы судың жылдық жоспары 20,6 млн.м3 құраса, шаруаларға толық көлемде су беріліп, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды.Толығырақ Су ресурстары және ирригация министрлігі “Қазсушар” РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушысы Рауан Хусаинов Батыс Қазақстан облысының “Өңірлік коммуникациялар қызметінің” баспасөз алаңында айтып береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/881248
Су – өмір, тіршілік нәрі. Бүгінгі таңда маңызды ресурсты сақтау әрі тиімді пайдалану – заман талабына айналып отыр 16.11.2024
2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Жаңа министрлік жасақталған күннен су үнемдеу саясатын қалыптастыруға бағытталған түбегейлі жаңа нормативтік-құқықтық база құру жұмысын қолға алды.Ең алдымен, жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеп, Мәжіліске енгізді. Бұл ауқымды жаңашылдықтарды қамтитын маңызды құжат. Кодекстің жаңа редакциясында су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғауға, сондай-ақ еліміздің су-ресурстық әлеуетін қамтамасыз етуге баса назар аударылған. Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және соны қолдауға үлкен көңіл бөлінеді.Министрлік әзірлеген тағы бір маңызды құжат - Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Тұжырымдамаға сай министрлік 2030 жылға дейін қосымша 2,6 текше шақырым су жинай алатын жаңа 42 су қоймасын салуды, 3,7 текше шақырым су сақтайтын 37 су қоймасы мен 14 450 шақырым суару каналын реконструкциялауды жоспарлап отыр. Осы арқылы тасымалдау кезіндегі су шығынын 25%-ға азайтуға, ал, суармалы жерлердің көлемін 400 мыңнан артық гектарға ұлғайтуға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/881252
Абай облысында су тасқыны маусымына дайындық тексерілді 16.11.2024
Абай облысында 2024 жылғы күзгі-қысқы кезеңге және 2025 жылдың көктеміндегі су тасқыны маусымына дайындықты тексеру шарасы өтті. Тексеріске облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Ертіс бассейндік инспекциясының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Абай, Жарма, Көкпекті және Ақсуат аудандарының жергілікті атқарушы органдары өкілдері қатысты.Алдын алу шараларын уақтылы жүзеге асыру тасқын қаупін айтарлықтай төмендетеді. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып елді мекендерді инженерлік қорғау жоспарын бекітті. Бұл жоспар аймақты ықтимал су тасқынынан қорғауға және төтенше жағдай қаупін барынша азайтуға бағытталған шараларды қамтиды.Тексеру барысында облыстағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайы бақыланды. Бұл нысандар халықты және инфрақұрылымды су тасқынынан қорғауда шешуші рөл атқарады. Олардың жұмысы ерекше назарда.Коммуналдық қызметтер 2024 жылдың 15 қарашасына дейін көктемгі тасқын қауіпсіз болуы үшін көпір мен су өткізгіш құбырларда тазарту жұмысын аяқтауы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/881186
Елордада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан аса арнайы техника шығарылды 16.11.2024
11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Астанада 1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшысы қар тазалауға шықты. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер елордадан 24 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 1800-ден астам ауыр жүк көлеміне тең.Қысқы кезеңнің басынан бері 6 мыңға жуық рейс қар полигондарына шығарылды, бұл – 81 мың текше метрден астам қар.11 қараша күні түстен кейін елорда бойынша қар тазалауға 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.Ережелерге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881123
Қауіпсіз орта 16.11.2024
2024 жылғы 8 және 11 қарашада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен облыстың дене шынықтыру және спорт объектілерінің, сондай-ақ «Юбилейный» кинотеатрының басшылары мен қызметкерлері үшін террористтік қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған сабақтар өткізілді.Іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып, терроризм актісі қаупі кезінде эвакуациялау кезіндегі қателіктер және т.б. бейнероликтер көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881129
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық 16.11.2024
Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері облыс әкімінің орынбасарымен бірлесіп Бұқар жырау және Нұра аудандарындағы су басу қаупі бар аймақтарын аралау жұмыстарын жүргізді. Сапар барысында Ғ.Мұстафин атындағы ауылда, Бұқар жырау ауданының Чкалово, Садовое, Қызыл-Жыр ауылдарында, Қантай, Кертенді, Ақмешіт Мыңбаев ауылдарында және Нұра ауданы Нұра ауылында болды.Тексеру барысында ТЖД басшысы мен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстарды бағадап, ұсыныстар берді.Жалпы облыстың елді мекендерінде су тасқынына қарсы негізгі іс-шаралар аяқталды, 55 елді мекенде 150-ден астам іс-шара жүзеге асырылды, оларда 50 шақырымға жуық қорғаныш қорғаны салынып, нығайтылды, 49 тас жол учаскелеріндегі су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 18 шақырым су басу қаупі бар өзен арналары қалпына келтірілді, 6 шақырым су бұру арналары тазартылды.Бүгінде Шет, Абай және Қарқаралы аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/881133
Әділет министрі бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Өнеркәсіптік үлгілер бойынша заңдар туралы шарт жасасу және оны қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференцияға қатысуда 16.11.2024
2024 жылдың 11 қарашасында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) Өнеркәсіптік үлгілер бойынша заңдар туралы шарт жасасу және оны қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференция өз жұмысын бастады.Шарттың негізгі мақсаты - халықаралық аренада өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру үшін ұлттық заңнамаларды оңайлату және үйлестіру. Шартты қабылдау өнеркәсіптік дизайн саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың және озық технологиялармен алмасуға нығаюына ықпал ете отырып, әлем елдерінің жаһандық инновациялық экожүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.Іс-шараға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттердің, сондай-ақ үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың атынан 900-ге жуық делегат қатысуда.Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстандық делегацияны бастап барды.Ресми шараны Сауд Арабиясы патенттік ведомствосының бас директоры, доктор Абдулазиз бин Мұхаммед Аль-Свайлем ашты. Өз сөзінде ол елдің өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғауда бірыңғай тәсіл жасауға ұмтылысын атап өтіп, өнеркәсіптік үлгілерді дамытуды ынталандыру үшін шарттың маңыздылығын атап өтті.ДЗМҰ бас директоры Дарен Тангтің өз сөзінде бұл шарт бүкіл әлем бойынша дизайнерлер мен өнертапқыштар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына, олардың дамуын тиімдірек қорғауға және әлемдік экономикаға қосқан үлестерін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Дарен Тангтің сөзінше бұл құжатты дайындауға 19 жыл уақыт кеткен. Ол зияткерлік меншіктің жаһандық жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болатынын және инновациялар мен креативті экономиканы дамыту жөніндегі бірлескен бастамалар шеңберінде елдердің жақындасуына ықпал ететінін атап өтті.Дипломатиялық конференция аясында Әділет министрі Азамат Есқараев сөз сөйлеп, ДЗМҰ Бас директорымен ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша екіжақты кездесу өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/881142
Париж Олимпиадасының «күміс» жүлдегері елордалық жастармен кездесу өткізді 16.11.2024
«SANA Sport» спорт кешенінде бокстан әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының «күміс» жүлдегері Нұрбек Оралбай мен бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Еркебаев жас спортшыларға арнап шеберлік дәрісін ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесу барысында 24 жастағы Нұрбек Оралбай ізінен ерген жас спортшыларға жетістікке жету үшін жаттығудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, спортпен айналысқан әрбір жан бос уақытын тиімді өткізіп, зиянды әдеттерден алыс жүретінін атап өтті. Артынша оған түрлі сұрақтар қойылып, Париж Олимпиадасындағы шешуші айқас қайсысы болғанын айтты.«Олимпиададағы ең қиын жекпе-жек алғашқы Каллум Питерспен (Аустралия) өтті. Себебі, бастапқы 2 раунд тең түстік. Жеңімпаз шешуші раундта ғана анықталып, жарысты одан әрі жалғастырдық. Бұл кездесу тіпті финалдан да қиын болды деп айта аламын», - деді Нұрбек Оралбай.Ал жеке бапкері Асқар Еркебаев 2009 жылы Оралбайлардың бастапқыда бокс емес, еркін күресті таңдағысы келгенін айтты.«Бапкер ретінде 1995-1996 жылғы боксшыларды жаттықтыратын едім. Ал Айбек пен Нұрбек Оралбай 2000 жылы дүниеге келгендіктен, өздерінен үлкендермен жаттықты. Олар ешкімнен жасқанбай, төзімділігін, мықтылығын көрсете алды. Сол сәтте ағайынды Оралбайлардың халықаралық аренада ел намысын қорғай алатынын байқадым», - деді бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Еркебаев.Жиында тек ақыл-кеңес берумен шектелмей, Нұрбек Оралбай рингте ашық жаттығу өткізді.Айта кетейік, Нұрбек Оралбай ересектер санатында 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының финалына дейін жеткен болатын. Айбек Оралбай болса, 2022 жылы Азия чемпионы атағына қол жеткізген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881029
Елордада колледж студенттеріне қауіпсіздіктің алдын алу бойынша дәріс өтті 16.11.2024
Астана қаласында Білім басқарамасы, қалалық прократура мен полиция департаменті, мәдениет және спорт саласы өкілдерінің қатысуымен қалалық мемлекеттік колледж студенттеріне арналған жеке қауіпсіздік сағаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиын студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары барысында жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы ақпарат берілді.Сондай-ақ, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын-сауық орындарына бару, ұрлық, бопсалау, нашақорлық, ішімдік қолдану және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мәселелері айтылды.Айта кетейік, бас прократураның тапсырмасына сәйкес, 4-11 қараша аралығында 16 мобильдік топ қызметкерлері қаладағы бес аудан бойынша 115 мемлекеттік мекемеде қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырып, жасөспірімдерге дәріс оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881032
Астанада интернет алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр? 16.11.2024
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді, оның 730-ы ашылып, сот органдарына жіберілді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оның айтуынша жалпы алғанда, 120-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал басқа да фактілер бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда.«Халық арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында біз қала өмірінің әртүрлі салаларында дәріс сабақтарын өткіземіз, онда алаяқтар пайдаланатын әдістер мен тәсілдер егжей-тегжейлі ашылады, сондай-ақ негізгі сақтық шаралары жеткізіледі.Сол сияқты адамдар көп шоғырланатын жерлерде профилактикалық сипаттағы үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, жадынамалар мен буклеттер және аудио-бейне материалдар таратылады», - дейді Дастан Қалиев.Спикер өз сөзінде алаяқтардың негізгі қолданылатын әдістерін айтып өтті. Олар:- Банктердің немесе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің атынан қоңыраулар – бұл әдісті алаяқтар күмәнді банктік транзакциялар немесе алаяқтарды ұстау мақсатында арнайы операциялар жүргізу сылтауымен жаңылыстыру үшін пайдаланады.- Онлайн сатып алу – бұл әдісті алаяқтар әртүрлі сауда алаңдарында және әлеуметтік желілерде жоқ тауарлар мен қызметтерді сату кезінде пайдаланады.- Фишингтік сайттарды пайдалану –алаяқтықтың бұл түрі дербес деректер мен банктік мәліметтерді жинауға бағытталған. Мұндай сайттар мен платформалар шынайы сайттарға ұқсас болуы мүмкін.- Инвестициялық жобалар – әдіс бағалы қағаздар мен криптовалютаға тиімді инвестициялармен байланысты. Қаскүнемдер сайттар жасап, онда платформалар ойдан шығарылған сауда-саттық өткізіледі, толықтырулар мен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі.- What'sApp мессенджерінің аккаунтына заңсыз кіру – бұл үшін алаяқтар зиянды сілтемені пайдаланады, сосын ол сіздің таныстарыңыздан келіп түседі, ол арқылы алаяқтар сіздің аккаунтыңызға өтеді. Содан кейін олар сіздің атыңыздан барлық контактілерге ақша қаражатын қарызға беруді сұрап, өздері ұсынған банктік шоттарға жіберуді өтінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881042
Қосшы қаласының әкімі қызметінен босатылды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов өз өтініші негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881005
Қосшы қаласының әкімі тағайындалды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Капышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881016
Жетісуда аудан-қалалардың мәдениет күндері қорытындыланды 16.11.2024
Жетісу облысында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аудан-қалалардың мәдениет күні биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Оның іріктеу кезеңі телевизиялық жоба түрінде өтіп, соңы гала концертпен түйінделді. Атап өтсек, байқау атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді, рухани құндылықтарымызды заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау мақсатында өткізіліп келеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған өнер сайысы «Дәстүрлі ән», «эстрадалық ән», «күй», «би», «терме, жыр толғау», «ауылдың алты ауызы», «айтыс» сияқты бірнеше номинациялар бойынша өтті. Мұнда бақ сынасқан облыстың сегіз аудан, екі қаласының өнерпаздары алдымен іріктеу турларында өз өңірлерінде өнер көрсетті. Ал електен өткен мықтылар Талдықорғанда финалдық сайыста өзара жарысқа түсті.Осы күні табысты өнер көрсеткен термешілердің бірі – жаркенттік Нұржан Батбақбаев. Ол халық термесі «Дүние-айды» орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды:- Жыр-термелер қай кезде де көпшілікке жол нұсқайтын, ақыл беретін, ойландыратын сипатта болып келеді. Ол сонысымен де құнды. Менің мақсатым - ұлттық өнерді кәсіби деңгейде дәріптеп, көпшілікке паш ету. Оған осындай байқаулар мен концерттер көп мүмкіндік береді», - дейді ол.Байқауға әр номинацияның ерекшелігіне қарай, мәселен, «терме, жыр толғау» аталымында дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, Ерболат Шалдыбеков, «айтыс» номинациясына айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, «би» номинациясына биші Талант Қылышбаев т.б. кәсіби мамандар төрелік етті.Мәдениет күндері шарасының қорытындысы ретінде І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мәдениет күндерінің гала концерті мен үздіктерді марапаттау салтанаты атқарылды.Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов марапаттады. Байқауда Панфилов ауданы Бас жүлдеге ие болса, бірінші орынға Талдықорған қаласы лайық деп танылды, екінші орын Ескелді ауданына, үшінді орын Кербұлақ ауданының өнерпаздарына берілді. Сондай-ақ Алакөл, Қаратал, Көску аудандары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегерлердің бәріне арнайы дипломдар, ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/880999
Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салды 16.11.2024
Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Қайратұлы Оразымбетовтың туыстары мен жақындары қатысты.Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Б. Оразымбетов – осы оқу орнының түлегі.Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдардан өтті. Биылғы жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Офицер мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медалдарымен марапатталған.Майор Батыр Оразымбетовтың соңында жұбайы мен екі баласы қалды.Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880845