Enbekshi QazaQ
Конституция

Саясат

Әділет Вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен ҚР үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған № 2 және № 8 баламалы баяндамаларды талқылау бойынша отырыс өткізілді 16.11.2024
2024 жылғы 7 қарашада Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен ҚР үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған № 2 және № 8 баламалы баяндамаларды талқылау бойынша отырыс өткізілді, олардың тақырыптары өмір сүру құқығы, бостандық және жеке басына қол сұғылмаушылық құқығы, азаптаудан және қатыгездік пен жазаның басқа түрлерінен бостандық құқығы, тұтқындардың құқықтары, әділ сот құқығы сияқты іргелі мәселелерді қозғайды.Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) төрт жылда бір рет жүзеге асырылатын БҰҰ-ға мүше барлық 193 мемлекеттегі адам құқықтары туралы ақпаратты шолудың бірегей механизмі болып табылады. ӘКШ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің құрылымына кіреді және әрбір елге адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту мақсатында қабылдаған шаралары туралы хабарлауға, сондай-ақ осы саладағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.Өздеріңіз білетіндей, ӘКШ шеңберінде Қазақстанның қорғауының үшінші циклі 2019 жылы өтті, оның қорытындысы бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің 245 ұсынымы алынды. Оның ішінде, 16 ұсыным өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған, 8 ұсыным азаптау мен тұтқындарды қатыгездікпен қарауды жоюға, азаптау жағдайлары туралы хабарламаларға уақтылы, транспарентті және жан-жақты тергеу жүргізуді қамтамасыз етуге және кінәлілерді жауапқа тартуға қатысты, 5 ұсыным сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға, сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және барлығына әділ сот ісін жүргізу құқығы бағытталған.«Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросы» ҚБ директорының орынбасары Роза Мақсатбекқызы Ақылбекованың үйлестіруімен баламалы баяндамаларды әзірлеуге тікелей қатысқан ҚР ҮЕҰ коалициясының 4 сарапшысы, Ю.А. Гусаков, Б.А. Төрегожина, А.В. Муха, А.И. Солодова сөз сөйледі.Сонымен қатар, «Халықаралық шарттардың қазақстандық қоғамдық мониторингі орталығы» ҚБ ұсынған спикер Галина Викторовна Моисеенко балама баяндамаларға талдауын ұсынды.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар адамның әмбебап құқықтарын қорғауды нығайту бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, оның ішінде ҚР ҮЕҰ Коалициясының қалған бес балама баяндамасын талқылауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/879340
Талдықорғандағы мәйітхана ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталды 16.11.2024
2024-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорған қаласындағы мәйітхана ғимаратында жөндеу жұмыстары аяқталды. 1979 жылы салынған нысан Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сот-сараптамалық зертханасына тиесілі. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы апатты жағдайда болып, күрделі жөндеуді қажет еткен.Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталып, қасбетін кешенді жаңарту, баспалдақтарын қалпқа келтіру, терезелері мен есіктерін ауыстырумен қатар негізгі инженерлік жүйелері - жылу, су және жаңа электр жүйелерімен жабдықталды.Сонымен қатар, жеделсатысы жөнделіп, барлық стандарттар мен ережелерге сәйкес келетін заманауи тоңазытқыш қондырғылар орнатылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/879344
Көкшетау қаласында резервуарлар салу және ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде 16.11.2024
Көкшетау қаласында сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі, жер асты суларының қосалқы кен орнында ескі резервуарлар қайта жөнделуде.Мердігерлік ұйым «ВТК СтройМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылғы тамыздан бастап жалпы сыйымдылығы 600 м3 болатын екі жаңа су сақтайтын резервуар салуды іске асырылуда. Бұл екі жаңа резервуардың құрылысы жинақталған су көлемін едәуір арттыруға, тіпті жоғары тұтыну кезеңінде де қала тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұған қоса, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту шеңберінде көлемі 500 м3 ескі резервуар қайта жаңартылатын болады. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартуға және суды сақтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Жобаның маңызды элементі жер асты суларының қосалқы кен орнында үш жаңа ұңғыманы бұрғылау болып табылады. Жаңа ұңғымалар жүйеге қосымша су ағынын қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қаланың ауыз суға деген қажеттілігінің артуы жағдайында маңызды болып келеді.«Бұл жұмыстарды іске асырғаннан кейін қала тиімдірек және сумен жабдықтау сенімді жүйесіне ие болады. Бұл инфрақұрылымның ықтимал төтенше жағдайларға төзімділігін арттырады және тұтынушыларға қолжетімді су көлемін арттырады» дейді «Су Арнасы» кәсіпорнының бас директоры Ю.Шенгальц.Жалпы жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/879248
Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді 16.11.2024
QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан.QS агенттігінің өкілдерінің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындары жақсы серпін көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астам көрсеткішке жақсартқан.Мысалы, 22 қазақстандық жоғары оқу орны өз позициясын жоғарылатты, үш ЖОО өз позициясын сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рейтингтің алғашқы 100-іне енді. Сондай-ақ, Satbayev University 89-шы орынды иеленіп, ТОП-100 қатарына кірді.Бір жылдық үзілістен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті рейтингке қайта оралып, 801-850 санатына енді.Айта кетейік, Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне 25 ел мен аумақтан 985 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестік Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары болды.Бұл рейтингті әлемдегі ең беделді агенттіктердің бірі QS Quacquarelli Symonds әзірлейді, ол университеттерді академиялық бедел, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу сияқты критерийлер бойынша бағалайды.Алматының 13 университеті мен олардың QS Asia University Rankings 2025 рейтингіндегі орындары:1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 29-орын.2. Satbayev University – 89-орын.3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 131-орын.4. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 149-орын.5. Қазақстан-Британ техникалық университеті – 230-орын.6. КИМЭП университеті – 269-орын.7. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 305-орын.8. Narxoz University – 345-орын.9. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 345-орын.10. Алматы технологиялық университеті – 354-орын.11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 751-800-орын.12. «Тұран» университеті – 751-800-орын.13. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 801-850-орын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879290
Облыс әкімі Татарстан Республикасының Раисымен кездесті 16.11.2024
Татарстан Республикасындағы Абай облысының мәдени күндері аясында Қазан қаласына жұмыс сапарымен Абай облысының делегациясы келді. Сапар барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов кездесті. Бұл сапардың мақсаты – екі аймақ арасындағы байланысты, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту.Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы кең ауқымды мәселелерді және экономикалық, мәдени саланы қамтиды. Әріптестік бастамалар екі жақты қарым-қатынастарды тереңдетуге ықпал етеді.Тараптар атап өткендей, мәдени ынтымақтастық – өңіраралық қатынастардың ажырамас бөлігі. Семей қаласында татар өнер мектебі табысты жұмыс істеп келеді. Шаһарда татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайға ескерткіш пен халық қаһарманы Мұса Жәлелдің бюсті бар. Қазан қаласында Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Сонымен қатар, облыс орталығында Сабантой жыл сайын кең көлемде атап өтіледі. Негізгі татар мейрамына мыңдаған азаматтар қатысады.«Біз ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастар аясында Татарстанмен ынтымақтастықты дамытуға берілген мүмкіндікті жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін Татарстан экономиканың түрлі салаларында сенімді дос, сенімді серіктес болды және солай болып қала береді. Татарстан Республикасы – дәстүр, бабалар даналығы мен заманауи мәдениет, инновация тоғысқан бірегей мекен. Біздің қоғамымыз әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді біріктіреді. Сіздің басшылығыңызбен қазіргі Татарстан көптеген елдерге, сондай-ақ Ресейдің басқа аймақтарына үлгі болды. Абай облысы түрлі салаларда екі жақты қарым-қатынастарды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы сапар аясында Татарстан Республикасының заманауи жетістіктерімен танысуға және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға тамаша мүмкіндік туып отыр. Өйткені, өткеніміз ортақ, тарихымыз, салт-дәстүрлеріміз ортақ», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.Осы орайда Нұрлан Ұранхаев Татарстан Республикасының Раисы Рустем Миннихановты «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрінің концертін тамашалауға шақырды.️Сонымен қатар, білім, ғылым, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастық екі тарап үшін де үлкен мән- маңызға ие. Бұл бағыттарды дамыту халықтар арасындағы байланысты нығайтып, екі мәдениеттің де бірегей дәстүрлері мен жетістіктерін қолжетімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879250
Татарстанда Абай мұражайы қорындағы жәдігерлер көрмесі ашылды 16.11.2024
Татарстан Республикасының Қазан Кремлінің көрме залында Абай облысының мәдени күндері аясында «Жидебай-Бөрілі» мәдени-әдеби-мемориалдық музей-қорығы ұйымдастырған «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты көрменің ашылуы болды.Қазан қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы көрменің ашылуына қатысты.Қазақстанның мәдени-тарихи орталығы атанған Семей қаласы Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды даңқты тұлғаларымен әйгілі. Дәл осы жерде 1940 жылы еліміздегі тұңғыш Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Қазір республикалық музей-қорық саналатын мәдениет ошағының Абай облысында он филиалы бар.Көрмеге Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовке қатысты жәдігерлер қойылады. Бұл Татарстан тұрғындарын қазақтың ой алыптарының өмірі мен қызметімен таныстыратын жеке заттар, кітаптар мен қолжазба материалдар.Абай 1885 жылы, көзі тірісінде қалалық тарихи-өлкетану мұражайына қазақ халқының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін жан-жақты көрсететін 60-тан астам жәдігерді сыйға тартты. 1964 жылы оның 23-і музейге берілді. Бұл – домбыра мен ақынның аңшылық белбеуі, сойыл, былғары сауыт және т.б. Көрмеде Абай оқыған медреседегі кітаптар да қойылды. Бұл ХVIII-XIX ғасырлардағы араб, парсы және түрік тілдеріндегі бірегей басылымдар. Сондай-ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтің жеке заттары көрсетілді.Көрмеге мұражай қорынан барлығы 80-нен астам жәдігер қойылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879258
Биік үйлердегі қауіпсіздік 16.11.2024
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін «Биік үйлердегі қауіпсіздік» акциясын өткізді.Бұл акцияның мақсаты-өрт қауіпсіздігі ережелері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.Іс-шара аясында құтқарушылар ағымдағы жылғы өрттердің статистикасы туралы айтып, олардың пайда болуының негізгі себептерін атап өтіп, ықтимал салдарын талқылады. Өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше назар аударылды. Тұрғындарға өрт сөндіргіштер сияқты алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігі көрсетіліп, шартты өрт ошағына суды қалай дұрыс беру керектігі түсіндірілді.Аталған іс-шара соңында тұрғындарға өрт кезіндегі іс-әрекеттерге, балалардың терезеден түсуінің алдын алуға, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсуге бағытталған бейнероликтер көрсетілді.Бұл акцияның мақсаты-өрт қауіпсіздігі ережелері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.ҚР ТЖМ еске салады: биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-бұл азаматтық қорғау органдарының басқарушы компаниялары мен қызметтерінің міндеті ғана емес, сонымен қатар әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі. Тұрақты жаттығулар, жүйелерді тексеру, ережелерді сақтау және өрт болған жағдайда нақты іс-қимыл жоспары қайғылы жағдайдың алдын алуға және өмірді сақтауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879259
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен тасқынның алдын алу туралы жиын өтті 16.11.2024
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Атырауда жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіЖылыой ауданы Құлсары қаласында Құрсай каналының 32 шақырымы тазартылып, тереңдетілді. Мұндай жұмыстар осы айда Жем өзенінде басталды. Жалпы ұзындығы 55 км болатын жағаның 1,5 км тазарып-тереңдетілді. Бұдан бөлек 58 км қорғаныс бөгетін салу жоспарланып, оның 24 км-і тұрғызылды,-деді С.Шәпкенов.Облыс әкімі жиында су шаруашылығы құрылыстарын басқаруға алу үшін «Табиғат» мекемесі құрылғанын айтты.- Тасқын кезінде тұрғызылған 590 км бөгетті облыс теңгеріміне алу жұмыстары жүріп жатыр. Көктемге дейін аталған бөгеттердің сапасын тексеріп, қажет болса, жаңадан тұрғызылған бөгеттерді нығайтамыз. Жайық өзенінің өткізу қабілетін арттыруда Каспий теңізіне шығыс беттегі сағасы тереңдетілуде. Бұл Құрманғазы ауданы Қиғаш өзенінде жалғасуда. Су тасқынына дайындық жұмыстары жүйелі жүріп жатыр,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/879138
Облыс әкімдігінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау жөнінде семинар-брифингі өтті 16.11.2024
Абай облысы әкімдігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде семинар-брифингі өтті. Шара қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, әкімдіктердің дербес бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ облыстық басқармалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың, облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.Брифинг барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, азаматтарды қарау барысында туындайтын мәселелерді айтты. Олардың көпшілігі тек нормативтік талаптарды сақтау мәселелеріне ғана емес, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары шағымдар мен өтініштерді қарау кезінде кездесетін қиындықтарға да қатысты болды.Кездесудің мақсаты – әкімшілік рәсімдер саласындағы заңнаманы қолдануға қатысты өзекті мәселелерді талдау, сондай-ақ қатысушылар арасында тәжірибе алмасу. Талқылау барысында нормативтік талаптардың сақталуына да, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеу барысында туындайтын қиындықтарға да қатысты мәселелер көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879106
ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының, 2-фазасы" жобасын басқару тобының консультаты Төлебай Сағадиұлы өз жұмысы жайлы айтып берді 16.11.2024
Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңнан астам адам еңбек етеді. Министрлік құрылған күннен сушылардың мәртебесін арттыру бағытында белсенді жұмыс атқарылуда.Осыған орай ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының, 2-фазасы" жобасын басқару тобының консультаты Төлебай Сағадиұлы өз жұмысы жайлы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/879113
Астананы көгалдандыру: жергілікті суару жүйелері және қала тұрғындарының жайлылығы үшін миллиондаған өсімдік 16.11.2024
Биыл қалада бір миллионға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызылады. Оның басым бөлігі қазірдің өзінде отырғызылды, сол сияқты жасыл белдеу де назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, жасыл желектер көрікті жерлерге, мәдени, спорттық, білім беру және т.б. нысандарға отырғызылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді.Мысалы, Байқоңыр ауданында 1500-ден астам ағаш, 8 мың шаршы метрден астам гүлзар, 732 п.м. бұталы қоршау, 5000-нан астам сәндік гүлді бұталар отырғызылды.2025 жылы тұрақты суаруды қамтамасыз ету және екпелерді қолдау үшін 1500 ағаш, 31 мың бұта, 6 мың шаршы метр гүлзар және т.б. отырғызу жоспарланып отыр. Көгалдарды тұрақты суару және күтіп-баптау үшін биыл ұзындығы 28,8 шақырымды құрайтын 5 аумаққа жергілікті суару жүйелері орнатылды. Бұл шаралар жасыл кеңістікті сақтауға және суды тұтыну мөлшерін азайтуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879062
Бос жерден жасыл аймаққа дейін: Астанада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер қалай абаттандырылып жатыр 16.11.2024
Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оның аясында жайлы демалыс орындары ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мұның бәрі қала тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құру үшін жасалады. Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын өткізетін тартымды орындар көптеп ашылды.Кешенді жұмыс қаланың әр ауданында гүлзарлар, қоғамдық кеңістіктер, саябақтар болуы үшін полицентрлік қағидаты бойынша жүргізіледі.Мысалы, Байқоңыр ауданында 60 аула мен 13 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, оның 8-і бос жерде орналасқан, оның бесеуінде кешенді абаттандыру жүргізілді.Бұрын бос тұрған учаскелер қазір абаттандырылған аймаққа айналды: жасыл желектер отырғызылды, көше жиһаздары мен жарықтандыру орнатылды, бұл қала тұрғындарының демалуы үшін жайлылық жасайды. Абаттандыру процесінде қаланың шетіне де ерекше назар аударылады.С.Торайғыров көшесі, 2 мекенжайына іргелес аумақта, Толстой-Абыралы көшелерінің қиылысында, Өндіріс елді мекеніндегі Құрманғазы көшесінде, «Қоянды» саяжай алабында, Кирпичный елді мекеніндегі Көксеңгір көшесінде, Қазқалашық елді мекеніндегі Қарақұм көшесінде, Мұнайшылар елді мекеніндегі Әл-Фараби көшесінде, Өндіріс елді мекеніндегі Тайбурыл көшесінде тұрған бос жерлерге жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылды. Мұнда демалуға арналған тыныш орындар, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, спорт аймақтары бар. Бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды.Астананың барлық ауданы жөндеу-қалпына келтіру жұмысымен қамтылды. Келесі жылы аулалар мен қоғамдық орындарды (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879065
Астанадағы әлеуметтік көмек: жыл сайын 187 мың тұрғын қолдау алады 16.11.2024
Елордада жыл сайын әлеуметтік қолдаумен 187 мыңнан астам азамат қамтылады. Олардың қатарында жасы бойынша зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедек адамдар, мүгедек балалар, көпбалалы отбасылар, Алтын алқа және Күміс алқа алқаларымен марапатталған аналар, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған азаматтар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мереке және атаулы күндерде біржолғы ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл көмек түрін қаланың 165 мыңға жуық тұрғыны алады. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 140 мыңнан астам адам тегін қызмет алады. Олардың арасында ХӘОТ үшін әлеуметтік көмек, жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу, қатты отын сатып алуға, газдандыруды қосуға, ауыз қуысын протездеуге дейінгі тегін санациялау және тіс протездеуге, тегін жол жүруге, коммуналдық қызметтерді төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек бар.Мысалы, жыл басынан бері Байқоңыр ауданында «Qazaq oil» компаниясының қолдауымен «Игі істер марафоны» акциясы аясында 1500 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді. Демеушілердің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасы 120 тонна көмірмен қамтамасыз етілді, олар: жасы бойынша зейнеткерлер, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б.«Мектепке жол» акциясы аясында аудан мектептерінің 1200 оқушысына мектепке қажетті керек-жарақтар берілді.Сонымен қатар, ана мен баланы әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылады. Елордада 34 248 көпбалалы отбасы тұрады, оның ішінде 27 мыңы – 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар. 7 088 ана Алтын алқа және Күміс алқа алқаларымен марапатталды.Қазіргі уақытта Астанада атаулы әлеуметтік көмекті 2 400-ден астам отбасы алады, оның құрамында 12 мыңнан астам адам бар.Сонымен қатар, Астанада Мемлекеттік қызметтерді біріктіретін және оларды «бір терезе» қағидаты бойынша көрсететін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері мұнда 37 000-нан астам сұрақ бойынша 35 000-нан астам адам жүгінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879073
Апатты тұрғын үйден заманауи кешендерге дейін: реновация Астанаға қандай өзгеріс әкеледі 16.11.2024
Елордада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және елорда тұрғындарын жаңа тұрғын үйлерге көшіру қарастырылған. 2024 жылы 33 апатты үйдің тұрғындары 703 пәтерге көшіріледі, осылайша елорданың 3000-ға жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2013 жылдан бастап 286 апатты үйдің тұрғындары қоныс аударды, 4500-ден астам отбасы жаңа абаттандырылған пәтерлер алды.2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту жобасы аясында 206 апатты үйдің тұрғындары Астанада 4 710 пәтерге көшіріледі.Мысалы, Байқоңыр ауданында инвесторлармен бірлескен жұмыстар басталды. Жаңарту елорда ауданының орталық бөлігінде 343 гектар жерді қамтиды.Бағдарлама аясында Бас жоспарға сәйкес Байқоңыр ауданының аумағында 865 ескі және ескірген тұрғын үйлер бұзылады.Оның орнына көпқабатты тұрғын үйлер, 9 білім беру мекемесі, 7 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 4 емхана, 3 медициналық орталық, 6 спорт және мәдениет нысаны, 27 коммерциялық нысан, оның ішінде СОО, бизнес-орталықтар, қонақ үйлер мен паркингтер, сондай-ақ 6 сквер салу жоспарланып отыр.Бүгінгі таңда ауданда Кенесары, Асан қайғы, Тараз көшелерінің қиылысындағы ескі үйлерді бұзу жұмысы басталды.Тұрғын үй қорын жаңарту тұрғын үйді және үй орналасқан жер учаскесін реквизициялау тәртібімен апатты (ескірген) тұрғын үйді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қаланың «ескі» кварталдарын кешенді реконструкциялауды көздейді.Жобаның шарттары бойынша авариялық үйлердің тұрғындарына құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес бөлмелер санына және тұратын адамдар санына қарамастан, ауданы бойынша бірдей мөлшерде, бірақ кемінде бір бөлмелі жаңа пәтерлер беріледі.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін ТК жөндеу, лифтерді ауыстыру, жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Осы бағыт бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879086
Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды 16.11.2024
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылында 1500 орынға арналған жекеменшік «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі ашылды. Бұл білім ордасы заман талабына сай, жаңа құрылғылармен жабдықталған және оқушыларға сапалы білім беруге бағытталған. Мектептің ашылу салтанаты ауыл тұрғындары, облыс басшылығы, құрметті қонақтар мен мектеп ұжымының қатысуымен өтті.Салтанатты шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара, «Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы, сондай-ақ облысымыздың құрметті азаматтары, ақжаулықты аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.Ашылу рәсімі Исағұлова Гүлсараның құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде білім беру саласындағы осындай маңызды жобалардың қоғамның дамуына тигізетін оң әсерін атап өтіп, жергілікті кәсіпкерлердің игілікті істеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған бұл мектептің ауыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.«Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы да жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтап, өз сөзінде: “Бұл мектепті салу мақсатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамасында 1000 мектептің салынуына орай, кәсіпкерлер өз үлесімізді қосайық деп мектеп салып бастадық. Бірінші мектебімізді Іле ауданында аштық, екінші мектебімізді Еңбекшіқазақ ауданында ашып жатырмыз,” — деп атап өтті. Сонымен қатар, мектептің құрылыс жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгені және оның халықтың талап-тілектеріне толық жауап беретіндігі туралы айтты.Бұл білім ордасы 1500 орындық, ал оның құрылысына 5,6 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Мектептің жаңа ғимараты заманауи талаптарға сай жабдықталған және оқушылар үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтылған.Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнара Сағатқызы Жошыбаева құттықтау сөз сөйлеп, мектептің ауыл жастарына білім мен даму жолында үлкен мүмкіндік сыйлайтынын атап өтті.Жаңа мектептің ашылуы — Алматы облысының білім саласына қосқан үлкен үлесі әрі ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Енді осы жерде көптеген талантты шәкірттер тәрбиеленіп, олар еліміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/879082
Жылу желілеріндегі бейнетіркеуіш: нысандарды тексеру кезінде жылу инспекциясы инженерлерінің жұмысындағы жаңа стандарт 16.11.2024
Алматы жылу желілері тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде жылу инспекциясының жұмысын жақсарту үшін нысандарды тексеру кезінде бейнетіркеуіштерді қолдана бастады. Бұл бастама инженерлер жұмысының дәлдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ деректерді жинауды оңтайландыруға бағытталған.Бейне жетондарды енгізу – бұл күнделікті жұмыс барысында үдерістерді цифрландыру мен ашықтықты арттыруға жасалған қадам.«Кәсіпорнымызда инженерлердің жұмыс тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында бейнетіркеуіштер енгізілді. Бұл құрылғылар нысандарды тексеру кезінде жұмыс барысындағы маңызды сәттерді тіркеп, орындалған тапсырмаларды бақылауға, сондай-ақ кәсіпорын стандарттарының сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді жылу инспекциясының жетекші маманы.Бейнетіркеуіштер инженерлерге ақпаратты нақты уақыт режимінде жедел беруге, деректер архивін құруға және сапаны бақылауға көмектеседі. Бұл құрылғылар ықтимал мәселелерді анықтау мен штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға арналған маңызды құрал болмақ.«Бұл шешім өзінің тиімділігін дәлелдеді: бейнетіркеуіштер қызмет көрсету сапасын арттырып, қателіктер ықтималдығын төмендетеді және даулы мәселелерді шешуге көмектеседі. Бейнежазба жағдайды объективті түрде қарауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алады», – деді жылу инспекциясының басшысы Маржан Балбаева.Кәсіпорын өндірістік процестерді оңтайландыру, қауіпсіздікті арттыру және қызметкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты жақсарту үшін заманауи технологияларды қолдануға тырысады. Бейнетіркеуіштерді енгізу – бұл жоғары сапа стандартына бағытталған тиімді әрі ашық өндіріс құруға жасалған тағы бір қадам.АлЖЖ атап өткендей, цифрлық технология жылу инспекциясы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, жемқорлық тәуекелдерін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879000
Алматыда жыл соңына дейін бірыңғай видеомониторинг жүйесінің 50 мың видеокамерасы қосылады 16.11.2024
Алматыда 2024 жылдың соңына дейін 2022 жылы іске қосылған бірыңғай видеомониторинг жүйесінің (БВМЖ) 50 мың видеокамерасы қосылатын болады. Бұл туралы мегаполистің цифрландыру басқармасы хабарлады.Жыл басынан бері қазіргі уақытқа дейін қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен шығарылған 15 мың камераны ескере отырып, 45 мың камера қосылды, ал 2025 жылға қарай бұл сан 70 мыңға дейін артады. Видеожазбалар 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардан алынды.Сонымен қатар, Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің (АБК) 300 камерасы орнатылған. Осылайша, бүгінде 1 641 АБК жұмыс істейді.Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін 71 денсаулық сақтау объектісінің аумағында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879003
Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды 16.11.2024
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Курильская көшесі, 11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған.Бұған дейін Danil ЖК тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында орын алған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған болатын.Нұсқаманың талаптарын орындамауы салдарынан Басқарма объектіні бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді.2024 жылғы 14 мамырда Басқарманың талап-арыз талаптары қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879072
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында мүгедектігі бар 20 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алды 16.11.2024
Биылғы жылы әлеуметтік қызметтің 55 түрі техникалық оңалту құралдары және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді.Ақтөбе облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның хабарлауынша, облыста 30241 мүгедектігі бар азамат тұрады, оның ішінде 5 305 бала. Жыл басынан бері портал қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар 20 166 адам пайдаланған. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкердің үйдегі көмегі 388 ерекше балаға және 1655 жалғызбасты қарт адамдар және мүгедектерге көрсетіледі.«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 қоғамдық ұйым ерекше білім беру қажеттілігі бар 378 балаға оңалту көмегін көрсетеді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар 743 ақтөбелік әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет алады. «Инватакси» қызметі үзіліссіз жұмыс істейді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі 1 849 адам инватакси қызметін пайдаланады. Арнайы көтергішпен жабдықталған 9 автокөлік қызмет көрсетеді», - деді Ләззат Оразбаева.Басқарма басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне де тоқталды. Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 1 449 мүгедектігі бар адам қамтылды. Оның 450-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 410 адам субсидияланған жұмыс орындарына жіберілді. Тағы 473 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті, мүгедектігі бар 92 адам өз бизнесін ашуға грант алды.«2024 жылы жұмыс берушілердің мүгедектігі бар жандар үшін жұмыс орындарын құру жөніндегі шығыстарын субсидиялауға 14,1 млн теңге сомасына қаржы бөлінді. Есепті кезеңде 6,8 млн теңгеге 8 арнайы жұмыс орны құрылды. 70 кәсіпорында мүгедектігі бар 147 адамға квота белгіленді. Квотамен бүгінде 64 адам жұмысқа орналастырылды», - деп атап өтті басқарма басшысы.Сонымен қатар, Есет батыр шағын ауданында 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының құрылысы жалғасуда. Нысанды 2025 жылы тапсыру жоспарланып отыр.Баяндамашы сөзін тыңдай келе, облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға объектілерге кедергісіз кіру, бейімдеу бойынша жұмысты жеделдетуді тапсырды. Бүгінгі таңда облыста жоспарланған 1292 нысанның 874-і бейімделген. Сондай-ақ оларға қоғамда инклюзивті орта құру жөніндегі жұмысты күшейту және денсаулық сақтау, білім беру мекемелерімен неғұрлым тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879004
АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту бойынша шаралар қабылдауда 16.11.2024
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.ҚР АШМ агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жыл сайын тұрақты өсім байқалатынын атап өтті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі саласында өсім байқалады. Өндіріс көлемі 2,1% - ға артып, 3,1 трлн. теңгеге жетті. АӨК өнімінің экспорты 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 43% - ға дейін өсіп, 2,2 млрд. АҚШ долларына жетті.«Салаға инвестициялар ағыны артып келеді. 2023 жылы тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 156 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% - ға артық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 118,8 млрд. теңге сомасына 48 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл жетістіктер инвестициялық субсидияларды, шикізатқа субсидияларды, салықтық жеңілдіктерді қамтитын мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына негізделген», - дамудың үш негізгі бағытын атап өтті Назгүл Хатепова.Сонымен, ұн, жарма, макарон және басқа да өнімдер өндіретін 350 кәсіпорын астық өңдеумен айналысады. Ұн өндірісі (3,2 млн.тонна) ішкі тұтынудан асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша (1,9 млн. тонна) әлемде жетекші орындардың бірін алады. Саланың дамуын ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялар (50% дейін), кредиттер мен салықтар бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ экспорт кезінде көлік шығындарын өтеу көзделген. 2024-2026 жылдар кезеңінде астық өңдеу бойынша 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қытайға астық өңдеу өнімдерінің экспортын кеңейту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.Майлы дақылдарды өңдеумен 80 кәсіпорын айналысады. 2023 жылы олар 672 мың тонна май өндірді, бұл ішкі тұтынудан едәуір асады (368 мың тонна). Ағымдағы жылы өндірісті 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болжанып отыр.Қант өндірумен 2023 жылы ішкі нарық қажеттілігінің 44% (507 мың тонна) қамтамасыз еткен 4 жұмыс істеп тұрған зауыт айналысады, бұл ретте қанттың 13% - ы отандық шикізаттан өндірілген. Саланы қолдау үшін субсидияларды, салықтық жеңілдіктерді ұлғайтуды қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді және Жамбыл облысы мен Павлодар қаласының Шу қаласында екі жаңа зауыт салу мәселесі қаралуда.Сүт, ет, тері және жүнді қоса алғанда, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері қозғалды.2023 жылы 2,1 млн. тонна сүт өңделді, жалпы сомасы 584,8 млрд. теңгеге сүт өнімдері өндірілді. Қайта өңдеумен қуаттылығы жылына 2,7 млн. тонна сүтті құрайтын 180 кәсіпорын айналысады, жалпы жүктемесі шамамен 77%. Импортты одан әрі алмастыру және қуаттардың жүктемесін арттыру үшін ККМ құрылысына жеңілдікпен кредит беру жобасы іске асырылуда. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна (құс етін есептемегенде) және жүктемесі 54% болатын 210 ет өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Салқындатылған ет нарығы 101% – ға, шұжық өнімдері 60% – ға, консервіленген ет өнімдері 28% - ға қамтамасыз етілген.Теріні өңдеумен 9 кәсіпорын айналысады, жүн өңдеумен - 13. Теріден желатин және жемшөп қоспаларын өндіруді дамыту, сондай-ақ өрескел және жартылай өрескел жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу жоспарлануда. Алматы қаласында қуаттылығы 7 мың тонна желатин өндіру бойынша бір жоба, СҚО мен Алматы облысында жемшөп қоспаларын өндіру бойынша екі жоба іске асырылды.2024 жылдың 9 айында азық-түлік өндірісі 2,4 трлн.теңге құрады. (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% - ға өсім). Бірқатар сүт өнімдері, қант және өсімдік майы өндірісінің өсуі байқалады.Үкімет 2028 жылға қарай азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 1,4 есеге ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70% - ға дейін жеткізуге бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879047