Enbekshi QazaQ

Ғылым

Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты 10.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899705
Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды 10.12.2024
Президентке бұл білім ошағы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орны екені баяндалды.1979 жылы негізі қаланған колледжде 1157 студент кенші, ұңғылаушы, кен байытушы, слесарь, тау-кен электр механигі, электр монтері және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатыр.Оқу орнының директоры Бағдашжан Молдашева Мемлекет басшысына білім беру үдерісінде қолданылатын озық технологиялар жөнінде мәлімет берді.Атап айтқанда, колледжде теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Студенттер колледж аумағындағы оқу-шахта полигонында өндірістік тәжірибеден өтіп, техникамен жұмыс істеудің күрделі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондай-ақ жаттықтырушы-симуляторлар арқылы шахтадағы жағдайға барынша ұқсас ортада жұмыс дағдыларын үйренеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899794
Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді 10.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты.Президентке бұл оқу ордасы «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.Қанатқақты жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді-мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899976
Президент құбыр зауытын аралап көрді 10.12.2024
Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Құны 3,5 миллиард теңге болатын нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген.Зауыт құрылтайшысы Мирғали Бурбаевтың айтуынша, қазір өндіріс орнында құбырларды, металл әзірлемелерін дайындайтын қондырғылар іске қосылған.Президентке зауытты дамытудың ұзақмерзімді жоспары баяндалды. Кәсіпорын алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900175
ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 10.12.2024
Бүгін әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның аясында «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» арналған іс-шара өтті. Бүгінде комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тұрақты түрде қызмет атқарып, профилактикалық жұмыстарға басымдық беріп келеді. Отырыста осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай қоғам белсенділері қала әкімінің Алғыс хатымен, 30 жылдық мәслихаттың мерейтойы және төсбелгілермен, сондай-ақ департамент басшысының арнайы Алғыс хатымен мараппатталды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/899564
III ҰЛТТЫҚ РЕСПИРАТОРЛЫҚ МЕДИЦИНА КОНГРЕСІ: ӨКПЕ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ 10.12.2024
Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткен III Ұлттық респираторлық медицина Конгресінің алаңында саланың жетекші сарапшылары өкпе ауруларын, демікпе мен ӨСОА-ны емдеудегі заманауи тәсілдерді, респираторлық медицинадағы аллергология мәселелерін, пульмонологиядағы антибиотикке резистенттілік проблемасын және басқа да көптеген өзекті тақырыптарды талқылады.Тыныс алатындардың барлығы ауадағы инфекциялық және улы заттарға осал. Респираторлық аурулар жер шарының барлық өңірлерінде және барлық әлеуметтік таптарда өлімнің 3-ші себебі болып табылады.Форумның шеңберіндегі алғашқы симпозиум респираторлық медицинаны дамытудың ұйымдастырушылық-стратегиялық мәселелеріне арналды. Осы сессияда өңірлердегі бейінді мамандардың тапшылығы, заманауи жабдықтар мен технологияларға қол жеткізу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, базада құзырет орталықтарын ұйымдастыру қажеттілігі туралы бастама көтерілді.Конгреске қатысушылар өкпенің обструктивті аурулары, тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі тыныс алуды қолдау, ұйқыға тәуелді тыныс алу бұзылыстары тақырыптарын көтерді. Респираторлық инфекциялар проблемаларына, атап айтқанда балалардағы респираторлық инфекцияларға көп көңіл бөлінеді.Мұнда вакцинамен басқарылатын инфекцияларды тежеудің негізгі құралы вакцинациялау болып табылатындығы және респираторлық инфекциясы бар балалардың арасында өлім деңгейінің көтерілуіне жол бермеу үшін оны бақылауды күшейту қажет екендігі атап өтілді.«Пульмонологиядағы антибиотикке төзімділік: тәуекелдер, проблемалар» симпозиумында супербактериялардың таралуын бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін шаралар: ұтымды антибиотикалық терапияны қолдану, төзімді штамдарға тұрақты мониторинг жүргізу және медицина қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын енгізу талқыланды.Конгресте респираторлық медицина саласындағы жетекші мамандар, соның ішінде Еуропалық Респираторлық қоғам (ERS) мен Ресей Респираторлық Қоғамы, Өзбекстан және Беларусь өкілдері сөз сөйледі.Конгреске қатысушыларға «Астана медицина университеті» КеАҚ гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстары бар ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, Конгресс президенті Б.А. Айнабекова құттықтау сөз сөйледі. Ол халыққа медициналық көмектің сапасын арттыру үшін респираторлық медицина саласындағы идеялар мен ынтымақтастықты біріктірудің маңыздылығын атап өтті.Маңызды оқиға Еуропалық Респираторлық Қоғамның (ERS) Президенті, ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибедегі жетістіктерімен танымал респираторлық медицина саласындағы жетекші сарапшы Иоанна Хоростовска-Винимконың (Joanna Chorostowska-Wynimko) Конгресіне сапары болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/899733
ТӘЖІК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ 10.12.2024
Тәжікстаннан келген құрамында перзентханалардың акушерлері, гинекологтары мен бас дәрігерлері бар делегация жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласындағы қазақстандық мамандардың озық жұмыс тәжірибесімен танысты.Алматыға, Түркістанға, Шымкентке сапар барысында шетелдік мамандар амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету тәртібін зерделеп, босандыру ұйымдарының біліктілігі мен техникалық жарақтану деңгейін бағалады.МСАК деңгейінде медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаты, жүкті әйелдердің бағыты, учаскелерде патронаждық бақылау, ақпараттық жүйелерде тіркелім жүргізу делегацияның ерекше қызығушылығын тудырды.Сапардың қорытындысы бойынша Тәжікстан өкілдері өз елінің денсаулық сақтау жүйесінде енгізілген әдістемелерді қолдану мақсатында ҚР ҚМ базасында босандыру саласында, олардың мамандарын - акушер-гинекологтарды, неонатологтарды және генетиктерді оқыту бөлігінде ынтымақтастықты ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/900010
Нұрдәулет Қилыбайдың Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдауы таңғы 04.15 дейін жалғасты 10.12.2024
9 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының халқымен кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй және жұмыспен қамту, оның ішінде мұнайгаз саласына жұмысқа орналастыру мәселелерін көтерді.Қабылдауға келген тұрғындардың бірі - 2-ші топ мүгедегі баспанаға мұқтаж екенін жеткізді. Тұрғынның жағдайы ескеріліп, жатақханадан орын ұсынылды. Басқа да тұрғын үй мәселесімен келген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алу жолдары түсіндіріліп, қажетті кеңестер берілді.Қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да өтініштері назардан тыс қалмады. Олардың бірі қаладағы пандустардың талапқа сай еместігін айтып шағымданды. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімі қала басшылығына Амал мерекесіне дейін көпшілік жүретін орындарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.Арбаға таңылған тағы бір тұрғын мал азығын дайындау кәсібін кеңейту үшін қаржылай көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай азаматқа бизнес-жоспар дайындап, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылық қолдау алуға кеңес берді. Ал жауапты мекемелерге бұл азаматқа жан-жақты көмек көрсетуді міндеттеді.Сонымен қатар, тұрғын үйлерін апаттық деп тануды өтінген бір топ азамат келді. Облыс әкімі жауапты басқарма басшыларына шұғыл түрде тұрғын үйдің жағдайын зерделеп, оны апаттық деп тану немесе жөндеу қажеттілігін анықтау бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.Айта кетейік, Жаңаөзен қаласында өткен облыс әкімінің жеке қабылдауына 200-ден аса тұрғын келіп, өз өтініштерін білдірді.Тұрғындар еңбек дауы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру салаларын дамыту, газ бен жер мәселелері сияқты түрлі сұрақтарын жеткізді. Әрбір мәселе бойынша заң аясында тиісті шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/900098
СҚО-да экологиялық «Экобум» өтті 10.12.2024
2024 жылғы 10 желтоқсанда Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған таңғажайып іс-шара өтті. Ғ. Мүсірепов атындағы қалалық кітапханада экологиялық материалдардан жаңа жылдық қолөнер жасау бойынша мастер-класс өтті, онда балалар мен ересектер табиғи ресурстарды пайдалана отырып, ерекше әшекейлер жасауды үйренді.«Экобум: Жаңа жылға арналған қолөнер» деп аталатын іс-шара шығармашылық пен экологиялық хабардарлықтың нағыз мерекесі болды. Мастер - класс қатысушылары бүршіктер мен сіріңкелерден жаңа жылдық бұғылар жасауды, сондай-ақ экологиялық таза материалдарды пайдалана отырып, қағаз аққала мен басқа да әшекейлер жасауды үйренді.Мастер-класстар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесіп қана қоймай, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Бүршіктер, бұтақтар және қағаз сияқты табиғи материалдар әдемі жаңа жылдық қолөнерге негіз болды, олар көзді қуантып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын еске салды.«Жастарға біздің тәжірибеміз бен білімімізді, әсіресе табиғатты қорғау саласында жеткізу маңызды. Біз, ардагерлер, жастарды айналамыздағы нәрсені бағалауға үйретеміз және оны осындай іс-шаралар арқылы жасаймыз. Ұрпақтар арасында тәжірибе алмасу маңызды дәстүрлерді сақтауға көмектеседі және балаларда біздің планетамыздың болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады», - деп бөлісті қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары Иманғали Татваев.Іс-шара «Солнечный дом» ҚҚ-ның балаларын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының ардагерлер және еріктілер кеңесінің мүшелерін жинады. Кездесу ұрпақтар байланысын нығайту үшін маңызды болды: балалар ардагерлерден табиғатты қалай бағалау және сақтау керектігін үйренді, ал аға буын өз білімдері мен тәжірибелерін кішіге жеткізді.Іс-шара сонымен қатар инклюзияның маңыздылығын атап өтті, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалар басқа қатысушылармен бірге ерекше және әдемі қолөнер бұйымдарын жасай алады. Кәсіби тәлімгерлер мен мамандар әр қатысушыға экологиялық таза жаңа жылдық әшекейлер жасауға өз көзқарасын табуға көмектесті.«Мен үшін бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар, бірақ соған қарамастан ынта мен шығармашылыққа толы балалармен жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігі. Мен олардың табиғатпен және бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйреніп жатқанын көремін. Бұл олардың дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі. Іс - шара балаларға өз өмірлерінде қолдануға болатын маңызды экологиялық принциптерді үйретеді», - деді Делль Татьяна, даун синдромы бар балалар мен ересектерге көмек көрсету «Солнечный дом» қоғамдық қорының негізін қалаушы.Мастер-класс тек шығармашылық алаңға ғана емес, сонымен қатар экология мәселелеріне назар аударуға және балаларды табиғатты қорғаудың практикалық қадамдарына үйретуге бағытталған экологиялық хабардарлықтың маңызды сабағына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/900061
Қызылжар ауданында 8 медициналық нысан салынды 10.12.2024
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Кызылжар ауданында болды. "Жыл аяқталып келеді, қазір жылдың қорытындысын шығаратын уақыт. Биыл Кызылжар ауданы ауылдарының тасқыннан соң инфрақұрылымын қалпына келтіруге ерекше назар аударылды. Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы бөгеттер нығайтылды", - деп жазды өңір басшысы. Қиын жағдайға қарамастан, ауданда маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асты. Налобино, Вагулино және Белое ауылдарындағы ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті. Бескөлде 5 қабатты үй мен хоккей кортына арналған металл шатыр салынуда. Облыста салынған 38 медициналық нысанның 8-ы Кызылжар ауданының ауылдарында орналасқан. Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды аралады. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында жаңғыртылған №2 Бескөл орта мектебі мен жөндеуден өткен «Балапан» балабақшасына барды. Облыс әкімі Байтерек ауылындағы әлеуметтік осал топтарға арналған үйлерді қарап шығып, Новокаменка ауылындағы электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.СҚО әкімі «Радуга», «Молсервис», «ЕР-Агро», «Молодое Агро» және «Елім Кызылжар» кәсіпорындарының жұмысымен танысып, аудан диқандарымен кездесті. Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Боголюбово ауылындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен өңірдің даму перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/899379
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ БҚО-ДА 11 МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ ТАПСЫРЫЛДЫ 09.12.2024
Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жоспарланған 24 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарынан 11 ауылдық нысан пайдалануға берілді.Батыс өңірінің картасында пайда болған жаңа медициналық ұйымдардың тізімінде келесі нысандар бар:Бөрлі ауданы Қарағанды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;Бәйтерек ауданы Байқоңыс ауылдық округінде, Новенький ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;Бәйтерек ауданы Садовое ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;Бәйтерек ауданы Жайық ауылындағы медициналық пункт;Бәйтерек ауданы Красноармейское ауылындағы медициналық пункт;Бөрлі ауданы Жаңақоныс ауылындағы медициналық пункт;Жәнібек ауданы Борсы ауылындағы медициналық пункт;Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылындағы медициналық пункт;Теректі ауданы Үлкен Еңбек ауылындағы медициналық пункт;Бәйтерек ауданы Өркен ауылындағы медициналық пункт;Бәйтерек ауданы Болашақ ауылындағы медициналық пункт.2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған болатын.Қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес пациенттерді ФАП-қа қабылдау үшін фельдшер кабинеті, акушерка кабинеті, қарау кабинеті, емшара кабинеті, егу кабинеті, стерилизация, дәріхана пункті, физиотерапия кабинеті, қақырық жинау кабинеті, ақпараттандыру кабинеті, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар көзделген.Сондай-ақ, медициналық пункттерде орта медициналық персоналдың кабинеттері, емшара кабинеті, физиотерапия кабинеті, дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай, дәріхана пункті мен анықтамалық вестибюль, шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар көзделген.Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты - онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауды, скринингтік зерттеп-қарауларды уақтылы жүргізуді, нысаналы топтарды вакцинациялауды және созылмалы аурулары бар науқастарды емдеп-қарауды қоса алғанда, ауыл халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/899312
ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ XXXVII ОТЫРЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ 09.12.2024
Қазақстандық делегация Санкт-Петербургтегі ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVII отырысына қатысты.Форумның күн тәртібінде жаһандық сын-қатерлермен күресу және денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігі, онкологиялық аурулармен және туберкулездің таралуымен күресу үшін күш-жігерді біріктіруге байланысты маңызды тақырыптар талқыланды.Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту, цифрландыру саласындағы жобалар, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі, медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізу бөлігінде қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді.Кеңестің отырысында Қазақстанның басты бастамасы 2025 жылды ТМД елдеріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек жылы деп жариялау туралы ұсыныс болды. Бұл ұсынысты ТМД Кеңесінің барлық мүшелері қолдады.Отырыстың қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған шешімдер қабылданды, бұл ТМД аумағында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVII отырысына қатысу шеңберінде министр бастаған Қазақстан делегациясы «Герофарм» фармацевтикалық компаниясының өндірістік алаңына барды.Мұнда қазақстандық мамандар толық циклді гендік-инженерлік инсулиннің үздік жетекші ресейлік фармацевтикалық өндірушілерінің ТОП-20 қатарына кіретін биотехнологиялық препараттарды шығару жөніндегі ұлттық компанияның жұмысымен танысты.Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес 1992 жылғы 26 маусымда халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде құрылғанын атап өткен жөн. Оның құрамына ТМД-ның 7 елі: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/899320
Қазақстан ТЖМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады 09.12.2024
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жаппай өткізілетін іс-шаралар мен адамдардың, әсіресе қыста таза ауада демалу оқиғаларының көбеюіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды. 2024 жылғы 14 желтоқсаннан бастап ТЖМ бөлімшелері ТЖ қаупінің жоғарылауына байланысты қызметтің күшейтілген режиміне көшуде. Бұған қосымша рейдтер, жаппай өткізілетін іс-шараларды бақылау және демалыс орындарындағы қауіпсіздік кіреді. Сонымен қатар өрт-тактикалық жаттығулар, бизнес объектілерінің қызметкерлерімен нұсқамалар және ұсынымдар бере отырып, комиссиялық тексерулер өткізілетін болады.ТЖМ азаматтарға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді: Өрт қауіпсіздігі: жылыту және электр аспаптарын пайдалану кезінде абай болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз Судағы қауіпсіздік: жұқа мұзға шықпаңыз, су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз, балалардың қараусыз судың жанында болуына жол бермеңіз. Таудағы қауіпсіздік: тексерілген жабдықты пайдаланыңыз, тиісті дайындықсыз және маршрутты білмей тау маршруттарына шықпаңыз. Жол қауіпсіздігі: жол ережелерін сақтаңыз, әсіресе қысқы ауа-райында және көлікті басқару кезінде мұқият болыңыз.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойыншаҚазақстан ТЖМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/898962
Жетісу облысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына күнделікті 250 зейнеткер барады 09.12.2024
Осы жылдың басында Жетісу облысының Талдықорған қаласында зейнеткерлік жастағы азаматтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылған болатын, бұл нысанға қазір күніне 250-ден астам адам келеді. Мұнда 12 түрлі қызмет көрсетіледі, 40-қа жуық жұмыс орны ашылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, облыс орталығы Талдықорған қаласының өзінде 25 мыңға жуық зейнеткер тұрады, сондықтан облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ құру туралы шешім қабылданған.- Біздің орталық жұмысының негізгі мақсаты - мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік қабілеттерін шыңдау арқылы зейнет жасындағы адамдардың физикалық және психикалық саулығын нығайту. Бүгінгі таңда белсенді ұзақ өмір сүру орталығына күн сайын 250-ден астам адам келеді. Сонымен қатар жыл басынан бері орталыққа келушілердің қатысуымен 50-ден астам түрлі іс-шаралар, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Қаратал аудандарының киелі орындарына, тарихи нысандарына экскурсиялар, Абай облысының Семей қаласына сапар ұйымдастырылды. Талдықорғанның зейнеткерлік жастағы кез келген тұрғыны біздің орталыққа келе алады, мұнда барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Тек жеке куәлігі мен зейнеткер куәлігін алып келуі керек, - деді «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ басшысы Әсет Оразбекұлы.Мұндағы қолайлы жағдайларға орталыққа келушілер риза. Орталықтан қызмет алатын Сайра Ахметова:- Мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына ашылғаннан бері тұрақты келемін. Фитнеспен, йогамен, бимен айналысамын. Емдік массаж курсынан өттім. Бір жағынан денсаулыққа пайдалы, екіншіден араласатын ортаң кеңейеді, бұл біз үшін өте маңызды. Қаласақ, тіл үйренуге де жағдай жасалған. Мұнда әркім өз қалауына қарай айналысатын іс табады. Орталықтың есігі біз үшін таңертеңнен кешке дейін ашық. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оны құруға, жұмысын жүргізуге қатысқан азаматтардың барлығына алғысымды білдіремін, - деді ардагер.Атап өтсек, келесі жылы Талдықорғанда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 150 орынды оңалту орталығының құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар «Инватакси» қызметінің саны өткен жылдан аймақта 18-ден 32-ге дейін өсті. Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/899148
Жаңаөзенде жол салу және жөндеу бойынша 8 жоба іске асырылады 09.12.2024
Жаңаөзен қаласында тұрғындар үшін сапалы жол инфрақұрылымын құру бағытында 13 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде 8 жоба «Ауыл – Ел бесігі» және «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары шеңберінде қолға алынған.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Теңге, Кендірлі, Қызылсай және Рахат ауылдарында жолдарды салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалар сапалы көлік қатынасын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Рахат ауылындағы және Мерей шағын ауданындағы жол құрылыстары қарқынды жүргізілуде.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899071
Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті 09.12.2024
Бүгін, 9 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Алдымен қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев Жаңаөзеннің 2024 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2025 жылға арналған негізгі жоспарлары туралы баяндама жасады.Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, қалада 2024-2026 жылдар аралығында жалпы құны 174 млрд. теңгеден асатын 13 жаңа ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның нәтижесінде мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ.Жоспарланған жобалар қатарында Бетон шығару зауыты, Жаңа газ өңдеу зауыты, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Eni S.p.A. компаниясының бірлескен гибридті электр станциясы бар. Бұдан бөлек, 2025 жылы «KazPetroDrilling» АҚ-ның сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауыт және шағын құс фермасы жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.Жолаушылар тасымалы саласында биыл қала аумағында 5 қосымша бағыттар ашылып, қазіргі уақытта 10 маршрут бойынша 33 автобус қызмет көрсетуде.Сондай-ақ, Кендірлі туристік аймағын дамыту аясында киелі орындарға жаңа маршруттар ашу көзделуде. Мысалы, «Кендірлі – Темір Баба қорымы – Қауынды, Қорғанбай ойпаттары – Кендірлі-Қаясан – Адамтас – Ақсу» туристік маршруты арқылы Қарақия ауданына қарасты «Өнере бұлағы – Қарынжарық ойпаты – Булыойық үңгірі – Қызылкүп шатқалы – Боқты тауы – Сенектің құмы – Бозжыра – Бекет ата» маршрутына жалғастыру көзделіп отыр.Әлеуметтік саланы жақсарту мақсатында Кендірлі ауылында 50 адамға арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін амбулатория пайдалануға беріледі.Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдарда 442 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бір ауыл – Бір өнім» ұлттық жобасы аясында форум мен жәрмеңке ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстыруға мүмкіндік алды. Нәтижесінде, екі жоба финалға шығып, олардың әрі қарай дамуына арнайы ғимарат бөлінді.Кездесуде қала тұрғындары облыс әкіміне толғандырған мәселелерін жеткізіп, шешімін күткен түйткілдерді ортаға салды. Халықтың басым көпшілігі тұрғын үй, жұмыссыздық, жол мәселесі, кәсіпкерлік, білім саласы мен үлескерлерге қатысты мәселелерді көтерді.Нұрдәулет Қилыбай көтерілген сұрақтарға жауап беріп, қала әкімі мен тиісті басқарма басшыларына мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды. Кездесу соңында облыс әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899109
Жаңаөзенде түнде жарқырап тұратын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды 09.12.2024
Жаңаөзен қаласының кіреберісіне биіктігі 10, ені 4 метр болатын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды.Бұл арт-объект селфи үшін тартымды орын ғана емес, қазақтың үні мен асыл дүниесін жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында маңызды рөл атқармақ.- Домбыра - біздің тарихымыз, ұлттың үні. Ата-бабамыз ішкі күйзелісін де, қуанышын да домбырамен жеткізген. Келіннің бетін де ұлттық аспаппен ашқан. Біз Жаңаөзенді қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр мен мәдениеттің ошағы, білім мен өркениеттің қаласы екенін көрсеткіміз келді, дейді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әділет Сәми.Қазіргі уақытта инсталляция аумағына қосымша жарық шамдар қойылып, аббаттандырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899188
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ 09.12.2024
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары талқыланып, кибер қылмысқа қарсы күрес және тоқтап тұрған құрылыс нысандарына қатысты атқарылған жұмыстар пысықталды. Полиция департаментінің басшысы Н.Алмасбеков интернет-алаяқтық қылмыстардың жолын кесу мақсатындағы профилактикалық шараларды баяндады. Тиімділікті арттыру мақсатында «Киберпол» тобы құрылып, 48 қылмыстық топтың жолы кесілген, 200 тұлға қылмысқа тартылып, 55 тұлға қамауға алынған. Қала басшысы орынбасарларына салаға жауаптылармен бірге бұл бағыттағы шараларды күшейтуде нақты тапсырмалар берді. Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Бұл ретте қалада 33 іс-шара жоспарлануда. Президент әкімшілігі тарапынан ұсынылған циркулярға сәйкес өткізілетін іс-шаралар ғылыми - танымдық, еске алу кештері, зерттеу және білім беру бағыттарында ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, Жаңа жыл мерекесіне орай «Астана» алаңында шырша жағу салтанатты рәсімі өткізіледі деп күтілуде. Қала әкімі барлық сала басшыларына халық асыға күтетін мерекелік шараларды, жаңа жылдық безендіру жұмыстарын эстетикалық талғаммен ұйымдастыруды тапсырды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов тоқтап тұрған құрылыс нысандары бойынша мониторинг жұмыстарын баяндады. Бүгінде 11 құрылыс объектісі анықталған. Мамандар құрылыс-монтаждауды толық аяқтау және құрылыс нормаларына сәйкес жабдықтау бойынша тұрақты түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Ғ. Әбдімәжитұлы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастар басқармасының басшыларына қала аумағындағы тоқтап тұрған құрылыс нысандары мен игерілмей тұрған жер телімдеріне қатысты заң шеңберінде шара қолдануда бірқатар тапсырма берді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/899022
Жаңаөзенде алғаш рет жастарға арналған «Bolashaq Sarayi» сарайы салынуда 09.12.2024
Жаңаөзен қаласында балалар мен жастардың дамуы мен тұрғындардың мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ірі әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде.Қазіргі таңда 350 орынға арналған заманауи «Bolashaq Sarayi» оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы ауданы 3 мың шаршыметрді құрайтын бұл орталық балалар мен жастардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сарайда робототехника және бағдарламалау, 2D/3D модельдеу, шет тілдері, киім дизайны мен тігін ісі, қолөнер, вокал және халық аспаптарында ойнау бағыттары бойынша арнайы кабинеттер ашу жоспарланған.Аталған нысан Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспары аясында салынып жатыр.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында келер жылы Рахат ауылында жалпы ауданы 3 474 шаршыметр болатын 300 орындық заманауи мәдениет үйі салынады.Сонымен қатар, 2025 Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан заманауи коворкинг орталығы ашылады.Жаңа коворкинг орталығы шығармашылық және кәсіптік кездесулерді ұйымдастыруға арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Орталықта оқу және жеке жобалармен айналысуға арналған арнайы орындар қарастырылған. Жөндеу жұмыстары мен жабдықтау жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899061
АСТАНАДА FACE ID ЖӘНЕ «ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТ»СЕРВИСТЕРІ АРҚЫЛЫ ПАЦИЕНТТЕРДІ 600 МЫҢНАН АСТАМ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖҮРГІЗІЛДІ 09.12.2024
Пилоттық жобаның шеңберінде Астанада медициналық ұйымдарға келген 600 мыңнан астам пациент Face ID және «Цифрлық құжат» цифрлық сервистері арқылы сәйкестендіруден өтті.Бүгінгі таңда пилоттық жобаға 60-тан астам медициналық ұйым қосылған, онда күн сайын 2,5 мыңнан астам медицина мамандары дәрігердің қабылдауы кезінде пациенттерді сәйкестендіруді жүргізеді.Желтоқсан айының басында елорданың медициналық ұйымдарында қабылдаулардың жалпы саны 1 157 231-ді құрады, бұл ретте 612 мың, оның ішінде Face ID технологиясы бойынша 300 000-нан астам, «Цифрлық құжат» сервисі арқылы 311 мың сәйкестендіру жүргізілді.Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап медициналық ақпараттық жүйелердің функционалына пациентті веб-камера арқылы сәйкестендіруге мүмкіндік беретін « Face ID» технологиясы қосылды.Пациенттерге медициналық қызмет көрсетуді биометриялық растаудың бұл тетігі денсаулық сақтау жүйесіндегі бұрмаланулар мен қосып жазулар қаупімен күресте тиімді құрал болады деп күтілуде.2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаны бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен масштабтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/898963