Enbekshi QazaQ

Саясат

Дәстүрлі жәрмеңке өтті 01.02.2025
Абай ауданында азық-түлік бағасын ұстап тұру бағытында тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Бүгін Қарауылда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеде картоп, сәбіз, қырыққабат, пияздың келісі 120 теңгеден саудаланды, бұл нарықтық бағадан 2-3 есе арзан.Сонымен қатар, сиыр етін -2200, жұмыртқаның данасын-50, 25 келілік жемді (кебек) -1100 теңгеден алуға мүмкін болды.Сөреге Бородулиханың балы, әртүрлі балық түрлері, сүт өнімдері, тауық еті де қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/929250
Шәкәрім университетінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технопаркі ашылады 01.02.2025
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова Шәкәрім университетінің жұмысымен танысты. Іс-сапар барысында профессор-оқытушылар құрамымен аграрлық ғылым мен білім беруді дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.Кездесудің тағы бір негізгі мақсаты болашақта мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған технопаркін құру. Абай облысындағы қолайлы климат пен мал шаруашылығының дамыған инфрақұрылымы осы бастамалардың өзектілігін атап көрсетеді.«Университеттің аграрлық сектор үшін білікті мамандар даярлауда бай тарихы бар. Технопарк құру арқылы жергілікті өнімді қайта өңдеудің сапасы мен көлемін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҰАҒББО басшысы.ЖОО басшылығы ынтымақтастықты тереңдетуге және аграрлық бағытты дамыту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/929108
КҮН САНЫ 01.02.2025
2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес тазартылатын өзендердің жалпы аумағы814 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929221
Су сөздігі. «Жайылма» 01.02.2025
Су сөздігіЖайылма - су тасқыны немесе еріген қар суы басқан өзен бойындағы учаске. Өзендердің жайылмаларындағы жер өте құнарлы болып келеді. Бұл мал шаруашылығы үшін аса маңызды, себебі олар табиғи жем-шөп базасы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929226
Жетісу облысында өткен жылы экономиканың өсімі 114,8% құрады 01.02.2025
2024 жылдың қорытындысында Жетісу облысында экономиканың өсімі 114,8% құрап, Мемлекет басшысының 6% деңгейінде тұрақты өсім қамтамасыз ету тапсырмасы орындалды. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жиында айтылғандай, облыста жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 9-10% деңгейінде күтілуде. Ауыл шаруашылығында өсім - 3,0%, өнеркәсіпте - 3,4%, тұрғын үй пайдалануға беру - 15,2%, құрылыс жұмыстары 1,5 есе, сауда көлемі 1,2 есеге артты. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 313 млрд. теңгеден асты, оның ішінде тек жергілікті кірістер 118 млрд. теңгені құрады.Отырыста Б. Исабаев бірнеше өзекті мәселелерге назар аударды.- Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында 8 басты бағытты айқындап берді. Соның ішінде экономикалық өсім, әсіресе тартылған жеке инвестицияның көлемі халықтың өмір сүру сапасына тікелей ықпал етенінін атап өтті. Осы орайда аудан-қала әкімдері инвесторлармен нәтижелі жұмысты жолға қоюы керек. Тек орындаушы ғана емес, бастамашы болып, жауапкершілік алуға, нәтижелі жұмыс істеуге үйрену керек. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асырып, лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын құру қажет, - деді Б.Исабаев.Сонымен қатар «сақалды құрылыстарға» қатысты, жосықсыз мердігерлермен келісімшартты бұзып, құрылыс нысандарын жыл соңына дейін аяқтау шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл ретте бюджеттің мақсатты әрі уақытылы игерілуі аудан-қала әкімдерінің жеке дара жауапкершілігінде екенін қадап айтты. Сондай-ақ бірқатар облыстық басқарма басшыларының баяндамасын тыңдаған Бейбіт Исабаев салаларды дамытуға қатысты олардың алдына нақты міндеттер қойды. Мәселен, құрылыста типтік жобаларды қайта пайдалану тұрақты тәжірибесін енгізу керек. Бұл әдіс бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сол сияқты білім сапасын көтеруді, колледждер түлектерін жұмысқа орналастыру ісін ілгерілетуді, өңірге жоғары білікті ІТ мамандарын тартуды тапсырды. Жиында айтылғандай, бүгінгі таңда облыста Өңірлік геоақпараттық жүйе жұмыс істейді. Бұл жүйе салалар бойынша, соның ішінде әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлардың алдын алу, жол, ауыл шаруашылығы салаларын алыстан мониторингілеуге мүмкіндік береді. - Өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Қысқа мерзімді индикаторларды орындау жағынан республикада екінші орындамыз. Ең бастысы - халықтың өмір сүру сапасын көтеру. Президенттің қойып отырған талабы да осы. Соңғы екі жылда өңірді газдандыру деңгейін 29%-дан 56,5 %-ға жеткіздік. Жыл соңында бұл көрсеткіш 72 % жетуі тиіс. Ауыз сумен қамтуға, жол жөндеуге баса назар аударылады. Облыс орталығына ерекше көңіл бөлінеді, қала бюджеті 33% артады. Талдықорғанда Смарт сити стандарты бойынша қаланың өмір-тіршілігін басқару орталығын құру жоспарланып отыр. Біздің мақсатымыз - қаланы қауіпсіз, жайлы, әдемі әрі жасыл қалаға айналдыру. Жалпы осы жылы бірқатар жаңа өзгерістер орын алып отыр. Инклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданды. Қаржы, салық саясатында жаңа енгізілімдер бар. Алдымызға қойылған міндеттерді мәслихат депуттарымен, ардагерлер ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп атқаруымыз керек, - деді Б. Исабаев.Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының әкімдігі «Үздік аудан» атанып, трактор сыйға тартылды. Үздік мекеме ретінде «Жетісу» телеарнасы танылып, арнаға жаңа студия жабдықтары берілді. Өз кезегінде құрылыс басқармасы үздік басқарма атанды. Бұдан бөлек, өз салалары бойынша тиімді басшылық жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рауан Дауталинов, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Әпеков, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Сатанов «Адал қызметі мен еңбегі үшін» арнайы алғыс белгісі табысталады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/929236
Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаланды 01.02.2025
Елорданың Есіл ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық шараны Астана ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.«Екі ойын-сауық мекемесінде заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың әрқайсысында заңсыз кальян шегудің бір дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды», – дейді полиция аға лейтенанты Жұлдыз Михин.Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928673
Оңалту және дамыту: «Нұрлы жүрек» орталығында ерекше балаларға қандай көмек көрсетіледі 01.02.2025
Елордада стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Орталық ауыр соматикалық бұзылыстармен, церебральды сал ауруымен, әртүрлі көріністердегі эпилепсиямен, хромосомалық аурулармен, аутизммен, сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстарымен және психикалық ауытқулары бар психикалық дамуы тежелген балаларға көмек көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мекеменің қамқорлығындағылар жасына, жынысына, психикалық және дене дамуының ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлінеді. Мекеме 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді: тұрмыстық, медициналық, білім беру, психологиялық, еңбек, мәдени, құқықтық және экономикалық.Орталықта аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға арналған мамандандырылған кабинет, сенсорлық кабинет, Монтессори кабинеті, тігін, ағаш және металл өңдеу шеберханалары, лекотека, СБО кабинеттері, компьютерлік кабинеттер, ойын лабиринт кешендері, жаттығу терапиясы кабинеттері, физиотерапия, және заманауи техникалық құралдармен жабдықталған галотерапия (тұзды шахта).Ғимараттардың аумақтары заманауи ашық спорттық құрал-жабдықтармен және антивандальды ойын кешендерімен, футбол, баскетбол және волейбол алаңдарымен жабдықталған.Орталық студенттері Spesial Olimpics, «Жұлдыз-ай», «Арман асулары» сияқты қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларға белсене қатысады. Соңғы 10 жылда Олимпиада спортының әртүрлі түрлерінен 115 алтын, 90 күміс және 95 қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928671
Астанада су тасқынына қарсы жұмыс жүріп жатыр 01.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су тасқынына қарсы жұмыс қалай жүріп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Қалада су тасқынына қарсы белсенді жұмысты жалғастырамыз. Коммуналдық қызметтер 4,5 млн текше метрден астам қар шығарды.Қазіргі уақытта жыл басынан бері арық-науа желісінің 11,5 мың погонды метрі тазартылды, 8 640 погонды метр коллекторлар, 428 бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы жуылды, станциялардағы бірнеше сорғы жабдығы ауыстырылды және т.б.Сол сияқты Есіл өзенінің арнасына реконструкциялау (су реттейтін бөгет, 5-кезек) жүргізілді; нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз қосылуды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, жеке тұрғын үй секторларында рейдтер жүргізілуде және т.б.Аталған жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындықта. Елді мекендер мен су тасқыны қаупі бар учаскелерге, су өткізу құрылыстарын тазартуға, нөсерлі кәріз жүйелерін салуға ерекше назар аударылады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929196
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті 01.02.2025
Кездесу барысында Марат Ахметжанов Көкшетау және Ақмола епархиясын басқарған архиепископ Серапионның қайғылы қазасына байланысты митрополит Александрға көңіл айтты.«Серапион Владыка біздің өңірімізде конфессияаралық келісімді нығайту ісіне үлкен үлес қосты. Ол епархияда 10 жылдан астам қызмет етіп, тек прихожандар мен дін қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындары мен басқа конфессия басшыларының да құрметі мен сеніміне ие болды», – деп атап өтті облыс әкімі.Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы облыс әкіміне қиын сәтте білдірген қолдауы мен жанашырлығы үшін алғыс айтты. Митрополит Александр архиепископ Серапионның адамдарға қызмет етуге және қоғамның рухани негіздерін нығайтуға өз өмірін арнаған көрнекті рухани тәлімгер болғанын атап өтті.Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар конфессияаралық келісім, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және өңір игілігіне бағытталған бірлескен әлеуметтік бастамалар мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/929093
Ерболат Досаев Digital Almaty форумында инновациялық әзірлемелермен танысты 01.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумға қатысып, оның барысында қала басшысы инновациялық әзірлемелер, соның ішінде қазақстандық мамандардың жобалары ұсынылған стартап-аллея мен робо-аймақты аралап көрді.Мегаполис басшысы цифрлық трансформацияның жаңа жетістіктерімен танысты. «Индустрия X» аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда енгізілген табысты жобаларды көрсетті. «Индустрия X» өндірістің әртүрлі салаларында тиімділікті, сапаны және өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануды қамтиды.Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде іс- қимыл жасайтын Алматы дәстүрлі түрде форум өткізілетін орынға айналды. Биылғы жылы іс-шараға 300-ден астам халықаралық сарапшылар қатысып, 40-тан астам панельдік сессия аясында экономиканың нақты секторында цифрлық технологияларды қолданудың табысты кейстері ұсынылады.Айта кетерлігі, Қазақстанның IT-компанияларының үштен бірі Алматыда шоғырланған. Қала басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған ақылды қалаларды, жасанды интеллектті, үлкен деректерді және тұрақты дамуды қоса алғанда, негізгі бағыттардағы стартаптарды дамытуға және қолдауға бағытталған Алматының ІТ-экожүйесін дамыту бағдарламасының арқасында тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ долларын құрады, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. 2 049 жұмыс орны құрылды.Мегаполисте Almaty Cyber Games (ACG) жобасы сәтті дамып келеді, оның мақсаты - Алматыны өңірдегі киберспорт пен ойын индустриясының басты орталығына айналдыру. 2024 жылы ACG International Tencent Games 2024 бірлескен халықаралық турнирі өтті.Акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар 309 стартапты сәтті аяқтады, оның 16-сы халықаралық нарықтардағы сатылымдарды растады.Сонымен қатар, Алматыда Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеосараптама мен жасанды интеллект пайдаланылды. 2023 жылы әкімдік мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. Алматының табысты тәжірибесін қабылдай отырып, еліміздің басқа өңірлері де осы технологияны енгізе бастады. Бірыңғай видеомониторинг жүйесінің жобасы аясында жыл соңына қарай бірыңғай желіге біріктірілген қалалық камералар саны 70 мыңға дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929122
Қосшы қаласында бір күнде 2000 текше метр қар шығарылды 01.02.2025
Қосшы қаласында қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істейтін бригада күніне 120 рейс жасап, 2000 текше метр қар шығарады.Бұл жұмыстарға 30 бірлік техника мен 40-тан астам қызметкер жұмылдырылған. Қаланың тазалығын қамтамасыз етуге «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Қыс мезгілі басталғалы шығарылған қар көлемі 72 мың текше метрге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928949
Маңғыстау студенттері Жоғарғы Агротехникалық Колледж Шағалалы ауылында сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруде 01.02.2025
1968 жылдан бастау алған, Жоғарғы Агротехникалық Колледжі мемлекетіміздегі мамандарылған кәсіби жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда, «Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысынан 150-ге жуық студент Ақмола облысының колледждерінде тегін білім алуда. Бұл жоба сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, сапалы білім алуға ұмтылатын жастар үшін маңызды қолдау болды.Бағдарлама 10 жұмысшы мамандықты қамтиды, олардың ішінде агрономия, механика, ақпараттық жүйелер, жерге орналастыру және электрмен жабдықтау бар. Студенттер тек тегін білім алып қана қоймай, жатақхана, үш мезгіл тамақтану және жергілікті білім беру мемлекеттік тапсырысы аясында қосымша стипендиямен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап жоғарғы агротехникалық колледж халықаралық WorldSkills байқауының қатысушысы. Білім алушылар облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері атануда. Халықаралық WorldSkills Lyon байқауында «Электрмонтаж жүйесі» бойынша қатысып, республикалық жарыс «Өнеркәсіптік автоматтандыру» байқауында жүлделі ІІІ орын алды.Бағдарламаның қатысушысы, бірінші курс студенті Асадбек Голбаев, Ақтаудан Шагалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжінде бағдарламалау мамандығын оқуға келген. Ол бағдарламалауға ерте жастан қызығып, болашақта «ҚазМұнайГаз» компаниясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.«Мен жатақханада тегін тұрып, тамақтанумен қамтамасыз етілдім. Бұл бағдарлама – үлкен мүмкіндік», – дейді Асадбек Голбаев.Колледж директоры Арман Оспановтың айтуынша, 2024 жылы оқу орнына «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 48 студент қабылданған. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен қаржыландырылып, 12-22 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Сонымен қатар, өз Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет кадрлық әлеуетті жүйелі түрде арттыруы керек», — деп атап өтті. Білікті кадрларды тек жоғары оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында да дайындау қажет. Бұл колледж түлектеріне өздерінің жоғары нәтижелерін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органдарда жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау деген сөз. Жоғары агротехникалық колледж студенттері халықаралық, республикалық және облыстық байқауларға белсенді қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Бұл біздің оқушыларымыздың жоғары деңгейде дайындалғанын және кәсібилігін көрсетеді. Қазіргі мақсатымыз, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы үшін кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі жоғары, үздіксіз жетілдіруге дайын, заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге және дамытуға қабілетті, ғылымды қажетсінетін экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928864
Әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 01.02.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды кезекті мәрте қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Қабылдауда жерлестеріміз тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық және материалдық қолдау туралы өтініштерін жеткізді.Қабылдауға жазылғандардың арасында тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраушыларға лайықты жауап қайтарылды. Облыс әкімі тұрғын үйді бөлу процесі белгіленген мемлекеттік нормаларға сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Баспана кезегінде тұрғандар кезекке сәйкес қана пәтерге ие болатындығы айтылды.«Әлеуметтік мәселелерді шешу - біздің міндетіміз. Облыстың әрбір тұрғыны мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қолдау шараларын кеңейту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.Жеке қабылдау соңында облыс әкімі жауапты ведомство басшыларына азаматтардың өтініштеріне мұқият мән беріп, оларды тезірек шешу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Көтерілген әр сұрақ бақылауға алынатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/928678
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы мен 1 800 арнайы техника қар тазалауға шықты 01.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір тәулік ішінде олар қаладан мыңдаған жүк көлігімен қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.31 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 633 жол жұмысшысы мен 1 862 арнайы техника шықты.31 қаңтарға қараған түні елорданың қар полигондарына 50 мың текше метрден астам қар 3 735 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 353 998 рейспен 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928639
Лудоманиямен қалай күресуге болады: еріктілер Астана көшелерінде акция өткізді 01.02.2025
Елордалық еріктілер қала көшелерінде іс-шара өткізіп, өтіп бара жатқан адамдарға құмар ойындарға тәуелділіктің қаупі мен қолжетімді көмек туралы парақшалар таратты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Астана Жастары» еріктілері іс-шараны халық көп жүретін «Астаналық» базарында өткізді. Мақсаты – елорда тұрғындарын лудомания проблемалары, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы ақпараттандыру.Өтіп бара жатқандарға құмар ойындарға тәуелділіктің белгілері туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды.Патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктің түрлері және оның негізгі белгілері туралы айтылады. Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілген. Парақшада құмар ойынға тәуелділердің ең көп бөлігі 18 бен 30 жас аралығындағылар екені атап өтілген.Ең маңызды бөлімдердің бірі лудоманияға тәуелділіктен көмек алу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Астаналықтарға қалалық психикалық денсаулық орталығына немесе республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының mentalcenter.kz сайтына хабарласу ұсынылады.Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шараның қоғамды ақпараттандыруға, қайдан көмек алуға болатынын және тәуелділіктен қалай құтылуға болатынын білетін қоғам құруға бағытталған.«Бүгін біз адам көп жиналатын орындарда ақпараттық брошюралар тараттық. Акция барысында еріктілер ойынға тәуелділік, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы 500 буклет таратты. Биыл құмар ойындарға тәуелділікпен күресу бойынша алғашқы акциямызды өткіздік, бұған дейін де «Жарқын болашақ» жобасы аясында осындай акцияларды өткізген болатынбыз, – дейді «Астана жастары» маманы Олжас Амангелді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928653
Қазақстан мен Татарстан аграрлық сектордағы ынтымақтастықты күшейтеді 01.02.2025
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаровпен кездесті.Кездесуге келген делегация құрамына Татарстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бас ветеринария басқармасының, «Красный Восток» МК», «Эдельвейс Групп», «Казанские деликатесы» компанияларының, Татарстан шаруашылықтарының өкілдері кірген. Олар Қазақстанға етті мал шаруашылығындағы, агроқұрылымдағы және жалпы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы тәжірибені зерделеу үшін келді.Вице-министр аграрлық сектордағы өзара іс-қимыл елдер арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша АӨК өнімінің Татарстанмен тауар айналымы 61,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артық. Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті.Аманғали Бердалин етті мал шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары және агро саланы сақтандыру туралы хабардар етті.«Жемшөп дайындаудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі толық циклді ет кластерлері құрылуда. Австралиялық тәжірибе бойынша алдағы 2 жылда қуаттылығы 98 мың бас ІҚМ 6 бордақылау алаңын, 50 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау кешенін, сондай-ақ бірінші мамандандырылған мал биржасын салу жоспарлануда. Министрлік әрбір жобаны толық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу біз үшін басым бағыт болып табылады. Біз ҚР аумағында бірлескен өндірістер құруға мүдделіміз», - деді вице-министр.Өз кезегінде Марат Зяббаров барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін атап өтті.Жұмыс бағдарламасы аясында делегация мүшелері Қазақстанның Ет одағының қызметімен танысты, Абай облысындағы мал шаруашылығы нысандарына барды, сондай-ақ Ақмола облысының шаруашылықтарына бару жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/928371
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды 01.02.2025
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды.Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/928482
«eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «eOtinish»-ке қалай өтініш беруге болады 01.02.2025
eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «eOtinish»-ке қалай дұрыс өтініш беруге болады«eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтінішіңізді сәтті жасау және жолдау үшін «eGov Mobile» қосымшасына кіру қажет.Әрі қарай, «Қызметтер» бөлімінде «eOtinish» бөліміне басу керек. Басқаннан кейін Сіз «eOtinish» ақпараттық жүйесінің басты бетіне өтесіз.Содан кейін «Өтініш беру» бөліміне басып, пайда болған терезеде электрондық форманы толтыру қажет.Тиісті бағандарды сәтті толтырғаннан кейін Сізге бар болғаны «Қол қою және жіберу» батырмасын басу ғана қалады.Бұл әрекет Сіздің өтінішіңіз мемлекеттік органға тіркеу үшін және одан әрі қарауға жіберілгенін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/928495
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады 01.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады. Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.«Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/928272
Ұйғыр ауданы: Газдандыру және аграрлық дамудағы серпіліс 01.02.2025
Алматы облысындағы аграрлық аймақтардың бірі – Ұйғыр ауданы, өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуында серпінді жетістіктерге қол жеткізуде. Аудан өткен жылы ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және әлеуметтік салаларда маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, даму қарқынын арттырды.Ауыл шаруашылығындағы жетістіктерАуданның аграрлық әлеуеті жыл санап нығайып келеді. 2024 жылы өңірде 12 829 тонна көкөніс жиналып, гектарына орташа өнімділік 278 центнерді құрады. Сонымен қатар, диқандар 31 мың тоннадан астам жүгері, 2 мың тоннадан аса картоп және 20 тонна майлы дақыл жинады.2025 жылы егістік көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізованың айтуынша, ауыл шаруашылық дақылдар егілетін жер 23 265 гектарға, ал азықтық дақылдар көлемі 14 997 гектарға дейін өседі. Жалпы егістік көлемі 2000 гектарға ұлғаймақ.Су үнемдеу технологиялары да қарқынды енгізілуде. Өткен жылы 1 386 гектар жер осындай технологиялармен суғарылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 500 гектарға дейін ұлғайтылады деп жоспарланған.Өңдеу өнеркәсібі мен инвестиция тартуӨңірдің ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 50 млрд 274 млн теңгені құрап, нақты индекс көлемі 95,5%-ға жетті. Өңдеу өнеркәсібі де дамып келеді – 2024 жылы өндірілген өнім көлемі 22 млрд 511 млн теңгені құрады.Аймақ инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында. Өткен жылы нақты индекс көлемі 107%-ға жеткен. Әкімнің айтуынша, аудан бойынша әзірленген арнайы жол картасына ең өзекті 87 мәселе енгізіліп, олардың 14-і толық шешімін тапты.Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар Ұйғыр ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы Шонжы ауылында 1500 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 40 үй сатып алынды. Сонымен қатар, 2019 жылы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қайта жанданып, оған 617 млн теңге бөлінді.Автокөлік жолдарының жағдайын жақсарту жұмыстары да жалғасуда. Өткен жылы 21,2 шақырым жол жөнделсе, биыл Шонжы, Үлкен Ақсу, Ақтам, Кіші Ақсу және Рахат ауылдарындағы 25 шақырым ішкі көше жолдарын жөндеуге қаражат бөлінді. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін артады деп күтілуде.Газдандыру: Болашаққа қадамАуданда газдандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазірдің өзінде Шонжы ауылы толықтай газбен қамтылған, ал 2 815 жеке тұлға мен 126 заңды тұлға көгілдір отынға қосылған. Алдағы уақытта таулы аймақта орналасқан елді мекендерді газдандыру мақсатында автоматтандырылған газ тарату станциясы салынады. Бірінші кезеңде Кіші Дихан, Үлкен Дихан, Қалжат және Кетпен ауылдарына газ құбыры тартылып, басқа елді мекендерді газбен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.Қарадала өңірінің болашағыҰйғыр ауданының даму қарқыны оның әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және әлеуметтік инфрақұрылымдағы ілгерілеу өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде. Газдандыру және жаңа технологияларды енгізу сияқты жобалар аймақтың болашағын жарқын етіп, экономикалық өсімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/928187