Ғылым
Қарағандылық Айзере Төлеу Дельфий ойындарының алтын жүлдесін иеленді 20.10.2026
Қарағандының жас өнерпазы Айзере Төлеу Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен XX жастардың Дельфий ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Мерейтойлық байқауға ТМД-ның тоғыз елінен – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген жүздеген жас дарын қатысты. Қатысушылар өнердің он аталымы бойынша бақ сынады.Айзере Төлеу – мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттың халық аспаптары бөлімінің 12-сынып оқушысы. Ол Дельфий ойындарында «Халық әнін жеке орындау» аталымы бойынша өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді.«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру өңірлік ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, жас әншінің жеңісі – табанды еңбектің, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктің және ұстаздарының кәсіби шеберлігінің жемісі.«Айзеренің осындай беделді халықаралық байқаудағы жетістігі – қазақтың дәстүрлі ән өнерінің өміршеңдігін айғақтайтын үлкен жеңіс. Бұл сонымен қатар ұлттық мұрамыздың жас ұрпақтың орындауында қайта түлеп, әлемдік деңгейде лайықты бағасын алып келе жатқанын көрсетеді», – деп атап өтті орталық өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1310375?lang=ru
Қарағандылық Виктор Друзин әлемнің үздік спортшысы атағына үміткер атанды 17.10.2026
Қарағанды облысының спортшысы Виктор Друзин Халықаралық су спорт түрлері федерациясының (World Aquatics) нұсқасы бойынша жылдың үздік бес спортшысының қатарына енді. Ерлер арасындағы артистік жүзуден «Жыл спортшысы» аталымының иегері ашық дауыс беру нәтижесінде анықталады.Қазақстандық спортшы беделді марапатқа Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблинмен, Колумбия спортшысы Густаво Санчеспен, Қытай өкілі Муе Гомен және Италия спортшысы Филиппо Пелатимен бірге үміткер болып отыр.Виктор Друзин үшін биылғы маусым халықаралық жарыстардағы жарқын жетістіктерімен ерекшеленді. Маусым айында ол Торонтода өткен Әлем кубогының суперфиналында техникалық бағдарлама бойынша жеке сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ еркін бағдарламада күміс жүлдеге қол жеткізіп, Наргиза Болатовамен бірге аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алды.Шілде айында Бангкокте өткен Азия чемпионатында қарағандылық спортшы техникалық бағдарлама бойынша жеке сында топ жарып, алтын медаль иеленді. Осылайша, ол құрлық чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды. Ал тамыз айында Будапештте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның аралас командасы сапында өнер көрсетіп, қола медаль иелендіСпортшыны Елена Котова жаттықтырады.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңір тұрғындарын жерлесімізді қолдап, дауыс беруге шақырады.Дауыс беру үшін World Aquatics федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына https://www.instagram.com/world_aquatics/ өтіп, Artistic Swimming | Men санатындағы үміткерлер туралы жарияланымды табу қажет. Содан кейін @druzin.viktor белгіленген пікірге лайк басу керек. Жеңімпаз спортшыларды қолдаған пікірлерге жиналған лайк саны бойынша анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1309890?lang=ru
Қазақстанның барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде 15.10.2026
19 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық облысында отандық өндірушілерді қолдау және халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. Алғашқы үш аптада 13 мың тоннадан астам өнім сатылды. Жәрмеңкелер демалыс күндері ұйымдастырылып, жыл бойы тұрақты түрде жалғасады.Тек осы аптада еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 3,5 мың тонна азық-түлік өнімі ұсынылды. Оның негізгі бөлігін көкөністер мен бақша дақылдары – 1,7 мың тонна, ет және ет өнімдері – 785 тонна, сүт өнімдері – 285 тонна құрайды. Сонымен қатар сауда орындарында құс еті, балық, жеміс-жидек, бакалея өнімдері, ұн, нан, макарон өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары сатылуда.Отандық фермерлердің өнімдерін тікелей жеткізу және делдалдар санын қысқарту нәтижесінде жәрмеңкелердегі бағалар нарықтағы орташа бағадан шамамен 20%-ға төмен. Сонымен қатар мұндай сауда алаңдары еліміздің әр өңіріндегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін сатуға, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға және өңіраралық сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік береді.Осы демалыс күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері ұсынған өнімдерді сатып ала алады. Елордаға 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде Түркістан облысынан 60 тонна ет және ет өнімдері, 260 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 60 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері әкелінді. Ал Батыс Қазақстан облысының өндірушілері 50 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, 80 мың дана жұмыртқа, 11 тонна балық өнімдерін және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.Елордада осындай жәрмеңкелерді өткізу өңірлік өндірушілер үшін өнім өткізудің қосымша мүмкіндіктерін қалыптастырып, өңіраралық сауда байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар халықтың сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1309352?lang=ru
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды 14.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйімен, нысандардағы жұмыс барысымен танысты.Алдымен сол жағалаудағы «Alem Asia Trade» серіктестігінің автокөлік салонына барды. Жоба аясында 21 жұмыс орны ашылған, айына орта есеппен 20 автокөлік сату жоспарланған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның KIA ресми диллерлік орталығымен бірлесіп жұмысын бастаған.«Достық» жеке кәсіпкерлігінің шыны пакеттер өндіретін автоматтандырылған өндіріс цехы өткен жылы іске қосылған. Негізгі қызмет бағыттары – ПВХ профильдерін ламинациялау және шыны пакеттер өндіру. Өндірістік қуаты жылына 1 млн шаршы метр, 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Өндірісте заманауи автоматтандырылған желі қолданылады. Оның арқасында бір шыны пакетті дайындау уақыты 10 минуттан 1 минутқа дейін қысқарып, жылдамдық шамамен он есе артқан. Бұл тапсырыстарды жедел орындауға, өнім сапасын тұрақтандыруға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – шикізат пен материалдардың басым бөлігінің отандық өндірушілерден жеткізілуі. Қолданылатын шикізаттың шамамен 90 пайызы отандық өнімдер, негізгі шикізаттың бірі – Қызылорда қаласындағы «Orda Glass» ЖШС өндіретін табақша шыны.Бұл жергілікті кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланысты нығайтады. Жобаға екінші деңгейлі банктер, мемлекеттік субсидия, сонымен қатар «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы да қосымша қаржылық қолдау көрсетілген.«Медстрой-Шаңырақ» нейромед протезді-ортопедия орталығы мамыр айында іске қосылған. Мұнда протездік-ортопедиялық қызмет көрсетіледі және медициналық оңалту бағытындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған. Қазіргі таңда орталықта 10 адам еңбек етеді, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Негізгі жабдықтар Қытай мен Ресейден жеткізілген.Аймақ басшысы Абай ауылындағы 800 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысымен де танысты. «Қызылорда Құрылыс НК» серіктестігі жобаға 7,5 млрд теңге қаржы бөлген, 50 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір бірінші және екінші қоражайлар салынуда. Нысанды кезең-кезеңімен іске қосып, ферманы желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1309227?lang=ru
Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы тексерілді 12.10.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады. Алдымен «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи нысанның жалпы аумағы – 26 мың шаршы метр, бас мердігері – «Aspan Holding» ЖШС.Тоғыз блоктан тұратын кешенде 50 метрлік жүзу бассейні, халықаралық жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, жаттығу залдары, сондай-ақ форумдар мен түрлі жиындарға арналған 150 орындық конференц-зал қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 93 пайызы аяқталған.Бұдан кейін облыс әкімі жаңадан салынып жатқан медициналық нысандардағы жұмыс қарқынын тексерді.Сол жағалаудағы 500 орындық көпсалалы медициналық мекеме іске қосылған соң амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызметтер ұсынады. Құрамында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен акушерлік-гинекологиялық қызмет, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері болады. Сонымен қатар 50 төсектік күндізгі стационар, дәріхана, орталық стерилизация бөлімі, медициналық қалдықтарды сақтау аймағы, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория және 200 орындық конференц-зал қарастырылған.Қалада бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысы да жүргізілуде. Жалпы аумағы 57 мың шаршы метр нысанды «Мелиоратор» серіктестігі салып жатыр. Заманауи талаптарға сай жобаланған аурухана диагностикалау мен емдеудің озық технологияларымен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсетеді. Кешен құрамына емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, сондай-ақ операциялық бөлімдер кіреді.Тағы бір медициналық нысан - Президент саябағы аумағындағы 200 орындық жаңа перинаталдық орталық. Мұнда ана мен балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Қабылдау, стационарлық, диагностикалық, операциялық, реанимациялық және әкімшілік бөлімдермен қатар, зертханасы болады. Сондай-ақ Титов шағын ауданында №5 қалалық емхананың құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400 келушіні қабылдап, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсететін мекемеге айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1308853?lang=ru
«Таза Қазақстан»: Жалпыхалықтық сенбілік өтті 12.10.2026
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.Тұрғындар, қоғам белсенділері және еріктілер айналаны тазарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жұмылды. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экологиялық шараларға 377 299 ерікті, қоғам белсендісі, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкері қатысқан.Жүйелі жұмыс нәтижесінде 10 мың тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, өнеркәсіптік және бизнес нысандары, су айдындары мен көшелер тазартылды. Оған 548 арнайы техника пайдаланылды. Бұдан бөлек, облыстың табиғи-климаттық жағдайына бейімделген 91 817 түп көшет отырғызылды.Экологиялық бағдарлама аясындағы ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Еске салсақ, елімізде жыл басынан бері 7 млн-нан астам азамат «Таза Қазақстан» бағдарламасында өз белсенділігін танытқан. Ал «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғалы елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1308848?lang=ru
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті 12.10.2026
Сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт өтті. Гала-концерт тақырыптық прологпен басталып, онда қаланың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі келбеті, өрлеу жолы қамтылды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қызылорда – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. Осы өлкеде Шірік Рабат, Жанкент, Сығанақ қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорда – сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы», – деді. Бұл – бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған, ұлт тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданған қасиетті мекен. Екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда топырағында ұлт қайраткерлері, Алаш арыстары тағдыршешті қадамдарға барып, болашаққа бағдар жасағаны тарихтан белгілі.Қаламыздың бүгінгі жаңаруы мен көркеюі – сол тарихи сабақтастықтың жалғасы. Кейінгі жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, заманауи нысандар ел игілігіне берілуде. Өңір экономикасының қуатын арттыратын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Қызылорданың көркеюіне ерекше үлес қосқан, бүгінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Сіздерді Қала күнімен құттықтап, ыстық ықыласын білдіруде. Бүгінгі мерейлі мереке Өздеріңізге арналады. Сүйікті қаламыз көркейе берсін! Қызылордамыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын! Арман-мақсаттарымыз орындалсын! Халқымыз аман, бірлігіміз бекем болсын! Мереке құтты болсын, қадірлі жерлестер!» –деді Мұрат Нәлқожаұлы.Кеште елімізге танымал өнер иелері Индира Елубаева, Қазыбек Құрайыш, Үкітай Ерниязов, Балжан Бидаш, «KESH YOU» тобы және ALEM сахна төрінде өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Гала-концерт мерекелік отшашумен қорытындыланды.Кейінгі жылдары Қызылорда қаласының инфрақұрылымы жаңарып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артып келеді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауының арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда.Сонымен қатар, тұрғын үйлер мен заманауи әлеуметтік нысандар салынып, ел игілігіне айналды. Биыл Инклюзивті спорт орталығы, «Достық үйі» және «Құзыреттілік орталығы» ашылды. Сондай-ақ «Ай-Керім» оқу-сауықтыру орталығы мен Ботаникалық бақ пайдалануға берілді.Қазіргі таңда Президенттік кітапхана, драма театр және бірқатар ірі медициналық нысан салынуда. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ашылған Президент саябағы тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды.Қаланың сол жағалауын байланыстыратын жаңа автожол көпірі мен ерекше үлгідегі жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жалғасуда. Президент саябағы маңында заманауи аквапарк құрылысы да басталды. Жыл соңына дейін «Қызылорда Арена» спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1308841?lang=ru
ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: ФЕДОРОВ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЭКОКВЕСТКЕ ҚАТЫСТЫ 09.10.2026
Федоров ауданында «Тәуелсіздік» алаңында аудандық «Достық керуені» фестивалі мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оқушылар мен жастарға арналған экологиялық квест өтті.Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу және өскелең ұрпақты қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту.Қатысушылар бірнеше тақырыптық бекеттен тұратын арнайы маршрут бойынша тапсырмаларды орындады. Әр бекетте оларды экологияға қатысты сұрақтар, ребустар, зейін мен логиканы қажет ететін тапсырмалар, сондай-ақ командалық жұмысты талап ететін түрлі сынақтар күтті.Квесттің заманауи форматын цифрлық технологиялар да толықтырды. Келесі бекетке өту үшін қатысушылар смартфон арқылы QR-кодтарды сканерлеп, маршруттың бағытын өздері анықтап отырды.Ұйымдастырушылар экологиялық білімді тәжірибелік жұмыспен ұштастыруға ерекше мән берді. Жастар белгіленген аумақтардағы қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтіріп, жиналған қалдықтарды сұрыптады. Осылайша экология туралы алған білімдерін нақты іспен бекітіп, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға өз үлестерін қосты.«Біз жастарға экологиялық жауапкершілік әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келді. Сондықтан квест барысында білімді, ойын элементтерін және практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық», – деді Жастар ресурстық орталығының спикері Г. Б. Кабденова.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат экологиялық тақырыпты жастар үшін түсінікті әрі қызықты етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, бірлескен еңбектің нақты нәтижесін де көрді.Экологиялық квест жастар арасында күнделікті өмірде қажет пайдалы дағдыларды қалыптастыруға да ықпал етті. Атап айтқанда, қоқысты кез келген жерге тастамау, тазалықты сақтау, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау сияқты қарапайым әдеттердің маңызы түсіндірілді.«Таза Қазақстан» бастамасы аясында осындай іс-шараларды өткізу жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, оларды табиғатты қорғау және қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді араласуға ынталандырады.Федоров ауданында өткен экологиялық квест қоршаған ортаны қорғау тақырыбын білім беру, ойын және тәжірибелік жұмыс форматтарымен ұштастыруға болатынын көрсетті. Ең бастысы – экология туралы айтумен шектелмей, оны нақты әрекетке айналдыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308566?lang=ru
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасала береді 09.10.2026
Қазіргі таңда аймағымызда 29,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 4 мыңға жуығы – балалар. Облыста балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 41 ұйым жұмыс істейд. 2026 жылдың басынан бері 1 337 мүгедектігі бар бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста бұрынғы өңірлік резиденция базасында 60 орындық оңалту орталығы ашылды. Онда жылына 18 жасқа дейінгі 900 балаға қызмет көрсетеді.Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева өңірімізге келген сапарында Қостанай облысының әкімімен бірге Қостанайдағы оңалту орталығына арнайы барды. Ғимараттағы мамандандырылған кабинеттерді көрді. Орталық аумағында қор қаражатына салынып жатқан спорт нысандарымен танысты. Оның ішінде спорт алаңдарын салуға дайындалған учаскелер – футбол алаңы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған спорт алаңы: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын сәулет нысандарымен (ШАН) жабдықталған ойын алаңы, мектеп жасындағы балаларға арналған тренажерлармен жабдықталған спорт алаңы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308584?lang=ru
Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады 08.10.2026
Рим, 2026 жылдың 7 қазаны – Италия Республикасына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі қазақстан-итальян үкіметаралық жұмыс тобының 10-отырысын өткізді. Сондай-ақ итальяндық компаниялар мен іскерлік бірлестіктердің басшыларымен бірқатар кездесу өтті.Жұмыс тобының отырысында итальяндық тарапты Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириелли басқарды. Тараптар бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысына шолу жасап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Басты назар өзара саудамызды әртараптандыруға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ энергетика, көлік пен логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа да болашағы зор салалардағы өзара іс-қимылға аударылды.2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауданың жалпы көлемі шамамен 16,9 млрд АҚШ долларын құрады. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында тауар айналымы 9,79 млрд долларға жетті. Оның ішінде Қазақстанның экспорты шамамен 9 млрд доллар, Италиядан импорт 789,6 млн доллар болды. Сонымен қатар итальяндық өнімнің Қазақстанға жеткізілімі 13,5%-ға өсті.Тараптар басты міндеттердің бірі ретінде өзара саудаға одан әрі әртараптандыруды және қосылған құны жоғары өнімнің жеткізілімін арттыруды атап өтті. Қазақстан тарапының бағалауынша, отандық өнімнің Италия нарығына қосымша экспорттау әлеуеті шамамен 307,5 млн АҚШ долларын құрайды. Ең мол мүмкіндік металлургия, мұнай-химия, тамақ және химия өнеркәсібінде, машина жасауда және басқа да салаларда бар.Іскерлік байланысты дамытудың маңызды практикалық құралы ретінде 2026 жылдың ақпанында Алматыда ашылған Қазақстан-Италия сауда үйі атап өтілді. Бұл алаң экспортты ілгерілетуге, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және екі елдің бизнесі арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған.Инвестициялық ынтымақтастыққа бөлек екпін жасалды. Бірлескен жобаларды ілгерілету үшін тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ екі елдің қаржы институттары мен іскер топтарының арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.Орта Азия мен Еуропаны жалғайтын сенімді әрі тиімді мультимодальды дәліз ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамытуға да көп көңіл бөлінді. Қазақстан итальяндық теміржол және логистикалық компанияларды Ақтау мен Құрық порттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірлескен жобаларға қатысуға шақырды. Энергетика саласында тараптар дәстүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.Агроөнеркәсіп кешенінде өсімдік шаруашылығы, астық өңдеу және мал шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды. Тараптар локализация деңгейін арттыру және құрамдас бөлшектер базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті. Мақсат – қазақстандық құрамдас бөлшектерді жаһандық жеткізу тізбегіне кіргізу.Сонымен қатар тараптар экология мен су ресурстарын орнықты басқару, туризм мен спорт, мәдениет пен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Климаттық бастамаларға, энергия тиімділігіне, декарбонизацияға, су ресурстары саласына заманауи инженерлік және цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ кәсіби және білім беру алмасуларын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.Үкіметаралық жұмыс тобының күн тәртібін практикалық тұрғыда жалғастырған сапардың іскерлік бағдарламасы болды. Итальяндық компаниялармен келіссөздердің басты тақырыбы – Қазақстан мен Италия бизнесінің практикалық өзара іс-қимылын кеңейту болды. Бұған қазақстандық өнімді ілгерілетуден және тікелей коммерциялық байланыс орнатудан бастап, инвестиция мен технология тартуға, бірлескен жобаларды іске асыруға дейінгі мәселелер кірді.Келіссөздердің едәуір бөлігі итальяндық және еуропалық бизнесті Қазақстандағы инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға тартуға арналды. Blacktrace және Value Partners өкілдерімен нақты жобалар пулын қалыптастыру, оларға инвесторларды, технологиялық және инжиниринг серіктестерін тарту мүмкіндіктері қаралды. Перспективалы бағыттар қатарында сын материалдар мен сирек жер металдарын терең өңдеу, Орта дәліздің логистикалық инфрақұрылымын дамыту, су үнемдеу технологиялары, деректерді өңдеу орталықтары және жасанды интеллект инфрақұрылымы аталды.Сонымен бірге қазақстандық тарап инвестиция мен мердігер ұйымдарды тартуға ғана емес, сондай-ақ өндірістік кооперацияны тереңдетуге де мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, инженерлік құзыреттер мен технологияларды локализациялауға, отандық мердігерлердің қатысуына, кадр даярлауға және қазақстандық үлесті бірте-бірте арттыруға мән берілді. Келесі практикалық қадам ретінде бірнеше пилоттық жобаны анықтап, олар бойынша ынтымақтастықтың нақты модельдерін қалыптастыру ұсынылды.Іскерлік бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – қазақстандық өндірушілердің Италия нарығына шығуының жаңа арналарын құру болды. Crai Mediterranea компаниясымен келіссөз барысында қазақстандық азық-түлік өнімін итальяндық бөлшек сауда желілеріне тікелей жеткізу мүмкіндігі қаралды.Перспективалы санаттар қатарында өсімдік майлары, бал, кондитерлік, дәнді және ұн өнімдері, бұршақ тұқымдастар мен органикалық тауарлар аталды. Практикалық тетік ретінде жекелеген дүкендерде қазақстандық өнімнің пилоттық сөресін іске қосып, кейін Gruppo CRAI желісі арқылы жеткізілімді кеңейту ұсынылды. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың итальяндық топтың өзінің сауда белгілерімен өнім шығару мүмкіндігі де талқыланды.Экспорт тақырыбы ASSOEBIOS ұйымымен келіссөзде жалғасты. Ұйым орнықты биосұйықтықтар саласындағы итальяндық электр энергетикасы операторларының мүддесін білдіреді. Итальян тарапы қазақстандық ауыл шаруашылығы шикізатын кейіннен өңдеп, биоэнергетикада пайдалану үшін сатып алуға қызығушылық танытты. Күнбағыс, рапс және олардың өңдеу өнімдерін, оның ішінде өсімдік майларын қоса алғанда, майлы дақылдарды жеткізуге мүмкіндік бар.Ірі инвестициялық және экспорттық бастамалармен қатар, Қазақстан нарығына жаңа технологиялық бизнес-модельдерді шығару мүмкіндіктері де талқыланды. CoolXp компаниясымен Қазақстанды компанияның Орталық Азиядағы бизнесін кейіннен ауқымдау үшін пилоттық нарық ретінде пайдалану перспективасы қаралды. Бірінші кезеңде жабдықты Астана мен Алматыда сынақтан өткізу, одан әрі қажетті көлемге жеткенде сервистік қызмет көрсетуді, шығыс материалдарын және жекелеген құрамдас бөлшектерді кезең-кезеңімен локализациялауды қарастыру ұсынылды.Екі елдің кәсіпкерлері арасындағы жүйелі өзара іс-қимыл мәселелері Италия-Қазақстан сауда палатасының басшылығымен де талқыланды. Тараптар тікелей іскерлік байланысты кеңейтудің, қазақстандық компанияларға Италия нарығына шығуға жәрдемдесудің және Қазақстан мен Италияның бизнес қауымдастықтары арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар аталған бастамаларды практикалық арнаға көшіруге келісті. Атап айтқанда, нақты жобалар мен әлеуетті серіктестерді айқындау, компаниялар арасында тікелей келіссөз ұйымдастыру және ынтымақтастықтың мүмкін форматтарын пысықтауды жалғастыру көзделіп отыр. Сауда және интеграция министрлігі QazTrade-пен бірлесіп, қол жеткізілген келісімдерді одан әрі жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен, даму институттарымен және қазақстандық бизнеспен қажетті байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1307855?lang=ru
MagnumGo: Қостанайда жаңа индустриялық-логистикалық хаб бой көтереді 08.10.2026
«Magnum E-commerce» компаниясы Қостанай қаласында MagnumGo индустриялық-логистикалық хабын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба компанияның бас директорының орынбасары Эльнар Алтаевтың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесуінде таныстырылды.Жоба аясында жалпы ауданы 7,7 мың шаршы метр болатын «А» санатты жаңа буындағы индустриялық хаб қойма кешенін салу көзделген. Жобаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.Индустриялық-логистикалық хаб Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum онлайн-супермаркетінің жұмыс істеу қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда онлайн-супермаркетте 10 мыңнан астам тауар түрі ұсынылады. Оның жартысына жуығы – Қазақстанда өндірілген өнімдер.Жобаны іске асыру нәтижесінде 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жаңа хаб онлайн-супермаркет арқылы тәулігіне 6 мыңға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді.Сатып алушылар үшін тауарларды қоймадан тікелей үйге дейін жеткізу қызметі тегін жүзеге асырылады.Жаңа индустриялық-логистикалық хабтың іске қосылуы Қостанай қаласында заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, электрондық сауда көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1307248?lang=ru
Қазақстанның трансшекаралық хабтары сауда мен логистиканың жаңа орталықтарына айналуда 08.10.2026
Қазақстанда трансшекаралық сауда-логистикалық хабтарды құру жұмысы біртіндеп жобалау кезеңінен нақты нәтижелерге көшуде. Бүгінде әңгіме тек шекара маңындағы инфрақұрылымды қалыптастыру туралы емес, сонымен қатар өндірістік нысандар салу, инвестиция тарту, жаңа логистикалық қуаттарды іске қосу және алғашқы жүк ағындарын қалыптастыру туралы болып отыр. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Каспий өңірі елдерімен сауда байланыстарын нығайтуға тиіс бес негізгі хаб бойынша жұмыстынуда. Оларды дамыту бизнес үшін логистиканы жеңілдетіп, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.Бұл бағыттағы динамика шығыс бағытында айқын көрінеді. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да жобалар саны 2022 жылдан бері 14-тен 69-ға дейін өсті, ал тартылған инвестициялар көлемі 340 млрд теңгеден 652,8 млрд теңгеге дейін артты. Қазіргі уақытта мұнда 75 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылып жатыр. Олар 864 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында инвестиция көлемі 9,3 млрд теңгені құрайтын және 230 жұмыс орнын ашатын тағы 9 жаңа қатысушы тіркелді. Осы кезеңде өндірілген өнім көлемі 12,7 млрд теңгеге жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74%-ға артты.«Қорғас» инфрақұрылымының өзі де өзгеріп келеді. АЭА аумағында жылына 540 мың контейнер қабылдай алатын құрғақ порт және ауданы 25 мың шаршы метр болатын «А» санатындағы қойма кешені жұмыс істеп тұр. Тағы екі ірі логистикалық жоба жобалау кезеңінде. 2028 жылға дейін мұнда 577,7 млрд теңгеге 28 жобаны іске асырып, шамамен 2,8 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Ірі бастамалардың қатарында құны 330 млрд теңгені құрайтын «Қазақстан-Қытай халықаралық индустриялық қаласы» индустриялық паркі және құны 250 млрд теңге болатын халықаралық жүк-жолаушылар әуежайы бар.Қазақстанның оңтүстігінде де жобалар практикалық іске асыру кезеңіне өтуде. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында ауданы 100 гектар аумақты қоршау жұмыстары аяқталып, ішкі жолдар мен инженерлік инфрақұрылым салынуда. Сыртқы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі инженерлік инфрақұрылымның 55%-ы дайын, жұмыстарды 2026 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар әкімдік сегіз өндірістік ғимараттың құрылысын толық аяқтады. Орталық аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалар пулы 89,4 млрд теңге көлемінде қалыптастырылды. Құны 75,3 млрд теңге болатын ірі жобалардың бірі – индустриялық парк бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті.Жамбыл облысында Индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасы 2026 жылғы сәуірде арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие болды. Кешенді орналастыру үшін ауданы 165 гектар жер учаскесі белгіленіп, инженерлік желілерге қосу бағдарламасы әзірленді. Биыл бірінші кезектегі қосалқы станцияның құрылысы басталды. Осы мақсатқа қарастырылған 12 млрд теңгенің шамамен 4 млрд теңгесі 2026 жылы бөлінді, қалған қаражатты келесі жылы бағыттау жоспарланып отыр. Сонымен қатар кешеннің аумағы мен инфрақұрылымын дайындау жұмыстары жалғасуда.Батыс бағытында да белсенді даму жүріп жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы 281 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда газбен, электр желілерімен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қоса, сыртқы инженерлік инфрақұрылымның бір бөлігі тартылып болды. Индустриялық аймақта асфальтбетон өндіру, автомобиль шиналарын қайта өңдеу, газобетон бұйымдарын шығару және газтурбиналық электр станциясын салу жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар инвестиция тартуға және өндірісті оқшаулауға қосымша жағдай жасауға тиіс «Еуразия» АЭА-сын құру мәселесі пысықталуда.Каспий бағытында да өзіндік оң динамика қалыптасып отыр. Ақтау портында Ақтау халықаралық контейнерлік хабының практикалық жұмысы басталды: 2026 жылғы 14 шілдеде алғашқы контейнерлік пойыз қабылданды. Бүгінде 233 контейнер немесе 444 ДФЭ қабылданды. Жоба кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Перспективада бұл порттың контейнерлік жүктерді өткізу қуатын қазіргі 70 мың ДФЭ-ден жылына 240 мың ДФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді.Каспий көлік торабындағы тағы бір ірі нысан – ЕРСАЙ индустриялық портының контейнерлік терминалы. Оның құрылыс дайындығы шамамен 85%-ды құрайды. Ұзындығы 10 шақырым болатын портішілік теміржол жолдарының құрылысы аяқталды, қазір контейнерлік алаң мен кран асты жолдарын салу жұмыстары аяқталуға жақын. Терминалды 2026 жылғы 1 қазанда пайдалануға беру жоспарланған. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін жылына 120 мың ДФЭ-ге дейін өңдеп, жыл сайын 300 кемеге дейін қабылдай алады. Жобаға тартылған жеке инвестициялар көлемі 15 млрд теңгеден асады.Осылайша, бес трансшекаралық хаб біртіндеп Қазақстан бизнесін көршілес елдердің ірі нарықтарымен байланыстыратын бірыңғай инфрақұрылымдық жүйені қалыптастырып келеді. Кейбір нысандарда өндірістік кәсіпорындар жұмыс істеп тұр, кей жерлерде алғашқы контейнерлік пойыздар қабылдануда, ал бірқатар аумақта инженерлік инфрақұрылымды аяқтап, жаңа нысандардың құрылысын бастау жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезең – жобаларды толық қуатына шығару, инвесторлар пулын кеңейту және Қазақстан шекарасы арқылы өтетін сауда мен транзит көлемін одан әрі ұлғайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1305756?lang=ru
ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді 08.10.2026
2026 жылғы 6 қазанда Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді (бұдан әрі – Келісім).Анықтама ретінде: Келісімге 2025 жылы 27 маусымда Санкт-Петербург қаласында қол қойылды.Келісім Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 338-VIII ҚРЗ Заңыменратификацияланды.Келісімнің негізгі мақсаты – тауарноменклатурасының 85%-дан астамына қатысты импорттық кедендік баждарды өзара алып тастау және азайту, сондай-ақ тараптар арасындағы сауданы жеңілдету болып табылады.Әмірлік нарығының ашылуы қазақстандық экспорттаушыларға БАӘ-ге ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің мынандай санаттарын бажсыз жеткізуге мүмкіндік қамтамасыз етеді: қой еті, кептірілген бұршақ көкөністері, тауық еті, ІҚМ еті, басқа да азық-түлік өнімдері, қант қосылған минералды су, бидай ұны, кондитерлік өнімдер, өнеркәсіп тауарлары үшін: мұнай және мұнай өнімдері, тазартылған мыс, ыстықтай илектелген жалпақ прокат, суықтай илектелген жалпақ прокат, шыбықтар, крандар, клапандар, клапандар, МТС бөлшектері, сорғылар және т.б.Импорттық кедендік баждардың күшін жою мен төмендетуден басқа, Келісімде кедендік ынтымақтастық, сауданы қорғау шаралары, тауарлардың шығу тегін айқындау, СТҚ, СФС, зияткерлік меншік туралы ережелер, сондай-ақ құқықтық және институционалдық мәселелер бойынша тиісті тараулар және салалық ынтымақтастықты дамыту, шағын және орта бизнестің, электронды сауданың және т.б. салалардағы уағдаластықтар қарастырылған. Сауданың толық форматты преференциялық режимін қалыптастыру, келісім аясындағы мәселелердің кең ауқымын реттеу өзара сауданың әлеуетін іске асыруға және Қазақстанның БАӘ-мен сауда-экономикалық қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.Толығық мәтіні https://eec.eaeunion.org сайтында қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1306005?lang=ru
Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады 08.10.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздің ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру, әр балаға тең мүмкіндік жасау, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, педагогтерді қолдау мәселелерін айқындады.«Тек 2023 жылдан бері облыста 6 840 орынға арналған 10 жаңа мектеп және 15 балабақша салынды. Соның арқасында оқушы орындарының тапшылығы үш есеге қысқарды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100 пайызға, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 96,6 пайызға жетті», – деді аймақ басшысы.Жаңа зауыттар мен заманауи өндірістердің ашылуына, экономиканың өсіп келе жатқан сұранысына орай, соңғы жылдары облыс колледждерінде 25 жаңа мамандық ашылды. Айталық, бүгінде жаңа өндірістердегі жұмысшылардың 70%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.Өңірде 22 мыңға жуық педагог және 159 мыңға жуық білім алушы бар. Биыл облысымыздың білім саласында жеткен жетістіктер аз емес. PISA-2025 халықаралық зерттеуінде облысымыз үш бағыт бойынша үздік үштікке енді: оқу сауаттылығы бойынша 2-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы және цифрлық мәселелерді шешу дағдылары бойынша 3-орын иеленді.Қостанай облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, 156 ауыл мектебі Starlink спутниктік интернетін пайдаланады. 5 мыңнан астам мұғалім ChatGPT Edu жасанды интеллект көмекшісін пайдаланады. «Жасанды интеллект және Game Development» жобасына 666 оқушы, «Auyl Ertegi» республикалық жобасына 14 оқушы қатысты. Биыл алғаш рет өңірімізде «QOSTANAI TECH» отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.«Мемлекет басшысы тамыз конференциясында Қостанай облысы түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары нәтижелерін ерекше атап өткен болатын. Осы жетістіктердің әрқайсысының артында ұстаздарымыздың еселі еңбегі, кәсіби шеберлігі мен үлкен жауапкершілігі тұр. Білім саласының ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуана берулеріңізге тілектеспін. Ұстаздар күні құтты болсын!», – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306180?lang=ru
Қостанайда экотакси паркі жұмысын бастады 08.10.2026
Мемлекет басшысы адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру, заманауи шешімдерді енгізу және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыру міндетін қойып отыр.Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында электромобильдерден тұратын жаңа экотакси өз жұмысын бастады. Бұл – заманауи, экологиялық таза әрі тұрғындар үшін қолайлы жолаушылар тасымалы қызметі.Салатанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Жоба аясында 65 JAC электромобилі сатып алынды. Инвестиция көлемі – 487,5 млн теңге. Жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Электромобильдер Қостанайдағы Allur зауытында өндірілген.Электромобильдер зиянды заттардың атмосфераға таралуын азайтып, қалаға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында электр көліктеріне арналған қуаттау станцияларының желісі де дамып келеді. Олар қаланың әртүрлі нүктелерінде орналасады.«Соңғы бес жылда Қостанай қаласының халқы 20 мың адамға артты. Сондықтан біз заманауи технологияларды, экологиялық таза шешімдерді және адамдардың өмірін жайлы ететін бастамаларды одан әрі енгізе беруіміз қажет», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306181?lang=ru
Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге артты 08.10.2026
Биыл Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 913%-ке артты. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына барған жұмыс сапары барысында Қараменді ауылында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аудан орталығында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналып 8 пәтерлі 4 үй салынып жатыр.Сапар аясында облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.Ауданда 276,9 мың га жерге егіс егілді, 231,2 тонна өнім жиналды. 75,5 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 131,5%-ке орындалды. Жыл басынан бері 70 ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы сатып алынды.Агроөнеркәсіп кешенінде 470 млн теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.5 елді мекенде блок-модульді ветеринарлық пункт салынып жатыр.2026 жылы шағын және орта бизнес саласында 31 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл 9 мың көшет егілді. 21 қараусыз қалған және апатты нысан сүрілді.Сапар барысында аймақ басшысы 2023 жылы ашылған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306184?lang=ru
Сарыкөл ауданында шаңғы-велосипед трассасы салынып жатыр 08.10.2026
В ходе рабочей поездки в Сарыкольский район аким Костанайской области Кумар Аксакалов ознакомился с ходом строительства лыжно-велосипедной трассы. Проект реализуется в рамках меморандума, заключенного между местным акиматом и сельхозтоваропроизводителем.Строительные работы осуществляет ТОО «СарыкольДорСтрой» за счет собственных инвестиционных средств в размере 75 млн тенге. Всего в районе насчитывается 67 спортивных объектов, работают 315 спортивных секций.Агропромышленный сектор составляет 85% экономики Сарыкольского района. Здесь работают 557 сельскохозяйственных предприятий. Урожай собран с площади 271,3 тыс. га, намолочено 531,3 тыс. тонн зерна. Средняя урожайность составила 19,6 центнера с гектара. Убрано 61,6 тыс. га масличных культур. За 8 месяцев приобретена 91 единица сельскохозяйственной техники на сумму 5,1 млрд тенге.В районе ведется строительство трех животноводческих объектов. Реализуются 10 инвестиционных проектов общей стоимостью 4,7 млрд тенге.ТОО «MEL-FARMAGRO» за счет собственных средств в размере 1,5 млрд тенге строит ферму по разведению племенного крупного рогатого скота мясного направления. В рамках проекта будет создано 22 новых рабочих места.В этом году в районе планируется ввести в эксплуатацию 2,5 тыс. квадратных метров жилья. После 30-летнего перерыва строительство жилья было возобновлено. В настоящее время для граждан из социально уязвимых категорий строятся два дома общей площадью 1 640 квадратных метров на 32 квартиры, а также два дома общей площадью 260 квадратных метров.Кроме того, планируется приобрести 14 квартир и построить шесть двухквартирных домов.В районе функционируют 18 лечебно-профилактических учреждений. В прошлом году в селе Крылов был введен в эксплуатацию медицинский пункт. В настоящее время завершено строительство фельдшерско-акушерского пункта в селе Маяк.В ходе поездки аким области встретился с жителями района и рассказал о социально-экономическом развитии региона. Он также ответил на вопросы жителей.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306209?lang=ru
Аймақта жылу беру маусымы басталды 08.10.2026
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде жылу беру маусымы, «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын іске асыру мәселелері қаралды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жылу беру маусымының басталуына орай өңірлердегі жағдайды баяндады.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы жылу беру маусымының өту барысы Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің қатаң бақылауында тұрғанын айтты. Тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындардың штаттық режимде жұмыс істеуі сала басшыларының күнделікті қадағалауында болуы тиіс.«Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт басқармалары мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды жылумен, электр жарығымен, ауыз сумен және газбен үздіксіз қамтамасыз етсін. Төтенше жағдайлар департаменті газдан улану,өрт оқиғаларының алдын алудың тиісті шараларын қабылдап, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің өрт және газ қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін толық тексерсін. Барлық нысан талаптарға сай болуы тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Мәжілісте цифрландыру бағыты бойынша ІТ, жасанды интеллект, ақпараттық қауіпсіздік және коммуникация салаларында тәжірибесі бар білікті мамандарды, сарапшыларды тартып, кеңестің жұмыс жоспарын әзірлеу, экономиканың барлық саласындағы перспективалы цифрлық жобаларды іске асыруды жеделдету тапсырылды.Озық халықаралық және өңірлік тәжірибелерді зерделеп, үздік жобаларды енгізуге және «Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыруға барлық басқарма, қала және аудан әкімдіктері қатысуы қажет.Бұдан бөлек, Арал теңізінің құрғаған ұлтанын ормандандыру, каналдарды бетондау, әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің сапасы және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қатысты атқарылатын жұмыстар пысықталды.Айта кетейік, өңірде жылу беру маусымы 5 қазанда басталды. Қазір тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 1074 әлеуметтік нысан мен 943 көпқабатты тұрғын үй кезең-кезеңімен жылуға қосылуда. Сыртқы ауа температурасына сәйкес бекітілген кесте бойынша қазандықтар жылу энергиясын тұрақты беріп жатыр. Барлық әлеуметтік нысан қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген. Жалпы 80 мың тонна көмір қажет, оның 68 мың тоннасы тұрғындарға, 12 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға арналған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1305848?lang=ru
Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді 06.10.2026
«Өнер орталығында» Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – қанат, шәкірт – қауырсын» атты салтанатты шара өтті.Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, аймақ дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі» деген болатын. Бұл сөздің салмағы ерекше. Шын мәнінде, ұстаз – баланың алдына білімнің ғана емес, өмірдің жолын ашатын тұлға.Бүгін осы залда отырған әр педагогтің еңбегі – бір шәкірттің тағдырымен, бір отбасының үмітімен, тұтас елдің ертеңімен сабақтас.Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі бүгінгі күні де өз мәнін жоймады. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық ізденіс пен кәсіби өрлеу тілеймін! Шәкірттеріңіздің жүрегіне әрдайым жол тауып, мерейлеріңіз үстем болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында Сыр елінің үлгілі ұстаздарына «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері», «Ы. Алтынсарин» медальдары табысталды.Сонымен қатар, бірқатар ұстаз «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, «Орта білім беру ісінің үздігі», «Қосымша білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломдарымен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Мерекелік шарада еңбегімен көзге түсіп, шәкіртімен бірге білім бәсекесінде топ жарған 10 ұстазға Сарыағаш шипажайына жолдама берілді.Салтанатты кеш жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.Бүгінгі мерекеге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ұстазды Ақорда төрінде қабылдап, мемлекеттік наградалар табыстады. Салтанатты қабылдауда Сыр өңірінің ұстаздары да құрметке бөленді. Атап айтқанда, Қазалы ауданы Б.Мергенбаев атындағы №226 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мирамкүл Жөлекеш, Жалағаш ауданы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ғалымжан Нұрмахатов «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.Айта кету керек, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында өңірдің білім саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Кейінгі төрт жылда салаға 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлініп, 123 млрд теңгеге 46 білім беру нысаны жаңадан салынды. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1305451?lang=ru
Қазақстанда үшінші апта қатарынан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр 05.10.2026
Қазақстанда үшінші апта қатарынан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр. Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жәрмеңкелерде отандық фермерлер өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға ұсынады.Осы аптада республика бойынша жәрмеңкелерге 7 568 тонна ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды. Оның ішінде Астанада 400 тоннадан астам өнім ұсынылады.Осы демалыс күндері елордада Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкелерде өнім бағасы тиімді. Өткен аптада бірқатар тауарлары нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылды. Мәселен, Астанада сиыр және жылқы етінің келісі 3 500 теңгеден ұсынылса, Қостанайда сиыр еті 3 200–3 500 теңге, жылқы мен қой еті 3 мың теңгеден басталды.Жәрмеңкелерде ет, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, балық, дәнді дақылдар және басқа да отандық өнімдер ұсынылады. Ет өнімдеріне сұраныс жоғары.«Дала дәмінің» басты ерекшелігі — фермерлердің өнімдерін тікелей сатуы. Сауда орындары жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тегін беріледі.Жәрмеңкелер еліміздің барлық өңірінде әр демалыс сайын жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1304903?lang=ru