Enbekshi QazaQ

Ғылым

Жетісу облысында цифрландыру жөніндегі "Digital Jetisu Forum" алғашқы форумына ІТ саласының 300-ге жуық маманы қатысты 16.11.2024
Бүгін Жетісу облысында алғаш рет облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен «Jetisu Digital» IT-хабының ұйымдастыруымен цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Digital Jetisu Forum» цифрландыру форумы өтті. Форум саладағы инженерлердің, IT-сарапшылардың, әзірлеушілердің, сала көшбасшыларының басын қосты. Бұл шара аймақтағы цифрлық саланы дамытудың негізгі тақырыптарын талқылауға арналған жаңа алаңға айналды. Атап өтсек, облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 96%–ы автоматтандырылған, облыстың елді мекендерінің 95,2%-ында интернет жеткізілген, бұл ретте облыс орталығы-Талдықорған қаласында 5G желісі үшін 13 базалық станция орнатылған, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов кездесуге қатысушыларды құттықтап, тілегін тілдірді:- Бүгінгі іс-шара заманауи шешімдерді енгізуді жеделдетуге және өңірде ыңғайлы әрі тиімді цифрлық инфрақұрылымды құруға көмектесетін әдістерді талқылау, цифрлық технологиялар саласындағы мамандар мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Цифрлық трансформация дәуірінде мемлекеттік құрылымдардың алдында қызмет көрсетудің жеделдігін арттыру ғана емес, сонымен қатар азаматтармен өзара іс-қимылдың әр кезеңінде ашықтық пен есептілік қағидаттарын енгізу міндеті тұр. Жалпы алғанда, Жетісуда көрсетілетін 289 мемлекеттік қызмет пен қосалқы қызметтердің 277-сі немесе 96% автоматтандырылды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 1 370 өтінім келіп түсті, - деді Д.Есдәулетов.Сонымен қатар өңірде салаларды цифрландыру бойынша бірқатар жобалар табысты жұмыс істеп жатқаны да айтылды. Атап айтқанда, «Кілем жабыны» жобасы аясында полиция департаментінің жедел басқару орталығына 15 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ жол қауіпсіздігін күшейту үшін жол ережелерін бұзушыларды анықтауға және көлік легін өлшеуге мүмкіндік беретін 216 камера орнатылған.Денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында өңірдің 16 медициналық мекемесінде рентген сәулелерін жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік беретін PACS-жүйесі енгізілді, бұл дәрігерлерге ерте кезеңдерде диагноз қоюға көмектеседі, әсіресе онкологиялық ауруларды ерте анықтауда маңызы зор. Жүйе жұмыс істегеннен бері 615 мыңнан астам зерттеу жүргізілген.Өңірдің білім беру саласын цифрландыру жұмыстары аясында Жетісу облысындағы 337 мектеп түгел интернетке қосылған. Оның ішінде осы жылы шалғайдағы 53 мектеп «Starlink» спутниктік жүйесі арқылы қосылды. Сондай-ақ, 69 мектепте сабаққа қатысуын бақылайтын, тамақтануын есепке алуатын, кітапханаларға кіруіне мүмкіндік беретін «Оқушының бірыңғай карточкасы» жүйесі енгізілді.Жоғары білікті ІТ-мамандарды даярлау мәселесі де шешілуде. Атап айтқанда, Талдықорғанда «Samsung Innovation Campus» бағдарламалау мектебі ашылды және «IT Hub Jetisu Digital» базасында курстар өткізілуде, онда мыңнан астам адам оқудан өтті.Осы күні форум аясында «Әлеуметтік әмиян - мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру» тақырыбында пленарлық сессия өтті.Спикерлердің бірі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының мәніне егжей-тегжейлі тоқтала келе, жоба халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржылық құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекті есептеу рәсімін жеңілдету, әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру үшін құрылғанын айтты.Сол сияқты облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдына Темірбаев та сөз алып, цифрландыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.Форум негізгі тақырыбынан бөлек жасанды интеллект, деректерді талдау, киберқауіпсіздік, әлеуметтік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ көлік және қауіпсіздік сияқты маңызды бағыттарды да қамтыды.Сонымен, Google Developer сарапшысы Энес Тұран, MSP Global техникалық директоры Руслан Жансеңгіров IT-индустриядағы жаһандық трендтер мен өзгерістер, бизнес-процестердің тиімділігін жақсартудағы жасанды интеллектінің рөлі, киберқауіпсіздік саласындағы соңғы шешімдер мен технологиялар жайлы баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, азаматтарды цифрлық қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қалалық қызметтерді қолдауға бағытталған «Қауіпсіз қала» жүйесі таныстырылды.Жиында пікірталас алаңдарымен қатар IT-компаниялардың, цифрландыру жөніндегі сарапшылардың цифрлық жобаларын ұсынатын «Jetisu IT Expo» көрмесі ұйымдастырылды.- Бүгінде цифрландыру біздің өміріміздің барлық саласына тән әрі жетісулықтар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңірдің әрбір тұрғыны білім беруде, денсаулық сақтауда, қалалық шаруашылықты басқаруда немесе мемлекеттік қызметтерді алуда заманауи технологияларды толық пайдалана алатындай ету. «Digital Jetisu Forum»-да ұсынылған жобалар цифрландырудағы жетістіктердің бір бөлігі ғана. Біз жаңа жобаларды әзірлеп, енгізуді жалғастырамыз, өйткені біздің басты міндетіміз – Жетісуды цифрлық технологиялар әркімнің игілігі үшін жұмыс істейтін өңірге айналдыру. Сондай - ақ, біз өңірдің талантты азаматтары өз әлеуетін ашып, өз жобаларын іске асыра алатын цифрлық ортаны қалыптастыруға тырысамыз, - деп атап өтті форумды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Айдын Темірбаев.Осы күні форум аясында цифрландыру саласындағы жетістіктері үшін өңірдің ІТ-мамандары марапатталды. Олардың қатарында «Future-IT» роботехника мектебінің директоры Дамир Нұркежанов, Қаратал орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Кирилл Михов, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бизнес-стаптап жобаларының жетекшісі Әсел Құлынтаева, «Jetisu Digital» IT-хаб және «Astana Hub» IT-стаптабы халықаралық технопаркінің ұжымы және басқалары бар.Форум соңында «Jetisu Idea Battle» идеялар байқауының қорытындысы шығарылады, оның аясында өңірдің дәстүрлі үздік стартаперлері өз жобаларын дамытуға берілетін ақшалай сыйлықтармен марапатталады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/879862
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! 16.11.2024
2025 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков бизнес өкілдерімен, тұрғындармен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке қабылдайды.Өтетін орны: Түркістан облысы, Жолбарысхан к., 1/2, "Ұлы дала елі" музейі, конференц залы Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 11:00 – 12:00;БАҚ өкілдерімен кездесу – сағат 12:00 – 12:15;Азаматтарды қабылдау – сағат 12:15 – 12:45;Сіз Сауда және интеграция Вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 3919 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 3919 (Азиза Нұрпейісова).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117997?lang=kk
Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы тиімді жүзеге асырылуда 16.11.2024
Биыл Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы мал шаруашылығы мен өзге бизнес түрлерін дамытуға басымдық берді. Мал шаруашылығына 24 жоба қаржыландырылып, өзге бизнес түрлеріне 30 жобаға қолдау көрсетілуде. Бұл жобалар іске асқанда аудан бойынша жұмыссыздықты төмендетіп, қосымша 50 жұмыс орнын ашуға ықпал етпек.Жобаның алғашқы кезеңінде аудан көлемінде 12 ауылдың тұрғындарына саралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 193 әлеуметтік көмек алушы мен 1611 жұмыссыз тұрғын анықталды.2023 жылы аудан тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 23 жобаға несие бөлінді. Оның ішінде 19 жоба мал шаруашылығына, 4 жоба өсімдік шаруашылығына берілді. Мал шаруашылығы жобасы аясында 342 бас мал сатып алынып, Жыңғылды ауылында бақша өнімдерін өсірумен айналысатын кооператив құрылды.«Каспий» ӘКК арқылы несие алған Шетпе ауылы 12, Жыңғылды 6, Шайыр, Онды, Ақтөбе, Жармыш және Тұщықұдық ауылдық округтері 1 жобадан іске асырды.Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында түйе сүтін арттыруға 10 жоба ұсынылды. Маңғыстау ауданы облыстағы түйе басының 40%-ын қамтитын болғандықтан, кәсіпкерлерге қосымша жеңілдіктер қарастырылып отыр. Жылына 20 мың тонна сүт өндірілетіндіктен өнімді ірі сүт зауыттарына жеткізу жоспарлануда.Ал ет өндірісін дамытуға 12 жоба және тауық етін өндіруге 2 жоба қарастырылған. Өндірілген өнімдерді Ақтау қаласындағы көтерме сауда орталығына тарату үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі.Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аудан көлемінде жұмыссыздықты төмендетуге, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және аудан экономикасын нығайтуға бағытталған.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879768
Қарағанды облысында ұлттық өнер фестивалінің жеңімпаздары анықталды 16.11.2024
Қарағандыда «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық фестиваль өтті. Қазақтың әні мен биі, домбырсы мен қобызы дәріптелді. Бұл фестиваль қазақ ұлттық өнерін меңгерген этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында ұйымдастырылды.Байқау үш аталым бойынша өтті: "Вокал" (Қазақ тіліндегі әндер), "би" (Қазақ ұлттық биі), "Ұлттық аспаптарда шығарма орындау" (қазақ халық музыкалық аспаптары). Шараға облысқа қарасты қала аудандардан келген өкілдер қатысты.Фестиваль жеңімпаздары:- Юнус Магомадов-Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігі " ҚБ;- "Киппым" би ансамблі – "Қарағанды облысы корей этномәдени бірлестігі"ҚБ;- Карина Түсіпбекова – Бұқар Жырау ауданы Новоузенка кентінің Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы.Барлық қатысушылар дипломдармен, сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.Фестивальді Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879738
Көптен күткен нысан: Ақтөбе облысында жаңа медпункт пайдалануға берілді 16.11.2024
Жаңа нысан қазіргі заман талабына сай. Ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмек алуына барлық жағдай қаралған.Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылындағы жаңа медициналық пункт Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жобаның құны – 237 млн.теңге.«Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында Мәртөк ауылында екі бірдей нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі бүгін ашылды. Сіздерге құтты болсын. Жаңа нысанның ашылуы біріншіден, медициналық көмекті қолжетімді етеді, екіншіден, жаңа жұмыс орны», - деп атап өтті нысанның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан.Жаңа ғимараттың ашылуына денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Тымпиев, Мәртөк ауданының әкімі М.Ысқақов та қатысты.Пункте әзірге бір медбике жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Мұнда тәулігіне 20 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Күндізгі стационар және физиотерапия кабинеттері тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ, олар скринингтен өтіп, екпе ала алады. Бүгінде Аққайың ауылында 410 адам тұрады, басым бөлігі - аға буын өкілдері. 33 жылда заманауи әрі жаңа ғимаратқа қол жеткізген олар қуанып отыр. Ауыл тұрғындары медициналық көмекті ауылдық клуб ғимаратындағы арнайы бөлмеде алып келген.«Ем керек болса, 35 шақырым жерде орналасқан ауылдық клубқа барып жүрдік. Енді міне, үйіміздің қасынан ашылып жатыр. Қажет деген дәрі-дәрмегімізді оңай әрі уақытылы алатын болдық. Өте қуаныштымыз. Ғимаратты салуға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін», - деп ауыл ақсақалы Сәрсенбай Ермағамбетов батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879770
Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады 16.11.2024
7 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарымен кездесуден кейін жеке мәселелері бойынша 50-ден астам тұрғынды қабылдады.Облыс әкімінің қабылдауына келген бейнеуліктердің басым бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек, қоғамдық мәселелер және басқа да маңызды тақырыптарды көтерді.Нұрдәулет Қилыбай барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселені заң аясында шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді. Облыс басшысы тұрғындардың сұрақтарын және мәселелерін шешу үшін нақты шаралар қабылданып, үнемі бақылауда болатынын атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879760
Сайөтес ауылында оң өзгеріс көп 16.11.2024
Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылында көше жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Ауыл көшелеріне 9 шақырымды қамтитын 300 электр бағаны мен 300 жарық шамы орнатылды.Бұдан басқа, 1965 жылы салынған ескі екі қабатты 19 үйдің 15-іне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, апаттық жағдайда деп танылған 3 үйдің тұрғындарына жаңа баспана салынуда.Тағы бір жағымды жаңалық Сайөтес ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.Мәдениет үйінде 200 орындық концерт залы мен үйірмелер үшін бірнеше кабинет қарастырылған. Әдіскер, ансамбль, хор, вокаль, көрермен залы, сахна, гример, костюмер бөлмелері, би, домбыра, қолөнер үйірмелері, жарық-дыбыс студиялары мен мамандарға арналған кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құны 691 миллион теңге болатын жаңа ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасты.Айта кетсек, Сайөтес ауылдық клубы алғаш рет 1965 жылы теміржол ғимаратында ашылған. Клуб құрылымында 1983-2010 жылдар аралығында ән, домбыра үйірмелері мен 10 көркемөнерпаз жұмыс істеген. Қазіргі таңда клубтың құрамы 12 адамға толығып, 131 көркемөнерпаз және 6 құрылым халыққа қызмет көрсетіп отыр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879765
МАЖ-ДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛҒА ЖҮКТЕМЕНІ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ 16.11.2024
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық ақпараттық жүйелерді (МАЖ) оңтайландыруды жүргізуде, нәтижесінде ақпараттық жүйелердегі медициналық персоналдың жұмыс уақыты екі есеге жуық қысқарады.Бүгінгі күні медицина қызметкері әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін екі түрлі жүйенің арасында ауысуға мәжбүр, бұл қосымша уақытты және үнемі назар аударуды қажет етеді. Бұл қайталану мен қателіктер қаупін арттырады, сонымен қатар сәйкестікті тексеру үшін қосымша күш жұмсауды қажет етеді.Интеграциялық процестер аяқталғаннан кейін маман барлық қажетті ақпарат қолжетімді болатын бір жүйемен жұмыс істейді, бұл деректерге қол жеткізуді жеңілдетеді, шешім қабылдау жылдамдығын арттырады және пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартады.Оңтайландыру МАЖ-дағы жұмыс уақытын 50%-ға қысқартады деп күтілуде, бұл медицина қызметкеріне пациентке көбірек уақыт бөлуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879751
ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ БАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА 68 МЛН. АСТАМ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚАПТАМАСЫ ТАҢБАЛАНҒАН 16.11.2024
Қазақстанда дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесі енгізілген сәттен бастап төрт айдың ішінде таңбалау кодтары препараттардың 66,2 млн. қаптамасына жазылды.Оның ішінде 39,3 млн. қаптама импорттық препараттардың үлесіне тиесілі, 29,4 млн.қаптама – отандық өндіріс, қазір айналымда 28,5 млн. дәрілік қаптама бар.Таңбалау дәрі-дәрмек нарығының толық ашықтығын қамтамасыз етуге және өндіріс кезеңінен бастап соңғы тұтынушыға дейін препараттың әрбір қаптамасының толық өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл көлеңкелі нарық үлесін азайтуға, жалған өнімнің айналымын қоспағанда, қауіпсіздік пен сапа кепілдігімен пациентке бағдарланған дәрілік қамтамасыз ету жүйесін құруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, таңбалау жүйесі дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға әсер етіп, бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге әкелуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879755
Маңғыстауда экологиялық мәдениетті қалыптастыру 16.11.2024
8 қараша күні Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан: экологиялық мәдениет» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ, «Жасыл мектеп TAZA.LIKEE» қоғамдық қоры және кафедра студенттері бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу Ш. Есенов атындағы университетте өтті. Талқылауға Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, облыстық экология департаментінің, сондай-ақ облыстық энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері қатысты.Мақсат – экологиялық мәдениетті арттыру, халыққа қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және экология мәселелерінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығын дамыту. Лекторлар баяндамалар жасап, өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін талқылап, осындай кездесулердің экологиялық тұрақты қоғам құру үшін маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында спикерлер әр адамның өңірдің экологиялық күн тәртібіндегі рөліне назар аударды.«Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры Кирилл Осиннің айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы – жай ғана мемлекеттік бастама емес, ол әрбір тұрғынның болашақ алдындағы ортақ жауапкершілігінің бір бөлігі. Ол қалдықтар мен басқа да экологиялық мәселелерді шешу үшін мемлекеттен бастап қарапайым азаматтарға дейін әркімнің қатысуы қажет екенін атап өтті. Осиннің айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы өмір сүру сапасын және қалалық ортаны жақсартуға бағыт беріп қана қоймай, сонымен қатар адамдарға түрткі болуы керек.«Жасыл мектеп TAZA.LIKEE» қорының директоры Ирина Татиева өздерінің білім беру бастамалары арқылы халықтың экологиялық санасында оң өзгерістер байқалып жатқанын айтты. Татиева жасыл мектептің экологиялық ағартумен белсенді айналысып, саналы қоғам қалыптастыру мақсатында акциялар мен бағдарламалар ұйымдастырып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол жауапкершілікті сезінетін азаматтардың саны артып келе жатқанына сенім білдірді. Оның айтуынша, бұл өңір экологиясына оң әсер етуде, және ол мемлекеттік органдар мен бизнесті олардың бастамаларына қосылуға шақырды.Студенттердің сұрақтары мен белсенді талқылау кездесу барысында маңызды бөлікке айналды. Қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, өзекті экологиялық тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды, бұл пікір алмасуды жандандырып, экологиялық күн тәртібіне деген қызығушылықты арттырды.Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтау қаласындағы Тұтқабай Ашимбаев атындағы №11 лицейде «Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға саналы қарым-қатынасын дамыту және адам қызметінің табиғатқа әсерін түсіндіру болды.Биология пәнінің мұғалімі, педагог-эксперт Балжан Манаеваның айтуынша, «Балаларға кішкентай кезінен бастап қоршаған ортаға деген құрметті сіңіру және экологияға ұқыпты қарау сезімін қалыптастыруымыз қажет. Бұл – болашақта табиғатты қорғап, жауапты шешімдер қабылдайтын ұрпақты тәрбиелеудің негізі».Биология пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Елдос Оразалин былай деп қосты: «Экологиялық сана әр баланың дүниетанымының ажырамас бөлігіне айналуы керек. Бұл құндылықтарды неғұрлым ертерек сіңірсек, болашақта біздің планетамыз соғұрлым тұрақты әрі сау болады».Айта кету керек, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей 2024-2025 оқу жылында қалалық байқауда 1-орын алып, «Табиғатпен үндес білім ұйымы» тақырыбындағы облыстық байқауда 1-дәрежелі диплом, кубок және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл марапат лицейге Маңғыстау облысы Білім басқармасы мен Ақтау қалалық білім бөлімінің қолдауы арқасында экологиялық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.Сонымен қатар, Бейнеу ауданының бір мектебінде «Таза ой, таза іс – Таза Қазақстан» тақырыбында мектепаралық семинар өтті, оған шамамен 200 оқушы қатысты. Бұған қоса, Жастар ресурстық орталығында «Жастар және Экологиялық жауапкершілік» тақырыбында 20-30 адам қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда жастардың экологиялық жауапкершілігі мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879735
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа ойын алаңдары салынды 16.11.2024
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 16 заманауи ойын алаңдары салынды.Оларды Орталық парк пен Майқұдық мәдениет үйінің жанында орнатты. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бұл әткеншектер инклюзивті орта құруда маңызды рөл атқарады. Әрбір бала өзін қатарластарымен тең сезіне алады.Бұл ойын алаңдары барлық балаларға қолжетімді. Бірақ басымдық көмекке көбірек мұқтаж балаларда болу керек», – деп атап өтті Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының өкілі.Әткеншектер кең, мүгедек арбасында отырған баланы да орналастыруға болады.Мұндай алаңдар – әрбір бала қоғамда қабылданғанын сезінуі үшін жасалған қадам. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879659
«ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН»ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСІ ШЕҢБЕРІНДЕ 470 МЫҢНАН АСТАМ РЕЦЕПТТІҢ НЕГІЗІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БЕРІЛДІ 16.11.2024
Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері eGov Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR-код арқылы пациенттерге 470 мың рецепттің негізінде тегін дәрілік заттар берді. Осы сервис арқылы препараттарды электрондық беру жөніндегі пилоттық жобаға 700-ден астам медициналық ұйым қатысады.«Әлеуметтік әмиянды»пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша масштабталатын болады.«Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Mobile қосымшасын жүктеп алу қажет.Содан кейін азамат дәрі-дәрмектерді алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе тіркеу бұрын жүргізілген болса, сәйкестендіруден өтуі керек. Әрі қарай, басты бетте «Әлеуметтік әмиян» бөліміне өтіп, «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жолын таңдау керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879695
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАРДЫҢ 8 ТҮРІ ТЕК ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ 16.11.2024
Келесі жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде берілетін болады.Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге берілетін болады.Осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы- 075 / е «Медициналық анықтама»- 026 / е «ДКК қорытындысы»- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».eGov Mobile мобилді қосымшасында азаматтарға өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске асырылғанын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879703
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЖАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПШАЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫРЫЛАДЫ 16.11.2024
Қазақстанда жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу 2025 жылғы қаңтардан бастап электрондық форматқа ауыстырылады.Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн. азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары, оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында –780 мың, білім беру саласында-550 мың, денсаулық сақтау саласында –272 мың және жеке секторда-52 мың медициналық кітапша бар.Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.Тағы бір маңызды артықшылық – бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін санкітапшаларды бұрмалау фактілеріне жол бермеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879736
Ортағасырлық итальяндық маскалы театр Қарағанды сахнасында 16.11.2024
К. С. Станиславский атындағы театрында сахналанатын жаңа қойылымында шынайы әзіл бейнеленеді. Екі күн қатарынан, яғни 9 және 10 қарашада "Үш апельсинге деген махаббат" спектаклінің премьерасы өтеді. Ересектерге арналған ертегінің басты кейіпкерлері-дель арте комедиясындағы Маска кейіпкерлері.Қойылым орыс театр және кино актері Леонид Филатовтың сатиралық шығармасына негізделген. Бұл өзінің қиялымен және тапқырлығымен танымал итальяндық драматург Карло Гозцидің осы аттас ертегі пьесасының түпнұсқасы іспеттес.Спектакльдің қоюшы режиссері және К.С. Станиславский атындағы театрдың көркемдік жетекшісі Рача Махатаевтың айтуынша, бұл материалдың таңдалуы кездейсоқ емес.– Мен мұнда бір жыл бұрын келгенімде көп жанрлы театр құру идеясы болды. Яғни труппа бір маусымда әртүрлі жанрларда өнер көрсете алады. Біз "Алтын бұлт түнеді" пьесасын, "7" деректі пьесасын, "Табысты орын"классикалық драмасын қойдық. Енді бағытты мүлдем басқа арнаға яғни маскадағы актерді өткір және динамикалық тіршілігіне айналдыратын кез келді. Бұл комедияның маған ұнайтыны-оның батылдығы, сөздердің өткірлігі және жалған пафостың болмауы, – деп атап өтті Рача Махатаев.Спектакльде гипохондрик ханзада туралы баяндалады. Емделудің жалғыз жолы – үш сиқырлы апельсинді табу. Егер ханзада тапсырманы орындаса, ол өзінің ауруынан айығады.Спектакльге колорит беретін жарқын кейіпкерлер – жағымсыз маскалардағы персонаждар. Өзінің қиялынае туған бұл оқиға желісі өз бүгінгі күнге де өзекті болып қала береді.Спектакльдердің басталуы – 17:00.Жас шектеуі – 16+.Фото Анна СтроковаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879408
Қарағанды университеті Азиядағы үздік университеттер рейтингінің алдыңғы қатарында 16.11.2024
35 қазақстандық жоғары оқу орны 2025 жылғы QS Азия университеттері рейтингіне енді. Олардың қатарында қарағандылық үш университет бар.Биыл QS Азия рейтингіне 985 университет қатысқан. Бұл Үндістан, Қытай, Вьетнам, Тайланд, Тайвань, Малайзия, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді елдердің оқу орындары. Бұл жолы тарихтағы ең үлкен қатысушылар саны тіркеліп отыр.Е. Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өткен жылмен салыстырғанда 39 позицияға көтеріліп, 167-орынға ие болды. Азиялық рейтингке енген 35 қазақстандық университеттің ішінде ҚарУ үздік ондыққа енді.Айта кету керек, университет студенттердің шығыс мобильдігі көрсеткіші бойынша Азиядағы 50 үздік университеттің қатарына да енді. Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, академиялық беделі және студенттердің халықаралық академиялық мобильдігі көрсеткіштерін жақсартты.Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 264-орынды иеленсе, Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасында 14-орынға көтерілді (барлығы 65 Орталық Азия университеті қатысты). Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингінде бұл университет 10-шы орында тұрақталды.Қарағанды индустриалды университеті рейтінгінің 701–750 орнына тұрақталды.QS Азия университеттері рейтингі қазіргі таңда ең беделді. Ал университетті бағалау жүйесі (индикаторлары) білім сапасын бағалаудың әлемде мойындалған құралы ретінде саналады.QS университеттерді академиялық беделін, оқытушылар мен студенттердің арақатынасын, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу деңгейі бойынша бағалайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879609
33 ЖЫЛДА АЛҒАШҚЫСЫ: АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕДПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 16.11.2024
Жаңа нысан қазіргі заман талабына сай. Ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмек алуына барлық жағдай қаралған.Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылындағы жаңа медициналық пункт Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жобаның құны – 237 млн.теңге.Пункте әзірге бір медбике жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Мұнда тәулігіне 20 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Күндізгі стационар және физиотерапия кабинеттері тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ, скринингтен өтіп, уақытылы екпе алуға да жағдай жасалған.Бүгінде Аққайың ауылында 410 адам тұрады, басым бөлігі - аға буын өкілдері. 33 жылда заманауи әрі жаңа ғимаратқа қол жеткізген олар қуанып отыр. Ауыл тұрғындары медициналық көмекті ауылдық клуб ғимаратындағы арнайы бөлмеде алып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879604
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына Премьер-Министрдің кеңесшісі жұмыс сапарымен келді 16.11.2024
Жамбыл облысына ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келіп, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты.Алдымен Ералы Тоғжанов Байзақ ауданына ат басын бұрды. Ол «Ауыл аманаты» жобасы аясында құрылған мал бордақылау алаңы мен автокөлік жуу нысанының жұмысымен танысты. Бұдан соң «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-де құс етін экспортқа шығару қарқынын бақылады.Сонымен бірге Меркі ауданындағы «AMANAT» оқу-әдістемелік орталығының жұмысымен танысты. Мұнда егін және мал шаруашылығы саласында жеке шаруашылықты жүргізу бойынша білім беріледі.Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен бірге барлық деңгейдегі әкімдердің басын қосып, кеңес өткізді.Алдымен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов жобаның нәтижелерін баяндап, алдағы жоспарларды таныстырды.Аталған жобаға 2019-2023 жылдары аралығында 42,2 млрд.теңге бөлінген. Бұл қаржыға 62 ауылдық округтегі 8 028 жоба несиелендірілді.Тарқатып айтар болсақ, 252 мың бас мал сатып алуға 38,4 млрд.теңге несие берілді. 57 кооператив құрылып, лизинг жүйесі арқылы 533 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алдынды. Кәсіп ашуға құлықты тұрғындардың 91 жобасы қаржыландырылды. 4 жыл ішінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.2024 жылы жобаға 10,5 млрд. теңге бөлу қарастырылып, бұл қаржы көлеміне 1200 өтінімді несиелендіру арқылы 1672 жұмыс орнын құру жоспарланды.Ералы Тоғжанов жобаға қатысқан жамбылдықтардың жемісті жұмысын жоғары бағалап, өзекті мәселелерді кеңес барысында жіпке тізді.– «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру.Бұл күнде жоба аясында жаңа жұмыс орындарының ашылуы 25 пайызға дейін өсіп отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың қатары 50,4 пайызға төмендеген. Осы ретте бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет. Әлі де атқаратын жұмыс көп. Шаруалар тек қана мал шаруашылығымен айналыспауы керек. Ауылдықтардың өзге де кәсіппен шұғылдануына жағдай жасалуы тиіс. Оның ішінде жылыжай салып, түрлі көкөністерді өсіруге және құс шаруашылығын дамытуға күш салу керек, – деді Ералы Тоғжанов.Үкімет басшысының кеңесшісі «Ауыл аманаты» жобасы аясында тауарлы несие беру мәселесін көтеріп, өзге өңірлердегі шаруа қожалықтарының жұмысын үлгі ретінде таныстырды. Ол ауылды өркендету – ортақ міндет екенін алға тартып, жауаптыларды жұмыла жұмыс істеуге шақырды.Басқосу барысында ауыл әкімдеріне сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.Кеңес қорытындысы бойынша өңірдің ірі кәсіпорындарын жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамту үлесін ұлғайту мақсатында 4 ірі кәсіпорынмен ынтымақтастық момарандумына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/879366
«AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті 16.11.2024
Ақтөбе облысында мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендегені байқалады. Ал, өңірдің ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші сәл өсіп отыр.Партияның Ақтөбе облыстық филиалында өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысы барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар талқыланды, сондай-ақ партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Кеңеске «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, кеңес мүшелері, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.Жиынға төрағалық еткен «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров әрбір азамат елінің патриоты болып, сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет екенін айтты.«ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев қоғамдағы барлық келеңсіздіктерді шешу үшін өзіміздің жұртшылықпен, азаматтармен бірге жұмыс істеу қажет екенін айтқан болатын. Ендеше мемлекеттің ісіне араласу үшін, патриот болу үшін ешқандай мемлекеттік қызметкер болудың қажет жоқ. Мәселен Францияда француз революциясы болған кезде ең бірінші патриот деген ұғым пайда болды. Бұл ұғым халық үшін қызмет ететін азамат дегенді білдіреді. Сондықтан да өзіміздің азаматтарымыз, бала-шағамыз ұлы қоғамда өмір сүрсін десек, оның фундаментін бүгіннен бастағанымыз дұрыс. Еліміздегі кемшіліктерді жасырмауымыз керек, бірақ кемшілікті жою үшін әрқайсысымыз қызмет етуіміз керек», - деді ол.Өз кезегінде облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық комиссияның 42 отырысы өткізілді, 108 мәселе талқыланды. 350 тапсырманың 250-і орындалды, қалғандары – орындалу сатысында.«Жыл сайын мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізіледі. Осы жылдың тоғыз айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою бойынша 300-ден астам іс-шара өткізілді. Ішкі аудит қызметі тексеру жүргізіп, бұзушылықтарды анықтады. Төрт материал құқыққорғау органдарына жіберілді. Алты лауазымды тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға қатысты жұмыстар ұйымдастырылды. 2024 жылы 27 адам сондай курстан өтті. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау бойынша 7250-ден астам іс-шара өткізілді. Партияның жол картасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша 122 іс-шара өткізіледі. Жол картасын іске асыру – тұрақты бақылауда», - деді Асхат Шахаров.«AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Абзал Құспан тоғыз айдың қорытындысына тоқталып, құқыққорғау органдары, сондай-ақ құрылыс, ТҮКШ, жер қатынастары салаларындағы проблемалық мәселелерді атап өтті. Есепті кезеңде 46 сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық тіркелді. Былтыр 58 жағдай болыпты. Баяндамашы былтырғы жылмен салыстырғанда облыста мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендеуі байқалғанын (2022ж – 8, 2023ж – 17, 2024ж – 6), ал құқыққорғау жүйесінің қызметкерлері арасында өсім сәл өскенін алға тартты (2022ж – 7, 2023ж – 3, 2024ж – 4).Кеңес барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды.Республикалық кеңес төрағасы Ерлан Сайыров сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бергені үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізуге, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын орындауға формальды көзқарас танытқаны үшін бірқатар лауазымды тұлғаны партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879350
АСТАНАДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА РЕСПУБЛИКАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ 15 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ 16.11.2024
Астанада денсаулық сақтаудағы аккредиттеу жүйесінің 15 жылдығына орай «Пациент назарда» медициналық көмектің сапасы мен аккредиттеу бойынша халықаралық конференция өтті, онда қатысушылар медициналық көмектің сапасын арттырудағы тәжірибелерімен бөлісті.Аккредиттеу жүйесі медициналық ұйымның жұмысының барлық аспектілерінде стандарттарға сәйкестігін ерікті бағалау арқылы медициналық қызметтердің жоғары сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін ынталандыруға арналған. Бүгінгі таңда аккредиттеу қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу тәжірибесі аккредиттелген медициналық ұйымдар ұжымдарының арасында сапа стандарттарына бейілділік мәдениетін кезең-кезеңімен дамытуға, аккредиттеуші агенттіктерді тану жүйесін бағалаудың толық тәуелсіздігі бар дамыған елдердің моделіне айналдыруға, аккредиттеуден кейінгі мониторинг арқылы аккредиттеуші органның рөлін институционалдық нығайтуға, сондай-ақ сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесінің мыңдаған қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.Екі күннің ішінде Қазақстан, Греция, Моңғолия, Ресей, Сербия, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан және Франциядан келген конференцияның 500-ден астам қатысушысы мен спикері медициналық көмектің сапасын арттыру және пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы білімдерімен және озық тәжірибелерімен тиімді алмасты.Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау жүйесінің басшылары мен қызметкерлерінің арасындағы инновацияларға ашықтық пен сабақтастықтың арқасында Қазақстанда аккредиттеу агенттіктері үшін бәсекелестік ортадан, медициналық ұйымдардың 55%-дан астамының ерікті аккредиттеуге белсенді қатысуынан, аккредиттеудің халықаралық-аккредиттелген стандарттарынан және сыртқы кешенді бағалау бойынша сарапшы аудиторларды даярлаудың халықаралық-танылған бағдарламасынан тұратын толыққанды аккредиттеу жүйесі құрылғанын атап өтті.«Медициналық көмекті қаржыландыру арқылы сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбындағы алғашқы панелдік талқылауда ДДҰ кеңесшісі Айнұр Айыпханова модерациялауымен Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ілияс Бәкіров; ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы доктор Скендер Сыла; «ӘМСҚ»КеАҚ Басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов; Ресей Федерациясының міндетті медициналық сақтандыру Федералдық қорының төрағасы Илья Баланин және QazMed медициналық қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрағасының кеңесшісі, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сөз сөйледі.Қазақстан мен Ресейдің медициналық сақтандыру қорларының басшылары аудиторияны медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің жоғары сапасын ынталандыру тәжірибесімен таныстырды. Қазақстан мен Ресейдің медициналық сақтандыру қорларының бірінші басшыларымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.15 жылдың ішінде жүйелі жұмыстың нәтижесінде Қазақстанда бекітілген ACQH аккредиттеу ұйымының стандарттары мен қызметтерін Моңғолия, Ресей және Өзбекстанның жетекші медициналық ұйымдары пайдаланады, олардың басшыларына конференцияда қазақстандық ACQH аккредиттеу орталығының тарапынан тәуелсіз сыртқы кешенді бағалау қорытындысы бойынша халықаралық аккредиттеу туралы куәліктер салтанатты түрде табыс етілді. Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы «ACQH» ҚБ басшысы Ботагөз Каупбапева да жақын және алыс шетелдерден келген әріптестермен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды.Конференцияға қатысушылар 2009 жылы Қазақстан ТМД-да бірінші болып медициналық көмектің сапасын тұрақты арттыру үшін берік негіз қалап, Ұлттық аккредиттеу жүйесін құрғанын атап өтті. Бүгінгі таңда аккредиттеу стандарттары да, ACQH аккредиттеу агенттігі де, аудиторларды даярлау бағдарламасы да халықаралық талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін және қазақстандық қызметтердің халықаралық экспортын қамтамасыз ететін International Society for Quality in Healthcare (ISQua) компаниясынан халықаралық аккредиттеуді алды. Енді бұл тәжірибені Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қабылдайды.Конференцияның шеңберінде еңбек сіңірген денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, медициналық көмектің сапасын арттыруға елеулі үлес қосқан аккредиттеу жөніндегі сарапшыларға «Аккредиттеу жүйесіне қосқан үлесі үшін» медальдар табысталды. Ұйымдастырушылар аккредиттеу жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін 2010-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қызына естелік хат пен кәдесый табыс етті.Қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа стратегиясын қабылдау және ұлттық сапа есебін қалыптастыру қажеттілігі сияқты медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру үшін ұсынылатын жүйелі шараларды қамтитын конференцияның Қарарын қабылдады. Қарар барлық мүдделі тараптарға жұмыс істеуге жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879333