Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматы облысының оқушылары мектеп аулаларына 1000-нан аса құс ұясын орнатты 18.03.2025
Аталған шара “Халықаралық құстар күніне” орай, Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің базасында ұйымдастырылды.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман шаруашылықтарының қолдауымен колледж студенттері өз қолдарымен 1000 торғай ұясын жасап, оларды мектеп оқушыларына табыстап, ал мектеп оқушылары болса өздерінің білім беру мекемелерінің аумағына орналастырды.Бұл құстарға жаңа әрі қауіпсіз ұя салатын орындар қалыптастыруға мүмкіндік берумен ғана қоймай, өңірдің экожүйесін сақтауға да жастардың зор үлесін қосуы деп танысақ қателеспейміз.Ұйымдастырушылардың пікірінше, табиғатты қорғау балалық шақтан қалыптасады, ал табиғатқа қамқорлық – болашаққа жасалған инвестиция.Бұл эко-акция облыстың барлық аудандарында да өз жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/959903?lang=kk
Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды 14.03.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында ТКШ саласы мен халық ең тығыз қоныстанған Алматы және Түркістан облыстарының инвестициялық көрсеткіштері қаралды.Биыл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен өңірлердің алдында елімізде кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті тұр. Штаб отырысында 2025 жылдың алғашқы екі айында Қазақстанда 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгені айтылды. Бұл 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 6,8%-ға төмен. Оның ішінде 1,2 млн шаршы метрі – көппәтерлі тұрғын үйлер, ал 713 мың шаршы метрі – жеке үйлер. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаевтың айтуынша, құрылыс қарқынының төмендеуі маусымдық жағдайларға байланысты, дегенмен күн жылынысымен бұл көрсеткіштер қайта қалпына келеді. Алматы облысында 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 980 млрд теңгені (80% жеке, 20% бюджеттік) құраса, 2025 жылға қойылған KPI – 1,35 трлн теңге. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі $541 млн-ға жетеді, 2025 жылы KPI – $532 млн. Биылғы екі айда 89 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Инвестициялардың негізгі үлесі – бюджеттен тыс қаражат. Өңірде ең тартымды инвестициялық салалар – өнеркәсіп (32%), жылжымайтын мүлік (22%), көлік және қоймалау (16%), білім беру (17%).Қазіргі уақытта облыстың инвестициялық портфелі 57 мың жұмыс орнын ашатын 6,3 трлн теңге сомасындағы 200 жобаны құрайды. 2025 жылы осы жобалардың 35-і іске қосылып, 303 млрд теңгеге 4,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Штаб отырысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев инвестициялық жобалардың жүзеге асуын тежейтін бірқатар мәселелерді көтерді. Солардың бірі – Алатау қаласының бас жоспарын түзетуге байланысты. Бес жоба іске асырудың белсенді кезеңіне өтсе де, 11 жоба жобалау және құрылыс жүргізуге қажетті рұқсат құжаттарын ала алмай отыр. Вице-премьер ӨҚМ-ге бұл мәселені жақын арада шешуді тапсырды.Тағы бір жоба – балық шаруашылығы кешенінің құрылысы – инвестициялық субсидиялар бойынша лимиттердің қысқаруына байланысты өндірістік қуаттарды кеңейтудің одан әрі кезеңдерін тежеді. Қуаттылығы 1 мың тонна, ал құны 9,5 млрд теңгені құрайтын 1-кезең іске қосылғаннан кейін, қалған 70 млрд теңгені құрайтын 9 кезең инвестицияларды мемлекет тарапынан әрі қарай өтеуге қатысты белгісіздікке байланысты тоқтатылды. Премьер-министрдің орынбасары АШМ-ге инвестор кешеннің құрылысын жалғастыра алуы үшін балық өнімдері жобасындағы лимиттерді қайта қарауды тапсырды.Сондай-ақ отырыста жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылымды жүргізу, Алматы облысының бірқатар туристік нысандарына жол салу мәселелері қаралды. Түркістан облысы кластерлік үлгіде дамып келеді. Қазіргі уақытта өңірде үш ірі кластер құрылған: мақта-мата (5 жоба, 197 млрд теңге), жүгері (2030 жылға дейін жүгері өсіру көлемін 30%-ға арттыру және крахмал-потокасы зауытын іске қосу) және ет өндірісі (5 жоба, 43 млрд теңге). Жалпы, 2024-2027 жылдарға арналған инвестициялық жобалар портфелінің құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 145 жобаны қамтиды. Бұл жобалар аясында 20,3 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке 100 млрд теңге қосымша салық түсімі күтілуде. 2024 жылы 137 млрд теңгеге 57 жоба іске асырылып, 2,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 2025 жылы тағы 57 жоба 322 млрд теңгеге іске қосылып, 6,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Тек ауыл шаруашылығы саласында 68 жоба жүзеге асырылып, 423,7 млрд теңге инвестиция тартылады, нәтижесінде 9,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Штаб отырысының қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық өңірлерге жергілікті бюджеттен инвестициялық жобаларға қаржы бөлуді уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. Ал республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттер белгіленген мерзімде бөлінетін болады.«Биыл Үкімет әлеуметтік-экономикалық өсу болжамдарымен салыстырғанда экономикалық өсу индикаторларын ұлғайту міндетін қойып отыр. Бұл үшін біз «Бәйтерек» холдингі арқылы ірі бизнес пен ШОБ-ты 8 трлн теңгеге несиелендіруге 1 трлн теңге бағыттаймыз. Ең басты назар – ЖҚҚ беретін қайта өңдеу жобаларына аударылады. Ұлттық экономика министрлігі әрбір өңір үшін экономикалық өсім индексінің салалық декомпозициясын жасады, ал ӨҚМ жақын арада тұрғын үй құрылысының 19 млн шаршы метр көлеміне қол жеткізу бойынша ұқсас схеманы ұсынады. Барлық қойылған индикаторлар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/957014
Өңірде 7,5 мыңнан астам қаңғыбас ит ұсталды: мәселе қалай шешілуде 13.03.2025
Жыл басынан бері өңірде 7 558 ит пен 29 мысық ұсталды. Алайда олардың ішінде тек 82 ит қана иелеріне қайтарылды, бұл жануарларды қараусыз ұстаудың кең таралғанын көрсетеді. Жануарларды ұстау ережелерін бұзғандарға 3,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды – әкімшілік шаралар 133 иеге қолданылды.Соңғы оқиғалардың бірі – Құмтоған ауылында болған жағдай. Мұнда қаңғыбас иттер үй жануарына шабуыл жасаған. Ветеринариялық қызметтер жедел жетіп, 9 итті ұстады. Жараланған жануарға көмек көрсетілді, ал бұл аумақ бақылауға алынды. Мұндай жоспарлы рейдтер өңірдің басқа елді мекендерінде де жалғасады.Мамандар тек айыппұлмен мәселені шешу мүмкін еместігін атап өтеді. Өңірде иттерді міндетті түрде чиптеу, стерилизациялау және үй жануарларын ұстау талаптарын қатаңдату шаралары қарастырылуда. Жануар иелерін жауапкершілікке шақырады, өйткені қаңғыбас иттер тек қауіп төндіріп қана қоймай, оларды ұстау мен жоюға миллиондаған қаржы жұмсалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/955983
«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының қатысушыларына 8 млн аса АҚШ долларын аударды 12.03.2025
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 8 млн аса АҚШ долларына 75 329 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 4,65 млн астам АҚШ долларына 43 781 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,35 млн АҚШ долларына 31 548 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (4,53 млн аса АҚШ долларына 42 622 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 37,44 мыңнан аса АҚШ долларына 362 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 32,81 мыңнан аса АҚШ долларына 325 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (2,88 млн аса АҚШ долларына 27 020 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (354,24 мыңнан аса АҚШ долларына 3 421 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (99,78 мыңнан аса АҚШ долларына 971 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/955146
«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлемі: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек 12.03.2025
Зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлеміне кімдер құқылы?Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер-61 жас), сондай-ақ 1 немесе 2 топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Кесте бойынша төлемдер қалай есептеледі?Кесте бойынша берілетін төлемдер былай есептеледі: зейнетақы төлемін ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге).Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. Егер БЖЗҚ-дан төлем жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналған белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін алу үшін қайда және қашан жүгінуге болады? БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Мұны зейнет жасына толғанға дейінгі 10 күн бұрын жасау керек. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте өтініш берілген күн болып, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін, ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. Бұған қоса, телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберілетініне назар аударамыз. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізіміне сілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді. Себебі, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды. Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады. Мерзімсіз уақытқа бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет. БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін барып көрсетілетін қызмет ұйымдастырылғанына назар аударыңыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда шықпай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүргізіледі. Атап кеткен жөн, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер» бөлімінде зейнетақы төлемдеріне, оларды беру тәсіліне, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарға, өтініш бланкілеріне және оларды толтыру үлгілеріне, сенімхат үлгісіне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі орналастырылған. «Онлайн қызметтер» бөлімінде БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/954872
Алматы облысында еңбегімен танылған арулар марапатталды 07.03.2025
Алматы облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетілді.Салтанатты жиында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ел дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің қоғамдағы маңызын атап өтті. “Бұл күн – сіздердің мейірімдеріңіз бен ақыл-парасаттарыңызға, қажырлы еңбектеріңіз бен қайсарлықтарыңызға деген ерекше құрметтің белгісі. Сіздер – отбасының тірегі ғана емес, елдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген белсенді мамандарсыздар. Бүгінде облыста басқару саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі – 27 пайыз, ал мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылар – 58 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 52 мыңнан астам көпбалалы аналарымыздың 18 мыңы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері.Аналарымыз бен әжелеріміз жас ұрпаққа ізгілік пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп, еңбекқорлық пен білімге құштарлыққа тәрбиелеуде”, – деді облыс әкімі. Мерекелік жиында әртүрлі салада үздік жетістікке жеткен әйелдер «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Шапағат» медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хатымен, Алматы облысының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.Қарапайым еңбек – үлкен құрмет Марапатталғандардың қатарында энергетика, әлеуметтік қызмет, денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс, спорт және төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп жүрген жандар бар. Олардың арасында кітапхана директоры, өрт сөндіруші, киім фабрикасының технологы, наубайшы, электромонтер, мұғалім және жаттықтырушы секілді түрлі мамандық иелері бар. Бұл – қарапайым еңбектің елеусіз қалмайтынын және олардың еңбегі лайықты бағаланатынын білдіреді. Алматы облысында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.“Еңбек ер атандырады” демекші, қажырлы еңбегімен елге үлгі болған арулар әрдайым құрметке лайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/953374
Алматы облысындағы аграрлық маусым 04.03.2025
Биыл аймақтағы егістік алқаптарының көлемі 427,7 мың гектарға жеткізілетін болады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға көп. Негізгі өсім дәнді және жем-шөп дақылдарына тиесілі. Көктемгі жер жырту және ылғал жабу жұмыстары 357,2 мың гектар аумақта жоспарланған. Өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға биыл жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қаражат тұқым шаруашылығын дамытуға, басым дақылдарды қолдауға және тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталады. Суармалы су құнын арзандатуға 750 млн теңге бөлінді.Сонымен қатар, «Кең дала» бағдарламасы аясында аграршыларға 15,7 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді, бүгінде «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-на 1,3 млрд. теңгеге 36 шаруашылық өтінімін өткізген. Қазіргі уақытта Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр, фермерлер қажетті тұқым қорымен қамтылған. Жеңілдетілген бағамен, яғни литрі 250 теңгеден 4 650 тонна дизель отыны бөлінді, мұнай базаларынан алу 20 наурызда басталады.-«Облыста 16,0 мың тонна минералды тыңайтқыш алынып, қосымша 77 шаруашылық «ҚазАзот» АҚ-мен 1334 тонна тыңайтқышқа келісім-шартқа отырған (Еңбекшіқазақ – 53 шаруашылық 1097 тонннаға, Ұйғыр – 22 шаруашылық 164 тоннаға, Іле – 2 шаруашылық 73 тоннаға). Жалпы биыл минералды тыңайтқышты қолдану көлемі 25%-ға ұлғайып, 60,8 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға күш салудамыз. Бұл топырақ құнарлылығын сақтай отырып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту маңызды мәселе болып қала бермек. Қазіргі таңда облыстағы техниканың 58%-ы 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осыған байланысты, биыл 665 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу көзделуде. Фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау басты мақсаттардың бірі болып табылады.Су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны төмен. 2024 жылы жоспарланған 70,5 мың гектардың орнына тек 43,6 мың гектарға ғана енгізілді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 93,6 мың гектарға жеткізу және жобалардың орындалуын қатаң бақылау жоспарланып отыр. Бақылауды күшейтіп, аграршыларға судың тапшылығын еңсеруге көмектесу үшін қосымша қаражат бөлінді.2024 жылы облыстың ауыл шаруашылығына құйылған инвестициялар көлемі 25,1 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 41,2%-ға артты.Азық-түлік өндірісіне салынған қаржы 19,2 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың өсуі аграрлық сектордың тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Жергілікті билік фермерлерді ресурстармен, қаржыландырумен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етті, енді ұсынылған қолдауды тиімді пайдаланып, егіс науқанын табысты өткізу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/950132
Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан айтарлықтай асып түсіп, одан әрі еселене түсуде 04.03.2025
1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 966,41% көрсетті. Ал осы бүкіл кезеңдегі инфляция 837,99 % тең. Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған абзал. Қысқа мерзімді (апталық, айлық және т.б.) деректер көрсеткіш бола алмайды. Өйткені олар нарықтық жағдайдың үнемі ұшырайтын өзгерісіне тәуелді. 12 айдағы инвестициялық қызметке жасалған талдау бұл деректің растамасы: 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) басқаратын, міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған және соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,66%, бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 8,90% болды.Бәрімізге белгілі, ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтері Қазақстанда және шетелде нарықтық шарттарда әртүрлі валюталарда инвестицияланады. Белгілі бір құралдарға қаражат салу кезінде жаһандық және ішкі факторлар ескеріледі. Зейнетақы активтерін сақтау және кірістілік алу үшін ҚРҰБ пен ИПБ-лар инвестициялық портфельді әртараптандырады: зейнетақы активтері нарықтық жағдайды ескере отырып, белгілі бір көлемде әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Бұл кең таралған әлемдік тәжірибе. Дүние жүзіндегі зейнетақы қорлары зейнетақы капиталын инвестициялау және көбейту үшін тартымды да тиімді мүмкіндіктерді іздестіруін тоқтатқан емес.Зейнетақы жинағындағы елеулі үлес, әдетте, инвестициялық кіріске тиесілі. Жылдан жылға зейнетақы жинақтарының көлемі ғана емес, ондағы инвестициялық кірістің үлесі де артып келеді. Мысалы, 2014 жылдан бері жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,54 трлн теңгеге жетті (салыстыру үшін - 01.02.2024ж. ол 8,6 трлн теңгеден астам сома болған). Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 40,9%-дан асты. Бұл азаматтардың жинақтары құрылымындағы инвестициялық қызметтің маңызды рөлін көрсетеді (01.02.2024ж. бұл көрсеткіш 37,1% болған еді).Алайда, инвестициялық кіріс - құбылмалы мән, ол көптеген факторларға, соның ішінде қаржы нарықтарындағы жағдайға, бағалы қағаздардың нарықтық құнына, валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты. Сондықтан шетел валюталары бағамдарының және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты инвестициялық кірістің мөлшері жекелеген кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Мысалы, өткен жылдың соңынан бастап доллар бағамы 499 теңгеден 530 теңгеге дейін кең ауқымда өзгерді, содан кейін қайтадан 500 теңгеге дейін төмендеді. Соның салдарынан зейнетақы активтерін валюталық қайта бағалау апта сайын оң немесе теріс нәтиже беріп отырды. Ал салымшылар зейнетақы жинақтарының инвестициялық бөлігінің уақытша төмендеуін байқады. Мысалы, 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында осындай жағдай орын алды.Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.Тақырып бойынша бейнетүсініктеме БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/950047
Жетісуда мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 69% жетті 04.03.2025
Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл республика бойынша бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық жұмыспен қамтулы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында облыс аумағындағы 625 нысан мүгедек жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда бар. Мемлекеттік нысандар үшін бюджет қаржысы қарастырылған.Сонымен қатар инватакси көлігінің саны соңғы екі жылда екі есеге өсті. Облыс көлемінде қазір 32 инватакси қызмет көрсетіп жүр. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды қажетті техникалық құрылғылармен қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді.Жалпы облыс бойынша мүгедектігі бар азаматтарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме жұмыс істейді. Алдыңғы жылы Алакөлдің жағасындағы аудандық әкімдіктің резиденциясы мүгедек балаларға арналған оңалту лагеріне берілді. 2023 жылы «Қамқорлық» қорымен бірлесіп, аутизм және психикалық дамуында басқа да ауытқушылығы бар балаларға арналған орталық ашылды. Талдықорған қаласында мүгедектерге арналған «Асар» сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Оған мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетіліп келеді. Ал биыл облыс орталығында 150 орынды тағы бір оңалту орталығының құрылысы басталады.Жалпы өңірде инклюзивті орта қалыптастыру жұмыстары осындай бірнеше бағыттарда жүріп жатыр. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/949760
Су тасқыны кезеңінде өңірлерді қорғау шаралары 04.03.2025
  Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныс бөгендері мен біліктері тұрғызылды, 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп салынды. Автомобиль және теміржол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайындалды, броньнан босатылған жағдайда тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалды. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.  Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде, 6-7 наурызда еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады.  Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Алматы қаласының Сайран көлінде су сору техникасы мен практикалық су алу жабдығының техникалық дайындығы тексерілді. Мотопомпалар, өрт-сорғы станциялары, қайықтар жарамды күйде, жеке құрам су қорғау костюмдерімен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Алматы су тасқынына ден қою тобы көктемгі кезеңде тапсырмаларды орындауға дайын.   Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіле бастады.  Шығыста Шемонаиха ауданындағы Убі өзенінде, Жоғарғы Үбі ауылының маңында мұз жарылды. Мұндағы мұздың қалыңдығы 60 см құрады. Бұл су тасқыны қаупі бар учаске жыл сайын ТЖ қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың назарында болады. Ұсақтаудың жалпы көлемі 10692 м. шаршы метрді құрады. жарылыс жұмыстары мұзды жасанды түрде әлсіретуге бағытталған. Мұзды қопсыту іс-шаралары мұз жүрісі басталғанға дейін жүргізіледі және проблемалық учаскелерде су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Жарылыс жұмыстары облыс аудандарында жалғасатын болады.  Батыста ТЖД Жедел-құтқару жасағының және 20982 ТЖМ әскери бөлімінің күштерімен көктемгі су тасқыны кезінде мұз кептелістерінің пайда болуына барынша бейім жерлерде Орал су айдындарында мұз қабатын әлсірету бойынша жұмыстар жалғасуда. Мұзда шамамен 3230 тесік бұрғыланды, 910 метрден астам мұз қабаты кесілді. Осы мақсатта мұз кесетін қондырғы, бензин бұрғылары және басқа да арнайы құралдар қолданылады. Сонымен қатар, облыс бойынша қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудандар мен Орал қаласында 503 мың текше метрден астам қар шығарылды.  Шығыс Қазақстан облысында арнайы жұмыс топтары құрылды, оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖД мамандары, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ және басқа да мүдделі органдар кірді. Мамандар қар шығару, су өткізгіш құбырлар мен каналдарды тазарту бойынша алдын алу жұмыстарының жұмысы мен сапасын тексереді, нөсер кәрізін, СТС жай-күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдарды дайындауды тексереді, халықпен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға, тасқын суларды апатсыз өткізуге қабылданатын шараларға талдау жүргізеді. Жалпы өңірде жергілікті атқарушы органдар 1267 су өткізу құрылыстарын, ұзындығы 47,2 км 19 каналды және ұзындығы 106,8 км 173 арықты тазартты, 298 мың текше метр қар шығарылды, 76,8 мың дана қаптар, дайындалды. 9,2 мың тонна инертті материалдар, 285 тонна ЖЖМ дайындалды.  Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ТЖ алдын алу басқармасы және Цифрландыру және мұрағаттар басқармасы су мен су ағындарының деңгейін бірнеше күн бұрын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық карта жасады. Жүйе ГАЖ модулімен интеграцияланады, картадағы болжамдарды көрсетеді, бұл нақты уақыт режимінде тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді. Карта су тасқыны қаупі бар барлық учаскелерді және қауіпті аймақтағы үйлерде тұратын тұрғындардың саны туралы деректерді көрсетеді. Құтқарушылар нақты уақытта облыста жүргізілетін инженерлік жұмыстар мен алдын алу іс-шараларын қадағалап, өз түзетулерін енгізе алады. Болашақта жасанды интеллект жүйені метеорологиялық спутниктермен біріктіруге, халыққа автоматты ескертуді енгізуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлар қызметтері және мобильді қосымшалар сияқты басқа платформалармен өзара әрекеттесу арқылы функционалдылықты кеңейту, бұл төтенше жағдайларға жауап берудің тиімділігін арттырады.  ТЖМ әскери бөлімдері Алматы және Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысында алдын алу шараларына кірісті.  Жамбыл облысына көктемгі су тасқынының салдарын болғызбау және азайту бойынша жұмыстар жүргізу үшін келген ТЖМ №28237 әскери бөлімінің жиынтық құтқару батальоны өзен арналарын нығайтуды қамтамасыз етуді жалғастыруда және арнайы техниканы пайдалана отырып, қорғаныс бөгендерін орнатады. Т. Рысқұлов атындағы ауданда жалпы күш-жігермен 3000 қап төселді.Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ТЖМ №52859 әскери бөлімімен бірлесіп Талдысай және Қарсақпай ауылдарында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бірлескен күш-жігермен су басу қаупін азайту бойынша жұмыстар атқарылуда: Талдысай өзенінің арнасында орналасқан ағаштарды жою, Қарсақпай су қоймасы шлюзі ауданындағы мұз бен қар массаларын тазарту, тәуекел аймағындағы үйлердің жанынан қар шығару, сондай-ақ арық жүйесін тазарту. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, су тасқынының алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.  ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында және Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында жұмыс жүргізуде. Жеке құрам су ағындарын тазарту, жағалауларды нығайту және еріген сулардың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды. Жұмыс Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтермен тығыз үйлестіре жүргізіледі.  Қостанай облысында жаңғыртылған сусымалы бөгетті сынақтан өткізу жүргізілді. Су тасқынына қарсы тосқауыл ретінде аумақтарды су тасқынынан қорғауға, топырақты нығайтуға және эрозияны болдырмауға арналған HESCO BARRIER модульдік дизайны қолданылды.  Тосқауыл-табиғи материалдармен толтырылған металл торлы құрылым-тас, қиыршық тас немесе құм. Құрылымның артықшылықтарына жылдам құрастыру кіреді, бұл оны жету қиын жерлерде орнатуға ыңғайлы етеді. Орнатылған тосқауылдың биіктігі 2 метр, бірақ қажет болған жағдайда оны модульдерді бірінің үстіне бірін қою арқылы арттыруға болады. Тестілеу барысында мамандар елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін оны одан әрі қолданудың орындылығын анықтау үшін осы технологияның барлық ерекшеліктерін зерттеді.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/949577
Заңсыз бизнеске тосқауыл: Ақмола облысының әкімдігі жер қойнауын пайдалану бақылауын күшейтті 04.03.2025
Ақмола облысы табиғи ресурстарға бай өңірлердің бірі. Мұнда кең таралған пайдалы қазбалардың қоры мол, олардың қатарында қиыршық тас, құм, каолин, саз, әктас, кварцит және доломит бар. Алайда соңғы жылдары бұл байлықты заңсыз игеру күрделі мәселеге айналды. Кейбір кәсіпкерлер жергілікті биліктің рұқсатынсыз карьерлерді иемденіп, пайдалы қазбаларды өз беттерінше өндіріп жатады.Бүгінде облыстың 19 ауданының 17-сінде жүздеген кен орны игеріліп жатыр. Әсіресе, Астананың қарқынды құрылысы заңсыз жер қойнауын пайдаланудың артуына ықпал етуде. Құрылыс материалдарына деген жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін кейбір кәсіпкерлер құжатсыз, бақылаусыз әрекет етеді. Бұл мемлекет бюджетіне залал келтіріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына кедергі жасап, жер бедерінің бұзылуына және қоршаған ортаның ластануына алып келеді.Осыған байланысты Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аппараттық кеңесте барлық жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін заңдылық тұрғысынан тексеруді тапсырды.«Маркшейдерлік түсірілім нәтижесінде келтірілген шығын көлемі анықталды, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл деректерді қарастырып жатыр. 2025 жылдың ақпан айында пайдалы қазбаларды заңсыз игеруге және жер қойнауын өз бетінше пайдалануға қатысты үш қылмыстық іс тіркелді. Бұл істердің барлығы мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірумен байланысты», – деп хабарлады Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.Атап айтқанда, заңсыз құм өндіру Қабанбай батыр ауылдық округінде, Нұра өзенінің маңында анықталды. Кәсіпкер қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп, құмды цемент зауытына жеткізген. Сол аумақта тағы үш кәсіпкер дәл осындай әрекет жасаған.Қазіргі уақытта тиісті құжаттары жоқ кәсіпорындарға қатысты келісімшарттарды бұзу шаралары қолға алынды. Бұл – өңірдегі жер қойнауын пайдаланудағы тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған заңды қадам.«Тергеу амалдары жалғасуда, құқық қорғау органдары барлық заңбұзушылықтарды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заңсыз кен өндірушілермен күресті жалғастырады», – деп мәлімдеді уәкілетті мемлекеттік орган.Сонымен қатар тексеріс барысында көптеген компанияның өңірден тыс жерде тіркелгені белгілі болды, бұл оларды бақылауды қиындатады. Осыған орай, бірқатар кәсіпорындар қайта тіркеуден өтіп, заңды жұмыс істеуге көшті.«Бүгінде Ақмола облысында 11 келісімшарттық аумаққа тексеру жүргізілді, нәтижесінде төрт заңсыз кен өндіру дерегі анықталды. Оның ішінде Көкшетау және Биржан сал ауданының маңындағы жерлер бар. Жалпы, тексерілген 15 аумақтың көлемі 500 гектарды құрады. Бұл жұмыстарға 17 млн теңге бөлінді», – деп толықтырды басқарма.Жалпы экономикалық шығын көлемі 65 млн теңгені құрады.Жер қойнауын пайдалануда тәртіп орнату – бір күнде шешілетін мәселе емес. Дегенмен қолға алынған шаралар өз нәтижесін беруде. Маңыздысы – заң бұзушылықтарды тоқтатып қана қоймай, адал кәсіпкерлер үшін ашық әрі әділ жағдай жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/949888
Түркістан облысының егіс алқаптарының тұзын шаю үшін 330 млн текше метр су берілді 04.03.2025
Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы биыл сор шаю жұмыстарына 330 млн текше метр су жіберді. Бұл топырақтың құнарлығын арттырып, жақсы өнім алу үшін жасалады. Бүгінгі таңда Мақтарал және Жетісай аудандары бойынша қысқы сор шаю жоспары 80%-ға жуық орындалды. Мақтарал ауданында жоспарланған 43 600 гектар жердің 34 456 гектары тұздан тазартылды. Жетісай ауданында 53 мың гектар жердің 42 мың гектарының соры шайылды.«Топырақ тұзынан құтылудың бірден-бір жолы – сор шаю. Осы ретте жердің тұздану дәрежесіне және топырақтың механикалық құрамына байланысты сор шаю уақыты мен мөлшерін дұрыс анықтау өте маңызды. Филиал сор шаю жұмыстарын наурыз айының алғашқы онкүндігінде аяқтауды жоспарлап отыр»,- деді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/949369
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексеріп, әрлеу жұмысын жүргізді 04.03.2025
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексеріп, әрлеу жұмысын жүргізді. Филиалға қарасты су қоймаларында күнделікті мониторинг және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда Теріс-Ащыбұлақ, Бүркітті, Жартас, Ынталы және Қақпатас қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/949758
Атырауда ғылымды дамытуға бағытталған көшпелі отырыс өтіп жатыр 04.03.2025
Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты кезекті көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов, академияның басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, академиктер және мұнай-химия саласының өкілдері қатысты. Жиында Атырау облысында ғылымды дамытудың жаңа бағыттары талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Жиында Серік Шәпкенов университеттерден, зерттеу ұйымдарынан, индустриядан және аймақтық даму институттарынан ғалымдарды тарту арқылы ғылыми ұсыныстар әзірлейтін, басталған жобаларға сараптама жүргізетін, қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін ғылыми-техникалық кеңестің маңызына тоқталды.- Кеңес Ұлттық ғылым академиясымен тікелей байланыста белсенді және жүйелі түрде жұмыс жасайтын болады.Біз үшін ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы қолданбалы шешімдер, экологиялық зерттеулер мен жүйелі экологиялық мониторинг, соның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, суды тиімді пайдалану және өндірістік су қалдықтарын терең тазарту мен регенерациялау, өндірістік полимерлер негізінде жаңа материалдар мен композиттер, пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу мен регенерациялау әдістері, мұнаймен ластанған топырақтарды жол құрылысына және құрылыс материалдарына пайдалану сияқты зерттеулердің маңызы өте зор. Бұлар академия әзірлейтін негізгі мемлекеттік ғылыми бағыттарда көтеріліп, қолдау табуы тиіс,-деді С.Шәпкенов.Бұл ретте аймақ басшысы өңірлік ғылыми қорды нәтижелі пайдаланып, өндіріске қажетті, сұранысқа ие мамандарды дайындап, олардың жобасына жан-жақты қолдау көрсетуге басымдық беруді атап өтті.ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, Атырау облысының экономикасы ғылыми зерттеулердің түрлі бағыттары бойынша қолайлы.- Жергілікті бюджеттерде өңірлік ғылымды қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалары жоқ. Жалпы, жергілікті бюджеттен ғылымға бөлінетін қаражат көлемі, мемлекет бойынша оның дамуына жұмсалатын жалпы шығыстардың 1% - нан да аспайды. Атырау облысы — еліміздің табиғи ресурстары және экономикалық әлеуеті ең маңызды өңірлерінің бірі. Осы тұрғыда Атырау облысы басқа өңірлерге үлгі бола алады. Бұл ретте Ұлттық ғылым академиясы қажетті көмек көрсетуге дайын. Ең алдымен, Өңірлік кеңес Ұлттық академиямен тығыз байланыс орнатуы қажет және бұл сіздерге кеңес қызметінің барлық мәселесі бойынша Академиядан толыққанды әдістемелік және практикалық көмек алуға мүмкіндік береді. Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындаудың жаңа жүйесіне сәйкес агроөнеркәсіптік кешен, мұнай және тау-кен металлургия өнеркәсібі, тұщы суға қол жеткізуді қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту салаларындағы зерттеулер стратегиялық басымдықтарға жатқызылғанын және олар бірінші кезекте қаржыландырылатынын айту керек,-деді А.Күрішбаев.Қатысушылар өңірлік ғылымның дамуының өзекті мәселелері, оның өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы сөз етті. Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылды.Академия Президиуымының көшпелі отырыс жұмысы нәтижесінде республикада алғаш рет Атырау облысы әкімдігі жанынан ғылымды қолдау Қорын құру туралы шешім қабылданды.Шара өңірлік ғылымның басым міндеттерін айқындауға арналған форсайт-сессиямен жалғасады. «Ғылым-бизнес» питч-сессиясы форматында коммерцияландыруға дайын перспективалы ғылыми жобалар ұсынылады. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен бизнес арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/949546
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті 04.03.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Қалада білім алып жүрген тәрбиеленушілер өздеріне үйреншікті ортада оқуын жалғастырады, ал жаңадан қабылданатын балалар Қонаев қаласына орналастырылады. Жағдайды жан-жақты зерттеу мақсатында облыс әкімі балалар үйінің өкілдерімен, оның ішінде директор Роза Бекішева, педагогтар және тәрбиеленушілермен кездесу өткізді. Талқылауға Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, Қонаев қаласының әкімі және тиісті ведомство өкілдері қатысты. Бұған дейін білім басқармасының басшысы Салтанат Дауысбекқызы мекемеге барып, ондағы жағдаймен танысып, қызметкерлердің көшу және жұмыс орындарын сақтау мәселелері бойынша пікірлерін тыңдаған болатын. «Балалар Алматыда қалғысы келетіндерін айтты, өйткені жаңа ортаға бейімделу және әлеуметтік ортадан ажырау олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Бұл фактор шешім қабылдауда басты назарға алынды», — деп атап өтті өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев. Сонымен қатар, облыста жаңа балалар үйінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 4000 шаршы метрді құрайтын заманауи ғимарат 240 орынға есептелген. Онда жайлы тұрғын бөлмелер, оқу сыныптары және демалыс аймақтары қарастырылған. Жақын маңда 900 орындық мектеп орналасқан, ал балаларды тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінеді. Кешеннің ашылуы жаз айларына жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңа ғимараттың бір бөлігі инфрақұрылымдық мәселелерге тап болған Нүсіпбаев атындағы интернатқа беріледі. Сондай-ақ, ғимараттың бір корпусы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (КТБО) қажеттіліктеріне жұмсалады, бұл облыстың әртүрлі аймақтарынан келген балаларды басқа қалаларға ауыстырмай, бір жерде орналастыруға мүмкіндік береді. Билік өкілдері жетім балаларға қатысты барлық шешімдер олардың мүддесін, өмір сүру жағдайының жайлылығын және сапалы білім алуын басты орынға қоя отырып қабылданатынын ерекше атап өтті. «Біздің мақсатымыз – балалар өзін қауіпсіз сезініп, жан-жақты дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, ал жаңадан келетін балалар Қонаев қаласындағы заманауи кешенге орналастырылады», — деп түйіндеді Марат Сұлтанғазиев. Кездесу аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері білім беру орталығына және туристік-спорттық кешенге барды. Бұл бағдарлама олардың болашақ мүмкіндіктерімен және даму перспективаларымен таныстырды. «Құрылыс нысанын аралап, болашақ балалар үйінің паспортын таныстырғаннан кейін, біз үшін өте жақсы жағдай жасалып жатқанын және маңында ешқандай түрме жоқ екенін көрдік», — деп бөлісті балалар үйінің тәрбиеленушісі Кирилл Капранов.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/949537
Мұғалжар ауданының бір ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды 04.03.2025
 Алғыс айту күні мерекесіне орай, Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.Медициналық мекеменің құрылысын «Техно-С» ЖШС 2024 жылдың шілде айында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастады.Медициналық пункт 20 келушіге арналған. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.Жаңа пункттің ашылуы — тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер ететін ерекше оқиға болды.Ғимараттың ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Кажгалиев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.Айтып өтейік, Бірлік ауылы - былтырғы су тасқынында зардап шеккен елді мекендердің бірі. Бүгінде мұнда 168 тұрғын үйде 853 адам тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/949164
Биыл Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының 98,8%-ін мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда 04.03.2025
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев қала мен ауылдық жерлерде, сондай-ақ республикалық жолдарда байланыс пен мобильді интернет сапасын жақсартуға бағытталған негізгі жұмыстар туралы баяндады.Оның айтуынша, 2024 жылы облыс аумағында базалық станциялар жаңғыртылып, мобильді желінің қамту аймағы айтарлықтай кеңейтілді. Биыл 4G стандартымен 96 базалық станция орнатылып, жаңартылмақ, ал 5G желісінің қамту аймағы 82 базалық станцияға дейін кеңейтіледі. Бұл қала тұрғындары үшін интернет байланысының сапасы мен тұрақтылығын одан әрі арттырады.Ауылдық жерлерге келер болсақ, мобильді интернет облыстың 311 ауылдық елді мекенінің 261-ін қамтиды. Биыл жоспарланған 25 ауылдың төртеуіне, атап айтқанда, Талдысай (Алға ауданы), Байтақ (Қобда ауданы), Дүкен және Мамыр (Ырғыз ауданы) ауылдарына интернет желісі қосылды. Қалған ауылдарда жұмыстар жалғасып жатыр.Халқы 100 адамнан аз 29 ауылда кең жолақты интернет қызметін қамтамасыз ету үшін спутниктік технологиялар қолданылады. Қазіргі уақытта 7 ауылға спутниктік арналар арқылы Wi-Fi қосылған. Осылайша, жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын мобильді интернетпен қамту деңгейі 98,8%-ке жетеді.Республикалық маңызы бар жолдарда мобильді байланысты қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды. Осы бағыттардағы 17 нүктеде базалық станция салу үшін жобалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бүгінде 10 нүктенің құжаттары сараптамадан өтіп, оң қорытынды алған. Қалған 7 жоба – мемлекеттік сараптамада. Наурыз айында 5 нүкте бойынша, сәуір айында Ырғыздағы 2 нүктенің қорытындысы дайын болады деп күтілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қаржы сәуір айында бөлінеді.Облыс әкімі өңірдегі барлық тұрғынның интернет пен мобильді байланысқа қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты ол цифрлық технологиялар басқармасына аудан әкімдерімен бірлесіп, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жоспарланған барлық жобаларды толық жүзеге асыруды тапсырды.«Басты мақсат – қала да, ауыл да, сонымен қатар елді мекендерді байланыстыратын тасжолдар бойында байланыс сапасын жақсарту. «Қолжетімді интернет» жобасы тек байланыс сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар экономика, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардың дамуына жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл өз кезегінде облыс тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/949479
Қасым Қайсенов кентінде жаңа емхана бой көтеруде 04.03.2025
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Қасым Қайсенов кентінде жаңа үш қабатты заманауи емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы аяқталған.Облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған. Жаңа медициналық мекеме күніне 150 адамды қабылдауға қауқарлы болады. Мұнда кеңес беру-диагностикалық және алдын алу бөлімшелері, сондай-ақ күндізгі стационар палаталары қарастырылған.Жаңа емхана Ұлан ауданының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда емханаға тіркелген халық саны 29 498 адамды құрайды.— Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Біз бұл әлеуметтік маңызы зор жобаның сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Бүгінде ғимаратқа жылу жүйесі мен сумен жабдықтау жүйесі тартылды, терезелер мен есіктерді орнату жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ қабырғалар мен едендерді қаптау бойынша әрлеу жүріп жатыр. Көктемде медициналық мекеме айналасын абаттандыру басталады, — деп мәлімдеді мердігер ұйым өкілдері.Жаңа емхананың мүмкіндіктері кең болмақ. Мұнда флюорография, рентген, маммография, эндоскопия кабинеттері, сондай-ақ медицинадағы әр сала мамандарының кабинеттері (оториноларинголог, офтальмолог, дерматолог, невропатолог, кардиолог, онколог, акушер-гинеколог, хирург, травматолог, фтизиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлер) жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, зертханалық диагностика бөлімі де ашылып, онда микробиологиялық, серологиялық және жалпы клиникалық зерттеулер жүргізіледі.Жаңа емхана Ұлан ауданы тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, сапалы әрі заманауи медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/949139
Өскеменде Рыпакова атындағы Х халықаралық турнир жалауын желбіретті 04.03.2025
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін Х Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Оған 21 елдің спортшылары келіп, өзара бақ сынасуда.Дүбірлі жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларға сәттілік тіледі.– Құрметті спортсүйер қауым, қадірменді спортшылар! Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған X халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануы - дені сау ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты екенін атап айтқан болатын. Шығыс Қазақстан облысындағы 1687 спорттық нысанда облыс халқының 43 пайыздан астамы жаттығады. Бүгінгі айтулы жарыс – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда, біздің мақтанышымыз – Ольга Рыпаковаға еліміздің Туын биіктетіп жүрген ерен еңбегі үшін алғыс айтамын, – деді Нұрымбет Сақтағанов.Бұл жылы еліміздің саңлақтарымен бірге Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Әзірбайжан, Сингапур, және Сауд Арабия құрамаларының мықтылары сынға түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/949345
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 03.03.2025 04.03.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледіДәнді дақылдарНарықта 28 + дән маңызы бар бидай бағасы өсті.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +125+15ТОҚТАТУ145-жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін81-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ95-жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін76-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ85-жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін71-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ80-жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін60-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ65-арпа 2 сыныпты73-ТОҚТАТУ85-Дурум (прот 14+)85-САТУ110-Дурум (прот 15+)102-САТУ13090Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинауРеспонденттердің айтуынша, дән маңызы бар 28 және одан жоғары 3-сыныпты бидай бағасы тоннасына 115-тен 125 мың теңгеге дейін, сапасына байланысты.Майлы дақылдар / бұршақМайлы дақылдар тобында күнбағыс 7 теңге/кг-ға қымбаттады. Зығыр бағасы 14 теңге/кг-ға төмендеді.* - премиум сапасы бар солтүстік аймақтар, * * - ҚҚС-сыз жаңа өнім курсивпен бөліндіэлеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр220-14ТОҚТАТУ250-Рапс220+6ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ250180Күнбағыс173+7ТОҚТАТУ190160Мақсары138-САТУ15085Соя200+7ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ225-Қыша қара/ақ215-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*92-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ12080Жасымық қызыл**198-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ220-Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **363-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ450-Ұсыныстар:Стоп – тиімдірек баға болғанға дейін сауданы тоқтату ұсынылады.Қажет болғанда сату – техникалық немесе қаржылық қажеттіліктерге байланысты сату ұсынылады.Сату – жақын болашақта тиімді перспективалар байқалмағандықтан, өнімді сату ұсынылады.Максималды баға – ағымдағы сауда маусымында баға жете алатын жоғары шек. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Минималды баға – ағымдағы маусымда дақыл бағасы жетуі мүмкін төменгі шек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/949290