Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қарағанды облысындағы аудит қорытындылары туралы ақпарат 09.02.2025
Аудит қорытындысы туралы ақпаратқа және 5,3 млрд теңгеге қатысты келесідей түсініктеме береміз. 2020 жылғы пандемия кезінде Мемлекет басшысы жалпы еліміз бойынша жұмыспен қамтуды қолдауға, жұмыс орындарын құруға және жұмыссыздықтың күрт өсуіне жол бермеуге қаражат бөлуді тапсырды.Қарағанды облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында қаражат әлеуметтік нысандарды, жолдар мен ТКШ жүйелерін жөндеуге жұмсалды.Қарыз шарттары келесідей болды: ақша 12 жылға, жылдық мөлшерлемесі 6,1%-бен берілді, өтеу 2030 жылдан басталады.Сондай-ақ, 2020 жылы «Шаңырақ» жобасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы шеңберінде мемлекеттік облигациялар шығару есебінен қаражат бөлінді. Бұл ретте аталмыш қаражат жергілікті атқарушы органдар үшін қарыздың жалпы лимитінде ескерілмеген, себебі үкімет пандемия кезінде жеке рұқсат берген.«Қарағанды Су» ЖШС түсіндіргендей, ҚР қолданыстағы заңнамасында компанияның уақытша бос ақшалай қаражатын қысқа мерзімді банк депозитіне орналастыруға тыйым салу көзделмеген. 2024 жылы ЖШС-де Жоғары аудиторлық палата (ДПӘ) мен Қарағанды облысының Тексеру комиссиясының тексеруі өтті, сауалдар арасында бюджеттік несиелеу бойынша қаражатты пайдалануға қатысты сұрақ болды. Бірде-бір тексеруде уақытша бос ақша қаражатын депозитке орналастыру бойынша бұзушылық тіркелмеген.«Теплотранзит Караганды» ЖШС хабарлағандай, 2015–2022 жылдар аралығында жылу желілерін қайта жөндеуге жалпы сомасы 16,6 млрд теңге қаражат тартылды. 2021 жылдан бастап жасалған несиелік шарттар бойынша негізгі қарызды төлеу басталды. 2021—2024 жылдары 527 млн теңге төленді. 2024 жылы тарифтік сметада қаржы қаражатының болмауына байланысты кредитті уақтылы төлемеу бойынша бір бұзушылыққа жол берілді. Бүгінгі таңда заң бұзушылықтар жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930816
Қостанай облысының дамуы: инвестициялар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала 09.02.2025
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Осыған сәйкес, Қостанай облысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Инвестициялар және өнеркәсіпӨткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына салынған инвестиция көлемі 11,7%-ға артты. 2024 жылы мемлекеттік қолдау мен жаңа инвесторларды тарту есебінен бұл көрсеткіш одан әрі өседі. Өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мақсатында ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыттың құрылысы басталады, нәтижесінде 1 000 жаңа жұмыс орны ашылады.Президенттің тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін магистральды газ құбырының құрылысы басталады. Бұл өңірдегі елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік беріп, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосуға жағдай жасайды.Агроөнеркәсіптік кешенАӨК облыс экономикасының негізгі салаларының бірі болып қала береді. 2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 22,1%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау екі есе артты, бұл минералды тыңайтқыштарды қолдануды кеңейтіп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биылғы жылы өңірде 337 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған, оның ішінде 150 мың тоннасы көктемгі егіс жұмыстарына дейін сатып алынуы тиіс.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аграрлық секторда өнімді терең өңдеуді дамыту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта өңірде биыл бидайды терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталады. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту арқылы ішкі нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз ету міндеті қойылды.Инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы2024 жылы өңірде 1 300 км автожол жөнделеді, оның ішінде республикалық маңызы бар тас жолдар, ауылдарға кіреберіс жолдар және көшелер қамтылады. Сарыкөлден Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жол және Ұзынкөл-Троебратное учаскесі толық жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Бестөбе ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары басталады.Ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де басты назарда. 2024 жылы 40 жобаны жүзеге асыруға 7,7 млрд теңге бөлінді, қосымша 23 жобаға 13 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді деп күтілуде. Соңғы екі жылда ауыл халқының үйлеріне су тарту деңгейі 61,5%-дан 68,9%-ға дейін өсті.Өткен жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5 мыңнан астам отбасының баспана алуына мүмкіндік берді. “Қостанай жастары” бағдарламасы аясында 3 жыл ішінде 250 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, бұл жұмыс биыл да жалғасады.Энергетика және жаңартылатын энергия көздеріӨңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздері саласында 5 жоба іске асырылады. 1 күн электр станциясы, 1 газ-поршеньді станция және 3 жел электр станциясының құрылысы басталады. Бұл жобалардың жалпы құны 580 млрд теңгені құрайды, ал өндірілетін қуаттылық 1 ГВт-тан асады. Осы жобалар жүзеге асқаннан кейін облыстың электр энергиясын өндіру көлемі 10 есе артып, ішкі қажеттілікті толық жабады.Әлеуметтік салаСоңғы екі жылда облыста 40 мыңнан астам адамға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік берген 25 медициналық нысан пайдалануға берілді. Биыл Арқалық аудандық ауруханасының перзентханасы күрделі жөндеуден өтеді, сондай-ақ Арқалық және Жітіқара аудандық ауруханалары жаңғыртылады.Білім беру саласында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда. 2023 жылы 4 мектеп пен 7 балабақша салынды, биыл тағы 7 мектеп пен 5 балабақша ашу жоспарланған. Сонымен қатар, “Жұмысшы кәсіптері жылы” аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту көзделген. Өңір экономикасының индустриялық және аграрлық әлеуетін ескере отырып, жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлау басым бағыттардың бірі болып отыр.ҚорытындыҚостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй құрылысын кеңейту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/931095
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел отырысы өтті 09.02.2025
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде өткізілуде.Эколоиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру болса, акция аясында түрлі ағартушылық акциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілуде.Атап айтқанда, Тараз қаласында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде студенттер арасында «Таза өлке» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Шара аясында қатысушыларға экологиялық мәдениет туралы кең түсінік берілді.«Бүгінгі дөңгелек үстел жастар арасында, әсіресе, оқушылар мен студенттер арасында қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді. Акция арқылы туған жерді сүю, табиғи байлықты сақтау, оны таза ұстап, жасыл желекті арттыу ұғымы терең қалыптаса түседі. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы әрбір қазақстандыққа өзінің маңыздылығын және елдің дамуына қосқан үлесін сезінуге мүмкіндік береді» - дейді белсенді жас М. Нұрділләұлы.Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды.Жамбыл ауданында жастар арасында «Табиғатты аялайық» викторинасы ұйымдастырылса, Жуалы ауданында «Жастар – ел болашағы» атты дөңгелек үстел отырысы, Қордай ауданында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында жастармен кездесу, Мойынқұм ауданында ауылдық округтер арасында «Таза аудан» челленджі өткізілді.Т.Рысқұлов ауданында «Таза өлке бізге аманат» тақырыбында еңбек ардагерлері жастармен, Шу ауданында волонтерлар №10 Шу коллледжінің студенттерімен кездессе, Меркі ауданында жастар арасында «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты флешмоб, Сарысу ауданында «Бірге – Таза Қазақстан!» тақырыбында эко-ойын, Талас ауданында «Таза Қазақстан – Таза әлем» атты жастардың жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылды.Айта кетейік, аталған шаралар облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы ағымдағы жылғы алғашқы апталық болып табылады. 2024 жылы акция барысында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылып, 30 875 тонна қоқыс шығарылған болатын. Сондай-ақ, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/930661
Мәдени және демалыс паркіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалалық мәдени және демалыс паркін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. Жалпы аумағы 6 гектар паркке ғимараттар мен аттракциондар, бетонды скейтпарк салу жоспарланған.Бүгінде «Bi Global» серіктестігі кең көлемді абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Демонтаж жұмыстары толық аяқталып, субұрқақтардың орны дайындалуда. Қайта жаңғыртуды парктің ашылу маусымына, яғни мамыр айына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру межеленген.Аймақ басшысы құрылысқа сапалы материалдар пайдалануды, атракциондардың қауіпсіз болуын, жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930692
Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс 09.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев инвестициялық жобалар және күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты екенін, су тапшылығына қарамастан күріштен мол өнім жиналғанын атап өтіп, өңірдің дамуына оң бағасын берді. Биыл да барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімді қамтамасыз ету үшін жұмысты күшейту керек. Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының соңғы жылдардағы төмендеу тенденциясын ескеріп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өте маңызды. Инвестиция көлемін 10 пайыздық өсіммен меже бекітіңіздер.Жоспарланған жобалардың барлығын мерзімінде жүзеге асыруды және іске қосуды қамтамасыз етіңіздер. Өңірдің шикізаттық қорын, қолда бар ресурстарды, инженерлік-инфрақұрылымды тиімді пайдаланып, отандық және шетелдік инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейту қажет.Кәсіпкерлік басқармасының басшысы, инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асуын үйлестіріңіз. Мәселені қатаң бақылауға алыңыз.Облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағытындағы мобильді қосымшаны қолдануды жалғастырыңыздар. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз етіңіздер.Балабақшалардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуі керек. Мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс.Заң бұзушылықтарға жол беріп, шарт талаптарын орындамаған өнім берушілермен прокуратура органдарының ұсынымдарын негізге алып келісім-шарттарды бұзу қажет ”,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, 2025-2029 жылдары аймақта құны 2 трлн. теңгеге жуық 87 инвестициялық жоба жүзеге асып, 8 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 275,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаның іске қосылуы, 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделуде. Өткен жылы Қытай, Ресей, Италия, Испания, Голландия, Корея, Өзбекстан, Түркия елдерінің өкілдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірқатар келісімге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930701
Жаңақорғанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы бір жаңа мектеп ашылды 09.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының «Саяжай» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 600 орындық білім ошағының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз облысымыздың экономикалық өсіміне оң бағасын берді.Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді», – деген болатын.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Біз ұрпақ білімін арттыруға, қоғамда ұстаз беделін көтеруге әркез мүдделіміз. Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы табысқа жетті. Сәулеті жаңарған мектептер бой көтерді.Өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы 270 млрд теңге болса, биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңгеге жетті, яғни 16,9 пайызға артты. Жаңа мектептердің ашылуы – жай ғана ғимараттардың салынуы емес, бұл жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау.Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 оқушыға арналған 10 мектеп құрылысы басталып, облыс орталығындағы 900 орындық алғашқы мектепті өткен жылдың қазан айында табыстадық.Жыл басында Жаңақорған ауданының «Жаңарық» ауылында, Арал қаласында 300 орындық, Қызылорда қаласында 600 орындық мектептерді пайдалануға бердік. Жыл ішінде тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысын аяқтаймыз.Бүгін, міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асырылған, құны 4 млрд 709 млн теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» ел игілігіне табыстаудамыз. Біз бұл арқылы Жаңақорған кентінде қарқынды өсіп келе жатқан «Саяжай» шағын ауданындағы балаларымыз баратын мемлекеттік мектептің мәселесін шештік. Енді оқушыларға басқа мектептерге қатынаудың қажеті жоқ.Алдымызда нақты жоспарларымыз бен бастамаларымыз әлі де көп. Оларды іске асыру бағытындағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз. Қуаныштарыңыз құтты болсын!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Жиында Мұрат Әбенов аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.Айта кетейік, өткен жылы аймағымызда 6 мектеп бой көтеріп, 5 мектепке қосымша ғимарат ел игілігіне табысталды. Осылайша Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты наурыз айында аяқталмақ.Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.Салтанатты іс-шарада Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен заманауи білім ордасының құрылысын жүргізген мердігер мекеменің қызметкерлері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930720
Азаматтарды қабылдау Жаңақорған ауданында жалғасты 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 76 азамат келді. Олар тұрғын үй, электр, газ желісін тарту, әлеуметтік көмек, жер телімі, аяқ су, жұмысқа орналасу, денсаулығына байланысты мүгедектік алу, тағы басқа мәселелерді көтерді.Облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары келген азаматтардың мәселелерін жан-жақты қарап, заң аясында тиісті түсіндірме берді.Сунақата ауылының тұрғыны «Еңбек», «Екпінді», Қожамберді, «Сүттіқұдық» елді мекендерін газдандыру мәселесін қозғады. Аймақ басшысы жоғары қысымды газ құбырын салуға жоба-сметалық құжаттар әзірленгенін, қаржысын шешу жұмыстары қолға алынғанын айтты.Қабылдауға келген аудан тұрғыны «Кейден» ауылындағы күкірт қышқылы зауытының ауаны ластағанына шағымданды. Оған қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын құжат, яғни экологиялық рұқсат рәсімделгені түсіндірілді.Құқық қорғау органдарының басшылары келушілерді толғандырған мәселелерді заңдық тұрғыда шешудің жолдары туралы кеңес берді.Кейінгі жылдары дәстүрге айналған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарында ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930741
Облыс әкімі Шиелі ауданының тұрғындарын қабылдады 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әбенов,құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.Қабылдауға келген 81 азамат негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек, көпір салу, жер үлесін алу, инфрақұрылым және өзге де түйткілді мәселелерді көтерді. Құзырлы орган басшылары халықты қабылдап, өтініштерін тыңдады.Аймақ басшысы қозғалған мәселелерді мамандар мұқият зерделейтінін, соның негізінде заң шеңберінде шешім қабылданатынын айтты. Тұрғындардың сауалдарын жан-жақты зерттеп, терең талдауды жауапты басқарма басшыларына тапсырды.Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны шаруа қожалығындағы заңды үлес жерін және шаруашылық есебіндегі техникаларды қайтарып алуға көмек сұрады. Облыс әкімі қатысушылар құрамынан шығу және жер учаскесiн бөлу туралы құжаттар әзірлену сатысында екенін жеткізді.«Тартоғай» ауылының тұрғыны өзі тұратын ауылды, «Сұлутөбе», «Майлытоғай», «Бәйгеқұм», Бала би елді мекендерін газдандыруды сұрады. Аталған ауылдарға газ жүргізудің жоба-сметалық құжаттамасына енгізілген түзетудің орындылығын мақұлдау мәселесі облыстық бюджет комиссиясы отырысында қаралады.Қабылдауда тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларынан өз мәселелерінің заңдық тұрғыдағы шешімін сұрады. Барлық сауалдарға толыққанды жауап, маман кеңесі берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930756
Қостанай облысында қысқы спорт түрлерін дамыту: жастар үшін жаңа мүмкіндіктер 09.02.2025
Мемлекет басшысы спорттың қолжетімділігін арттыруды басты міндет ретінде айқындады. Қостанай облысында әр бала өз әлеуетін толық жүзеге асыра алуы үшін қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.   Хоккейді дамыту   Балалар хоккейін дамыту – өңірдегі басты бағыттардың бірі. Қазіргі таңда «Рысь» хоккей академиясында 5 пен 12 жас аралығындағы 120 бала тегін жаттығуда. Олар үшін барлық жағдай жасалған: заманауи мұз айдыны, кәсіби жаттықтырушылар және сапалы спорттық жабдықтар. Биыл ауылдық жерлерде екі жабық хоккей кортының құрылысы аяқталып, шалғайдағы балалар үшін спортпен айналысу мүмкіндігі кеңейеді.   Қысқы спорт түрлеріне арналған инфрақұрылым   Хоккейден бөлек, өңірде 7 қысқы спорт түрі дамып келеді: •шаңғы жарысы, •шорт-трек, •коньки тебу спорты, •керлинг, •мәнерлеп сырғанау, •биатлон.   Бүгінде бұл спорт түрлерімен айналысу үшін қажетті инфрақұрылым бар: •3 мұз сарайы, •коньки тебу стадионы, •36 шаңғы базасы, •77 хоккей корты.   Кәсіби спортшыларды даярлау   7-14 ақпан аралығында Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарында Қостанай облысының намысын 10 спортшы қорғайды: •3 шаңғышы, •4 конькиші, •1 шорт-трекші, •2 керлингші.   Спортшылардың дайындығына жоғары деңгейде көңіл бөлініп, 70,3 млн теңгеге заманауи жабдықтар сатып алынды.   Спорт – бұл тек жеңіс пен рекорд емес. Ол – мінез, тәртіп және биік мақсаттарға ұмтылу. Қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамыту – Қазақстанның болашақ чемпиондарын тәрбиелеуге жасалған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/930103
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РАКТЫҢ ЖАҢА ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІНЕН АСЫҒЫ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕ АНЫҚТАЛҒАН. 09.02.2025
Бүгін, 4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін атап өтеді. Бұл күн қатерлі ісіктің алдын алу, ерте диагностикалау және тиімді емдеудің маңыздылығын еске салады.Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктің 40 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі және жылына 12 мыңнан астам адам онкологиялық аурулардан қайтыс болады.Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлері:• Сүт безі обыры - 5 652 жағдай• Колоректальды қатерлі ісік - 4,30 жағдай қатерлі ісік – 2 907 жағдай• Жатыр мойны обыры – 1921 жағдай2024 жылдың соңында 230 мыңнан астам онкологиялық науқас динамикалық бақылауда болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық.Окологиялық скринингтердің, заманауи диагностикалық технологиялардың және емдеу әдістерінің енгізілуі, сондай-ақ ауруларды ерте анықтау және олардың біліктілігін арттыруға ықпал етті өлім-жітім.қабылданғандарға рахмет шаралар 2024 жылы 0-I сатыдағы қатерлі ісіктің жаңа жағдайларының 31,4%-ын диагностикалауға, сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлімді 3,2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКК) шеңберінде тегін жүргізіледі. Пациенттің міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі жағдайына қарамастан, диагностикаға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және онкологиялық ауруларды емдеуге арналған барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алады.Министрлік азаматтарды емханаларда тұрақты түрде тегін онкологиялық скринингтен өтуге және онкологиялық ауруға күдіктенсе дереу медициналық мекемелерге хабарласуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/930604
ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ 09.02.2025
Қала басшысы қаланы аралау барысында Абай ауданындағы Байдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жерасты өткелді тексерді. Аудан әкіміне өткелді ағымдағы жөндеуден өткізіп, күтіп-ұстау жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Жаяу жүргіншілер өткелі қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуы керек.Сондай-ақ қала әкімі Қазиев көшесін Төлеметов көшесіне дейін жалғайтын жол құрылысы жобасымен танысты. Бұл жобаны жүзеге асыру Байдібек би даңғылындағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек Еңбекші ауданы, Момынов көшесіндегі теміржол өткелінің құрылысын және Қойкелді батыр көшесіндегі көпірдің қазіргі жағдайын тексерді. Бүгінде көпір апатты жағдайда тұр. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына көпірді күрделі жөндеуден өткізуді уақытылы ұйымдастырып, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.Сонымен қатар жаяу аралау барысында Ақназар хан, Қазанқап ақын, Ж. Алдияров және Адырбеков көшелерінің тазалығын тексерді. Аудан әкімдері мен жауапты тұлғаларға көше мен тротуарларды тазалау жұмысын күшейтіп, көше бойындағы кәсіпкерлік нысандар иелерімен аумақты таза ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар, биыл барлық саябақтарда балалар және воркаут алаңшаларын, йога мен шахмат ойнауға арналған алаңдар орнатуды және мамыр айына дейін көше нөмірлері көрсетілген тақтайшалар орнату жұмысын аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/930241
ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА 09.02.2025
Тұран ауданында инфрақұрылымды жақсартуда және елдімекендерді абаттандыруда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Былтыр 42 көше асфальттеліп, 21,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 33 көшеде ирригация жүйесі орнатылды.Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалағасады. Жыл соңына дейін 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселіп, 59 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 35 көшеге - 21,1 шақырымға жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады.Тұран ауданы бойынша 5 көшеге 2,95 шақырым ирригация жүйесі орнатылады. Биыл аудандағы көшелер толық қамтылып, жарықтандыру көрсеткіші 100%-ға жеткізіледі. Арғынбеков, Бәйтереков және Қабылбеков көшелерінде гүлзарлар мен скверлер бой көтереді. Онымен қоса 18 балалар алаңы, 13 балалар және спорт алаңшасы салынып, ортақ пайдаланылатын орындар құру бойынша 2 жоба жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/930242
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 09.02.2025
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің атқарған жұмыстары, қылмыстық атқару жүйесіндегі өзекті мәселелер, базарларды жаңғырту жұмыстары қорытындыланды. Аталған департамент басшысы Е.Қосбаев саладағы өзекті мәселелерге сұйытылған мұнай-газ нарығындағы жағдайға тоқталды. Қала басшысы жауаптыларға жалпы жұмыс сапасын жақсартуда, сұйық отын тапшылығын болдырмауда нақты тапсырмалар берді. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы С. Жұмағұлов саладағы өзекті мәселелерді баяндады. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруда ұсыныстар талқыланды. Жиын барысында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б. Әзімбердиев базарларды жаңғырту жұмыстарымен бөлісті. Қала аумағында 19 сауда базары жұмыс істейді. «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес 7 базар модернизациялау Жол картасына енгізілген. Оның ішінде былтыр 3 базарда модернизациялау жұмыстары аяқталған. Қалған сауда орталықтарын модернизациялау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Ғ.Әбдімәжитұлы басқарма басшысына халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында базарлар аумағындағы ретсіздіктерді қалпына келтіріп, модернизациялау шараларын қадағалауды тапсырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/930244
Қарағандының болашақ дәрігерлері ақылды робот-пациенттердің көмегімен адам өмірін құтқаруды үйренуде 09.02.2025
Қарағанды медицина университетінің студенттері мен интерндері, сондай-ақ облыстың тәжірибелі дәрігерлері енді жаңа жоғары технологиялық симуляторларда кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады. ЖОО-ның симуляциялық орталығына нақты жағдайларды елестетуге мүмкіндік беретін роботтар келіп түсті.  Олардың ішінде «Кішкентай Павлик» – салмағы 500 граммға дейінгі шала туған нәрестенің манекені, «Арес» және «Ария» – үлкенірек «балалар» және босану процесін толықтай қадағалауға арналған VR-функциясы бар босанатын «Люсина» манекені бар. Әзірге мұндай жабдық Қазақстанның бірде-бір медициналық мекемесінде жоқ. – Енді студенттер баланың анасының құрсағындағы қозғалысын көріп, босанудың барлық кезеңдерін түсіне алады. Бұл оларға нақты өмірде көмектесетін баға жетпес тәжірибе, – дейді ҚМУ акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасының меңгерушісі Жанна Әмірбекова. Жаңа жабдық кезек күттірмейтін көмекті, анестезиология-реаниматология мен неонатологияны қамтыйды. Ал бұл роботтармен жұмыс істеуді үйрену үшін университетте акушерлік, неонатология және реанимация салаларында симуляциялық технологиялар бойынша шеберлік сабағы өтті. Оны Ресейден келген анестезиолог-реаниматолог Анатолий Веревкин өткізді. – Шынайы тренажерлар мамандарға күрделі клиникалық сценарийлерді үнемі пысықтауға мүмкіндік береді. Бұл медициналық көмектің сапасы мен дәрігерлердің нақты тәжірибеге деген сенімін айтарлықтай арттырады, – деп атап өтті ол. Бұл технологиялардың басты мақсаты – ана мен бала өлімін азайту. Дәрігерлер мен студенттер күрделі жағдайларды алдын ала пысықтап, шұғыл жағдайларда өздерінің әрекеттеріне сенімді бола алады. Қарағанды медициналық университеті осы жабдықта біліктілікті арттыру бойынша арнайы бағдарламалар әзірледі. – Әрбір пациент оны тәжірибелі маман емдегенін қалайды. Бірақ тәжірибе уақыт өте жинақталады, – дейді денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Андрей Буйненко. – Дәрігерлер жұмыста үнемі қиын жағдайлармен бетпе-бет келе бермейді, ал симуляторлармен үнемі жаттығу олардың маңызды мануалдық дағдыларын сақтауға және жетілдіруге мүмкіндік береді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930248
Ақтоғай ауданының ауылы Қазақстандағы ең үздік экотуризм бағыттарының бестігіне енді 09.02.2025
Ақтоғай ауданындағы Шабанбай би ауылы «Kazakh Tourism» компаниясының мәліметі бойынша еліміздегі туризм бойынша ең жақсы ауылдардың біріне айналды. Жеңімпаздар «Үздік тұрақты ауыл» ұлттық байқауында анықталды.Шабанбай би ауылы табиғатымен, тарихымен ерекше. Қызыларай тауының етегінде орналасқан. Орталық Қазақстанның ең биік нүктесі де осында орналасқан – Ақсоран шыңы, биіктігі 1565 метр. Ауыл маңында орман, оның арғы жағында және көкжиекте дала бар.Табиғи ландшафттың бұл үйлесімі бай және алуан түрлі флора мен фаунаны қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, Шабанбай бидің маңында қола дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібаев мәдениетінің орындары мен ескерткіштері, сонымен қатар жақын маңда, А сес - тұлғасы егжей-тегжейлі бейнеленген адам бейнесіне ұқсайтын ежелгі тас бағаналар.Тоқырауын өзені Шабанбай би ауылының маңында ағып жатыр. Ол арқылы Ұлы Жібек жолы өткені белгілі.Ауылда экотуризмді дамыту сонау 2008 жылы басталған. Шабанбай бидің туристік әлеуетіне бірінші болып назар аударғандардың қатарында «Авалон» туристік клубының мүшелері мен оның президенті Виталий Шуптар болды. Одан кейін ол пікірлестерімен бірге велоэкспедиция кезінде ауылға алғаш рет келді. 2009 жылдан бастап қожайындары қонақ күткен Шабанбай бидегі кейбір үйлерге қонақ үй мәртебесі берілсе, 2014 жылы ауылда алғашқы «Сұлутас» қонақ үйі бой көтерді. Ол айына 15-тен 25-ке дейін туристерді қабылдайды.Еуропалық Одақтың қолдауымен жергілікті тұрғындар оқытылды. Оларға экотуризм және үйлерінің жанында орналасқан аттракциондар туралы айтылды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен «Қызыларай» қорығының аумағы абаттандырылып, туристерге арналған аймақтың картасы мен гидтері шығарылып, маршруттар әзірленді.Енді Шабанбай би ауылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) жыл сайын өткізетін «UN Tourism Best Tourism Village» халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930251
Аспаздан тіс дәрігеріне дейін: Шахтинскідегі оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға қалай көмектеседі 09.02.2025
Шахтинскіде жасөспірімдер өздерін түрлі мамандықтарда сынап көрулері үшін бірқатар жобалар іске асырылуда. 2021 жылдан бастап Оқушылар сарайының базасында Кәсіптік құзыреттілік және Мансап орталығы жұмыс істейді. Бұл тек тестілеу және тренингтерден өтіп қана қоймай, болашақта немен айналысқың келетінін жақсы түсіну үшін мамандық өкілдерімен әңгімелесуге, оқу орындары мен кәсіпорындарға баруға мүмкіндік сыйлайтын орын.– Біз балалардың болашақ кәсібі туралы көбірек біліп қана қоймай, өздерін сынап көруіне жағдай жасауға тырысамыз. Кәсіптік бағдарлау жұмысы диагностикадан, психологтармен әңгімелесуден, кәсіби сынақтардан және сарапшылармен кездесуден тұрады, – дейді орталықтың меңгерушісі Мария Морозова.«Болашақты таңдау» жобасы аясында 10–11 сынып оқушылары «Авто дәрістер», «Шаштараз-визажист», «Тамақ дайындау технологиясы», «Медициналық білім негіздері» және басқа да бағыттармен айналыса отырып, өздерінің кәсіби қызығушылықтары мен дағдыларын дамыта алады. Екі жыл бойы оқушылар теориялық білім алып қана қоймай, шеберлік сабақтарына, кәсіпорындарға экскурсияларға да қатысады. Шахтинск қаласының 600-ден астам оқушысы осы үйірмелерде оқиды.– Курстың арқасында мамандығымды анықтадым. Мектепті бітіргеннен кейін мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесін үйренгім келеді. Өзімнің грузин асханамды ашуды армандаймын, – дейді Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Виктор Протасенко. – Екі жыл ішінде мұнда аспаздық істің негізін меңгердім.Орталықтағы сабақтардан басқа, жоғары сынып оқушылары Қарағандының жетекші оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырылған бейіндік үйірмелерге өз қалаулары бойынша қатысады. Қарағанды медициналық университетімен бірлесіп, «Стоматология негіздері», «Жалпы хирургия» және «Жас криминалист» үйірмелері, ал Қарағанды политехникалық университетімен бірлесіп, «Сәулет және дизайн» үйірмелері ашылды.Шахтинск оқушылары арасында «Медициналық сынып» және «Педагогикалық сынып» жобалары ерекше танымал. Олар медицина мен педагогика саласында базалық білім алуға ғана емес, сонымен қатар практикалық дайындықтан өтуге, экскурсияларға қатысуға, тіпті білім беру блогтарын жүргізуге де мүмкіндік береді.– Практикалық оқыту балаларға мамандық туралы естіп қана қоймай, өзін сынап көруге көмектеседі. Бұл олардың мамандық таңдауына деген сенімін арттырады және жоғары оқу орнына немесе колледжге түсу кезінде бейімделуді жеңілдетеді, – дейді Шахтинск қаласының Білім беру бөлімінің басшысы Николай Онсович. – Мысалы, өткен жылы біздің 15 түлегіміз Қарағанды медицина университетінің базасында грант алды.Сондай-ақ, Оқушылар сарайында цифрлық және тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім ісі, автомеханика сияқты жаңа бағыттарды ашу жоспарланған.Шахтинск қаласының Оқушылар сарайында барлығы 11 бағыт бойынша 145 үйірме жұмыс істейді, оларға 4 пен 18 жас аралығындағы екі мыңнан астам бала қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930408
Қарағандыда қазақ киносы күндері өтуде 09.02.2025
Ұлттық киноны қолдау орталығы Қазақстанның түрлі өңірлерінде қазақ киносы күндерін өткізеді. Көрермендер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кино орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады. Қойылым қарағандылық «Сарыжайлау» кинотеатрында көрсетілуде. Содан кейін фильмдер еліміздің басқа да қалалары мен ауылдарында көрсетіледі.– Қарағандыда қазақ киносы күндерінің ашылуы елдің өндірістік орталығында өтуі ерекше мәнге ие. Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған ауқымды іс-шараны дәл осы жерден бастау ерекше мәнге ие. Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінде көрсетілімдер өткізу отандық киноны ілгерілетудегі маңызды қадам болатынына сенімдіміз, өйткені әрбір фильмнің нағыз жеңісі – оның көрермендер жүрегіндегі сезімі, – деп атап өтті Кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.Қазақ киносы күндерінің бағдарламасында – Қазақстанның өзекті тақырыптары мен мәдени ерекшеліктерін бейнелейтін түрлі фильмдер. Олардың ішінде «Қажымұқан», «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов», «Бауырына салу» және басқалары. Кішкентай көрермендерге «Тайқазан» анимациялық фильмі ұсынылады.Ұлттық кино қолдау орталығы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930474
Exeter британдық университеті Қарағандыда филиал ашу мүмкіндігіне қызығушылық танытты 09.02.2025
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басшылығы қазақстандық делегация құрамында Лондонда өткен әлемнің ең ірі білім беру көрмелерінің бірі – Bett Showда болып қайтты. Жоғары оқу орнының базасында британдық Exeter университетінің филиалын ашу туралы қызықты ұсыныспен оралды. – Қазақстан 40 жыл ішінде алғаш рет 23–25 қаңтарда Ұлыбританияда өткен Bett Show атты ірі халықаралық білім беру көрмесіне өзінің ұлттық павильонын ұсына алғанын атап өткім келеді. Көрмені өткізу барысында біздің Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне оның базасында Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орны - Эксетер университетінің (University of Exeter) филиалын ашу туралы ұсыныс келіп түсті. Әзірге тек ауызша алдын ала келісім орнату туралы сөз қозғалды. Бірақ филиал ашу туралы егжей-тегжейлі талқылаудан кейін бұл тиісті шартпен және одан әрі іске асырумен бекітіледі деп үміттенеміз, – деп түсіндіріп өтті басқарма төрағасы – Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ ректоры Сәуле Сағынтаева. Оның айтуынша, әлеуетті шетелдік серіктес Ұлыбританияның 2025 Complete University Guide рейтингісі бойынша үздік 15 университетінің қатарына кіреді және The Times and The Sunday Times Good University Guide 2025 рейтингісінде орын алады. Сондай-ақ Times Higher Education Impact Rankings халықаралық рейтингінің үздік ондығына кіреді. – University of Exeter жоғары сапалы білім алуға бейім екенін және Teaching Excellence Framework (TEF 2023) беделді үштік алтын рейтингін алған Расселл тобының бірнеше жоғары оқу орындары болып табылатынын ерекше атап айтамын, – деп қосты Сәуле Сағынтаева. – Біз басқа да шетелдік серіктестермен осындай пайдалы және өзара тиімді ынтымақтастыққа әрқашан қуаныштымыз. Республиканың техникалық ЖОО-дары арасында алдыңғы қатарда тұрған біздің университетке де басқа елдердегі әріптестерімен бөлісуге көп нәрсе бар. University of Exeter – тарихы терең көпсалалы британдық жоғары оқу орны. Ол 1855 жылы құрылған. Бүгінде жоғары оқу орнында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930505
Қарағандыда тұрғын үй сертификаттарын алуға құжаттар қабылдау басталды 09.02.2025
Қарағандыда «Наурыз» және «2-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша тұрғын үй сертификаттарын алу үшін құжаттар қабылдау жүргізілуде. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі хабарлады.Әлеуметтік көмекті келесі санаттағы кезекте тұрғандар пайдалана алады:- Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілгендер, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы шайқас қимылдарының ардагерлері;- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;- тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен созылмалы аурулардың ауыр түрлері бар адамдар;- жасына байланысты зейнеткерлер;- 29 жасқа толмаған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;- қандастар;- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйінен айырылған адамдар;- «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару, адам өмірін құтқару, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасылары;- толық емес отбасылар.Мемлекеттік қызметке өтініш Электрондық үкімет веб-порталы (egov.kz) арқылы беріледі.Қажетті құжаттар:1. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш.2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедектігі бар балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) қоспағанда, жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі. Соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама.3. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банк хатының электрондық көшірмесі.Сұрақтармен мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Чкалов көш., 7, каб. 301. Телефон: (8-7212) 95-56-01.Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930595
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау туралы 09.02.2025
   Жетісу   облысының   ауыл    шаруашы­лығы     басқармасы   (бұдан-әрі Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі дала жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан- әрі Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес, егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінімдерді 2025 жылдың 03 ақпан сағат 15-00 - ден бастап 07 ақпан сағат 15-00-ға дейін (5 жұмыс күнін ішінде) қабылдайды.         Өтінімдер басқарманың obl.jetisy@mail.ru электондық поштасында және Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26-үй, 2-қабат, 205-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады (пошта индексі: 040000). Жұмыс телефон нөмері:  8 (7282) 32-97-04.        Қағидаға сәйкес Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:        1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);       2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;       3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;       4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;       5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);       6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;      7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;      8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):        мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:        мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;       цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;       «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;       9) көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;       10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;       11) мұнай базаларының орналасу схемасы.       12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.        Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға комиссия отырысы өтеді.           Комиссия отырысы өтетін орын: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26-үй, 2-қабат, 207-кабинет.  11 ақпан 2025 жыл сағат 15:00.    Барлық сұрақтар бойынша 8 (7282) 32-97-04 телефон нөмеріне хабарласуға болады. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/930470