Саясат
Облыс әкімі Ақтөбедегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысын тексерді 26.01.2025
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығының негізгі су объектілері мен су тасқыны қауіпті учаскелерін бағамдады. ТЖ департаментінің командалық-штабтық машинасы мен пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен өңір басшысы Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы ықтимал қауіпті учаскелерді, сондай-ақ Сазды су қоймасын қарап шықты.Қазіргі уақытта ұзындығы 1300 метрді құрайтын Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, тәуекел аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, Урожайный, Зеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жерлерде Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейін Елек өзенінің бойымен үйінді жасалады. Жұмыстарды «ZNS Group» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді, жобаның құны – 117,55 млн теңге.Асхат Шахаров Сазды су қоймасының ағымдағы жөндеу барысын да тексерді. Мұнда су жинақтаушы орынның түбін бөлшектеу, екі қатарлы арматурамен бетон құю және мұздан қорғайтын қабырғаны орнату жұмыстары аяқталған.Қаланы жұмыс бабымен аралау қорытындысы бойынша әкім жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді және неғұрлым осал аумақтарда қорғаныс бөгеттерін салуға кірісуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924627
Астанада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды 25.01.2025
Елордада елді мекендерді жоспарлы газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Бүгін, яғни 25 қаңтарда «Family Village» тұрғын алабын табиғи газбен жабдықтау жүйесіне қосу аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының күшімен тұрғын үй массивінің тарату желілеріне газ алғаш рет қосылды, онда 458 үй көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл халықтың өмір сүру сапасын және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған қаланы газдандырудың ауқымды жобасының бөлігі болып саналады.Жоба аясында 8,7 км газ тарату желісі салынып, 277 газ тарату шкаф пункті орнатылды.Жылытуға уақытында халықтың коммуналдық қызметтерге байланысты шығындары айтарлықтай азаяды. Табиғи газ экологиялық қауіпсіздіктен бөлек, қолжетімді және ыңғайлы отын болып саналады.«Астананы газдандыру – бұл экологиялық жағдайды жақсартатын және халықтың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылғанына қуаныштымыз», – деп атап өтті қала әкімдігінің газдандыру бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбек.Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады. Олар – Сарыарқа ауданы (Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, Агроқалашық және қаланың ескі бөлігіндегі Потанин көшесінің аумағы), Алматы ауданы (Железнодорожный, Промышленный елді мекендері, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң және сол жақ бөліктері, Интернациональный, сондай-ақ Ақбидай, Қазақауыл шағын аудандары), Сарайшық ауданы (Күйгенжар және Мичурино елді мекендері), Есіл ауданы (Велла Вилладж коттедж қалашығы, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра ауданы (Будапешт, Космик Сити тұрғын үй кешендері).Сондай-ақ, «Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларына және Үркер, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924619
Аймақ басшысы өлкетанушылармен кездесті 25.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелерімен кездесті. 20 жылдық тарихы бар өлкетану қоғамы өңіріміздегі тарихи жәдігерлерді түгендеп, оларды сақтап қалу жолында еңбек етіп келеді.Кездесу барысында өлкетанушылар өздерінің атқарған жұмысынан ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ аймақ басшысымен бірлесе қаладағы тарихи нысандардың болашағын талқылады.«Семейдегі тарихи нысандардың келбетін сақтап қалуға өзім де мүдделімін. Осы қаланың тумасы болғаннан кейін әр көне ғимараттың қандай тарихи оқиғалармен қатысы бар екенін бір кісідей білемін. Жергілікті атқарушы билік тарапынан қала тұрғындары үшін маңызы ерекше нысандарды бей-берекет бұзған азаматтармен заң аясында тиісті жұмыс жүргізілуде. Алайда, біз қолдағы барымыздан айырылып қалмас үшін сіздермен бірлесе отырып, тарихи ғимараттар тізімін қайта жасап шығуымыз керек», — деді облыс әкімі.Кездесу барысында мемлекет қорғауындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру жайы да сөз болды. Сондай-ақ тараптар қаланы көркейтуге қатысты пікір алмасты. Мәселен, өлкетану қоғамының мүшесі Владимир Боровинский биылғы мамыр айында жас өлкетанушылар слетін өткізуді жоспарлап отырғандығын жеткізді. Осыған байланысты облыс әкімі қажетті көмектің жасалатындығын айтты.«Біз өлке тарихын зерттеу, табылған тың деректерді халыққа дәріптеу сияқты жұмысымызды жалғастыра береміз. Биылғы жылға жоспарлап отырған кезекті істеріміз бар. Осыған орай сіздермен қарым-қатынаста боламыз», — деді «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов.Төрағадан бөлек Николай Исаев, Екатерина Гуляева, Ольга Исаева, Асқар Садиков, Александр Люй сынды өлкетенушылар өз ойларын ортаға салды. Облыс әкімі өлкетанушылар тарапынан айтылған ұсыныстарды жан-жақты талқылап, оң шешім шығару үшін басқарма басшылары мен қала әкіміне тиісті тапсырма жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924615
Әкім ақынға құрмет көрсетті 25.01.2025
Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды. Осыған орай Абай атындағы драма театрда «Қарқуар» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ақынның шәкірттері мен оқырмандары қатысты. Кештің ашылуында сөз алған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауын жеткізіп, ақынның иығына шапан жапты.«Абай елінің төл баласы Төлеген Жанғалиев — ұлылар мекенінің бай мұрасы мен шежіре тарихына уызынан қанып өскен текті ұрпақ. Хәкім Абай, данышпан Шәкәрім, мұхит ойлы Мұхтарға қызмет етуді Төлеген ағадан үйрену керек десем, артық айтқандық емес. Дүниенің «қызыл-жасылына» алданбай, «қаққан қазықтай» Қарауылға байланып, бабалар мұрасын қорып келе жатқан Төлеген Жанғалиұлына Абай елі дән риза! Қазақ руханиятының қайнарынан сусындап, Абайша терең толғанып, ұлы ой, сырлы сөздің жүгін арқалаған қарымды қаламгерге шын жүректен шығармашылық табыс тілеймін! Мерейтой құтты болсын!», -деді облыс әкімі.Шығармашылық кеште «Дариға-ай» жастар театры әртістерінің қатысуымен «Қарқуар» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Қазақстан Жазушылар Одағының құттықтау хаттары оқылды. Бұдан бөлек мерейтой иесінің шәкірті, ақын Қалқаман Сарин, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәулет Сейсенұлы сынды бір топ қаламгерлер сахнаға көтеріліп, Төлеген Жанғалиұлына жылы лебіздерін білдірді. Қазақстанның белгілі жазушысы, драматург, аудармашы және қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың ақынға арнаған өлеңі оқылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924616
Абай облысында баскетбол дамып келеді 25.01.2025
Абай облысында алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Alzhan» баскетбол лигасы өтуде. 5-6 сынып оқушылары арасында өтетін жарысқа қала, аудандардан 8 қыздар, 12 ұлдар командасы қатысуда.«Alzhan» лигасын құрудағы мақсат — жастарды спортпен шұғылдануға тарту, талантты спортшыларды анықтап, олардың ары қарай өсуіне жағдай жасау. Лига жас спортшылардың шыңдалып қана қоймай, сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуге көмектеседі.Жарыстың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.Ұйымдастырушылар баскетбол облысымызда үлкен танымалдыққа ие болып келе жатқанын айтады.«Баскетбол - ойын ғана емес, балаларды көшбасшы, тату болуға тәрбиелейді. Біз жас спортшылардың дамуы үшін облысымызда баскетболды дамытуды жалғастыра береміз», -деді лиганың бас төрешісі Рафаэль Мурсалимов.Осыдан бір жыл бұрын облысымызда баскетбол федерациясы құрылды. Баскетбол инфрақұрылымы дамуда. Оқушылар мен студенттердің баскетбол үйірмесіне тегін қатысуына жол ашылды. Баскетбол ойнайтын алаңдар ашылып, түрлі жарыстар жиі өткізіліп тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924618
«Шағала» және «Достық» бассейндері келесі аптада ашылады 25.01.2025
Екі спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров аталған нысандарға барып, жөндеу жұмыстарыныңбарысын тексерді.«Шағала» бассейніне күрделі жөндеу жүргізген «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен қазір сот талқылауларыжүріп жатыр. Бірақ осыған қарамастан, комиссияның шешімімен біз бұл мекемені ашамыз. «Достық» спорт кешені де жөндеуден өтті. 1 ақпанға дейін мердігер жұмыстыаяқтайды. Алдағы аптада балалар өз сабақтарынжалғастыра алатындай екі бассейн ашылады», - деп түсіндірді облыс әкімі.«Достық» спорт кешеніне күрделі жөндеуді «Альтаир-СК 7» ЖШС жүргізді. Жұмыс құны – 388,12 млн теңге. Ал «Шағала» бассейнін жөндеуге 287,05 млн теңге жұмсалды.«ГрадСтройСервис» ЖШС жұмысты толық көлемдеорындамағандықтан, сотқа шағым түсірілді.Айта кету керек, ғимараттар жөнделген кезде, үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін жеке бассейндерді жалға алуға келісімшарттар жасалып, жас жүзушілер спортпен айналысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924611
«Родина» агрофирмасы Орталық Азияда теңдесі жоқ айналмалы сауу механизмін іске қосты 25.01.2025
Целиноград ауданының «Родина» Агрофирмасы» ЖШС-де Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да баламасы жоқ сауу цехының ашылуы өтті.Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мен облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.Кешенді іске қосу-Президенттің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70% - ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы маңызды қадам.Шведтік DeLaval брендінің роботты сауу карусельді жүйесі бір реттік сыйымдылығы 80 бас болатын 5 сағат ішінде 2000 сиырға қызмет көрсете алады, сондықтан оператордан ең аз күш қажет. Бір ауысымда қондырғыға тек 12 адам қызмет көрсетеді.Бұл шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірге елорда тұрғындарын 50% - ға сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігін ашады.Өткен жылы қуаттылығы шамамен 4,9 мың бас мал болатын бес ірі сүт-тауар фермасы құрылды. Ағымдағы жылы 1,2 мың басқа тағы 2 СТФ іске қосу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/924601
Ақтөбе облысында хоккейді дамытуға 956 млн. теңге бағытталды 25.01.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаров №5 «Олимп» БЖСМ-не де барды, онда хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек бойынша балаларға арналған секциялар жұмыс істейді.Өткен аптада «Олимп» хоккей модулінде жылу алмастырғыш істен шыққан-ды. Осыған байланысты мұз үстіндегі сабақтар тоқтатылды. Сәйкесінше, жаңа жабдықты сатып алу немесе ескі жабдықты жөндеу мәселесі күн тәртібінде болды. «Бүгінде жылу алмастырғыш жөнделді. Жаңа жабдықты да сатып алу жоспарлануда. Ескі құрылғы істен шыққан жағдайда, балалар жаттығуларын үзбеуі үшін оны жаңасына ауыстырамыз», - деп түсіндірді Асхат Шахаров.Жылу алмастырғышты сатып алуға демеушілерді тарту жоспарлануда.Сондай-ақ, хоккей бойынша өңірде ересектер, жастар және балалар командалары құрылғанын атап өткен жөн. 2024-2025 маусым ойындарына «Aqtobe» хоккей клубының жеті командасы қатысуда. Қазіргі уақытта ерлер командасы 7-орында, жастар командасы 5-орында, балалар командалары 2-ден 6-орынға ие. 2025 жылға арналған хоккейдің бюджеті 956 млн. теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924612
Ақтөбеде 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды 25.01.2025
Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында балаларға арналған екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда.Облыс әкімі Асхат Шахаров спорт нысандарының балаларды қабылдауға дайындығын тексерді. Қызылжардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін «Ерзат»ПрК мердігерлік ұйымы салды. Жобаның құны - 557,97 млн теңге. Спорт нысаны 500 баланы қабылдауға қауқарлы. Волейбол, баскетбол, үстел теннисі және жекпе-жек бойынша секциялар ашылады. Сондай-ақ жүз орындық трибуна бар. Ясныйда да дәл осындай кешен ашылады.«Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында жергілікті балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашылады. Жұмыс үшін жаттықтырушылар құрамы таңдалды. Ақпан айында біз Балауса, К.Нокин және Ақжар тұрғын алаптарында тағы үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл кешендер балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне айналады.Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін жастарды спортпен шұғылдануға ерекше назар аудару керек. Бұл бағытта біз спорттық инфрақұрылымды дамытуды және балалар мен жастарға барлық жағдай жасауды жалғастырып келеміз», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924613
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау: Астанада қорғаншылық органдары қалай жұмыс істейді 25.01.2025
Елордадағы интернат мекемелеріндегі балалар саны соңғы үш жылда 35 пайызға азайған. Бұл көрсеткіштерге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы тәсілдерін дамыту бойынша жүйелі жұмыстың арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев жан-жақты айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі таңда елордада 800-ден астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрады, олардың 170-ке жуығы – интернат мекемелерінде.«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды анықтау ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар туралы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, атап айтқанда, үйде қызмет көрсету қызметтері, полиция инспекторлары және жеке тұлғалар қорғаншылық және қамқоршылық органына хабарлайды. 2024 жылы Астанада 230-ға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала анықталып, есепке алынды. Анықталған балалардың 85 пайызы патронаттық отбасыларға берілді», - деді Қасымхан Сенғазыев.Ол жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы тәсілдерін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соның арқасында жыл сайын отбасыларға берілетін балалар саны артып келеді.«Нәтижесінде интернаттардағы балалар санының азаюының тұрақты үрдісі байқалады. Үш жылдың ішінде олардың саны 35%-ға қысқарды», - деді басқарма басшысы.Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында күнделікті сот процестеріне қатысады.Мәселен, өткен жылы 1300-ден астам осындай сот процестері өтті. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта мамандар балаларды тәрбиелеуге, асырап алуға, қарым-қатынас тәртібін айқындауға, балалардың тұрғылықты жеріне, ата-ана құқығынан айыруға және шектеуге, балаларды іріктеп алуға байланысты мәселелер бойынша, басқа соттарда (қылмыстық, экономикалық, әскери, азаматтық істер бойынша ауданаралық, апелляциялық сатыдағы, әкімшілік) мәселелер бойынша отырыстарға қатысады, онда кәмелетке толмағандардың мүдделері қозғалады.Атап өтерлігі, заңнамада балалармен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты ата-аналар арасындағы дауларды сотқа дейін шешу қарастырылған. Осылайша, өткен жылы қорғаншылық және қамқоршылық органы бөлек тұратын ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тәртібі туралы 400-ден астам қаулы шығарды.2024 жылы қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандары жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың тұрмыс жағдайын тексеру үшін 1200-ден астам аралау жүргізді.Бұл ретте бір жыл ішінде 10 мыңнан астам өтініш қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924610
«Рекордтар каруселі»: Ақмола облысы елордаға сүт өнімдерін жеткізуді 50%-ға дейін арттыруды көздейді 25.01.2025
Ақмола облысы сүтті мал шаруашылығында инновацияларға басымдық беріп, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу арқылы биік мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сауу цехының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин және облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.DeLaval швед бренді ұсынған роботтандырылған сауу каруселі жүйесі 5 сағат ішінде 2000 сиырды саууға қабілетті және бір уақытта 80 сиырды қабылдай алады. Бұл жүйені бір ауысымда бар болғаны 12 қызметкер басқарады, осылайша оператордың еңбегі барынша азаяды. Сондай ақ күн сайын әр қара мал отыз литрден астам сүт берсе, бүгінде бұл көрсеткіштің рекордын 86 литр сүт берген сиыр орнатты. Шаруашылықта жануарлардың жайлылығына ерекше көңіл бөлінген. Атап айтар болса, тұяқтар мен желіні өңделеді, арнайы датчиктер сиырлардың тамақтану рационын қадағалап, олардың денсаулығын бақылауға мүмкіндік береді.Айта кету керек, кешеннің іске қосылуы – Мемлекет басшысының өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды қадам.«Біздің алдымызда сүт өнімдерін елордаға жеткізуді 50%-ға дейін арттыру міндеті тұр. Бұл үшін өңірде жаңа өндірістер құрылып, қолданыстағылары кеңейтілуде. Инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы тиімді қолдау құралына айналды», – деп атап өтті Мұрат Балпан.Аталған шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл өсім өңірге елорда тұрғындарын 50%-ға сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге жол ашады.Өткен жылы өңірде жалпы саны 4,9 мың бас малға арналған бес ірі сүт-тауарлы ферма құрылды. Биыл өңірде тағы 1,2 мың басқа арналған 2 ферма іске қосу жоспарлануда. Бұл – Ақмола облысының тауарлы сүт өндірісін 1,5 есеге арттырып, астаналықтарды сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған алғашқы қадамдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924590
Тәрбие, білім және қауіпсіздік: Абай облысында әр балаға қолайлы жағдай жасалады 25.01.2025
Абай облысында балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған ауқымды реформалар мен бастамалар іске асырылуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір баланың бақыты және қауіпсіздігі үшін жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Осыған байланысты бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда.Балалар халқымыздың үштен бірін яғни, 6,8 миллион адамды құрайтындығын ескере отырып, мемлекет олардың құқықтарын қорғауға, әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай күш салуда. Қабылданған үш Заң ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеуге бағытталған.Мәселен, 2024 жылғы ақпанда «Бала құқықтары туралы» Заңға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәлімгерлік институт енгізуді көздейтін өзгерістер енгізілді. Абай облысында мұндай балаларды кәсіби бағдарлауға, әлеуметтендіруге және бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 5 жеке және 7 корпоративтік тәлімгер көмек көрсетеді. Желтоқсан айында «кәсіби қабылдаушы отбасы» институтын енгізетін Заң қабылданды. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды үйде тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ал кәсіби ата-аналарға әр бала үшін 10 АЕК - тен 70 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.Балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Ал шұғыл көмек көрсететін «111» байланыс орталығының жұмысы заңнамалық деңгейде бекітілді. Қысым көрсетуге әкімшілік жауапкершілік енгізіліп, балаларды қоғамдық көліктен түсіруге тыйым салынды.2026-2027 оқу жылынан бастап жекеменшік мектептерде оқитын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға тамақ және оқу құралдары тегін беріле бастайды. Абай облысында қорғаншылық және қамқоршылық бойынша 22 маман жұмыс істейді. Алайда қосымша 15 маман қажет.«2024 жылдың ақпан айынан бастап өңірде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған «Мейірім» акциясы өткізілуде. Бүгінгі таңда 222 бала мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға бекітіліп, 144 баланың шотына 37 млн теңгеден астам қаражат аударылды», — деп атап өтті Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.Абай облысында балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші 92,4% -. құрады. 11 мыңнан астам бала білім беру мекемелері және өзге де шығармашылық үйірмелерде, сондай — ақ 6 мыңнан астам бала спорт секцияларында өз қалаулары бойынша айналысады. 309 жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды сабақтан тыс уақытта қамту 50 666 оқушыны құрады (49,3%): 1129 үйірмеде 20773 бала (20,3%), 1760 спорт секцияларында 29 893 бала (29%) қамтылды. Әскери-патриоттық тәрбиені дамыту үшін өңірде 234 клуб және 59 «Жас сарбаз» сыныптары жұмыс істейді. Экологиялық клубтар, сондай-ақ мектеп мұражайлары мен өлкетану жасақтары белсенді жұмыс істейді. 2024 жылдың жазғы кезеңінде 12 сауықтыру лагері 5 мыңнан астам баланы қабылдады. Қала сыртындағы лагерьлердің жетіспеушілігін жою үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспары шеңберінде Кеңгірбай ауылында жаңа лагерь құрылысы жүргізілуде.«Өңірдің барлық білім беру мекемелері бейнебақылау камералары, дабыл түймелері және турникет сынды заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосылу аясында 23 мыңнан астам камера орнатылды. Өңірде отбасы мен балаларды қолдау орталықтары құрылды. Онда психологтар, әлеуметтік педагогтар және қамқоршылық органдарының қызметкерлері жұмыс істейді. Қосымша білім беру үшін ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерін пайдалану ұйымдастырылды. 2024 жылы 113 өтініш бойынша көмек көрсетіліп, олардың әрқайсысы жедел шешілді», — деп толықтырды облыс әкімінің орынбасары.Аймақта бір жылда буллинг, нашақорлықтың және экстремизмнің алдын алу бойынша мыңнан астам іс-шаралар өткізілді. 2024 жылдың тамыз айында облыс мамандары үшін балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.Бір сөзбен айтқанда, Абай облысында әр балаға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924567
Мұғалжар ауданы Темір көпір ауылының жастары өз құрдастарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды 25.01.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде Мұғалжар ауданының жастары өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және абаттандыруға бағытталған республикалық акцияның өткізілуін талқылады.Жастар жыл бойы сенбіліктерге және жасыл желектерді отырғызуға белсене атсалысты.«Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз, себебі соның арқасында ауыл таза әрі әдемі күйге енді. Барлығы қоршаған ортаға қамқорлық жасауы керек және жастардың осы процестерге белсенді қатысуы маңызды. Осындай бастамалармен біз экожүйені жақсартып, өмір сүруге қолайлы жағдай жасай аламыз, сондай-ақ жастардытабиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға тәрбиелейміз. Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады», - деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев.Облыс әкімі жас ауыл тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдірді.«Таза Қазақстан» акциясы - бұл жай ғана бастама емес, бұл біздің өмір сүру үшін таза және жайлы орта құруға қосқан ортақ үлесіміз. Президент еліміздің әрбір өңірі өз аумақтарының экологиясын жақсартуға және абаттандыруға қатысу керек деген міндет қойды. Жастардың осы өзгерістердің алдыңғы қатарында болуы маңызды, өйткені сіздер – еліміздің болашағысыздар. Сенбіліктер мен көгалдандыру шараларына қатысып қана қоймай, сонымен қатар қоқыстарды бөлек жинау, жасыл аймақтарды құру және қоғамдық кеңістіктерді жақсарту бастамаларына белсенді қатысу қажет.Өзіміздің және басқа да тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу маңызды, өйткенібалаларымыздың болашағы бізге байланысты. Осындай жобаларға қатысу арқылы сіздер өзгелерге үлгі көрсетернағыз көшбасшы боласыздар. Сіздердің көмектеріңізбен біз өңірімізді және елімізді таза әрі әдемі ететінімізге сенімдімін», - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924582
Бала құқығын қорғау! 25.01.2025
2025 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру объектілерінің басшыларына жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаментері өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- экстремизм және терроризм желісі бойынша ұғымдық аппарат;- саяси, ұлттық және діни экстремизмді насихаттау белгілері бар аудио-, бейнематериалдардың үлгілері;- экстремизм мен терроризмнің алдын алуда қолдануға ұсынылатын танымал теологтар мен тарихшылардың аккаунттары;- кәмелетке толмағандар жасаған зорлық-зомбылық әрекеттерінің мысалдары;- жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру қойылатын талаптар;- жалған ақпарат әдістері, оның ішінде жасанды интеллектті қолдану. Жалған ақпарат орналастыру, тарату үшін жауапкершілік;- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Білім беру мекеменің басшылары біқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/924565
Жетісу облысында тағы 19 көпбалалы отбасы мемлекеттік қордан тұрғын үй алды 25.01.2025
Бүгін Жетісу облысында кезекте тұрған 19 көпбалалы отбасы Талдықорған қаласындағы «Береке» коттедж қалашығынан баспаналы болды. Өткен жылдың соңынан бері мұнда 74 отбасы қоныс тойын тойлады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасы бойынша аталған коттедж қалашығының проблемалық мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдануда. Ол негізінен құрылыс сапасына байланысты мәселелер. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, салынып бітпеген үйлердің құрылысы аяқталуда. Барлығы 204 проблемалық коттедж анықталды. Барлық ескертулер мен кемшіліктер жойылғаннан кейін 25 коттедж өткен жылдың соңында кезекте тұрғандарға тапсырылды, ал тағы 30 коттедж өткен аптада тапсырылды. Бүгін кезекте тұрғандарға тағы 19 кілт табыс етілді. Қалғандары кезең-кезеңмен пайдалануға берілетін болады. Жалпы, биыл коттедж қалашығының құрылысын толық аяқтау жоспарланған.Бақытты қоныс иелерінің арасында жеті баланың анасы Әлия Аталықова да бар. Оның отбасы бүгін армандаған кілтке ие болды:- Баспана кезегінде 15 жыл тұрдым. Бала-шағаммен бір жалдамалы пәтерден екіншісіне үнемі көшу қиын болды. Біз ұзақ күткенімізге қарамастан, бүгін біздің отбасымызда үлкен және бақытты қоныс тойы өтті. Сол үшін барлық қатысушыларға шынайы алғысымды білдіремін. Жаңа қоныс иелеріне амандық тілеймін, - деді көпбалалы ана.Айта кететін жайт, Жетісу облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Талдықорған қаласының өзінде өткен жылы кезекте тұрғандардың ішінен 1283 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал биыл 1400-ден астам тұрғынды қамту жоспарланған. Жалпы, биыл облыс орталығында жаңа шағынаудандарда тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу, жылу желілерін, арық желілерін қайта жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандарды салу жұмыстары жалғасады. Қаланың ескі шағынаудандарының архитектуралық келбетін жаңартуға, үйлердің шатыры мен қасбетін қайта жаңартудан бастап, аула аумақтарына дейін назар аударылатын болады. Оның үстіне Талдықорғанды жаңа саябақтар мен скверлер көріктендіре түседі.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фототілші: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/924146
Қандыағаш тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құлпынай өсірумен айналысады 25.01.2025
Эдуард Саламат былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, несиеге 16 миллион теңге рәсімдеп, голландиялық құлпынай сортын өсіретін «Nazberry» жылыжай кешенін ашты. Бір маусымда ол 0,8 тонна жидекжинаған. Қазір бүкіл отбасымен жылыжай жұмысын жүргізуде.«Ұзақ уақыт бойы өз ісіммен айналысуға бел будым. Ешқандай өкінбеймін. Барлық уақытымды жылыжайды дамыту ісіне арнаймын. Мұнда суару жүйесі автоматтандырылған. Жидектерге сұраныс көп. Біз өнімді негізінен Қандыағашта сатамыз, бірақ кейде Ақтөбеге де тасымалдаймыз. Болашақта кеңейтуді жоспарлап отырмын. «Ауыл аманаты» бағдарламасы - өз бизнесіңді ашуға жақсымүмкіндік. Ең бастысы, өз ісіңнен пайда алу үшін аянбайжұмыс істеу керек», - деді облыс әкіміне жылыжай иесі.Өңір басшысы Мұғалжар ауданына сапары барысында кәсіпкердің жұмысын бағамдап, оның ісімен танысып,сәттілік тіледі.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аудан тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарын қолдауға, жұмыс орындарын құруға және елді мекендерде өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Біз ауданда тұру үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ауылдарда инфрақұрылымды жақсарту және тұрғын үй салу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Ауыл тұрғындарының осы мүмкіндіктерді пайдаланып, туған өлкенің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосуы маңызды», - деді әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924546
Таза Қазақстан: қар тазалау қарқынды 25.01.2025
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы облысымызда үздіксіз жалғасуда. Қаңтардың қытымыр аязы мен жауған қарына қарамастан әр ауданда жұмыс қарқынды жүруде.Көкпекті ауданының коммуналдық қызметтері қыс келген сәттен күшейтілген режимде қызмет етуде. Қар күреуге 24 техника және 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Аудан аумағынан 3 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыс наурыз айының соңына дейін жалғасады. Одан бөлек аудан аумағында жастар ұйымдары мен мектеп оқушылары 33 жалғызбасты қарияға көмек қолын созды.Жаңасемей ауданында да ішкі көшелер мен подъездік жолдарды тазарту тұрақты түрде жүргізілуде. Бұған арнайы техника тартылған. Аудан бойынша 478,5 шақырым жол қардан тазартылған. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолдарына құм мен тұз қоспасын себілуде. Атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға жеткізіліп жатыр.«Таза Қазақстан» республикасы акциясы аясында Бородулиха ауылында аудан әкімі Айдар Ибраев бастаған мемлекеттік қызметкерлер сенбілік ұйымдастырып, хоккей кортын қардан тазартты. Коньки тебушілерге ыңғайлы болу үшін биыл мұз айдыны жанынан аяқ киім ауыстырып, жылынуға болатын арнайы орын салынды.«Ел көлеміндегі акцияға бородулихалықтар алғашқы күннен атсалысуда. Жаз айларында көшет отырғызу, абаттандыру, қоқыс шығару жұмысын атқарсақ, қазір қардан тазалауды жалғастырып жатырмыз. Акция барлығымызды біріктіреді. Сондықтан бей-жай қарамай, атсалысуға шақырамын», - деді Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев.Мақаншы ауданында қар биыл жылдағы мөлшерден кем түскен жоқ. Соған қарамастан аудан әкімдігі мен жергілікті коммуналдық қызмет 15 арнайы техника мен 60-тан астам жұмысшы жұмылдырып, қардан тазартуда. Мердігер мекемелер түнгі ауысымда жолдардың тазалығын қамтамасыз етуде.Дәл осындай жұмыс Бесқарағай ауданында да жүргізілуде. Көшелерден бөлек саябақ пен қоғамдық орындар қардан аршылуда.Курчатов қаласында 300 текше метрден астам қар шығарылды. Қаланы тазалауға «Курчатов Водоканал» МКК техникалары мен жұмысшылары тартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924525
Азық-түлік келісім шарт корпорациясының астық базалары 2024 жылы астықты қабылдау және жөнелту көлемін ұлғайтты 25.01.2025
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының «Астық қоймалары» ЖШС еншілес кәсіпорнының астық базалары 2024 жылы астық қабылдау көлемін екі есеге арттырды.2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері төрт астық қабылдау пунктінің элеваторларына 411,7 мың тонна астық тапсырды, бұл өткен жылдан 185,7 мың тоннаға артық. 2024 жылғы егінді жеткізуде 3-сыныпты бидай басым болды.Жыл ішінде кәсіпорынның астық қоймаларынан 346,4 мың тонна астық пен майлы дақылдар жөнелтіліп, тасымалданды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Астық қоймалары» астық базаларында жөнелту көлемі 17,9%-ға (немесе 62 мың тонна) өсті.Кәсіпорынның астық қабылдау пункттері Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орналасқан. 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша төрт нан базасында 288,6 мың тонна астық сақталуда.«Астық қоймалары» ЖШС мамандары АҚП-де орналасқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа параметрлерінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізеді. Астықты сақтау шараларын күшейту үшін астық базалары IP-бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, кәсіпорында өндірістік процестерді бейнетіркеу жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/921726
8,5 млн шабақ Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды 25.01.2025
Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасуда. 21 қаңтар таңына дейін 2 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Жалпы, бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды.Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/921732
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 25.01.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.Дәнді дақылдарэлеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы баға(элеватор)ӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +113-САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін71+6САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін65-САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін60+2САТУ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін50+2САТУ6535арпа 2 сыныпты59+3САТУ6035Дурум (прот 14+)85-САТУ12070Дурум (прот 15+)102-САТУ15090Бір апта ішінде 25 глютенді "үштік" бағасының қазақстандық астық нарығында, сондай-ақ 4 және 5-сыныпты бидайдың өсуі тіркелуде.Респонденттердің айтуынша, нарық әлі де өзгеруде. Трейдерлер қазір азды-көпті белсенді сауда болады деп үміттенеді.Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинауҚазақстандық нарыққа қатысушылар келесі жылы Ресейде егіннің болжамды төмендеуіне байланысты бағаның өсуін күтуде, соның салдарынан Ресей Федерациясының фермерлері «оны озу үшін, бағаны көтеруде».Сұхбаттасушылардың болжауынша, «Ресей қазір өз астығын шығарады, салдарынан біздің бидай қолданылып, астық бағасы өседі» .Екінші жағынан, доллардың өскен бағамы ҚР фермерлерін астық сатуға ынталандырды. Фермерлер бидайдың хай про құны-130 мың теңге/тонна деп санайды, экспорттаушылар оның өтпейтін айтады, сондықтан, хай проны араластыру үшін отандық ұн тартқыштар сатып алады деп санайды.Импорттаушылардың ҚР ұсынылған баға белгісіне қалай жауап беретіні әлі түсініксіз. Бірақ, трейдерлердің айтуынша, әзірбайжандар 25 глютенді бидайдың бағасын тоннасына 210 доллардан 203 долларға дейін азайтты.Сарыағашта қазір 4-сыныпқа және 3-сыныпқа 25 глютенді қызығушылық бар, қатардағыға сұраныс жоқ.Майлы/Бұршақ дақылдарыМайлы дақылдар нарығында зығыр мен күнбағыс бағасы қымбаттап жатыр.Нарық әлі тұрақсыз. Көптеген трейдерлер майлы тұқымдарды сатып алуды әлі бастамаған.Солтүстікте сатып алу тек зығыр арқылы жүзеге асырылады.Трейдерлердің айтуынша, алтын зығыр аз, негізінен барлығы қоңыр зығырмен сауда жасайды.Жасымықтың бағасы да өсті (ҚҚС-пен):элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр213+1САТУ200170Рапс208-САТУ250180Күнбағыс165+4САТУ190160Мақсары116-САТУ11085Соя186-САТУ285200Қыша қара/ақ215-САТУ300200Бұршақ (сары)*92-САТУ17080Жасымық қызыл**191+2САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **358+51САТУ450350қызыл - 180–200 мың. тенге/тонна;жасыл - 350–400 мың. тенге/тонна.* - сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп берді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/921919