Ғылым
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды 12.12.2024
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Базартөбе ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.Бір қабатты амбулатория ғимараты медициналық қызмет көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ғимаратта қабылдау бөлмесі, вакцинация кабинеттері, акушер, физиотерапия, ЕДШ, туберкулезге қарсы кабинет, оқшаулау палатасы, сондай-ақ дәріхана орналасқан.Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өз сөзінде ол ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтап, дәрігерлік амбулатория ұжымына табыс тіледі."Бұл амбулаторияны ашу - Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Біз әрбір азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі үшін ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды одан әрі жалғастырамыз. “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” бағдарламасы аясында Ақжайық ауданында салынған сегіз нысанның алғашқысы және мұндай нәтиже көңіл қуантады", - деді Нариман Төреғалиев.Базартөбе ауылының тұрғындары маңызды жаңа медициналық ошақтың салынып, ел игілігіне берілгеніне ризашылықтарын білдірді."Біз өте қуаныштымыз, өйткені қазір алғашқы медициналық көмекті ауылдан шықпай-ақ, жаңа жабдықтары бар жаңа ғимаратта алуға болады. Бұл уақыт пен шығындарды үнемдейді. Құрылысты салуға көмектескен барша жандарға алғысымызды білдіреміз", - деді Базартөбе ауылының тұрғыны Хамит Жаналиев.Жаңа амбулатория Базартөбе ауылының тұрғындарына уақытылы әрі қолайлы жағдайда медициналық көмек алуға мүмкіндік бере отырып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды нысанға айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/901415
Жамбыл облысындағы шалғай ауылда жаңа мектеп ашылды 12.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында 120 орындық мектеп балалар игілігіне берілді.Бұған дейін мыңаралдық балалар білім алған мектеп (1972 жылы пайдалануға берілген) апатты деп танылған. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес осы мәселе назарға алынып, өткен жылдың қараша айында білім беру ошағының құрылысы бастау алған еді.К. Қасымов атындағы жаңа мектепте 34 педагог екі ауысымда 168 балаға білім береді. Ол үшін 13 оқу бөлмесі, спортзал мен мәжіліс залы, кітапхана, асхана, сондай-ақ компьютер, лингафон және мультимедиа кабинеті, 2 зертхана мен 2 шеберхана қарастырылған.- Мектебіміздегі оқу бөлмелері кең әрі жайлы. Тәжірибе жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер мен заманауи құрал-жабдықтар бар. Енді тек жақсы білім алып, үмітті ақтауымыз қажет, – дейді 5-сынып оқушысы Айсана Қанағат.Айта кетейік, Жамбыл облысында 36 білім беру нысанының (10 600 орындық) құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін 13 білім ошағы, оның ішінде үшеуі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр.Нәтижесінде 7 оқу орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі.Ағымдағы жылы 9 мектеп пен 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті.Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд. теңге, атап айтқанда, 215 мектепті жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтауға 1,9 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,2 млрд. теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/901070
Өңір басшысы Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді 12.12.2024
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Мұндай кездесулер өңірдің дамуына және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әкім жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Тұрғындармен диалог барысында келесі негізгі тақырыптар талқыланды:•әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортпен айналысуына жағдай жасау;•аулаларды және қала көшелерін абаттандыру, заманауи балалар мен спорт алаңдарын салу, жол инфрақұрылымын жақсарту;•шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасына инвестиция тарту. Әкім барлық тұрғындардың өтініштерін өз бақылауына алғанын атап өтті және әр мәселені шешу үшін нақты қадамдар жасалатынын жеткізді. «Мұндай кездесулер бізге халықтың қажеттіліктерін естуге мүмкіндік береді және жұмысты нақты нәтижелерге бағыттауға жол ашады. Қостанай тұрғындарының белсенділігі, сенімі мен конструктивті ұсыныстары үшін алғыс айтамын. Бірлескен жұмыс – өңіріміздің табысты дамуының негізі», – деді Құмар Ақсақалов. Халықпен диалог облыс басшылығы жұмысының басты басымдықтарының бірі болып қала береді, бұл мәселелерді жедел шешуге және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/900994
АСТАНАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ЖАҢА ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 12.12.2024
Бүгін Астанада Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің қатысуымен Орталық Азиядағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі жаңа өңірлік бағдарламаның тұсаукесері өтті.АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен қосылатын жаңа өңірлік бес жылдық жоба Орталық Азия өңіріндегі (ОАӨ) туберкулездің, әсіресе дәріге төзімді туберкулездің ауыртпалығын азайтуға бағытталған.Вице-министр өзінің кіріспе сөзінде АҚШ-тың халықаралық даму агенттігіне (USAID) туберкулезге қарсы күрестегі көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.«Халықаралық әріптестер мен донорлар тарапынан тұрақты қолдаудың арқасында Қазақстанда ДДҰ ұсынған, үздік халықаралық практикаларға негізделген, дәлелділіктің жоғары дәрежесі бар, кейіннен бюджет қаражаты есебінен толық қаржыландырумен қамтамасыз етілетін туберкулезді және туберкулез инфекциясын ерте диагностикалау, тиімді емдеу, профилактикасы бойынша жаңа технологиялар енгізілуде» - деп атап өтті Е.Нұрлыбаев.Туберкулезді жою ісіндегі күш-жігерді біріктіру, Қазақстанда емдеу мен профилактиканың заманауи стандарттарын енгізу нәтижесінде соңғы 20 жылдың ішінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Мәселен, соңғы 20 жылдың ішінде бұл инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші 4,6 есе, өлім 18,7 есе төмендеді.Даниэль Розенблумның айтуынша, USAID отыз жылға жуық уақыт бойы Қазақстандағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламамен ынтымақтасып келеді және оның туберкулездің ауыртпалығын азайту және қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ортақ мақсаттарын қолдайды. Ол Қазақстан мен Орталық Азияның барлық елдері диагностиканы, емдеуді және қаржыландыруды жақсарту есебінен туберкулезге қарсы күресте керемет прогреске қол жеткізгенін атап өтті.Жобаның тұсаукесері бойынша іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, Орталық Азия Денсаулық сақтау министрліктерінің, туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалардың (ТҰБ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ), ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қорды (ЖТБЖҚ) қоса алғанда, халықаралық әріптестердің, «Туберкулезді тоқтату» серіктестігінің, USAID елдік миссияларының, USAID және азаматтық қоғам ұйымдарының екіжақты жобаларының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/901120
Олжас Бектенов трансшекаралық хабтар құру және инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Үкімет ауқымды 5 жобаны іске қосуға дайындалуда 11.12.2024
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісін құру, инвестиция тарту және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайту шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Semurg Invest компаниясының бас директоры Нұржан Марабаев баяндама жасап, бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.Мемлекет басшысының Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі көлік хабына айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бағытта трансшекаралық хабтар құру – шекара маңындағы сауданы дамытып, өнеркәсіптік кооперация мен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін кеңейту үшін ерекше маңызға ие.Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Премьер-министрге бүгінде аумақтары теміржол және автожолдары арқылы арқылы қосылған 5 трансшекаралық хабты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады:«Қорғас торабы» Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі элементіне айналады; «Каспий торабы» Транскаспий бағытын байланыстырушы буын рөлін атқарады; «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Ресей Федерациясымен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға серпін береді; «Орталық Азия» ХӨКО Өзбекстанмен шекарада өндірістік кооперацияны дамытуға және тауарларды таратуға ықпал етеді.Индустриялық сауда-логистикалық кешен Қырғызстанмен шекарадағы жобаларды іске асыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хабтар мен Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары әуежайларында мультимодальды әуе хабтарын құру пысықталуда. Жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Жедел жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта жобалар жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне берілді, іс жүзінде инвесторлармен бірлесіп іске асыру қамтамасыз етіледі. Премьер-министр инвесторларды іздеу және хабтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Барлық жоспарланған жобаларды толыққанды іске қосу жүктердің өту уақытын қысқартуға, өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыруға, салық түсімдерін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. «Өзбекстанмен шекарадағы «Орталық Азия» хабы жобасының өзі теміржолдың өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Ақтау портында контейнерлік хаб құру жүкті ауыстЫрып-тиеу көлемін жылына 92 мыңнан 300 мың контейнерге дейін ұлғайтуға жағдай жасайды. Жалпы, хабтар жүйесі біздің сауда серіктестерімізбен біртұтас сауда-көлік кеңістігін қалыптастыруы тиіс. Бұл – мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай арттырып, көршілес елдермен стратегиялық қарым-қатынасты нығайта түседі. Осындай жоспарлы нәтижелерге қол жеткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің барлық ресурстарын жұмылдыру қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.Сонымен қатар Қытай, Парсы шығанағы, Кавказ және Еуропа нарықтарына шығуды қамтамасыз ететін Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік және Транскаспий халықаралық көлік бағыты дәліздерінің әлеуетін тиімді пайдалану маңызды.Премьер-министр Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктері әкімдіктермен бірге әрбір хаб үшін әлеуетті шетелдік инвесторлардың пулын құрып, олардың жобаларға қатысуын пысықтауды, сондай-ақ хабтарды басқаратын компаниялардың жұмыс жағдайларын айқындауды тапсырды. Ең бастысы, хабтарды перспективалы жобалармен сапалы толтыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп отыру қажет.Өнеркәсіп министрлігі Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, трансшекаралық хабтарды дамыту үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру және кеңейту жөніндегі қажетті шараларды бір айдың ішінде қабылдауы қажет. Әкімдіктерге хабтардың барлығын базалық инфраҚұрылыммен, соның ішінде электр энергиясымен, сумен, көлік жолдарымен және коммуникациялармен қамтамасыз ету тапсырылды.Олжас Бектенов индустриялық сауда-логистика кешенін электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Энергетика министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігіне Қордай ауданында қосалқы станса құрылысын қысқа мерзімде қамтамасыз ету тапсырылды.Сауда және интеграция министрлігіне трансшекаралық хабтар құру мен дамыту жөніндегі процеске қатысушылардың барлығын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету міндеті қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/899758
ЕАЭО елдерінің көрікті орындары бір картаға жиналды 11.12.2024
Туристік қызметтер нарығын дамыту мақсатында мүше мемлекеттер Евразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірлескен Еуразиялық туристік маршруттарының карталарын әзірледі.Ортақ туристік маршруттарды әзірлеу кезінде ЕАЭО-ға мүше әр мемлекеттің туристік әлеуеті, соның ішінде табиғи ресурстары, бірегей туристік нысандары және басқалары көрсетілген.Карталар мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде жасалған және 419 еуразиялық туристік нысан, 38 маршрут және қозғалыс тәсілдері туралы ақпаратты қамтиды.Мысалы, барлық қатысушы елдердің аумағын қамтитын маршрут әзірленген: Қырғыз Республикасы (Бішкек-Токмақ) – Қазақстан Республикасы (Алматы) – Ресей Федерациясы (Мәскеу) – Беларусь Республикасы (Минск-Жодино-Мир-Несвиж) – Армения Республикасы (Ереван).Қазақстан Республикасының географиялық ерекшелігі мен тарихи құндылығының арқасында ұсынылған маршруттардың 50%-дан астамы біздің ел арқылы өтеді.ЕАЭО елдерінің туристік маршруттарын дамытудың мультипликативті әсері ішкі туристер мен үшінші елдерден келетін туристер ағынын арттыруға, саланың қарқынды дамуына, туризммен байланысты экономика салаларына қосымша серпін беруге бағытталған. Бұған қонақ үй бизнесі, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар кіреді.Алдағы уақытта мүше мемлекеттер картаға түзетулер енгізу және оны жаңарту туралы өз ұсыныстарын енгізе алады. Бұл құжатты ЕЭК Алқасы ағымдағы жылдың 12 қарашасында қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900266
Өткен демалыс күндері астаналықтар жәрмеңкеде 100 тонна соғым сатып алды 11.12.2024
Астанада өткен аптаның сенбі, жексенбі күндері «Соғым Fest» жәрмеңкесі өтті. Онда астаналықтар 100 тоннадан астам соғым сатып алды. Жәрмеңкені ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков аралады. Соғым жәрмеңкесіне Ақмола, Абай және Павлодар облысының шаруалары қатысты.Жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 2300 теңгеден, қой еті мен жылқы етінің келісі 2300-2500 теңге аралығында саудаланды. «Соғым Fest» әр сенбі, жексенді күндері Астанадағы «Koktal» сауда үйінде өтеді. Онда еттен бөлек азық-түлік өнімдері де саудаланады.«Біз жәрмеңкелерді белсенді өткізуге назар аударып келеміз. Өйткені бұл қысқы мерекелер қарсаңында азық-түлік бағасының өсуін тежеуге мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Әрі мәдениетіміздегі дәстүрлі, тарихи сауда форматы», - деді Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.Жалпы жергілікті әкімдіктердің кестесіне сай желтоқсан айында түрлі деңгейдегі 400-ге жуық жәрмеңке өткізу жоспарланған. Мұнда тұрғындар тауарды делдалсыз, өндірушіден тіке ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900363
Өзбекстанда қазақстандық өнімдер павильоны ашылды 11.12.2024
Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан арасындағы сауда байланыстарын нығайту мақсатында Өзбекстан Республикасындағы «Айритом» АЭА аумағында орналасқан «Термез» халықаралық сауда орталығында қазақстандық өнімдер ұсынылған павильон ашылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ қолдауымен өтті.Салтанатты рәсім аясында қазақстандық тарап пен «Айритом» АЭА дирекциясы арасында сауда павильонын жалға алу туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтардағы үлесін арттыруға және сауда-саттықты дамытуға жасалған маңызды қадам болды.«Термез» Халықаралық сауда орталығы кәсіпкерлер үшін қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру, логистиканы жақсарту және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін құрылған. Жаңа павильон қазақстандық тауарларды Өзбекстан мен Ауғанстан нарығына шығаруға арналған маңызды платформаға айналып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.Қазақстандық компаниялар павильон базасында өзара келісімдер жасап, ынтымақтастық орнатады. Мұнда бизнесті кеңейтуге және көрші елдердің нарығында өнімдерді ілгерілетуге барлық жағдай жасалған. Отандық өндірушілер өз өнімдерін павильонға орналастыру үшін «QazTrade» АҚ-ға хабарласа алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900299
Трансшекаралық көлік-логистика хабтарын құру шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемін 30%-ға арттырады 11.12.2024
Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың дамуы туралы сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев баяндады.Мемлекет басшысы Орталық Азия мен Каспий өңірінде Қазақстанды толыққанды көлік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыру міндетін қойды. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін ел шекараларында – Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Каспий аймағында – көлік-логистикалық және сауда тораптары құрылуда. Трансшекаралық хабтарды құру мен дамытудың мақсаттары, міндеттері және тәсілдері Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген. Хабтар құру шекара маңындағы елдермен сауда қарым-қатынастарын жеделдетіп, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға арттырады және бизнесті жүргізудегі логистикалық рәсімдерді жеңілдетеді.Индустриялық сауда-логистикалық кешені жобасының орналасу орны ретінде Қазақстан жағындағы «Қарасу» мен Қырғызстандағы «Ақ-Тілек» транзиттік өткізу бекеттерінің маңайы таңдалды. Бұл – Қырғызстанмен ең қарқынды транзиттік пункттердің бірі. Кешен «Алматы – Бішкек» бағытының бойында орналасады, бұл – халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы дәлізінің бір бөлігі. Индустриялық сауда-логистикалық кешен қызметтерді сақтау, тауарларды алдын ала сату үшін дайындау, консолидациялау және көтерме партиялар бойынша қайта бөлу қызметтерін ұсынады.Қазіргі уақытта Индустриялық сауда-логистикалық кешенінің әлеуетті резиденттер пулы қалыптасып жатыр. Оған ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда саласындағы компаниялар кіреді.«Кешен аумағында жеңілдетілген шекаралық жүйе мен автокөлік құралдары мен жүктерді тіркеу жүйесі жұмыс істейді, ал тауарлар жаңа көпір арқылы тасымалданады, бұл қолданыстағы өткізу пункттеріндегі жүктемені айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кешенді 2026 жылға дейн іске қосылады деп жоспарланған», — деп атап өтті министр.«Орталық Азия» халықаралық өндірістік кооперация орталығы өңірдегі ең ірі жүк ағындарын консолидациялау, өңдеу және тарату, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамыту орталығы болады.Орталық «Атамекен» (Қазақстан) және «Гулистан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттеріне жақын орналасады және өндірістік алаңдардан, сақтау қоймаларын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымынан тұрады. Бұл жүк тасымалдауды жылдамдатуға, логистикалық шығындарды азайтуға, жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға, өнімнің соңғы тұтынушы үшін құнын төмендетуге және жеткізілімдердің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.«Орталық жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруды, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерді қайта өңдеу, машина жасау мен металды өңдеу, фармацевтика, электротехника, химия, тері өңдеу, тоқыма және тігін өнеркәсібі саласындағы өндірісті дамытуға қолдау көрсетеді. Оған қоса, Global Textile компаниясының дайын тоқыма өнімдерін өндіру жобасы жүзеге асырылады. “Орталық Азия” халықаралық өндірістік кооперация орталығының құрылуы шекара маңындағы елдермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі артуына оң әсерін тигізіп, екі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстарды жандандырады. Өз кезегінде, арадағы тауар айналымды алдағы 5 жылда $10 млрд-қа дейін арттыруға ықпал етеді», — деп түсіндірді спикер. «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орынбор, Саратов, Самара қалаларына және Ресейдің ең ірі федералды округтеріне және Шығыс Еуропа елдеріне шығатын бағыттармен байланыс орнатылған жүк ағындарының түйінді нүктесі саналатын – Орал қаласының әуежайына жақын аумақта орналасады.Орталықты жүзеге асыру үшін бояулар, полимерлі жабындар, пластикалық қаптамалар/контейнерлер және 3D декор-панельдер өндірісі бойынша инвестициялық жобаларға арналған индустриалды аймақ құрылған.«Еуразия» орталығының іске қосылуы Батыс Қазақстан облысына макроэкономикалық әсер береді, яғни:жүк және тауарларды жеткізудің халық шаруашылығындағы үлесін 5-10%-ға төмендету;логистикалық шығындардың төмендеуі есебінен инфляция деңгейін төмендету;өндірістерді орналастыру жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру.«Евразия» трансшекаралық сауда орталығының іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған. Қорғас торабы – Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін кеңейтуде ажырамас элемент, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу – бір жол» ғаламдық концепциясының бір бөлігі, мұнда географиялық орналасу, инфрақұрылымдық әлеует, Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне шығу мүмкіндігі ескеріледі.«Қорғас торабы» жобасын жүзеге асыру инфрақұрылымдық нысандарды («Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы» арнайы экономикалық аймақ, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы, «Нұр-Жолы» бақылау-өткізу бекеті, «Алтынкөл» т/ж стансасы және «Құрғақ порт» т/ж терминалы) біріктіру және интеграциялау арқылы экспорт, транзит көлемін арттыру және өндірістік кооперацияны дамытуға бағытталған. Қорғас торабы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпін береді. Каспий торабы 100 млн халқы бар Каспий маңы аймағының елдеріне (Әзербайжан, Түрікменстан, Иран, РФ) бағытталады. Жобаның практикалық іске асуы контейнерлерді сақтауға және теміржол вагондарынан теңіз контейнерлеріне қайта тиеуге арналған алаң салу, сондай-ақ олардың сапалы өңдеу қызметтерін ұсынуды қамтиды. Каспий торабы Қытайдан Еуропаға транзиттік жүктердің Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы арқылы көлемін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ “Түркменбашы – Ақтау – ҚХР” контейнерлік желісін дамытуға жол ашады», — деді министр.Өз кезегінде спикер Каспий торабында хабтарды дамыту аясында іске асырылатын жобалардың бірі – «Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб салу» жобасы екенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда жобаны іске асыру бойынша жұмыстар басталған, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағынан 19 гектар жер учаскесі бөлінген. Жобаның әлеуетті инвесторы – «ГК Порт Ляньюньган» портымен инвестициялар тарту туралы келісім жасалды.Сонымен қатар «PSA International» (Сингапур), «Abu Dhabi Ports Group» (БАӘ), «Adani Group» (Үндістан), «Rhenus» (Германия) сияқты халықаралық компаниялар жобаны іске асыруға қызығушылық танытты. Жобаны ҚР Көлік министрлігі Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп іске асыруда. Ақтау портындағы контейнерлік хаб құрылысы 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.«Тағы бір жоба – Құрық портының дамуы мен өркендеуіне серпін беретін “Саржа” көпфункционалды теңіз терминалын салу. Жоба инвесторы – «SEMURG INVEST» компаниясы. Жобаны іске асыру аясында жалпы қуаты шамамен 10 млн тонна болатын жалпы жүк терминалын, әмбебап терминалды, сұйық жүк терминалын, сондай-ақ көлік-логистикалық орталық пен өндірістік кешен салу көзделген. 2023 жылдың қарашасынан бастап жалпы жүк ауыстырып тиеу жұмыстары басталды, қазіргі уақытта 73 мың тоннадан астам металл мен тыңайтқыш өңделді. Жобаның аяқталу мерзімі – 2026 жыл. Бүгінгі таңда хабтарды құруға қажетті ұйымдастыру және өкімдік құжаттарды қабылдау бойынша іс-шаралар мен рәсімдер толық аяқталды», — деп баяндады Арман Шаққалиев. Атап айтқанда, Өзбекстан және Қырғызстанмен 2 үкіметаралық келісімге қол қойылып, индустриялық аймақтар құрылған.Шекара маңы елдерімен бірлескен өндірістерді құру және шекаралық хабтар жүйесін қалыптастыру арқылы дамушы аймақтарды құру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда:Қазақстанның құрлықаралық және мемлекетаралық экономикалық дәліздер жүйесіндегі рөлін күшейтуге;елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне және стратегиялық қатынастарды нығайтуға;өнеркәсіптік кооперация мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға;еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға;халықаралық жүк тасымалы ағындарын қамтамасыз ету үшін заманауи мультимодальды хабтар ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Дереккөз: https://primeminister.kz/news/transshekaralyk-kolik-logistika-khabtaryn-kuru-shikizattyk-emes-tauarlar-eksporty-kolemin-30-ga-arttyrady-29451 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900516
Астанада ӘМАТ баға индексі 0,3%-ға төмендеді 11.12.2024
Астанада өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 99,7% құрады. Рожки (-7,6%), гречка (-2,1%), күріш (-1,3%), қырыққабат (-0,7%), қант (-0,5%) және сүзбе (-0,3%) сияқты тауарлар бағасы арзандады.Көктемгі-күзгі кезеңде көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Павлодар (ТОО «КазПромАгро», ТОО «Arthur&Company») және Түркістан облысындағы шаруалармен (КХ «Нурбек») 14 мың тонна көкөніс жеткізу туралы форвардтық келісімшарттар жасалды.Ұлттық статистикасы бюросының мәліметтері бойынша, Астанада кейбір көкөністердің бағасы басқа өңірлермен салыстырғандаарзан.Сондай-ақ, 100 тонна сары май және 528 тонна ұн жеткізу туралы келісімшарттар жасалды, олар қаладағы сауда орындарында бекітілген бағамен сатылуда.Бұл шаралар нарықтағы бағаның өсуін бақылау және халықтың қажетті тауарларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.Баға саясатын және заңнаманы сақтау үшін қаладағы сауда департаменті жергілікті әкімдікпен бірлесіп тұрақты мониторинг жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/900827
СҚО-да ғалымдар мен мамандар агрохакатонда ауыл шаруашылығының мәселелерін талқылады 11.12.2024
Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстандағы бірінші ғылыми-технологиялық сессия өтті, оның жұмысына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүректов қатысты. Отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, шаруалар мен бизнес жетекшілері инновацияларды енгізуге және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді бірлесіп іздеуге жиналды.Мемлекет басшысы аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын, бұл сессия қорытындысында көрініс тапты. Ғалымдар мен кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімділігін ұлғайтуға арналған идеяларын ортаға салды. Қатысушылар жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады. Агрохакатонда саладағы негізгі проблемалар айқындалып, жаңа шешімдердің бағыттары, зерттеулердің міндеттері айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/900719
Облыста тағы да бір медициналық нысан іске қосылды 11.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында БҚО, Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті халық игілігіне пайдалануға берілді.Ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылу салтанатымен құттықтады.“Президенттің бастамасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында осындай 50 нысан салынып, ел игілігіне берілмек. Бұл ауылдық елді-мекендерде тұратын азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық көмек көрсету - басты мақсатымыз. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда, алғашқы көмек көрсетуде фельдшерлік-акушерлік пункт маңызды рөл атқарады. Енді Ащысай ауылының тұрғындары да медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады”,-деді облыс әкімінің орынбасары.Жаңадан бой көтерген медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылады. Бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жаңарту және сапалы медициналық көмек көрсету үлкен қолдау болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/900705
Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралады 11.12.2024
Көрмеге өндіріс және теміржол саласына арналған жабдықтар, сондай-ақ медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер, тұрмыстық химия, сантехника бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдері қойылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900596
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты 11.12.2024
Президентке Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құраған. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 миллион долларға жеткен. Президентке Ақтөбе қаласының әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобаға 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция тартып, 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан және 2025-2027 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар туралы да айтты.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе қаласында салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеті таныстырылды. Президент тапсырмасына сай, шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900606
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласындағы жедел басқару орталығына барды 11.12.2024
Мемлекет басшысы Ақтөбе қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының ғимаратын аралап көрді.Нысан өңірдегі 15 мыңға жуық бейнекамера арқылы жергілікті жердегі ахуалды нақты уақыт режимінде тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.Орталықтың жедел залында 32 инспектор мен «102» шұғыл желісінің 3 операторы жұмыс істейді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов полиция қызметінде қолданылып жатқан цифрлық жобалар туралы баяндады.Қазір Ақтөбе облысында 5 жедел басқару орталығы жұмыс істеп тұр. Осы орталықтар арқылы өңірде 1,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық ашылып, 187 мың жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталған.Сонымен қатар Президентке ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологиясы қолданыла бастағаны туралы мәлімет берілді.Аталған технология бақылау камераларындағы бейнеге талдау жүргізіп, жоғалып кеткен азаматтарды табуға көмектеседі. Сонымен қатар арнайы платформаға жүктелген фотосуреттер арқылы күдіктілердің бет-бейнесін танып, қажетті мәліметтерді де ұсынады. Бұдан бөлек жол жүру ережесін бұзу фактілерін тіркеп, көлік қозғалысын қадағалауға жәрдемдеседі.Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтып, қоғамда заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етудің маңызына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900614
Президент Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты 11.12.2024
Медициналық нысанда жылына 8200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады. Сонымен қатар «Аңсаған сәби» жобасы аясында жылына 130 ЭКО жасалады. Ал ерте араласу орталығында 200 бала оңалту шараларымен қамтылады.Президентке орталықта туа біткен сырқаты бар нәрестелерге 50 кардиохирургиялық және офтальмологиялық ота жасалғаны туралы мәлімет берілді. Орталық ашылғанға дейін мұндай диагнозы бар сәбилер Астана қаласында емделген.Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекемеде жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан «Бір күндік клиника» жобасы таныстырылды. Аталған бастама қанмен берілетін ауруларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы жоба аясында бүгінге дейін 6 мың әйел медициналық тексеруден өткен.Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900618
Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді 11.12.2024
Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды.Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900624
ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТҰРҒЫН АЛАБЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАР ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ 11.12.2024
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай жәнеЕламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі шеңберінде бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты. Айта кетейік, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі осы жылдың қазан айының соңында аяқталды.Қала әкімі тұрғындардың қуанышына ортақтасып, газды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Аталған шағын аудандарды табиғи газға қосу шаралары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.Тұрғын үйлерді газға қосу экологияға тиімді, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға да мүмкіндік береді. Нысандар қосылғаннан кейін Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4% -. құрайды.Естеріңізге сала кетейік, қосылуды жеделдету үшін тұрғындар "QazaqGaz Aimaq"АҚ-на өтінім жолдап, құжаттар ұсыну қажет.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/900471
СҚО-да нан-тоқаш өнімдері мен донаттар зауытының құрылысы басталды 11.12.2024
Бүгін Петропавлда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «Bakerton» компаниясының басшысы Марина Баяндина мен "Bi Group" компаниясының акционері Айдын Майусовтың қатысуымен аймақтың тамақ өнеркәсібінде маңызды нысанға айналатын жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. "Qyzyljar" АЭА аумағында орналасқан зауыт нан-тоқаш өнімдері мен донаттар шығармақ. Қуаттылығы жылына 13 000 тонна өнімді құрамақ, ресейлік компания 37 млрд.тг инвестиция құймақ. 379 жұмыс орны ашылады.Жобаны салуға белгілі "Bi Group" құрылыс компаниясы кірісті. Зауыттың іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған. Бұл жобаны жүзеге асыру жергілікті экономиканы дамытуға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/900412
Ақтөбеде халықаралық әуежай аумағында арнайы экономикалық аймақ салуды бастады 10.12.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков Ресейдің Орынбор облысымен және Қазақстанның алты облысымен шектесетін аймақтың географиялық жағынан қолайлы орналасуына тоқталды. Ведомство басшысы атап өткендей, бұл шекаралық сауданы кеңейтуге және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы жағдай туғызуда.2024 жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысын қоса алғанда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 пайызға өсіп, 1,2 миллиард долларға жетті. Аймақтың халықаралық сауда мен логистиканың маңызды буынына айналуына ықпал ететін трансшекаралық хабтарды белсенді дамыту жоспарлануда. Ә.Молдағұлова атындағы әуежайда АЭА құру инвесторларға, бизнеске және халықаралық ұйымдарға жаңа мүмкіндіктер беретін осы стратегиядағы маңызды қадам болмақ.«Арнайы экономикалық аймақ құру жобасы облыстың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған және Ақтөбе облысының транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Көлік-логистика саласында тоғыз негізгі саланы және өнеркәсіптегі 29 саланы құру жоспарлануда, бұл өңірдің одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», — деді Досжан Әлібеков.АЭА аумағы — 858 гектар. Түркияның S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, әуежай аумағында логистикалық хабтың құрылысын бастап кетті. Бұл жоба 130 жаңа жұмыс орнын ашып, транзиттік тасымалдауды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әуежай аумағында 10,0 га жер телімі анықталды.Жобаның бірегейлігі жүктерді тасымалдау және әуежай арқылы ұшу көлемінің ұлғаюында, бұл тауарлардың экспорты мен импортын дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Логистикалық хаб қызметтерінің негізгі тұтынушылары Ақтөбе облысының сауда-өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің серіктестері болады.Айта кетерлігі, қазірдің өзінде облыста жеткізу тізбегін тиімді басқаруды және жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін «Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорны» ЖШС және «Астық Логистикс» ЖШС сияқты негізгі көлік-логистикалық орталықтар жұмыс істейді.Облыс әкімі Асхат Шахаров АЭА құру инвестиция тартуға, тауар айналымын арттыруға және өңірдің логистикалық қолжетімділігін жақсартуға ұйытқы болатынын баса айтты. Жобаны жүзеге асыру Ақтөбе қаласын халықаралық сауда мен транзит үшін стратегиялық маңызды хабқа айналдырып, жаңа деңгейге көтереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899403