Мобильді аударымдарды бақылау

Мобильді аударымдарды бақылау

30.04.2026 19:16:14 268

Мобильді аударымдарды бақылау өлшемшарттары
Бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына (шоттарына) қатарынан күнтізбелік әрбір үш ай ішінде 100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан ақша қаражатын алуы, сондай-ақ көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда бақылауға жатады (бұдан әрі – өлшемшарт).
Екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерді ұсынуы
Екінші деңгейдегі банктер мәліметтерді салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады (2026 жылғы 15 сәуірге дейін 2026 жылғы қаңтар–наурыз айлары бойынша алғашқы мәліметтер алынатын болады), және тек жоғарыда көрсетілген өлшемшарттар қатар орындалған жағдайда ғана.
Қазіргі уақытта кейбір банктермен ақпарат әлі ұсынылған жоқ. Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтерді жинау аяқталғаннан кейін (алдын ала ағымдағы жылдың мамыр айында) салық органдары тарапынан тиісті бақылау шаралары жүргізіледі.
Мәліметтерді алғаннан кейін салық органының әрекеттері
Көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары келесі бақылау шараларын жүргізеді:
жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелу қажеттілігі туралы хабардар ету;
салық кезеңі үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі өткеннен кейін камеральдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберу:
- арнайы салық режимдегі ЖК үшін – жартыжылдық қорытындысы бойынша (15.08.2026 ж. және 15.02.2027 ж. -кейін);
- жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК үшін – 31.03.2027 ж. кейін.
Жеке тұлғаларды хабардар ету жауап беруді талап етпейді. 2027 жылғы 15 қыркүйектен кейін (270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімі) жеке тұлға дербес салық салуға жататын табыстар бойынша салыстыру жүргізіліп, камеральдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.
Шығыс операцияларын тоқтата тұру
Жеке тұлғаның белгіленген өлшемшартқа сәйкес келуі банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату үшін дербес негіз болып табылмайды.
Шығыс операцияларын тоқтату тек камеральдық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген хабарламаны орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша ғана жол беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1212667?lang=kk